МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 5
Материалдық емес активтер ұғымы және оларды жіктеу 5
Материалдық емес активтерді бағалау және бухгалтерлік есебінің міндеттері
9
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15
КІРІСПЕ
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында маңызды стратегиялық
міндеттердің бірі ретінде бәсекеге қабілетті елдер арасында өз орнымызды
табуымыз қажеттігі тұжырымдалған. Сондықтан мемлекет және жеке сектор өзара
сенімге және пайдаға негізделген әріптестік қатынастарды қалыптастыруы
тиіс. Еліміздің экономикасының әрі қарай шикізатсыз салаларға мамандануы
қажеттілігі айқындалған. Ол үшін қызмет көрсетуші кәсіпорындар еңбек
құралдарымен жоғары деңгейде жарақталуы қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың негізгі қорлармен
қамтамасыз етілу дәрежесі, сатып алушылар және жеткізушілермен есеп айырысу
мәселесі кеңінен орын алып отыр. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі,
өнім, жұмыстар және қызметтер өндірісі қарқынының төмендеуі өндірісті
кеңейтілген негізде жүргізуде кері әсерін тигізуде. Кәсіпорындардың
қаржылық төзімсіздігі өзін- өзі қаржыландыру принциптерінің тиімді қызмет
етуіне, өзін- өзі ақтау процесіне кедергі келтіріп отыр.
Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне көшуге байланысты барлық
кәсіпорындар алдында бухгалтерлік есепті жоғары деңгейде ұйымдастыру
міндеті тұр. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырмайынша экономикалық
тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесінде материалдық емес активтер есебін
жүргізуге жаңа талаптар қойылған. Ол жылдан-жылға амортизация есептеу
нормаларының өзгеруіне, айналымнан тыс активтердің жаңа нысандарының пайда
болуына, салықтық есептің талаптарына байланысты. Мұның барлығы
кәсіпорындардың алдына көптеген мәселелердің шешімін табуда дамыған
елдердің тәжірибелеріне сүйену қажеттілігін туындатады.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру;
- материалдық емес активтердің келіп түсуі және шығуы бойынша операцияларды
зерттеу;
- материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістерін зерттеу;
- айналымнан тыс активтер аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
Зерттеу объектісі облыстағы ірі өндіріс орындарының бірі “Энергия”
құрылыс кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
“Энергия” құрылыс кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз
шаруашылық қызметін жүргізуді, өндірілетін өнімге (жұмыстар, қызметтер)
иелік етуді өз еркінше қамтамасыз етеді және өзінің шаруашылық қызметінің
нәтижелеріне, құрылтайшылар, әріптестер, мемлекеттік бюджет және банктер
алдындағы міндеттемелердің орындалуына жауап береді.
“Энергия” құрылыс кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің негізгі өндірістік қызметіне жобалық-сметалық құжаттаманы
жасау, жаңа техникалық жабдықтарды дайындау және монтаждау, ғимараттар
құрылысы, жылу жүйелерін күрделі жөндеу, қала және облыс тұрғындары үшін
тұрмыстық жылу қазандарын, санитарлық-техникалық бөлшектерді дайындау және
Қазақстан Республикасы заңдылығымен тыйым салынбаған басқадай коммерциялық
қызметтер болып табылады. Серіктестік заңды тұлға құқығы бар және қызмет
ететін кәсіпорын болып табылады және акционерлер меншігін пайдалану
негізінде өнім өндіреді және өткізеді, жұмыстар орындайды және қызметтер
көрсетеді. Серіктестіктің жеке балансы және Қазақстан Республикасы және
шетелдік банктерде шоттары, өз аты жазылған мөрі және мөртабаны бар.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Материалдық емес активтер ұғымы және оларды жіктеу
Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттарды және бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік жоспарын жасау және ендіру жолымен реформалауға
байланысты тұңғыш рет отандық бухгалтерия тарихында “материалдық емес
активтер” ұғымы пайда болды. Ол материалдық-заттай нысаны жоқ объектілерді
айқындау үшін арналған.
Материалдық емес активтерді жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта
алынатын экономикалық пайдаға олардың тікелей қатысы болса анықтауға және
тануға болады. Кәсіпорын материалдық емес активтерді бақылай алатын болса,
онда оның экономикалық табыс әкелу мүмкіндігі ашылады.
Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ
мерзімде кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың
материалдық-заттық мазмұны жоқ, бірақ құны болады, құжаттармен қуатталады,
табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды, ұзақ мерзімді кезеңде
пайдаланады, мүліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге
мыналар жатқызылады: патенттерден, лицензиялардан, авторлық шарттардан
туындайтын құқытар; жерді, жылжымайтын мүлікті пайдалану құқытары; ноу-хау;
тауар белгілері. Шетелде материалдық емес активтерге серіктестіктің бейнесі
(беделі), оның жұмыс стилі, яғни кеңсенің дизайны, визиткалар,
серіктестіктің бланктері, қызметтердің серіктестіктің киімкешектері жатады.
Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып тұтынатын материалдық емес активтер
тауар ретінде есептеледі. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда
болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шартты жүргізудің дүниежүзілік
практикасына жақындастыру қажеттілігіне байланысты болып отыр. Кәсіпорының
меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары материалдық емес активтерді
сатып алу және қайтарусыз алу олардың қаржыландырудың көздері болып
табылады.
Материалды емес активтер болашақта табыс табуға құқықты көрсетеді. Бұл
активтердің ерекше белгісі – оның физикалық пішіні жоқ және күтілетін
табысқа тәуелді. Материалды емес активтердің негізгі санаттары:
- серіктестіктің іскерлік беделі – “Гудвилл”, патенттер, авторлық құқықтар
және сауда маркалары;
- жалға алынған мүлікке меншік құқығы және оны жетілдіру;
- табиғат ресурстарын өндіру құқығы және өндіру шығындары;
- формулар, технологиялар және үлгілер;
- ноу-хау – техникалық құжаттама, сипаттама, жинақталған өндірістік
тәжірибе түрінде ресімделген техникалық, технологиялық, басқару,
коммерциялық және басқа мәндер жиынтығы, инновация заты болып табылады,
бірақ патенттелмеген.
- тауар белгісі – белгіленген тәртіппен тіркелген эмблема, сурет не символ,
тауар дайындаушыны айқындайды.
Материалдық емес активтерді төрт топқа жіктеуге болады:
1. өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Оларға “ноу-хау”,
өнеркәсіптік меншік объектілерінің құқықтары, өндірістік мәліметті
пайдалану құқықтары, интегральдық микросхемалар технологиясы,
өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, ұйымдастыру шығындары,
ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдалану
құқықтары.
2. саудалық (коммерциялық) қызметпен байланысты материалдық емес активтер.
Бұл топқа тауарлық және қызмет көрсету белгілері, сауда маркалары,
тауардың шыққан орнының аты, ұйымдастыру шығындары, ЭЕМ және мәліметтер
базасын бағдарламалық қамтамасыз ету және басқалар жатады.
3. пайдалану ережелерімен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа
өнертапқыштық құқықтар, патенттер, лицензия, франшиза, өнеркәсіптік
үлгілер жатады. Франшиза – белгілі мерзімге берілетін және мәмілемен
айқындалатын коммерциялық кәсіпорынды құру құқығы.
4. материалдық емес активтердің басқа түрлері. Бұған гудвилл (фирма
бағасы), инттелектуалдық меншік және басқалар жатады.
“Энергия” ҚК ЖШС қаржы-шаруашылық қызметінде пайдаланылатын
материалдық емес активтердің негізгі түрлерінің мазмұнына тоқталайық.
Тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері - Қазақстан
Республикасының “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың
шығу орнының аты туралы” Заңына сәйкес тіркелген белгілер. Тауарлық белгі
құқығы куәлікпен расталады. Тауарлық белгіні кез-келген тіркелген заңды
және жеке тұлғалар ала алады. Тауарлық белгінің иесінің келісімінсіз оны
ешкім пайдалана алмайды.
Тауарлық белгіні алу үшін Казпатентке тапсырыс жасалады. Казпатент
тапсырысты тексеруді екі кезеңде жүргізеді:
- алдын-ала экспертиза – тапсырыстың түсу уақытынан бастап екі ай ішінде
жүргізіледі, оның барысында тапсырыстың мазмұны, заңдылықпен
белгіленген талаптарға сәйкес барлық құжаттардың болуы тексеріледі.
- толық экспертиза - тапсырыс беру уақытынан бастап он екі ай ішінде
жүргізіледі, оның барысында тапсырыс берілген белгінің заңдылықпен
белгіленген талаптарға сәйкестігі анықталады.
Казпатент толық тексеру нәтижелері бойынша тауарлық белгіні тіркеу
немесе тіркемеу туралы шешім шығарады.
Тауарлық белгілерді тіркеу Тауарлық белгілердің мемлекеттік реестрінде
жүргізіледі және тапсырыс берілген уақыттан бастап он жыл қызмет етеді және
жаңа тапсырыс беру арқылы он жылға созылып отыруы мүмкін.
Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес тіркелген тауарлық белгіге белгіленген
үлгідегі куәлік беріледі. Ол тауарлық белгінің тіркелу фактісін, оның
басымдылығын, куәлік иесінің құқықтарын куәландырады. Тауарлық белгілердің
және тауар шығарылған жердің атауының мысалы ретінде “Қазақстан” (темекі),
“Пепси” (сусын), “Лада” (автомобиль) атауларын келтіруге болады.
Патенттер – заңды танылған және тіркелген айрықша құқықты
куәландыратын құжат. Патенттік құқық патентте айқындалған бұйымды,
процессті, қызметті басқа тұлғалардың араласуынсыз пайдалануға, өндіруге,
сатуға және бақылауға мүмкіндік береді. Патентті беру кезінде патенттік
төлем алынады.
Лицензия – (латыншадан – бостандық, құқық) – Индустрия және сауда
министрлігімен сыртқы экономикалық сауда қызметін жүргізуге берілетін
рұқсат. Лицензия белгіленген нысандағы бланкілерде рәсімделеді және
лицензияланатын тауарды кедендік рәсімдеу үшін негіз болып табылады.
Лицензия негізінде тауарлардың экспорты және импортына мемлекеттік бақылау
қамтамасыз етіледі.
ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету – мәліметтерді өңдеу және
бағдарламалық құжаттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қажетті бағдарламалар.
“Фирма бағасы” немесе “гудвилл” сатып алу күніндегі барлық активтер
мен міндеттемелердің ағымдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz