Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу


Жоспар
Кіріспе2
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу6
Өндірістегі амортизацияның ерекшеліктері7
Қорытынды8
Пайдаланған әдебиеттер9
Кіріспе
Әр кәсіпорын өзінің шаруашылық өндірістік қызметінде экономикалық ресурстарды немесе өндіріс факторларын пайдалануы қажет. Өндіріс факторларына өнім өндіру барысында пайдаланатын еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал жатады. Материалдық, заттық түрінде капитал негізгі және айналмалы капитал болып бөлінеді. Негізгі капиталға ұзақ мерзімде пайдаланатын мына активтер жатады: үйлер ғимараттар, әр түрлі машиналар мен жабдықтар т. б. жатады. Ал айналмалы капитал әр өндірістік цикліне керекті материалдар мен энергиялық шығындарды сатып алуға, сондай-ақ жұмыс істейтіндерге жалақаы төлеуге арналған қаражат.
Көп жағдайда негізгі капитал, кәсіпорының негізгі қорларымен теңдестіріледі. Негізгі капитал құрамына негізгі қорлардан басқа, аяқталмаған күрделі құрылыс пен ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.
Негізгі қорлар, бағасы 50 АЕК тен жоғары, ұзақ уақыт бойы бір жылдан астам үздіксіз қызмет еттетін материалдық активтер. Өндіріске қызмет көосете отырып, өзінің табиғи заттай нысанын сақтайды да, құнының бөлегін жаңадан өндірілген өнімге көшіріледі. Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорларды өндірістік негізгі қорлар ал бей өндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорларды өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады.
Өнім өндіру процесінде негізгі өндірістік қорлар тозудың екі түріне тап болады. Табиғи және сапалық.
Табиғи тозу дегеніміз еңбек құралдарының өз тұтыну құнын жоғалтуы . негізгі қорлардың тозуына себеп, оның құндылығының бірте бірте төмендеуі, сондайак негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының, өндірілген өнімге бірте бірте көшуі негізгі қорлардың табиғи тозуы материалдар сапасымен, технологиялық тәртіпті сақтаумен, оларды уақытында жөндеумен қызмет көрсететін қызметкерлер біліктілігі мен, сондай-ақ сыртқы факторлар әсерімен байланысты.
Негізгі қордың тозуы мен амортизациясы
Негізгі қордың тозу сомасының олардың баланстық құнына қатынасымен айқындалатын салыстырмалы көрсеткішті табиғи тозу коэффициенті дейді.
Кт= НҚ т/НҚ бал,
Мұндағы, Кт - негізгі қорлардың табиғи тозу коэффициенті
Нқ - негізгі қорлардың тозу соммасы, теңге
НҚ -бал негізгі қорлардың баланстық құны, теңге
Негізгі қорлардың әртүрлі топтардың табиғи тозу деңгейі Кн мына формуламен анықталады.
Кн = (НК б - НҚк ) / НҚ б,
Мұндағы НҚб - негізгі қорлардың бастапқы құны, теңге
НҚ к - негізігі қорлардың қалдықтық құны, теңге
Негізгі қорлардың белгілі бір кезеңдегі физикалық күйі мен олардың тозған бөлігінің жалпы құндылығының үлес салмағын сипаттайтын көосеткішті - негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті деп атайды. Ол негізгі қорлардан топтары қалдық құнының олардан бастапқы құнына қатынасымен айқындалады:
Кж = НҚқ / НҚ б
Егер еңбек құралдарының табиғи тозуы - оларды пайдалану нәтижесінде, сақтау жағдайында және атмосфера әсерінде техникалық қасиеттерімен сипаттамаларын жоғалтқан болса, негізгі қорлардың сапалық тозуы - кәсіпорындағы негізігі қорлар бағасының олардың жаңа, арзандау және өнімділігі жоғары түрлерінің шығарылуы нәтижесінде төмендеумен байланысты. Сапалық тозу - ҒТП, жаңа жабдықтар мен технологияның пайда болуымен, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың өзгеруімен тығыз байланысты.
Сапалық тозуға ұшыраған негізгі құралдар - нормативтік қызмет мерзімімен өтпесе де техникалық неғұрлым жетілдірілген және өнімділігі жоғары негізгі қорлар мен ауыстырылады.
Сөйтіп жабдықтың техникалық прогресске байланысты ескіріп құнсыздануын - сапалық тозу дейміз. Сапалық тозудың екі түрі болады. Бірінші нышандағы сапалық тозу - негізгі қорлардың сондай машиналармен жабдықты аз шығынмен шығару нәтижесінде арзандап, құнсыздануымен байланысты. Екінші түрдегі сапалық тозу- ҒТП нәтижесінде жетілген және өнімді машиналардың пайда болуымен байланысты.
Сапалық тозу шамасы негізгі қорлардың қалпына келтіру құнын Сқ есептеу арқаылы мына формула бойынша анықталады:
Сқ = Сж ZQ б/ Qж
Мұндағы, Сқ- бұрынғы жабдықты қалпына келтіру құны, теңге
Сж - жаңа жетілдірілген жабдықтың құны, теңге
Об - бұрынғы жабдықтың өнімділігі
Ож - жаңа жабдықтың өнімділігі
Сапалық тозу коэффициенті К с төменгі формуламен айқындалуы мүмкін:
Кс= (Сб - Ск ) / Сб
Мұңдағы Сб бұрынғы жабдықтың бастапқы құны, теңге
Ск - бұрынғы жабдықты қалпына келтіру, теңге
Сапалық және табиғи тозу негізгі қорлардың актив бөлігінің үлесі жоғары болғанда өте белгілі болады.
Табиғи және сапалық тозу коэффициенттердің шамаларын білетін болсақ, олардың жалпы тозу коэфициеттін табуға болады.
Ко =1- (1- Кт) ( 1- Кс )
Ескірген, құнсызданған негізгі қорлардың, жаңартуы мен байланысты негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаттары болу қажет. Негізгі қорлардың барлық пайдалану мерзімі ішінде олар амортизация аударымдары түрінде қорланады да, амортизациялық қорды құрады.
Амортизация (өтелім) негізгі қорлардың тозуына қарай олардың, құнын өндірілетін өнімге бірте бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу процесі. амортизация негізгі қорлардың тозуы негізгі оның құндылығының бірте бірте төмендеуі, сондай ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге көшуі.
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозуының орны толтырылады. Ол үшін тозудың ақшалай құны, өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Негізгі қорлардың тозуын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін, осы қорлардың құнының бір бөлігін аударып отыруын амортизация аударымы немесе өтелім жарнасы дейді. Өтелім жарнасы өзіндік құнының «Амортизация» элементін құрайды. Сөйтіп, амортизация аударымдары өнім өндіру мен өткізу шығындары құрамына кіреді.
Амортизация қоры (өтелім қоры) деп ай сайынғы өтілім жарнасын аудару жолымен құрайтын ақшалай қаражаттың мақсатты қорланымын айтады. Оның сомасы амортизацияланатын негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен амортизациясы нормасының шамасынан құралатын туынды сома.
Амортизация нормасы - өтелім жарнасының белгілі бір кезеңде белгіленген мөлшерінің негізгі өндірістік өорлардың баланстық (бастапқы ) құнына қатынасы, ол пайыз есебімен көрсетіледі. Еңбек құралдарын пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі нысаналы кезеңін басшылыққа ала отырып, еңбек құралдарының табиғи тозуы мен сапалық тозуының қарқынын ескеріп есептейді. Негізгі қорлар құнының өндірілетін өнімге көшірілнтін үлесі, амортизация нормасы арқылы анықталады.
Өтелім кезеңі дегеніміз негізгі қорлардың пайдаланудың экономикалық жағынан тиімді кезеңі. Ол сапалық тозуды, пайдалану шарттары мен басқа да факторларды ескергенде, негізгі қорлардың алуан топтары мен түрлері бойынша анықталады, ол амортизация нормасына немесе қайта жаңарту коэффициентіне кері шама болып табылады.
Негізгі қорлар (құралдар) өзінің құнын дайын өнімге көшіру кезеңін нормативтік қызмет көрсету мерзімі деп аталады. Ол негізгі қорларды толық қалпына келтіруге арналған амортизация нормасы мен жөндеуге жұмсалатын нормативтерді анықтауға арналған.
Жылдық амортизация аударымдардың негізгі қорлардың құнын НҚ амортизация нормасына көбейтумен табылады:
Аж= НҚ * Нп /100
Мұндағы,
Аж - жылдық амортизациялық аударымдары, теңге
НҚ - негізгі қорлардың баланстық құны, теңге
Нп - топтар, ішкі топтар бойынша негізгі қорлардың амортизация нормасы, пайыз.
Негізгі қорлардың пайдалану мерзімі белгілі болса, онда жылдық амортизация мөлшері мына формуламен есептелінеді:
Аж = (НҚб + ЖШ - В) /Т.
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
Активтер деп өндірістік және бейөндіріс мақсаттағы пайдаланып жүрген жер, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрін айтады. Қысқаша айтқанда активтер кәсіпорындардың ақшалай құны бар меншігі. Бұл оның меншікті құрал жабдықтары, негізгі құралдар, жер мен табиғат ресурстарды пайдалану құқықтары.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) Қазақстан Республикасының Заңында тірклген активтерге мынадай анықтама берілген: Тіркелген активтер салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер . Материалдық емес активтерге жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді кезең ішінде пайдаланатын материалдық емес активтер (патент, қаржы активтер, т. б. ) жатады.
Қазақстан Республикасының салық Кодексіне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндіру, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар енгізіледі.
Қатысушылар, құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық қорға өздерінің салымы ретінде енгізілген кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың құны болып табылады.
Өндірістегі амортизацияның ерекшеліктері
Негізгі өндірістік қорлар құрамына тау кен қазбалар кіреді. Пайдалы кенбайлықтарды қазып алу үшін арнаулы қазбаларды өту және жүргізу керек. тау кен өндірісіне тән ерекшеліктің бірі, негізгі қорлар құрамында ғимараттардың үлесі өте жоғары, олардың құрамына негізгі тау-кен қазбалары кіреді.
Тау кен өнеркісібінде амортизацияланатын үйлер, ғимараттар мен кен қазбаларын екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа жататындар: рудник, карьер, шахта жұмыс істейтін мерзімі (үйлер, ғимараттар, т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz