ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

беті
Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
І ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімі мен теориялық 6
анықтамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Белсенді туризмнің тактикалық және классификациялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

ІІ ҚР-ДАҒЫ ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстандағы туризмнің даму тенденциялары мен қазіргі
жағдайын 28
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.2 ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму жағдайы мен өзекті
мәселелері 42
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..

ІІІ ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму бағыттары мен
перспективалық 51
жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 60
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 63-64
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр
саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Экстрималды
туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Экстрималды
туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр.
Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен
қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен
көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі
келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен
жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды.
Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып
келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған
жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы
үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал шытырман оқиғаға толы
туризм оның көкейінде түрлі қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді
толығымен алуға мүмкіндік береді және оның көмегімен бұл мәселені
оңайлықпен шешуге болады. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза
ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып,
ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен ляззат алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан
қазіргі таңда экстрималды туризмді дамыту мәселелері өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты, экстрималды туризмді дамытуға ықпал етуші
іс-шаралар мен принциптерді зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімі мен теориялық анықтамалар
беру;
- Белсенді туризмнің тактикалық және классификациялық
ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстандағы туризмнің даму тенденциялары мен қазіргі жағдайын
талдау;
- ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму жағдайы мен өзекті мәселелерін
ашықтау;
- ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму бағыттары мен перспективалық
жобалар ұсыну.
Сондықтан, жұмыстың бірінші тарауы экстрималды туризмнің ерекшеліктері
мен теориялық аспектілерін ашықтауға арналған.
Жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы экстрималды
туризмнің қазіргі жағдайын талдауға, даму тенденцияларын зерттеуге және осы
саладағы түйінді мәселелер, оларды шешу жолдарын іздеуге келтіріліп,
зерттелген.
Үшінші тарауында, Қазақстан Республикасында экстрималды туризмнің даму
перспективаларын ұсыну бағдарында стратегиялық жобалар, даму бағыттары
келтірілген, ұсыныстар өңделген.
Қорытындыда, Қазақстан Республикасындағы экстрималды туризмнің қазіргі
жай күін талдау барысында нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.
Зерттеу тақырыбы болып экстрималды туризмді дамытудағы концептуалды
шешімдер және негізгі принциптер әзірлемесі болып табылды.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы экстрималды туризм
жіктеліміндегі шытырман-оқиғалы туризм түрлері таңдалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, бес тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 64 бет.

І ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімі мен теориялық
анықтамалары

Экстрималды туризмді шытырман оқиғаға толы туризм түрі ретінде
қарастырсақ болады. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат
сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам
баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал шытырман
оқиғаға толы туризм оның көкейінде түрлі қызықты сезімдерді бастан кешуге,
адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді және оның көмегімен бұл
мәселені оңайлықпен шешуге болады. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт
бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен
демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен ляззат алуды қамтамасыз етеді.
Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімін қарастыра отырып, оларға
теориялық анықтама беретін болсақ, төменде келтірген туризм түрлеріне
нақтырақ және толығырақ тоқтап өтуге болады.
Тау шаңғысы спорты – арнайы шаңғыда таудан түсуді қамтитын спорт түрі,
сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың арасында кеңінен
таралған белсенді демалу түрі.
Тәртіп: таудан шапшаң түсу Даунхилл, супер-гигант, ірі гигант
слалом, слалом, таушаңғы комбинациясы, могул, ски-кросс, телемаркинг,
фрирайд, фристайл, спид-скиинг, ньюскул, alpine Masters (тау шаңғысы
спортының әуесқойлары мен ардагерлері үшін арналған жарыстар) [1].
Су туризмі –белгілі бір су объектілері (өзендер, көл жағалары)
бойынша ұйымдастырылып өткізілетін,арнайы (қайықтар, салдар т.б.) жүзу
құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер.Су
туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар,балон
қайықтар,кильді қайықтар,катамарандар,тегіс табанды қайықтар т.б.) су
жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер,толқындар,
сарқырамалар т.б.).Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында
артылықшылықтары бар.Су туризмі палатканың салмағымен де,көлемімен де
қысылмайды,ол өзімен бірге киім,балықтар аулау құралдарын,итін,көбірек азық-
түлік алады. Су туризмі спорттық туризмінің бір түрі болып табылады, ол су
бетінде болатын арнайы маршруттық кедергілерді өтуді қамтиды. Ол да белгілі
бір кедергілерден өтуді қарастырады. Су туризмі өзге де спорттық туризм
түрлері сияқты дәрежелерді қамтиды. Ол дәрежесі бар және дәрежесіз деген
екі топқа ажыратылады. Мысалыға, 1-ден 6-ға жейінгі дәреже түрі болса, 6-сы
ең қиыны болып табылады. Су туризмі белгілі бір түрлерге бөлінеді: каякинг,
рафтинг, желкенді қайық көмегімен және өзендерге сплав жасау. Аса қиын емес
су жорықтары қарапайым үрлегіш қайық арқылы жүзеге асырылады. Су туризмімен
айналысу үшін үрленгіш, ағаш дуалынан жасалған қайықтар қолданылады.
Сонымен қатар, коммерциялық түрде сплав жасау үшін рафт жиі пайдаланады
[2].
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді,
бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын
болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды
байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын
біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік
береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен
жағалауларымен тұйықтайды.Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс
жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең,
таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара
аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар
шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап
жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Су саяхаттарының маршруттары жолың күрделілігіне,ондағы бөгет-
кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес
дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристердің жеңіл өтуіне болатын
кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі
күрделілікке ағысы тез ағатын таулы,орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі
саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар
енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін
спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен
болады [3].
Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:
1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен
қарай жүзу;
3) жарты дөңгелекті маршрут – бұнда маршруттың бастапқы немесе дөңгелекті
келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің басы және
соңы құрғақ жолмен біріксе,бұндай маршрут айналмалы (кругосветка) деп
аталады;
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен ауысып жүруі;
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су
плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі;
6) цептік маршрут – бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы бойынша
өтеді.Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға
қалдырады,өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады;
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле және
кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып,оны эстафеттіге айналдыруға
болады [4].

Су туризміндегі жеке жабдықтар

Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш,
гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару күртешелері, каска т.б.
жатады.Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, каяк
жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар,
катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол
елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы
аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда
жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және
т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды
жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің
қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын
шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар
жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты құрал-жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ жайлары
(бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты
жұмыстар тобы.Климаттың, ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар
өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы
аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған [5].
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған
кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға
өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге
мәжбүр ететін биік қия, жоталар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына
байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет.
Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді
жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе,
көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды
ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді.
Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді
ұйымдастырмаған дұрыс болады [6].

Шаңғы жорығын ұйымдастыру

Шаңғы жорығының ерекшeлігі, біріншіден, қозғалыс құралы ретінде
қолданылады, екіншіден, дене шынықтыру, спорттық құрал түріне жатады.
• Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. енді үйренушілер тобы;
2. шаңғыны толық меңгерген адамдар; Бірінші топ үшін шаңғы түрлері
ерекшелік қолдану тәсілдері керергілерден өту таулы аймаққа арналған түрі
болады. Шаңғышылардың аяқты бекіту орындары әр түрлі болып келеді:арнайы
ботинкалармен шығатын шаңғылар, тек бекіту орны бар шаңғылар бар. Шаңғы
жорықтарының танымдық ерекшелігі сол,ол кез-келген жастағы адамдарға
ұйымдастырылуы мүмкін.
• Шаңғы трассаларын 3-ке бөліп қарастыруға болады:
Тау жолы
1.Үйренуші мен балаларға арналған;
2.Әуесқойларға арналған;
3.Спорт шеберлеріне арналған.

Шаңғы жорығындағы кедергілер

Шаңғы жорығында өзіне тән табиғи кедергілер жіктеледі. Осындай
кедергілерге жарлар мен жыралар, шұңқырлар мен шұңғымалар, тастар мен
жартастар, өсімдіктер дүниесі, қураған ағаштар және құрылыс қалдықтары.
Шаңғымен қозғалу кезінде кездескен кедергілерден өтудің әр түрлі тәсілдері
бар. Бұл тәсілдерді шаңғышы толық меңгеруі қажет. Ал, шаңғы қозғалысы дене
қимылына тәуелді. Сондықтан шаңғы жорығы дене тәрбиесін қажет етеді.
Өйткені шаңғыда бұрылу, тежелу, қозғалысқа келтіру дене қозғалысы арқылы
жүзеге асырылады. Шаңғыға тұрғаннан кейін оны қозғалысқа келтіру, шаңғы
таяқшасының көмегімен адымдап жүру, сырғанау тәсілі пайда болады, ал
шаңғымен жүру дене нің толық бұрылуымен ерекшеленеді. Шаңғымен
шұңғымалардан және бөренелерден өту кезінде салмақ шаңғының ортасына
түседі. Шаңғымен беткейге көтерілудің әр түрлі тәсілдері бар. Бұл беткейдің
көлбеулігіне байланысты. Егер беткей 15-20 градус шамасында болатын болса,
оған таяқша көмегімен адымдап, жылжып көтерілуге болады. 20-30 градус
шамасындағы биікке жартылай демалып, одан рі мүмкін болмаған жағдайда
шаңғыны шешу керек. Шаңғы жорықтары қыс айларында адамдарды ынталандыратын
жорық түрі болған соң, оның ұйымдастырушылық тәсіліне көп мән беріледі [7].

Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері

• Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері қатарына: маршруттың
дұрыс түрін таңдау; сол маршрут бойынша болатын қиын жол учаскелерін
бөліп, қарастыру; жорықты жүріп өту графигін құрастыру және де қиын
учаскелерді қауіпсіз түрде өту үшін таңдаулы уақытты таңдау; лавина
болатын жерлер мен қауіпті, экстремальды жерлерді өту барысында
коллективті жұмысты ұйымдастыру. Дәстүрлі жорықтармен қатар (ақпан,
наурыз және сәуірдің басы), күзгі және көктемгі маусымаралық жорықтар
(елдің солтүстік аудандарындағы маршруттарға сәйкес), сонымен қатар
поляр түні (Полярлы маршруттар бойынша) ұйымдастырылады. Мұндай
жорықтар барысында туристер өте жақсы деңгейдегі дайындықта болулары
қажет.
Альпинизм — спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі.
Атауы Еуропа құрлығындағы Альпі тауынан шыққан. Алғаш 1786 жылы
швейцарлық Мишель-Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан
шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20
ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 жылы 17 шілдеде
қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м)
көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында
Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қазыбек Уәлиевтің
жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын
бағындырды [8].
Монблан шыңы.
Альпинизм - 1) биік тау шыңдарына шығумен байланысты спорт түрі;
2) биік таулық туризм. Альпинизмнің тәсілдері мен техникасы биік таулы
аудандарда географиялық зерттеулер жүргізгенде, құрылыстар салған кезде
және тағы да басқалары қолданылады.
3). Судағы туризм:
• Виндсерфинг (парустық тақтада жүзу);
• Судағы шаңғы;
• Вейкбординг;
• Кайтинг;
• Каякинг;
• Рафтинг [9].
Судағы туризмнің соңғы екі түрі өте экстремальді және қауіпті, себебі бұлар
таудағы өзендерде болады.
4). Экзотикалық туризм:
• Ғарыштағы туризм;
• Джайлоо-туризм;
• Солтүстік және Оңтүстік полюстегі туризм және басқа да экстремальды
орындарда.
ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш
ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі"
кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б.
кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром —
ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған
ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты
нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-
дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан
күрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және
жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасыгыш (РТ) пен
ғарыштык аппаратты (ҒА) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне
орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын
жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын
беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру,
байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері
жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. Техникалық позиция жалпы техника
арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен ҒА-ны тасымаддап
әкелуге арналған жолы бар алаңнан, оларды қабылдауға, сақтауға,
құрастыруға, сынауға арналған кешеннен түрады. Сонымен қатар қүрастыру-
сынау корпусы, қосалқы трансформатор стансасы, қызмет үйлері, т.б. болады.
Старттық кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату,
сынау, жанар май қүю, үшатын бағытқа бағдарлау және үшыру процестерін іске
асыратын арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтар орналасқан
кешеннен және алаңнан қүралады. Старттық кешендегі арнайы технологиялық
жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді. Орнықты старттық кешен
қүрамында үшыру қүрылыстары, жайқайтарғыш жүйе, жылжымалы мүнара қозғалатын
рельстік жол, командалық пункт, РТ-ға жанар май қүю жабдықтары,
трансформатор стансасы, тоңазытқыш қондырғысы, градирня және бүркуіш
бассейн, өрт сөндіруге арналған су резервуары, әкімшілік және қызмет
үйлері, т.б. болады. Командалық өлшеу кешені РТ-ның траекториясын аныктау,
ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бүйрыкгарын беру, телеметриялык.
ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс жасау, теледидарлық кескін
кабылдау және оны теледидарлық жүйемен тарату жұмыстарын орындайды.Сонымен
катар ол траекториялық өлшеулерді үйлестіру-есептеу орталығына беріп
отырады. Командалық өлшеу кешенінің күрамында радио-телеметриялық стансасы,
радиоқабылдағыш және таратқыш кұрылғылар, антенналык. қондырғылар,
кабыдданған ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін компьютерлер, уақыт
қызметі, байланыс қүралдары, т.б. болады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш
алаңдары Қазакстанда (Байқоңыр) және АҚШ-та (Шығыс сынақ полигоны, Флорида
штаты) орналасқан. Байқоңыр Ғарыштардың ең алғашқысы. Оның жасанды серігі
(4.10. 1957) және дүние жүзіндегі түнғыш ғарышкер Ю.А. Гагарин (12.4.1961)
ғарышқа үшты. Ғарыштық аппараттар, сондай-ақ Капустин Яр, Плесецк (Ресей),
Батыс сы-нақ полигоны, Уоллопс, Атлантис (АҚШ), Куру (Франция), Утиноура,
Танегасима (Жапония), Чанчэнцзе (ҚХР), Сан-Марко (Италия), Шри-харикота
(Үндістан) Ғ. а-тарынан да үшырылады. С. Сүйменбаев ғарышкер, астронавт,
космонавт ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан еткізетін әрі оны
пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған
мамандық. Алғашқы Ғарышкелер әскери үшкыштар мен ұшқыш-сынактар қатарынан
таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға кажетті қасиеттер (үшу шеберлігінің
жоғары деңгейде болуы, апатқа үшырау жағдайында жылдам шешім кдбылдауы, шу,
діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жүмыстарын
жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандықка лайықты еді.
Кейінірек КСРО-да да, АК-та да ғарыштык кеме экипажына қажетті арнайы
білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау
ісі КСРО-да 1960 ж., АКДІ-та "Меркурий" ғарыштық кемесінде үшуға арналып
1959 ж., ал "Джемини" мен "Аполло" ғарыштык, кемелеріне арналып 1962 ж.
жүргізіле басталды. Түңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннен (1961) бастап ға-рышқа
300-ден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазак, Ғарышкерлері де Т.О.
Әубөкіров (1991), Т.А. Мүсабаев та бар (1994, 1998, 2001) [10].
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін
туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм
түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ
бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген
ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін.
Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі
мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады
[11].
Спелеотуризм – үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер
жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы
ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды
ұйымдастыру.Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер үсті өзендері
болады. Үңгірлер вертикальды және горизантальды болуы мүмкін. Өз бойында
тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын
біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін
құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.) [12].
Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни
үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады.Көп жағдайда
үңгір аймағында базалық лагерьлер құрылады.

Спелеотуризм ерекшеліктері

Спелеотуризм саяхаты өзіндік ерекшеліктерге ие.
Бірінші ерекшелігі – күндізгі жарықтың болмауы. Жер асты саяхатының ең
басты қауіптілігі - қараңғылық. Жарық жоқ жерде қозғалу, бағытты бағдарлау
қиындай түсетіні белгілі. Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап
түсуге де болады. Мұндайға ұшырамау үшін саяхатшылар жарық сыйлар
құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.
Екіншіден, үлкен үңгірлер ішке енетін жол тараптарының көптігімен
күрделі,онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де
қиын соғуы мүмкін.Үңгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан
еденге тас сылықтарының құлайтыны бар. Кейде олар сәл дірілдеп,тіпті қатты
дауыстың өзінен-ақ үгітіледі. Жерасты саяхаты кезінде адамды тұншықтырар
немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады.Жалпы
үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие [13].
Үңгірге түскен әрбір саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға шығу
әдістеріе игеріп, мұзды еңістерден аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік
ерекшеліктерін, т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына және де онымен
байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты, тапқырлықты,
төзімділікті, тез әрі жақсы қағып алушылықты,денсаулығының мықты болуын
талап етеді. Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті
екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды. Ең алдымен біреу бақытсыздық
жағдайға ұшырап қалса, оған қалай сырттай көмек көрсетудің шаралары, сондай-
ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күнібүгін бақылау мерзімі
белгіленуі керек.
Спелеотуризмнің негізгі ерекщеліктері: жер асты маршруттардың
қиындығы, ол үңгірлердің рельефінің сан қилылығымен (жер асты сулары,
кішкентай жолдар, құдықтар және т.б.); ауа дымқылдылығы көрсеткішінің
жоғары деңгейімен (100%-ға дейін) бұл өте төмен температурамен қоса,
жарықтың болмауымен байланысты болады. Спелеотуризм адамнана аса көп күшті,
төзімділікті, ұшқырлықты, жер астында еркін қозғалу және өмір сүру
қабілетімен, жақсы жүзу және су астында жүзу (кейде аквалагпен жүзу қажет
олған жағдайда), шыңға өрмелеу қасиетінің болуын қажетсінеді. Маршрут
әдетте 2 бөліктен тұрады:жер асты және жер үсті. 1-ші бөлікті өту қиындығы
мен талаптары ( жаяу, шаңғымен, қайық үстінде немесе өзге тәсіл арқылы),
сонымен қатар ұзақтылығы үңгірдің орналасу жерінен, оның тұрғын аудандардан
арақашықтығымен, жорықтар қиныдығымен, жыл мезгілімен және т.б. байланысты
болады. Екінші бөлік қинышылығы үңгірдегі ауа жағдайымен және ұзақтылығымен
байланысты болады. Арнайы дайындық пен техникалық құралдарды қажет ететін
үңгілер 9 қиындық дәрежесіне бөлінеді: 1, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 5А, 5Б.
Үңгірдің қиындық дәрежесін аңықтаудың негізгі критерийі болып оның
ұзақтылығы, қиындығы және маршрут барысында кездесетін кедергілер көлемі
болып табылады. Кедергілер ретінде құдықтар және кішкене тар жолдар болып
келеді. Сонымен қатар, су және қар күйіндегі кедергілер де кездесіп жатады
[14].

Спелеотуристік іс-шаралар

Спелеомектептер

Кеңес одағы кезінде спелеотуристер тұру орны бойынша ұсынылатын арнайы
лагерьлерде оқытылып, ал кейін үңгір аудандарындағы спелеолагерьлерде оқуын
жалғастырған еді.

Спелеоэкспедициялар

Спелеоэкспедициялар бірнеше үңгірлерді көрумен, бір танымал үңгірді
көрумен немесе жаңадан ашылған үңгірлерді зерттеумен байланысты
ұйымдастырылуы мүмкін. Спелеоэкспедициялар сонымен қатар, үңгірлер
орналасқан аймақтар, саябақтар территориясында жалғасуы мүмкін. Ол үшін тек
администрациядан рұқсат алу қажет болады [15].

Спелеотуризм КСРО-да

Спелеотуризм КСРО-да 60 ж. басында, Крым, Урал, Красноярск аймақтырмен
бірдей уақытта пайда болды. 70 ж. басында Мәскеудің өзінде-ақ 10-ға жуық
ресми спелеологиялық ұжымдар жұмыс істеді: 50 адамдай туристер клубының
мүшесі болды ( оны "қалалық секция" деп атаған), осындай шамалы топтар
Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ) болды, қалған кішігірім топтар
өзге көптеген жоғарғы оқу орындарында өз қызметін атқарды.
Классификацияланған туристік саяхат түсінігін қарастыру үшін оны
құрайтын бөліктерді түсініп алу қажет класс сөзі көп мағынасы бар,
дегенмен біздің қарастырып отырған жағдайымызда класс деп біз түрлі
классификациядағы бөлінулерді, разрядтар және категорияларды айтамыз.
Классификация астарында ішкі бағынған түсінік, объекттің логикалық жүйесі
ретінде түсіндіріледі [16].

1.2 Белсенді туризмнің тактикалық және классификациялық ерекшеліктері

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі.
Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып
жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес,
сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды
көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе
жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене
бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей
қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа
жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық
туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және
табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті
пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда
белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді
туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жаяу демалу барысында қолданылатын
құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.
Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен
және т.б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан –
белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға
көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың
сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Және белсенді туризм,
қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын
болып саналады.
Белсенді туризмнің алуан түрлілігіне біз таң қаламыз. Себебі, қазіргі
уақытта белсенді туризмнің мынандай түрлері бар:
• Жердегі туризм;
• Таудағы туризм;
• Судағы туризм;
• Экзотикалық туризм [17].

Белсенді туризм: Рафтинг

Рафтинг – таудағы өзен бойымен жүзу. Рафтинг – бұл белсенді адамдарға
арналған өзендердегі эмоциялық демалу. Таулы өзендер, таулы шығанақтардан
аққанда, көп уақытта кедергілерден өтеді. Үрленген қайықтарда өзеннің қиын
ауданынан өткенде, туристер өте күшті адреналин инъекциясын алады, оған
қоса естен кетпес таулы пейзаждарды, живоспистік каньондарды және алау
қасындағы кешті алады. Өзен бойындағы белсенді демалу – бұл өмір бойы естен
кетпес сезімдер.

Белсенді туризм: Тау шаңғы базасындағы демалу

Тау шаңғысы және сноуборд – белсенді туризм түрінің ең ескі және
танымал түрінің бірі. Көп жыл өтсе де тау шаңғысында сырғанайтын адамдар
саны азайған жоқ, керісінше көбейді. Дұрыс сырғанауды үйретуді көбіне
жергілікті базадағы инструкторлар үйретеді. Тау шаңғысы базасында уақытша
тау шаңғысы құрал-жабдықтарын алуға болады.

Белсенді туризм: Авто-жаяу турлар

Көліктің болуы саяхатты қызықты және танымды қылады: себебі жаяу жүріс
пен ауысуды қосқанда, қысқа уақытта ғана көптеген нәрсені көруге болады.
Сол уақытта, көліктің болуы – бұл саяхаттаудың жеңіл түрі, өзінді ауыр
жүктермен қинамайсын. Ең бастысы – жаңа адамдармен танысу қуанышы, жандар
бойынша жақын.

Белсенді туризм: Аэротуризм

Аэротуризм тікұшақ және ұшақ бойынша экскурсияларды өзіне қосады,
авиасаяхаттау жер шары бойынша шет жақтағы нүктелерге, әскери ұшақтармен
күрделі пилотаж жасау арқылы ұшу, параплан мен мотопарапланда ұшу,
дельтапланда және де үрленген шарда. Аэротуризмге парашютпен секіруді
жатқызуғада болады.

Белсенді туризм классификациясы

Белсенді туризмнің біз ойламағанда түрлері бар екен. Белсенді туризм
классификациясына жақынырақ келетін болсақ, келесідей болады:
1). Белсенді туризмнің жердегі түрі:
• Жаяу туризм немесе треккинг;
• Спелеотуризм (үңгір ішіндегі саяхат);
• Спелестология (қолмен жасалған жер асты жерлермен саяхат);
• Велотуризм;
• Маунтинбайкинг.
2). Таудағы туризм:
• Альпинизм (техникалық және физикалық дайындықты қажет етеді);
• Таулы шаңғы және сноуборд [18].
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты
тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында
жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет. Әсіресе
маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар, тасты және тасқын қаупі бар,
өзендер арқылы асулар, үлкен биіктіктегі орындар, азимутты,
қоныстанылмаған, қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп
өтудің толық жоспарын құру керек. Күндізгі жүру километражын есептеу орташа
бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі, ол маршруттың жеке бөліктерінің
техникалық күрделіліктерін, азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке
кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі. Жаяу саяхатта
магниттік жіктеуді есепке ала отырып, алдын ала барлық азимуттарды есептеу
қажет. Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай
табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,
көл, теңіз жағалауы, теміржол жолы, тау массиві) негізделген болуы тиіс.
Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,
себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін [19].
Ұзақ уақыт бойы айтарлықтай қашықтықтарды жүріп өтетін турист
ағзасының дұрыс қызметі үшін демалумен ауысып келіп отыратын бірқалыпты
жұмыс қажет. Ағза жұмысының белгілі бір реттілігін құрып отыратын демалыс
пен күш жұмсаудың дұрыс ауысып отыруы бүкіл жорық бойы және тіпті қозғалыс
процесінің өзінде де болуы тиіс.Тек осылай болған жағдайда ғана жаяу
туризмі маңызды сауықтыру құралына айналады.

Мазмұны Жаяу Барлық Бір Ұсынылған
 [жасыр]  жорықтардыңнөмірлер жолғы төсек-тәулі
1 Жаяу классификацсаны, бірлік сыйымдылк
жорықтардың иясы ығы,
классификациясы Маршруттың төсек-ор
қиындық ын
2 Қызықты дәрежесі
фактілер жол бойында
3 кездесетін
Құрал-жабдықтар кедергілерг
ы е, аймақтың
4 Жаяу туризм географиялы
артықшылықтары қ
5 Пайдаланған көрсеткішін
әдебиет е,
маршруттың
автономдылы
ғына
байланысты
болып
келеді.
Осыған
байланысты
жорықтар
бөлінеді:
- демалыс
күндерінің
жорықтары;
- 1-3
дәрежелі
қиындықтағы
- балалар
мен жастар
туризмінде;
- 1-ден
6-ға дейін
дәрежелі
жорықтар.
1-ші дәреже
оңай, 6-шы
дәреже ең
қиын, және
арнайы
физикалық
дайындықты
қажетсінеді
, осыған
байланысты
арнайы
құрал-жабды
қтар да
қолданылады
.
- жорықтың
қиындық
дәрежесін
өту үшін,
қатысушылар
алдындағы
жорықтық
қиындық
дәрежесін
өтуден
тәжірибесі
болуы
керек, ал
басқарушы
дәл осы
дәрежеден
өткен және
алдындағы
қиындық
дәрежелері
бойынша
тәжірибесі
болуы
керек. 1-ші
дәрежеден
өту үшін
демалыс
күндеріндег
і
жорықтардан
тәжірибесі
болуы
қажет.
Жорықтың
қияындығын
анықтау
барысында
міндетті
жорықтың
ұзықтылығы
мен
қашықтығы
есепке
алына
бермейді
[20].
Алыс
шетелдерге
маршруттың
жеке
учаскелерін
дегі
классификац
иясына
негізделеге
н басқадай
жүйе
қалыптасқан
. XX
ғасырдың
жиырмасыншы
жылдарында
батыста
алты сатылы
Вельценбахт
ың қиындық
шкаласы
пайда
болған, ал
іс жүзінде
халықралық
альпенистік
одақтағы
қазіргі
заманға
лайық ҮUАА
(Union
Internation
ale des
assoctions
Alpenisme)
классификац
иясына тура
келеді.
1947 жылдан
Альпіде
пайда болып
келе жатқан
ҮUАА-ға
ресми түрде
қабылданған
шкаласы Рим
цифрлары
мен
белгіленеті
н алты
категорияға
бөлінеді.
Бұл жаңа
категорияла
р қазіргі
барлық жол
көрсетушіле
рде
қолданылады
. Көбірек
анықтау
үшін
III-категор
иядан
жоғары
қиындықтарғ
а +
(қосу) және
- (минус)
деп
анықталатын
қосымшылыр
енгізіледі
[21].
• I.
Аздаған
қиындықтағы
(қиын емес
жеңіл).
Тепе-теңдік
тің
қозғаласа
және
сақталуы
үшін
кей-кездері
қолдың
көмегі
қажет
болады. Ірі
зацептар
мен
выступтар
негізінде
көптеп
қатты
қиратылған
рельф
бойынша
болады,
бірақ
жарыстар
көбінесе
қиратылған
және
сондықтан
да олар
қауіасіз
емес.
Ол жерден
жүріп өту
үшін
адамдар
өзіне деген
сенімділік
және
тереңділікк
е деген
қорқыныштың
болмағаны
қажет.
• II.
Орташа
қиындық.
Бұл жерде
тепе-теңдік
тің
сақталуы
және
қозғалу
қолдың
көмегінсіз
мүмкін емес
нәрсе.
Тәжіибесі
азырақ
альпенистер
дің өздері
бұл
жерлерде
джіптің
көмегімен
жүреді,
әсіресе ұшы
қиыр
жоталардың
қатты
қиратылған
және құлап
кетуі
мүмкін
жерлерде
жіп
көмегімен
өтеді. Бір
уақыттағы
қысқа жіпке
байланған
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Экстремалды туризмнің мақсаты
Экстрималды туризмнің жіктелімі
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Әлемдік спорттық туризм ареналары
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың туристік-рекреациялық маңызы
Түркменстан туризмі
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Пәндер