Аминдер және амин қышқылдары: құрылымы, қасиеттері және биологиялық маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АМИНДЕР - аммиактың құрамындағы сутек атомдарының біреуін, екеуін я үшеуін органик. радикалдың алуы арқылы түзілген органик. қосылыстар. Бір сутек атомы алмасса, бірішi RNНз; екі сутек атомы алмасса екінші R2NH; үш сутек атомы алмасcа үшінші R3N Амин деп аталады, мұнда R1, R2, Rз - бір не әр түрлі радикалдар (СНз, С2Н5; С6Н11, С6Н5 т. б. ) . А. аты олардың қосылған радикалдарының атына “амин” деген сөз қосу арқылы аталады. Мыс., СНз-NН2 метиламин; С6Н5NН2 фениламин (анилин) . А. негіздік қасиет көрсетеді, олар басқа қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзе алады. Өнеркәсіпте А. спирттер мен аммиакты катализатор үстінде әрекеттестіру арқылы алынады. А. қасиеті әр түрлі: төменгі А. аммиак иісті газдар, жоғары А. суда жақсы еритін сұйықтар немесе иіссіз, суда ерімейтін қатты заттар. А-ді олардың азотты қышқылмен реакциясы арқылы анықтауға болады. А. өндірісте өте көп қолданылады, олар дәрі-дәрмек, бояу, пластмасса жасауда пайдаланылады.

АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ - молекула құрамында карбоксил СООН және амин NH2 тобы бар органик. қосылыстар. А. қышқылының амин тобының карбоксил тобына тіркелу ретіне қарай , , , т. б. түрі болады. А. қ. өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер клеткалары, барлық белоктар құрамына кіреді. Белок құрамындағы ең маңызды 20 А. қ-ның жалпы формуласы RСН(NН2) СООН, бұлар А. қ-на жатады. Бұлардан басқа өсімдік организмінде бос түрінде кездесетін 80- 100 А. қ. белгілі, олар азот және күкірт қоры ретінде жиналып, керек кезінде организмді қамтамасыз етеді. А. қ. ферменттер, гормондар, антибиотиктер және түрлі пептидтер құрамына кіреді. Бос күйінде А. қ. барлық тканьдерде, дененің сұйық заттарында болады, клетканың көптеген метаболизм процесіне қатысады. А. қ. - түссіз, суда жақсы еритін көбіне тәтті дәмі бар кристалды зат. Балқу t 220-315°С. Құрамында негіз және қышқыл топтары болғандықтан, негіздік те, қышқылдық та қасиет көрсетеді. А. қ-ның түрі түрлі реакциялар әсерінен өзгереді, сондықтан оларды колориметриялық әдіспен анықтауға болады. Организмде белок түзілгенде, оның молекуласына қандай А. қ. кіретіні, олардың орналасу тәртібі клетканың генетикалық коды, ягни ДНК молекула-сының құрылым қасиетіне тікелей бағынышты. Көп өсімдіктер мен бак-териялар өздеріне қажет А. қ-н қарапайым органикалық емес қосылыстардан синтездей алады. Адам мен жануарлар денесіне де бірқатар А. қ. син-тезделінеді, бірақ, «ауыспайтын” деп аталатын 8 А. қ-н (валин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, треонин, триптофан, фенилаланин) организм синтездей алмайды, бұл 8 А. қ-н организм қоректен дайын күйінде алады. Бұл А. қ-ның біреуі жетіспесе, белок және организме өте қажетті гормон, пигмент. т. б. заттар синтезі жүрмейді, адам, жануар түрлі кеселге шалдығады. Сондықтан бұл 8 А. қ. микробиол., түрлі хим. әдістермен синтезделіп, адам асына, малдың жеміе қосылады. Құрамында «ауыспайтын» А. қ. неғұрлым мол болса, белоктың тағамдық қасиеті солғұрлым жоғары бо-лады. «Ауыспайтын» А. қ. көбінесе өсімдік, әсіресе дәнді дақылдар белок-тарында аз болады, ал жануарлар белоктарында, оның ішінде жұмыртқа белогында, көп болады.

А. қ. медицинада ас қорыту органдары, бауыр, нерв ауруларын, қан аздықты, күйікті емдеуге қолданылады. Мал шаруашылығында бұрын тек протеин мөлшерін еске алатын болса, қазір ауыспайтын. А. қ. мөлшерін де есептеп отырады. Әсіресе күйіс қайтаратын малдардың төлдеріне беретін жемнің құрамын тексеріп, А. қ. жеткіліксіз болса, А. қ. мол азықтар беру немесе ондай жемге қолдан синтезделген А. қ-н қосу керек. А. к. микробиология, медицина және азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады.

Әдеб. : Майстер А., Биохимия аминокислот, пер. с англ., М., 1961; Пет-ров А. А., Бальян X. В., Трощенко А. Т., Органическая химия, 2 изд., М., 1969.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азотты органикалық қосылыстар: аминдер, анилин, амин қышқылдары және белоктар
Спирттер, аминдер, азо- және диазоқосылыстар, оксоқосылыстар мен карбон қышқылдары: құрылымы, химиялық қасиеттері және медицинадағы маңызы
Белоктар: амин қышқылдары, молекулалық құрылымы және физиологиялық қызметі
Амин қышқылдарының құрылымы мен жіктелуі, химиялық қасиеттері және пептидтер синтезіндегі маңызы
Амин қышқылдарының құрылымы, қасиеттері және синтезі
Гетерофункционалдық қосылыстар: амин қышқылдары, ақуыздар және көмірсулар
Ароматты аминдер: жіктелуі, алынуы және химиялық қасиеттері; азобояғыштардың маңызы
Аминдер және ароматикалық аминдер: изомерия, алыну әдістері, физико-химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Белоктардың биохимиясы: амин қышқылдарының классификациясы, молекулалық құрылымы және биологиялық қызметтері
α-Амин қышқылдары, пептидтер мен белоктардың құрылымдық ұйымдасуы, стереоизомериясы және сапалық реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz