Мемлекеттік меншік туралы
Мемлекеттік меншік
Аннотация
Республика Казахстан, являясь частью Романо - германской правовой
семьи, находится в стадии реформирования отношений собственности.
Происходящие изменения во всех сферах общественной жизни, также
необходимость, с одной стороны, следования традициями гражданского права, с
другой - отказа от прежних устаревших юридических догматов и конструкций
делает проблему права собственности, в частности частной собственности,
весьма актуальной.
Актуальность данной темы заключается в том, что право собственности,
как и сама собственность, занимает в общественной жизни одно из основных
мест. Особое внимание уделяется данному институту особенно в условиях
развития в нашем государстве рыночной экономики. Сегодня отношения
собственности регулируются нормами различных отраслей права, однако,
гражданско-правовое регулирование в системе нормативного регулирования
занимает одно из важных мест.
Отношения собственности составляют основу экономических отношений
любого общества. Переход централизованно планируемой экономики к рыночной,
которая осуществляется в настоящее время в Казахстане, означает, прежде
всего, преобразование отношений собственности, становление и развитие
частной собственности путем приватизации государственного имущества и
создания благоприятных условий для частного предпринимательства.
В настоящее время назрела настоятельная необходимость теоретического
обобщения тех положений, которые появились на практике в процессе
проведения в стране экономических и правовых реформ. И основное место среди
этих проблем занимают проблемы права собственности.
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы Романо - германдық құқықтық отбасының бөлігі
болғандықтан, меншік қатынасы реформалау сатысынан өтеді. Қоғам өмірінің
барлық аясындағы өзгерістерге байланысты, бір тараптың қажеттілігі
салдарынан азаматтық-құқықтық дәстүр, екінші жағынан – ескірген
заңдылықтардағы қарама-қайшылықтар мен меншік құқығының конструкциялары,
жеке меншік құқығының өзекті мәселелері болып табылады.
Аталған тақырыптың өзектілігі, меншік құқығы, қоғам өміріндегі жеке
меншік ретінде ең басты орын алады. Бұл тақырыптың институтын ашуда біздің
мемлекеттегі нарықтық экономика жағдайларының дамуда ерекше назарды аудару
қажет. Бүгінгі таңда, меншік құқығы құқықтық салалардың әр түрімен
реттеледі, бірақ, азаматтық – құқықтық реттеу нормаларының жүйесі басты
орында.
Меншік қатынастары кез келген қоғамның экономикалық қатынасының
негізін құрайды. Нарықтық экономикалық орталықтандырылуға көшкен қазіргі
Қазақстанда жеке меншікке көшу жолдары мемлекеттік жекешелендіру жолымен
және жеке кәсіпкерлерге тиімді жағдайлар жасау негізінде өтуде.
Қазіргі уақытта, аталған жағдайлардың теориялық тұстары, тәжірибелік
үрдіске экономика әлемінің және құқықтық реформаның басты назарында.
Аталған мәселелердің арасында ең негіздісі ол жеке меншік.
Abstract
The Purpose Pompanos – germane exhaust qualification work is a
determination of the place civil legal relations in system of the civil
right. For consideration of the subject exhaust qualification work i.e.
civil legal relations opens such elements as: subjects, objects, subjective
civil right and subjective civil duty.
Given work is directed on consideration such fact as protection of the
civil rights and ways of protection of the civil rights, estranging the
people about deals state and what main motives actаas shaping of this
estranging.
All these factors in turn reflect instability a state and society. The
Problem of the provision of protection of the rights and interest of the
person and person in new condition not only became complex, but also became
more actual.
In exhaust qualification work is told about innovation in the field of
protection of the rights of the people i.e. about institute (accredited on
human rights), open the public relations, controlled rate of the civil
right. However circle of the public relations, controlled civil right so
extensive and multiform that in principle, impossible give their
comprehensive list.
Мазмұны
Кiрiспе
1. Меншiк құқығы туралы жалпы ережелер
2. Азаматтардың меншiк құқығы
2.1 Азаматтардың меншiк құқығының ұғымы мен түрлерi
2.2 Азаматтардың меншiк құқығының субъектiлерi мен объектiлерi
2.3 Азаматтардың меншiк құқығының мазмұны, жүзеге
асырылуы және олардың құқықтық реттелуi
3. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың
бiрлестiктерiнiң меншiк құқығы
3.1 Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың
бiрлестiктерiнiң Меншiк құқығы ұғымы мен түрлерi
3.2 Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың
бiрлестiктерiнiң меншiк құқығына ие болу объектiлерi мен
негiздерi
3.3 Шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар
меншiктерiнiң құқықтық реттелуi
3.4 Өндiрiстiк кооперативтердiң меншiгiн құқықтық реттеу
4 Мемлекеттiк меншiк құқығы
4.1 Мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiлерi мен объектiлерi,
мазмұны
4.2 Мемлекеттiк және коммуналдық кәсiпорындарды мемлекет
иелiгiнен алу және жекешелендiру
4.3 Шаруашылық жүргiзу құқығы мен оралымды басқару құқығы
5 Ортақ меншiк құқығы
5.1 Ортақ меншiк ұғымы және ортақ меншiк құқығының ерекшелiктерi
5.2 Ортақ үлестiк меншiк пен ортақ бiрлескен меншiк
6 Меншiк құқығының пайда болу негiздерi мен меншiк
құқығының тоқтатылуы
Қорытынды
Қолданылған қайнар көздер тiзiмi
Кiрiспе
Еліміз егемендік алумен қатар елдің экономикасын көтеру,
азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаумен бірге назарда болды. Ата
Заңымызда мемлекетте тұратын барлық азаматтардың меншікке ие болу,
пайдалану, иелену құқығы бар екендігі көрсетілген.
Дүние жүзiнiң тарихи дамуындағы қай кезеңдi алып қарайтын болсақ та,
негiзгi мәселе меншiктiң айналасына топталады. Сондықтан да болу керек,
меншiктiң адамзат даму үдерiсiнде алатын орны ерекше.
Қазақстандағы жылжымайтын мүлiктiң 81 пайызы заңдастыруға жатады. Заң
талаптарына сай тiркелмеген мүлiкке меншiк құқығы мойындалмайды. Сондықтан
“Мүлiктi заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы” заң қабылдау
керектiгi айтылып жүр.
Заңдастыру мақсаты – тиiстi түрде ресiмделмеген, сол сияқты заңсыз
айналымда жүрген, меншiк құқығы тiркеуге жататын жылжитын және жылжымайтын
мүлiктi заңды тiркеу және жаңа экономикалық қатынастар жүйесiне кiргiзу.
“Мүлiктi заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасы мүлкiн
заңдастыратын тұлғаларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген
жекелеген құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылықтан босату арқылы мүлiктi
заңдастыру жөнiнде мемлекеттiң бiр жолғы акция жүргiзуiн көздейдi. Осының
нәтижесiнде қалтарыста жасырын қалған жылжитын және жылжымайтын мүлiк,
иесiз ғимараттар, ауылдық жерлердегi тiркелмеген шағын кәсiпкерлiк
объектiлерi заңды айналысқа түседi. Қазiр 2 миллионға жуық жылжымайтын
мүлiк нысандарының 742 мыңы заң тәртiбiмен тiркелмеген. Соның салдарынан
жыл сайын бюджет қоржыны 1,2 миллиард теңгеден қағылады.
Жұмыстың өзектілігі Қазақстандағы меншік қатынастарын реттеудегі
еркешеліктерді нормативті құқытық актілер негізінде шешу.
Мақсат пен міндет. Жоспар бойынша құрылған сұрақтарды талдау арқылы,
онда қорытынды шығарып, тақырыптың пәні мен мәнін ашу. Сонымен қатар меншік
нысандарында туындайтын жағдайлардың барлығын заң негізінде талдау жасау
арқылы, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарына жете мән берілуі
қажеттілігін ескеру. Қазiргi кезде жердi жеке меншiкке беру институты пайда
болды. Қазақстан Республикасының Парламентi жаңа Жер кодексiнде осыны заңды
түрде бекiттi. Қазақстанның кеңестiк дәуiрдегi Қылмыстық кодексiнiң 156-
бабы жердi өз бетiнше басып алғаны үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлеген
едi. Қазiргi қолданыстағы кодексте осы мәселе көзделмеген. Жердi өз бетiнше
басып алып жатқандар кездеседi. Оның азаматтық құқықтық нормалармен
шешiлетiндiгiне көңiл бөлмейдi.
Жерге жеке меншiк институты болғаннан кейiн заңды құрылыс, заңсыз
құрылыс салу деген келеңсiздiктер көбеюде. Заңсыз құрылыс салғанға ешбiр
қылмыстық құқықтық норманың қатысы жоқ. Меншiктегi жердi пайдалануда
табиғатты қорғау режимiнiң талаптарын бұзумен тығыз байланысты. Уақытша
және тұрақты жер пайдалану құқығын жүзеге асыруда оған қатысты экологиялық
қылмыстардың пайда болуы жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауы мен қоршаған
ортаға зиян келуiнiң тұтастай алынған жүйесiн бiлдiредi.
Меншiктi заңға сәйкес иелену, пайдалану және оған билiк ету үшiн
меншiк құқығына қатысты заңдар өте сапалы болуы қажет. Ол үшiн заңның бәрiн
жетiлдiру қажет. Ең алдымен, ол әрбiр саланы зерттейтұғын ғалымдармен тығыз
байланыста болып, олармен келiсiп, бiр заң екiнiшi заңға қайшы келмейтұғын
етiп қабылдануы керек.
Бiзде заң қабылданбай жатып-ақ iзiн суытпай оны өзгертiп жатса, бұл
қарапайым халық үшiн оңай тимесi анық. Қабылданған заңдар ұзақ өмiр сүруi
қажет, бей – берекет өзгерiске түсiру олардың iс – жүзiндегi қолдануын
қиындатады.
Меншiк құқығына қатысты көптеген мәселелелер бүгiнгi күнi көкейтестi
мәселелердiң бiрi болғандықтан мен осы тақырыпқа ой қозғағанды жөн көрдiм.
Меншiк құқығы туралы жалпы ережелер
Меншiк қай қоғамның да сан қырлы өзектi мәселесi болып келдi.
Сондықтан да меншiк құқығын құқық институты ретiнде қараған кезде оны
меншiктен шығатын экономикалық категория деп түсiну керек.
Меншiк дегенiмiз өзi материалдық игiлiктердi – табиғаттың өнiмдерi мен
еңбектi-меншiктену әрi иеленудi бiлдiредi. Ол тарихи қоғамның iшкi
айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншiк затты иелену, меншiктену, оның өзi затты пайдалы
қасиеттерiне орай жүзеге асырады, демек, оны меншiктенген соң өндiрiс
барысында пайдаланып, оған билiк етiледi. Меншiктiң экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттелiп, меншiк құқығына айналады.
Әлемдiк құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншiк құқығын
объективтi жағдайдағы меншiк құқығы және субъективтi жағдайдағы меншiк
құқығы деп бөледi.
Материалдық игiлiктердi иелену, пайдалану және билiк етуге байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтiн азаматтық құқық нормалары жөнiнде (кодекс,
заң мен басқа да заңдық, нормативтiк құжаттар) әңгiме болғанда – шын
мәнiнде объективтiк мағынадағы меншiк құқығы, яғни, меншiктiң құқық
институтын құрайтын нормалар жиынтығы екенiн көремiз. Меншiк құқығының
объективтi нормалары негiзiнде нақтылы меншiк иесi өз қалауы бойынша өзiне
тиесiлi мүлiктi пайдалануына және оған билiк етуге құқылы екендiгiн, яғни
сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгiлi заңдық фактiлердi
жүзеге асыра алатындығын айтқанда меншiк құқығының субъективтi жағына тап
боламыз. Меншiк құқығын толығырақ түсiну үшiн жоғарыда көрсетiлген
қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашу қажет [1, 45б].
Азаматтық кодекстiң 188 – бабында меншiк құқығына мынадай анықтама
берiлген: Меншiк құқығы дегенiмiз-субъектiнiң заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билiк ету құқығы. Бұл анықтама мейлiнше дәл әрi ғылыми
жағынан толық берiлген. Өйткенi, субъектiге “тиесiлi” деген сөзбен шектелiп
қалмай, мүлiктерiне өз қалауынша иелену, пайдалану және билiк ету құқығын
бередi.
Меншiк мазмұнын меншiк иесiне тиесiлi иелену, пайдалану және билiк ету
тәрiздi өкiлеттiктер құрайды.
Триада (jus utendi, jus fruendi, jus abutendi), меншiк иесi
өкiлеттерiнiң сипаттамасы болып табылады, рим құқығының ортағасырлық
заңгерлерi еңбектерiнде оны кездестiруге болады, ал шын мәнiнде римдiк жеке
құқық меншiк иесi өкiлеттерiнiң тұтастай тiзiмiн бере алған жоқ. Қазiргi
ағылшын-саксон құқығы меншiк иесiнiң 11 өкiлеттiгiн қарастырады:
а) иелену құқығы, яғни игiлiкке нақты физикалық бақылау құқығы;
б) пайдаға асыру құқығы, яғни өзiне пайдалы қасиеттерiн алудың және
оны мейлiнше өзiнiң игiлiгiне жұмсау;
в) басқару құқығы немесе шешiм қабылдау құқығы, игiлiктi кiм, қалай
пайдаға асыруды қамтамасыз ету туралы;
г) кiрiс түсiруге құқық, яғни мүлiктi пайдалну нәтижесiнде пайда
түсiру;
д) егемендiк құқығы немесе алу, беру, тұтыну, өзгерту құқығы;
е) қауiпсiздiкке байланысты құқық, яғни игiлiктi сырттан болатын қауiп-
қатерден, тиер залалдан қорғау;
ж) мүлiктi мұрагерлiкке беру құқығы;
з) иелiгiндегi мүлiкке мерзiмге шектеусiз қожалық ету;
и) сыртқы ортаға зиян тигiзу арқылы пайдалануға тыйым салу;
к) қарыз төлеуден алынатын мүлiкке жауапкершiлiк құқығы;
л) өкiлеттiлiктi қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi жүзеге асыратын
жағдайлар мен институттардың болуына ықпал ететiн құқық.
Ендi, меншiк иесiнiң үш өкiлеттiктерiне оралайық. Бұл өкiлеттiктердiң
әрқайсысы меншiк құқығының қажеттi элементтерi болып табылады. Меншiк иесi
аталғандардың қай-қайсысын да үшiншi бiр тұлғаға бере алады, тiптi үш
өкiлеттiктiң бәрiн де берiп жiберiп, өзi меншiк иесi болып қала бередi.
Мысалы, ол заттарын темiржол, әуежай және қонақ үйдiң зат сақтайтын жерiне
тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшiнiң игiлiгiне бередi.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншiк иесiнен несие берушiнiң талабын
қанағаттандыру үшiн мүлкi ықтиярсыз алынуы мүмкiн, онда меншiк иесi әлгi үш
өкiлеттiктен де айрылады. Бiрақ мұндай жағдайда меншiк иесi болып қала
бередi. Қарызын өтегеннен кейiн мүлкiн сатқаннан соң оның пайдалану және
билiк ету өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды
заң жүзiнде қамтамасыз ету, яғни тұлғаның өз қалауынша мүлiкке ықпал
жүргiзудiң мүмкiншiлiгi. Мысалы: азамат ұзақ уақытқа iс-сапарға кеткенмен
өз мүлкiнiң меншiк иесi болып қала бередi. Ол мүлiкке басқа бiреудiң қол
сұғуға құқықтық мүмкiншiлiгi жоқ. Сонымен қатар, мүлiктi иелену құқығы
басқа субъектiге берiлуi мүмкiн. Мысалы: жалға беру және тағы басқа
шарттар.
Заңды иеленудi заңды, заңсыз, адал ниеттi және арам ниеттi деп бөледi.
Егер мүлiктi иелену заңсыз заңды негiзде жасалса, онда ол заңды иелену
болып табылады. Яғни құқық негiзiнде меншiк құқығы жүзеге асырылуы тиiс.
Затты заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса,
немесе заңсыз иеленушi затты кездейсоқ иеленiп, оны қайтару жөнiндегi
талапты құлағына iлмесе, бұл құқық бұзу деп есептеледi. Сондай-ақ иеленушi
иеленген затының заңсыз екендiгiн бiле, бiлуге тиiстi болса, онда ол арам
ниеттi иеленушi болады. Қарсы жақ өзiнiң талабын дәлелдемейiнше, зат
иеленушi адал иеленушi қатарына жатады.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн
алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi.
Пайда, кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу жән өзге де нысандарда көрiнуi мүмкiн.
Пайдалану, яғни меншiк иесiнiң өз иелiгiндегi мүлiктен өзiнiң тұтынушылық
және басқа да қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiншiлiгi.
Пайдаланудың өкiлеттiк құқығынан жай пайдалануды ажырата бiлген жөн.
Пайдаланудың өкiлеттiк құқығы-затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететiн
меншiк құқығы субъектiсiнiң өкiлеттiгi. Пайдалану – осы құқықтық жүзеге
асыру болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кiрiс
алғанша тұтыну [2, 19б].
Меншiк иесi өзiнiң пайдаланудың өкiлеттiк құқығын қалай жүзеге асыруды
өзi шешедi. Бiрақ та, Конституцияның 6 – бабын бұрмаламауы тиiс, яғни
меншiктi пайдалану қоғамдық игiлiкке қарсы келмеуi керек. Демек, қоғамдық
маңызы бар объектiнi пайдаланғанда, меншiк иесi тек өзiнiң ғана емес,
сонымен қатар қоғамның да мүддесiн ойлауына тура келедi. Мысалы, қазақ
өнерiнiң көрнектi шығармаларын, айтылық мұрагер меншiк иесi ретiнде
бүлдiрмеуге мiндеттi. Меншiк иесi басқа тұлғаға өзiнiң пайдалану құқығын
беруiне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру тағы басқа). Пайдалануға
өкiлеттiк алған тұлға оны өзi үшiн пайдалана бастайды (мысалы, затты
пайдалану, өнiм алу). Мұндай жағдайда меншiк иесi өзiнiң өкiлеттiгiне
сәйкес табысты жанама жолмен түсiредi, айталық, затты пайдаланудан түскен
кiрiстi иеленедi немесе белгiлi бiр пайызды еншiлейдi.
Заң негiзiнде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншiк иесi
өкiлеттiгiнен айрылуы не құқығы шектелуi мүмкiн. Мысалы, тұрғын үйдi не
оның бiр бөлiгiн тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы
жүзеге асады [3,5б].
Билiк ету құқығы дегенiмiз – мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын
белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
Билiк етудiң өкiлеттiгi меншiк құқығының объектiлерiне қатысты
мәмiлелер жасауға өкiлеттi. Мысалы, меншiк иесi өзiнiң меншiк құқығын
өзгеге берiп, кепiлдiк құқық жасап, жалға берудi жүзеге асырса, онда билiк
құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. билiк ету құқығы арқылы мәмiлелер
жасалған кезде меншiк иесiнiң құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде
өтедi. Билiк етудiң өкiлеттiгiн жүзеге асырудың маңызды түрi меншiк иесiнiң
мүлiктi өз иелiгiнен шығарып, басқа адамдарға беруi болып табылады.
Нарық заманында өз орын табу үшiн меншiк иесiне билiк ету қажет
екендiгi белгiлi. Әдетте, тауарлар ауыстыру үшiн өндiрiледi. Ауыстыру
кезiнде меншiк иесiнiң құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да
сатушы тауардың меншiк иесi ретiнде меншiк құқығын өзгертуге мүмкiндiк алуы
тиiс. Билiк ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншiктiң әртүрлi түрлерiне
сәйкес келедi. Меншiк иесi өзiнiң билiк өкiлеттiгiн қалай да жүзеге асыруға
мiндеттi деген ереже жоқ. Шешiмдi қалай қабылдайды, қалай билiк етедi – оны
бiр өзi шешедi. Дей тұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге
тиiс емес. Тiптi кейбiр жағдайда меншiк иесi өзiнiң билiк ету құқығын қоғам
мүдделi болғанда жүзеге асыруға мiндеттi. Заң мен басқа да құқықтық
негiздерге орай меншiк иесiнiң билiк ету құқығы алынуы не тоқтатылуы
мүмкiн. Белгiлi бiр жағдайда билiк ету құқығы тек мемлекеттiң келiсiмiмен
жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету қабiлетi шектеулi адамдармен билiк ету
құқығын асыру үшiн келiсiм жасаған кезде заңды өкiлiнiң рұқсаты талап
етiледi. Билiк ету құқығы затқа меншiк иесi болып табылмайтын тұлға арқылы
да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады немесе меншiк иесiмен
жасалған келiсiм-шарт негiзiнде (мысалы, темiржол жүктi иесiне беруге
мүмкiндiк болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады.
Меншiк иесi өз меншiгiнiң игiлiгiн көрiп қана қоймай, меншiгiндегi
мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы да жүктеледi. Айталық, күрделi жөндеу
жүргiзiп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және тағы басқа. Егер заңда
қаралмаған болса, өзiне түсетiн ауыртпалықты үшiншi бiреуге жүктеуiне
болмайды. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақта болса, олардың өзгенiң мүлкiн
күтiп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк
иесiне өтуге тиiс. Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға
кеткен шығынды айтуға болады.
Шартпен басқа да мәселелер қаралуы мүмкiн. Мүлiктi басқа бiреуге
уақытша пайдалануға берген кезде оны күтiп-ұстау пайдаланушыға жүктеледi.
Күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсалған
шығындары өтелмейдi.Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылуы
немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн айтады. Иелiктен айрылған заттардың
кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында
немесе шартта ол өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда
болуымен бiр мезгiлде соған көшедi. Мүлiктiң бүлiнуi не жойылуына
байланысты қауiп басқа мезгiлде заң немесе шарт негiзiнде сол мүлiктi
алушының мойнына жүктеледi. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауiптi шарт
жасау кезiнде алдын-ала ескередi (сатып алу – сату), яғни зат берiлмей
тұрып, сатып алушыға меншiк құқығы ауыспай тұрғанда мәселенiң басы ашылуы
тиiс. Азамат – меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiмен заң актiлерiнде тыйым
салынбаған кез келген мәмiлелердi жасауға, атап айтқанда, жер учаскесiн
уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серiктестiк жарғылық қорына
жарна ретiнде енгiзуге, кепiлдiкке беруге, сыйлауға және мұра етiп
қалдыруға құқылы. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасаған
сәттегi барлық ауыртпалықтармен қоса берiледi. Азамат, жер учаскесiнiң
меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша
пайдалану туралы шарттың негiзiнде жер учаскесiн оны уақытша пайдалануға
беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты
(жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз
пайдаланушымен) нысанасында жасалады.Жер учаскесi жеке меншiкте және ортақ
меншiкте бола алады. Жер учаскесi дегенмен азаматтық құқықтың объектiсi
болғандықтан қозғалмайтын мүлiк ретiнде оған Азаматтық кодекстiң меншiк
туралы ережелерi кеңiнен қолданылады.
Екiншi бiр жағдай мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты болады. Мысалы,
егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiн өткiзiлуiне кiнәлi
болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлуiне кiнәлi
болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн мерзiмiн өткiзiп
жiберген тарап көтередi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: “Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей
қорғалады,” – деп жазылған [4,10б].
Азаматтық кодекс меншiктiң екi нысанда-жеке және мемлекеттiк екендiгiн
реттейдi.
Конституцияда меншiктi екi нысанға бөлiп қарау олардың мемлекетке
меншiк құқығының субъектiсi ретiндегi қатынасының белгiсiне
орайластырылған. Осыған орай жеке меншiк мемлекеттiк емес меншiк болып
саналады.
Егер меншiк құқығының субъектiсi мемлекет болса (тiкелей немесе
мемлекеттiк органдар арқылы), онда әңгiме мемлекеттiк меншiк жөнiнде
болады. Ал субъект мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе азаматтар деп
танылса, онда жеке меншiк деп есептелiнедi.Сонымен, меншiкке субъектiлер:
мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс, заңды тұлғалар мен азаматтар бола
алады.
Заң меншiктi түрлерге де бөледi. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттiк
меншiк республикалық және коммуналдық болып екiге бөлiнедi.
Конституцияның 87 – бабында коммуналдық меншiктi басқару жергiлiктi
атқару органдарының қарауына жатады делiнген.
Мемлекет өкiлеттiгiн жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүлiктердi
өзiнiң органдары мен мемлекеттiк заңды тұлғалары арқылы басқарады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы
қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
Азаматтық кодекстiң 191 – бабына сәйкес жеке меншiк азаматтардың және
мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi
ретiнде көрiнiс табады.
Сөйтiп, ұжымдық меншiк пен азаматтардың меншiгi “жеке меншiк” деген
терминнiң аясына бiрiгедi.
Оларды бiрiктiру мемлекеттен бөлiп қарау арқылы бұл меншiкпен жұмысты
ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргiзуге немесе
мемлекеттiк әкiмшiлiк аппараттың жөнсiз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздерiне қарасты барлық
мүлiктiң меншiк иесi болып табылады. мысалы, акционерлiк қоғамның
акциясының белгiлi бiр бөлiгi мемлекетке тиесiлi болғанымен, оны
мемлекеттiк меншiк деп айтуға болмайды, себебi ол жеке меншiк болып қала
бередi.
Азаматтардың жеке меншiк категориясы жеке дара өзiндiк меншiк ұғымына
сай келедi. Егер мүлiктi иелену заңсыз заңды негiзде жасалса, онда ол заңды
иелену болып табылады. Яғни құқық негiзiнде меншiк құқығы жүзеге асырылуы
тиiс.

талапты құлағына iлмесе, бұл құқық бұзу деп есептеледi.
Сондай-ақ иеленушi иеленген затының заңсыз екендiгiн бiле, бiлуге
тиiстi болса, онда ол арам ниеттi иеленушi болады
Жеке меншiктiң ерекше түрiне кондоминиум меншiге де жатады.
Кондоминиум ұжымдық меншiк түрiнде көрiне тұрса да (“Тұрғын үй қатынастары
туралы” Заңының 31 – бабы 1 – тармағы) Азаматтық кодексте ұжымдық меншiк
ұғымы жоқ.
Үй-жай меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне бөлек (жеке-дара) меншiк
құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға
және оған билiк етуге құқылы.
Үй – жайдың әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi (ортақ меншiктегi)
үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек меншiкке бөлiнбейдi.
Үлестiң мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе,
бөлек меншiктегi тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың
пайдалы алаңының бүкiл үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай
үлестi заттай бөлiп беруге болмайды [5,56б].
Азаматтардың меншiк құқығы

Азаматтардың меншiгi экономикалық категория ретiнде жеке меншiктенудiң
барлық түрлерiн қамтиды.
Азаматтық құқық азаматтың мүлiкке меншiк қатыстылығын, оны иеленуiн,
пайдалануын және билiк етуiн реттейдi және бұл мүлiктi қорғауды жүзеге
асырады.
Осындай меншiк қатынастарын реттейтiн нормаларының жүйеге келтiретiн
жиынтығы азаматтардың меншiк құқығын құрайды, бұл объективтiк мағынадағы
меншiк құқығы болып табылады.
Меншiк құқығы субъективтi тұлғалық мағынада азамат құқығының заң
нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз
қалауынша иеленуi, пайдалануы және билiк етуi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 – бабы мен Азаматтық
кодекстiң 191 – бабына сәйкес азаматтардың меншiк құқығы азаматтардың жеке
меншiгi түрiнде көрiнедi. Жеке меншiк-жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың
меншiгi.
Азаматтардың меншiк құқығының пайда болу жағдайына байланысты
иеленудiң-жеке және ұжымдық түрлерi болады.
Ал оның жеке түрi екi жолмен жүзеге асырылады:
а) пайда түсiрудi көздемей, дене және рухани қажеттiлiктi
қанағаттандыру үшiн болатын экономикалық қызметтiң меншiк түрi;
б) пайда түсiруге бағытталған жеке меншiк.
Қазақстан Республикасының заңымен жеке меншiк табиғатының арнайы
ерекшелiктерi бекiтiлмеген, яғни мұндай меншiк өзiндiк меншiк пе немесе
жалдамалы еңбек бойынша пайда болатын меншiк пе, бұл арасы ашылмаған.
Жеке кәсiпкерлiк – азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке)
сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған
ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкерлердiң атынан, оның тәуекел
етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыру түрiне орай жеке кәсiпкерлiк заңды
тұлға құрылуымен, сондай - ақ заңды тұлға белгiлерiнiң болмауына байланысты
заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады.
Азаматтардың жеке меншiгiндегi мүлiктердi, егер заңда өзгеше
көзделмесе, бiрiктiруге болады.
Онда мүлiк бiр мезгiлде бiрнеше адамның иелiгiнде болып, олардың
әрқайсысының үлесi айқындалады, не айқындалмай-ақ бола бередi, оны былайша
айтқанда, үлестiк меншiк және бiрлескен меншiк деп атайды.
Олардың барлығы өзіне тиісті меншіктерін қалауынша жұмсап, ол бойынша
кез келген әрекеттерді жасауға құқықтары бар.
Оларға ешкімнің шектеу қоюға құқықтары жоқ. Меншікке ие болу Ата
заңымызда да көрсетілшеген.
2. Азаматтардың меншiк құқығының субъектiлерi мен объектiлерi
Меншiк құқығының субъектiсi жеке тұлға болып табылады. Бiрақ, ол
жалданған жұмысшы, жеке кәсiпкер, заңды тұлғаның кәсiпкер – құрылтайшысы
қатысушы түрiнде, яғни әртүрлi рөлдерде көрiне бередi. Азамат өзiнiң үлесiн
қосу арқылы мемлекеттiк емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азаматтар ғана
толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм серiктестiгiндегi толық
серiктер бола алады. Азамат меншiк иесi ретiнде көбiне жеке кәсiпкердiң
рөлiнде болады.
Заң жеке кәсiпкерлiктi жеке және бiрлескен кәсiпкерлiкке бөледi. Жеке
кәсiпкерлiк бiр адамның меншiк иелiгiндегi мүлiктiң дербес базасына
енгiзiледi, сондай-ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билiк етуге құқылы.
Бiрлескен кәсiпкерлiк бiр топ адамның ортақ меншiгiндегi мүлiктерден
құралады, демек әрқайсысы өзiнiң үлесiн ортаға салады, сондай-ақ олар сол
мүлiктi бiрлесiп пайдалану, билiк ету құқықтарына ие болады.
Бiрлескен кәсiпкерлiк жалпы бiрлескен меншiк (жұбайлардың бiрлескен
жалпы меншiгi), шаруа қожалықтарының ортақ меншiгi, жекешеленген тұрғын
үйге деген немесе оның ортақ меншiгiндегi үлестi меншiгiндегi үлестi
меншiгi негiзiнде жүзеге асырылады.
Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары мынадай болады:
а) ерлi – зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiн жүзеге асыратын ерлi-
зайыптылар кәсiпкерлiгi;
б) шаруашылық қожалығы немесе бiрлесiп тұрғын үйдi жекешелендiру
негiздерiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
в) жай серiктестiк, бұл орайда кәсiпкерлiк қызмет меншiктiң ортақ
үлесiне сәйкес жүзеге асырылады.
“Жеке кәсiпкерлiк туралы” заңның 9 – 10 баптарына сәйкес, егер азамат
өз мүлкiн айналымға салатын болса, онда меншiк иесi ретiнде жеке
кәсiпкердiң меншiгi екi жағдайда болуы мүмкiн:
а) кәсiптi тiркеудi талап етудi;
б) кәсiппен тiркеусiз шұғылдана беру [6,8б].
Заң азамат – кәсiпкердiң тiркеуге байланысты қызметiн нақты
айқындайды. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты пайдаланатын
кәсiпкерлер, кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн жылдық жиынтық табысы Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген салық салынбайтын жылдық
жиынтық табыс мөлшерiнен асатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi түрде мемлекеттiк
тiркеуден өтуге тиiс. Осы аталған жеке кәсiпкерлер тiркеуден өтпесе, оның
қызметiне тыйым салынады. Жеке кәсiпкер жалдамалы еңбектi пайдаланып,
кәсiпкерлiк қызметтi жүзе асыруға құқылы, ол бұл ретте өзiнiң
жұмысшыларымен еңбек шартын немесе жалға беру шартын жасайды. Бұл орайда
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматқа оның еңбегi арқылы түскен
табыстың бiр бөлiгi тиесiлi болады. Азамат меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзi
жалданып iстейтiн серiктестiкке салым сала алады, сөйтiп, бұл
серiктестiктiң тапқан табысын салған сылымының көлемiне орай алады. Заңда
көрсетiлгендей, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болмауы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру үшiн кедергi болып табылмайды. Сөйтiп, кез - келген
жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсiпкерлiкпен шұғылдануға
құқылы [6,10б].
Заң жеке кәсiпкердiң өз атынан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатындығын,
құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асыратындығын бекiтедi.
Сөйтiп, азамат өзiнiң кәiспкерлiк қызметiне байланысты мәмiлелер жасаған
кезде, егер мәмiле жасау жағдайының өзiнiң анық туындамаса, өзiнiң жеке
кәсiпкер ретiнде әрекет жасайтындығын көрсетуi тиiс. Мұндай көрсетудiң
болмауы жеке кәсiпкердi тәуекел етуден және жеке кәсiпкердiң өз
мiндеттемелерi бойынша жауаптылығынан босатпайды. Нарық заманында өз орын
табу үшiн меншiк иесiне билiк ету қажет екендiгi белгiлi. Әдетте, тауарлар
ауыстыру үшiн өндiрiледi. Ауыстыру кезiнде меншiк иесiнiң құқығы сатушыдан
сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншiк иесi ретiнде
меншiк құқығын өзгертуге мүмкiндiк алуы тиiс. Билiк ету құқығын жүзеге
асыру мақсаты меншiктiң әртүрлi түрлерiне сәйкес келедi.
Меншiк иесi өзiнiң билiк өкiлеттiгiн қалай да жүзеге асыруға мiндеттi
деген ереже жоқ. Шешiмдi қалай қабылдайды, қалай билiк етедi – оны бiр өзi
шешедi. Дей тұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге тиiс емес.
Тiптi кейбiр жағдайда меншiк иесi өзiнiң билiк ету құқығын қоғам мүдделi
болғанда жүзеге асыруға мiндеттi.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы азаматтар
мемлекеттiк тiркеуден өзi барып өтуi тиiс және жеке кәсiпкер ретiнде ол
тұрғылықты жерi бойынша аумақтық салық органында есепке тұруы қажет.
Азаматтық кодекстiң 19 – бабы бойынша олардың мемлекеттiк тiркеудi өз
бетiмен жасауына рұқсат етiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға
құрмай-ақ жүзеге асырса, оның осындай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн
лицензиясының болуы мiндеттi.
Жеке кәсiпкер жалдамалы еңбектi пайдаланып, кәсiпкерлiк қызметтi жүзе
асыруға құқылы, ол бұл ретте өзiнiң жұмысшыларымен еңбек шартын немесе
жалға беру шартын жасайды.
Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматқа оның еңбегi
арқылы түскен табыстың бiр бөлiгi тиесiлi болады. Азамат меншiк иесiнiң
келiсiмiмен өзi жалданып iстейтiн серiктестiкке салым сала алады, сөйтiп,
бұл серiктестiктiң тапқан табысын салған сылымының көлемiне орай алады.
Заңда көрсетiлгендей, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болмауы
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн кедергi болып табылмайды. Сөйтiп,
кез - келген жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсiпкерлiкпен
шұғылдануға құқылы [6,10].

кәсiпкер ретiнде әрекет жасайтындығын көрсетуi тиiс.
Мұндай көрсетудiң болмауы жеке кәсiпкердi тәуекел етуден және жеке
кәсiпкердiң өз мiндеттемелерi бойынша жауаптылығынан босатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 – бабы 1 – тармағында
“Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын
мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады”, – деп көрсетiлген.
Азаматтық кодекстiң 191 – бабы 2 – тармағына сәйкес азаматтарға немесе
заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез
келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң
саны мен құны шектелмейдi.
Азаматтық құқықтардың объектiлерi Азаматтық кодекстiң 3 – тарауында
реттелген.
Азаматтардың меншiк құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады.
Бiрiншiден, азаматтардың меншiк құқығына алуға немесе пайдалануға жарайтын
мүлiктердiң аясын шектеу; екiншiден, осы мүлiктiң саны мен құнының
белгiлерi бойынша шектеу; үшiншiден, мұндай шектеу әдетте жер учаскесiннiң
аумағын белгiлегенде қолданылады; төртiншiден, арнайы заң құжаттарында
көрсетiлген шектеулер. Мәселен, берiлуге рұқсат етiлмейтiн теңiз порттары
мен айлақтары және тағы басқа айтуға болады.
Жалпы айтқанда, кез келген мүлiк азаматтардың меншiк құқығының
объектiсi бола алады. Ендi, олардың мейлiнше маңызды деп аталатындарына
тоқталып өтейiк.
“Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң” 23 – бабына сәйкес жер
құқық объектiсi болып табылады. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi
азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi
мүмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды
тұлғаларының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы
шаруашылық жүргiзу, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман
өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ
үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет
көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес,
оның iшiнде тұрғын үйлер мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген немесе
олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Жер учаскелерi тек Қазақстан Республикасының азаматтарының ғана емес,
сонымен қатар шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк
заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi
Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғалараға
жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiледi.
Мұндай жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын табыстау ақылы негiзде
жүргiзiледi. Егер мүлiктi иелену заңсыз заңды негiзде жасалса, онда ол
заңды иелену болып табылады.
Яғни құқық негiзiнде меншiк құқығы жүзеге асырылуы тиiс. Затты заңсыз
иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз
иеленушi затты кездейсоқ иеленiп, оны қайтару жөнiндегi талапты құлағына
iлмесе, бұл құқық бұзу деп есептеледi.

тиiстi болса, онда ол арам ниеттi иеленушi болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi болып
табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер
учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылуға тиiс не жер учаскесiне құқық 10
жылға дейiн жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бiр жыл iшiнде
қайта ресiмделуге тиiс. Жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылған кезде,
жер учаскесiнiң сатып алу бағасы меншiк иесiне осы учаскенi мемлекеттен
сатып алған баға бойынша, жер учаскелерiн сатудан түсетiн қаражат есебiнен
төленедi.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен учаскенiң жер пайдаланушыла-рына
жер учаскесiне ауыртпалықтар салатын барлық мiндеттер (оны мақсаты бойынша
пайдалану, сервитуттар беру, салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдер төлеу
және басқалар) жүктеледi [7,45б].
Қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс
өнеркәсiбi қажеттерiне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк - техникалық құрылыстар,
коммуникациялар орналасқан, кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, магистральдық темiржол желiлерi мен
ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары, елдi мекендердегi ортақ
пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола
алмайды.
Азаматтардың меншiк объектiсiнiң маңызды түрiнiң бiрi тұрғын-жай болып
табылады. “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңға сәйкес азамат, егер заң
актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде
тұратындығына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала
алады. Бұл орайда бiр азаматтың меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен
көлемiне шек қойылмайды.
Тұрғын үй немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер
бойынша пайда болады:
а) үйдiң бiр бөлiгiн салу;
б) сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау,
шартымен алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да
азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
в) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтық әмбебап түрде ауысуы ретiмен
алу;
г) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде әлi өзi тұратын
тұрғын үйдi немесе тұрғын үй - жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн
алу) жолымен меншiгiне алуы;
д) тұрғын үй (тұрғын үй - құрылысы) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй -
жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;
е) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен
немесе еңбегiне қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй - жайды меншiкке
беру;
ж) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген
тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерлерiнiң немесе өзге
азаматтың меншiгiне беруi;
з) мемлекеттiк емес заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына
негiзделген тұрғын үйдi заңда белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не
өзге адамның меншiгiне беруi;
и) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы
салдарынан тұрғын үйден айрылуының өтемi ретiнде тұрғын үй беру;
к) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да
негiздер бойынша.
Қазiргi кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектiлерi
ретiнде кеңiнен танымал. Олар азаматтардың меншiк құқықтарының объектiлерi
болып есептеледi.
3. Азаматтардың меншiк құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы және
олардың құқықтық реттелуi
Азаматтардың меншiк құқығы дегенiмiз, оны өзiне тиесiлi мүлiктi
иелену, пайдалану және оған билiк ету өкiлеттiгi екендiгiн жоғарыда айтқан
болатынбыз. Азамат қалауынша өз мүлкiне қатысты кез келген қатынасты жасай
алады. Сонымен заң меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асырудың жалпы
бағытын айқындап бередi. “Жеке кәсiпкерлiк туралы” Заңның 13 - бабында:
“Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыруға
құқылы” - делiнген. Демек жеке кәсiпкерлiк азаматтың өзiнiң иелiгiне
жататын меншiк және басқа құқықтар негiзiнде жүзеге асады, сол құқықтар
арқылы әлгi мүлiктердi иеленiп, пайдаланып, оған билiк етедi.
Азаматтар заңға сәйкес өзiнiң қарамағындағы ғимаратты, құрылысты,
мекен-жайды, сондай - ақ көп пәтерлi үйдегi пәтерiн кәсiпкерлiк қызмет
мақсатында жалға беруге құқылы.
Кәсiпкерлiк iстiң бiр бөлiгi, не ол тұтастай сатып алу – сату,
кепiлдiк, жалға беру және басқа келiсiмдер объектiсi бола алады. Өзiндiк
кәсiпкерлiктi бiр азамат меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi мүлiк
негiзiнде, сондай - ақ мүлiктi пайдалануға және оған билiк етуге жол
беретiн өзге де құқыққа байланысты дербес жүргiзе алады. Егер заңда өзгеше
көзделмесе, жеке кәсiпкер сатуға арналған тауарларын кез келген жерде, кез
келген әдiспен сата алады.
Азамат, кооператив мүшесi кооперативтен шығатын жағдайда өзiнiң
жарнасын қайтаруды және басқа төлемдердi төлеуiн талап етуге құқылы.
Кооператив мүшесiне жарнаны немесе басқа да мүлiктi беру жылдың аяғында,
бухгалтерлiк есеп-қисап қорытындысымен жүзеге асады. Кететiн кооператив
мүшесiнiң келiсiмi бойынша оған төленетiн төлем заттай берiлуi де мүмкiн.
Жердiң меншiк иесi азамат меншiк құқығына тән үш құқықты: еркiн
иелену, пайдалану және билiк ету құқықтарын еншiленедi. “Жер кодексiнiң” 25-
бабына сәйкес жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да
бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығын жүзеге асырады. Азамат – меншiк иесi өзiнiң жер
учаскесiмен заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi
жасауға, атап айтқанда, жер учаскесiн уағдаластық баға бойынша сатуға,
шаруашылық серiктестiк жарғылық қорына жарна ретiнде енгiзуге, кепiлдiкке
беруге, сыйлауға және мұра етiп қалдыруға құқылы. Жер учаскесiне меншiк
құқығы басқа адамға мәмiле жасаған сәттегi барлық ауыртпалықтармен қоса
берiледi. Азамат, жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын
өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде жер
учаскесiн оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша
пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз
пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанасында жасалады. Яғни
құқық негiзiнде меншiк құқығы жүзеге асырылуы тиiс. Затты заңсыз иелену,
егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленушi
затты кездейсоқ иеленiп, оны қайтару жөнiндегi талапты құлағына iлмесе, бұл
құқық бұзу деп есептеледi. Сондай-ақ иеленушi иеленген затының заңсыз
екендiгiн бiле, бiлуге тиiстi болса, онда ол арам ниеттi иеленушi болады
Жер учаскесi жеке меншiкте және ортақ меншiкте бола алады. Жер
учаскесi дегенмен азаматтық құқықтың объектiсi болғандықтан қозғалмайтын
мүлiк ретiнде оған Азаматтық кодекстiң меншiк туралы ережелерi кеңiнен
қолданылады. Жер учаскесiне ортақ меншiктiң – үлестiк және бiрлескен деген
екi түрi болады [7,56б].
Азаматтық кодекстiң 204-бабы 1 – тармағына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi
болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей он бес жыл
бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген
азамат ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алатын болса, бұл
институт жер учаскесi қозғалмайтын мүлiк болғандықтан жер учаскесiне де
қолданылады.
Азаматтардың меншiк құқығын жүзеге асыру шексiз бола алмайды. Мысалы,
азаматтардың жеке меншiгiне берiлген жер учаскелерiнiң шектеулi көлемiн
анықтауда айтарлықтай шектеулiктер бар. Сондай – ақ ондай жағдай тұрғын үй
меншiгiне де қатысты. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа
тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн
бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен
қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын
пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн. Азаматтық кодекстiң 188-бабы 4-
тармағына сәйкес меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде
азаматтарыдң денсаулығы мен айналадағы ортаға кеклтiрiлуi мүмкiн
зардаптарға жол берiлмеу шараларын қолдануға мiндеттi.
Конституцияның 6 – бабының 2 – тармағында меншiк қоғам иелiгiне қызмет
етуге тиiс делiнген. Сондықтан да меншiк иесi өз құқығын жүзеге асыру
кезiнде мүмкiн болатын азаматтар мен айналадағы ортаға залалдың алдын алып,
одан сақтанудың шараларын жасауға тиiс.
Заң азаматқа белгiлi бiр дәрежеде мiндеттер жүктейдi. Мәселен, жеке
кәсiпкер өзi өндiрген өнiмдердiң сапасына жауап бередi, оған жұмысы мен
көрсететiн қызметi жатады. Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдардың
арнайы құқық қабiлеттiлiгiн қарастырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz