Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары


Тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
ЖОСПАР
Кіріспе
І тарау. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық - географиялық сипаттамасы.
1. 1. Шығыс Қазақстан облысына тарихи - географиялық шолу.
1. 2. Табиғат жағдайлары және табиғат ресурастары.
1. 3. Шығыс Қазақстан облысының халқы және еңбек ресурстары.
1. 4. Облыстың өнеркәсібі.
1. 5. Облыстың ауыл шаруашылығы.
1. 6. Көлік географиясы және экономикалық байланыстары.
ІІ тарау. Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмнің дамуы.
2. 1. Шығыс Қазақстан облысының Ерекше қорғалатын табиғи территорияларының дамуына тарихи-географиялық шолу.
2. 2. Марқакөл мемлекеттік қорығы
2. 3. Батыс Алтай мемлекеттік қорығы
2. 4. Алакөл мемлекеттік қорығы
2. 5. Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.
2. 6. Семей Орманы мемлекеттік резерваты
2. 7. Мемлекеттік зоолгиялық қаумалдар
2. 8. Мемлекеттік табиғи ботаникалық бақтары.
ІІІ тарау. Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндітері, болашағы және геоэкологиялық алғы шарттары
3. 1. Спорттық жорыққа мүмкіндіктері.
3. 2. Саяхаттар жасауға мүмкіндіктері (авто, су, теміржол саяхаттары) .
3. 3. Курорттық кешендерімен курорттық мүмкіндіктері.
3. 4. Туристік маршруттық инфрақұрлымының жағдайы.
3. 5. Шығыс Қазақстан облысындағы экотуризм дамуындағы геоэкологиялық алғы шарттары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік - аумақтық картасы
Кіріспе
Өзектілігі: Қазақстанның мемлекеттік дамуындағы басты бағыттарының бірі ел экономикасының, өндірістік емес саланың және өндіруші салалардан талап етуді азайта отырып, кластерлік даму жолы арқылы диверсификациялау болып табылады. Шикізаттық емес сектордың болашағы бар саланың бірі, туристік сала. Индустриалды негізді қалыптастыру, ел экономикасында бәсекелестіктің жоғарылауының нәтижесінде әлемдік туристік қоғамда (ВТО) және әлемдік туристік нарықта Қазақстанның интеграциялануына нақты мүмкіндік туғызады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты болып - туристік кластерді қалыптастыру негізінде Шығыс Қазақстан облысы ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттарын анықтау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері - туристік кластердің негізін анықтай отырып, оның мүмкіндіктерін анықтап, облыстың туристік потенциалына сипаттама беру.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның 50 алдынғы қатардағы әлем елдерінің қатарына қосылу стратегиясы. Қазақстан өз даму жолында алға жылжуда» екінші деңгейдегі бағыт белгіленген 2003-2015 жж индустриалды - инновацялы даму стратегиясында қарастырылған. Қазіргі уақытта басты бағыттардың бірі туристтік кластердің дамуы болып отыр.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс -- беттен 3 тараудан кіріспе, қорытынды, әдбиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
I бөлім «Шығыс Қазақстан облысының экономикалық - географиялық сипаттама». Бұл бөлімде Шығыс Қазақстан облысына толық сипаттама берілді.
ІІ бөлім Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмнің дамуына сипаттама берілді.
ІІІ бөлім Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндітеріне, ондағы экологиялық туризм дамуына анализ берілді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі әдістер пайдаланды: анализ және синтез, индукция және дедукция, статистикалық, картографиялық, әдеби және т. б.
І тарау. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық - географиялық сипаттама.
1. 1. Шығыс Қазақстан облысына тарихи - географиялық шолу.
Облыстың көлемі: 277 мың км (283)
Облыстың халқы: 1772 мың адам (1425 мың адам)
Облыстың орталығы: Өскемен 324 мың халқы бар
Семей қаласының халқы: 334 мың адам
ШҚО 1997 жылы бұрыңғы Семей және Шығыс Қазақстан екі облыстың бірігуінен құрылды. Аумақ Қазақстанның шығыс бөлігінде, Евразия материгінің орталығында орналасқан. Территориясының көлеміне Балтық елдерінің үшеуі сиып кетеді. Аумақ солтүстігінде Ресейдің Алтай өлкесімен, солтүстік-батысында Павлодар облысымен, батысында Қарағанды, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында Қытай халық Респубикасымен шекараласады. Аумақ Атлант және Тынық мұхитынан бірдей қашықтықта орналасқан. ШҚО-республикадағы 5 экономикалық аудандар ішіндегі аумағы жағынан ең кішісі.
Солтүстік-батысында, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы (Алакөл) шекарасы жазықтықпен өтеді, ал территорияның көп бөлігі ұсақ шоқылар мен Алтай таулы жүйесімен өтеді. Аумақтың шығыс бөлігінің шекарасы көбінесе таулы жерден өтседе Қытай Халық республикасына өтетін қолайлы асулар көп. бұл көне сауда жолы аумақты басқа облыстармен және мемлекеттермен байланыстырады.
Аймақтың физ-географиялық орналасуының ерекшелігі-мұхиттардан қашықтықта орналасуы және территориясының үлкен болуы, ол климаттық жағдайына әсер етеді.
Зерттелу тарихы. Шығыс қазақстанның кең байтақ даласы ежелден қазақтың мекендеген жері. 1713 жылы Сібір губернаторы Матвей Гагарин Петр I-ға Тобылдан Жаркентте дейін Ертіс бойына крепость салу жобасын ұсынды. Петр полковник И. Д. Бухгальцаның басшылығңымен экспедиция жіберуге қол қойды.
1715 жылы 1 қазанда Бухгальца басқарған отряд Ямышев көліне жетті, Ертіс өзенінен 3 км қашықтықта оң жақ жағалаға Ямышев деп аталатын крепость салды. Бұл крепость орыстардың Ертіс бойын зерттеуге негізгі нүктесі болды. Осы жылы Павл Северский мен Василия Чередованың жасауылдары жіберілді. Павел северский железин және Долонск крепосын салды. Чередов Ертіс бойын жағалай 1718 жылы оң жағалауынан жеті шатыр деп аталатын крепостын негізін салды. Ал 1720 жылы лейб-гвардиясының майоры Иван Лихарев Өскемен крепосының негізін құрды.
Паллас Петр Симон-орыстың жаратылыс зертеушісі, Петербург ғылым академиясының мүшесі 1768-74 жылдары қазіргі ШҚО-ның территориясы болып келетін Ертіс бойына экспедицияға шықты. Экспедиция нәтижесінен аймақтың геологиялық, ботагикалық, этнографиялық және басқа мәліметтер алынды. Палластың зоологиялық зерттеуі ерекше орын алады, ол көптеген жаңа құстардың, балықтардың, жәндіктердің, сүтқоректілердің және басқада жануарлардың түрлерін ашты және сипаттады.
Сол жылдары аз зерттелінген Бұқтырма өлкесін геолог Герасим Зыряновтың зертеуі ерекше маңызды болды. 1791 жылы ол түсті металдардың бай кен орнын ашты, Зырянов деп аталады. 1829 жылы неміс ғалымы Александр Гумбольдт змеиногорск, Риддер және Зырянов жерлерін зерттеді, Сонымен қатар Өскемен мен Семей жерлерінде болды. Бұл саяхатының негізінде біртіндеп бүкіл жер шарын қамтыған метеорологиялық және геомагниттік бақылау станциялар жүйесін құрды.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) өзінің қысқа ғана ғұмырында аққан жұлдыздай жарық етіп, көптеген жетістіктерге жетті. Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшысы, энциклопедист, этнографі болған. 1958-59 жж Ш. Уәлиханов өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатына шықты, бұл саяхаттқа Семей қаласынан дайындалып 18-сәуірде экспедиция Ертістің сол жақ жағалауынан Сарыарқаның құмдарынан Аягөз өзеніне бағытталды. Семейде, Аягөзде, Алакөлде, тарбағатайда болған ол осы өлкенің тарихы, этнографиясы, фольклорі туралы мәліметтер жинады.
ХIХ-ХХ ғасырларда көптеген экспедициялар зайсан қаласына бағытталды. Н. М. Пржевальский В. И. Робаров, П. К. Козлов, М. В. Певцов, В. А. Обручев, В. В. Сапожников, А. Н. Седельников, П. П. Сушкин, В. Э. Мартино және т. б. Алтай, Тарбағатай, ғ жетісу, Гоби, Тибет, Тянь-шань, сонымен қатар Моңголияның бірқатар өлкелеріне саяхаттарын осы жерден бастап, аяқтады.
Евгений ПетровичМихаэлис саяси тұтқын 1896 ж Семей қаласына қудаланды. Михаэлис Семей қаласының шаруашылығына мәдени өміріне әсер етті.
1. 2. Табиғат жағдайлары және табиғат ресурастары.
Шығыс Қазақстан облысының территориясы геологиялық құрылысы жағынан біркелкі емес және бес ауданға бөлінеді: Орталық-Қазақстанның ұсақ шоқысының шығыс қанаты, Ертіс маңы жазығы (Ертіс ойпаңы), Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулары, Қалба ауданы.
Аймақтың бүкіл батыс бөлігі Қазақтың ұсақ шоқысы бойы (Сарыарқа) палеозой дәуірінің қатты кристалдық жыныстарынан құралған (кварцит, гранит, құмдақ, жаңғыш тақтатас, бор шөгінділері) . Бұл жыныстардың көп бөлігін теңіздік және континенталды құрылған шөгінді жыныстар жауып жатыр. Шыңғыстау ауданында тізбек тау тәрізді әктастар шығып жатыр. Ұсақ шоқының территориясы палезой дәуірінде қалыптасқан. Каледон мен герцин қатпартүзілу үрдісінің нәтижесінде бүкіл мезозой және кайнозой дәуірлері бойы территория континенталды климаттың жағдайында болғандықтан ұзақ уақыт бойы бұзылу процесі жүріп жатты. Төрттік дәуірде (кайнозой эрасының палеоген және неоген) теңіз сулары ірі аңғарлар бойымен құрлыққа енді. Олардың әртүрлі тұздаңған саз тәрізді түрде болып келетін шөгінділері сақталған. Беткейлерде саздақтар мен құмдақтар, өзен аңғарларында аллювиалды шөгінділер (қиыршық тас, құмдақ-саздақ, құм, саз) шөгіп қалған.
Ертіс маңы жазығы қалың борпылдақ жыныстардан түзілген. Бұл жердегі палеозой іргетасы аса тереңдікте жатыр (1500-2000м), оның үстін горизонталды түрде мезозой және кайнозой шөгінділері жауып жатыр. Мезозой шөгінделері жақсы зерттелмеген. Мезозой дәуірінің соңында теніз кезеңі басталады, құрлықты су басады. Климат теңіздік қалыптасады. Палеоген теңізі көп жерді басқан, тіпті Қазақ шоқысының шеткі бөлігінде басады. Палеоген дәуірінің соңында климат салқындап кетеді. Бұл дәуірдің шөгінділері әртүрлі саздар, құмдақтар блып келдеі, территорияның ақырындап көтерілу нәтижесінде теңіз оңтүстіктен солтүстікке біртіндеп шегініп континенталды климат қалыптасады. Жазықтардың шетін өзен сулары қарқынды түрде шаю басталады. Неоген дәуірінде ұзақ уақыт бойы климат салқын болады. Төрттік дәуірде мұздану басталады. Төрттік дәуірде Ертіс маңы жазығының қалыптасуының тарихы солтүстік сібір және Алтай, Саян мұздануларымен байланысты. Алтай мұздықтары аса көлемді борпылдақ материалдар мен мұздық суларын тасымаодағандақтан, ал солтүстік-Сібір мұздықтары кезең бойымен өзен ағындарын подпруживали, сондықтан Ертіс өзеннің ағысы өзгерді.
Жер бедері. Аймақтың территориясы бұрыңғы заманда мұхит түбінде жатқан. Ішкі күштердің нәтижесінде көтерілімдер мен төмен түскен жерлер қалыптасты. Ішкі күштердің әсерінен тауларды ңбұзылуы мен тегістелу үрдістері жүрді, кейбір жерлерде екінші көтерлу жүріп жатты. Сондықтан аймақты ңтерриториясы күрделі және әркелкі.
Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс қанаты аймақтың оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Бұл ауданға қатты тілімденген ұсақ шоқылы бедер тән, көбінесе жақпарлы аласа таулар массиві қатты бұзылған. Шыңғыстау көтерілімісолтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай көп жерді созылып жатыр. Жалпы алғанда кең аңғарларға бөлінген аса биік емес таулар мен шоқылардан тұрады. Орталық бөлігінде қатпарлы-горсты көтерілім- 200км созылып жатқан, биіктігі 500-700 м Шыңғыстау жотасы орналасқан. Шыңғыстаудан солтүстік-батысқа қарай қарама-қарсы Ханшыңғыс жотасы орналасқан, ал оңтүстік-шығысында Ақшатау жотасы орналасқан, ең биік нүктесі Қособа (1305м) .
Шыңғыс таулары ұсақ-шоқылы-белесті аудан, біртіндеп Балқаш маңы үстіртіне өтеді, ал шығысында Алакөл ойпаңының жазығымен шектеседі. Шыңғыстау жотасынан солтүстік-шығысқа және шығысқа қарайұсақ шоқылы аудан таралған, ол шоқылыі тізбек болып келеді. Арқат-896м, Дегелең-1085м, Ордатас-1065м, Доғалаң-891м, Арқалы-494м, Делбегетей-730м, Семейтау-601м.
Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік-шығысында Сауыр-Тарбағатай, оның солтүстігінде Зайсан қазаңшұңқыры орналасқан, тарбағатайдың ұзыңдығы-300км, ені-30-50км, ең биік нүктесі-тастау абс. Биіктігі 2992м. Сауыр тарбағатайдың шығысында орналасқан, ұзыңдығы 110 км, ең биік нүктесі-Мұзтау шыңы (3816м) .
Таулы жүйе құздардан, белестерден, қазаңшұңқырлардан тұрады.
Қосымша -1
Алтай таулы жүйесінің картасы
Қосымша - 2
Алтай тауларындағы Қатын өзені
Қосымша -3
Шығыс Қазақстан облысының таулары мен жоталары
Алтай тауларын:
- Ертіс өзенінен шығысында:
Кенді, Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім жәнеАзутау жоталары мен олардың сілемдері
- Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары
- Зайсан көлінің оңтүстігінен:
Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.
- Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар:
Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т. б.
- Облыстың оңтүстік мен оңтүстік шығысында: Сасықкөл, Қошқар және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш - Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.
- Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігінБесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.
ШҚО әртүрлі пайдалы қазбаларға бай. Олардың территорияда таралуы анықталған заңдылыққа байланысты. Кендер магмадан түзілген, магма жер қойнауындағы жарылымдар бойымен көтеріліп әркелкі тереңдікте тау жыныстарының арасында(толщах) қатып қалған. Кенді пайдалы қазбалар аймақтың қатпарлы аудандарымен байланысты. Жазықтарда олар қатпарлы іргетастарға тән. Таулардың бұқзылуларының нәтижесінде кендер жинақталған.
Батыс Алтай пайдалы қазбаларға аса бай болып келеді. Алтай деп аталуының себебі, Алтын тау деген мағынаны білдіреді. Негізгі байлық-полиметалды кендер, қоғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс және сирек кездесетінметалдар-кадмии, галий, молибден, вимсут, индий, кобальт, селен. Ауданның ерекшелігі пайдалы қазбалардың зоналық бойынша орналасуы. Таулы Алтай бойымен темір кені мен молибден-вольфрам кен орындары таралған, кенді Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігінде полиметалл кенорындары таралған. Кендер Оңтүстік Алтайда, Күршім, Зыряновкі, Лениногорск, Ертіс ммаңы, жоғарғы Үлбі, Шемонайха аудандарына таралған.
Қалба-Нарым сирек металдар зонасы вольфрам, алтын кенорындары таралған (Боко, Ақжал) . Алтын мен түпкі және шашыранды жыныстар революцияға дейіңгі кезде өңдірілген. Таулы Алтайда вольфрам мен молибденнің кенорындары бар (Көкишль, Чиндачшуи) . Алтай басқада пайдалы қазбаларға бай-қалайы, тас, колумбит, ильменит, таулы гауһар тас, әр түсті тумалиндер, измуруд, жасыл малахит, порфир, яшма және т. б. осы жердің яшмасы Санкт-птербург пен басқа да шетелдерде Эрмитаж коллекциясында тұр. Қазақ ұсақ шоқысының шығыс бөлігі Семей палигеонының ауданында орналасқандықтан аз зерттелінген.
Жаңғыш пайдалы қазбалар - аймақтың территориясында ірі жаңғыш-көмір кен орны Алтайдағы Кендірлік орналасқан. өнім отын, химия шикізаты және газ өндіруге қажетті шикізат ретінде қолданылады. 1990 жылы Семей палигонының жабылуымен байланысты оның территориясында таскөмір кен орны өңдіріле басталды-Қаражыра. әзірге көмір жергілікті отын ретінде ғана қолданылып отыр.
Рудасыз пайдалы қазбалар - бұл топқа тұздар, қара метталургияға қажетті шикізаттар, цемент шикізаты, тастар жатады. Көрші Павлодар облысына қарағанда минералды тұздарға кедей болып келеді. Ас тұзы және басқада тұздар қоры территорияның шеткі солтүстік бөліктерінде орналасқан. Кварцты құмдар мен саздар Алтайда да таралған. Облыста цемент шикізатының қоры көп таралған. Құмға Аягөз бен жарма аудандары бай. Ертістің сол және оңтүстік жағалауында саз бен саздақтар өңдіріледі. Облыста әктас таралған, Суықбұлақ кенорны, Жарма ауданында мрамор өңдіріледі. Құрылыс материалдарынан: гранит, құм, әктас, кірпіш, гипс, цемент шикізатын қажет шикізаттар (Черепиц, гончарлы шикізаттар) өңдіріледі.
Жер ресурсының 80 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды, жайылымдық жерлер басым, агроклиматтық жағдай біршама қолайлы. Суғармалы егіншілік тек қана оңтүстік батысындағы құрғақ далалы жерлерде тараған. Ауданның қалған жерлерінде ылғал мен жылу жеткілікті. Алтай мен тарбағатай баурайларында қара топырақ пен қоңыр топырақтар таралған. ШҚО су ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген. Ең ірі су магистралі Ертіс өзені. Балық өнеркәсібінде маңыздылығы бар көлдерге Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл жатады.
Орманды алқаптың ауданы 3, 6 млн га. ШҚО рекреациялық ресурстарға бай.
Климаты. ШҚО-ның климаты шұғыл континенталды. Солтүстігнде қоңыржай суық, қалған территориясынад қоңыржай жылы болып келеді. Климаттың континенталдығы территориядағы жауын-шашын мөлшерінің аздығынан, ауаның құрғақтығынан, температураның шұғыл тербелісінен қалыптасады. Территориядағы таулар мен тау алды жерлерде жауын-шашын мөлшері көп түседі.
Облыстың территорисы негізгі үш факторға байланысты қалыптасады: күн радиациясы, атмосфера циркуляцияссы және рельеф. Климатының қалптасуын сонымен қатар маңызды әсер ететін Факторлар: географиялық орналасуы, микроклиматтың ерекшелігі, табиғи су айдындарының көптігі, сонымен қатар адамның шаруашылық әрекеті (орманды кесу, жасанды суайдындары т. б. ) .
ШҚО дала, шөлейт және биік таулы климаттық зонаны қамтиды. Күн сәулесінің орташа шашырауы 2500 сағатты, ал жиынтық радиация 120 ккал/см құрайды. Орташа жылдық температурасы 3-2, 8С тербеледі. Ең жылы айы-маусым, ең суық айы-қаңтар. Маусым айының орташа температурасы 20-24С, ал қаңтар айының орташа температурасы-12-20С. Ең төменгі температура кейбір кезде -50С жетеді. Қар жамылғысы 5 ай жатады. (қараша-наурыз) . Жазы ыстық. Оллыстағы климаттың қалыптасуына ауа массларының үш типі әсер етеді, басым қоңыржай ауа массасы әсер еткендіктен, қыста ол қатты салқындайды, ал жазда өте қатты жылынады. Қыс айларында суық ауа-райы, ал жаз айларында ыстық, құрғақ ау-райы басым. Қыс айында облыстың территорияссынадл Сібір антициклоны аязды ауа-райын қалыптастырады. Сібір антициклонның сілесі «Войеков осі» деп аталады, қыс айларында облыстың солтүстік бөлігіне келіп солтүстік-шығыс желдері бағыттайды.
Ішкі сулары:
Өзендері:
Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені) :Ол облыс аймағын Қытай Халық бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігінҚара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.
Балқаш - Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталарымен Көкшетаудан алады.
Көлдері:
Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер - Зайсан менМарқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
Қосымша - 4
Семейдегі Ертіс өзені арқылы көпірі
Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т. б. ) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп. Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Топырақтары: Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған.
Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz