Элементтің табиғатта кездесуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Элементтің табиғатта кездесуі
  2. Элементтің алыну жолдары
  3. Элементке жалпы сипаттама
  4. Элементтің қолданылуы
  5. Физикалық қасиеті
  6. Химиялық қасиеті
  7. Қорытынды

Алтын

Алтын (Aurum), Au - Д. И. Менделеевтің периодты системасының 1 - тобындағы химиялық элемент. Асыл металдардың бірі; рет номері 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы t - 1063 o C, қайнау температурасы t - 2790 o C. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді химиялық инертті элемент.

Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Негізінен самород түрде және тау жыныстарында (5∙10 -7 %) теңіз және мұхит суында (0, 01 - 0, 05мг/т) кездеседі. Алтынның ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңқы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калавернит) AuTe 2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Жер қыртысының 5∙10 -7 массалық үлесі алтынның үлесіне тиеді.

Біздің елде алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.

Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандықтан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де құмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Циан қышқылы тұздардың ерітіндіндісінде оттегі қышқылы тотықтырып ерітіндіге мырыш ұнтақтарын қосу арқылы алтынды бөліп алады. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзының 0, 02 - 0, 2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:

4Au + 8 NaCN + 2H 2 O + O 2 = 4Na [Au(CN) 2 ] + 4NaOH

Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:

2Na [Au(CN) 2 ] + Zn = Na 2 [Zn(CN) 4 ] + 2Au

Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышқылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag 2 SO 4 -ке айналады. Кейде күмістен тазалау электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н [AuCI 4 ] ерітіндісін қолданады сонда күміс анод шмалы түрінде қалады.

Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсақ металл. Қалыңдығы, 0, 0001 мм фольга жасауға болады. 1грамм

алтыннан ұзындығы 3, 5 километр сым жасауға болады.

Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде қолданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58, 3% алтын болады (алтын заттаздың пробасы 583) .

I I

Au Au Au Au Au

I I I

Алтын активтігі тіпті нашар металл, оның стандарттық потенциялы 1, 68В болғандықтан бейметалдармен, сұйытылған және тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеспейді. Активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, селен қышқылында, хлор суына және «Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының қоспасы

3HCI + HNO 3 = 2CI + NOCI + 2H 2 O

Au + 2CI + NOCI = AuCI 3 + NO

AuCI 3 + HCI = H [AuCI 4 ]

Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:

2Au + 6H 2 SeO 4 = Au 2 (SeO 4 ) 3 + 3SeO 2 + 6H 2 O

Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650 о С фосфор буымен реакцияласады.

Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғаушысы ретінде банкта жатады) ; тіс салады, басқа металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды. Товар өндіруде, сауда саттықта басқа заттардың бәрінің нақты алтынмен бағаланады.

Алтынның қосылыстары. Алтын қосылыстарда бір және үш валенттік көрсетеді, біраұ үш валентті қосылыстарды берігірек. Бір валентті алтынның тұздары бір валентті мыстың қосылыстары сияқты диспропорцияланып үш валентті қосылыс және дербес алтын береді:

3AuCI = AuCI 3 + 2Au

3AuCI + KCI = K [AuCI 4 ] + 2Au

Бір валентті алтынның комплексті қосылыстары ауриттер тұрақтырақ, мысалы K [Au (CN) 2 ] . Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды

2Au 2 O = 4Au + O 2

Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек.

Алтын Au 2 O мен Au 2 O 3 оксидтерін және оларға сәйкес келетін AuOH, Au(OH) 3 гидроксидтерін түзеді. Алтын (ІІ) оксиді мен гидроксиді амфотерлі болғандықтан, қышқылда да суда да ериді. Алтынның маңызды тұзы алтын (ІІІ) хлориді AuCI 3 .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Титан элементі
Металдардың жалпы физикалық қасиеттері
II топтың металдарына жалпы сипаттама
Отын таблеткалары
Галогендердің сутекті қосылыстары
Өсімдікте макроэлементтердің физиологиялық рөлі
Мыс элементі
Макроэлементтердің физиологиялық ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz