Кәсіпорынның амортизациялық саясатының мәні мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университеті

Реферат

Тақырыбы: Кәсіпорынның амортизациялық саясатының мәні мен мазмұны

Оқытушы: Асилова А. С.
Орындаған: Әбішева С. Қ.
Тобы: Қаржы - 201

Алматы 2008ж.
ЖОСПАР:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3
I. Негізгі қорлардың тозуы. Амортизацияның мәні және амортизациялық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4-6
II. Амортизацияны есептеу әдістері және оның кәсіпорынның негізгі
капиталын жаңартудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .7-12
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Кіріспе
Кәсіпорын деңгейіндегі қаржыларды тиімді басқаруға кез келген субъект
тырысады.
Кәсіпорынның өзінің қызметін ұдайы, әрі тиімді жүзеге асуына белгілі
бір орта қажет. Ал оған кәсіпорынның айналымнан тыс капиталымен қамтамасыз
етілуін жатқызуға болады. Себебі капитал кез келген шаруашылық субъектінің
қаржылық қызметін басқарудың маңызды объектісі болып табылады.
Айналымнан тыс немесе қаржылық емес активтерге көңіл көп бөлінеді.
Себебі олардың есебінен кәсіпорын қызметінің ұдайы жүруі қамтамасыз
етіледі.
Кәсіпорынның айналымнан тыс активтеріне негізгі қорлар мен материалды
емес активтер жатады. Кәсіпорын қызметін қамтамасыз ету барысында олар
тозуға ұшырайды.
Тозған қорлардың орнын ауыстыру, яғни жаңарту қажеттіліктің бірі.
Себебі айтылып кеткендей кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ететін осы негізгі
қорлар.
Осы орайда негізгі қорлардың тозуын жан-жақты қарастыру керек.
Кәсіпорынға құралдарын жаңарту үшін ақша қаражаттары керек, ал олар қайдан
алынады және қандай мөлшерде болуы тиіс екенін белгілі бір әдістер арқылы
анықтауға болады.
Нақтырақ айтсақ, кәсіпорынның амортизациялық саясаты бойынша нақты
нәтижелер көріну керек.
Осы курстық жұмыста кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны, тозуы және
амортизацияны есептеу әдістері қарастырылады.Әр кәсіпорын үшін
амортизацияны есептеу әдістерінің бірі тиімдірек келеді. Ол кәсіпорынның
тікелей айналысатын қызметіне де байланысты.
Негізгі қорлар шаруашылыққа қатысуына байланысты жіктеледі. Сәйкесінше
олардың қолданылу деңгейлері де әр түрлі. Сондықтан олардың тозуының орнын
толтыруды тиімді іске асыру үшін, амортизациялық аударымдарды есептеу
әдістерінің әр қайсысын бөлек қарастырып, бірін таңдау керек.
Әр кәсіпорын немесе ұйым өзінің құралдарына тозу есептеу тәсілі мен
амортизация нормасын өзі белгілейді.
Сондықтан негізгі қорлар туралы түсінік, олардың тозуы , амортизациялық
аударымдарды жоспарлау, амортизация есептеу тәсілдері жөнінде білу керек.

І. Негізгі қорлардың тозуы. Амортизацияның мәні және амортизациялық саясат
Амортизация негізгі құралдардың өндірістік қызмет атқару процесіндегі
олардың тозуының ақшалай нысанын білдіреді.
Амортизация тозған негізгі қорлардың құнының олардың көмегімен
өндірілген өнімдердің құнына өткізу процесін білдіреді.
Негізгі өндірістік қорлардың құндарының өндіріліп жатқан өнімге ауысуы
осы құнының бір бөлігі негізгі қорлардың тұтынушылық нысанында жүре беруіне
әкеледі де, келесі бөлігі жаңадан өндірілген өнім құнының бөлігі ретінде
айналыс жасай береді. Ол өз кезегінше өнімді өткізу нәтижесіне қарай
тауарлық нысаннан ақшалай түрге ауысады да, айналым процесінде
амортизациялық аударым түрінде аккумуляцияланады. Себебі өнімді өткізуден
түскен түсімнен белгілі мөлшерде амортизациялық аударымдар жасалынып
тұрады.
Амортизациялық аударым –бұл негізгі қаражаттар объектілірінің өндіріс
процесінде физикалық және моральдық тозуға ұшырап, өзінің құнын дайын
өнімге өткізетін бөлігінің ақшалай түрі.
Нәтижесінде негізгі қаражаттар объектілірінің нақты баланстық құны
төмендейді.
Амортизациялық аударымдар жинақталып, амортизациялық қорды
қалыптастырады. Ол кәсіпорындарда моральдық және физикалық тозу себебінен
шығарылған негізгі қор объектілірінің құнын қайтаруға құралады.
Экономикалық әдебиеттерде амортизациялық қорға негізгі қорлар және
материалды емес активтерді қарапайым және күрделі жаңартуға арналған ақша
ресурстары деген анықтама беріледі.
Амортизациялық аударымдардың арналымы келесілерде:
1. Амортизация қаржыландырудың мақсатты көзі болып табылады және
негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді жаңартуды
қамтамасыз етуге арналады. өз кезегінде , амортизациялық олардың
бар болуы мен қолданылуы есесінен құралуды бастайды.
2. Амортизациялық аударымдар өткізілген өнімнің өзіндік құнының
бөлігі ретінде кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижелеріне
байланыссыз қалыптастырады. Яғни қаржыландырудың бұл көзі
тұрақтылығымен ерекшеленеді және ең сенімді болып келеді (Мысалы,
бөлінбеген пайдаға қарағанда).
3. Амортизациялық аударымдар үздіксіз есептелінеді , оның есебінен
құралатын амортизациялық қор оның толтырылымының жеткіліктілігіне
қарай жұмсалынады. Яғни амортизациялық қордың қаражаттарын құру
мен пайдалану арасында уақытша айырма пайда болады. Осы уақыт
аралығында амортизациялық қор бос қалады да, кәсіпорынның қаржы
ресурстарынның қосымша көзі болып табылады.
4. Амортизация пайданы есептеу процесінде шығындарға жатқызылады. ал
нақтысында амортизациялық аударымдардың есептелген сомасы ешқайда
төленбейді және кәсіпорын айналымында қала береді.
5. Амортизациялық қор қаражаттары тек қана негізгі қорлардың тозуының
орнын толтырып, қайтаруға қолданылады.
Амортизациялық аударым жоспарлауда бастапқы мәлімет болып
негізгі қорлар объектілерінің құны жөніндегі мәліметтер
алынады.
Кіріске алынатын негізгі қор объектілерінің орташа жылдық құнын
есептегенде олардың құнын қызмет еткен мерзім айлары санына көбейтеді.
Шығарылған негізгі қор объектілерінің орташа жылдық құнын есептеуде жыл
соңына дейінгі қалатын айлар саныалнады.
Негізгі қаражаттар объектілірі бойынша амортизациялық аударымдар оны
бухгалтерлік есепке алған айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызынан басталады
да, олар қатысты есепті кезеңде көрініс табады.
Амортизациялық аударымды есептеу осы объектінің құны толығымен
өтелгенге дейін жүргізіледі.
Кәсіпорынның негізгі қаражаттары бойынша амортизациялық аударымдар
олардың пайдалы қызмет ету мерзімі бойы есептелінеді.
Пайдалы қызмет ету мерзімі деп негізгі қор объектілерін қолдану
кәсіпорынға пайда әкеледі немесе оның қызметінің мақсаттарын орындау
күтілетін кезеңді айтады.
Амортизациялық аударымдар қайта жөндеу және техникалық қайта
жарақтанудағы негізгі қорлар бойынша есептелінбейді.
Амортизациялық аударымдар (АА) мөлшері негізгі қор объектілерінің
орташа жылдық құнын амортизация нормасына көбейту жолымен жобаланады:
АА= НҚОҚ * НА (7)
Мысалы: Негізгі өндірістік қорлар бойынша жоспарланған жылға амортизациялық
аударымды есептеу (млн. тг).
Негізгі өндірістік қорлардың құны жоспарланған жылдың басына -400 ;
Жоспарланып отырған жылы негізгі қорларды енгізу жоспарланған: мамырда
-48; қарашада -60.
Шығуы маусымда жоспарланып отыр -75. мамырда жабдықтар тобы бойынша
пайдалы қызмет ету мерзімі өтелді – 84.
Орташа қалыптасқан амортизация нормасы 10%.
Негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны есептелінді (6):
НҚОҚ=400+48*712+60*112-75*412-84 *712=359 млн. тг.
Амортизациялық аударымдар сомасы 7-ші формула бойынша
есептелінеді:
АА = 359*0,1=35,9 млн. Тг

ІІ. Амортизацияны есептеу әдістері және оның кәсіпорынның негізгі
капиталын жаңартудағы ролі
Қазіргі уақытта біздің еліміздің экономикасының негізгі мәселесі болып
негізгі капиталдың ескіруі табылады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, жалпы өнеркәсіп бойынша негізгі
өндірістік қорлардың тозуы 60-70%, ал бөлек кәсіпорындарда 80%. Негізгі
капиталдың активті бөлігінің физикалық тозуы 75 %-дан асатыны жиі
кездеседі.
Инвестициялық қызметтің әлсіздігі және негізгі қорлардың тозуының
жоғары деңгейде кәсіпорынның физикалық, моральдық, технологиялық және
экономикалық ескіруіне әкеліп, шикізаттық және энергетикалық ресурстардың
өндірістік щығындарын арттыруға әкелді.
Бұл өнімді өндіру мен сапасының тиімділігінің төмен деңгейін , ал бұл
сәйкесінше бәсекеге қабілетсіздікті білдіреді.
Осыған байланысты кәсіпорынның негізгі капиталын технологиялық
жаңартудың мәселесін туындатты. Осының бәрі негізгі капиталды жай және
кеңейтілген қайта жаңартудың сенімді қаржылық көздерін іздеуді талап етеі.
Осындай көздердің бірі болып кәсіпорынның меншік қаражаттары саналады,
соның ішіндегі амортизациялық қоры. Себебі ол негізгі қорлармен тікелей
байланысты. Ал амортизациялық қорды қалыптастыру үшін аударымдардың
мөлшерін анықтау керек.
Негізгі қор объектілерінің амортизациясы амортизациялық аударымдарды
есептеудің келесі әдістерінің бірі арқылы есептеледі:
• Тік сызықты;
• Азаюшы қалдықтар;
• Пайдалы қызмет ету мерзімінің жылдары қосындысы бойынша құнды
есептеу әдісі;
• өнім көлеміне пропорционалды құнды есептеу тәсілі.

Негізгі қорлардың біркелкі объектілері топтары бойынша әдістерінің
бірін қолдану олардың пайдалы қызмет ету мерзімінің бүкіл кезеңі бойы
жүзеге асады.
1.Тік сызықты тәсіл. Бұл тәсіл кезінде амортизациялық аударымдар
алғашқы немесе қалпына келтіру құны негізінде амортизация нормасы мен
пайдалыну мерзіміне байланысты жасалынады.
Мысалы: Кәсіпорын пайдалану мерзімі 8 жылға арналған құрал-жабдық сатып
алған .
Амортизация нормасы 12,5 %-ға тең. (100% 8жыл).
2. Қалдық құнының азаюы тәсілі кезінде амортизациялық аударымдардың
жылдық сомасы жыл басындағы негізгі қорлардың қалдық құны мен қызмет ету
мерзіміне байланысты амортизациялық аударымдар нормасымен анықталады.
Бұл әдіс кезінде амортизациялық аударымдардың мөлшері әр бір қызмет ету
жылы сайын төмендей түседі.
Мысалы: Бастапқы құны -100000 теңге тұратын пайдалану мерзімі 5 жылға
арналған құрал-жабдық сатып алынған.
Амортизация номасы = (1:5)*100=20%
Жыл басындағы Амортизация сомасы , мыңМерзім соңындағы қалдық
қалдық құн теңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі
Есеп саясатын талдау
Есеп саясатын қалыптастыру негіздері
Қазіргі жағдайда Қазақстанда корпорацияның амортизациялық саясаты
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
Ұйымның есеп саясатының мәні
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Пәндер