Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е
Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
К І Р І С П Е
Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі,
белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі,
мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу
саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-
бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-
экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар
мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен
функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді.
Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады,
сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының
µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан
қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және
базистік құрамына жатады.
Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге кµшіру,
түрлендіруге байланысты µсіп отыр.
Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына
байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне
тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып
табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы
айтарлықтай µсіп отыр.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға кµшуімізге
байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа
шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын
қызметтердің рµлін тµмендету сияқты келеңсіз кµзқарастар қоғамымызда
орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында
мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына
атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы
жаңағы кµзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге
асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын
білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда
кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару
жµніндегі кµзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де µзінің
табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени
саясатты қаржылардың кµмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде
олар алуан қоғам мүдделіктерін кµздейтіндіктен осы аялардағы
мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рµлі күшейе бермек;
‡шіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы
тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы
мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз
жµн;
Тµртіншіден, нарықтық µзіндік реттеу стихиялық процестер
туындатады жµне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және
әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи
тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа
кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара
күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан
келеді;
Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық µзіндік реттеу
анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық
µзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл
процестер µзінен-µзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей
қатысуымен жүргізіледі; алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты
қатынастар оның аясында мемлекет аумағында µте қатал экономикалық
билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында
болады; жетіншіден, мемлекет кµлік, байланыс, энергетика салаларының
монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей
отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ
ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып
табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге
асырылатыны белгілі.
Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, осы
жайындағы әкімшілік-қђқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен,
кµптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару
жеткілікті деңгейде (кµлемде) µз шешімін тапқан жоқ.
Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге µтпелі кезең,
мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару
жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып
отыр: қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді
және меншік құқығымен µзара байланыстырып талдау; есептеу және
ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік
беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды
басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика
аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы
қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және
қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу;
мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдардың қызметтері нарық
талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жµнінде
теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды
зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық
қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын
зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар,
мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы) мемлекеттік
басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін
жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып,
ұйымдастырып кµрсету: мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың
нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және
олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу
арқылы жетілдіру жµнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы
Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған
мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы
билік органдарын қайта құру жµніндегі қағидаттар мен ережелерді
және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының
жетілдіруін кµздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан
негіздеу.
І. Тарау. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінде алатын орны,
олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жµнінде атақаратын рµлі µте зор
екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық
негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге
асыруды қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептеледі. Қаржылық
құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық µсіп дамуына белсенді,
пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам µмірінде,
тіптен µндіріс аясында да кµбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп
түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын
білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн µлшеу, айналым, айырбас
және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын кµрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рµлі мемлекетке жүктелген
функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру
болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну
процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды
пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде кµрініс
тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бµлу нысанында жүзеге
асырылып, тікелей пайда табу кµзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан
алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда
кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы
түсінігінің µте кең мағынада болатынын байқаймыз.
¤ркениетті, нарықтық мемлекеттердің µзінде де қаржыларға
айрықша кµңіл бµлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі
арқылы ұлттық табысты қайта бµлу кµрсеткіші елу проценттен асып отыр.
Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің кµлемі де күрт
µсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың кµпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан,
оның мәнін ашып кµрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде
қарастырсақ онда негізгі үш қырынан кµрініс табатынын кµреміз.
Біріншіден, қаржылар деп, µндіріс және тұтынуда
экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды
және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы µндіріс пен тұтынудың ақшалай
нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып
есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің
қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен
түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан
ынталандыруға, µндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде
қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды,
әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етудің қайнар кµзін, кµлемін, түрлерін және тәсілін
білдіреді.
‡шіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория
ретінде қаржылар бµлу қатынастарын кµрсетеді. Нақты бағыттарға арналып
ақша бµлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың µзі бµлу болып
табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық
бµлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық µнімнің құнын
қайта бµлу процестері жүзеге асырылады.
Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бµлу ақшалай табысты мемлекеттік
деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бµліктерге бµлу
арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын кµптеген қатынастар
қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен µте тығыз
байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті
кµрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында,
µзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға µтуі ақшалай қатынастар түріндегі
айрықша нысандағы процестермен кµрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып
саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі
қаржылардың µте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бµлу сипатында
болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі.
Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық
негізі µндіріс болып табылады. µйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай
табыстары мен экономикалық µнімді жасау және оны µткізу нәтижесінде
құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол µндіріс аясының µзіне қызмет
кµрсетеді, яғни µндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық
µзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген
шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды
жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады.
Қаржылардың негізінде, олардың кµмегімен шаруашылық қызметтердің
нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жµнінде оқымысты ғалымдардың кµзқарастарына кµз
жүгірте отырып, салыстырып кµрейік. Қаржылық құқық саласының кµрнекті
ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да
істің бітуі, ақыры немесе тµлемнің, жалақының тµлену мерзімі деген
сµзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio
деген сµздер міндетті ақшалай тµлем деген мағынада айтылған болатын. Он
сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс
және шығысын, мемлекет мџліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік
шаруашылықты айтатын болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен
тығыз байланысқан. Сондықтан болар, кµптеген жағдайларда азаматтар
қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал
экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды
тұлғалардың қаржылары деп бµледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек
мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп
түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік
ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада
түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген
тұжырым. [1]
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар
десек, яғни белгілі бір қорларға бµлінетін, мақсатты бағыты болатынын,
пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бµлетін
органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, µз ойын А.И.Худяков.
Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік
нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар
деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады.
Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын
қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру жµніндегі қатынастардың
жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі
болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір кµңілге қонбайтын, санаға
симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жµніндегі
қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың µзіндік
тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау
қатынастарында немесе экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында
жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары
болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына
негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның
тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас µзі немесе
мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік µкілетті органы тұрады және осы
қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар,
қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші
субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жµніндегі сµз
қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары
азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының
нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет
қаржыларды пайдаланудан µзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу
процестеріне ат үсті қарай алмайды. µйткені қаржылар µзінің ақша
қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде,
мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын)
ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің µсіп-дамуының материалдық негізі
болып табылады деп жоғарыда айтып µткенбіз. Сондықтан қаржылардың
атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай
қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және
қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор
қаржыларды ақша қђжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған,
сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бµлу жµнінде туындайтын
экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі
µндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың
туындауының және µмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық
µндірістің және айналымның µздеріне тән құндылық категорияларымен болуы.
Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды,
кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша
қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің
күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары
болып табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни
қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның
тауарлық µндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда кµрініс
табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) ђдайы
µндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жџргізілетін қоғамдық қызметтің
саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн
нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
кµрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін
құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды
қалыптастыру және пайдалану жµніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып
табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті µмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
кµрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың µзі немесе ақша
қаражаттары қаржылар жµніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды.
Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы
ақшалардан бµлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар µз алдына
бµлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде
қаржылардың µзіне тән функциясы – бµлу (жиынтық µнімді және таза
табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция
жµнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сµз қозғамаған. Ал ақшалар
тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн µлшемі
ретінде; тµлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау
құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық
айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен
әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан
айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бµлу немесе
пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше
аясын кµрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық
маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте,
кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір
мµлшердегі ақша қаражаттарының сомасы кµрсетіледі. Бұл сомалардың
шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда
оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін
байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте
жиынтық қоғамдық µнімді және ұлттық табысты бµлу, сондай-ақ қайта бµлу
процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс,
яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының
жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бµлу және пайдалану жүйесі болып
табылды дейді.[2]
Мемлекеттік қаржыларды µзінің материалдық мәні бойынша ақша
қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау),
қайта бµлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық
қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет µзінің экономикалық және әлеуметтік
процестерін басқару жµніндегі қызметтерінің барысында кіріс және
шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп
жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша
қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бµлу және пайдалану жµніндегі
адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі
кµзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда,
жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық µнімді және ұлттық табысты білетін
экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының
кµмегімен басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және
ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан
қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы
мемлекет кµптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір
бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және
жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жµніндегі
экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі
буындарының µзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну
қажет деп кµрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан
қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын
қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) µздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы µзіне орай мемлекеттің қаржы
жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа µту жағдайында дамуының
µзгешеліктерін кµрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
1) Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық
бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3) Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
4) Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;
5) Мүлікті және жеке басты сақтандыру;
6) Мемлекеттік және банктік кредит.
Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге
асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік
органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге кµптеген авторлар
қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің
қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары,
мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп
түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады.
Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару
органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік
басқару органдарының жүйесі болып табылады. ¦лттық (орталық) банк
басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын
салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге
асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық µнімдерді білуге
байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды.
Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық
категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып
табылатындығын кµрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына
біліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп
білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін
ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз.
Ал экономикалық қатынастар µндірістік қатынастарға қосылатындықтан
қоғамдық қатынастар µндірістік қатынастардың бір білігі ретінде
базистік қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық
қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша кµрсетеді: қоғамдағы
ұдайы µндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және µзара тәуелді
тµрт сатыдан тұрады: µндіру (µндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы µндірістің тµрт сатысы арқылы қоғамдық µндіріс
процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы
анықталады, µйткені µндірілген µнімдер бұл жерде сату-сатып алуға
жататын тауарға айналады. Бұл µнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес,
солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін
қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз µндірілген материалдық
немесе материалдық емес µнімдер, кµрсетілген қоғамдық µнім ретінде
заттай және ақшалай тџрінде кµрсетіледі.
Қоғамдық µнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір
қоғамдық µндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын µтеу үшін ақша, баға,
µзіндік құн, қаржы, жалақы тµлеу және тағы басқа құндылық
категорияларын пайдалануларына жол береді.
Бұл жерде µндірілген µнімдер мен басқа да қажетті заттар,
қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық µлшемінің
кµмегімен µлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі
қызметтері қоғамдық жиынтық µнімді білу кезінде анық кµрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның
µндірістік қорларын µзіндік айналымынан шығарылатын µнімдерді µткізу
(сату) кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну
мезгілінен бастап қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы µнімдерді µткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын
немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде
айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы тµлеу қорын, әлеуметтік
бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап µтуге болады.
Табылған пайданың немесе табыстың бір бµлігі орталықтандырылған
қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші
ең кµп бµлігі µндірушіде қалады. ¤ндіруші оны µз қалауы бойынша
пайдаланады. Кµбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері µндірістік
процесті үзбеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын
сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бµлігі µндірістің басты
факторы – негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен
материалдық µндіріс аясында (кәсіпорындар, µнеркәсіптер т.б.) жасалған
құнның бір бµлігі µндірушілерде қалса, едәуір бµлігі жалпы мемлекеттік
мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қарамағына
берілетінін білдік.
Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін
мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына
қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан,
мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік,
қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және
басқа міндетті тµлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан
халықтан ерікті түрде жұмылдырылған (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік
лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар (аманаттар) және т.б.)
қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы
пайда болады. Осы қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорларын – республикалық және жергілікті бюджеттерді,
сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.
Экономика µмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы
(эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның
қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да
экономикалық категорияларға – баға, µзіндік құн, жалақы тµлеу, несие
және т.б. тән болып табылады.
Қаржылық қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын
µзгешелік, олар (қаржылар) экономиканы басқарудың қандай да болмасын
деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде
құралады.
Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі
µздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір
жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.
Қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың
тауар-ақша қатынастары мен құн заңының әрекет етуінен
туындайтынын байқаймыз.
Ақаша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы және олардың
тауарлық қатынастарда (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың кµмегімен
жџргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру
жµніндегі міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып
табылатынын білдік.
Мемлекеттен басқа қоғамдық µндіріске қатысатын субъектілердің
ақшалай қызметтері, қаржылық қызметке жатпайды, ал олардың қаражаттары
немесе ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы
түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.
Сонымен, қорыта келгенде қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай
кірістерін жиыстыру, білу және пайдалану процесінде туындайтын
экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми кµзқарастарды тұжырымдасақ
“қаржы“ терминінің екі мағынасы бар екенін кµреміз: 1)
материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада
“қаржы” деп мемлекеттің µз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының
жиынтығын айтамыз.[3]
Мемлекеттік қаржылық ресурстарды әрдайым белгілі бір ақша қорлары
ретінде кµрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа
сәйкес жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және
жеңілдетеді.
Экономикалық категория ретінде “қаржы” деп, мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және білетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің
түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде
қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына тµмендегідей болып
келеді:
1) ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
2) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық µндіріс
аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
3) бақылау функциясы;
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сµз
қозғағанымызда мемлекеттің µз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай,
мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет µз
мұқтаждықтарын µтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы
қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет µтеуге
қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша
қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші
функция мемлекеттің µзіне және µз тарапынан жасалатын қызметтеріне
жұмсалатын шығындарды µтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан
тұрады.
‡шінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және
білу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы
қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын
кезіндегі барлық әрекеттерінің дәрыс және заңды болуын қамтамасыз
етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай
бар.
Қаржылардың функциялары жµніндегі оқымысты ғалымдар әлі де
пікір- талас тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан
кµзқарасқа келе алмай жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың
функциялары турасында – білу және ұдайы µндіріс атты екі концепция
µмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы
µндірістің екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық
µнімнің құнын білу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу
функциясы ғана тән болады деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана
атқарады. Бұл жердегі қателік бірден кµзге түсіп тұр, µйткені қаржылардың
басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы тµлеу,
несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.
Осы білу функциясының кµмегімен жалпы қоғамдық µнімді және оның ең
басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бµлу функциясы
қаржылардың бµлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып кµрсетеді. Бақылау
функциясы, осы бµлу және қайта бµлу процестері кезінде заңдылықтың,
сондай-ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші,
ұдайы µндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып,
қарастырылған үш фукнциясы кµрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар,
қаржылар, қоғамдық ұдайы µндіріс сатыларын (бµлу, айырбастау және тұтыну)
бәрінің категориясы болып есептелінетіндіктен, оларды тек бµлу
категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына тµмендегідей болып келеді:
1) қоғамдық ұдайы µндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
2) қаржылар тек қана ұдайы µндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай,
қоғам µмірінің барлық аяларын қамтиды;
3) қаржылар қоғамдық µнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын
жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру)
тікелей түсім кµзі материалдық µндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс
болып есептелінеді.
¦лттық табысты бµлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен
бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен
бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру
нәтижесінде қоғамдық µндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа
қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау
функциясы бар екенін бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден
құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу
және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы
белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық кµрінісі
(қорлары) болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын
айтамыз.[4]
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша
қорларын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен
осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған болып екіге бµлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына тµмендегідей болып
келеді:
1) Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет
арқылы кµрсетіледі.
2) Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті µкілді органдардың
бюджеттері арқылы кµрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады:
облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері;
қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
3) Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай
кµрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; µндірістік-әлеуметтік даму
қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры;
валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл қорлар
мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.
4) Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары,
мынадай сақтандыру қорларымен кµрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру
резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры;
әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры;
сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі;
әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын
оқулықтарда, кµбінесе, банкілік кредит деп айтатынын кµріп жүрміз.
Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана
шектелген. Бір жақты кµзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы
жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің
ссудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес,
сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін кµреміз.
Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың
ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке
жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы
да осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты
ретінде қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі
болып есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-
ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар
мен мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді,
сондықтан бұл қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің
және азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар
жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жµніндегі қызметтері
азаматтық-құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек.
Азаматтық-құқықтық әдістермен реттеу реттеу арқылы µнім (тауар)
µндірушілердің құқықтарымен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық
реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол
мемлекет мүддесін кµздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан
туындайтынын және оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан
мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру
емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің,
ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының
орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық
орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе басқа
да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан
министрліктер мен ведомстволардың қарамағына берілген ақша
қаражаттарынан тұрады.
2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы
субъектілердің, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
қорларын білдіреді: жарғылық қор, µнеркәсіпті, ғылымды және
техниканы дамыту қорлары; резервтік қорлар және т.б.
3) Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы
субъектілердің ақша қорларымен кµрсетіледі. [5]
ІІ. Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі

құрлымы
Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлері болып
есептеледі. Сондықтан оған қатысушы екі жақтың да µзара, µздеріне тән
құқықтары мен міндеттері болады.
Бұл жерде айта кететін бір жай, қандай да болмасын қоғамдық
қатынастар бірден құқықтық қатынастарға айналып кете алмайды.
Құқықтық қатынастар құқықтық қатынас түрінде болу үшін;
біріншіден, осы қатынастардың әлеуметтік құндылығы болуымен қатар,
реттелуі кезінде мемлекет еркіне сай болуы қажет. Екіншіден, осы
қоғамдағы қатынастар мемлекет тарапынан бекітуді қажет етеді. Ал
бекіту қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін кµздейтін
құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылады.
Тек осы құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде ғана қоғамдық
қатынастардың қоғам мұқтаждықтарына, талаптарына қаншалықты
қажеттілігін, сондай-ақ мемлекеттің құқықпен реттеу мақсаттарына
қаншалықты сәйкес келетінін анықтап білуге болады.
Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындауға қажетті мемлекеттің
ақша қаражаттары ресурстарын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды
ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қаитынастар құқықпен
реттеуді талап етеді.
Сонымен, қаржылық құқықтық қатынастар деп, құқықтық нормалар мен
реттелген қаржылық экономикалық қатынастарды айтамыз. Бұл қаржылық
құқықтық қатынастар мемлекеттің қызметінің нәтижесінде пайда болады
және арқашанда тек қаржылық құқықтың пәні ретінде есептелінеді.
1. Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттің қаржылық –
экономикалық қатынастарды құқықпен реттелуінің
нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ олардың заңды
формасы болып табылады;
Қаржылық құқықтық Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық құқықтық
қатынастарға тән жалпы сипаттамасы бірдей болғанымен, µздеріне ғана
қатысты ерекшеліктері де болады:
2. қатынас µздерінің саласына байланысты қаржылық
құқықтық болып есептелінеді;
3. қаржылық құқықтық қатынас міндетті түрдегі
субьектісі-мемлекеттің біртұтас µзі немесе
мемлекет мүддесін кµздейтін µкілетті органдар
болып табылады;
4. Қаржылық құқықтық қатынас материалдық обьектісі
тауар немесе басқа да сатып алу, процесіне
қатыспаған ақшалар ғана жатады;
5. Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттік-µктем түрде
жүргізіледі, сондықтан қатынасқа қатысушылардың
заң жүзінде тең құқылы емес екенін кµрсетеді;
6. Қаржылық құқықтық қатынас маңызы бойынша қаржылық-
экономикалық қатынастар болып табылады.
Бұл жерде айта кететін бір жай қаржылық-экономикалық және қаржылық
құқылық қатынастар қоғамдық қатынастардың әр түріне жатпайды, µйткені
олар бір қоғамдық қатынастар. Сондықтан маңызы бойынша-экономикалық, ал
формасы бойынша құқықтық қатынастарға жатады. Яғни, маңызы бойынша –
базиске, формасы бойынша қондырмаға жатады деп айта аламыз.

Қаржылық – құқықтық қатынастар екі түрге бµлінеді:
А) Маңызы бойынша: 1) материалдық қаржылық құқықтық қатынас;
2) ұйымдыстырушылық қаржылық құқықтық қатынас;
1. Материалдық қаржылық құқықтық
қатынастар – ақша қаражаттарының
тікелей біржақты қозғалысын
кµрсетеді.
2. ¦йымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар-қаржы жүйесінің барлық
құрамалы бµлімдерінің µзара бірқалыпты әрекет жасау процестерін және
қаржылық бақылау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ
қаржылық жоспарлауды жүзеге асырады.
Ә) Обьектісі бойынша: 1) бюджеттік; 2) салықтық; 3)банкілік; 4)
сақтандыру; 5) шаруашылық.
Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының
Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі
есеп комитеті; Қазақстан Республикасының ‡кіметі. Экономикалық
жоспарлау жµніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджеттік жоспарлау
жµніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджетті атқару жµніндегі орталық
уәкілетті орган. Ішкі бақылау жµніндегі орталық уәкілетті орган.
Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган құрайды. [6]
Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік қатынастарды
реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы
туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет
комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын
айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында тµтенше мемлекеттік
бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін
айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттары туралы қазақсатн халқына жыл сайынғы
жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет
саясатының негізгі бағыттарын айындайды. Қазақстан Республикасының
¦лттық қорын басқару жµніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені
бекітеді. Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын қалыптастыру және
пайдалану тиімділігін арттыру жµнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың
кµлемі мен бағыттары жµнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан
Респуьбликасының ¦лттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы
есептерді бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес µзге
де µкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасыны Парламенті бюджеттік қатынастарды
реттеу саласында:
Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке
µзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді.
Қазақстан Республикасының ‡кіметі мен Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп
комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу
тәртібін белгілейді;
Ішкі бақылау жµніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп,
мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ
оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге
асырады;
Тµтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге
асырады;
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған
шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес µзге де
µкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ‡кіметі бюджеттік қатынастарды реттеу
саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық
бюджетті және оның атқарылуы туралы жыолдық есепті табыс етеді;

комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті
табыс етеді. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін
айқындайды; Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді,
республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін
айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге
асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта
мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды;
бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды.
салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне
бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың
тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. мемлекеттік
емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы
шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы ‡кіметінің мемлекеттік
емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін,
мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу,
пайдалану, µту және оларға қызмет кµрсету, оларды тіркеу мен есепке
алу, мемлекеттік және мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz