Қазақстанның лейцит-базальтты вулканиттерінің петрохимиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпы геология, минерология және петрография кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақстанның лейцит-базальтты вулканиттерінің петрохимиялық ерекшеліктері
Жетекшісі: профессор А. Т. Бекботаев
Орындаған: Алдабеков Т. Қ., Егізбеков С. С.
Тобы: ГРС - 01 - 1 қ
Мамандығы: 1801
Алматы 2004
Қазақстанның лейцит-базальтты вулканитттерінің
петрохимиялық ерекшеліктері
Калийлі базальтоидтар - өте сирек кездесетін таужыныстар. Олардың петрохимиялық ерекшеліктерін зерттеудің үлкен теориялық маңызы нақты тау жыныстар ассоциациясының петрогенезисін анықтау. Яғни, бұл жерде басты мәслелердің бірі болып зерттелінетін таужыныстарын осыған дейін белгілі болған таужыныстармен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Қазақстанда лейцит-базальтты вулканиттер формациясы батыс Талас және Есіл-Ұлытау сілтілі провинцияларында дамыған. Территориялық орналасуы жағынан бір-бірінен едәуір қашықтықта жатқан аймақтар.
Батыс Талас провинциясының лейцитті вулканиттері жастары қатар пайда болған бір магмадан шыққан эффузивтерден (комагмалық) құралған -мелонократты сілтілі базальтоидтардың түрі авгититтен және лимбургиттерден бастап ортаклазды және плагиоклазды сілтілі базальттар, одан кейін лейцитті базальттар, тефриттер және лейцититтер лейцитті фонолиттерге дейін, сілтілі және құрамында лейциті бар трахиттер. Өте мелонократтанған эффузивтер вулканогендік қат-қабат қимасының төменгі бөлігінде астасып жатыр. Ал, орталық бөлігінде көбінесе ортаклазды және плагиоклазды сілтілі базальттар, олардан жоғары лейцитті базальттар және тефриттер; лейкократтанған вулканиттер осы қиманың жоғары бөлігінде кездеседі. Аталған комагмалық сілтілі эффузивтерге сәйкес осындай плутоногендік жыныстардың қатары, яғни сілтілі және лейцитті пироксениттерден бастап лейцитті және ортаклазды шонкиниттер, одан кейін фергуситтер және мелонократты лейцитті сиениттер мезократты содалит-нефелинді сиениттерге дейін.
Есіл-Ұлытау провинциясының лейцитті вулканиттерінің арасында комагмалық эффузивтер - сілтілі авгитті порфириттерден, лейцитті базальттар және тефриттер, лейцититтерден лейцитті және трахитті порфирлерге шейінгі қатары бар екендігі аңғарылады.
Комплементарлық қатар - лейцитті базальт-лейцитит-лейцитофир-лейцитті фонолит сипаттамалары батыс Талас және Есіл-Ұлытау провинцияларының вулканиттеріне ғана емес, ол осындай және өзге де жергілікті өзгерістермен Армян, орталық Алдан және басқа провинциялардың вулканогендік қат-қабат қималарында да қайталанады. Осындай лейцитті вулканиттер ассоциациясы мен комагмалық плутониттер қатары Монтанадағы Хайвуд тауларында (АҚШ), Марос шыңында (Целебес аралы), Уюнь-Холдонг (Маньчжурия) және Везувий (Италия) вулкандары толығымен осы ассоциациялардан құралғандығы анықталған. Экваторлық Африкадағы Бифумбира және Австралиядағы вулканитті аудандар айрықша қызығушылық тудырады, яғни бұнда лейцитті эффузивтер және олармен байланысты интрузиялардың өзгешелігі, лейцитті базальтты вулканиттер дифференциациясынан пайда болатын - фонолиттің кездесуі.
Қазақстанның лейцит-базальтты вулканиттері формациясының петрохимиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатымен К. А. Абдрахманов және А. Т. Бекботаев А. Н. Заварицкийдің әдісі бойынша (суретті қараңыз) векторлық диаграмма құрастырған, бұл диаграммада қазіргі уақытта кездесетін базальтоидты эффузивтердің химиялық құрамының векторлары көрсетілген. Осы диаграммада вариациялық сызықтармен, яғни А. Н. Заварицкий әдісі бойынша Марос-Хайвуд типті лейцитті таужыныстарының ассоциациясы бейнеленген. (Введение в петрохимию изверженных горных пород. М. - Л., Изд-во АН СССР, 1950) .
Вулканиттердің химиялық құрамдарының векторлары ASB және CSB жазықтықтарында енсіз жолақтар құрап, № 5 (Марос) және №6 (Хайвуд) вариациялық сызықтарымен шектеледі. Бірқатар векторлардың бастапқы нүктелері №5 және №6 варияциялық сызықтарының шегінен шығыңқырап жатыр. Химиялық талдау векторларының көптігінен соңғылары заңды түрде топтасып келеді (суретті қараңыз) . Диаграммада векторлардың бірнешеуі шашыраңқы орналасқан, бірақта олардың орталық варияциялық сызықтары Марос-Хайвуд типіне сәйкес келеді.
Вулканиттердің петрохимиялық диаграммасы
Батыс Талас провинциясы: вулканиттердің химиялық құрамының векторлары, Марос типіне (№5) - 1 және Хайвуд типіне (№6) - 2 сәйкестері; 4 - лейцитті тефриттер және базальттар, сілтілі ортаклазды және плагиоклазды базальттар; 5 - латитті және трахиандезитті порфирлер; 6 - сілтілі трахитті порфирлер. Есіл-Ұлытау провинциясы: 3 - вулканиттердің химиялық құрамының векторлары; 7 - лейцитті базальттар; 8 - фергуситтер, лейцититтер; 9 - лейцитофирлер, меланократты эпилейцитті порфирлер, 10 - трахитті, трахит-эпилейцитті порфирлер; 11 - фениттер және өзгерген метасоматитті трахитті және эпилейцитті порфирлер.
Батыс Талас провинциясында вулканиттердің екі тобы ұшырасады. Олардың бірі химиялық құрамы жағынан Марос типті таужыныстарға, ал екіншісі Хайвуд типті эффузивтерге сәйкес келеді. Диаграммада көрсетілгендей, бірінші топ вулканиттерінің бастапқы нүктелері ASB және CSB жазықтықтарында, екінші топ эффузивтеріне қарағанда сол жаққа қарай ауытқыған. Яғни, бірінші топ вулканиттері екінші топ таужыныстарымен салыстырғанда далашпатты кальцийге бай және сілтілерге кедейлеу. Бірінші топ вулканиттері диаграммада көрсетілгендей екіншісінің эффузивтеріне қарағанда калий мен магнийге өте бай келеді. Марос және Хайвуд типті сілтілі вулканит провинцияларының бірге кездесуі олардағы таужыныстарының генетикалық (жаралуы) туыстастығы бойынша А. Н. Заварицкийдің (1950) оларды бір таужыныстар ассоциациясына біріктіруінің дұрыстығын көрсетеді.
Векторлық диаграммада төменнен жоғары қарай варияциялық сызықтар бойымен векторлардың бастапқы нүктелерінің ауытқуы айқын көрінеді. Бұл ауытқу статья авторларының ойынша тереңдігі магма ошағының дифференциациясы және магма ошағының уақыт аралығындағы дамуының жалпы сипаттамасының көрінісі. Геолого-петрологиялық зерттеулердің нәтижесінде бастапқы магмадағы меланократты және лейкократты құрамды комплементарлы қатарлы балқыманың дифференциацияға ұшырауының мүмкін болар себептерін анықтауға болады. Олар төмендегідей.
Тереңдегі магма ошағында оливин, пироксен және лейцит бір уақытта кристаллданады. Оливин және пироксен кристаллдары (өздерінің) салмақтарының ауырлығынан төмен қарай жылжыған кезде, лейцит кристаллдары жеңіл және дөңгелек полигональ тәрізді болғандықтан жоғары көтеріледі. Лейцит, оливин және пироксен кристаллдарының жіктелуі кезінде сұйық фазадағы магма компоненттерінің бөлшектенуі жүріп жатты. Яғни, темір камераның төменгі бөлігінде, ал кремний, алюминий және ұшпа компоненттер сығымдалып жоғары көтерілгенде, лейцит кристалдары да жоғары қарай жылжиды.
Вулканиттердің химиялық құрамының векторларының бастапқы нүктелері №5 және №6 варияциялық сызықтар бойымен өзгеруі магма дифференциациясының әсерінен болғандығының көрінісі. Бұл процестің мүмкін болар механизмі жоғарыда көрсетілген. Яғни, статья авторларының ойынша (К. А. Абдрахманов, А. Т. Бекботаев) белгіленген сызықтар бойымен лейцитті қатарлы жыныстар векторларының жылжуы белгілі калийлі типті провинцияларға тән. Олардың барлығы да бір процеспен байланысты. Яғни, бір магманың гравитациялық дифференциациясы кезінде комлементарлы балқымаларға бөлшектенгенде лейцит-базальтты қатардағы таужыныс - фонолит пайда болады.
Сілтілі негізді магма дифференциациясы кезінде лейцитті базальттардан фонолиттерге дейін кремний қышқылды жыныстармен қанықпауы және де сілтілігінің өсуі, магний мөлшерінің азайуымен, калий және натрий тепе-теңдігінің біріншісіне қарай өзгеруі. Сілтілі базальтты магма дифференциатындағы калий потенциалы төмендеуі мен далашпатты кальцийдің де рөлі жылдам төмендейді. Ал, кальций болса фемалық лейцитті таужыныстарда шоғырланады.
Есіл-Ұлытау провинциясында лейцитті фонолиттер, трахитті порфирлер, эпи- және псевдолейцитті порфирлер кең тараған. Бұлар батыс Талас провинциясында сирек ұшырасады. Батыс Талас провинциясында натрийлі плагиоклазды және ортоклазды базальттар, авгититтер, лейцитті базальттар және базаниттер, лейцитті тефриттер және лейцититтер. Батыс Талас провинциясының лейцитті вулканиттерінің химиялық құрамының векторларының бастапқы нүктелері диаграмманың төменгі бөлігінде шоғырлануы осымен түсіндіріледі. Ал, диаграмманың жоғары бөлігінде Есіл-Ұлытау провинциясы эффузивтерінің химиялық құрамының векторлары басым. Батыс Талас провинциясында лейцитті қатарлы әртүрлі мелонократты вулканиттердің басым болуы; вулкандық құрылыстың өте терең морылуы мен байланысты болуы мүмкін. Соның әсерінен вулканогендік қат-қабаттың қазіргі эрозиялық қимасында ортаңғы және төменгі горизонттардағы таужыныстардың ашылып жатқандығы. Мүмкін, Есіл стратовулканы өте аз жемірілген. Сондықтан мұндағы эффузивтік қат-қабаттың жоғарғы және ортаңғы горизонттарында вулканиттер ұшырасады. Оның төменгі бөлігіндегі вулканиттер (участкелер) бөлікшелер түрінде ашылып жатыр.
Векторлық диаграммадан байқағанымыздай Есіл-Ұлытау провинциясы мен Марос және Хайвуд аудандары вулканиттерінің петрохимиясында бірқатар айырмашылықтар бар. Мысалға, диаграмманың төменгі бөлігінде ASB жазықтығында векторлардың бастапқы нүктелері №5 қисықтың бойымен солға және оңға қарай ауытқиды. Ал, жоғарыда векторлар негізінен №6 қисықтан оңға қарай ауытқиды. Бұдан көретініміздей Есіл-Ұлытау провинциясының лейцитті қатарлы әртүрлі меланократты эффузивтері тым сілтілі де, ал лейкократтары болса Марос және Хайвуд аудандарының осындай таужыныстармен салыстырғанда өте сілтілі болып келеді. Яғни, Есіл-Ұлытау провинциясында бастапқы магма өте терең дифференциацияға ұшыраған. CSB жазықтығының төменгі бөлігінде Есіл-Ұлытау провинциясы эффузивтерінің химиялық құрамының векторлары №6 қисыққа жақындайды және одан оңға қарай алшақтайды. Яғни, бұл таужыныстарда плагиоклаздар құрамына кіретін далашпатты кальцийдің мөлшерінің аз екенін көрсетеді.
Батыс Талас және Есіл-Ұлытау провинцияларының лейцит-базальтты вулканиттерінің формациясы петрохимиясының бір-бірінен және Марос-Хайвуд аудандарының таужыныстарынан да бірқатар айырмасы бар екенін байқаймыз. Бұл айырмашылықтарға қарап біз калийлі қатарлы сілтілі таужыныстардың жаңа ассоциацияларын бөле алмаймыз. Жалпы алғанда батыс Талас және Есіл-Ұлытау провинциялары вулканиттерінің орталық вариациялық сызықтары осындай Марос-Хайвуд типін қайталайды. Марос-Хайвуд типті сілтілі таужыныстар табиғи ассоциациясының ішінен бірнеше подтиптерді, яғни негізінен батыс Талас және Есіл-Ұлытау подтиптерін бөліп көрсету қажет.
Батыс Талас подтипіне бір сілтілі провинцияда екі топ таужыныстарының болуы тән. Олардың векторлары диаграммада бір-біріне параллель және №5, №6 вариациялық сызықтар бойымен жалғасады. Есіл-Ұлытау подтипінің вулканиттерінің вариациялық сызықтары ASB жазықтығының төменгі бөлігінде Марос типімен сәйкес келсе, ал жоғарғы бөлігінде оңға қарай күрт ауытқиды да, №6 (Хайвуд типі) сызыққа параллель созылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz