Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы

  1. Бақша дақылдарының ауылшаруашылық маңызы . . . 5Бақша дақылдарының биологиялық ерекшеліктері . . . 10Бақша дақылдарының агротехникасы . . . 37Бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы . . . 46

ІІ. Жамбыл облысындағы бақша дақылдарының тәжірибелік жұмысы

  1. Бақша дақылдарына тәжірибе жүргізу . . . 48
  2. Бақша дақылдарының құрамындағы нитраттар мен нитриттер . . . 51
  3. Тәжірибелік жұмыстың нәтижесі . . . 54

Қорытынды . . . 61

Әдебиеттер . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан территориясында бақша дақылдарының барлық түрлері егіледі де топырақтың құнарлығына байланысты. Бақша дақылдарына асқабақ тұқымдасына қарбыз, қауын, асқабақ, қияр жатады. Осы бақша дақылдарының тағамдық маңызы - олардың құрамында көмір су, қант және тағы басқа витаминдер болады. Қарбызда қанттың мөлшері 3, 5 тен 12 % - ға жетеді, қауында 4, 2 - 18 % болады, ал мускаттық асқабақта 16 - 17 % болады. Мәдени өсімдіктердің ішінде бақша дақылдары қаулап өсуімен ерекшеленеді. 90 - 120 күннің ішінде олардың ассимиляциялық аппараты 32 см² - қа жетеді, ал капустада 1 - 15000 см² болады.

Бақша дақылдарының тағы бір ерекшелігі олардың жоғарғы және бүйірлік бүршіктері өте активті және бақша дақылдарында екінші, үшінші, төртінші ретті бүйірлік өркендері өсіру қабілеттілігі жоғары болады. Бір мезгілде жер үсті өркенінің өсуімен қатар жер асты тамыр жүйесі дамиды. Мысалы: асқабақтың күрделі тамыр жүйесі 25 км. Асқабақтың жеке тамыршалары 3 - 4 м тереңдікте өседі. Бақша дақылдарының ішінде тамыр жүйесінің күрделі және қуаттылығы жөнінен асқабақ, сосын қарбыз, одан кейін қауын, қияр тұрады. Мысалы: Мозолеевтік асқабақтың 25 - 32 күнде 6 - 12 бүйірлік, жанама тамырлары өсіп шығып, олардың ұзындығы 109 171 см, ал таралу радиусы 85 - 135 см - ге жетеді. Бірінші 50 күнде жер асты тамыр жүйесі жер үсті мүшелеріне қарағанда тез өседі, елу күннен кейін керісінше, жер асты тамыр жүйесінің өсуі баяулап, жер үсті мүшелері жақсы өседі. Бақша өсімдіктері негізінен жарығы мол, жылы аймақтарда өсуге бейімделген яғни олар құрғақшылыққа да бейімделіп өседі. Ылғалы мол, жауын - шашын мол жауған жылы қауын мен қарбыздың қабығы қалың, өздері сулы болып келеді. Құрамындағы қанттың мөлшері төмендейді. Бақша өсімдіктері жарықты, жылуды көп қажет етеді. Мысалы: асқабақтың тұқымы 13, 7º С температурада өседі. Сабағы мен жапырағы 12 - 15º С температурада, ал жемісін 15 - 25º С температурада береді. Гүлдену кезегінде өсімдіктер жоғары температураны қажет етеді, бірақ суық және жаңбырлы күндердегі сияқты, мөлщерден тыс күннің ыстықтығы өсімдіктердің өсуіне, өнім беруіне теріс әсерін тигізеді және тозаңдануына кедергі жасайды. Тозаңданбаған гүл түсіп қалады. Сонымен бірге өсімдіктің жақсы өсуі топырақтың физикалық құрамына байланысты екенін Д. Әбілов, В. И. Эдельштейн, Х. Шмальц, П. М. Эреньбургтың еңбектерінде белгілі.

Бақша дақылдарының шөл және шөлейт зоналарында жақсы өсетіндігіне емес, сонымен бірге бүршіктің құрамындағы тұздың және қанттың мөлшерінің көбеюіне байланысты болады.

Бақша дақылдар туралы ТМД бойынша В. И. Эдельштейн, В. И. Марков, В. Ф. Белик, Б. Г. Русанов, О. В. Юрина сияқты тағы басқа еңбектерінде келтіріліп жазылған.

Бақша дақылдар туралы Қазақстан территориясы бойынша

А. Алманиязов, Д. Әбілов, А. Г. Сиривля, П. М. Эренбург, Г. Гуцалюк еңбектерінде бақша дақылдарын күтіп, тұқым селекциясы асқабақ тұқымдасына жататын түрлеріне тоқталған [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11] .

Зерттеу объектісі: Бақша дақылдарының түрлері.

Зерттеу пәні: Жамбыл облысындағы бақша дақылдарын өндірудегі экологиялық жағдайы.

Зерттеу мақсаты: Бақша дақылдарының қарастыру кезінде, тәжірибелік жұмыста асқабақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің экологиялық жағдайын анықтау.

Зерттеу міндеті:

  1. Бақша дақылдарын қарастырудағы теориялық деңгейдегі зерттеуі мен тәжірибедегі күйін анықтау;
  2. Бақша дақылдарының түрлерін, қай жерде өсетіндігін айқындау;
  3. Бақша дақылдарын өндірудегі экологиялық жағдайын қарастыру.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
  1. Бақша дақылдарының ауылшаруашылық маңызы

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, аумағы 144, 3 мың шаршы километр. Облыста басқа үш қала (Қаратау, Жанатас, Шу) сонымен қатар 132 поселкалық және ауылдық округтар бар.

Облыстың климаты құрғақшылық және континенталдық ерекшеліктермен сипатталады. Мұны облыс аумағының Еуразия матерігінің ішінде орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, Ауа - райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналасының ерекшелігі, сондай - ақ күн шуағының молдығын қамтамасыз ететін оңтүстікте орналасқандығымен түсіндіруге болады.

Облыстың басым аумағын Бетпақдала шөл және шөлейт аймақтары мен Мойынқұм құмдары алып жатса, таулар (Қаратау, Қырғыз, Шу - Іле Алатау) тек оңтүстік - батыс, отүстік және оңтүстік шығыс шет жағаларында орналасқан. Рельефтің осы айырмашылықтары облыс климатының әр түрлі болғандығына өз әсерін тигізеді.

Климаттың континентальдығы ауаның күндізгі мен түнгі, қыс пен жазғы температуралық қарама қарсылықтардан байқалады [6] .

Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0º С жоғары, облыстың солтүстігінде 225 - 240 күн, орталық аудандарда 245 - 266 күн, ал тау және тау бөктерлерінде - 225 - 245 күнге дейін созылады. Аясыз кезең жазық аудандарында 5 - 6 ай, тау бөктерінде және тауларда 4 - 6 ай болады. Облыста, әсіресе жазық бөлігінде, жауын - шашын аз жауады.

Табиғи - экономикалық шарттарға байланысты ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің бөліну облыс бойынша біркелкі емес. Ең құнарлы ауылшаруашылығына пайдалануға жарайтын жерлер дала және таулы аймақтарда, тек 2 пайызы ғана шөл және шөлейт жерлерде орналасқан.

Барлық ауылшаруашылық жерлерінің көлемі - 11 542, 8 мың гектар, бұл жердің жалпы көлемінің 73, 8 пайызын құрайды. Өсімдік шаруашылығы суармалы жерлерде негізгі, ал шөл және шөлейт жерлер қосымша сала болып табылады. Өсімдік шаруашылығының негізгі өнімдері - дәнді дақылдар мен бақша дақылдар. Менің дипломымның тақырыбы осы Жамбыл облысының бақша дақылдарының экологиялық жағдайы. Осы Жамбыл облысында бақша дақылдары егіледі.

Бақша дақылдарына асқабақ тұқымдасына қарбыз, қауын, асқабақ және қияр жатады. Бақша дақылдарының тағамдық маңызы оның құрамында көмір су, қант және тағы басқа витаминдер болуы [1] . Осы бақша дақылдарына жеке - жеке тоқталып, ауылшаруышылық маңызына жалпы сипаттама беретін болсам:

Қарбыздың негізгі орны - Африка. Табиғатта бұл дақыл: жабайы, жартылай мәдени, мәдени болып үш түрде кездеседі. Осы аталған жабайы қарбыздың түрі (колонцинт) тек Африкада кездеседі, сондай - ақ оның өркендерін Туркмениядағы Теджен өзенінің бойынан көруге болады. Ол кайнозой эрасының төрттік кезеңінен белгілі.

Қарбыз - көне дақыл болып табылады. Осы көне дақыл екендігін археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Б. э. д. ХХІ ғасырдағымолалардан қарбыздың тұқымдары, суреттері табылған. Қарбыз туралы римдік ақын Вергиле өз өлеңдерінде айтқан.

Киев Русіне қарбыз орта Азия мен Парсыдан келген деп есептелінеді. Алғашқыда ол Волга (Жайық) Дон, Кубань өзендерінің бойында таралған. Ресейде қарбыздың шаруашылық өндірілуі ХІХ ғасырдың 50 жылдарында бастады. Ал Қазақстанға Астрахань губерниясынан келген.

Қарбызды десерт және диеталық өнім ретінде пайдаланылады [12] .

Химиялық құрамы: (құрғақ салмаққа шаққандағы үлесі, % - бен) су 88 - 91 %, құрғақ зат 9 - 12 %, қант 7, 5 - 10 % (кейбір іріктемелердің қанты одан да көп), оның ішінде 10 - 20 % сахароза, жасунық (клетчатка) 0, 5 - 0, 9% шикі ақуыз 0, 9 -1 %, органикалық қышқылдар 0, 1 % болады.

Дәрумендер: (құрғақ 100 г затқа шаққанда мг) В1 - 0, 04, В2 - 0, 03, В9 - 0, 09, С - 12, каротин 0, 8 - 1 зольдық заттар 0, 6, соның ішінде (100 г құрғақ затқа шаққанда, мг) натрий - 16, калий - 64, магний - 224, кальций - 14, фосфор - 7, темір - 1 тұрады. Сондай - ақ аз мөлшерде кобальт пен күкірт бар. Қарбыздың тұқымдары фосфорға бай.

Қарбыз тұқымының ақуызы 30 % жеңіл сіңетін глобулиннен тұрады. Оның құрамына мына аминқышқылдары кіреді: аргиниен, цистин, гистидин, лизин, тирозин, триптофан.

Атерсклероз, гипортания, анемия, гепатит, холецистит, бүйрек аурулары, қан аздық, подагра сияқты ауруларға қарсы қару ретінде қарбыз қолданылады. Қарбызбен бауыр, зәр шығару жолдарының ауруларын емдейді.

Сыртқы ортадан келетін зиянды, улы заттарды ағзадан шығару қабілеті бар. Қарбыз етінің клетчаткасы асқазанның жұмысы бір қалыпты болуына, ас қорыту процесінің қалыпты жүруіне әсер етеді. Орташа зоналарда өсірілетін қарбыздың дәмі ерекше, әрі қанты аз болады.

Қауын - бір жылдық жайылып өсетін шөптесін өсімдік. Қауын - жәндіктер арқылы тозаңданады. Бір өсімдікте 1 немесе 3 қауын өседі. Қауын өте дәмді бақша дақылы. Оның адам организміне оңай сіңетін А, С дәрумендері болады. Қауын жемісінің 100 грамында 30 милиграмдай С дәрумен кездеседі. Қауын заттарының құрамында фолиев қышқылы қанды молайтуға тікелей қатысады. Қауын құрамында жергілікті жердің топырақ - климат жағдайына байланысты 7 - 14, 7 % қант, 2, 5 - 6, 7 % жасунық (клетчатка) 1 - 3, 5 % пектинді және басқа заттар кездеседі. Қауын жемісінің еттері ақ болса, онда құрамында каротин болмайды. Егер жеміс еті сары немесе қызғылт сары түсті болса, онда аздап каротин болады. Каротинді қауындарға іші қызыл, шыртылдақ, Будан - 80, Будан - 120 деп аталатын іріктемелер жатады. Осы Жамбыл облысында өсірілген қауындар адамның нерв жүйесіне жақсы әсер етеді [10] .

Қиярдың отаны - тропикалық Үндістанның ылғалды аудандары. Сонымен қатар жылы климатты елдердің бәрінде ол кең таралған, өйткені өскеннен бастап піскенге дейінгі кейбір ерте пісетін қияр түрлерінің мерзімі - өте қысқа 35 - 45 күн. Қиярдың ерте пісетін түрлері біздің еліміздің Солтүстігінің өзінде ашық топырақта 10 - 30 күнде жеміс береді. Дегенмен Солтүстік шығыс 62 - 65º және Солтүстік аудандарда тек құнарлы топырақта ғана төзімді жеміс береді.

Химиялық құрамы. Қиярдың жемісі 94 - 95 % судан тұрады. Оның құрғақ затының жартысын қант құрайды. Қиярдағы химиялық заттардың құрамы, түрі мен өсіру жағдайына байланысты өзгереді. Орта аймаққа қарағанда, Оңтүстікте (Жамбыл облысында) оның құрамында құрғақ заттар көп болады [13] .

Қолданылуы. Тағам ретінде толық піспеген жемістері пайдаланылады. Жас және тұздалған қияр кең қолданылатын азық. 2 - 3 күндік түйнектерден (ұзындығы 3 см) жемістен корнишон жасайды. 8 - 12 күннен кейін жеміс қалыпты көлемге жетеді. Биологиялық (тұқымдық) пісуі жеткенде қиярдың дәмі мен кісі жойылады.

Толық піспеген қиярдың тағамдық маңызы жоғары дәмдік қасиеті және белоктың азықтарды жақсы сіңіруге көмектесетін әрі ас қорытуды жақсартатын ферменттнрінің болуымен анықталады. Қияр сол сияқты жүрек пен бүйрек қызметін жақсартады.

Тұздарының көлемі жағынан ол тек қара шалқанға ғана жол береді. Бұл тұздар бүйрекке кристалды заттың пайда болуына жол бермейді, олардың қан құрамынан кетіреді. Қияр мен шалқан - біздің организмнің тазалықшылары. Иванов ауылшаруашылық институтының мәліметі бойынша 1 кг қиярда 0, 04 мг йод болады екен тұқымын йодті колиіге салып қойса (1500 мг 1 литрге) жемісіндегі йод құрамы 0, 38 дейін көбееді, ал 1 л 100 мг концентрациясымен суарса, жемісіндегі йод құрамы 0, 68 дейін жетеді. Тұздаған кезде ас тұзы оның құрамындағы қантты ығыстырып шығарады.

Асқабақтың көптеген түрі Орталық және Солтүстік Америкада, ал ірі жемісті асқабақ - Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Асқабақтың мәдени түрлері б. э. д. 2 мың жыл бұрын белгілі болса, ал Ресейде ол ХІХ ғасырдың басында пайда болған.

Асқабақтың 24 түрі белгілі, оның алтауы - мәдени, қалғаны жабайы өсімдіктер. Қазақстанда 3 түрі кең таралған: қатты қабықшалы; мускаттық; ірі жемісті [2] .

Асқабақ негізінен тағам ретінде қолданылады. Олар көмірсуға әсіресе қант пен крахмалға өте бай. Асқабақтың құрамында 90 % - ға дейін су, 9, 7 - 16 % құрғақ зат болады, ал ірі сорттарында 15 - 20 % - ға жетеді және 15 % қант болады. Қант негізінен полисахарид түрінде кездеседі және 23 % крахмал болады. Асқабақ жемісінің құрамында олардан басқа 15 - 20 % витаминдер, 4 - 7 % каротин, клетчатка, күлді элементтер, 41 - 48 % май кіреді.

Минералдың құрамына мынадай элементтер жатады: натрий - 14 %, калий - 170 %, кальций - 40 %, магний - 14 %, фосфор - 25 %, темір - 0, 8 %, мыс - 30 %, күкірт - 0, 016 %, және тағы басқа тұздарға бай келеді. Асқабақтың каллориялық қуаты - 29 калл. Сондықтан асқабақтан жасалған тағамдар өте пайдалы. Тұқымынан дәмді, жоғары сапалы май алады. Медициналық мақсатта асқабақты бауыр, қарын, жүрек, астерасклероза, бүйрек ауруларын емдеуге қолданылады. Тұқымның құрамында 50 % май, 45% глицерин, 25 % олейн қышқылы, 35 % польмитин және стеарин қышқылдары және тағы басқа органикалық қышқылдар, витаминдер кездеседі.

Жамбыл облысында қарбыз, қауын, асқабақ және қияр өсіруге мүмкіндік мол. Бұлардың табиғат жағдайы қолайлы. Егер суару қажет болса, бұл аймақтардың суы да аз емес. Келешекте бақша дақылдарын мол өндірудің тиімді тәсілдері жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін қазіргі кезде қол жеткен селекциялық табыстарды дұрыс пайдалана отырып бақша дақылдарының ерекшеліктерін зерттеу қажет.

  1. Бақша дақылдарының биологиялық ерекшеліктері

Қарбыздың биологиялық ерекшеліктері.

Қарбыз - асқабақтылар тұқымдасының туысы. Ол төселіп өсетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның жер бетіндегі бөлігі жарнақты жапырақтардың пайда болуынан басталады. Олар 8 - 12 күн өседі, сосын бірінші нағыз жапырақ пайда болады 20 - 40 күннен соң негізгі сабағы дамиды.

Жапырағы, формасы, өлшелігі мен түсі арқылы ажыратылады. Бір өсімдікте жапырақтың саны 200 - ге жетеді. Негізгі сабағы жанама сабақтардан қысқа болып, 2 - 4 м - ге жетеді. Тамыр жүйесінің қалыптасуы өсіру жағдайларына байланысты: агротехника нашар, ылғал жетіспесе негізгі тамыр ғана дамып, қосалқы тамырлар болмайды. Нағыз жапырақтары түзілгенше қарбыздың тамыр жүйесі қалыптасып бітеді. Содан соң жер беті мүшелерінің қалыптасуы зор қарқынмен жүреді [3] .

Қарбыз - бір үйлі өсімдік яғни бір өсімдікте аталық және аналық гүлдер болады. Шар тәрізді формасы бар қарбыздың гермофродитті аналық гүлдері болады, ал ұзынша формалы іріктемелердің бәрін де қос - жынысты.

Аналық гүлдері ірі, жапырақтары қолтықтарында түзіледі, негізінен негізгі сабақта түзіледі. Бес күлте жапырақшалары болады. Олар сарғыш немесе жасыл - сары түсті. Ерте пісетін іріктемелердің аналық гүлдері 15 - 18 жапырақтар қолтықтарында, кеш пісетіндерде 20 - 25 жапырақтардың қолтықтарында түзіледі. Күн жылы болған сайын аналық гүлдер тез түзіле отырып, жарнақтарға жақын орналасады.

Аталық гүлдер бір өсімдікте 100 - 400, аналық гүлдер 6 - 30 болады. Бір өсімдік 2 - 3 жеміс береді. Аталық гүлдер ерте ашылып, ұрықтанған соң, кешке өліп қалады. Аналық гүлдер 1 - 3 тәулік өмір сүреді. Ұрықтану мен пісу аралығы 40 - 80 күн. Қарбыздың тозақдары ауыр, жабысқақ, оларды негізінен жәндіктер тасымалдайды. Бақшалық гүлдеу кезінде араларды жіберу тозаңдандыруды 2 - 3 есе арттырады. Сондай - ақ қолдан тозаңдандыру жүргізіледі. Ол үшін ең қолайлы уақыт - таңертеңгі 7 мен 8 - дің арасы.

Домалақ формалы іріктемелердің аталық гүлдері дамыған, өздігінен тозаңданады, ал ұзынша формалы іріктемелер айқаспалы тозаңданады.

Қарбыздың жемісі - көп тұқымды жалған жидек. Жемістің түзілуі кезінде қатты жылдамдықпен күндізде де, түнде де өседі. Пісуге жақындағанда күндіз жәй өсіп, піскен кезде тоқтайды [4] .

Тұқымдардың физиологиялық қасиеттері оларды жемістен қашан алғанына тікелей байланысты. Тұқымдарды қарбыздардың еті шіри бастаған кезде алған жөн. Үлкен тұқымдар ерте өніп, өсімдіктердің қаулап өсуіне, жақсы түсім алуына мүмкіндік береді. Жемістің орта бөлігінен алынған тұқымдардың қасиеттері осындай. Ескі тұқымдардың өсуі баяу, физиологиялық процестері баяу аскорбин қышқылының синтезі төмен болып, нашар өседі. Ескі тұқымдардан өнім аз. Тұқымдардың ең қолайлысы 1 - 4 жыл ұсталу қажет. Мұндай тұқымдар мол түсім береді. Көп сақталған тұқымдардың сапасы жылдан - жылға төмендей береді.

Қарбыз жылу сүйгіш өсімдік, сондай - ақ қуаңшылыққа (қәуіп пен асқабаққа қарағанда) төімді. Сондықтан ол көптен орталық аудандарда егіледі. 12 - 14º С тұқымдар өне бастайды, 25 - 30º С температурада 6 - 8 күннен кейін тұқымдардан алғашқы жапырақтар пайда болады. Ылғалдың жеткілікті болуы бұл процесті жылдамдатады. Өте ерте себілген тұқымдар топырақтың жылымағандығынан өнбей қалуы мүмкін.

Гүлдердің ашылуы мен тозаңдануына температура өз әсерін тигізеді. Ауа құрғақ болса, тозаңдану толық емес болады да, жемістерінің сыны жаман болады.

Қарбыз - қуаңшылыққа төзімді дақыл. Суғарылмайтын аудандарда да жақсы өседі. Қуаңшылыққа мынандай биологиялық бейімделушілігі бар: негізгі тамыр жақсы дамыған, жапырақтары суды аз буландырады, сабақтары тікенекті. Дегенмен суды жақсы буландырады (бір сезонда 2000 л су буландырады, бұл ылғалды ол топырақтан алады) . Судың көп болуынан судың жетіспеушілігін жақсы көтереді. Су көп болған кезде жемістің пісуі баяулайды, тұқымдары ісіп, сапасы төмендейді.

Қарбыз жарық сүйгендіктен, тек жарық жерлерге егіледі. Жарықтың жетіспеушілігі вегетация уақытын созады, тозаңданудың, түсімінің сапасын төмендетеді. Қарбыз - жақсы, жеңіл жылитын қоректік заттары мол, бейтарап және әлсіз сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Топырақтың тұздылығына төзімді.

Қарбыздарды вегетациялық кезеңдердің ұзақтығына қарай былай бөледі:

  1. тез пісетіндер (70 - 90 күн) ;
  2. орта мерзімде пісетіндер (90 - 100 күн) ;
  3. кеш пісетіндер (110 120 күн) .

Тез немесе ерте пісетін іріктемелер (сорттар) : Стокса 647 / 649, Скороспелка Харьковская, Победитель 395, Сквирский скороспелый, Любимец хутора Пятигорска, Быковский 22 және тағы басқалар. Орта мерзімде пісетін іріктемелер: Мелитопольский 142, Мелитопольский 60, Быковский 23, Бирючекутский 775 және тағы басқалар. Кеш пісетін іріктемелер: Мелитопольский 143, Кузыбай 30, Волжский.

Қарбыздың гибридті тұқымдары жақсы түсім береді, әрі ерте піседі. Ең күшті гибридтері болып мыналар саналады: Победитель 395 х Бирючекутский 823, Победитель 395 х Стокса 647 / 649, Быковский 22 х Мелитопольский 143.

Қазақстанның суармалы, суарылмай егілетін егістіктерінде Стокса 647 / 649, Скороспелка Семипалатинская, Багаев Мурашка 747 / 749, Бирючекутский 775, Мелитопольский 142, 143, Роза Юго - Восток, Десерт 83, Туман 127 іріктемелері егіледі. Гибридтен КазЖенПИ 1, КазЖенПИ 2, КазЖенПИ 3 деп аталатындары 1971 жылдан бастап егіледі.

1 - сурет

Қарбыздың түрлері мен жемістің формалары

1 - сплюснутті; 2 - шар тәріздес (Быковский, Семейлік) ; 3 - қиғаш эллипс тәріздес (Мелитополь, Мрамор) ; 4 - эллипс тәріздес (Шантеклер) ;

5 - жұмыртқа тәріздес (Венгриялық) ; 6 - алмұрт тәріздес (Кембаев) ;

7 - цилиндр тәріздес (Клеклей) .

Стокса 647 / 649. Бұл іріктемені Бирючекутск тәжірибе станциясы ерте пісетін іріктемелерді іріктеу жолымен шығарған. Өсімдіктің сабақ ұзындығы 1, 5 м, жапырақ алақаны кіші, жіңішке болып, жапырақ жүйкелеріне жақын жеріне дейін тілімденген. Қарбыз шар тәріздес, домалақ, майда, орташа салмағы 1, 5 кг. Сырты тегіс, қоңыр - жасыл, жолақшалары бар. Қабығы жұқа, еті қызыл түсті, сулы. Қанттылығы 8 - 9 %. Қуыңшылыққа төзімділігі орташа [5] .

Көкшетау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Орал, Қарағанды және Семей облыстарында жерсіндірілген. Скороспелка Харьковская. Украинаның көкөніс - картоп ғылыми - зерттеу институты шығарған. Негізгі сабақтың орташа ұзындығы - 1, 7 м. Жапырақ алақаны майда, аналық гүлі аталықтан үлкен, қаныққан сары түсті, аталық гүл солғын сары. Қарбызы домалақ, шар тәрізді. Орташа салмағы 1, 7 - 3 кг. Қарбыз сырты тегіс, қоңыр - жасыл түсті. Белгісіздеу келген қоңыр жолақтары бар. Қабығы жұқа. Еттері сулы, қанттылығы 8 - 9 %. Тұқымының түсі - сұр қоңыр, сызықтары болмайды. Бұл іріктеме Қызылорда, Алматы, Қарағанды облыстарында жерсіндірілген.

Скороспелка Семипалатинская. Бұл ертеден егіліп келе жатқан жергілікті іріктеме. Сабақ ұзындығы орташа, қарбызы домалақ, салмағы 2, 5 - 4 кг. Сырты тегіс, жіңішке қоңыр - жасыл түсті жолағы бар. Қабығының қалыңдығы 0, 6 мл, ақ етінің қалыңдығы 0, 9 см, ішкі еті қанық қызыл түсті. Көбінесе Павлодар, Семей облыстарында егіледі.

Любимец хутора Пятигорска 286. Бұл іріктемені Бирючекутск тәжірибе станциясы шығарған. Орташа мерзімде пісетін іріктеме. Жемісі домалақ, шар тәрізді. Орташа салмағы 3, 5 - 5 кг. Сыртқы түсі қоңырлау, белгісіздеу келген 12 -13 жолағы болады. Етінің түсі солғын қызыл, тұқымы боз, сопақ тұмсығында қара дағы бар. Бұл іріктеме Ақтөбе, Шымкент; Семей, Алматы облыстарында егіледі.

Туман 127. Бұл іріктемені Днепропетровск көкөніс - картоп станциясы шығарған. Ол 95 -105 күн ішінде піседі. Жемісі домалақ, сырты тегіс қара болып келеді. Еті қызыл, сулы, шырынды. Орташа салмағы 4 - 6 кг. Тұқымы майда, қызыл түсті, тегіс. Қабығының қалыңдығы 1, 1 см екі 0, 5см.

Бирючекутский 775. Іріктеме өнімді көп береді. Домалақ, шар тәрізді, қоңыр - жасыл түсті, 15 - 20 жолағы бар. Майда қоңыр түсті тұқымдары бар. Сыртынды ақшыл келген 2 -3 сызығы болады.

Багаев Мурашка 747 / 749. Бирючекутск тәжірибе станциясы шығарған. Домалақ, ашық жасыл түсті. Жемісі піскен соң 2 - 3 рет жинап алынады. Алыс жолға тасуға шыдамды. Орта салмағы 3 - 7 кг. Қызылорда, Шымкент; Жамбыл; Семей; Павлодар облыстарында аудандастырылған. Тұқымы ірі, қанттылығы 3, 8 %.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Кластерлік жүйе
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Ауыл шаруашылығы бөлімі
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz