Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің
теориялыќ
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 Жасөспірімдік шақтағы оќушылардың өзін-өзі баѓалау ерекшеліктерінің
психологияда
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..10
1.2 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Жасөспірімдік шақтаѓы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін
зерттеуді ұйымдастыру жєне оның
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін
зерттеу әдістемелерінің
қорытындылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..68

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп
жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпаќ өмірінің
барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге
байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: ... жаңа жағдайларға сай біздің
бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу
ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттыќ жэне дүниежүзілік
құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік
мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі
психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана
отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Тұжырымдамалардың басты
теоретиктері (Карл Роджерс, Д.Гербертмид, А.Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс
Колберг, Н. Миллер, Дж.Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) [1] өз
еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни
тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту
міндеттерін алға қойды.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның
әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович,
А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.) [2].
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен
ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б.Б,
Сафин З.В, Спичак С.Ф. т.б.) [3].
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор
Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және
Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік
бағалау ерекшеліктері зерттелінді [4]. Қазіргі қоғамда жасөспірімдік
шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің
психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор.
Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына
әсер ететінін негіздей отырып, жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі
бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және
шетелдік психологтар мен педагогтар (Ќ.К.Жампеисова, Жарықбаев,
Р.Т.Мендалеева, А.К.Рыспекова, А.Е.Берікханова, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский,
П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева,
А.Н.Леонтьев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкина) [5-21]
еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық
бағалаудың мәнін анықтайтын бағалау әрекетінің ќұрылымы мен жүйесі
тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс, әрі іс-әрекет, әрі
әлеуметтік біліктілік жиынтығы және қызмет ету аясы ретінде қызмет
көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер,
әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың
жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен
оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік
педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке
тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке тұлғаның
қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да,
жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек ұрпаққа білім беру сапасын,
оқыту әдістемелерін, әлеуметтік тәрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға
жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-
шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап
етеді.Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік дамуы жеке тұлғаның жетілуін,
белсенділігін қалыптастыруға жоғары талаптар қояды. Жеке тұлға
қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады.
Жасөспірімде өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі – оның тұлғасының
дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да жасөспірім шақтағы
оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың
назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері
– Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович,
Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың [22-27] т.б., сондай – ақ шетел
зерттеушілері – Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан
– жақты қарастырылған [28].
Жасөспірімдердің оқуда жоғары қабілеттілігін көрсетуде олардың
талпынысына қызығушылық білдіріп отырса балада өзін - өзі бағалау
жоғарылайды. Өзін - өзі бағалау төмен жасөспірімдер өз дамуында көптеген
мәселелермен қақтығысады, яғни психологиялық күйзелістерге ұшырау, қоғамға
қарсы тәртіппен айналысу, құрбы – құрдастарымен қарым – қатынастағы түрлі
мәселелер, оқу үлгерімінің төмендеуі. Әрине, мұндай көрсеткіштер баланың
білім алуында, құрбыларымен қарым – қатынасында, қоғамда жақсы рольге ие
болады деген сенімді жоғалтуға мәжбүр етеді. Оқу дағдыларын мезгілінде
меңгере алмаған оқушы оқуды әрі қарай жалғастыра алмайды. Сондықтан да
баланың мектепте үлгілі оқушы деген атқа ие болуға талпындырып, өз
ортасында ролінің төмендеуіне жол бермеу қажетті шығар. Жасөспірімдік
шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктерін қарастыру – соның
дәлелі, айғағы.
Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау
ерекшеліктерін теориялық мәселе тұрғысынан және тәжірибелік әрекет ретінде
қарастыруды ғылыми түрде негіздеу.
Зерттеудің нысаны: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау
ерекшеліктерін анықтау үрдісі.
Зерттеудің пәні: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау
ерекшеліктері мазмұнының теориялық мәселелері мен тәжірибелік жақтары.
Зерттеудің болжамы: егер өзін - өзі бағалау құрылымын қалыптастыруда
жасөспірімнің өзі жайлы терең білуін, өз мүмкіншілігі, іскерлігін және
жеке сапаларын өздігімен бағалауға үйретуді, өзін - өзі бағалауды адамның
басқа психикалық көріністерінен ажыратпауды, өзіне әділ баға беруге
үйретуді әр мұғалім өз міндетіне алса – бала дамуындағы жетістіктер мен
үлкен мүмкіндіктер деңгейі жоғарылар еді. Нәтижесінде: баланың жетістікке
жетуге тырысқан іс – әрекетінде өзін - өзі бағалау дамып, ол өз іс –
әрекетінің көрсеткіштерін байқап, өзін белгілі талаптарға сай дамытып, өзін
- өзі бағалау ықпалымен жеке тұлға ретінде құрылып, жетіледі.
Зерттеу міндеттері:
жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің тарихи
жасалу жолдарына шолу жасау;
жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің бала
дамуындағы мәнін ашу, компоненттерін көрсету, сипаттама бере отырып
теориялық тұрғыда негіздеу;
жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін дамытудың
психологиялық мәніне тоқтала отырып, мәнін ашу;
жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктеріне
эксперименттік зерттеулер жүргізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: кеңестік кезең
зерттеушілері Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдовтың
теориялары, пікірлері; зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері;
педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді
мектеп практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-
әдістемелік кешен; автордың дербес зерттеу жұмысы; психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау; психологиялық
эксперимент; эксперимент нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу базалары:
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының № 68 мектеп- интернат-
балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізілді.
Дипломдыќ жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты,
міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, теориялық және әдіснамалық
негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеу базасы беріледі.
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің
теориялық негіздері атты бірінші тарауда өзін - өзі бағалау
ерекшеліктерінің психологияда зерттелуі, жасөспірімдік шақтағы оқушылардың
өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәні қарастырылады.
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін
зерттеу атты екінші тарауда жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі
бағалау ерекшеліктері эксперимент арқылы көрсетіледі.
Қорытындыда зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар
беріледі.

1 Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1. 1 Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктерінің
психологияда зерттелуі

Жеке адам, тұлға деген түсініктерді қарастыратын психологиялық
білімдердің бірі - өзін-өзі бағалау. Кең мағынада бұл – адамның өз
мүмкіндіктері мен өзіне баға беруі.
Өзін-өзі бағалау, П.П.Чеснакованың айтуынша, өзіндік сананың бір
компаненті болып табылады. Өзін-өзі бағалау сондай-ақ талаптану, яғни
адамның алдына қойған мақсат-міндетінің деңгейін және оны шешуге өзінің
қабілетін айқындайды. Өзін-өзі бағалаудың алғашқы зерттеулерін 30-жылдары
алғаш рет К.Левин жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз зерттелінген.
Осы уақытта өзін-өзі бағалауды оқып үйрену және оның жеке тұлғаның дамуына
ықпалы өзектілігімен қалып отыр.
Бұл бірінші кезекте, білім берудегі алға басумен, өзгерістермен
байланысты болса, қоғаммен де соншалықты байланысты. Қазіргі кездегі
мектептер үшін оқушыларға ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, оларды
өздігінен білім алуға, өздігінен жетіліп-кемелденуіне дайындау өте маңызды.
Ол үшін балада өзінің жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ
бағалай білетін белсенді ұстанымын, позициясын, яғни өзіндік бағасының
белгілі бір деңгейін қалыптастыру қажет.
Қалыпты жағдайда дамыған жеке адамның өзіндік бағасы жағымды түрде болуы
қажет. Бұл адамның өз күшіне деген сенімділігін және белсенді іс-әрекетке
бағытталуын қамтамасыз етеді. Жағымсыз сипаттағы өзіндік баға адамды
селқостыққа, енжарлыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау
үшін бала жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзі сезе бастайтын, яғни
жасөспірімдік кезеніңде оқушыда дер кезінде өз-өзіне қарым-қатынасын және
өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.
Өзін-өзі бағалау – ойлау әрекеті өлшемдерінің бірі, күрделі динамикалық,
жеке тұлғалық құрылым. Өзін-өзі бағалау ең алдымен реттегіштік қызметті
атқарады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзі-өзі бағалаудан басталады. Адам өзін тәрбиенің
қандай сапаларына тәрбиелеу керектігін нақты білуі керек. Өзіндік баға -
өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы және өзінің талаптану деңгейін
өзінің іс-әрекетінің нәтижесімен салыстыру арқылы қалыптасады. Тепе – тең
өзіндік баға өзін - өзі тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін дұрыс
қалыптастыруға ықпал етеді.
Өзін-өзі бағалау – субьект отбасында, оқу орындарында, басқа да жерлерде
адамдармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда және өзгелер өзі туралы
көзқарастарын білдірген кезде қалыптасады. Ол өзін айналасындағылармен
салыстырады, егер бұл байланыстардың нәтижесі төмен өзіндік бағаны
көрсетсе, адам өзінің әрбір ісінен кедергілер мен тосқауылдар тауып
отырады. Ол өз-өзіне деген сенімін жоғалтады. Оған жұмыс істеу қиындай
түседі, айналасындағы адамдармен байланыс жасау да қиындық туғызады.
Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар ақылды, жолы болғыш адамдармен әділетсіз
сипатта болады.
Ұлғайған немесе өзгерген өзіндік баға адамды достарынан, ұжымынан
бөлектеп, алыстатып, айналасындағылармен қалыпты әрекеттік байланысқа
түсуіне, жағымды моральдық-психологиялық климат құруына кедергі жасайды.
Барабар өзіндік баға өзін-өзі тәрбиелеуде қажеттілік туғызады. Басқадай
болуы мүмкін емес, себебі, егер адам шыншыл болса, ол ешқашанда өзіне
көңілі толмас еді. Адам өзінің мүмкіндіктерін білген кезде, өзін-өзі
тәрбиелеудегі қажеттілік ерекше ұлғаяды. Олар шындығында шектеусіз.
Академик И.Е.Ефремовтың бекітуі бойынша, егер орташа қабілетті адам елу
пайызға бас миы қыртысының мүмкіндіктерін қолданса, онда мектеппен жоғары
оқу орындарында оқыған жылдарының орнында, ол әр түрлі саладағы 10 жоғары
оқу орнын бітіріп, бір уақытта 40 сөйлеу тілін меңгеріп, үлкен
энциклопедиялардың барлыќ мақалаларын жатқа білген болар еді.
Өзін-өзі бағалау – жеке бастық қатынастардың өмірлік құрылымдарын
таратудағы белсенділікті шарттандыратын тұлғаның сипаттамасы. Өзін-өзі
бағалау - әлеуметтік құбылыс, яғни ол тұлғаның өмір сүретін әлеуметтік орта
ерекшеліктерімен, талаптарымен байланысты. Жалпы өзін-өзі бағалаудың
жеткілікті жоғарғы деңгейі – еңбек пен қоғамдағы белсенділіктің маңызды
шарты. Өзіне деген жағымды қатынас тұлғаның рухани жағымды белгісі болып
табылатын өзін-өзі бағалауды зерттеу маңыздылығы осында. Психологиялық
зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс-әрекеті мен
істерін реттеудің негізі болып табылады [30].
Тұлғаның динамикалы, көпқырлы, күрделі құбылысы өзіндік бағалау адамның
іс-әрекеті мен мінез-құлқын, өмірінің көп жақтарын шарттандырады. Өзін-өзі
бағалаудың даму шарты, оның мазмұны жайлы, оның анықтамасы жайлы бірыңғай
ықпалдар әлі де қалыптаспаған.
Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау - өз күш – жігерін,
қабілетін, мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, кемшілігі, теріс сапаларын нақты
көре алу.Жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы жоғары, төмен болады.
Балаға өзіне дұрыс, әділ баға беруге үйрету - өзіндік тәрбие
жетекшілігіндегі маңызды міндет. Нақты өзін - өзі бағалаудың шешуші
шарттары: өмірлік тәжірибе, байқағыштық, өзіндік таным тұрақтылығы,
ұжымдағы қоғамдық дұрыс пікір, достар тарапынан айтылған сындар.
Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалаумен байланысты
мәселелер Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, М. С. Тайчинов
[15], Л. И. Божович, Э. Эриксон [14], т.б. зерттеушілердің өзіндік танымды
зерттеген еңбектерінде байқалады. Сондай – ақ шетелдік Скот, Куперслиз,
Сейдман, Лорд, т. б. зерттеушілердің де еңбектерінде кездеседі.
Арнайы эксперименттік зерттеулерде жасөспірім шаќтағы оқушылардың өзін -
өзі бағалауы іс – әрекеттің нақты түрінде зерттеледі. Бұл зерттеудің
нәтижесін талдау 7 жаста баланың өзін - өзі бағалауы тұрақты күйге
түсетінін көрсетеді. Жасөспірімнің өзі жайлы танымдық түсініктерінің
қалыптасуы, іс – әрекетте өзін - өзі бағалаудың тұрақтылығы мен өзіндік
танымын сипаттайтын мәліметтер психиканың когнитивті сферасының дамуында
қарастырылады.
Өзін-өзі бағалаудың пайда болуы Л.С.Выготскийдің 7 жастағы дағдарыспен
байланыстырады. 7 жас дағдарысы кезінде балалардың өзін-өзі бақылаумен не
болады?
Бұл өзгерістің негізінде қандай психологиялық заңдылықтар мен
механизмдер жатады? Оның оқу іс-әрекетінің құрылымымен қандай қатынасы
байланысы бар? Қандай іс-әрекетінде бұл психологиялық механизмнің
қалыптасуы жүреді? Жасөспірім шақтағы оқушыларда өзін-өзі бағалаудың
экспериментальды әдісі бойынша, жасөспірім шақтағы оқушының өзіне деген
қатынасының жоғарылауы байқалады. Егер жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін-
өзі бағалауы тұтас болса, яғни жасөспірім өзін жеке тұлға ретінде және іс-
әрекет субьектісі ретінде ажырата алса, жасөспірім шақ оқушыларының өзін-
өзі бағалауы обьективті, негізделген болып табылады. Бұл жастағы балалардың
реакциясын спецификалық ерекше деуге болады, яғни табысқа жету өзін-өзі
бағалаудың жоғалуына, ал сәтсіздік оның төмендеуіне әкеледі.
Баланың өзіне деген қатынасы, мектептегі жақсы оқумен тығыз байланысты.
Тұрақты бағалаудың пайда болуы баланың мектепке психологиялық, дайындығының
маңызды компоненті болып табылады.
Мектепте оқуда қиындықтарға кездесетін балалар өздерін жоғары
бағаламайды. Бірақ бұл нәтиже баланың өзіне деген обьективті қатынасынан
емес, оның психикалық және жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты
болады.
Ересектермен қарым-қатынас балаға оқу міндетін қабылдауға, құрдастарымен
қарым-қатынас жасауға, тапсырмаларды орындауды меңгерудің жалпы тәсілдерін
құруға мүмкіндік береді [1].
Оқу іс-әрекеті жөнінде айта келе, В.В.Давыдов былай деді: “оқушылардың
білім игеруінде бақылау мен бағалау оқу әрекеттері үлкен роль атқарады.
Бақылау мен бағалау әрекетін орындау оқушыларға өз әрекетінің мазмұнын
талап етілетін міндет нәтижесіне сәйкес қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың өз әрекетін қарастыруы олардың құрылуы мен өзгерістерінің
дұрыстығына қызмет етеді. Оқу іс-әрекетте және оның жеке компоненттері
(бақылау мен бағалау) рефлексия деп аталатын адам санасының сапасына
байланысты жүзеге асады”.
Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірім шақ оқушыларының бақылау және
бағалау әртүрлі балада рефлексияның пайда болуымен тығыз байланысты.
Л.С.Выготскийдің балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-
қатынас жасау кезінде жоғары психикалық функцияларының дамуы жайындағы
тұжырымдарына сүйене отырып, бала іс-әрекетінің құралдарын игеріп,
рефлексияның бастауыш формалары қарым-қатынас жағдайында пайда болады [15].
Л. С. Выготскийдің көрсетуінше, жасөспірім шақ оқушыларында өзін - өзі
бағалау және өзіне деген қатынасы пайда бола бастайды. Өзін - өзі бағалау
баланың өзіне деген қатынасының, оның іс – әрекетіне, басқалармен қарым –
қатынасына тікелей қатысты. Бұл нормативтік критерийлер тұрғысынан өз іс –
әрекетін бақылауға, әлеуметтік нормаға сай өз мінез – қүлқын құруға
мүмкіндік беретін жеке тұлғалық инстанция болып табылады.
Р. Бернс көптеген зерттеулердің нәтижесіне сүйене келе, мектепке дейінгі
жас пен бастауыш сынып аралығында Мен – концепциясының дамуында сапалы
өзгерістер пайда болады деді [28].
М. С. Тайчиновтың зерттеуі нәтижесі бойынша, нақты жасөспірімнің өзін -
өзі бағалауға тәрбиелеу өзін - өзі тәрбиелеудің мазмұны мен бағытына
байланысты. Ол үшін мыналар қажет. Біріншіден, әр оќушының бағасы жүйелі,
нақты болуы керек. Жақсы қалыптасқан ұжымда жасөспірім шақтағы оқушыларда
өзін - өзі бағалаудың жоғары деңгейі байқалады. Екіншіден, оқушының жеке
тұлғасының бағасын оның ұжымдағы мінез – құлқы мен іс –әрекеттің нәтижесін
талдауға байланысты құру керек. Балаға айтылған сын балаларды мазақ етпеуі
керек. Үшіншіден, өзін - өзі бағалау өзіндік тәрбие мен өзіндік пікірмен
тығыз байланыста болғанда мәні тереңдей түседі. Өзін басқалармен
салыстыру,жасөспірімдердің өзін - өзі бағалаудың сапасы балалардың ұжымдағы
алатын орнына, мамандық таңдауы, өмір жолына, өзіндік тәрбиелеу мақсатына
байланысты. Бала жетістікке жетуге тырысқан іс – әрекетте жасөспірім
шақтағы оқушыларда өзін - өзі бағалау дами бастайды. Өзін - өзі бағалаудың
жас кезеңіне байланысты ерекшеліктері де бар. Жасөспірім шақтағы оқушылар
өз мінез – құлқына байланысты себептерді түсіне бермейді [27].
Э. Эриксонның айтуынша, ұялу сезімінің пайда болуы өзіндік танымның
қалыптасуымен байланысты. Ұялған адам айналасындағылардың өзіне назар
аудармағанын тілейді. Жазалау мен ұялту жасөспірімде жасаған жағымсыз
қылықтарына “Барлық әлемнің көзі қарап отыр” деген сезімнің тууына
әкеледі. “Жасөспірім әлемді өзіне қаратпауға ұмтылғысы келеді”, Бірақ ол
мүкін емес. Сондықтан өз қылықтарын әлеуметтік тұрғыда мақұлдамау балада
“ішкі әлем көзі” өз қатесі үшін ұялу сезімін қалыптастырады. Э. Эриксонның
айтуынша, “күмәндану - ұялудың ағайыны”.
Ұялу мен күмәндануға қарсы тәуелсіз сезім күресі басқа адамдармен
бірлесу қабілетіне, өзінің айтқанын дәлелдеуге, өз ойын жеткізуге әкеледі.
Кезең соңында бұл қарама – қайшылықтар арасындағы тепе – теңдік
қалыптасады. Егер ата – ана мен туыстары балаға шектен тыс басқару
жүргізбесе ол оң нәтиже беруі мүкін. Жағымды жасөспірімнің өзін - өзі
бағалау кезінде өзіндік бақылау сезімінен мейірімділік пен мақтаныш сезімі
пайда болады. Өзіндік бақылау сезімін жоғалтудан ұялу мен күмәндануға
бейімділік пайда болады.
Л. И. Божовичтің басшылығымен болған зерттеулерде баланың мінез –
құлқында сыртқы бағалаудан өзін - өзі бағалауға өту кезіндегі уақыт пен
процесс көрсетілген [25].
Отандық психологияда жасөсрімдердің өзін - өзі бағалау мәселесі
зерттелінген мәселе ретінде қарастырылады. Зерттеулерде жасөспірім шақтағы
оқушылардың өзін - өзі бағалау құрылымы, даму кезеңдері, механизмдері, өзін
- өзі бағалаудың жеке тұлғасының әртүрлі сипаттамаларымен байланысы
талқыланады. Отандық және шетелдік психологтардың көзқарастарын салыстыруда
бұл ұғымның принциптік айырмашылықтары мен терминологиялық нақтылығы сөз
болады. Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау мәселесі
аймағында терминологиялық сәйкестікті орнату керек. Отандық психологияда
жалпы(өзін - өзі бағалау тұтас күйінде) және жеке (жеке тұлғаны құрайтын
сипаттамаларды бағалау) өзін - өзі бағалау қарастырылған. Олардың
әрқайсысында когнитивті және эмоционалды компоненттер бар. Сондықтан
“жалпы өзін - өзі бағалау” ұғымы шетелдік психологияда “Мен – концепциясы”
түсінігінің үйлесімі болып табылады. Жалпы жасөспірімдердің өзін - өзі
бағалаудың когнитивті компоненті - “мен бейнесі”, ал аффективті
компоненті өзіндік қабылдау болып табылады.
Жеке өзін - өзі бағалау шетелдік психологияда терминологиялық
ұқсастықтарға ие емес. Эксперименттік зерттеулердің көрсетуінше, жеке тұлға
құрылымындағы өзіндік қабылдау өзін - өзі бағалау мәселесінің көп сұрағына
жауап бере алады. Психологиялық әдебиеттерде суреттелген “мен”
концепциясының (жалпы өзін - өзі бағалау) дамуының негізгі механизмдері
отандық психологиядағы зерттеулерге сүйенеді [30].
Жасөспірім шақтағы оқушыларда өзін - өзі бағалау адамның жеке тұлғалық
сапаларына әсер етеді. Өз іс – әрекетін бағалау еңбекті сүйгіштікке
тәрбиелейді. Мұнда жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалауға
дайындығы жүзеге асырылуы керек. Жасөспірім шақтағы оқушының өзін - өзі
бағалауға дайындық процесі мынадай педагог – психологтардың еңбектерінде
кездеседі: Л. И. Божович, М. С. Неймарк, Х. Й. Лийметс [14], Н.Н.
Тригубова, Л.Ф. Обухова [31].
Х. Й. Лийметс өзін - өзі бағалауды қалыптастырудың нақты негізгі
міндеттерін өзін бағалай білу қабілетімен байланыстырады, яғни мұғалім мен
ата – анасының берген бағасы, берілген бағалауды ажырата алу.
Осы негізде Л. И. Божович мынадай гипотезаны ұсынды: егер бала
айналасындағылар тарапынан дұрыс бағаны қажетсінсе, жасөпірімнің өзін - өзі
бағалауын сақтауға деген қажеттілік туады және бұл дайындықпен байланысты
болады. Бұл авторлардың айтуларынша, жасөспірім шақтағы оқушылар өзін - өзі
бағалау процесіне жеткілікті дайын болмаған кезде өзін - өзі бағалай
алмайды.
Л. С. Рувинский зерттеулерінде жасөспірім шақтағы оқушылар өзін - өзі
бағалау тәсілдерін аз біледі, өздерінің жеке тұлғалық сапаларын бағалауда
қиындыққа кездеседі. Жалпы білім беретін мектептің типтік бағдарламаларын,
орта білім беретін оқу мекемелерінің құжаттарын зерттеу негізінде
жасөспірімнің өзін - өзі бағалауын, жеке сапалық қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған бағдарламалар мен курстардың аз екенін тәжірибедегі мәселені
талдау дәлелдеп отыр. Бұл оқушыларда жеке тұлға ретінде даму іскерлігінің
жеткіліксіз дамуын көрсетеді. Баланы өзін - өзі бағалауға дайындау ғылыми
әдебиеттерде нақты түсінік ретінде қарастырылмайды, сондықтан дайындыќтың
мәні мен құрылымын нақтылау қажет болады. Дайындық тұтас сапа ретінде
дайындық теориясын, ақыл – ой, эмоциялық, т.б. сапаларын енгізеді.
Жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалауға дайындықтың мынадай
анықтамасы бар: білім, іскерлік, дағдыны енгізетін, оқушының өзін - өзі
бағалауын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлғаның интегративті,
динамикалық сапасы [32].
Өзін - өзі бағалаудың жеке тұлғаның өмірге көзқарасымен, идеялық
бағыттылығымен байланысын Л. И. Божович, В. С. Мерлин, А. Л. Шнирман өз
зерттеулерінде көрсеткен. Жасөспірім шақтағы оқушыларда өзін - өзі бағалау
– еңбек таным мен қарым – қатынастың күрделі жемісі. Ол айналасындағылармен
мақсатты қатынасы, іс – әрекет пен өзінің мінез – құлқын ұйымдастыру тәсілі
болып табылады. Л. И. Божовичтің пікірі бойынша, қоғамдық бағалау оқушының
өзіндік санасының қалыптасуына үлкен әсер береді. Өзін басқалармен
салыстыру өзін - өзі бағалаудың жалпы қабылданған критерийі болып
табылады. Басқа адамдардың қасиеттерін байқай жүріп, өзіндегі қасиеттерді
сезінеді. Әртүрлі қасиеттердің өздігінше ауысымын жасайды. Қоғамдық баға
функциясы оқушының сана – сезіміне педагогикалық мән береді.
Б. Г. Ананьевтің айтуынша, өзі жайлы ойлардың пайда болуына ұжымдағы
өмір мен өзін - өзі бағалауды қалыптастыратын қатынастардың дұрыс дамуы
әсер етеді [2].
В. С. Мерлиннің ойынша, өз әрекетінің ќұндылыќтарын, ќасиеттерін
сезінуде әлеуметтік бағалау мен ұжым бағасы жетекші роль атќарады. Толыќ
және жан – жаќты әлеуметтік бағалауды бала сезінсе, оның дамуында үлкен
роль атќарады [33].
Мұғалімнің бағалау әрекеті ролінің жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін -
өзі бағалауын ќалыптастыруға әсері Б. Г. Ананьев[10], Л. И. Божович [14],
А. И. Липкина, Л. А. Рыбак [21], т. б. зерттеулерінде көрсетілген. Авторлар
оќушының әрекетін бағалауда олардың мотивтерін есепке алу ќажеттігін,
оќушылардың педагогикалыќ бағаға ќатынасының күрделілігі, баланың даму
деңгейіне әсер ететін педагогикалыќ баға сипатын көрсетеді. Педагогикалыќ
бағаның наќтылығы, айќындылығы көрсетіледі. Теріс баға белгісіз бағаға
ќарағанда өзін - өзі бағалау үшін маңыздыраќ. Кіші мектеп жасында өзін -
өзі бағалау тәрбиешінің бағасы мен балалардың өзара әсеріне байланысты.
Өзін - өзі бағалаудың ќұрылуындағы негізгі тенденциясы баланың іс –
әрекеттің жекелеген түріндегі сапаларды, мінез – ќұлыќ ерекшеліктерін бөліп
ќарастыруы болып табылады. Бұл Л. И. Божовичтің шығарған ќорытындысы.
П. Р. Чаматаның пікірінше, өзін - өзі бағалаудың дамуы екі кезеңнен
тұрады: біріншісінде, бала өзін бағалай отырып, өз әрекеті мен ќылыќтарын
бағалаумен ғана шектеледі. Ал, екіншісінде өзін - өзі бағалаудың сферасына
жеке тұлғаның моральдыќ сапалары мен ішкі күй енеді.
Д. Б. Элькониннің айтуынша, бала өз мінез – ќұлќын басќаруда ерекше
ішкі механизмді ќалыптастырады. Бала өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген
ќатынасынан өз мінез – ќұлќын басќара алады [20].
Е. И. Савоньконың тұжырымдауынша, өзін - өзі бағалау функциясы мінез-
ќұлыќ регуляторы ретінде баланың басќа психикалыќ ерекшеліктерінің
дамуымен ќатар жас ерекшелігінің әрбір кезеңінде сапалыќ бейнеге ие болады.
Өзін - өзі бағалаудың бұл функциясының дамуын зерттеушілер оның
тұраќтылығымен байланыстырады. Тұраќты өзін - өзі бағалау адамның өзіне
деген ќатынасына әсерін тигізеді.
Тұраќты өзін - өзі бағалаудың пайда болуы, оның талаптану деңгейімен
байланысы және оның мінез – ќұлыќ мотиві ретіндегі ролі Е. И. Савонько, Е.
А. Серебрякова, Л. С. Славина зерттеулерінде көрсетілген.
Өзін - өзі бағалауды ќалыптастырудың мәселесі және жеке тұлғаның
дауындағы ролі туралы американ психологы К. Роджерстің жеке тұлға
концепциясында көрсетілген. Ол өзіндік сана мен өзін - өзі бағалауды жеке
тұлға ќұрылымының орталыќ звеносы дейді. К. Роджерстің пікірінше,
жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін - өзі бағалауы адамның ќоршаған ортаға
деген ќатынасын, сыртќы жағдайларға байланысты өзіне ќоятын ішкі
талаптардың келісімділігін сипаттайды.
Л. И. Божович, А. Г. Ковалева, П. Р. Чаматаның [25] еңбектерінде жеке
тұлғаның сапалары мен ќасиеттерін сезінуі, жасөспірім өзін - өзі бағалаудың
наќты деңгейі - өзін - өзі тәрбиелеуге ќажет алғышарттар. Авторлар
жасөспірімнің өзін - өзі бағалауының даму деңгейі мен адамның өзіндік
тәрбиеге деген ќатынасы арасындағы тәуелділікті көрсетті.
Л. Уеллс пен Дж. Маруелл жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін - өзі
бағалау түсінігін ќарастыруда Мынадай ұғымдарға тоќталады: “өзіне
сенімділік”, “өзіне деген көзќарас”, “өзінің бейнесі”, “өзін бағалау”, т.б.
Бұлардың бәрін біріктіріп “self esteem” деген терминді ќұрады. Оның
мағынасы - өзін сыйлау, ар – намыс сезімі.
Шетел әдебиеттерінде “мен концепциясы” термині индивидтің өзі жайлы
түсінігінің жиынтығын білдіруде ќолданады. Мұнда “мен” бейнесі когнитивті
ќұрылым ретінде және адамның өзіне деген эмоциялыќ ќұндылыќ ќатынасы енеді.
Өзін - өзі бағалау мұның ішінде субъектінің өзіне эмоциялыќ – ќұндылыќ
ќатынасына сай келеді.
Х.Й.Лийметс өзін - өзі бағалауды ќалыптастырудың наќты негізгі
міндеттерін өзін бағалай білу ќабілетімен байланыстырады, яғни мұғалім мен
ата – анасының берген бағасы, берілген бағалауды ажырата алу.
М. С. Неймарк зерттеулерінде балада айналасындағылардың берген бағасы
мен өзін іс – әрекет нәтижесі әсерінен ќалыптасатын өзін - өзі бағалау
дағдыға айналып, оны саќтауға деген ќажеттілігін тудырады. Бұл
ќажеттіліктердің көрінісі ретінде талаптанудың наќты, тұраќты деңгейін
алуға болады.
Сейдманның айтуынша, бала бастауыш мектептен кіші орта мектепке көшкенде
өзін - өзі бағалауы төмендейді. Бір сыныпќа әртүрлі бастауыш сынып
оќушылары жиналған кезде, олар өздерін ќайтадан ќұрбыларымен салыстыра
бастайды. Нәтижесінде баланың өзін - өзі бағалауы жиі дағдарысќа ұшырайды.
Біраќ бұл жағдайда өзін - өзі бағалаудың төмендеуі уаќытша болып келеді.
Жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін - өзі бағалауының төмендеуі:
мектепке дейінгі шаќта өзін - өзі бағалу ең жоғары болса, мектепке оќуға
келген соң төмендейді, жасөспірімдік кезде теңеседі, жастыќ шаќта
жоғарылайды.
Жас ерекшелік даму барысында бала өзін әр салада бағалай алатын
мүмкіндікке жетеді. Олардың әр саладағы бағасы тәуелсіз бола береді.
Мектепте оќып жүргенде баланың мен концепциясы айќындала түседі.
Балада сәтсіздіктер мен жетістіктердің тәжірибесі жинаќталады. Олар әр
салада өз ќабілетін ќалыптастыра алады. Әр жас кезеңінде әр адам өзін оң
бағалай бермейді. Кейбір балалар өздерін теріс бағалайды.
Лордтың айтуынша, егер ата – анасы баласын сүйсе, бала өзін жоғары
бағалайды. Скоттың пікірінше, егер жанұя ымырашыл болып, ата – анасы
баласын еркелетіп отырса, баланың өзін - өзі бағалауы өте жоғары болады.
Тәртіпке үйрену де өзін - өзі бағалаумен байланысты. Куперслиздің
айтуынша, өзін - өзі бағалауы жоғары балалардың ата – аналары ереже ќұруға
ќорыќпайды. Олар ереже ќұруды, оны орындауды балалармен бірге отырып
талдайды. Егер ата – аналардың ереже ќұру жағдайында, тәтіп орнату
жағдайында мүмкіндігі болмаса, өзі жанын ќиналтќысы келмей, өз баласын
жеткілікті бағаламайды. Егер ата- ана балалармен тәртіп туралы сөйлескісі
келмесе: сенің пікірің мені ќызыќтырмайды деген тұжырымға сүйенеді. Бала
бұл пікірді меңгерсе, нәтижесінде олардың өзін - өзі бағалау деңгейінің
төмендеуіне әсер етеді.
Бастауыш сыныпта өзін - өзі бағалау мектепке дейінгі жасќа ќарағанда сәл
төмендейді. Неге? Бірінші сыныптан бастап олар өздерін ќұрдастарымен
салыстырады. Бала өзінің мүмкіншілігін басќалардан төмен екенін сезсе, бұл
өзін - өзі бағалауға да әсер етеді. Ал, жасөспірімдік кезеңде өзін - өзі
бағалау біршама тұраќталады. Баланың өзін - өзі бағалауы жоғарыламайды да
және төмендемейді де. Бала әр салада өз орнын аныќтап, соған сәйкес өзінің
өзін - өзі бағалауын түзетіп алады [34].

1.2 Жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктерінің
мәні

Ќазіргі таңда сана психикалыќ саулыќ деп ќаралуда. Психикалыќ саулыќ
дегеніміз – субъект ретінде адамның бастапќы ќабілетімен ќоршаған ортаға
өзара ќатынасын санасы түрде меңгеруі, сол арќылы ортадағы аќпараттан ішкі
ќасиеттерін дамытуда тұраќты және үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және
ќоғамдыќ деңгейде ќолдану. Адамға ќажетті психикалыќ саулыќ өзіндік
әлеуметтік психологиялыќ көмектен ќалыптасады. Оның өзіне көңіл бөлуі, жеке
тұлғаның жетілуі толғандырады. Оны өзіндік сапасын дамыту арќылы өзін
бейнелейді, әр түрлі білім алады, өзінің ќайталанбас ерекшелігіне
уайымдайды. Өзіндік сана Мен ќасиетіне ќатынасында, оған ниеті, ойы,
сезімі және ќимылы жатады. Адамға өзіндік санада ғана жоғары деңгейде, өзін
ќабылдау және өзін дамыту түсінігі ќарастырылады. Өзіндік сана ќалыптасуы
өзіндік мазмұн, өзіндік жетілу ќажеттілігін меңгеруден және өз өміріне
жауапкершілік алудан тұрады.
Өзіндік сана дамуы өзіндік сенім (өзіндік баќылау, өзіндік талдау)
өзіндік баға (эмоционалды ќұндылыќќа ќатынас), өзіндік реттелу жатады.
В.Сатир Өз ќұндылығымның декларациясы деп, барлыќ адамдарды есте
саќтауға шаќырады, Мен – ол мен бар әлемде маған ұќсайтын адам жоќ. Менің
барлыќ жеңісім менің ќателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен
өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын.
Оның тұжырымдауысынша өзіндік бағаны Адамдағы барлыќ ауру, өмі сүру
мәселесінен, кейде ќылмысынан - өзін бағалау төмендеп, одан сапалы
меңгерумен өзгертуді керек етпегендіктен.
Өзіндік реттеу өзінде шыдамдылыќты дамыту, ерік – күш еркіндігі, толыќ
жауапкершілік, аќыл – ойын сараптау, онда өмірді ашыќ, көңілді жеңісті ету
үшін ережені саќтау:
Өзіне сену – ары таза болу
Жауапкершілікті ќорыќпай алу
Өз көңілін көтеріңкі ету
Өз ќателігіне, ќұнды тәжірибе деп ќарау
Өзіңде болып жатќан жағдайға ќұрметпен ќарау.
ерттеулер негізінде жеке тұлғаның психикалыќ саулығына көптеген
әлеуметтік жағдайлар әсер етуіне байланысты әлеуметтік психологиялыќ
ќызмет көрсету ќажет.
Негізгі бағыттары бойынша: психодиогностикалыќ, психокоррекциялыќ,
психологиялыќ кеңес беру болып табылады. Әрбір жеке тұлғаның ќұндылығы
ескеріліп, өмірдегі кез – келген әлуметтік жағдайда дайындау ќазіргі заман
талабы.
Жасөспірім үнемі жаќсы әлеуметтік психологиялыќ жағдайда тәрбиеленуі,
оќуы, өсуі ќажет. Сонда балада жағымды мен бейнесі ќалыптасады, өзіне
деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай мен бейнесі кез келген
баланың жаќсы жағдайға, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
И.Кон Мен бейнесі элементтерінің когнетивтік күрделілігі мен жіктелуі
кіші жастан ересек жасќа ќарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және
дағдарыссыз артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер
жеткіншектерге ќарағанда өзіндегі ќасиеттерді көбірек ажыратады. Мен
бейнесінің тізбектілігінің және тұтастығының даму үрдісі артатындығын,
біраќ мұнымен бірге тартымдылыќ деңгейінің және сыртќы бағалаудан өзін -
өзі бағалауға ќайта бағдарланудың ќиындыќтарының белгісі болмауы кейінгі
дамудың көзі болып табылатын өзін - өзі білудің бірќатар ішкі мазмұндыќ
ќайшылыќтарын туғызады деп тұжырымдайды.
Кез-келген мәдениетті ортада адам өзін Мен-тұжырымдамасының
негізінде басќарады, яғни оның өзі туралы көрінісіне сәйкес.
Реттегіш үрдісі сыртќы және ішкі өзгерістерді өзіне жүктейді. ішкі
бейімделуге жеке бастың сезім, эмоция, ќажеттілік жағдайындағы өзгерістер
жатады. Ал сыртќы өзгерістерге ішкі бейімделудің негізінде жатќан.
баќыланған мінез-ќылыќтар мен әрекеттер жатады. Адамда жаңа нұсќаулар мен
сезімдер ќаншалыќты пайда бола бастағанымен, ол өзінің сыртќы мінез-
ќұлќынына түзетулер енгізіп отырады. Сондай-аќ, сыртќы өзгерістерге
әлеуметтік жағдай, мысалы, жаңа рөлдер мен жаңа ќарым-ќатынастың пайде
болуы сияќтылар жатады.
Ішкі бейімделу ішкі өзгерістермен байланысты. ішкі өзгерістер Мен
түжырымдамасының өзгеруі немесе өзіне деген ќарым-ќатынасыныі ќондырғысының
нэтижесінен болады.
Мен-тұжырымдамасы - бұл адамның өзі туралы немесе өз бейнесі яғни
өзінің денсаулығы, сыртќы көрінісі, мінезі, айналасындағыларға әсері,
ќабілеттері мен кемшіліктері туралы көзќарасы. Мен-тұжырымдамасының ең
негізгі аспектілерінің бірі — өзін-өзі бағалау: өзін жоғары бағалайтын адам
өзі жағымды түрде ќабылдайды, Мен- тұжырымдамасы төмен өзіндік келеңсі:
теріс мінез көрсетеді.
Мен түсінігінің мыќты екпіні тек батыс-европалыќ жэне солтүстік
американдыќ мәдениетке тән. Көптеген елдердің мәдениеттерінде (сондай-аќ
Азия, Латын Америкасында және т.б. Европаның оңтүстігіндегі елдер) топтық
және жалпы ќұндылыќтарға басты көңіл аударылады. Бұл елдердің
мәдениеттерінде адам үшін оның отбасы мүшелері немесе әріптестер ќамќорлыќ
жасау керек деп есептелінген. Бұл мәдениеттердің өкілде американдаќтардың
көзќарастарын үнемі өзімшілдік деп санайды. Батыс мәдениетінің
негізінде, реттеуді зерттеген кезде, оларда адамның Мен-
тұжырымдамасының мыќты біржаќтылығы байќалды.
Батыс мәдениетінде адамдар өзінің мінез-ќұлќымен сыртќы көрінісін
ќадағалауда ќатты ќажеттілікті сезінеді. ‡йлерінде радио, теледидар, үй
жипаздары болмаған күннің өзінде, сол үйден бірнеше айна табуға болады,
Айнаның жанынан өзінің кескініне ќарамай өтпейтін адам кемде-кем.
Сыртќы көрініс - бағалау ќиынға түспейтін, Мен-тұжырымдамасының
аспектісі. Өзінің сыртќы көрінісіне әр адам әртүрлі ќарайды.
Негізінде, адамның өзі туралы пікірі басќа адамдардың оған деген ќарым-
ќатынасынан негіз алады. Мен-тұжырымдамасының ќалыптасу үрдісі
балалыќ шаќтан басталады. Мәселен, ата-анасы баласына ат ќойғанда, баланың
болашағынан үлкен үміт күтіп, соны тосуына байланыстырады. Бір нәрсе
белгілі, баланың ата-анасы ќойған аты ғана емес, ќолдау көрсету;
сүйіспеншілік, мадаќтаулар және ата-анасының баласына деген
ќызығушылыќтары, балада жағымды Мен-түжырымдамасы мен жоғары өзін -өзі
бағалауын ќалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Егер балаға үнемі үрсып оған
кейде ғана жылы сезім білдірсе, онда балада жағымсыз Мен
түжырымдамасы мен төмен өзіндік баға ќалыптасады. Темен өзіндік бағадағь
жасөспірімдер өзіне сенімді емес және оларда өзіндік ар-намысы, ќадір
-ќасиеті әлсЬ нашар дамыған. Олар басќа балалармен тіл табысуда, ќарым-
ќатынас жасауд ќиналады. Мен-тұжырымдамасы жағымсыз ќалыптағы балалардың
мінез- ќұлќында, достарымен, мұғалімдермен басќа да топтардың
мүшелерімен ќарым-ќатынасында үнемі тауќымет болып отырады. Бұл жағдайлар
мұндай балаларда өзіндік бағасына одан сайын кері әсер етеді. Баланың
бірінші сыныптағы Мен-тұжырымдамасының тауќыметінен өмір бойы зардап
шегіп келген жағдайлар да кездеседі.
Өсе келе, дами келе, балалар өздерін басќалармен салыстырып, Мен, Әлия
сияќты әдемімі емеспін бе? немесе Мен Дина сияќты жаќсы ќызбын Мен де
Ғабит сияќты жаќсы жұмыс істей аламын - деген пікір білдіреді.
Жасөспірімдік кезеңге жаќындай келе, балаға ата-анасының көзќарасынан гөрі
достарының ой-пікірлері шешуші мәнге ие болады.
Әрбір адам өзінің ќандай болғысы келетініне байланысты, арман-
мүратындағы Мен бейнесін тудырады. Ереже бойынша, армандағы Мен ата-
аналары, мұғалімдері, достары мен абыройлы адамдардың көзіндегі ќүндылыќ
сапаларына ие болады. Адамның Мен бейнесі айналадағылардың әсерінен
өзгеруі мүмкін.
Лавануэя мен Уалидің зерттеулері жағымды Мен-тұжырымдамасы баш
адамдардың айналасындағыларға шыдамдылыќпен ќарауға бейім екендігіа
көрсетіп берді. Олар өздерінің сэтсіздіктерін де жеңіл ќабылдайды, олардьщ
сәтсіздікке үшыраулары өзіндік бағасы темен адамдарға ќарағанда
сирек кездеседі. Жоғары өзіндік баға, әдетте, өз бетімен, дербес және
адалдыќ сияќты сапалармен сәйкес келеді. Өзі туралы жағымды пікірдегі
адамдар ең алдымен өз дегеніне сүйеніп, содан барып ќана басќалардың
кеңестері мен сындарын ќабылдайды .
Төмен өзіндік бағадағы адамдар, керісінше, айтылған сындарды ауыр
ќабылдап, барлыќ сэтсіздіктерде өзін кіналайды. Олар өз күштеріне сенбеуіне
байланысты, ќысымға тез көнеді.
Кей-кездерде Мен-тұжырымдамасы жағымды адамдарға да өзін басќару
ќиынға түседі. Бейімделу үшін критерийлерді табу ќиынға түскенімен, Мен-
тұжырымдамасы жағымды адамдар Мен-тұжырымдамасы жағымсыз адамдарға
ќарағанда, тез бейімделеді. Реттегіштің амал-тәсілдері мәдениет ортасы мен
наќты жағдайға байланысты. Адамға ќолданылған бейімделудің жекеше әдістері
оның жеке тұлғасының бөлігі болып табылады. Жеке тұлға, жеке адамға
берілетін аныќтамалардың көптігіне ќарамастан, соның ішінде көбі ќоршаған
орта жағдайына бейімделу аспектісін сызып көрсетеді. Жеке тұлға адамның
мінез-ќұлыќ, ойлау, сезім, ќажеттіліктерін ќоса алғанда, яғни сыртќы
көрінісі жоќ аспектілерінің барлыќ жиынтығын көрсетеді. Кейбір мінез-ќұлық
және сезім түрлері жиі ќайталанады, ал енді біреулері - сирек ќайталанады.
Өзім, ұќсастыќ, бірлестік сияќты терминдер жалпы ќолданысќа ене
бастады: бұл ұғымдардың астарында жеке адамның өз-өзіне деген ќарым-
ќатынасы туралы нұсќама, түсініктер жатыр. Бұл нұсќамалардың пайда болуына
не көмектеседі?, деген сұраќтар туындайды. Олар ќалай саќталадьад Осыған
байланысты көптеген күрделі теориялар бар.
Нәрестелер басында өзі мен ќоршаған ортаның арасындағы ќырларың
аныќтауға ќабілетсіз. Біраќ, оларда біртіндеп өзіндік Мен дамып, дене
бітімінің, денесінің тек өзіне ғана тэн екенін, оның ќоршаған ортадан
тәуелсіздігін сезіне бастайды. Нәрестелік кезеңнің үлкен бөлігі балада тек
осымен ғана шектеледі.
Кейіннен кішкентай балалар өздерін ата-аналарымен, достары мен туған-
туыстарымен салыстыра бастайды. Олар өздерінің аға,әпкелерінен кішкентаі
екенін, олардың шаштарының түсі ашыќ немесе ќоюлығын біле бастайды.
Олар біртіндеп өздерінің неге ќабілетті, сондай-аќ, өздерінің жеке
меншік ұйғарымы мен ќұќыќтарының бар екендігінен ќыр көрсете бастайды
(Наrtеr 1988). Жасөспірім шақ оќушысы достарының арасында сыйлы, көмегін
аямайтын, мектепте, спортта үлгеріъ жаќсы сияќты ќасиеттердің өзіне тэн
екендігін жеткізіп бере алады. Бұл өзінді ерекше белгілер бір жүйеге
негізделіп, ұйымдастырылған.
Мен-тұжырымдамасы бүтін мәнді жеке адамның ќалыптасуында өте маңызды
рөл атќарады. Адамның өзі туралы жеке көрінісі тіпті балалық шаќтың өзінде-
аќ (өмірдің ересектер кезеңін айтпағанда) келісімді түрде болу керек,
әйтпеген күнде, жеке адам рөлдердің араласуынан зардап шегеді. Мен
тұжырымдамасы шындыќтағы жэне арман-мұраттағы Мен бейнесін ќамтып
шындығында адам өзі ќандай жэне ќандай болуы керек туралы көрініс табады.
(Меаd,1934). Осы 2-түрдегі Мен бейнесін ќабылдаған адам,
өзін шындыќтағы Мен бейнесін армандағы Мен бейнесінен әлдеќайда кем
ұстайтын адамдарға ќарағанда олардан бұрын өмірге ыңғайланып, толық
кемелденеді [30].
Әлеуметтік ќоршаған орта пенденің Мен-тұжырымдамасының: ќалыптасуына
ќалай көмектессе, Мен-тұжырымдамасы да өз кезегінде әлеуметтендіруге өз
әсерін тигізеді.
Мен-тұжырымдамасы соншалыќты кең болып, адамның мінез-ќұлќы аныќтай
бастағанда, ол әлеуметтендірудің факторына, сондай-аќ, оның өніміне
айналады.
Мен-тұжырымдамасы өзін-өзі кінәлау ќызметін ќалай атќарса, өзін-өзі
кеңейту ќызметін атќаруы да мүмкін. Адамның мінез-ќұлќы оның Мен
бейнесімен сәйкес келген кезде, ол айналасындағылардың ќолдау, ќошаметіне
жүре алады: ол өз-өзіне көңілі толып, басќа сыйды ќажет етпейді. Мысалы; өз
жаќсы спортсмен деп санайтын балаға сәтті өткен ойыннан кейін достарынь
айтќан мадаќтау сөздерін есту тартымды болар еді, біраќ ол жалғыз жаттыќќан
күннің өзінде де, өз мүмкіндіктеріне сәйкес алынған
нәтижелерге ќанағаттанады.
Мен-тұжырымдамасы өзіне өзін-өзі кінәлау тенденциясын ќосуы
мүмкін. Өздерін жолы болмайтындар ќатарына жатќызатын адамдар, бүрынғы
бейнесін саќтау үшін өз күштерін жағдайды жөндеуге, түзетуге жұмсауы
мүмкін. Бейненің бірден тез өзгеруі-жаќсы жаќќа өзгерген күнде де- адам
оньі өте ауыртпашылыќпен ќабылдайды.
Балалар өскен сайын, жасы есейген сайын, оларда өздерінің және басќа
адамдардың жеке басының физиологиялыќ, интеллектуалдыќ сапа, ќасиеттер
туралы наќты, толыќ көріністері ќалыптасады. Олар өздерінің және басќа
адамдардың Мен бейнесінің ерекшеленетін барлыќ ќасиеттерін өздерін алады.
Мен бейнесінің кемелденуі, аяќталуы 2-деңгейде өтеді - жалпы жән
өзгешелік - яғни, күш жүмсалатын, әлеуметтік жэне оќу. Балалар осылай өзін
достарымен, жолдастарымен салыстырып ќорытынды шығарады: Мен спортта
Нұрболдан мыќтымын, біраќ математикадан Ғалым сияќты мыќты емеспін немесе
Мен Ғалия сияќты жаќсы емес шығармын, біраќ менің достарым өте
көп.Түсіндірілген Мен-түжырымдамасы, өз кезегінде, балаларда
айналадағылардың элеуметтік мінез-ќүлќы мен өзінің әлеуметтік ќалпынь мінез-
ќұлќы арќылы бағалайтын сүзгі ретінде жабдыќтайды. Мен-тұжырымдамасы
ылғи да дәлдігімен айрыќшалана бермейді.
Ќоғамның әлеуметтік дамуы жеке тұлғаның жетілуін, белсенділігін
ќалыптастыруға жоғары талаптар ќояды. Міне, осындай жеке тұлға ғана өзінің
әрекетін және ќылығын өздігінен реттей алады, өз дамуының перспективасын
аныќтайды. Шығармашылыќ және жан-жаќты дамыған жеке тұлғаның ќалыптасуы
үшін балалардың өзара әрекетін, ќарым-ќатынасын дұрыс бағалап, байќап
білуге үйрету керек.
Өзін-өзі бағалау жеке тұлға ќалыптастыруының маңызды факторы болып
табылады. Ол адамға әртүрлі өмір жағдайында белсенді таңдау жүргізуіне
мүмкіндік береді. Сондай-аќ адамның ұмтылысын, айналасындағылармен ќарым-
ќатынасының сипатының деңгейін аныќтайды.
Жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін-өзі бағалауы деген не? Бұл сөз
түсінікті сияќты. Өзін-өзі бағалау – адамның өзіне берген бағасы. Адам өзін
бағалау үшін әуелі өзін білуі керек.
Жасөспірімде өзін-өзі бағалауды ќалыптастыру мәселесі – оның тұлғасының
дамуын аныќтайтын маңызды мәселе. Міне, сондыќтан да осы мәселе
психологтардың назарына алынуда.
Психологтар өзін-өзі бағалауды әртүрлі деңгейдегі күрделі психикалыќ
жүйе ретінде ќарастырады. Адам өз-өзіне танымның ерекше объектісі болып
табылады. Өзін тану ішкі әлемді тану процесіне енеді және адамның әлеммен
үздіксіз өзара араќатынасымен байланысты. Сондыќтан өзін-өзі бағалау
табиғатынан әлеуметтік болып табылады.
Өзін-өзі бағалауды адамның өмірінің басќа психикалыќ көріністерінен
бөліп алуға болмайды. Ол ойлаумен де, еспен де, адам өмірінің эмоционалдыќ
өмірімен де байланысты. Өзін-өзі бағалау даму деңгейлері мен алға басу
ќарќынын аныќтайды.
Жасөспірім шаќтағы оќушылардың өзін-өзі бағалауы туралы айтќанда, оның
нәтижесі байќалады: жоғары немесе төмен, адекватты немесе адекватты емес,
т. б. Біраќ адамның бұл бағалауға келуін, оның ќандай ќұралдарды
ќолданғанын, ол өзін тануда ќандай аќпаратќа сүйенгенін білу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі бағалау
Теледидар және жасөспірімдер
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға арналған психологиялық тренингтердің рөлі
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Пәндер