Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ТЕРРОРИЗМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 8
1. 1 Терроризм ұғымы және оның түрлері 8
1. 2 Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық 20
2. ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ МІНДЕТ 32
2. 1 Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық негіздері 32
2. 2 Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы саясатты іске асыру 44
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМШАЛАР 64
КІРІСПЕ
Зерттеудiң өзектiлiгi. Терроризм мәселесі қазіргі заманның жазылмайтындай жанды жарасына айналуы адамзатты алаңдатады. Әсіресе ақырғы жылдары ол әлеуметтiк ғылымдар, саяси элиталар өкiлдерi мен кең қоғамның негізгі зерттеу объектісіне айналып отыр. Бұған себеп болған 2001 жылы АҚШ-та болған террорлық актілер мен соның салдарынан болған қайғылы оқиғалар қазіргі терроризм маңызды және көкейкестi мәселе екенін көрсетті. Себебі терроризм - саяси және экономикалық элиталардың өкiлдерiмен қатар бейбіт азаматтардың да өміріне қауіп төңдіріп, нақты бір мемлекеттің немесе белгілі бір аймақтың қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайын нашарлатып, қайта қалпына келмейтін материалдық және рухани құндылықтарды жойылуына әкеп соқтырады. Терроризм жаппай көтерiлiс немесе төңкерiстік қозғалыстар сияқты саяси режим мен экономикалық жүйені түп тамырын жоймаса да, осындай оқиғаларға әкеп соқтыратын итермелеуші фактор болуы мүмкін. Ақырғы жылдары көптеген террорлық топтар ойға сыймайтын түрлі зорлық-зомбылықтарды қолдануына байланысты бұл құбылыстың қауiп-қатерi едәуiр дәрежеде үлкейді. Эксремисттік ұйымдар террорлық акцияларды іске асыру үшін материалды-техникалық, қаржылық, кадрлық және ұйымдастырушылық дайындықтарды жүргізетіні белгілі. Ал соңғы кезде технологиялық даму мен урбанизацияның алға басып өсуі көптеген адамдардың террорлық актілерден жаппай өліміне себеп болды.
Әлемдік қауымастықтың жаһандану шарттарында терроризмге қарсы күрес мәселесi ерекше өзектi мәселеге айналады. Жүріп жатқан жаһандық үрдістер жағымды құбылыстармен қатар үлкен қауiп-қатердi де тудыруы мүмкін.
Әлемде болып жатқан террорлық актілер терроризмнің жеке мемлекеттердің ұлттық мәселесінен өсіп халықаралық ауқымдағы сипат алды.
Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы белсенді күрес жүргізіп келеді. Еліміз БҰҰ-ның терроризмге қарсы барлық 12 әмбебап конвенцияларының құрамына кіріп, осы мәселені қозғайтын заңдарды одан әті жетілдіріп, мекеме аралық антитеррористтік орталық құрылып, өз қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар әлеуеттi құрылымдардың бiрлескен антитеррористтік оқу-жаттығулары өткiзiліп келеді.
Қазақстанның терроризмге қарсы күресті халықаралық деңгейде жүзеге асыруы мен БҰҰ-ның контртеррористтік комитетінің құрамындағы белсенді қызметі терроризмді жаһандық мәселе ретінде зерттеу өзектілігін тудыртады. Қазіргі әлем жүесінің ерекшелігі контекстінде терроризмді кешенді зерттеу бұл құбылыстың туындау себебі мен оның әлемдегі саяси үрдістерде алатын орның анықтауға мүмкіндік береді.
Терроризмді зерттеу саласында жүргізіліп жатқан көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, қазіргі кезде бұл құбылысты анықтайтын жан-жақты сипаты жеткіліксіз көрінеді. Терроризмді зерттеуде бұл құбылысқа моральді және құқықтық тұрғыдан баға беруге негізделген әдістер кең өріс алды. Бұның себебі біріншіден, терроризмге заңмен тиым салынған, және де екіншіден, көптеген жағдайларда терроризм адамдардың өліміне әкеп соқтырады. Алайда осындай әдістерді қабылдау көптеген зерттеулер барысында адамгершілікке жат терроррист пен ұлт-азаттық қозғалыс мүшесі арасындағы айырмашылықты анықтауды туындатады.
Өкінішке орай, терроризм аса күрделі және көп аспектілі қоғамға қауіпті құбылыс, саяси мақсаттарды көздейтін зомбылық болып табылады. Ақырғы жылдары терроризм мәселесі бүкіл әлемде жаһандық сипатқа ие болып, одан әрі дамып өсіп барады.
Әлемнің жетекші елдерінің барлығында дерлік терроризмге қарсы күрес туралы заңының болуы қазіргі уақытта терроризнің қоғамға аса ірі қауіп төңдіретін дерт екенін айқындай түседі. Қазақстан Республикасында 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңы [1] ; Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 Жарлығы [2] ; 2002 жылдың 19 ақпанында "Терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбiр заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi туралы" заңы қабылданған болатын [3] .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына Жолдауында терроризм мәселесі айтылып кеткен болатын. «Біздің заманымыздың ерекшелігі терроризмге карсы белсенді күрес болып отыр. Ешбiр кiнәсiз бейбiт азаматтар қаза табуда. Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалы мен басқа да қазiргi заман сыны мен адамзатқа қауiп төндiретiн қатерлерге қарсы күресте бiз үшiн өңiрлiк және халықаралық күш-жiгердi шоғырландырудың қаншалықты маңызды екендiгi мiне осыдан белгiлi» [4] .
Қазіргі таңда терроризм ең жиі талқыланатын мәселе болып табылады. Телеарна уақытының жартысы халықаралық терроризмге қарсы күреске арналған деп айтсақ қателеспейміз. Бұл мәселе интернет, газет, журналдарды да жиі қамтиды. Кез келген террорлық акт адамдардың үрейі мен қорқынышын тудырады.
Таңдалған жұмыстың өзектілігі айқын көрінеді. Партиялар және түрлі топтармен қатар террористтік ұйымдарды да жаңа саяси субъект ретінде қарастыруға болады. Террорлық іс-әрекетті саяси күрестің бір түрі деп те айтуға болады, алайда терроризм бүкіл дүние жүзіне таралып, оны жаңа түрдегі ұйымның қалыптасуы деп қарастырған жөн болады.
Бұрын террористтік ұйымдар белгілі бір мемлекет қаражатынан қаржыланып, олардың мүддесін қорғаса, қазіргі кезде олар өз алдына қызмет ететіп, мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатындағы мәртебесіне күмән тудыртатын болды. Бұл құбылысқа қоғамды кез келген теракт туралы ақпараттандыратын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы; өзінің сипаты жағынан террорлық әрекеттерге сай келетін халықаралық қылмыстың күшеюі; жедел қару-жарақтардың пайда болуына себеп болған ғылым мен техниканың дамуы себеп болды.
Терроризм қоғамда үрей, қорқынышты кең таратып, адамдардың денсаулығы, өмірі, еркіндігі, жеке мүлкі сияқты адамзат қоғамының ең басты құндылықтарына қауіп төңдіреді. Террорлық актілер адамдарды жаппай қырудан, денсаулыққа аса ауыр зақым келтіруден тағыт басқа әрекеттерден көрініс табады. Сондай - ақ, терроризмнің тағы бір ерекшелігі бұл шиеленіске қатысы жоқ кез келген адам терроризмнің құрбаны болуы мүмкін. Бір қызығы терроризм үрей, қорқыныш, айыптау сияқты сезімдермен қатар қызығушылық, таңқаларлықты да тудыртады. Яғни бұл әрекеттер әсіресе қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамып келе жатқан тұсында көптеген адамдардың назарын аударта алады. Қазіргі терроризмнің ауқымы мен зорлық-зомбылығы, онымен белсенді күрес жүргізу қажеттілігі осы мәселенің өзектілігін айқындай түседі.
Терроризм ХХ ғасырдың 70 жылдарында толық мәнді зерттеу объектісіне айналды. Бұл Батыста туындаған терроризмнің жаңа толқынымен байланысты болды. Осы тұста терроризм туралы халықаралық сипаттағы ерекше саяси құбылыс ретінде теориялық көзқарас қалыптасып, «терроризм» термины кеңінен таралып, колданысқа енді. Бұғанға дейін терроризм ұғымы анархиялық қозғалыс, партизандық соғыс және саяси зорлық-зомбылық ретінде қарастырылған болатын. Алғашқы библиография 1976 жылы шыққан еді. Ол 1970 жылға дейін басылымға шыққан терроризм туралы тек 6 жұмысты ғана қамтыған болатын [5] .
70-ші жылдар кезеңді қамтыған еңбектердің ішінен Дж. Белл [6], У. Лакер[7] және П. Уилкинсонның [8] жұмыстарын айта кетуге болады. КСРО-да терроризмді зерттеу кейіннен басталған болатын. Солшыл терроризм туралы ресейлік зерттеушілер В. В. Витюк пен С. А. Эфиров [9], А. М. Ушков [10] және И. Л. Морозов [11] жазған болатын. Сондай-ақ, КСРО-да терроризм мәселесін А. С. Грачев [12], Л. А. Моджорян [13], Л. П. Замойский [14], В. В. Эфрос [15] қарастырған.
Осы тұста КСРО-мен қатар Батыста терроризм мәселесін Р. Клайн [16] мен С. Фрэнсис [17] қарастырған болатын. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында терроризм саяси күрестің бір түрі ретінде қарастырылды. Себебі осы тұста революциялық қозғалыстар өрістеген болатын. Бұған Н. А. Морозованың [18], С. М. Степняк-Кравчинскийдің [19], В. И. Лениннің жұмыстарын жатқызуға болады [20] .
Ауғанстан мен Шешенстан аумағында діни терроризм мен экстемизмнің пайда болуы жаңа зерттеу жұмыстарына түтркі болды. Мысал ретінде А. А. Игнатенко [21] и А. В. Коровиков [22] және Ж. Кепельдің [23] еңбектерін айтуға болады. Сонымен қатар тарихи сипаттағы О. В. Будницкий [24], Р. А. Городницкий [25] және А. Гейфманның [26], еңбектерін айта кеткен жөн.
Бүгінгі күні терроризмді толықтай және аспектілері бойынша зерттелген көптеген еңбектер бар. Терроризм мәселесін коплексті түрде жүйелеп зерттейтін зерттеушілердің ішінен У. Лакер [27] мен Б. Хофманды [28] айтуға болады.
Терроризм аспектілерін теориялық және қолданбалы тұрғыдан А. Шмид пен А. Джонгман [29] зерттеп өткен. Ал терроризмді қарулы күрес, соғыстың ерекше түрі ретінде Х. Мюнклер [30], М. Хардт пен А. Негри [31] және Х. Хоффмайстер [32] қарастырып өткен болатын.
Террористтердің жасаған іс-әрекеттердің логикасы мен тікелей себебін К. Дж. М. Дрейк [33] пен П. Вальдман [34] қарастырған. Терроризмнің психологиялық аспектілері Д. В. Ольшанский [35] мен Дж. Хорганның [36] еңбектерінде көрсетілсе, А. Камю [37], Ж. Бодрийар [38] және С. Жижектің[39] еңбектерінде терроризм философиялыұ тұрғыдан қарастырылған.
2001 жылғы қайғылы оқиғалардан кейін терроризмге аса көп көңіл бөліне бастап, терең зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Қ. Тоқаевтың «Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық» [40] атты еңбегінде қылмысқа қарсы күрестегі мемлекеттердің ыңтымақтастығы мәселесін қозғайтын құжаттар, мақалалар мен тәуелсiз сарапшылардың пiкiрлері жинақталған. Абаков М. М. и Шестоковтың С. В. [41] еңбегінде мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі БҰҰ-ның атқарып жатқан қызметі туралы жазылған. Ал Токсанбаевтың еңбегінде Интерпол және халықаралық терроризм мәселелері қарастырылған [42] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру үшін жасалын жатқан шараларды, соның ішінде терроризмге қарсы күресті қамтитын құжаттар мен осы қылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты, яғни терроризмге қарсы күрестегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағытын зерттеу.
Дипломдық жұмыстық міндеттері . Алға қойған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді жүзеге асырған жөн.
- терроризмді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырып оның тарихын, түрлері мен типтерінің өзгерісін қарастыру
- терроризмнің таралу себептері мен факторларын анықтау
- терроризмге қарсы күрестегі нормативтік-құқықтық базаны көрсету
- терроризмге қарсы күрестегі ұйымдар мен институттардың қызметін айқындау
- терроризмге қарсы күрестегі Қазақстан Республикасының құқықтық базасын зерттеу
- Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрестегі қызметі мен шараларына талдау жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі - саяси мақсаттарды көздейтін зорлық -зомбылық, күштеу әрекеттері ретінде танылған терроризм болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні - Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күресінің ерекшелігі, қарқыны мен дамуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың негізгі 3 тараудан тұрады. Олар: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімі. Негізгі тарау 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде терроризмді зерттеудің теориялық әдістемелік негіздері, яғни терроризм ұғымы, оның түрлері мен терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы саясаттын іске асыру шаралары және болашақта жүзеге асатын мүмкіндіктері қарастырылған.
1. ТЕРРОРИЗМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Терроризм ұғымы және оның түрлері
Терроризм латын сөзі «terror» үрей, қорқыныш деген мағынаны білдіреді. «Террор» бұл қарсыласқа күшпен жасайтын әрекеттер жиынтығы (тұтқынға алу, қирату, өлтіру), ал терроризм террордың тәжірибесі болып табылады. Яғни терроризм - террорды жүйелі түрде қолдануға негізделген саясат болып табылады. Терроризмнің жалпы қабылданған кұкықтық анықтамасы жоқ. Бірақ көптеген зерттеушілер оған анықтама беріп өткен. Зиновьевтің айтуынша терроризм - адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты туындайтын әлеуметтік құбылыс. «Терроризм саяси мақсаттарды көздейтін зомбылық» (Б. Крозье, Ұлыбритания) ; «Терроризм - бұл саяси, идеологиялық, әлеуметтік мақсаттарға жету үшін өкіметтің, халықтың үрейін тудырту» (Г. Дэникер, Швейцария) ; Осыдан терроризм - бұл террорлық әрекеттерді қолданатын саяси тактика. Мұндағы саяси әрекеттер дегеніміз - адам өлтіру, үрей, қорқыныш тудырту, самолеттерді айдап кету, адамдарды тұтқынға алу және т. с. с. [43] .
Қазіргі таңда көптеген ғалым-террологтар, белгілі саясаткерлер терроризмнің мәнін, оның белгілерін түсінуге тырысып, көптеген анықтамалар беріп өткен. Қолданыстағы әдебиеттерді сұрыптау барысында терроризм ұғымының 100-ден 200-ге дейін анықтамасы бар екені анықталды, алайда бұл анықтамалардың бірде біреуі классикалық болып таңылмаған [44] .
Анықтамалардың әртүрлілігі авторлардың терроризм ұғымын, оның белгілері мен мақсаттарын өзінше түсінуінде жатыр. Яғни, авторлардың терроризм субъектілерінің белгілі бір белгілері мен элементтері жөніндегі ойлары сәйкес келмейді.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше террористтік құрылымдардың қызметі ерекше саяси бағытта болады. Мысалға, ГФР-дің арнайы қызметінің басшысы Г. Нонлаудың айтуынша қарастырылып отырған феномен саяси мақсатта мемлекеттік органдардың жүктеуге тырысатын күрестің бір түрі болып табылады.
Белгілі ресейлік ғалым Л. А. Моджорянның айтуынша терроризм - жағымсыз мемлекеттік және саяси қайраткерлерге қарсы, сондай-ақ мемлекеттегі құқықтық тәртіпті реттеуге бағытталған жеке тұлғалардың, одақтардың немесе үкіметтік ұйымдардың күштеу әрекеті.
Терроризмді оның барлық белгілері бойынша зерттеу зерттеушілерді бұл құбылысқа кең ауқымда қарауға мәжбүр етеді. Мысалға, Дж. Буш АҚШ-тың вице-президенті болған тұста терроризмге қарсы күрес комиссиясының баяндамасында мынадай анықтама берген болатын: «Терроризм - тұлғалар мен объектілерге күш көрсетуге арқылы саяси және әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыру. Әдетте ол үкіметтің, топтардың немесе жеке тұлғалардың саясатын немесе әрекетін үрей тудырту арқылы өзгертуге бағытталады». Ал американдық зерттеушілер В. Малисон мен С. Малисон айтуынша терроризм бұл - бұқаралық және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде күштеуді қолдану».
Белгілі террологтардың бірі У. Лакердің [7] ойынша терроризм бұл - қоғамда үрей тудыру, лауазымды адамдарды қызметтен кетіру және саяси өзгерістерді еңгізуді мақсат ететін мемлекеттік емес күштеуді немесе күштеу қаупін пайдалану.
Ал Т. Герцог терроризмнің қатарына психологиялық әсер ету арқылы нақты бір саяси стратегия шеңберінде саяси сипаттағы мақсаттарды көздейтін жеке тұлғалардың қоғамда үрей тудыруын немесе күштеуді қолдануын жатқызады.
Жалпы көптеген зерттеушілердің көзқарастарын сұрыптай келе терроризмнің әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде мынадай белгілерін атап өтуге болады:
- террорлық әрекеттердің ерекше әдіс-тәсілдері, соның ішінде зорлық-зомбылықты қолдану; мүлікті зақымдау немесе жағымсыз әрекеттер арқылы қауіп-қатер тудырту; адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төңдіретін жағдай жасау;
- әдейі қорқыныш, үрей тудыратын жағдай қалыптастыру;
- террорлық әрекеттерді жариялап, үгіт-насихат жүргізу;
- қоғамда үрей, қорқыныштың кең таралуы;
Осы аталған белгілердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.
Күштеу бұл - терроризмнің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл құбылыстың табиғатын зерттеген барлық авторлар осы тұжырымға тоқталып өтеді. Мысалға, Ю. М. Антонянның айтуынша терроризм бұл - күштеу арқылы зорлық-зомбылық жасау, үрей тудырту, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті бұзу, қауіп төңдірту. Бұл әдіс қол күші арқылы да, адам санасына, еркіне психологиялық әсер ету арқылы да қолданылады.
Қол күшін қолдану әдетте адам өміріне, денсаулығына зақым келтіру, еркіндігін шектеу арқылы жүзеге асады. Мысал ретінде АҚШ президенті Кеннедидің өлімін, генерал Де Гольдің өміріне қастандық жасалуын, Италияның саяси қайраткері А. Морроны ұрлауын айтуға болады.
XX ғасырда психологиялық әсер ету арқылы жүретін террорлық әрекеттер кең өріс алды. Кейбір зерттеушілердің айтуынша террористтер үшін мұндай әдістер қылмыстық мақсаттарға жетуге тиімді. Бұл әрекеттер әдетте ашық сипатта жүреді. Мысалға, лауазымды адамдарға, қоғам қайраткерлеріне немесе үкіметтік ұйымдарға ашық немесе жабық түрде қауіп-қатер төндіру арқылы террористтердің айтқаның бұлжытпай орындату. Ал орындамаған жағдайда халыққа күштеу акцияларын жасау қаупі төңеді.
Әдетте террорлық әрекеттерде мына әдістер кеңінен таралған: жеке тұлғалардың мүлкін бұзу, халық тіршілігіне қажетті атомдық электр станциялар, су құбырлары сияқты объектілерді, кәсіпорындарды қирату.
Сондай - ақ, қазіргі таңда биологиялық және және химиялық улағыш заттарды қолдану жиі кездеседі. Мысалға, 1972 жылы АҚШ-та «Күн шығыс ордені» атты экстремисттік топтың мүшелерін тұтқынға алған кезде 36 кг сүзекті қоздырғыш дақылдар тәркіленді. Бұл топтың мақсаты - Чикаго, Сент-Луис және АҚШ-тың батысындағы тағы басқа қалаларының сумен жабдықтау жүйесін уландыру болатын. Ал 1975 жылы дәл осындай мақсатты Нью-йорк пен Вашингтонда жүзеге асыруды көздеген неоұлттық топтан 115 кг цианид тәркіленген болатын. 1995 жылы «Аум Синреке» атты жапондық діни топ токиолық метродағы халыққа қарсы зарин және ацетонитрил улы газдарын қолдану нәтижесінде 12 адам қаза тауып, мыңдаған адамдар уланды [45] . Ал 2001 жылы әлемді АҚШ-та әдей сібір жарасының бактериялары мен қоздырғыштарын тарату туралы фактілер таңғалдырған болатын.
Терроризмнің негізгі белгілерінің бірі - әдейі қорқыныш, үрей тудыратын жағдай қалыптастыру. Жоғарыда айтып өткендей терроризм латын сөзі «terror» үрей, қорқыныш деген мағынаны білдіреді. Ю. М. Антоняннің айтуынша мемлекет және саяси қайраткерлерге шабуыл жасағанда, белгілі бір мекемелерді қирату барысында түрлі мақсаттар көзделуі мүмкін, ал терроризмнің айрықша белгісі, оның негізгі ерекшелігі қорқыныш, үрей тудыруында. Осы негізгі айрықша белгісі терроризмді басқа қылмыстардан ерекшелейді. Шешендік террорист С. Радуев 1997 жылы террорист-жауынгерлерді дайындау орталығының түлектеріне арнап сөйлеген сөзінде: «Террорист-жауынгерлердің негізгі мақсаты - Шешенстан территориясы мен жанында орналасқан әскерлердің үрейі мен қорқынышын тудырту, тұтқынға алып, өлтіру»- деген.
Мұндағы айта кететін негізгі мәселе әдейі қорқыныш, үрей тудыратын жағдай қалыптастыру - террористтердің негізгі мақсаты емес. Мысалға, қылмыстық құқық сөздігінде терроризм - халықты, билік органдарын үрейлендіру арқылы қылмыстық мақсаттарға қол жеткізетін қылмыстық іскерлік болып табылады. Яғни үрей, қорқыныш сезімі - қылмыстық мақсаттарға жетудің құралы. Көптеген зерттеушілердің ойынша қорқыныш сезімі қол күшіне қарағанда анағұрлы нәтижелі құрал болуы мүмкін.
Терроризмнің тағы бір белгілерінің бірі - террорлық әрекеттерді жариялап, үгіт-насихат жүргізу. Егер көптеген қылмыскерлер құпия қалуға тырысса, террорлық акциялар жариялыққа ұмтылады. М. П. Киреевтің айтуынша: «бүгінгі терроризм - бұқараның қабылдауына бағытталған күштеу формасы». Терроризм неғұрлым жариялыққа ұшыраса халықтың үрейін тудыруда соғырлым әсерлі болады.
Терроризмнің жариялығы көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін, қоғамға аса қауіпті ерекше әдіс-тәсілдері мен түрлері арқылы жүзеге асады. Мысал ретінде көптеген адамның өліміне себеп болған 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-йорк пен Вашингтондағы жарылыстар мен халықтың сібір жарасының бактерияларын жұқтыруы.
Сонымен қатар террористтер өздерінің әрекеттерін, ұйымдарының қызметін, идеологиясын уағыздайтын үгіт-насихат сияқты арнай әдістерге жүгінеді. Бұндай әдістер қатарына белгілі бір террорлық әрекетке өздерінің қатысы бар екендігін жариялау, әрекеттері мен талаптарын бұқараға жеткізу үшін БАҚ-ын пайдалану, өздерінің лидерлерін «қаһарманға» айналдыру.
Қоғамда үрей, қорқыныштың кең таралуы террористтердің өз мақсаттарына жету үшін өмір, еркіндік, адамдардың денсаулығы, жеке мүлкі сияқты адамзат қоғамының ең басты құндылықтарына қауіп төңдірумен байланысты. Бұл адамдарды жаппай қырудан, денсаулыққа аса ауыр зақым келтіруден тағыт басқа әрекеттерден көрініс табады.
Сондай - ақ, терроризмнің тағы бір ерекшелігі бұл шиеленіске қатысы жоқ кез келген адам терроризмнің құрбаны болуы мүмкін. Бір қызығы терроризм үрей, қорқыныш, айыптау сияқты сезімдермен қатар қызығушылық, таңқаларлықты да тудыртады. Яғни бұл әрекеттер әсіресе қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамып келе жатқан тұсында көптеген адамдардың назарын аударта алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz