НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК


НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Алғашқы рет клеткалардың ядросынан табылғандықтан және қышқылдық қасиеті болғандықтан (гшсіеиз - ядро) нуклеин қышқылдары деп ат берген. Кейінірек нуклеин қышқылдары клеткалардың протоплазмасынан да табылды. Бірінші рет 1868 ж. Э. Мишер нуклеин қышқылдарын бөліп алды. Ал осы 20-шы ғасырдың 30-40 жылдары организм өсіп-өнгенде тұқым қуалау белгілерін сақтауда және жеткізуде нуклеин қышқылдары маңызының өте зор екені дәлелденді. Қазіргі кезде организмде белокты синтездеу және тұқымдық белгілердің сақталуы (генетикалық информация) нуклеин қышқылдарымен байланысты екені анықталды. Нуклеин қышқылдары өте жоғары молекулалы заттар, олар белоктармен комплекс құрып нуклеопротеидтер түзеді. Нуклеин қышқылдарының құрылысын зерттегенде гидролиз реакциясы өте роль атқарады.
Нуклеин қышқылдарының құрамында бес нуклеотид, кездеседі. Олар - аденил, гуанял, -цитидил, тимидил және уридил нуклеотидтері.
Кейбір нуклеотидтер организмдегі клеткалар мен тканьдарда бос күйінде кездеседі. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - АТФ - аденозин трифосфор қышқылы. Ол организмдегі универсалды энергияның көзі
Молекуласының құрамында рибозаның қалдығы болса, оларды рибонуклеин (РНК) қышқылдары, ал егер дезоксирибозаның қалдығы болса, оларды дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылдары дейміз. ДНҚ көбінесе ядрода болады да, ал РНҚ клеткалардың протоплазмасынан пайдалы.
ДНҚ мен РНҚ құрамына негізінде төрт пуриндік және пиримидиндік негіздер кіреді, олардың үшеуі екеуінде де болады, ал төртінші негіз ДНҚ-да -. тимин, ал РНҚ-да - урацил. Бұлардан басқа өте аз кездесетін негіздер бар, оларды «минорлы негіздер» дейді.
Құрамы жағынан бір-бірніе жақындығына қарамай, нуклеин қышқылдарының қызметтері әр түрлі: ДНҚ қызметі организмде тұқым қуалау белгілерін сақтау болса, ал РНҚ қызметі белоктарды синтездеумен байланысты.
Жалпы құрылысы жағынан ДНҚ мен РНҚ ұқсас. Бұл қышқылдарда мононуклеотидтер фосфор қышқылының қалдығы арқылы байланысады. Бірінші нуклеотид пентозасының 5-ші көміртегі атомы екінші мононуклеотидтің пентозасының 3-щі көміртегісімен фосфор қышқылы арқылы күрделі эфирлік байланыспен жалғасады.
ДЕЗОКСИРИБОНУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (ДНҚ)
Табиғи ДНҚ, молекулалық массасы өте үлкен (10 6 -4. Ю 9 ) қосылыстар. ДНҚ-ның құрылымы, оның негізгі міндеті тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Бірінші рет ДНҚ құрылымын 1953 жылы Д. Уотсон мен Ф. Крик рентгеноструктуралық әдісті қолданып анықтады. Рентгеноструктуралық зерттеулер ДНҚ молекуласының ұзын полинуклеотидтік тізбек екенін дәлелдеді. Ол тізбектер қосарлана бұралып, қос спираль түзеді.
Екі тізбектің азотты негіздері спиральдің ішінде болады да, бір-бірімен сутегіндік байланыс арқылы бірігеді. Сонымен бірге, аденил нуклеотейді тек қана тимидил нуклеотидімен, ол гуанил тек қана цитидил нуклеотидімен байланысады. Бұл процесті ДНҚ-ның комплементарлылығы дейді. Мысалы:
Егер азотты негіздерді басқаша қосса онда ДНҚ спиралі бірдей және мықты болмайды. ДНҚ молекуласындағы негіздердің комплементарлылығы бұдан бұрын Чаргафф ережесі бойынша белгілі еді. Бұл ереже бойынша- А/Т = Г/Ц және А = Т, Г = Ц. ДНҚ молекуласы жаңадан синтезделгенде осы комплементарлығы әрдайым сақталады.
ДНҚ-ның тұқым қуалайтын белгілерді ұрпаққа жеткізу міндеті іске былай асырылады:
аталық және аналық клеткалардың хромосомдары қосылғанда жаңа ДНҚ түзіледі, ол жаңа пайда болған организмнің болашағын анықтайды. ДНҚ-ның тізбегінде нуклеотидтердің бір жүйемен орналасуының арқасында тұқымдық информация жазылады. Сол мононуклеотидтердің ретімен орналасуы бойынша информациялық РНҚ синтезделеді, одан кейін сол И - РНҚ-да белоктар синтезделеді, яғни мына тізбекпен: ДНҚ->-РНҚ->-белок.
Синтезделген белоктар, белок - ферменттер, белок - гормондар пайда болған жаңа организмнің зат алмасуының ерекшеліктерін реттеп, ата-анасына ұқсастығын белгілейді.
Тұқым қуалайтын информациялардың берілуінің бірінші кезеңі клетка ядросының бөлінуінен басталады. Бұл кезде, ядродағы ДНҚ-ньщ сутектік байланыстары үзіліп, қос спиральден бір-бірден тізбек пайда болады. Бұл тізбектегі полинуклеотидтер өзінің комплементарлығын сақтап, жаңадан, бастапқыға ұқсас екі қос спираль түзеді. Бұл процесті ДНҚ-ның редупликациясы дейміз.
Мысалы, схема түрінде:
Тұқым қуалау белгілері ұрпаққа қалай беріледі? Әр түрлі белоктардың биологиялық қасиеттері, олардың құрамындағы амин қышқылдарының бір ретпенен орналасуына байланысты. Бұл амин қышқылдарының кезегін ДНҚ-ның құрамындағы үш нуклеотид - генетикалық код реттейді. Ол код үш нуклеотидтен тұратын болғандықтан триплеттік код деп - атайды, яғни бір амин қышқылы белок тізбегінен орын алу үшін, бір триплет жауап береді.
ДНҚ-ның молекуласы өте ұзын, сондықтан ол молекулада бірнеше белоктардың синтезделуі туралы информация сақталған. Бір белокты синтездеу үшін керекті кодондардың жиынтығын геном дейді.
РИБОНУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (РНҚ)
РНҚ-ның құрамында аденин, гуанин, цитозин, урацил, рибоза және фосфор қышқылы болады. ДНҚ-ға карағанда РНҚ бір тізбекті болып келеді және көбінесе клетканың протоплазмасында кездеседі. РНҚ-ның биологиялық қызметі белоктарды синтездеумен тікелей байланысты.
Клеткаларда РНҚ-ның үш түрі болады:
1. Информациялық РНҚ;
2. Тасымалдау РНҚ;
3. Рибосомальдык РНҚ.
Ең көп кездесетін түрі рибросомалдық РНҚ клеткадағы жалпы РНҚ-ның 85-90% кұрайды, ал тасымалдау РНҚ-сы 10%, ал информациялық РНҚ бар болғаны 1-2% қана.
ТАСЫМАЛДАУ РНК (т-РНҚ)
Бұл РНҚ-лардың молекулалық массалары шамалы (25 мыңдай) және суда ериді, сондықтан суда еритін РНҚ деп те атайды. Бұлардың құрамында «минорлық» нуклеотидтер көптеп кездеседі.
т-РНҚ-лардың міндеті - амин қышқылдарын активтеп, белок синтезделетін орынға тасымалдау. Белок синтезделу үшін кем дегенде 20 амин қышқылы қатысады, сондықтан т-РНҚ-лар 20 болуы қажет, ал іс жүзінде олар 20-дан әлдеқайда, көп. Неге десеңіз кейбір амин қышқылдарын бірнеше т-РНҚ тасымалдайды.
Белоктардың құрылысын анықтауға қарағанда, нуклеин қышқылдарының құрылысын анықтау өте қиын мәселе. Бұл жағдай олардың өте езгергіштігіне байланысты. Бірақ құрылысы анықталған т-РНҚ-лардың барлығына тән жалпы ұқсастықтары бар. Мысалы, олардың құрамында 70-80-нен артық нуклеотид болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz