ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ЖОСПАР
1. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 2
2. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ 12
1. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау
ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік
қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және
басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті
қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция
бүгінгі күні қазақстандық эконойшкаға өте қажетті банктік құрылымның
өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер
ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады.
Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті
техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта
құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді
меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл
есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық
қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері
бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша
көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг
конвенциясында былай деп айтылған: Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты
қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші)
пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша
пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың
сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен
топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті
беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтымды лизинг, лизинг фирмасы
иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін
лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
Амортизация шарты бойынша былай бөледі:
- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны
толық төленетін лизинг;
- толық емес амортизациялы лизинг.
Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз
мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық
қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық)
лизингті қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг
беруші болып табылады.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып
бөлінеді:
- жалған лизинг - қызмет алыпсатарлық сипатта болады және
жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел
амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық
төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай
алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша
нысанында жүргізіледі;
- компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг - төлем аталған
жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету
нысанында жүзеге асырылады;
- аралас төлемді лизинг.
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады
- жедел және қаржылық лизинг.
Жедел лизинг - көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да
техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Онық ерекшелігі құрал-жабдықты
пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға
ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік
келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.
Қаржылық лизинг - қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен
бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы
келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік
нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі - лизингтік жалдау шығындарын
қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда
келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.
Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының
құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:
- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;
- келісімшарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;
- жал байынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн
жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу
керек.
Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі
ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын
несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы
керек, онда:
- жалға алушының ең аз төлемі - жал бойынша жылдық
төлем;
- ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;
- келтірілген құн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша
ағымының құны.
Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса
біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5 жыл, мүліктің құны - 10 000 бірлік,
күтілетін пайдалану мерзімі - 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік
жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық
мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.
Жылдық төлемдер - 2300 бірлік
Дисконттау мөлшерлемесі - 8%
Дисконттау коэффициенті = 1(1+0.08)х n
мұндағы, n - жалды төлеу жылы
1-жылдың коэффициенті = 1(1+0.08)'=0.93
2-жылдың коэффициенті = 1(1+0.08)2 =0.85
3-жылдың коэффициенті = 0.79
4-жылдың коэффициенті = 0.73
5-жылдың коэффициенті = 0.68
Келтірілген құн = 2300 х (0.93+0.85+0.79+0.73+0.68 = 9154 немесе
91.5%, жал қаржылық болып саналады).
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық
лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
- Лизинг беруші1 - лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға
және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және
анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар
үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім
ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80
пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.
- Лизинг алушы2 лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі
баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің
(80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация)
есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде
әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының
меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде
қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде
көрсетілген жағдайда ғана.
Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-
саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да тұтынылатын
заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола
алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына
меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік
тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша
иемденуге және қолдануға құқы беріледі.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны
ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады.
Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді
уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға
салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде
лизингті несие-жал (фр. credit-pail) деп атайды.
Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан
айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде
сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.
Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:
- мәміле объектісі;
- мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);
- лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі);
- лизингтік төлемдер;
- лизинг бойынша ұсынылатын қызметгер.
Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген
түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект
табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.
Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып
саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-
бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер - ақша ресурстарының
негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің
экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және
соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы
заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде
Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі
(лизинг) ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай
отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік
мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті
ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп
отырады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы,
жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және
басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде
макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен
қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар
болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.
Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен
түсіндіріледі. Себебі лизинг - ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны,
жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг
кезеңінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау
кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-
жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезендерін, неғұрлым
өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін,
инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капиталы нарығының жағдаятын
(конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).
Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг
операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер
лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген
тәртіпте енгізіледі.
Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:
• кезендік төлемдер - лизингтік келісімге қатысушы, тараптар
келісімімен жасалган кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық,
айлык төлемдер;
• бір мерзімдік төлемдер - егер келісімде лизинг берушіге аванс
төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.
Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере
отырып, мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі
тәсілдері белгіленуі мүмкін:
• бірдей улестермен - бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;
• өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің
бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз
жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және
онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді
ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг
алушыларға қолданылатын төлем;
• азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер),
лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз
берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы
тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.
Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі,
қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары
(тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды,
салық салу, қызметті рэсімдеу бойынша кеңестерді үйымдастыру) әсер етеді.
Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:
• амортизация;
• мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар
үшін төлемі;
• көрсетілетін қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін
лизингтік маржа;
• лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты
тәуекелділік сыйақысының көлемі.
Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы
лизингтік пайызды құрайды.
Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен
сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:
- техникалық қызмет - клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды,
құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет
етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);
- кеңес беру қызметі - салық салу, рәсімдеу және т.б. мәселелер
бойынша қызметтер.
Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады,
өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы және оны
қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және
қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған
соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг
келісімінің жалпы шарттарын қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг
компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл
жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құнын келіседі, қажет болса
қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.
Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары
көрсетіледі;
- келісім заты;
- лизинг затын сатушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;
- лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;
- лизинг затының құны;
- келісімде әрекет ету мерзімдері;
- лизинг алушының меншігіне лизинг затының біржола берілу шарттары,
егер мұндай берілу келісімде қаралса;
- лизинг затының сипаты;
- лизинг затын құрастыру және жөндеу тәртібі;
- лизинг затын сақтандыру;
- тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік
тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;
- лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына
лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;
- тараптар жауапкершілігі.
Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып
саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе
жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.
Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг
алушыға бекітім-міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімнің жалпы
шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді.
Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі.
Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны
жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы
келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.
Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет
объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін
дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі
хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы
қызмет объектісінің құнын төлейді.
Лизинг беруші келесі жағдайларда лизинг келісімін бұзуды және лизинг
алушы есебінен лизинг затын қайтаруды талап ете алады:
- егер лизинг алушы лизинг затын айтарлықтай нашар ұстаса;
- егер лизинг алушы лизинг затын лизинг келісімшарттарын бұзып
пайдаланса немесе лизинг берушінің жазбаша ескертулерін тыңдамай, лизинг
затын басқаша пайдаланса;
- егер лизинг алушы екі немесе одан да көп рет қатарынан келісіммен
белгіленген мерзімде лизинг келісімі бойынша төлем, енгізбесе.
Лизинг алушы лизинг келісімін бұзуды немесе лизинг беруші есебінен
лизинг затын қайтарып алуын келесі жағдайларда талап ете алады:
- лизинг беруші лизинг затын жеткізбесе немесе лизинг затын
келісімшартқа сәйкес қолдануға кедергі жасаса;
- егер жолданған лизинг затында лизинг келісімінде көрсетілмеген
кедергілер болса;
- егер лизинг беруші лизинг затын жеткізу мерзімдерін бұзса.
Егер лизинг алушымен жасалған лизинг келісімінің шарттары бұзылса,
лизинг беруші Лизинг туралы заңның 11-бабына сәйкес, лизинг алушыдан
келісілген өлшемде айыпақы (өсімақы, тұрақсыздықтар) телеуін қарастыра
алады.
2. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық
лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі
құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.
Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң,
сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша
пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі
түрде көрсетіледі.
Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің
шартына сәйкес жолдау:
- Негізгі құралды алу:
Дт 1656 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар
Кт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар.
- Алынған негізгі құралдар үшін төлем:
Дт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша
ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:
Дт 1305 Басқа банктерге қаржы лизингі
1420 Клиенттерге берілген қаржы лизингі
Кт 1656 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар.
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг
бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба
жасалады:
Дт 1730 Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша
есептелген кірістер
1740 Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша
есептелген кірістер
Кт 4305 Басқа банктерге берілген каржы лизингі бойынша сыйақы алуға
байланысты кірістер
4420 Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға
байланысты кірістер.
Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша
келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг
беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг
келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.
Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz