Қаржы саясаты нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс



Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрлымын анықтайтын мөлшері болып табылады.

Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай — ақ табысы тіркелген тұлғаларды (бюджет мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі қарастырылады. Әлеметтік қорғау ең алдымен табыстарды индекстеу арқылы, яғни оларды бюджетті қаржыландыру есебінен, жеке жағдайларда өтемдер есебінен де тұтыну бағыттарының индексіне сәйкес арттырып отыру жолымен қамтамасыз етіледі.

Жаңа қаржы стратегия меншіктің әртүрлі нысандарын нарықтық қатынастардың дамуын, тауар нарқының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалған. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУШІ ПРОЦЕСС

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрлымын анықтайтын мөлшері болып табылады.

Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай -- ақ табысы тіркелген тұлғаларды (бюджет мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі қарастырылады. Әлеметтік қорғау ең алдымен табыстарды индекстеу арқылы, яғни оларды бюджетті қаржыландыру есебінен, жеке жағдайларда өтемдер есебінен де тұтыну бағыттарының индексіне сәйкес арттырып отыру жолымен қамтамасыз етіледі.

Жаңа қаржы стратегия меншіктің әртүрлі нысандарын нарықтық қатынастардың дамуын, тауар нарқының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалған. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар:

- қаржы ресурстарын шебер пайдалану;

- салық салу;

- қаржыландыру;

- қаржы нарқы және басқалары.

Қаржы салаындағы дағдарыстың дәлелі мыналар:

-ақшаның үдейі түсіп отырған эмиссиясы және онымен қосарланып отырған инфиляция;

-ішкі және сыртқы мемлекеттің борыштың өсуі;

-залал шегіп отырған және рентабельдігі аз кәсіорындар санының көп болуы;

-шаруашылықта өнімсіз шығындардың едәуір соммасы. Дағдарыс құбылыстары мемлекеттің қаржылары саласында да шаруашылық жүргізуші субъектілер саласында да көрінуде.

Қаржы реттеуіштердің бір бөлігі (мысалы: салықтар ) қоғамдағы қайта бөлу процестерінің негізгі ауқымын және соның негізінде мемлекетке қажет ақша қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, автоматтық режимде (оның негізгі параметрлерін мемлекет анықтайды ) іс -- қимылын жасауға қабілетті.

Күрделі экономикалық және қаржы ахуалы шаруашылықты жүргізудің тиімділігі төмендеп отырған жағдайда шаруашылықтың қаржысын сауықтыруға бағытталған шаралардың кешені жасалды. Басты бір жағдай кәсіпкерлік қызметінің бостандығын мойындау болып отыр. Шаруашылықты жүргізудің сан алуан нысандарын енгізу бәсекені дамытуда, қоғамдық қажеттіліктерді жақсы қанағаттандыруда, ресурстарды сақтауда, өнімнің ассортименті мен техникалық базаны жаңартуда еңбек ұжымының әлеуметтік проблемаларын шешуде инициатива көрсетуде жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік басқа қызметтерге бағытталатын қаржы ресурстарын өсіру ең алдымен қорғанысқа, басқаруға және басқаларға жұмсалатын шығындарды щұғыл қысқарту, мемлекеттік қаражатарды үнемдеу есебіне қарастырылады. Алайда мемлекеттік шығындарды қысқарту тек қысқа мерзімді пайда беруі мүмкін. Саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы сан алуан себептердің ықпал жасауымен мемлекеттің шығындары үнемі өсіп отырады. Осыған байланысты қазіргі қаржы саясаты мемлекеттің қаржы ресурстарының үнемі өсіп отыруын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қарастырады.

Жалпы табысқа салық салуға қөшу жұмыстың түпкі нәтижелері үшін кәсіорындардың ынталылығы мен жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі. Мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындарға бірдей талаптар белгілеу төлем көлемін анықтаудағы субъективизімді жою, қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен шаруашылықты тиімсіз жүргізуге тосқауыл қойылады. Салық төлемдерінің жүйесін енгізуді мемлекеттік қаржының (мемлекеттік бюджеттің) жай -- күйінің кәсіорындардың тиімді қызметіне тікелей тәуелдігін белгілеу тұрғысынан да принципті маңызы бар. Бюджетке түсетін төлемдердің көлемі экономикадағы ағылып жатқан процестерді дәлелдейді, ал қалыптасып отырған жағдайға талдау жасау шаруашылық буындардың іскерлік белсенділігін жандандыруға бағытталатын қаржы саясаты саласында дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығының дамуымен байланысты халық шаруашылығын дамыту және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай табыстары мен жинақтарын тартуын өркениеті әдістері кеңіне қолдануда. Мемлекеттік облигациялар мен қазынашылық билеттерді шығару тәжрибесін кеңейе түсуде.

Экономиканы көтеру және осының негізінде елдің қаржы мүмкіндіктерін күшейте түсу үшін оның экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың үлкен маңызы бар. Олар түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе тура шетелдік инвестициялардың зор пәрменді болатындығын дәлелдеп отыр.

Қайсы бір қажеттіліктерді болмасын қанағаттандыру тек қаржы ресурстары болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Бұл қаржы саясаты нақты қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып жасалынады және жүргізіледі дегенді білдіреді. Шығындар қаржы ресурстары көбейгенде ғана өсуі мүмкін. Сонымен акцент тұтынуға жәрдем беруден өндірісті қаржыландыруға жылжиды. Экономикалық және қаржы саясатының бүкіл шаралары, біржағынан, халыққа өзінің табыстарын арттыруға мүмкіндік беруге, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қаржы саясатын жүргізу, оны нақты шаруашылық өмірде ойдағыдай жүзеге асыру үшін қаржы механизмі қолданылады. Ол экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Мемлекеттің қаржы саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономика пәнінен дәрістер
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері
Бизнес - жоспарды уйымдастыру
Негізгі экономикалық мәселелер
Экономиканың дағдарыстық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Пәндер