Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ". з

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5

1. 1. Биогеография ғылымының қысқаша даму тарихы

1. 2. "Топырақ биогеография" ғылыми саласының даму тарихы

І. З. Қазақстандағы топырақ биогеографиясының дамуы мен

қалыптасу мүмкіндіктері

1. 4. ТМД елдеріндегі биіктік белдеулердің топырақ микроағзалары
мен мезофауналарының зерттелу жағдайлары

2. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

2. 1. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ

2. 1. 1. Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы

мен геоморфологиялық сипаттамасы

  1. Іле Алатауының терістік беткейінің климаттық жағдайлары
  2. Іле Алатауының терістік беткейінің гидрологиялық жағдайлары

2. 1. 4. Іле Алатауының терістік беткейінің топырақтарының жайғасу
заңдылықтары

2. 1. 5. Іле Алатауының терістік беткейінің өсімдіктері мен жануарлары

2. 2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

3. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ БИІКТІК БЕЛДЕУЛЕРШДЕГІ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ БИОГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3. 1. Іле Алатауындағы биіктік белдеулердің топырақ микроағзаларының биогеографиялық таралу ерекшеліктері

3. 1. 1. Сапрофитті және спора түзуші бактериялардың топырақ
зоналарындағы сандық және сапалық таралулары

3. 1. 2. Актиномицеттер мен микроскоптық саңырауқүлақтардың топырақ
зоналарындағы сандық және сапалық таралулары

3. 2. 1. Биіктік белдеулердегі топырақтардың мезофауналарының
таралулары

3. 2. 2. Топырақтардың мезофауналық индикациясы мен диагностикасы

Түжырымдық-қорытындылар

Пайдаланылған әдебиеттер

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1. ВИОГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ

ТАРИХЫ

Алғашқы қауымдық қүрылыс кезінде де адамдарға қандай өсімдіктер жеуге жарамды және оларды қай жерден табуға болады немесе қандай жануарларды аулаға болады және жыртқыш аңдардан қалай қорғануға болады деген мәселелерді шешуге тура келді. Ертедегі адамдар табиғаттың байлығын пайдаланып, оның ресурстарын тауыспай, үрпақтан үрпаққа сақтап, табиғатпен үйлесімділікпен тіршілік ете білді. Мысалы, жерді өңдеу бүдан 9-10 мың жыл бүрын пайда болған деп есептеледі. Алайда, археологтардың соңғы ашқан ашылулары бүл уақытты 15-18 мың жылдыққа дейін шегеріп тастады. Осы кезден бастап адамдардың табиғатпен және өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы кейбір түсініктер пайда болды.

Пайдалы өсімдіктер мен жануарлардың географиясы мен экологиясы туралы мәліметтер ертедегі поэзиялық фольклор энциклопедиясына негізделген: Үндінің Рамаянасында, Библияда, ертедегі Египет, Шумер, Қытай жазбаларынан кездестіруге болады. Ертедегі ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген мәліметтер біртіндеп пайда бола бастады. Осы кезден бастап биогеография ғылымы пайда болғанға дейінгі алғашқы білімнің жиналу кезеңіне 2 мың жылдан астам уақыт кетті /1/.

Биогеография ғылымы пайда болғанға дейінгі даму кезеңі - ерте және орта ғасыр. Ертедегі ғалымдар мен ойшылдардың географиялық ой-өрісі шектеулі болды, оларға белгілі биогеографиялық деректер көп болған жоқ. Медицина ғалымының атасы Гиппократтың еңбектерінде өсімдіктердің 236 түрі ғана атап көрсетілген. Ал атақты ежелгі грек ғалымдары мен ойшылдарына белгілі жануарлардың түрлері өсімдіктердің түрлерінен аз болды. Ғалымдардың ішінде бірінші болып Аристотель барлық жиналған мәліметтерді жаратылыстану тарихы бойынша негіздеуге үмтылды. Оның еңбектерінде жануарлардың 500 дейін түрі сипатталған. Ғылымның дамуына Аристотельдің еңбектерінің әсері 2 мың жыл бойы бағаланып: ерте кезден бастап, орта ғасырларға дейін жетіп, күмән туғызуға жатпайды деп есептелген.

«Ботаника ғылымының атасы» деп «Өсімдіктер туралы зерттеулер» атты 9 кітапты және «Өсімдіктердің салдарлары туралы» 6 кітапты жазған Теофраст (Феофраст б. з. д. 372-287 жж. ) саналады. Ол зерттеген өсімдіктердің көпшілігі Грецияда өскен, бірақ түрлердің жартысы Александр Македонскийдің жорықтары кезінде табылған материалдар бойынша суреттелген. Әртүрлі жерде өсетін өсімдіктерді бақылаған Теофраст өсімдіктердің өзіндік ерекшелігі жерлердің әртүрлігінен пайда болады деп қорытынды жасаған. Ыстық елдердегі жапырақты өсімдіктердің жыл сайын жапырағын түсірмейтінін Теофраст климаттың әсерімен түсіндіреді 121.

Жаңа эраның шебінде грек мәдениетінің мүрагері болған ежелгі Римнің қолбасшысы мен ғалымы Кай Плинияның (б. з. 23-79 жж. ) 37 кітаптан түратын

«Жаратылыстану тарихы» деген ғылыми еңбегі біздің заманымызға дейін жетті. Ол 12 және 13 кітаптарда бөгде елдерде өсетін ағаштар мен олардың географиялық таралуын суреттеп жазған.

Орта ғасырлық Европаға ерте кездегі географиялық және биогеографиялық мәліметтер негізінен араб жазбалары арқылы енді. Бүл жағынан маңызды орынды Авиценна (Ибн Сина, 980-1037 жж. ) алады. Медицинамен айналысқан Авиценна өзінің «Канон» атты үлкен еңбегіне барлық ғылыми мәліметтер мен білімін енгізген. Басқа ірі араб ғалымы Аверроэс (Ибн Рушд, 1126-1198) Аристотелді аударып, оны арабтар мен христиандардың мүрасына айналдырды. XIII ғ. Марко Поло Европаға Азияның бүрын белгісіз болған алыс елдерінің фаунасы мен флорасы туралы қызықты мәліметтер әкелді. Алайда, бүл кезеңде биогеография жеке ғылым ретінде әлі пайда болмаған.

Үндістанға баратын теңіз жолын іздеу, жаңа материктер мен аралдардың ашылуы, бүрын белгілі территориялармен және жаңа ашылған жерлердің арасындағы ерекше географиялық айырмашылықтардың болатынын көрсетті. Ерекше тропиктік өсімдіктердің және жануарлардың түрлері Европаға әкеліне бастады. Осы кезде өз елінің табиғатын зерттеуге қызығушылық арта түскендіктен ботаникалық бақтар ашыла бастады. Олардың ішіндегі алғашқысы 1333 ж. Венецияда қүрылды, 1525 ж. Падуеде, 1544 ж. Пизеде бірінші университет бағы, 1577 ж. Лейденде, 1593 ж. Гейдельбергте пайда болды. Бүл кезеңдегі аса танымал шығармаларға Иеронима Боктың «Өсімдіктер туралы жаңа кітабы», Клузияның «Экзотикалық елдерді қоныстану туралы он кітабы», Конрад Ееснердің «Жануарлар тарихы» және т. б. жатады. Бірінші болып таудағы өсімдік жамылғысының биіктік белдеулік элементтері берілген, Турнефордың «Ботаникалық элементтер және өсімдік жамылғысын тану әдістері» атты еңбегін жеке атап өтуге болады.

Жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді картаға түсіру үшін ең алдымен территорияның немесе акваторияның сипаттамасы жазылды. XIII ғ бірінші жартысында жол көрсетуші-пландарда әртүрлі балықтардың, жыландардың, аңдардың, қүстардың, ағаш өсімдіктерінің суреттері бейнеленді. 1594 ж. П. Планцио жасаған дүние жүзінің картасын фауналық аудандастыру картасының бейнесі деп есептеуге болады. Бүл картада қүрлықты мекендейтін жануарлардың суреттері картаның шетінде орналасқан және олар мекендейтін территориялар көрсетілген.

Үлы географиялық ашылулар дәуірі. Үлы географиялық ашылулар дәуірі көптеген саяхаттарымен ерекшеленеді. Ол кездерде ашылған жаңа жерлер, сол жерлерді қоныстанған халықтар туралы жаңа мәліметтер, әсіресе биогеография үшін маңызды болып келетін жаңадан ашылған әрбір материктің немесе аралдардың өзіне тән флорасы мен фаунасы туралы деректер молынан жиналды. Американың, Австралияның ашылуы, Африканың, Азияның, Сібірдің адам аяғы баспаған орасан үлкен алқаптарына саяхаттар жасалды. Орыс саяхатшылары бүрын Европалықтар үшін беймәлім болған Сібірдің өсімдіктері мен жануарлары туралы көптеген жаңалықтар ашты.

XVII ғ. өзінде біріншіден олардың географиялық орнына байланысты болатын жекелеген елдер мен континенттердің биоталарының негізгі айырмашылықтары туралы түсініктер пайда болды. Белгілі ағылшын ботанигі Джон Рейдің (1628-1705) «Өсімдіктер тарихы» атты еңбегін атап өтуге болады. Ол өз еңбегінде сол кездегі белгілі барлық өсімдіктерді суреттеп берген. XVIII ғасырдағы ботаниктер мен зоологтардың еңбектерін, әйгілі «Табиғат жүйесін» қүрған атақты швед ғалымы Карл Линней аяқтады.

Биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы. XVIII ғ. дейін табиғаттануда жинақталған флора мен фауна және тірі ағзалардың таралуы туралы орасан үлкен материалдар, қоршаған орта туралы түсініктердегі жетістіктер, физикалық географияның, геологияның, климатологияның т. б. ғылым салаларының дербес ғылым ретінде қалыптасуы биогеографияның ғылым ретінде дамуын анықтады. XVIII ғ. соңғы ширегінде биогеографиялық деп атауға болатын Циммерманның, Бюффонның және Палластың еңбектері басылып шықты. Неміс ғалымы Е. Циммерман (1743-1815) 1777-1783жж. жарияланған өзінің еңбектерінде алғаш рет «Географиялық зоология»түсінігін енгізіп, оны жануарлар түрлерінің және басқа да таксондардың таралу себебін анықтайтын ғылым ретінде белгілеген. XVIII ғ. аяғында көп томдық «Жаратылыстану тарихы», «Жер тарихы» және басқа да бірқатар еңбектердің авторы француз ғалымы Жорж Бюффонның (1783-1794) еңбектері бірінен кейін бірі жарық көре бастады. Оның зоогеография мәселелері туралы пікірлері Циммерманның пікірлеріне өте үқсас болғандықтан, көптеген ғалымдар Е. Циммерманмен қатар Ж. Бюффонды биогеография ғылымының негізін салушылардың бірі деп санайды. Бюффонмен және Циммерман бір уақытта Петербург академиясының атақты академигі П. С. Паллас (1741-1811) жүмыс істеді. 1768-1774 жж. П. С. Паллас бірқатар ғалымдармен бірге Европалық Ресейдің шығыс бөлігі мен Сібір арқылы үлкен саяхат жасады. П. С. Паллас өз еңбектерінде Сібірдің әртүрлі аудандарында ерекше экологиялық жағдайда өсетін өсімдіктерді жеке сегіз топқа бөліп жөне өсімдіктердің шүғыл алмаспайтынын, олардың бір ауданнан басқа ауданға біртіндеп ауысып, аралас бірлестіктер түзеді. Зоология бойынша П. С. Палластың еңбектері өте маңызды болып табылады. Биогеографияның ғылым ретінде қүрылуында ботаник, саяхатшы және ойшыл Александр Гумбольдттың еңбегі айтарлықтай. Ол алғаш рет география, климатология және ботаника ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, геоботаникалық бағыттағы флоралық материалды өңдеген және өсімдіктер географиясын қүрды /3/.

Дарвинизм және биогеография. 1859 жылы жаратылыстану ғылымдарының бүкіл кешенінің даму межесі болып табылады. Осы жылдың қарашасында ағылшын натуралисті Чарлз Дарвиннің «Табиғи сүрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы түрлердің сақталуы» атты әйгілі еңбегі жарыққа шықты. Дарвиннің түрлердің табиғи сүрыпталу жолымен пайда болуы туралы теориясы сол уақыттағы биологияның барлық жетістіктеріне негізделді, ол флора мен фаунаны дифференциациялау факторлары туралы барлық пікірлерді қайта қарап шығуға алып келді, бүл биогеографияда жаңа кезеңнің басталуына негіз болды. XIX ғ. екінші жартысы

ботаникалық география мен зоогеографияның жылдам дамуымен сипатталды. Жер шары аумағы ботаникалық-географиялык. түрғыдан зерттелді. Экологиялық ботаникалық география саласында А. Гризербахтың «Жер шарының өсімдіктері», Е. Вармигтің «Өсімдіктердің экологиялық географиясы» және А. Шимпердің «Физиологиялық негіздегі өсімдіктердің географиясы» атты еңбектерін атауға болады. Ботаникалық географияда тарихи қағиданы А. Энглер кеңінен зерттеді. Сонымен бірге О. Друдтың, орыс ғалымдары И. Г. Борщовтың, А. Н. Бекетовтың, Г. И. Танфильевтың, А. Н. Красновтың т. б. еңбектерінің маңызы өте зор болды. Бүл кезеңде ағзалардың бірлестігі -биоценоз туралы түсінік қалыптасты. Биоценоз терминін бірлестіктің атауы ретінде қолдануды К. Мебиус үсынған болатын. Өсімдіктер бірлестігі туралы ілімнің негізін салушылар И. К. Пачоский және П. Н. Крылов болды.

XX ғасырдағы биогеография. Табиғат зоналары туралы ілімге арналған В. В. Докучаевтың және географиялық ландшафттар туралы ілімнің негізін қалаған Л. С. Бергтың еңбектеріндегі теориялық географияның дамуы, биологиямен байланысын жоғалтпастан, ботаникалық география мен зоогеография ғылымдарының біртіндеп географиялық пәндер курсына енуіне алып келді. XX ғ. экологиялық және тарихи ботаникалық география мен зоогеографияның, флористика мен фаунистиканың әрі қарай дамуы жалғасады. Орасан зор материалдар жинақталып, өсімдіктер жамылғысы туралы ілім калаптасты. Сукцессия теориясын терең зерттеу американ ғалымы Ф. Клементстің есімімен байланысты болды, сукцессияны зерттеуге Г. Н. Высоцкий, Г. Ф. Морозов және В. Н. Сукачев үлкен үлес қосты. Тіршілік жамылғысының кеңістік-уақыттық өзгеруі туралы түсінік қалыптасты. XX ғ. 50 жылдарынан бастап өсімдік жамылғысын картаға түсіру түрінде қалыптасқан биогеографиялық картаграфиялау жеке ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастады. Биогеографияның бүл бағытының дамуында Е. М. Лавренконың, В. Б. Сочаваның, сондай-ақ Г. Госсеннің, П. Озендтің, А. Кюхлердің еңбектері зор.

XX ғ. соңғы он жылдығында биогеографиялық зерттеулерде ғарыштық түсірулер кеңінен қолданылуда, мәліметтерді өңдеудің жаңа технологиялары, оның ішінде геоақпараттық жүйелер дами бастады. Бүл жердің тіршілік жамылғысын талдауда биогеография үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Биогеографтар XX ғ. ғана әлемдік мүхиттың фаунасы, жануарлар мен топырақ жамылғысының микрофлорасы туралы материалдарды қолданып, саны 1 млн. асатын ағзалардың ішінде түр жағынан ең көп тараған жәндіктердің географиялық таралуы жайлы мәліметтерді кеңінен қолдана алды /2, 4/.

1. 2. «ТОПЫРАҚ БИОГЕОГРАФИЯ» ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Қазіргі топырақтану сияқты күшті ғылым саласы бүдан 100 жыл бүрын жаратылыстану ғылымдарының жеке саласы ретінде, топырақ түзілудегі биотаның рөліне бірінші болып назар аударған В. В. Докучаевтың (1846-

1903жж) еңбектерінде, өзінің пәні мен зерттеу адістерін анықтап қалыптасқанын үмытпауымыз керек /5, 6/.

Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясында В. Р. Вильямс биологиялық топырақтану мектебін қүрды, ол топырақтардың қүнарлылығын, топырақтардың тек органикалық ғана емес, сонымен бірге минералды бөлігін қалыптастыруды, заттардың биологиялық айналымындағы топырақтардың маңызды қасиеттерін қалыптастыратын саңырауқүлақтардың, микроағзалардың және жоғары өсімдіктер бірлестіктерінің рөлін ашып көрсетті.

XIX ғ. ең аяғында ағзаларды өсіру әдістерін және олардың азот, күкірт және т. б. басқа элементтердің биогенді айналымындағы рөлін, топырақ экожүйесіндегі энергияның түзілуін ашқан С. Н. Виноградский мен М. Бейеринктің еңбектерінің арқасында топырақ микробиологиясы қалыптасты.

Топырақтың беткі қабатындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы көп жағдайда 100 пайызға жуық болады, сондықтан судағы жануарлардың көптеген өкілдері тіршілігін қүрлыққа ауыстырғанда, сусыз тіршілікке тез бейімделу үшін ең ыңғайлы орта топырақ болып табылады.

Осындай барлық ерекшеліктер топырақты су мен қүрлық арасындағы өтпелі орта жасайды. Физиологиялық ерекшеліктері бойынша, су режимінің қатынасына байланысты бірінші кезекте, топырақтағы омыртқасыздар судағы ағзалар мен қүрлықтың ашық бетін мекендейтіндер арасындағы аралық жағдайда болады.

Омыртқасыздардың жекелеген көлемдегі топтарына топырақта тіршілік етудің белгілі бір жағдайлары сәйкес келеді. Кейбіреулері үшін белсенді тіршілік ету ортасы - бүл капиллярлы және бос байланысқан жүқа қабаттағы ылғал; екіншілері үшін - қатты бөлшектер мен қүрылымды түзілістер арасындағы сумен толмаған қуыстар; ал үшіншілері үшін - борпылдақ және қатты субстратты бүкіл топырақ қабаты.

Әрине, әрбір көлемдегі ағзалардың топтарының биогеографиясы айтарлықтай ерешеленеді, ал сумен және желмен жеңіл орын ауыстыратын өте үсақ ағзалар (микроағзалар, балдырлар, қарапайымдылар, тихоходкалар) космополиттерге жиі жатқызылады.

Қазіргі кезде тек топырақты мекендейтін ағзалар үшін мкробиологияда, микологияда, зоологияда түр үстілік деңгейдегі таксондардың барлық ашылулары болды. Тіпті тірі табиғаттың жаңа патшалығы, топырақтың анаэробты зонасын және суқоймаларының шөгінділерін мекендейтін -архебактериялардың сенсациялық ашылуын, сондай-ақ Ресей территориясындағы мүнда белгісіз болған микрофаунаның мыңдаған түрлерінің табылуын еске түсірейік. Соңғы он жылда топырақтағы ағзалар архейден голоценге дейінгі шөгінділерінен қазба жағдайында табылды. Басқаша айтқанда, біздің көз алдымызда биогеографияның жаңа саласы -топырақ биогеографиясы қалыптасуда, ол биогеографияның ғылыми пән ретінде дамуына көмектеседі және биогеографтардың зейінін жүмсап зерттейтін жаңа саласы болады.

Топырақ экожүйесі - қүрлықтағы ежелгі жүйе. Оған бірінші болып 1947 жылы академик Л. С. Берг көңіл аударған, соңғы он жылдықта микробиологтар мен палеонтологтардың еңбектерінде анықталған және академик Г. А. Заварзин мен оның шәкірттерінің және қолдаушылардың еңбектерінде жан-жақты жазылған III.

Топырақтың сулы фазасындағы балдырлы-саңырауқүлақты «маты» және микроағзалардың бірлестіктері, силур кезеңінде қүрлыққа бірінші шыққан тамырлы өсімдіктерден, жүздеген миллион жыл бүрын қалыптасты.

Топырақ - температурасы, ылғалдылығы, жарықтылығы, минералды, органикалық және механикалық қүрамы, топырақ кесіндісінің қүрылымы топырақ биотасына күшті әсер ететін өзіндік ерекшелігі бар тіршілік ортасы. Микробиологтардың пікірлері бойынша топырақ түзілудің қарапайым үрдістері: қарашіріктің түзілуі жне қарашіріктің ыдырауы, силикаттардың түзілуі және ыдырауы, бүтіндей немесе толығымен микробтармен реттеледі. Топырақтың бірқатар қасиеттері, соның ішінде топырақ кесіндісінің қалыптасуы, топырақтағы ауаның газдық қүрамы, төсеніш беттің жиналуы өсімдіктердің тіршілік әрекетіне тәуелді болады, ал өсімдік қалдықтарының ыдырауының 50 пайызы саңырауқүлақтармен жүзеге асады. Зоологтардың пікірі бойынша, жануарлар топырақтың қопсытылуын, топырақтың төменгі қабаттарынан беткі қабаттарына заттардың тасымалдануын, органикалық заттардың ыдырауын қамтамасыз етеді және олардың асқорыту белсенділігі микрофлораның дамуын тездетеді.

Топырақ биотасы осы аталған факторлардың әсерімен түзіліп, дамып қалыптасады. Алайда, ең маңызды факторлардың біріне топыраққа тән климаттық жағдай жатады. «Топырақ климаты» деп жылудың, ылғалдың және жер бетінің әртүрлі бөлігіндегі маусымдық қүбылым қатынастарын айтамыз. Топырақ климатымен топырақ биотасының зоналық және аймақтық ерекшеліктері болады. Ал, мүндай климатқа тәуелді ерекшеліктер мәңгі тоң қабаттарының болуы немесе болмауы, топырақ қимасының температурасы және ылғалдану сипаты, топырақтың әртүрлі тектік типтеріндегі және әртүрлі биомдардың қүрамындағы топырақ биотасының қасиетін анықтайды. Топырақта экожүйелердің көптеген типтері болады, олардың іс-әрекетін және жіктелуін зерттеу енді басталуда, сондықтан оларды реттеу - биосфераның өнімділігінің кепілі болатынын атап көрсету керек. Тропиктік топырақтарда кейде өсімдік қалдықтарын ыдырататын басты фактор термиттер болып табылады, олар саңырақүлақтар мен қарапайымдылар қатысатын, қоңыржай белдеулерде болмайтын, күрделі трофикалық тізбек, яғни қоректік тізбекті қүрайды /8/.

Қүрлыққа алғаш қоныстанған споралы өсімдіктердің қүйрық аяқтылармен тығыз байланысына Э. Г. Беккер көңіл аударып, ол девон кезеңінен белгілі, субстраттың шіріген өсімдіктеріндегі (іс жүзінде саңырауқүлақтармен) бүл ағзалардың трофикалық байланысын тауып және ландшафттағы өсімдік жамылғысының негізін қүрайтын, гүлді өсімдіктердің қүрамынан олардың тәуелсіздігін анықтаған 191. Ол сонымен бірге коллемболдың мүктермен байланысын, тозаңды өсімдіктер тобының өте жоғары үйымдасқан өкілдерінің

қоректенуін, сондай-ақ олардың әртүрлі климаттық жағдайларда кең таралуын атап көрсеткен. Топырақтағы көптеген кенелерге келетін болсақ, онда кенелердің кембрийге дейінгі қүрлыққа алғаш қоныстанған - балдырлармен, саңырауқүлақтармен байланысы және олардың девон кезеңіндегі қүрлық экожүйелерінде кең таралғаны жан-жақты зерттелген. Бірақ Р. Шустер олардың жануарлар әлеміндегі топырақ гидрофилді микрофаунасының ертедегі өкілдері: нематодалармен, тихоходкалармен, қарапайымдылармен, кейінгі кезде белгі болғандай коловраткалармен және әртүрлі үсақ жануарлардың жүмыртқаларымен қоректенетін жыртқыштығы анықтады.

Топырақ экожүйесінің ерекшелігі - топырақтағы жануарлардың органикалық субстратты, әсіресе лигиндерді және целлюлозаны пайдалану мүмкіндігін анықтайтын, трофикалық тізбектегі микробиалды звеноның болуы /10/. Бүл жануарлардың осы заттарды қорытатын сәйкес ферменттері болмайды, бірақ оларды прокариоттар мен саңырауқүлақтар жеңіл ыдыратады. Топырақ экожүйесінің трофикалық қатынас қүрылымындағы бүл үрдістер А. Покаржевскийдің қосымша авторлармен жасаған сызбасында көрсетілген. Топырақ экожүйесінің аса белсенді бөлігі 1 г. топырақта саны п-10 5 -10 9 жететін бактериялар жасушалары, п-10 3 -10 6 саңырауқүлақтар, п-10 3 -10 4 балдырлар қүрайтын, микроағзалар пулі болып табылады. Олар тек микробтардан қүралатын көптеген өзіндік қоректік тізбектер мен торлар түзеді. Бірақ жануарлардың органикалық заттарды өңдеуіне микроағзалар да қатысатынын өткен ғасырдың басында К. Бассалик дәлелдеген болатын. Ол жауын қүрттарының ішегінде микробтардың 90 түрі тіршілік етіп, олардың целлюлоза, лигнин, гемицеллюлоза сияқты қосылыстарды шіріндіге айналдырып, өсімдік қалдықтарын қарашірікке айналдыру үрдісіне қатысатынын көрсетті. 1967 жылы Л. С. Козловская шәкірттерімен бірге қүрттардың ішегіндегі азот жасаушы бактериялардың жоғары белсенділігін анықтап, өсімдік қалдықтарының ыдырауындағы топырақ жануарлары мен имикробтардың өзара қарым-қатынасын тапты /11/. Органикалық заттарды өңдеудегі микробтардың іс-әрекетін есепке алмаудан, гнотобиотикалық (микробсыз) жүйемен жүмыс істеу әдістерін ескермеуден келіп, Р. И. Золотин бойынша күн сәулесінің әсерімен топырақтағы лигниндер мен целлюлозаның ыдырауы немесе жануарлардың өзінің ферменттерінің көмегімен ыдыратуы, тіпті жауын қүрттарының азотты минералды формада пайдалану қабілеті туралы өте қияли түсініктер пайда болды /12/. Мүндай пікірлердің бүрыстығы далалық тәжірибелерде және азоттың «таңбаланған» атомдарын пайдаланып орындалған лабораториялық сынақтарда анықталды.

Осындай қателіктер топырақтың трофологиясын, детритті қоректік тізбектердің жүмыс істеу механизмін, ағзалардың бірлестігінің қүрылымы бойынша топырақ экожүйесінің иерархиялық жіктелуін қүруды, өнімділікті, биогенді элементтердің айналымын зерттеу маңыздылығын түсірмейді, сондықтан көптеғен елдердегі топырақ биологиясын зерттейтіндердің қызығушылығын тудырып отыр. «Қара жәшік» сияқты детритті қоректік тізбек туралы және органикалық қосылыстарды тек «шығатын» мен «кіретін» талдаумен бірге қызметі туралы еш нәрсе білмейтін көне түсініктер қойылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Іле алатауының физикалық-географиялық сипаттамасы
Рельеф құрушы эндогендік факторлар
Кіші Алматы өзені – СЭС-тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz