Қазақ ақын жыраулары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті, халықтың ауызша шығармашылығы

Орындаған: Сандыбаева Е. А.

Оқу тобы: АЯ-22-1

Қабылдаған: т. к. и. профессор Алланиязов Т. К

Жезқазған, 2022

Жоспар:

1. Қазақтардың ауызша шығармашылығы

2. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті

3. Қазақтың салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдар мен ауа-райы болжамдары

4. Қазақ ақын жыраулары

5. Қазақтардың қалалық мәдениеті

6. Қорытынды.

І. Кіріспе.

1. Қазақтардың ауызша шығармашылығы

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk - халық, lore - білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.

Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” - халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” - прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б. ) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум. -қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ әнің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 - 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ. Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б. ), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар . . . - міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау - ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол - шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі - тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты. В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ш. Уәлиханов, А. Е. Алекторов, А. В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә. Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. сұраныстары. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.

“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т. б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты. Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т. б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, М. Дүйсенов, Н. Төреқұл, Р. Бердібаев, М. Мағауин, С. Қасқабасов т. б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т. б. ) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман - Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл. -зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда.

2. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың осы шаруашылыққа негізделген өзіндік мәдениеті болды. Көшпелілердің мәдениеті болмаған, олар жабайы өмір сүрген дейтіндер қатты қателеседі. Көшпелі өмірдің қатаң жағдайына бейімделген мәдениеттің ерекшеліктерімен қатар, оның озық үлгілері қалыптасты. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі көшпелі мәдениет үнемі жетілдіріліп дамып отырды. Шаруашылықтың дамуы көшпелі мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Моңғол шапқыншылығы кезінде біршама әлсіреген шаруашылық XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырда қайта жандана бастады. Көшпелі тұрмыс үйдегі қолөнер мен кәсіпшіліктің одан әрі дамуын және жетілдірілуін қажет етті. Сол кездегі жазбаша деректер мен археологиялық материалдар моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін-ақ бірқатар кәсіби қолөнердің болғанын көрсетеді. Әсіресе, көшпелі тұрмысқа лайықталған ұсталық, теріден былғары илеу, тоқымашылық, тігіншілік, киіз басу, зергерлік, қару-жарақ жасау, ыдыс жасау қолөнерлері басым дамыды. Оңтүстіктегі қалалардың қайта жандануы да қолөнер кәсіпшілігінің одан әрі дамуын тездете түсті. Көшпелі халық пен отырықшы халықтың мәдени байланысы үзілген жоқ.

Көшпелілердің негізгі баспанасы киіз үй одан әрі жетілдірілді. Киіз үйдің сүйегін - кереге, уық, шаңырағын жасайтын ағаш шеберлері болды. Ибн-Рузбиханның мәліметтеріне қарағанда көшпелі халықтар ағаш өндеуді, киіз үйлер мен арбалар жасауды жетік меңгерген. Орта ғасырлық деректер бойынша олар арбаға орнатылған үйлерді де жасай білген. Ағаштан жасалған кереге, уық, шаңырақтары мінсіз келген. Үйдің жан-жағы және үсті неше түрлі киізбен, қой терісімен жабылған. Бұл үйлер өте әсем және демалып жатқанда жиырмадан астам адам сиятын болған.

Халық негізгі азығын мал өнімдерінен алды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» шығармасында алғашқы бие байлау жөніндегі мейрам суреттеледі. Алғашқы бие байлауға ерекше мән беріліп, ол мейрам ретінде «монғолдардың ескі әдеп-ғұрыптары мен зандары бойынша Моғолстандағы әйгілі Көктөбе деген жерде көктемнің басында Қызыр-Қожа мен оның маңындағылар жасаған» деп суреттейді Мұхаммед Хайдар Дулати.

Мал өнімдерінен киім-кешек, ат әбзелдері, үй заттары дайындалатын шикізат түрлері тері, жүн, сүйек алынған. Қазақтар және олардың арғы ататектері тері мен киіз өндеуді, оларды әр алуан түске бояуды жақсы меңгерді. Олар сонымен бірге, киіз бен былғарыға оюлар салу, құрақ құрау, өрнек салу техникасын шебер орындай білді. Сол кездегі жазба деректер бойынша «Олардың шекпендері қойдың жүнінен тоқылып, әр түрлі түске боялды, олар тіпті атластан тоқылған шапандарға ұқсайды. Бұл шапандар Бұқараға да жіберілетін, олардың әдемі де жұқа болатындығы соншалықты, ол жерде бұларды атлас шапандардың құнындай бағаға сатып алады. Олардың жаңбырдан қорғанатын жамылғылары да дәл сондай жүн матадан жасалады, олардан мүлдем су өтпейді».

Киіз түрлерінен де қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері айқын көрінді. Қазақтар көктем, жаз айларында көбінесе көйлек, оның сыртынан бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қыс айларында қойдың немесе түйенің жабағысынан қальщ матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе тон, құлын терісінен тігілген жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен жарғақ шалбар пайдаланды. Аң терілерінен тігілген шекпендер, тондар, шалбарлар да болды.

Қыста ұзын және жалпақ мандайшасы бар, мойынды түгел жауып тұратын желкелігі салынған шошақ тебелі тымақ киді. Бұндай бас киім елтеріден, түлкі және басқа да аң терілерінен тігілді. Жазғы ыстықга жұқа ақ киізден тігілген биік шошақ төбелі қалпақ киді. Айыр қалпақ деп аталатын қайырмасы бар және қайырмасы жоқ тілік қалпақ кең тарады. Қазақтарда аяқ киім түрлері де, оның ішінде ерлердің аяқ киімдері алуан түрлі болды. Көбінесе олар қонышы тізеден асып тұратын өкшесі биік етіктер, жылқының немесе өгіздің терісінен тігілетін, аң аулағанда киетін тұмсығы қайқы жұмсақ етіктер, атқа мініп жүруге ыңғайлы жеңіл етіктер, сондай-ақ ешкінің терісінен тігілген мәсі және қатқыл теріден кебіс киді.

Әйелдердің киімі түрлі түсті матадан, жібектен, мақпал мен барқыттан тігілді. Киім үлгілері жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болды. Ұзатылмаған бойжеткен қыздар жас келіншектерден өзгеше жиегіне аң терісі тігілген әсем, шошақ үкілі бөрік киді. Жас келіндер алғашқы жылы тойға киген сәукелесін киіп жүрді. Бір жылдан кейін сәукелесін тастап, оның орнына желек тартты. Желекті тұңғыш баласын немесе екінші баласын туғанға дейін тақты. Отыз-қырық жастағы әйелдер кестелеп тігілген кимешек киді. Бірнеше баланың анасы. болған, орта жастағы әйелдер бастарына жаулық салды. Әйелдердің негізгі аяқ киімі былғарыдан тігілді.

Әйелдердің көпшілігі кебіс пен мәсі кисе, дәулетті адамдардың әйелдері мен қыз-келіншектерінің сән-салтанатқа арналған кестелі етігі, көксауыр былғарыдан күміс тағылып, әшекейлеп тігілген кебісі болды.

Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың негізгі тамағы - ет, сүт, май, қымыз, шұбат тағы басқа да мал өнімдері болды. Жылқы етінен қазы-қарта, жал-жая, шұжық даярланды. Қазақтар етті сүрлеп ұзақ уақытқа дейін сақтай білді Мысалы, қыс түсерде сойған соғымның еті наурыз мерекесіне дейін, төрт-бес айға дейін сақталды. Сүттен май, қүрт, ірімшік жасады. Қарынға салынып тұздалған май да ұзақ уақытқа дейін бұзылмай сақталды.

Отырықшы халық егін егіп бидай, тары, жүгері өнімдерінен түрлі ас даярлай білді. Ұннан істелінген өнімдер көбінесе қыста пайдаланылды. Көшпелілер мен отырықшы халықтың және басқа көрші елдермен ынтымақтастық және сауда қарым-қатынаста болуы да тағам түрлерінің алуан түрлігінің арта түсуіне септігін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі жайлы түсінік
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Қытайдың қыздарына құмар
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz