Меншікті капиталының есебі туралы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1-тарау. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ 3
§ 1. Жарғылық капиталының есебі 3
§ 2. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі 6
§ 3. Резервтік капиталдың есебі 11
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер 13
КІРІСПЕ
Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, сегіз қырлы, бір сырлы
құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа
меншіктің екі формасы мәлім — жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен
бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты,
формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара
әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың
айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке
меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін
көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй
бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар
(өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі
пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік
(бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген,
мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің
мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен
анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық,
ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мүліктерге
ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады.
1-тарау. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ
§ 1. Жарғылық капиталының есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталы[1] қызметті бастауды қамтамасыз ету
үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып
саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын
анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да
мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса
алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз
эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының
шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында
бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда
бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке
салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық
капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады
және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері
жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының
жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол
жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы
жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір
жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген
мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар
өзінің есебінен бермеген үлесінің бір белігін қосуы керек, болмаса олардың
жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай
валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең
болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын
немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда
жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған
жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы
өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын
төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік
қоғам үшін — бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін —
жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының
шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің
шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі
шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған
(төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және
жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның
номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды
деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса
алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы
(атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң
тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде
белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана
пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші "Жай акциялар",
502-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 503-ші "Қосқан үлестер мен жарналар"
шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде
жүргізіледі.
50-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның
құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес
келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың
белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған
жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
50-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын
қарастырайық.
501-ші "Жай акциялар", 502-ші "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының
кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын
салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 511-ші
"Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық
құны төленсе, онда ол: 431, 432, 441, 451, 452 дебеті бойынша және 511
шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен,
материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына
шоттар дебеттеліп: 101-103, 106, 121-125, 201-206, 221-223 және 511 шоты
кредиттеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің
жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл
мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе
оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 332
"Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 724 "Акция бойынша
дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей
тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 511 шоты дебеттелген
және 503 шоты кредиттелген — қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін
үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы
өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық
капитал да азаяды, демек: 503 шоты дебеттеледі де, 441,451, 101-103, 106,
121-125, 201-206, 221, 222 шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501,
502 шоттары дебеттеледі де, 521 - "Қайтып алынған капитал" шоты
кредиттеледі.
§ 2. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің
маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың
қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін
511-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке
тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері
бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
511 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік
капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында
болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай-ақ, 511 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар
болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды,
облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік
құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына
511-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 50-ші "Жарғылық капитал"
бөлімшесінің шоттары — 501-ші "Жай акциялар", 502-ші "Артықшылықты
акциялар" (акционерлік қоғамдарда) және 503-ші "Қосқан үлестер мен
жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде)
шоттары кредиттеледі.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 511-ші
"Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары
дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу
кезінде — 101-104, 106 шоттары;
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін
жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 121-125 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу
кезінде 201-206, 208, 221-223 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде
— 451, 452, 441,431, 432 шоттары дебеттеледі.
Егер де 511 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің
жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
511-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар,
құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің
жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден
кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде
шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша,
алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.
Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін
орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды
талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала
қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі
адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.
Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына
олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз
акцияларын нарықтық айналымға шығарады.
Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 521-ші шоты арналған,
ол 501 және 502 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.
521 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып
алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 521 шоты
дебеттеледі де және 431, 432, 441, 451, 452, 423 шоттары кредиттеледі.
Акционерлердің меншігіңдегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не
болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады.
Қайтып сатып алынған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz