Есеп айырысу операциялары


Жоспар
Кіріспе2
1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі3
2. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы4
2. 1. Төлем тапсырмалары мен есеп айырысу6
2. 2. Чектермен есеп айырысу. 9
2. 3. Вексельдер арқылы есеп айырысу10
2. 4. Төлем карточкаларының есебі. 11
Қорытынды18
Пайдаланылған әдебиеттер:19
Кіріспе
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалар мен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттағы операциялардың барлығы делік ақша мен есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді.
Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар мен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есепайырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және олардың тиімді пйдалануын бақылау;
- есеп айырысу, төлем тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарды дамуына қажетті құрал-жабдықтар мен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. Яғни төлем тапсырмасы мен есеп айырысу, чектер мен есеп айырысу, вексельдер арқылы және төлем карточкаларының есебі арқылы тиесілі шоттар бөлімін көреміз.
1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Қатысушыларға байланысты банктің операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:
- Клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және олардың клиенттері қатысады;
- Негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар
Жіктелу критерийлері
Банкаралық
Клиенттік
Ішкі банктік
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу
Чекпен есеп айырысу
Вексельмен есеп айырысу
Карточкамен есеп айырысу
Шот ашу бойынша операциялар
Шот жүргізу бойынша операциялар
Кассалық операциялар
Акцептік операциялар
Талаптарды беру операциялары
Авальді операциялар
Аккредитивтік операциялар
Аударым операциялары
Инкассолық операциялар
Клирингтік операциялар
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:
- төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
- чектермен есеп айырысу
- вексельдермен есеп айырысу
- төлем карточкаларымен есеп айырысу
2. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндетттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле
(контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК -тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді .
Корреспонденттік шоттар-банк шоттары банктер ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің өмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма - қол ақшаны аудару; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма - талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілері мен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланамыз.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма - талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім - шарт негізінде анықтайды, сондай - ақ олардың арасында болатын талаптар мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
2. 1. Төлем тапсырмалары мен есеп айырысу
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы - материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын - ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерді төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша саналатын салықтың шот - фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данадан толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырманың нысаны 1-кестеде көрсетілген. Төлем тапсырмасын толтыру кезін де келесі реквизиттері көрсетіледі:
-Төлем тапсырмасының нөмірі;
-Төлем тапсырмасының жазылған күні;
-Жеке теңестірілген немесе теңестірілмеген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
-жіберуші мен бенефциардың банкі шоттарының нөмірі:
-төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік - құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
-бюджет класификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
-валюттелген күн - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шоттарына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжаттарына кез - келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында жасалған келісімдер бойынша төлем тапсырмалары:
Алушы - банкіге келіп түсті
№294 Төлем тапсырмасы
3 желтоқсан 2001 ж.
Ақшаны жіберуші кәсіпорын ’’Цемент’’ААҚ-мы
СТН (салық төлеушінің тіркелген номері) 600500019984 ИИК (ЖТК) КОд Соммасы
Банк алушы 9764680 17 15234-00
Банк АТФ
(банк атауы)
Алматы қ. БИК (БТК)
(төлеуші және оның орны) 190501956
Бенефициар NURSAT ЖАҚ
СТН 600400063768 ИИК (ЖТК) КБе
Бенефициар банкісі 3467726 17
Қазақстан Халқының Банкісі
(банк атауы)
Алматы қ. БИК (БТК)
(төлеуші және оның орны) 190501986
Делдал - банкі БИК (БТК)
Соманы жазумен: Он бес мың жүз отыз жеті тенге 00 тиын
(төлеуге жататын сомасы, жазу мен жазылады
Көрсетілген қызмет пен тауардың алынған күні 30. 11. 2001 ж.
Төлем арналымы: Ақпараттауды сақтағаны үшін төленетін келісім шоттары №2 - 7812
30. 11. 01, оның ішінде ҚҚС - 2101, 66 тенге
Клиенттің қолы Алушы банкінің операция жасаған күні
Ақша жіберушінің қолы ’’’’2001ж.
М. О (жауапты орындаушылардың қолы)
Ақша жіберушінің қолы
Штамп орны.
жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзІмі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайын зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шағыстары) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударма алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім қандай, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударма алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
2. 2. Чектермен есеп айырысу .
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бірі тәсіл болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстанушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да, аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Бірінші - депозиттермен қамтылған, ал екінші - қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолдану мен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім - шарттарының негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банк белгіленген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шоттарының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмаыды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан ’’бүлінген’’ деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайтын және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- Егер де жазу мен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулар бар болса)
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса;
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатыға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
Біріншісі - банкте қалса;
Екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі:
Їшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
Төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі;
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
2. 3. Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанды белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло - вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель - вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші вексель ұстаушыға немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылматындағы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша ’’бұйрыққа’’ ұқсас болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде ’’вексель’’ деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның атауы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күні мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжаттар тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап ету бойынша төленентін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орнв және сонымен бірге төлем жасушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель, вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінеде берілуі мүмкін. Аударма вексель үшін тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельді пайыздық мөлшерлеме көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
2. 4. Төлем карточкаларының есебі.
Инкасациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазақстан әлемінің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары - ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғалар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма - қол ақшаны жасауға мумкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарыздарын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар - бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.
Бүгінгі әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегі ретінде 2 млр. Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде ViSA және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сонгдықтан оны 14 млн. Кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т. б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялаумен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі келесі көрсеткіштерден тұрады:
-төлем карточкалардың берудің жағдайы;
-төлем карточкалары мен жасалатын төлем түрлері және оның жағдай;
-төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
-төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтаудың (блокирование) жағдайы;
-төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
-тараптардың құқығы мен міндеттері;
-тараптардың жауапкершілігі;
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары тек теңгемен төленеді.
Төлем карточкалары мен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем құжаттары эквайерге көрсетілген қызметке немесе сатып алынған тауарға ақша төлеу туралы нұсқау береді. Қолма - қол ақша алған кезде төлем құжаттары карточка ұстаушыларға төлемдердің берілгені бойынша банк эквайері қолма - қол ақшаның орнын толтыру туралы нұсқау береді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды. Егер ол қағаз нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал квитанциясынан алынады, ал егер электрондық нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz