Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы


Мазмұны
Кiрiспе 3
I-тарау. Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы 6
1. 1. Қазақ баспасөзiнiң дерек намасы 6
1. 2. Қазақ баспасөзiнiң тарихнамасы 11
II-Тарау. Қазақ баспасөзiнiң пайда болуы мен даму тарихы 21
2. 1. Революция дейiнгi алғашқы қазақ басылымдары 21
2. 2. Түркiстан Республикасындағы қазақ мерзiмдi басылымдары 23
III-тарау. Түркiстан АҚСР-нiң мерзiмдi басылымдарындағы негiзгi проблемалар 38
3. 1. Мерзiмдi басылымдардағы „леуметтiк-саяси м„селелер 38
3. 2. Мерзiмдi басылымдардағы рухани өзгерiстер 43
Қорытынды 49
Пайдаланылған „дебиеттер ж„не сiлтемелер тiзiмi 51
Кiрiспе
Тақырыптың өзектiлiгi. Елiмiздiң т„уелсiздiкке қол жеткiзуi арғы-бергi тарихымыздың көптеген м„селелерiн, оның iшiнде кеңестiк кезең тарихының маңызды тақырыптарын, өмiр шындығына сай қайтадан қарастыруға мүмкiндiктер туғызды. Бұлардың қатарына кешегi Орта Азия ұлт республикаларына бөлуге дейiнгi Түркiстан Республикасының орталығы Ташкент қаласында шыққан қазақ баспасөзiнiң тарихын жатқызуға болады.
ХIХ ғасырдың аяғынан бастау алатын қазақ баспасөзi қоғам өмiрiнiң тұрмысын, саяси-м„дени шаруашылық жағдайын, өткендегi тарихын, „дебиетiн, салт-д„стүрiн боямасыз баз қалпында бейнелей бiлдi. Осылай баспасөз өткен өмiр құбылыстарының сан-алуан, iрiлi-ұсақты экономикалық өзгерiстерiне, саяси оқиғаларына дер кезiнде үн қатып, қамқор көңiлмен өз пiкiрiн, ой - тұжырымын жеткiзу мақсатында негiзгi ақпарат құралына айналды. Басқаша нақтырақ айтқанда, баспасөз қоғам өмiрiнiң өткенi жазылған өзiндiк күнделiк мiндетiн атқарды. Осы орайда баспасөз материалдарынан ұлт өмiрiне қатысты жан-жақты м„лiмет алуға болады.
Ендiгi жерде қоғам өмiрiнiң айнасы болған баспасөздiң тарихын зерттеу, оның деректiк маңызы мен ерекшiлiктерiн көрсету, жалпы тарих дерегi ретiндегi ғылыми құндылығын анықтау бүгiнгi егемен ел тұсында күн санап арта түсуде. Бұл кеңестiк д„уiр тарихынамасында баспасөз тарихының мүлде зерттелмейдiдегенi емес. Қайта баспасөздiң тарихы кеңес өкiметiнiң кемелденген шағында Хайыржан Бекхожин, ¦шкiлт„й Субханбердина, Бейсенбай Кенжебаев, кейiнiрек Темiрбек Қожакеев сынды ғалым-зерттеушiлердiң еңбектерiнде мейлiнше зерттелiндi. Алайда оларда қызыл империясының „кiмшiл-„мiршiл идеологиясының сарыны жатты, асыра сiлтеушiлiктер де болды. Тiптi кейбiр еңбектерде баспасөз органдарының идеялық мазмұнын, белгiлi д„уiрде атқарған ролiн жоқ еткiсi ғып көрсетiп, топтық тұрғыдан терiс саяси баға берiлдi.
Ал тақырыпқа негiз болып отырған Түркiстан Республикасының кезеңiндегi қазақ баспасөзiнiң тарихы мен ролi жоғарыда аты аталған ғалым-зерттеушiлердiң еңбектерiнде там-тұмдап ғана көрiнiс табады. Кейiннен егемендiгiмiздi алып, тарихымызды қайта қаралай келгенде, бұрынғы аға буын ғалым-зерттеушiлердiң жалғасындай болған белгiлi баспасөз тарихын зертеушi Темiрбек Қожакеевтiң әжыл құстарыә атты еңбегiнде Түркiстан кезеңiнiң қазақ баспасөзi жөнiнде бұрынғыдан бiрсыпыра кеңiрек мағлумат бередi. ‡кiнiшке орай оның өзi сол кезеңнiң баспасөз тарихын толық зерттелiп бiттi деп айтуға „лi ерте, яғни мардымсыздау.
Осы орайда ХХ ғасырдың бiрiншi ширегiнде Ташкентте қазақ тiлiнде шыққан мерзiмдi басылым материалдарының сарғайған беттерi күнi бүгiн сол кезеңнiң тыныс-тiршiлiгiн бiлiп-анықтауда маңызды бiрден бiр мағлумат болатыны даусыз. Сондықтан да Түркiстан Республиксындағы қазақ баспасөзiнiң тарихы толық зерттелiп, бiр жүйеге келтiрiлмегенiн көрiп, тыңнан сүрлеу салғандай аталған кезеңнiң баспасөзiн зерттеудi мақсат тұттық. Мiне, тақырыптың өзектiлiгi де осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi.
Түркiстан Республикасының орталығы Ташкентте шыққан қазақ тiлiндегi мерзiмдi баспасөздiң тарихын ұлттық төл тарихтың баға жетпес құнды тарихи дерек көзi ретiнде кешендi түрде зерттеу жұмыстың негiзгi мақсаты болды. Осыған с„йкес зерттеу жұмысында мынадай м„селелер қарастырылды:
Мерзiмдi басылымдардың елдiн көзi, құлағы, саяси, шаруашылық, тiршiлiгiнiң жолбасшысы болғаның көрсету;
Ташкентте шыққан «Ақ жол», «Жас алаш», «Сана», «Шолпан», «Жас қайрат», «Шаншар», «Жаңа өрiс» сияқты мерзiмдi басылымдардың қоғам өмiрiнiң iлгерi дамуына тигiзген ролiн зерттеу;
Сол мерзiмдi басылымдарда жарияланған негiзгi „леуметтiк, саяси ж„не рухани өзгерiстi м„селелерiн тарихи дерек көзi ретiнде пайымдау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық мерзiмi.
ХХ ғасырдың I-шиергiн қамтиды. Д„лiрек, Түркiстан Кеңестiк Республикасының құрылуынан құлауына дейiнгi мерзiмде Ташкентте шыққан қазақ тiлiндегi басылымдардың шығу тарихы, онда жарияланған сан алуан мақалалардың тарихи дерек көзi ғылыми құндылығы болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Дипломдық жұмысында қарастырылатын м„селесiнiң дерекнамасы мен тарихнамасына байланысты 20-30 жылдардағы қоғамдық-„леуметтiк пiкiрлердiң ұйытқысы болған қарамды қайраткерлердiң, Ташкент мерзiмдi басылымдарында шыққан азда-көптi мақалаларына талдау жасалып, сол кезеңнiң тарихи-саяси өмiрiн сын көзқарас тұрғысынан ашып көрсетiлген.
Мерзiмдi басылымдардың елдiң түкпiр-түкпiрiнде болып жатқан „р түрлi „леуметтiк, саяси ж„не рухани өзгерiстердi жеткiзудегi негiзгi ақпараттық ролi көрсетiлген.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымына - 1925 жылға дейiнгi Түркiстан АКСР-ның Сырдария ж„не Жетiсу облыстары алынған. 1917 жылы Сырдария облысында 2 млн. 155 мың, Жетiсу облысында 1, 5 млн. адам өмiр сүрдi. Сырдария облысының халқының 40 пайызы немесе 560 мың адам көшпелi өмiр сүрдi. Ал Жетiсу бiр миллионға жуық (986 мың адам) қазақ пен қырғыз көшпелi ж„не жартылай көшпелi мал шаруашылығымен айналысты /17/. Бұл күндерi ол жерде Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан ж„не Қызылорда облыстары ж„не Қырғыстанның солтүстiк аймағы орналасқан.
I-тарау. Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
1. 1. Қазақ баспасөзiнiң дерек намасы
Қазақстан тарихы ғылымының маңызды құрамдас бөлiмi - дерекнамасының қажеттiлiгiн өмiрдiң өзi ұлттық тарихымыздың дамуына байланысты туғызып отыр. ‡йткенi осы дерекнама ғылымы арқылы дерекнамалық талдаудан өткiзiп, шынды жалғаннан ажыратып, халықтың iнжу-маржанын жарты жолдан қосылған қоспадан айырып, өз игiлiгiне қайта пайдалануына жағдай жасайды. Ол қазақ халқының төл тарихының шынайы жазылып, „у бастан дұрыс дамуына мүмкiндiк бередi.
Бұл ретте дерекнама - ғылымының алар орны, атқарар мiндетi ерекше. Себебi, Ахмет Байтұрсыновтың сөзiмен айтсақ, тарихтың жемi болып табылатын кез келген шынайы дерек өзiнiң табиғаты жағынан объективтi, өйткенi ол белгiлi бiр оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың салдарынан пайда болады. Сондықтан дерек сол оқиға не қоғамдық құбылыс туралы өз бойында м„лiмет сақтайды. Екiншi жағынан, кез келген дерек субъективтi, себебi оны белгiлi бiр субъект (жеке адам) жасайды, дүниеге „келедi. Ал өз кезегiнде ол субъект белгiлi бiр ұлттың, не таптың, не „леуметтiк топтың өкiлi. Сондықтан деректер оқиға не қоғамдық құбылыс туралы объективтi ақпараттармен қатар субъективтi мағлұматтар да бередi. Басқаша айтсақ, оқиғаның деректе белгiлi бiр д„режеде бейнеленумен қатар, деректе автордың дүниеге деген көзқарасы, түсiнiгi, психологиясы да енедi. Сондықтан зерттеушi тарихи деректi деректанулық талдаудан өткiзуге тиiс болады.
Д„л осындай сыннан өткiзудi қажет ететiн жазба деректерiнiң үлкен бiр тобын мерзiмдi басылымдар құрайды. Осы жерде бiр м„селенiң басын ашып алған дұрыс. Баспасөз дегенде мерзiмдi газет, журнал басылымдары еске түседi. Яғни газет, журнал мерзiмдi баспасөздiң негiзi түрлерiнiң бiрi болып есептеледi /1/. Олай болса ғылыми зерттеу барысында бұдан былай қазақ баспасөзi демей-ақ, қазақ мерзiмдi басылымдары деп айтуды мақұл көрдiк. Бұл алдағы ескеретiн ж„йт.
Патша жарлығы мен оның жергiлiктi „кiмшiлiк органдарының шешiмдерiн халыққа жеткiзiп отыру мақсатында 1870 жылдың с„уiрiнен бастап қазақ тiлiнде шыға бастаған алғашқы «Түркiстан уалаяты газетiнен» бастау алатын қазақ баспасөзi ХХ ғасырда негiзгi ақпарат құралына айналды.
Қоғамда болып жатқан „р алуан, iрi - ұсақты уақиғалар туралы дер кезiнде оқырмандарына м„лiмет жеткiзу мiндетiн атқаратын мерзiмдi басылым, уақыт өте баға жетпес құнды деректер көзiне айналады. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзiмдi басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажеттi мағлұматтар да жинайды, сөйтiп уақыт өте келе өзi тарихи дерек көзi ретiнде ғылымға қызмет етiп, оқиғалардың кейбiр бейм„лiм қырларын ашуға көмектеседi.
Дегенмен, мерзiмдi басылымдар жазба деректердiң басқа түрлерiнен тек өзiне ғана т„н сипаттарымен ерекшеленедi. Сондықтан оларда сақталынған м„лiметтерден объективтi мағлұмат алу мақсатында зерттеушiлер баспасөздi тарихи дерек көзi ретiнде арнайы қарастыруға тиiс болады.
Мерзiмдi басылымдар м„лiметтерiн тарих дерегi ретiнде зерттеумен, оларды белгiлi бiр д„режеде талдаумен немесе сыннан өткiзумен тарихшы-зерттеушiлердiң б„рi айналысады. Дегенмен, оларды нақты тарихи проблемаларды зерттеушi-тарихшылар ж„не мерзiмдi басылымдарды тарих дерегiнiң көз ретiнде зерттеушiлер-деректанушылар деп бөлуге болады. Алғашқылары „детте нақты басылымдағы өздерiн қызықтыратын жылдардағы белгiлi бiр материалдарға талдау жасаса, соңғыларының мiндетi нақты басылымның өзiн жан-жақты зерттеу.
Соңғы жылдары елiмiздiң т„уелсiздiк алып, өз тарихын объективтi жазуға мүмкiндiк тууына байланысты ұлттық деректерге, оның iшiнде қазақ тiлiндегi басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегi ретiнде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзiн өзiндiк ерекшелiктерi бар тарихи дерек көзi ретiнде кешендi талдаудың қажеттiлiгiн күннен-күнге арттырып отыр.
Газет не журнал белгiлi бiр мерзiмдiлiкпен өткендi бейнелейдi. Сондықтан олар қоғам өмiрiнiң өткен жазылған өзiндiк күнделiк мiндетiн атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер, журналдар өткеннiң белгiлi бiр кезеңдегi үздiксiз даму тарихын қалпына келтiруге көмектесе алады. Газет материалдары өзiнiң құрамы жағынан „р алуан болып келедi. …детте, баспасөз материалдарының өзiнiң құрамы жағынан күрделiлiгi оның басты деректiк ерекшiлiгi болып табылады. Баспасөз м„лiметтерiнiң формасы жағынан да, мазмұны жағынан да „р түрлi болып келуi, олардан ұлт өмiрiне қатысты жан-жақты м„лiмет алуға мүмкiндiк бередi.
Мысалы, қазақ тiлiнде пайда болған мерзiмдi басылымдардан қазақ тарихын зерттеушiлер ХIХ ғасырдың соңғы үшiншi бөлiгiнен бастап бүгiнге дейiнгi ел өмiрiне қатысты сан-алуан мағлұматтар ала алады. Бейнелеп айтсақ, ХIХ ғасырдың соңғы ширегiндегi қазақ жерiнiң отарлану тарихынан бастап бүгiнгi т„уелсiз мемлекет құру тарихына дейiнгi қазақ халқының жүрiп өткен жолын сарғайған басылым беттерiнен көруге болады. Көп жағдайда баспасөз материалдары бiздiң өткенiмiздiң кейбiр с„ттерi туралы м„лiмет бере алатын бiрден бiр дерек көзi болып шығады. Демек, ХХ ғасырдың I-ширегiндегi қазақ тарихын мерзiмдi басылымсыз толық ашып көрсету мүмкiн емес деп сенiммен айта аламыз. Олай болса, алдымен сол мерзiмдi басылымдарды тарих дерегiнiң негiзi ретiнде зерттеу бүгiнгi дерекнама ғылымының алдында тұрған мiндеттердiң бiрi.
Сонымен бiз жұмысы орындау барысында қазақ зиялыларының түрлi көзқарастағы өкiлдерi жасаған, ғылыми құндылығы мен маңыздылығы „р түрлi д„режедегi көптеген деректер пайдаланылды. Бiздiң «Түркiстан Республикасындағы қазақ баспасөзiнiң тарихы» тақырыбы тұрғысынан алып қарағанда негiзiнен ХХ ғасырдың I-ширегiндегi, д„лiрек, 1918-1925 жылдардың арасында Ташкентте қазақ тiлiнде жарық көрген мерзiмдi басылымдардың түпнұсқаларынан алынған деректер екендiгi түсiнiктi. Мұндағы маңызды н„рсе - кез келген деректiң түпнұсқасымен жұмыс iстеу, зерттеушiге деректiң пайда болған уақытының ерекшiлiгiн сезiнуге, сол арқылы деректен алынған мағлұматтың ғылыми құндылығын анықтауға көмектесерi белгiлi. Демек, «Жас алаш», «Жаңа өрiс», «Ақ жол» сияқты газеттердiң ж„не «Сана», «Шолпан», «Шан-шар», «Жас қайрат» журналдарының тың деректерiн зерттеу оларды магистрлiк диссертациялық тақырыптың басты объектiсiнде қарастыру ғасыр басында өмiр сүрген Түркiстан Республикасындағы халқымыздың тыныстiршiлiгiн бiлуге ед„уiр көмектесi.
Кеңес үкiметiнiң п„рмендi „кiмшiл-„мiршiл жүйесiнiң үстем құрған шағында аталған кезеңнiң баспасөз тарихын бiршама болса да зерттеу „рекетi Х. Беккожиннiң, Б. Кенжебаевтың, Т. Қожакеевтiң еңбектерiнде көрiнiс табады. Алайда сол кездегi мерзiмдi басылымдардың денi «таптық тұрғыдан өрескел саяси-қателiктер ж„берiп, сондықтан да партияның „дiл шешiмiмен күштеп жабылғандықтан» жоғарғыдағы аталған авторлардың еңбектерiнде мардымсыз зерттеледi. Оның үстiне кеңес идеологиясының ықпалы сезiлiп тұрады. Дегенмен Түркiстан кезенiнiң қазақ баспасөзiн зерттеуде бұл еңбектердiң бiрден бiр тарихи деректiк негiзiн ескерiп пайдаландық.
Бұл баспасөз тарихына арналған кеңестiк тарихнаманың да деректiк маңызын жоққа шығаруға болмайды. Методологиялық қателiктерге қарамастан, олардан Түркiстан кешенiндегi қазақ баспасөзiнiң тарихын зерттеуге көмектестiн нақты мағлұматтар алуға болады. Деректанамалық «сыннан» өткiзу негiзiнде олардың бiраз материалы жұмысты жазуда пайдаланылды.
Араға ұзақ жыл салып т„уелсiздiк алғаннан кейiн қазақ баспасөзi тарихын зерттеу барысында шыққан зерттеу еңбектер де жұмыстың деректiк негiзiнiң ауқымды бiр бөлiгiн құрайды. Осы тұрғыда Т. Қожекеевтiң «Жыл құстары» (1991), «Көк сеңгiрлер» (1992) ж„не «Сара сөздiң сардарлары» (1995) атты еңбектерiнде Түркiстан кезеңiнiң мерзiмдi басылымдар м„лiметтерiнiң деректiк маңызын ашуға көмектесетiн көптеген мағлұматтар жинақталған. Мұнда алдымен қазақ басылымдарының азды-көпты тарихын баяндай кеп, сол 20-30 жылдарда газет, журналдарда қызмет iстеген, кейiн құған-сүргенге ұшырап, қызыл қырғынның құрбаны болған азаматтарымыздың журналистiк өмiр жолы, қалдырған рухани мұрасы сөз етiледi.
Сонымен Түркiстан Республикасында қазақ тiлiнде жарық көрген мерзiмдi басылымдарға дерекнамалық талдау жасауда, оларда салынған ақпараттық шынайылық д„режесiн анықтауда мұрағат құжаттарының ж„не ұлттық кiтапханалардың сирек қолжазбалар қорының алар орны ерекше. Бiрiншiден, мұрағат құжаттары сирек қолжазбалар қорындағы түпнұсқа басылымдары қазақ газеттерi мен журналдарының пайда болу тарихын зерттеуге, сол арқылы олардың бағыт-бағдарын, мақсатын, ерекшелiктерiн анықтауға көмектесе, екiншiден, жұмыстық барысында мерзiмдi басылымдардан алынған нақты м„лiметтердi мұрағат құжаттарымен салыстыру арқылы олардың шынайылық д„режесiн, жалпы ғылыми құндылығын анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы мақсатта магистрлiк диссертацияның жұмысты орындау барысында Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Мұрағатының (ОҚММ), ‡збекстан Республикасы Орталық Мемлекеттiк Мұрағатының (‡РОММ) қорларындағы құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Абай атындағы ұлттық орталық кiтапханасының ж„не ‡збекстан Республикасы …лiшер Науаи атындағы Орталық мемлекеттiк кiтапханасының сирек қолжазбалар қорларындағы түпнұсқа мерзiмдi басылым материалдары пайдаланылды.
1. 2. Қазақ баспасөзiнiң тарихнамасы
Қазақ халқының тарихынан берiк орын алған осы басылымдардан келтiрiлген бұл екi үзiндiнiң, бiздiң ойымызша, тарихнамалық дерек ретiнде принциптi маңызы үлкен. Олай дейтiнiмiз, „р түрлi саяси күштердiң ықпалынан тыс пайда болған бұл деректер, кейiннен кеңестiк тарихнамада бұлжымас шындықтай бекiген «екi басылым арасындағы айтыс таптық сипатта болды» ж„не «Айқап» журналы «Қазақ» газетiнiң қастандық „рекетiнiң салдарынан жабылды» /2/ деген тұжырымның негiзсiз екендiгiн көрсетедi.
µлттық бейресми басылымдарға берiлген алғашқы тарихи баға да сол басылымдардан кездеседi. Мысалы, «Бiрлiк туы» газетi 1918 жылы қаңтардағы большевиктердiң «Қазақ» газетiн жабуына байланысты: «Қазақ» газетi жабылды деген хабарды естiгенде „рбiр алаш баласының жүрегi су етiп, қабырғасы қайысар. Бiз бұған сенемiз. «Қазақ» газетi алаштың қараңғы заманында жол көрсетiп тұрған шам шырағы, сасқанда ақыл айтып тұрған көсемi» /3/ - деп жазды.
Мұндай ұлттық бейресми басылымдардың көш бастаушысы «Қазақ» газетiнiң ұлт мүддесi үшiн еткен еңбегiн шынайы бағалау кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында да өз жалғасын тапты. Мысалы, 20 жылдардың басында Мұхтар …уезов «Шолпан» журналында «жазба „дебиетте Абайдан соң аты аталатын - «Қазақ» газетi» - деп жазса, «Ақ жол» газетiнде, Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойына арналған мақаласында: «Қазақтың еңкейген к„рi, еңбектеген жасына түгелiмен ой түсiрiп, өлiм ұйқысынан оятып, жансыз денесiне қан жүгiртiп, күзгi таңның салқын желiндей ширатып ширықтырған, етек-жеңiн жиғызған «Қазақ» газетi болатын» /4/ - деп жазды. Бiр басылымға екi түрлi саяси жағдайда берiлген бағаның бiр бiрiмен үндестiгi, ол бағаның объективтiлiгiн көрсетедi деп ойлаймыз.
‡кiнiшке орай, тарихқа деген мұндай объективтi көзқарас көп ұзамай таптық көзқараспен ауыстырыла бастады. 20 жылдардың басынан, „сiресе екiншi жартысынан бастап тарихи фактiлерге объективтi қараудан ауытқып, ғылымды саясаттандыру ж„не тiкелей құғындау „рекеттерi белең алды. Саясаттағы осындай бетбұрыс нысанасына алдымен алаш көссемдерi ж„не олардың шығарған ұлттық - биресми басылымдары iлiктi. Бұрыңғы одақ көлемiнде жаңа өкiметтi жақтамаған демократиялық бағыттағы басылымдар «ұсақ буржуазиялық ж„не буржуазиялық басылымдар» - деп аталса, Қазақстан тарихнамасында олар «ұлтшыл, байшыл басылымдар» тобына жатқызылды. µлттық бейресми басылымдарға қарсы большевиктiк көзқарас тұрғысынан жазылған алғашқы мақалалар да сол 20 жылдардың басынан, д„лiрек айтсақ, 1920 жылдың ортасынан бастап жариялана бастады. Сол жылдың 24 тамызы мен 14 қыркүйегiнде ақмолалық «Красный вестник» газетiнде Ақпан төңкерiсiнен кейiн қазақ тiлiнде шыққан саяси-қоғамдық газеттер мен олардың шығарушылары туралы айтылған Манап Шамилдiң мақалалары жарияланды. Сол мақалалардың негiзiнде 25 қарашада м„скеулiк «Жизнь национальностей» газетiнде «О киргизской интеллигенции» атты мақала басылды. Онда: «После свержения царизма во всех почти областных киргизских городах появились политическо-общественные газеты, например, в Семипалатинске - «Сары-Арка», в Астрахани - «Уран», в Ташкенте - «Бирилик-Тува» и в Акмолинске - «Тирчилик», которые плясали под дудку киргизских «майдаринов». Букейханов и К».
Но ознакомившись о партийном течении и уже почувствовав, куда ведут киргизский народ эти мурзы Букейхановы, Дулатовы и Байтурсыновы, акмолинская газета «Чирчилик» одна выступила против них» /5/ - делiнген.
Бұл мақалалардың авторы С. Сейфуллин екендiгi белгiлi. Кейiннен бұл жолдар түгелiмен дерлiк оның белгiлi еңбегiне ендi. Онда тек «Тiршiлiк» газетiнiң де алғашында басқалармен бiр бағытта болғандығы айтылмайды.
С„бит Мұқановтың 1925 жылы 5 мамырдағы «Еңбекшi қазақ» газетiнде жарияланған «Қазақстанда қандай газеттер болды?» деген мақаласында «Қазақ», «Сарыарқа», «Бiрлiк туы» сияқты газеттердiң, кеңес өкiметiне қарсы газеттер ретiнде жабылғандығы туралы айтылады /6/. Келесi, 1926 жылы жарияланған …. Б„йдiлд„ұлының мақаласында: « . . . төңкерiстен бұрын қазақта оңған баспасөз болмаған . . . бардың өзi молдалар мен байлардың қолынан „рмен аспайтын» /7/ - деп жазылды. Қазақстанда кеңес өкiметiн өз қолымен орнатушылардың белсендi өкiлдерiнiң бiрi С„кен Сейфуллин, өзiнiң 1927 жылы Қызылордада басылып шыққан, «Тар жол тайғақ кешуiнде» елiмiзде кеңес өкiметi толығымен орнағанға дейiн шығып тұрған ұлттық бейресми басылымдар туралы: «Газеттердiң б„рi көз жұмбай ұлтшыл болды. µлтшыл болған соң, „рине, байшыл газет болды. Б„рiнiң орталық туы «Қазақ» газетi болды» /8/ - деп, оларға таптық көзқарас тұрғысынан баға бердi.
Осылайша, 30 жылдарға қарай ұлттық бейресми басылымдарға «ұлтшыл», «байшыл басылымдар» деген ат қойылып, айдар тағылды. Коммунистiк идеология мен таптық тұрғыдан алашордашылар мен олардың баспа органдарына берiлген мұндай баға А. К. Богачев, С. Брайнин, Ш. Шафиро, Т. Рысқұлов, С. Д. Асфендияровтың еңбектерiнде де кездеседi.
«30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерiнiң «халық жаулары» ретiнде толығымен дерлiк жойылуына байланысты. «Алаш» қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды». Ал «Алаш» қозғалысының түп нұсқалық деректерi жарияланып тұрған «Қазақ», «Сарыарқа», «Бiрлiк туы» сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп айыпталды ж„не оларды ғылыми зерттеу iсiне пайдалануға рұқсат етiлмедi» - деп жазды К. Нұрпейiсов /9/.
Осылай қазақ халқының тарихынан оның „дебиетiнiң, тiлiнiң, жалпы м„дениетiнiң дамуына ХХ ғасырдың басында өлшеусiз үлес қосқан қайраткерлерi алынып тасталды. Олардың тарихымыздағы өзiндiк берiк орнын компартия рухында т„рбиеленген жаңа толқынмен ауыстыруға белсендi „рекеттер жасалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz