Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі 4
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және
тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға),
оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға
мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық
құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және
тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен
мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдықбөлімшелерінің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зертгеу экономикалық
тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты —
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзініңтабысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жүмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе үлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сактайтындай етіп -
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иецценуге құқық береді, оларға эмитентгердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондтық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарыктағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емее бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитентгің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып белінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жүмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға үмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекедцілігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарыктық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғүрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип —
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивидендтер мен
процентгер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның
түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп
көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін.
Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен
көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы
белгілі және тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Инвестициялық қызметті басқару
Пәндер