Әр континенттегі көмір қоры



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көмір. Жер бетінде үш мыңнан аса көмір кені бар. Көмір барлық
құрлықтардан, тіпті Антрактидадағы қалың мұз қабатының астынан да табылған.
Көмір қоры құрлықтарда біркелкі орналаспаған (1-сурет): Азияда - 63%,
Америкада-27%, Европада-6%, Австралияда-2,5%, Африкада-1,5%. Көмірдің
негізгі қоры ТМД, АҚШ және Қытайда орналасқан. Планета бойынша есептелген
тас көмірдің 86%-і, ал қоңыр көмірдің 94%-і осы елдердің еншісіне тиеді
екен. ТМД-да барлық көмір қорының 53,1%-і, АҚШ-та-27,2, Қытайда —9,4, ал
Европада (ТМД-:ны қоспағанда) – 5,6%-і бар.
Бүгінгі күні барлық өндірілетін қатты отын мөлшерінің төрттен бір
бөлігі ТМД-ның, 17%-і АҚШ-тың, ал 13%-і Қытайдың үлесіне тиеді.
Қазіргі уақыттағы техника мен технология жердегі бар көмірдің 50% -ін
экономикалық тұрғыдан тиімді түрде өндіру мүмкіндігін туғызып отыр.

1-сурет. Әр континенттегі көмір қоры

Адамдарға көмір кен орындары тым ертеден белгілі. Біздің жыл
санауымыздан он ғасыр бұрын көмір шахталары Қытайда жұмыс істеген. Атақты
ғалым Аристотельдің айтуынша, біздің эрамыздан төрт ғасыр бұрын Греция мен
Италияда да көмір өндірісі болған көрінеді. Ұлыбритания жерінде көмір
өндіріліп, оны тұрмыста пайдалану XII ғасырда басталған. Ол кездегі адамдар
көмірді мыс қорытуға немесе қыштан жасалған ыдыстарды кептіруге т.б.
тіршілік қажеттеріне пайдаланған болатын. Ал кейінірек ағылшын королі
Эдуард көмірді тек ұсталар ғана пайдалансын деген бұйрық берген көрінеді.
Негізгі бөлім

Көмір кен орындарын іздестіру жұмыстары Ресейде XVII расырда жүргізіле
бастады. 172І жылы кен іздеуші Г.Капустин Дон өзенінің бойынан бірнеше
көмір кендерінің көздерін ашты. Дон, Қузнецк тағы басқа жерлерден мол көмір
қорлары ашылды. Осы кезде Петр I жанатын отын қорын одан әрі іздестіру
жайында жазған алғашқы бұйрығы шығып, кен іздестіру жұмыстары ұйымдасқан
түрде жүргізіле бастады.
Көмір - ең арзан энергия көзі. Адамзат көмірді ұзақ жылдар бойы тек
отын есебінде ғана пайдаланды, ал қазіргі кезеңде көмір энергетикада және
технологиялық әрі химиялық шикізат ретінде кең қолданылады.
Физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістердің нәтижесінде жер
қойнауында көмірдің бірнеше түрі (лигниттер, қоңыр және тас көмірлер) пайда
болған. Олардың энергетикалық сапасы әр түрлі болады. Төменгі сапалы қоңыр
көмір негізінен отын, энергия көзі ретінде пайдаланылра, жоғарғы сапалы тас
көмір металлургия және химия өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. Қазір
дүние жүзінде шойын мен болат қорыту мөлшері едәуір өсті, ал олар үшін
сапалы көмір аса қажет. Қазір бұл сала үшін барлық көмір өнімінің 25%-і
жұмсалып отыр. Металлургия өндірісінде көмірден жартылай кокс алу
технологиясы игерілген. Көмірді ауасыз ортада 600°С-қа дейін қыздыру
арқылы кокс, кара май басқа шикізаттар өндіріледі.
Қазіргі уақытта химия өндірісінде көмірді өңдеу арқылы 350-ден астам
зат алынады. Олардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әр түрлі
бояулар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер т.б. бар. Аспирин, сульфидин,
Стрептоцид сияқты дәрілермен емделетін адамдар, олардың тас көмірден
алынатынын білмейтін де болар.
Міне, осы аздаған мысалдардың өзінен де тас көмірдің тек энергетикада
ғана емес, сонымен бірге халық шаруашылығының басқа да салаларында
кеңінен пайдаланылатын құнды шикізат екенін көруге болады.
Планетамызда көмір мөлшері 50 млрд.т шамасында болатын жеті аса ірі
көмір кен орындары ашылған, ал олардың бесеуі ТМД-да орналасқан.
ТМД-да көмір өндіру жылдан жылға өсуде. Қазіргі уақытта ең қуатты,
әрі ең ерте игерілген кен орны - Донбасс. Онда жылына 200 млн.т көмір
өндіріледі. Екінші орында тұрған Кузбасс - 150 млн.т, Қарағанды мен
Бкібастұзда - 130 млн.т, ал енді ғана дамып келе жатқан Канск-Ачинскіде –
140 - млн. т-дан аса көмір өндіріледі.
Көмір кендері Тәуелсіз Мемлекеттер жерінде біркелкі орналаспаған.
Қазіргі уақытта барлық өндірілген көмірдің 50%-і оның Еуропалық бөлігінің
үлесіне тиюде. Барлық көмір кенінің 90%-і орналасқан. Орал тауының
шығысындағы көмір кендерін игерудің келешегі аса мол.

2.1 ҚАЗАҚСТАН КӨМІР кЕНДЕРІ

Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде
төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры
162 млрд, т-дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір олардың көпшілігі
Қарағанды, Қостанай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
Африка
Адамзаттың экологиялық проблемалары
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастары, мәдени ынтымақтастығы, мемлекеттін сыртқы функциясы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Аргентинаға экономикалық – географиялық сипаттама
Бразилия мемлекеті туралы
Үшінші әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайлары
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Кайнозой эрасы
Пәндер