Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
2 АдалАҚ-ның ағымдағы шығындарын басқаруды талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен
„шығын" деген ұғымның өзін жете түсіну кажет, яғни оның терминологиялық
мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын және есебін түсіндіру керек.
Шығындар, деп жазады Лисович Г. М., Ткаченко И.Ю - бұл қолдағы бардын
сатып алуға жүмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив
ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге кабілетгі қаражаттар .
Бірақта, кәсіби әдебиеттерде осы үғымның баскалай да мағынасы (немесе
түсіндірулері) кездеседі. Мәселен, проф. Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж. оны
келесідей түрде тұжырымдайды: Әдетте, шығындар — тауарларға немесе
қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар (ақшалар) деп
түсіндіреді.
Тура осындай мазмұндағы анықтаманы сәл кейінірек проф. Шеремет А. Д. және
басқа да авторлар берді .
Осы ұғымдардан шығындар тұжырымдамасының абстрактілі деңгейде екендігі
көрініп тұр. Дәл сондықтан, осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде осы
мәселе бойынша көзкарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде,
шығындар, шығыстар, жұмсалған каражат үғымдары бірдей деп
тендестіріледі немесе ұқсас болып келеді және өндіріс шығындары, не
өндіріске жұмсалған шығын терминдері қолданылады. Біздің пікірімізше,
шығын деген сөздің табиғаты, әр қилы ахуалға байланысты әр түрлі мәндерге
ие болып келетін сиятгы. Басқару есебінде (БЕ) шығындар әр түрлі мақсаттар
үшін әр түрлі әдістермен жіктеледі, яғни ол бір мағыналы емес. Шығын
факторы - бұл шығындардың пайда болуына әкелетін кез келген оқиғалар немесе
жағдайлар.
Сондықтан, мұндағы шығындардын ой өзегі, әр түрлі мақсаттағы шығындар
әр түрлі топтастырылуы мүмкін.

Шығындар үғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты
активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе
міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді. Бухгалтерлік
есептің стандарттары бойынша актив келешекте одан табыс әкелінеді деп
күтілетін және өткен оқиғалар нәтижесі ретінде, субъект бақылайтын
ресурстар тұрғысынан карастырылады. Шығындар мен шығыстар үғымдарын
толық деңгейде ұқсас деуге болмайды. Шығыстар— бұл ағымдағы есептік
кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойында
табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.
Бухгалтерік есептің стандарттары бойынша Шығыстар есепті кезеңде
активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстын азаюын,
сондай-ақ капиталдың азаюына әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің
пайда болуы.

1.Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері.

Кәсіпорынның шығаратын тауаларының мөлшерін рынокқа ұсынылуы, оны өндіруге
кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағалармен
тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды өндіру және
оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорыннның шаруашылық жүргізудегі
тиімділігінің басты жағынын бірі болып саналады.
Шығындар - бұл кәсіпорынның өзінің өндіретін және коммерциялық
қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен
практикалық қызметіндегі анықтайтын ережесі болып табылады. Кәсіпорынның
шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
□ өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін
шығындар. Бұл капиталдын ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен
ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
□ өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға кететін шығындар. Әдеттегідей,
бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі
қаржы шығындары;
□ өндірістің әлеуметтік-мәдени тұғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету
және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар
негізінде пайданын есебінен бөлінетің арнаулы қорлардан
қаржыландырылады.

Өндірістік шығындардың жіктелуі

Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның калькуляция
Өзіндік құнның статьялары статьялары
Технологиялық процестерге Негізгі, қосымша
қатастылығы Бір элементтік, кешенділік
Құрамы Тікелей, жаңама
Өнімнің өзіндік құнына қатысудың
тәсілі Өндірістік, өндірістен тыс
Өндірістік процестегі рөлі Өндірістік, өндірістік емес
Мақсатқа сәйкес жұмсау Жоспарлы, жоспарсыз
Жоспарға қатысу мүмкіншілігі Тұрақты, ауыспалы
Күнделікті, бір жолғы
Өнімнің көлеміне қатысты Аяқталмаған өнімге кететін шығындар,
Шығу мерзімділігі дайын өнімнің шығындары.
Дайын өнімге қатысты

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу.
Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және
оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты
шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер,
ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және
т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өңдірудің
мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар.

Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі
және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арсындағы айырмашылықтың
елеулі маңызы бар . Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда,
өндірілменген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен
кәсіпкер өндіріс көлемін өзгету жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады.
Экономикалық шығындар деп – кәсіпорынның ресустарды пайдаланғаны үшін
жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі
түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік
немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды
жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері,
материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы
шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары
күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын
иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғаның нақтылап
көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін
кәсіпорын ресми төлемейді.

2. АДАЛ АҚ -НЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Адал АҚ-ның жалпы қаржылық экономикалық сипаттамасы

Адал Агроөнеркәсіптік компания Ашық Акционерлік Қоғам 2000 жылдың 8
қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын Қазақстан
Республиаксының 1998 жылдың 10 шілдесіндегі Акционерлік қоғам туралы
заңына сәйкес, құқықтық – ұйым негізінде Акцонерлік Қоғам деп құрылды
келесі мәтіндерде АҚ деп беріледі.
Кәсіпорынның толық аты: Адал Агроөнеркәсіп компаниясы Ашық
Акцонерлік Қоғам қысқартылған атауы Адал АҚ
Қоғам өзі шығарған акцияларын ашық түрде орналастыра алады.
Акционерлік қоғамның мүшелері шектелмеген. АҚ № 6045- 1907 2000 жылдың 08
қаңтарындағы Алматы облысының Әділет басқаруында жабық акционерлік қоғам
Адал дегеннен, Ашық акционерлік қоғам Адал деп қайта тіркелді.
Акционерлік қоғам шектелмеген мерзімге бекітілген.
Адал АҚ-ның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Алматы
облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі 32.
Қоғамның өзі балансы және басқа да банк есептері бар, өз атауымен
қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және
символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп
бекітілген.
Қоғамның негізгі қызметі болып:
Ауылшаруашылық өндірісі;
Барлық түрдегі және жағдайдағы бағалы металдарды сату және өндірістік
құрылыс;
Авто жолдары және ауылшаруашылығына арналған объектілерді салу және оларды
жөндеу;
Құрылыс материалдарын өңдіру және өткізу;
Құрылыс және жөндеу жұмыстары;
Экономикалық және табиғатты қорғау қызметі;
Қонақ үй ашу;
Сыртқы экономикалық қызмет;
Делдалдық қызмет;
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру;
Өндірістік тауарларды өндіру;
Ақысы заңгерлік қызмет көрсету, адвокат қызметімен байланыссыз;
Франчайзинг;
Коммерциялық қызмет;
Халыққа қызмет көрсету.
Қоғамның акционерлері келесі талаптарды орындауға міндетті:
Қоғам он күн ішінде номиналды акция ұстайтын адамды, болған өзгерістер
жайлы хабарлау;
Коммерциялық құпияны сақтауға;
Басқа міндеттерді қоғам акционерге жүктей алмайды. Қоғам акционерге
акцияларын сатуға кедергі жасай алмайды.
Кәсіпорынның мүлігін негізгі және айналым капиталдар құрамы, олардың
құны кәсіпорын балансында көрсетілген. Ол мүліктер, кәсіпорынның меншігі
ретінде белгіленген.
Мүліктің қалыптасуының негізі болып келесілер табылады:
Акционерлердің акцияны сатып алуға салған салымдар;
Кәсіпорынның өзінің қызметінен тапқан табысы;
Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да табыстар.
Кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету үшін жарғылық капиталының көлемі,
шығаруға жарияланған барлық акциялардың номиналды құнының соммасына тең.
Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз
миллион) теңге және олар 30000 жай акцияға бөлінген оның біреуінің
номиналды құны 10000 теңге. Акцияны төлеуге ақша, мүліктік хұқ, жерді
қолдану хұқы және интелектуальды қызметтің нәтижесіне хұқ немесе тағы басқа
мүліктер. Бағалы қағаздарды ұйымдастыру нарығында белгіленген соңғы бағамен
ғана акциялардың бағалы қағаздармен сатып алуға болады.

2-кесте. 2006-2007 жылға арналған Адал АҚ-ның ағымдағы
активтерінің айналым коэфициенті

№ Көрсеткіштер Жылдары Ауытқулар
2004 2005
Өткізілген өнімнен түскен түсім 250633 362648 + 112015
Ағымдағы активтердің орташа көлемі 95106,5 110676,5 +15570
Ағымдағы активтердің айналым 2,64 3,28 0,64
кофициенті
1 күндегі ағымдағы активтердің 136,4 109,8 -26,6
айналым ұзақтығы
Айналым корының беріктеу кофициенті 0,38 0,31 -0,07

Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер жанама шығындарға өз
әсерін тигізеді. Мысалы бұл жердегі өткізілген өнімнен түскен түсім 2006
жылы 250633 тенгені құраса, 2007 жылы 362648 тенге болып, 112015 теңгеге
өскен. Айналым корының беріктеу кофициенті 0,07 ге қысқарған. 1 күндегі
ағымдағы активтердің айналым ұзақтығыда 2007 жылы 2006 гарағанда 26,6–ға
қысқарған
Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып
дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және нүкендерге тиімді өткізу.
Компанияда өзінің дистребютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы
қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа
нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға
орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының деңгейі,
бәсекеқабілеттілігі.
05.01.01.жылдан бастап Адал АҚ-ның өнімі көбінесе әр түрлі жақтар
бойынша өткізіледі олар:
1. еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;
2. облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;
3. сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.
Адал АҚ-ның өткізу бөліміне келесілер бағынады:
- 2 менеджер;
- ұсыныс қабылдайтын 2 диспетчер;
- 5 машина жүргізуші – экспедитор;
- өткізіү бөлімінде сонымен қатар келесілер жұмыс істейді:
- потенциальды клиенттерге өнімді жеткізетін 7 машина жүргізушілер;
- қор меңгерушісі;
Шаруашылық құрылымды және басқаруды ұйымдастыру
Адал АҚ-ның цехтік құрылыммен басқару енгізілген, мал шаруашылығы,
өсімдік шаруашылығы, механизациялық және өңдеуші кешендері жұмыс істейді.
Адал АҚ: 2 МТФ, 1-ТФ, кондвор, 45 звенолық және бригадалық жылдар,
МТМ–гаражы, МТК (маханизацияланған транспорттық кешендері бар. Қайта
өңдеуші кешенге: сүт зауыты, онда дайын сүт өнімдерін шығарады, яғни сүзгі,
қаймақ, йогурт, айран, тағы сол сияқты, шұжық цехы, диірмені бар. Адал АҚ-
да диспечерлік қызмет жұмыс жасайды.
Адал АҚ-ның аймағында 3 тұрғылықты жер бар: Базаргелді, Космос,
Жанашар.
Жалпы тұрғындардың саны 5 137 адам. Ал Адал АҚ-да істейтін
жұмысшылардың саны 01.01.2006 жылғы мәліметтеріне сүйенсек 467 адам.
2006 жылдың жалақысының жалпы соммасы 4 324 324 теңгені құрады, ал
2005 жылы 2 670 130 теңге болды. Осыдан шығарған қорытындыға сүйенсек
жалақының жалпы өсімі 1 654 194 теңге болды, яғни Адал АҚ-да орташа
жалақы көбейіп, жұмысшылардың өмір сүру сапасы жақсарған, ол бізге жағымды
тенденция байқалтады.
Ақша қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс
өткізу үшін рационалды бөлу Адал АҚ-ның қаржылық – экономикалық
қызметінің негізі болып табылады. Ақша қаражаттары ішкі және сыртқы
көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып
мыналар табылады:
1. Несиелер;
2. Қарыздар;
3. Акцияны шығару және сату;
Дайын өнімді сатқаннан түскен пайда, ақша қаражаттарының ішкі қайнар
көзі болып табылады. Дайын өнімнің бағасы қалыптасқанда олар өнім өндіруге
және осы өнімді өткізуге кеткен шығындарға байланысты болып келеді. Өнімнің
өзіндік құнын есептегеннен кейін барып соңғы өнімнің бағасы қалыптасады.
Бір жыл ішінде қайта өңдеу цехының кешені бойынша 36 тонна шұжық
өндіреді және 3 800 тонна дайын сүт өнімін.

3-кесте. 2005-2006 жылғы Адал АҚ-ның технико–экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Өлшем Жылдары Ауытқулар
бірлігі
2005 2006 +- %
Өнімді өткізуден түскен мың. тг.250633,0362648,0112015,045,0
табыс
Өткізілген өнімнің мың. тг.184222,0288364,0104142,056,6
өзіндік құны
Жиынтық табыс мың. тг.66411,0 74284,0 7873,0 11,9
Кезең шығындары мың. тг.47033,0 51316,0 4283,0 9,1
Негізгі қызметтін түскен мың. тг.19378,0 22968,0 3590 18,52
табыс
Қосымша қызметтен түскен мың. тг.6012,0 9602,0 3590 59,7
табыс
Таза табыс мың. тг.17773,0 22488,0 -73,0 -0,3
Өндіріс рентабельділігі % 1,9 2,2 0,30 1,16
Жұмысшылардың еңбек мың. тг 487,61 475,81 - 1,02 -2,41
өнімділігі
Жұмысшылырдың саны адам 514 552 38 7,4
Өндірістегі негізгі мың. тг 231687,0235948,04261 1,83
құралдардың орт. жылдық
құны.
Қор сиымдылығы тенге 0,93 0,66 -0,27 -29
Қор қайтарымдылығы тенге 1,07 1,5 0,43 40,2
Қормен қарулану мың. тг 454,9 436,2 -18,7 -4,1

Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім: әрине өнімді өткізу ол
кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол
кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның
цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы
көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2005 жылға
қарағанда, 2006 жылы 362648,0 теңге болып, 112015,0–теңгеге артты немесе
45%
Өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай
жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық
жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық
денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2005 жылы, 2006
жылға қарағанда 104142,0 тгеңгеге өсті немесе 56,5 % деп айтсақ болады.
Жиынтық табыс. Жиынтық табыстың соммасы 2005 жылы 2006 жылмен
салыстырғанда 7873 теңгеге кеміді яғни 11,9 %.
Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен
шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы
кезең шығындарын береді және мұны 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 4283
теңгеге кеміді немесе 9,1 пайызды құрады.
Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына,
жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2006 жылы таза табыс -0,3
пайызға кеміген немесе -73 теңге деп айтсақ болады.
Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің
эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол
өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі
15,78 пайызға өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі. Өндіріс қызметінің нәтижелігін
көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық
өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2006 жылы -0,02 тенгеге өскен.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш
кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты,
машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа
жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке
(2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 235948,0 тенгені құрап, 1,83 тенгеге
қысқарды.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері
көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех
және құрал – жабдықтар группаларға бөліптастауға болады. Бұл техникалық
өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін
анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2005 жылы 2006
жылмен салыстырғанда 0,27 теңгеге кеміген немесе 29 пайызға. Осы
көрсеткішті есептеу үшін біз:
қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт) өнімді өткізуден түскен түсім
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы
көрсеткіш ретінде, кәсәпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті
2005 салыстырғанда 2006 жылы 40,2 пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу
үшін біз:
қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім негізгі қордың (орт)
Тозу кофициенті. Бұл өндірістегі негізгі құралдардың жылдан – жылға
өзгерісін сипаттайды. Біздің кәсіпорын 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда
тозу кофициенті 80,0 пайызды құрады. Бұны есептеу үшін біз, тозу соммасын,
бастапқы құнға бөлдік.
Қормен қарулану. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 4,1
% қысқарған.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
қормен қарулану = негізгі қордың (орт) жұмысшылар саны

4-кесте. 2005-2006 жылғы Адал АҚ-ның қаржылық жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштері.

№ Көсеткіштер Өлшем Жылдары Ауытқулар
бірліктері
2003 2004
Өзіндік кофициенті. 0,7 0,91 0,85 - 0,06
Қарыз құралдарының үлесі 0,3 0,03 0,09 0,06
Өзіндік және қарыз 1 0,03 0,11 0,08
құралдарының қатынасы
Жалпы айналым капиталының 0,75 0,98 0,23
кофициенті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Шығындар баптарының атаулары
Кәсіпорын кірісін сыныптау
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Кәсіпорын шығындарын басқару
Мемлекеттік мекемелердегі шығындар туралы жалпы түсінік
Пәндер