БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Мазмұны
КІРІСПЕ
3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ
ЖӘНЕ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
6
1.1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАНКТІК СЕКТОРЫ ЖӘНЕ БАНКТІК
ҚЫЗМЕТ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
6
1.2 БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
18
1.3 БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, БҮГІНГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
30
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
43
2.1 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚҰЗЫРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ
БАНКІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
43
2.2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АГЕНТТЕРІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР
ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
55
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
72
КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК
ЖҮЙЕСІН ҚҰРАЙТЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН БАНКТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ӘРІ МІНДЕТТІ СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ Т.Б. ҚАРЖЫЛЫҚ-
НЕСИЕЛІК ИНСТИТУТТАР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ИНВЕСТОРЛАРДАН ТАРТЫЛҒАН УАҚЫТША БОС
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН КАПИТАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ӘРІ ЖОҒАРЫ
ТАБЫСТЫ САЛАЛАРЫНА ҚҰЮ ФУНКЦИЯСЫН ОРЫНДАЙДЫ, СОНДАЙ-АҚ ЕЛДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА, МЕМЛЕКЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАРҒА ҚАТЫСУЫНА
ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСУЫНА СЕПТІГІН
ТИГІЗЕДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН-2030
АТТЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДА ҮШІНШІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ РЕТІНДЕ ШЕТЕЛ
ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ДАМЫҒАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ КӨРСЕТЕДІ. БҰЛ БАСЫМДЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ИНФЛЯЦИЯНЫ
ҚОЛАЙЛЫ ДЕҢГЕЙГЕ ТҮСІРЕ ОТЫРЫП, СТРАТЕГИЯЛЫҚ КҮШТІ ІЛГЕРІЛУГЕ БАҒЫТТАУ
БЕЛГІЛЕНГЕН. БҰЛ ОРАЙДА, ТАЯУДАҒЫ ЖЫЛДАРДА БІЗ НАЗАРЫМЫЗДЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ
НАҚТЫ СЕКТОРЫНА, ОНЫ САУЫҚТЫРУҒА, ФИСКАЛЬДЫ ЖӘНЕ МОНЕТАРЛЫҚ ҚАТАҢ ШЕКТЕУЛЕР
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨСУ МЕН КҮШТІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТҚА АУДАРАМЫЗ ДЕП АЙТЫЛҒАН (1,
48-52(.
ОСЫҒАН ОРАЙ, ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫН
ҚҰРАЙТЫН БАНКТІК ЗАҢНАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ,
ЕЛДЕГІ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ МӘН-ЖАЙЛАРЫ, БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ, ҚР-ҒЫ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ҰЙЫМДАР РЕТІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ ІСІНЕ ҚОСАТЫН ҮЛЕСТЕРІ, БАНКТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ОЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ БҮГІНДЕ ҚР-СЫ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ӨРКЕНИЕТТІ КАПИТАЛИЗМ СТАНДАРТТАРЫНА САЙ
ДАМЫТУ ТҰРҒЫСЫНАН АСА ӨЗЕКТІ КӨРІНІС ТАУЫП ОТЫР ДЕП САНАЙМЫН.
ҚР-НЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА СӘЙКЕС ҚР-ДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ,
СОҒАН СӘЙКЕС ЗАҢДАРДЫҢ, ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ,
РЕСПУБЛИКАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, СОНДАЙ-АҚ
РЕСПУБЛИКА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ НОРМАТИВТІК
ҚАУЛЫЛАРЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ (2, 5(.
ҚР-ҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ ӨЗЕКТІЛІГІН НЕГІЗДЕЙТІН ТАҒЫ
БІР ДӘЛЕЛ РЕТІНДЕ ҚР-НЫҢ 2003-2015 ЖЫЛДАРДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫНА СӘЙКЕС ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАНКТІК СЕКТОРЫН ОДАН ӘРІ
ДАМЫТУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАНКТЕРДІ ҚҰРУ
ШАРАЛАРЫ КӨЗДЕЛГЕНІН АЙТА КЕТУ ҚАЖЕТ.
СОНЫМЕН, ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
ҚР-НЫҢ БАНКТІК ҚҰҚЫҒЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОНЫҢ ТИІСТІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА
ЖҮКТЕЛІНЕТІН СУБЪЕКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР МЕН ЗАҢИ МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛЫ БЕЛГІЛЕНГЕН,
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЗАҢИ БАЙЛАНЫСТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘЖБҮРЛЕУ КҮШІМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН, КӨБІНЕСЕ БІР ТАРАПТЫҢ МҮДДЕСІНЕ ӘРІ ЕРІК-ЫҚТИЯРЫНА ОРАЙ
ТУЫНДАЙТЫН, СОНЫМЕН ҚАТАР ЕКІНШІ ТАРАПТЫҢ ДА НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ДА
МҮДДЕСІ КӨЗДЕЛІНЕТІН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАС БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН.
ҒЫЛЫМИ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ МЕН ҚОЛДАНБАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ҚР-СЫ
БОЙЫНША БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР МЕН ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕРДІҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНДЫҚТАН ӨЗІНЕ ТӘН
ЖАҢАЛЫҒЫМЕН, ЖҰМЫСТА ЖАСАЛҒАН ТҰЖЫРЫМ- ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛҒАН
ҰҒЫМ, ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРДІҢ ЖӘНЕ АЛЫНҒАН ДӘЙЕКТІ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘРІ
ТӘЖІРИБЕЛІК ҚАЖЕТТІЛІГІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ.
ДИПЛОМДАҒЫ БІРҚАТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР БАР. ОЛАР: БАНКТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ, БАНКТІК ЗАҢНАМА ҰҒЫМЫ,
СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
МЕН ОЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР, БАНКТІК
ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАНКТІК ЗАҢНАМАНЫҢ НАҚТЫЛЫ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТҰРҒЫСЫНАН
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ. ДИПЛОМДЫҚ ІЗДЕНІС МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРДЕЛЕУ МӘН-
ЖАЙЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ТЕК 2000 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖҮРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ.
ҚР-ДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ, БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ, БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУГЕ АТ
САЛЫСҚАН ҒАЛЫМДАР РЕТІНДЕ ХУДЯКОВ А.И. (ФИНАНСОВО – БАНКОВСКОЕ ПРАВО:
ПРЕДМЕТ, МЕТОДЫ, СИСТЕМА ИЗВЕСТИЯ АН КАЗАХСКОЙ ССР, СЕРИЯ ОБЩ.НАУК,
1990, №5; ОСНОВЫ ТЕОРИИ ФИНАНСОВОГО ПРАВА. АЛМАТЫ, 1995); ОСИПОВ Е.Б.
(ЗАЛОГОВОЕ ПРАВО. АЛМАТЫ, 1999); НУРСЕИТ Н. (ОБЕСПЕЧЕНИЕ УСТОЙЧИВОСТИ
НАЦИОНАЛЬНОЙ ВАЛЮТЫ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ВАЛЮТНОЙ ПОЛИТИКИ. АЛМАТЫ, 2004),
НУРСЕИТОВА Р. (МЕХАНИЗМ РЕГУЛИРОВАНИЯ ИНВЕСТИЦИОННОГО ПРОЦЕССА: ФИНАНСОВО-
БАНКОВСКИЙ АСПЕКТ АЛМАТЫ, 2001) ЖӘНЕ Т.Б. АТАП ӨТУГЕ БОЛАДЫ.
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ. ДИПЛОМДЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАНКТІК СЕКТОРЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АУҚЫМЫНДА ТУЫНДАЙТЫН
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАН-ЖАҚТЫ САРАЛАП,
ҚАРАСТЫРУ, ҒЫЛЫМИ СИПАТТАМАСЫН БЕРУ, БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІН, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН НАҚТЫЛЫ
АЙҚЫНДАУ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘН-ЖАЙЛАРЫН ТҰЖЫРЫМДАП, ТҮЙІНДЕУ ӘРІ ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАРЫН АШЫП КӨРСЕТУ ЖАТАДЫ.
ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МЫНАДАЙ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСҚАН
МІНДЕТТЕРІН АЙҚЫНДАУ ӘРІ ОЛАРДЫҢ ШЕШІМІН ТАБУ ҮШІН:
- БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІН, БЕЛГІЛЕРІН, ОНЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ АЛАТЫН ОРНЫН АНЫҚТАУ;
- ҚР-ДА БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙТІН БАНКТІК ЗАҢНАМА
ҰҒЫМЫН АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ БАНКТІК ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ НАҚТЫЛЫ
ҰСЫНЫСТАР ЖАСАУ;
- БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
АСПЕКТІСІНІҢ МАЗМҰНЫН, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН НАҚТЫЛЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ БАНКТІК
ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ ЖАСАУ;
- ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘН-ЖАЙЛАРЫН ТҰЖЫРЫМДАП, ТҮЙІНДЕУ
ӘРІ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАРЫН АШЫП
КӨРСЕТУДІ ҚҰРАЙДЫ.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: ҚР-НЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БАНКТІК ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЗАҢНАМА НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН
БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ, ОНЫҢ ЖОҒАРҒЫ-ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ,
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ҚАЛЫПТАСАТЫН БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН НАҚТЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ.
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ. ДИПЛОМДЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
АСПЕКТІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТИВТІ-СУБЪЕКТИВТІК БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЯТТАР
МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЖЕТЕ ҚАРАСТЫРУ, ТИІСТІ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН
ҚАҒИДАЛАРЫН ТАЛДАУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢИ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТАР МЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТИІСТІ МҮДДЕЛЕРГЕ СӘЙКЕСТІГІН АЙҚЫНДАУ, БАНКТЕРДІҢ,
МЕМЛЕКЕТТІҢ, БАНК КЛИЕНТТЕРІ ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІНІҢ МӘН-ЖАЙЛАРЫН АШЫП КӨРСЕТУ.
ДИПЛОМДЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІН ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ, БАНКТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУГЕ ОРАЙ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІНІҢ
ЖИЫНТЫҒЫ (ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ, САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ, ТАЛДАУ, ҚЫЙСЫНДЫЛЫҚ-ЗАҢИ,
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ, НАҚТЫЛЫ-СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ, ЖҮЙЕЛІК ӘДІСТЕР)
ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ТАНЫМНЫҢ ІРГЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚҰРАЙДЫ.
ДЕРЕКТІК НЕГІЗІ. ДИПЛОМДЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ, БАНКТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫН
ЗЕРТТЕУШІ РЕСЕЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МЫНАДАЙ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ С.С.
АЛЕКСЕЕВТІҢ, М.В. КАРАСЕВАНЫҢ, Л.Г. ЕФИМОВАНЫҢ, О.Н. ОЛЕЙНИКТІҢ, А.А.
ТЕДЕЕВТІҢ, М.Т. БАЙМАХАНОВТЫҢ, САПАРҒАЛИЕВТЫҢ, А.И.ХУДЯКОВТЫҢ, С.М.
НАЙМАНБАЕВТЫҢ ЖӘНЕ Т.Б. АВТОРЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ КӨРІНІС ТАПТЫ.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА МЫНАДАЙ АВТОРЛАРДЫҢ КАНДИДАТТЫҚ
ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫ ПАЙДАЛАНЫЛДЫ: АБЖАНОВ Д.К. ГОСУДАРСТВЕННО-ПРАВОВОЕ
РЕГУЛИРОВАНИЕ БАНКОВСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН. АЛМАТЫ, 1998.
- 173 С.; ОСИПОВ Е.Б. ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВЫЕ ДОГОВОРЫ С УЧАСТИЕМ БАНКОВ.
АЛМАТЫ, 1997. - 185 С
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ
ЖӘНЕ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1.1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАНКТІК СЕКТОРЫ ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ:
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
БҮГІНДЕ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ
ЖӘНЕ ТИІСІНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒЫ АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫЛЫҒЫМЕН ШАРТТАЛЫНҒАН БАНКТІК СЕКТОРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНЕ, СОНДАЙ-АҚ ОНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ТИІМДІЛІГІНЕ
ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕП САНАЙМЫН. ӨЙТКЕНІ ҚР-НЫҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ МЕН ӨЗГЕ
ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН БАНК
ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНКТЕР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУҒА, СОНДАЙ-
АҚ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТІКЕЛЕЙ ЫҚПАЛЫН
ТИГІЗЕДІ.
ОСЫНДАЙ МӘН-ЖАЙҒА ОРАЙ, АЙТА КЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ ЖАЙТ, 1995 ЖЫЛҒЫ 30
НАУРЫЗДА ЖӘНЕ 31 ТАМЫЗДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢ КҮШІ БАР ЖАРЛЫҒЫ -
БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ ЕЛДІҢ БАНКТІК СЕКТОРЫН РЕФОРМАЛАУ
ІСІНІҢ ҚЫЗУ ОРТАСЫНДА КӨРІНІС ТАБА ОТЫРЫП, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК
ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК СТАНДАРТТАРҒА, СОНДАЙ-АҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА
ҚАҒИДАЛАРЫНА САЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАП, ӘРІ БЕКІТКЕН
БОЛАТЫН.
ҚР-НЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ БАНКТІК СЕКТОРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ,
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ 33 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.
БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ 33 БАНКТІҢ ІШІНДЕ ШЕТЕЛДІК ҚАТЫСУЫ БАР
14 БАНК, ОҒАН ҚОСА ҚР-НЫҢ РЕЗИДЕНТІ ЕМЕС БАНКТЕРДІҢ 9 ЕНШІЛЕС БАНКІ ЖҰМЫС
ІСТЕЙДІ (3, 1-2(.
ОСЫ БАНК ЖҮЙЕСІН, ОНЫҢ АУҚЫМЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖӘНЕ БАНКТІК
ЗАҢНАМАНЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРДЕЛЕП, ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІП, ТАЛДАУ ЖАСАМАС БҰРЫН ҚР-Ы БАНК
ЖҮЙЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ДӘСТҮРЛІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ
ДЕП ОЙЛАЙМЫН.
КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДӘУІРЛЕП ТҰРҒАН КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ БАНК ЖҮЙЕСІ
БОЛҒАН ЖОҚ. СЕБЕБІ КЕҢЕСТІК РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА КСРО МЕМЛЕКЕТТІК БАНКІНІҢ
ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ МЕН ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫС
ІСТЕДІ. ОСЫҒАН ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ КСРО
МЕН РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ РЕСЕЙ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫМЕН ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН. КЕЗІНДЕ ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
ҚҰРЫЛЫМЫНАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАНК, АКЦИОНЕРЛІК БАНКТЕР, ҚАЛАЛЫҚ БАНКТЕР,
ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ БАНКТЕРІ МЕН БАСҚА ДА БАНКТЕР ОРЫН АЛДЫ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНЕ КЕЛСЕК, ОЛ ҚАЗАҚ КСР 1990 ЖЫЛҒЫ 7
ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС РЕФОРМАЛАУ
САТЫСЫНАН ӨТУІ БАРЫСЫНДА ТАЗА МЕМЛЕКЕТТІК МОДЕЛДЕН АРАЛАС МОДЕЛГЕ КӨШКЕН
БОЛАТЫН. АТАЛҒАН ЗАҢҒА САЙ РЕСПУБЛИКАДА ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАЗАҚ КСР
МЕМЛЕКЕТТІК БАНКІ (ҚАЗІР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ), АЛ
ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНДЕ СОЛ КЕЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН БАРЛЫҚ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАНКТЕР (ӨНЕРКӘСІП ҚҰРЫЛЫС БАНКІ, АГРОӨНЕРКӘСІП БАНКІ,
ТҰРҒЫН ҮЙ ӘЛЕУМЕТТІК БАНКІ, СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАНК) ЖӘНЕ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛЫП
ЖАТҚАН ӘРТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС БАНКТЕР (АКЦИОНЕРЛІК, КООПЕРАТИВТІК,
ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ НЫСАНЫНДАҒЫ, ЖӘНЕ Т.Б.) БАР ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК
ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ ЖЕРДЕГІ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІК БАРЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ
(МЕМЛЕКЕТТІК, МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС) МӘРТЕБЕСІ ТЕҢЕСТІРІЛДІ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ДЕГЕН КАТЕГОРИЯМЕН БІРІКТІРІЛДІ (4, 110(.
1993 ЖЫЛҒЫ 13 ЖӘНЕ 14 СӘУІРДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚР-НЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БАНКТЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРҒА ДЕЙІН ҚАЛЫПТАСҚАН БАНК ЖҮЙЕСІ ОСЫНДАЙ СИПАТТА
КӨРІНІС ТАПҚАН БОЛАТЫН. АТАЛҒАН ҚР-НЫҢ ЗАҢДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙІН КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ БАНК
РЕТІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАН (1-БАП, 1-АБЗАЦЫ). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКПЕН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА ОРТАЛЫҚ БАНКІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК, ЖЕКЕШЕ,
АКЦИОНЕРЛІК, БІРЛЕСКЕН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕР ЖЕЛІСІМЕН КӨРСЕТІЛГЕН (2-БАП,
1-АБЗАЦЫ) (5, 119-137(.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙІНДЕ: ҚР-Ы
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1994 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ
БАНКІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС
ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАН ХАЛЫҚТЫҚ БАНК (БҰРЫНҒЫ ҚР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ЖИНАҚ БАНКІ), ҚР-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1994 ЖЫЛҒЫ 16-ШІЛДЕДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКСПОРТ-ИМПОРТ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫНА
СӘЙКЕС ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЭКСПОРТ-ИМПОРТ БАНКІ (ҚАЗАҚСТАН
ЭКСИМБАНКІ), ҚР-Ы ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1994 ЖЫЛҒЫ 6 ҚЫРҚҮЙЕКТЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУ БАНКІСІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫНА САЙ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУ БАНКІ, ҚР-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1995 ЖЫЛҒЫ 29 НАУРЫЗДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДЕТШІ БАНКІ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫНА
СӘЙКЕС ТӨРТ ЖЫЛДАН АСПАЙТЫН МЕРЗІМГЕ ҚҰРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДЕТШІ БАНК
ОРНАЛАСЫП, ЖҰМЫС ІСТЕГЕН БОЛАТЫН.
ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ 1995 ЖЫЛҒЫ 30 ТАМЫЗДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚР-СЫ
КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЛАТЫН ОРНЫ ЕРЕКШЕ
ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТУ ҚАЖЕТ. ҚР-СЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 44-БАБЫНА НАЗАР АУДАРСАҚ,
ОНДА ОНЫҢ 4)-ТАРМАҚШАСЫНДА ҚР-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕЛІСІМІМЕН ҚР-
СЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЙДЫ, ОНЫ ҚЫЗМЕТТЕН БОСАТАДЫ
ДЕП КӨРСЕТІЛГЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ (2, 15(.
СОНЫМЕН, БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ
НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІСТІ НОРМАТИВТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ӘРТҮРЛІ БАНКТЕРДІҢ ТИІСТІ ЕКІ
ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨЗАРА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК БАЙЛАНЫСТАРЫН БІЛДІРЕТІНІНЕ
КӨЗ ЖЕТКІЗДІК. ДЕГЕНМЕН, БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТОЛЫҚ ҰҒЫМЫН, МӘН-ЖАЙЫН ӘЛІ ДЕ
БОЛСА АЙҚЫНДАП, ӘРІ ЖАН-ЖАҚТЫ АШЫП КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ СИЯҚТЫ.
ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОНОМИСТ-ҚАРЖЫГЕР ЖӘНЕ ЗАҢГЕР ҒАЛЫМДАР МЕН
МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС, ПІКІРЛЕРІН ТАЛДАУҒА КӨШЕЙІК.
БАНК ЖҮЙЕСІ – БІРЫҢҒАЙ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ АУҚЫМЫНДА ЖҰМЫС
ІСТЕЙТІН, ӨЗАРА БАЙЛАНЫСҚАН ӘР ТҮРЛІ БАНКТЕР МЕН БАСҚА ДА НЕСИЕЛІК
МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ. ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ БІРІНШІ ДЕҢГЕЙІНДЕ
ОРТАЛЫҚ БАНК, АЛ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙІНДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР МЕН БАСҚА ДА ЕСЕП
АЙЫРЫСУ-НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕР ЖЕЛІСІ ОРНАЛАСАДЫ (6, 40(, БАНК ЖҮЙЕСІ-ҚАНДАЙ
БОЛМАСЫН ЕЛДЕ БЕЛГІЛІ БІР ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН (ӨЗАРА БАЙЛАНЫСҚАН)
ӘР ТҮРЛІ БАНКТЕР МЕН БАНКТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ; НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ (7, 61( ДЕП ТҮСІНДІРСЕ, КЕЛЕСІ АВТОР: БАНК ЖҮЙЕСІ –
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮШІН, НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ АҒЫНДАРДЫ РЕТТЕУ МАҚСАТЫНДА
ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІММЕН БІРІККЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ТОБЫ ДЕП ТҮЙІНДЕГЕН
(8, 433(.
А.А. ТЕДЕЕВ ПЕН В.А. ПАРЫГИНА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДА БАНК
ЖҮЙЕСІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА КЕЛТІРЕТІН МЕХАНИЗМ РЕТІНДЕ КӨРІНІС
ТАБАДЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛ ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ УАҚЫТША БОС АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫН ЖҰМЫЛДЫРУДЫ, ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН АУМАҚТАР ЖӘНЕ
САЛАЛАР АРАСЫНДА ҚАЙТА БӨЛУДІ, ӘР ТҮРЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
БҮГІНДЕ БАНК ЖҮЙЕСІ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫСТАН: ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙ, ОРТАЛЫҚ
БАНКТЕН; ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНАН
ТҰРАДЫ. БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАТЫНАСТАР ОРТАЛЫҚ БАНК ПЕН НЕСИЕЛІК ҰЙЫМДАР
АРАСЫНДА ҚАЛЫПТАСАДЫ ДЕП ТҰЖЫРЫМДАҒАН (9, 3-37(.
ҚР-НЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ЗАҢЫНДА: 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІ БАР. 2.
ҰЛТТЫҚ БАНК МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ БАНК
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОҒАРҒЫ (БІРІНШІ) ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАТАДЫ. ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ МІНДЕТТЕРІ,
ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАТТАРЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫМЕН БЕЛГІЛЕНЕДІ. ҰЛТТЫҚ
БАНК ӨЗІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІ ШЕГІНДЕ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
РЕТТЕУДІ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ БАНК
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН
ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУҒА ЖӘРДЕМДЕСЕДІ. 3. ҚР-НЫҢ ЗАҢ АКТІСІМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН
ЕРЕКШЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ БАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІН ҚОСПАҒАНДА ӨЗГЕ
БАНКТЕРДІҢ БӘРІ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТӨМЕНГІ (ЕКІНШІ) ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАТАДЫ. 4.
ШЕТЕЛДЕР ҚАТЫСУШЫ БАНК-АКЦИЯЛАРДЫҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСТАМЫ: А) ҚР-НЫҢ
РЕЗИДЕНТТЕРІ ЕМЕСТЕРДІҢ; Б) АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕЛУ ПРОЦЕНТІНЕН АСТАМЫ ҚР-НЫҢ
РЕЗИДЕНТТЕРІ ЕМЕСТЕРДІҢ НЕ СОЛАРҒА ҰҚСАС ҚР-СЫ РЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ-ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ИЕЛІГІНДЕ, МЕНШІГІНДЕ НЕМЕСЕ БАСҚАРУЫНДА БОЛАТЫН ҚР-СЫ
РЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ; 5. МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ БАНК-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
КЕЛІСІМ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛЫП, ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН, ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ ҚР-НЫҢ
ҮКІМЕТІ МЕН СОЛ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮКІМЕТТЕРІ БОЛЫП
ТАБЫЛАТЫН БАНК ДЕП АЙҚЫНДАЛҒАН (10(.
ДЕМЕК, БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ, ОНЫҢ АУҚЫМЫНДАҒЫ
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ
ТИІСІНШЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ
ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АТ САЛЫСЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ, СОНДАЙ-АҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН
РЕТТЕЙТІН БАНКТІК ЗАҢНАМА МЕН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІЛЕРГЕ НЕГІЗДЕЛІНІП ОТЫР.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ АРНАУЛЫ
БАНКТІК ЗАҢЫ ҚР-НЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ЖҰМЫС ІСТЕУІН НЕГІЗДЕЙ
ОТЫРЫП, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІН, НОРМАТИВТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІН, ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫН, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
НЕГІЗГІ МАҚСАТЫН, МІНДЕТТЕРІН, ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨКІЛЕТТІГІН, КАПИТАЛЫ МЕН
РЕЗЕРВТЕРІН, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ДИРЕКТОРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫН ЖӘНЕ
ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫМЕН
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН, АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ, АҚША ТӨЛЕМІ МЕН АУДАРЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
МӘН-ЖАЙЫН, СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН, ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АЛТЫН-ВАЛЮТА АКТИВТЕРІН, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АЙҚЫНДАП, НЕГІЗДЕП, БЕЛГІЛЕГЕН ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ (11(.
АТАЛМЫШ ҚР-СЫ ЗАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕ, ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
ҚҰРЫЛАТЫН БАНК ЖҮЙЕСІ, ЖҮЗЕГЕ ПАСЫРЫЛАТЫН БАНКТІК ІС-ҚИМЫЛДАР МЕН ІС-
ӘРЕКЕТТЕР, БАНК ЖҮЙЕСІ ІШІНДЕГІ, СОНДАЙ-АҚ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАРҒА
БАҒЫТТАЛҒАН, МӘРТЕБЕЛІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК МӘНІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ.
2001 ЖЫЛҒЫ 25 СӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫ
ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН, ӨКІЛЕТТІКТЕРІН, ТИІСТІ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДАРЫН, БАНКТІК САРАПТАМА ЖҮРГІЗУІН,
ТИІСТІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУЫН, РЕЗЕРВТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІН, СЫРТҚЫ, ІШКІ АУДИТІН, ОРГАНДАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫН, ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕП, РЕГЛАМЕНТТЕУ БАРЫСЫНДА
ТУЫНДАЙТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ, КРЕДИТТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ СИПАТТЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ, ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ТИІСІНШЕ ІСКЕ АСЫРЫЛЫП
ЖАТҚАНЫН ДӘЛЕЛДЕП ОТЫР (12(.
1995 ЖЫЛҒЫ 31 ТАМЫЗДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ
БАНКТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ БАНКТІК ЗАҢЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІ
ҚҰРУ, ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ТАРАТУ, ЕРІКТІ ЖӘНЕ ЕРІКСІЗ ҚАЙТА ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ
ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ, ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫНА ТАЛАПТАР ҚОЮ, БАНКТІК
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, 30-БАПТА КӨЗДЕЛГЕН БАРЛЫҚ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
МЕН МӘМІЛЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТОРЛАРДЫҢ
МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАСТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУГЕ АТ
САЛЫСАДЫ (10(.
СОНЫМЕН, ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕ
БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ АЙТЫЛҒАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ САРАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ
СИПАТТАМАНЫ ТҰЖЫРЫМДАЙ КЕЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ ТІКЕЛЕЙ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ
ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ҚР-НЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН, ОСЫ ЖҮЙЕНІ ҚҰРАЙТЫН
БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК
РЕТТЕУДІ, ӨЗІНДІК БАСҚАРУ-РЕТТЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН НАРЫҚТАРЫ МЕН
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫ БАР, ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ
ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕР МЕН БАСҚА ДА ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ИНСТИТУТТАРДАН
ҚАЛЫПТАСҚАН, МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ӨЗ АУҚЫМЫ ШЕГІНДЕ
ІСКЕ АСЫРУҒА АТ САЛЫСАТЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТИІСТІ
ЗАҢНАМАҒА САЙ ТИІСІНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
БАНКТІК СЕКТОРЫН БІЛДІРЕДІ ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ АЙҚЫНДАУҒА БОЛАДЫ.
ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТОҚТАЛА ОТЫРЫП,
Б.Б. ЖАМИШЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨСІП, ҚАРЖЫ
НАРЫҒЫНЫҢ АСА ІРІ СЕГМЕНТІНЕ АЙНАЛЫП ОТЫР. БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ НЕСИЕЛЕУДІҢ
ӨСУІ БІРҚАТАР ФАКТОРЛАРМЕН, ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСТАРЫНЫҢ ӨСУІМЕН ЖӘНЕ
ШЫНАЙЫ СЕКТОР КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН,
СОНДАЙ-АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ АРЗАНДАУЫМЕН
ШАРТТАЛЫНҒАН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨТІМДІЛІК ОҒАН ДЕГЕН СЕНІМНІҢ
БЕКУІНЕ ОРАЙ ҰЛҒАЙЫП ОТЫР (13(.
Б.Б. ЖАМИШЕВТІҢ ОСЫЛАЙША БАНК ЖҮЙЕСІНЕ ДЕГЕН СЕНІМНІҢ БЕКУІ ДЕП
ПАЙЫМДАУЫ А.А. КОЗЛОВТЫҢ XXI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК КОНГРЕСТЕ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ
ДАМУ БОЛАШАҒЫ ЖӨНІНДЕГІ СЕНІМ БОЛСА БАНК ЖҮЙЕСІ ДАМИ БЕРЕДІ. ДЕГЕНМЕН,
СЕНІМДІ ТИІСТІ ЗАҢ ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ БЕЛГІЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ, ОҒАН ЕҢБЕК СІҢІРУ
ҚАЖЕТ (14( ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫМЕН СӘЙКЕС КЕЛУІ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ КӨБІНЕСЕ
СЕНІМДІЛІК НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕП ОТЫР.
АЙТЫЛҒАН ПІКІРДЕН АТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІҢ ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУДА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР БАНКТІК ЖҮЙЕНІ БАСҚАРУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІНІН
АТАП ӨТСЕК БОЛАДЫ, СЕБЕБІ ОНЫ АЙТУДАҒЫ МЕНІҢ МАҚСАТЫМ БАНКТІК ЖҮЙЕДЕГІ
СЕНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ.
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАНДАЙ БОЛМАСЫН БАНКТІҢ ӨЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕСІН
ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, БАНК КЛИЕНТІ ҮШІН БЕЛГІЛІ БІР ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ТИІСТІ ЗАҢ,
ШАРТ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ РЕТІНДЕ СИПАТТАУҒА БОЛАДЫ.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘСТҮРЛІ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНЕ ДЕПОЗИТТЕР
ТАРТУ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕ БЕРУ ЖАТАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР БҮГІНГІ ТАҢДА
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ӨЗ КЛИЕНТТЕРІНЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ ӘР АЛУАН БАНКТІК ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТЕ АЛАДЫ. ОСЫНДАЙ КЕҢ АУҚЫМДЫ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ӨЗ КЛИЕНТТЕРІН ЖӘНЕ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ САҚТАЙ ОТЫРЫП,
ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗІНДЕ ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУЛЕРІНЕ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ.
ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ БІРІНШІ ДЕҢГЕЙІН БІЛДІРЕТІН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ ӨЗІНЕ ТӘН ҚЫЗМЕТІН, ӨКІЛЕТТІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ БАРЫСЫНДА ПАЙДА ТАБУДЫ МАҚСАТ ЕТПЕЙ, ТЕК ҚОҒАМ МЕН
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІСТІ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ.
ҚР-НЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕР ҚР-НЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ
ТУРАЛЫ, АҚША ТӨЛЕМДЕРІ МЕН АУДАРЫМЫ ТУРАЛЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ,
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ 30-БАБЫНА СӘЙКЕС) МЫНАДАЙ:
1) ДЕПОЗИТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКТІК ШОТТАРЫН
АШУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ;
2) ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕТАЛЛ ШОТТАРЫН АШУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ
ЖАТАДЫ, ОЛАРДА ОСЫ ТҰЛҒАҒА ТИЕСІЛІ ТАЗАРТЫЛҒАН БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ
БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН МОНЕТАЛАРДЫҢ НАҚТЫ САНЫ КӨРСЕТІЛЕДІ;
3) КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР: ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ ҰСАТУДЫ, АЙЫРБАСТАУДЫ,
ҚАЙТА САНАУДЫ, СҰРЫПТАУДЫ, ҚАТТАП БУУДЫ ЖӘНЕ САҚТАУДЫ ҚОСА АЛҒАНДА, ОСЫ
ТАРМАҚТЫҢ 1), 2), 6) 9), 12), 13) ТАРМАҚШАЛАРЫНДА КӨЗДЕЛГЕН БАНК
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БІРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БЕРУ;
4) АУДАРЫМ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ; ЕСЕПКЕ АЛУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ; БАНКТІК ЗАЕМ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ;
5) ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН АЙЫРБАС ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ;
6) БАНКНОТТАРДЫ, МОНЕТАЛАР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ИНКАССАЦИЯЛАУ;
7) ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫН (ВЕКСЕЛЬДЕРДІ ҚОСПАҒАНДА) ИНКАССОҒА ҚАБЫЛДАУ;
8) БАНКТЕРДІҢ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН АҚШАЛАЙ НЫСАНДА ОРЫНДАУ КӨЗДЕЛЕТІН
БАНК КЕПІЛДЕМЕЛЕРІН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БЕРУІ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА
ЖАТАДЫ ЖӘНЕ Т.Б.
БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙЛЕРІН БІЛДІРЕТІН БАНКТЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТІ АЯСЫ ЗАҢДЫҚ, ШАРТТЫҚ, СОНДАЙ-АҚ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ҚАЛЫПТАСАТЫН
АҚШАЛАЙ-НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ КӨРІНІС ТАБАДЫ.
БАНКТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ БАНКТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ПРОЦЕСІНДЕ МЫНАДАЙ:
1) БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ТЕК БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ЕЛ
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДА МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТІ ДЕП ТАНУ;
2) ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚҰРАЛҒАН БАНКТЕРДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ
ОРАЙ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ САЛАЛАРЫНА
ТАРТЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ, СОНДАЙ-АҚ НАРЫҚТЫҚ ДАМУ
ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЗАҢНАМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ;
3) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-БАНКТІК СТАНДАРТТАРҒА, АТАП АЙТҚАНДА ЕУРОПАЛЫҚ
СТАНДАРТТАРҒА БЕЙІМДЕЛГЕН БАНК ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ;
4) ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ КӨПТЕГЕН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ БЕЛЕҢ АЛҒАН БАНК ЖҮЙЕСІ
АРҚЫЛЫ ЛАҢКЕСТІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ
КАРТОЧКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨСУІ ТӘРІЗДІ ЖӘНЕ Т.Б. ҚАТЕРЛІ ӘРІ КЕЛЕҢСІЗ
ПРОЦЕСТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ, ТЫЙЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ;
5) ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА ЖӘНЕ
БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЛАУАЗЫМДЫ БАСШЫЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТИІСТІ ЗАҢНАМАЛЫҚ
АКТІЛЕРДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ КҮШЕЙТУ СИЯҚТЫ ФАКТОРЛАРДЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
ЕСЕПКЕ АЛУ-ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ.
ДЕГЕНМЕН, ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ СИПАТТАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДА ОСЫ
АТАЛҒАН ФАКТОРЛАРДЫ ДА ЖЕТКІЛІКСІЗ ДЕП САНАЙМЫЗ. ӘРИНЕ, БАНКТІК ЖҮЙЕНІ
ЖҰМЫС ІСТЕУІН РЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗАҢДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР
ЕНГІЗУ БАРЫСЫНДА КӨПТЕГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ, МӘДЕНИ, ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖӘНЕ Т.Б. ФАКТОРЛАРДЫ БАСШЫЛЫҚҚА АЛҒАН ДҰРЫС БОЛАДЫ.
СОНЫМЕН ҚАТАР ҚР-НЫҢ ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ
АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ БАНКТЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ДЕ ҰМЫТПАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. ОСЫҒАН
ОРАЙ ҚР-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2003 ЖЫЛҒЫ 10 ШІЛДЕДЕГІ № 1149 ЖАРЛЫҒЫМЕН
БЕКІТІЛГЕН ҚР-НЫҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ 2004-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР МЕН НЕГІЗГІ
МАҚСАТ-БАҒЫТТАРДЫ НЕСИЕЛЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН АУДАНДЫҚ БАНКТЕР НЕМЕСЕ ІРІ АУЫЛ
АУМАҒЫНДАҒЫ БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕЛГЕН ЖОСПАРЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОСЫ НЕГІЗДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҚҰРУ
НЕМЕСЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ БАСҚА БАНКТЕРДІ ТАРТУ КӨЗДЕЛГЕНІ КӨПШІЛІККЕ МӘЛІМ.
2004 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӨЗІНІҢ ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫН БАНКТІК
ҚЫЗМЕТ, САҚТАНДЫРУ, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА
БАСТАҒАН ҚР-НЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ӘЛІ ДЕ БОЛСА
НАҚТЫЛАНДЫРА ТҮСУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙМЫН. СЕБЕБІ, ЕЛДІҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІ СИПАТҚА ИЕ БОЛУЫ ЕҢ АЛДЫМЕН ОСЫ САЛАНЫ РЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН
ЗАҢНАМАЛАР ЖҮЙЕСІНЕ, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ЗАҢНАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАНКТІК
ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫҒЫЗ ӘРІ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ.
БҰЛ ЖАҒДАЙДА ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫН
САЛЫСТЫРУДЫҢ ӨЗІНДІК МӘНІ ЗОР. ҚР-НЫҢ БАНКТІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ
ИНСТИТУТТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА, БАНКТІК
ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗАҢДАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
РЕФОРМАЛАРҒА ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕТІН ЗАҢДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
НЕМЕСЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕ
ЖИНАҚТАЛҒАН АҚШАЛАЙ-НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МЕН БАНК ІСІНІҢ ДАМУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН
ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙМЫН. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРУҒА КЕЛМЕЙТІН
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕТЕЛДІК БАНКТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІН КӨЗ ЖҰМА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНУ МҮМКІН ЕМЕС. ЖАҢА БАНКТІК
МЕХАНИЗМДІ ҚҰРУ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН НАРЫҚТЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ КӨП ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІНЕ СҮЙЕНІП, ЕЛДІҢ БАНК ЖҮЙЕСІН
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МҮДДЕСІНЕ САЙ ДАМЫТУДЫ ҚАЖЕТ
ЕТЕДІ.
ОСЫҒАН ОРАЙ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ АҚШ-ТЫҢ ФЕДЕРАЛДЫҚ РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ
БАНК ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫНА ТОҚТАЛЫП ӨТЕЙІК.
КӨПТЕГЕН ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ФРЖ ҚҰРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН, МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖҮРГІЗГЕН
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ БАНКТЕРДІҢ БАНКРОТТЫҒЫНА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ СИПАТҚА
ИЕЛЕНУІНЕ АЛЫП КЕЛІП ОТЫРДЫ. СӨЙТІП, 1913 ЖЫЛЫ ФЕДЕРАЛДЫҚ РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІ
ТУРАЛЫ АҚШ КОНГРЕСІНІҢ ЗАҢЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ. БҰЛ ЗАҢНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ ЕЛДЕ
ТҰРАҚТЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ АҚША-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ БОЛҒАН. ФРЖ-І ӨЗІНІҢ ҚҰРЫЛҒАН
КЕЗІНЕН БАСТАП ҚАЗІРГІ КЕЗГЕ ДЕЙІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН МАҚСАТТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫМЕН БІРДЕЙ БОЛЫП КЕЛДІ. ФЕДЕРАЛДЫҚ
РЕЗЕРВТІК БАНКТЕР БАНКТЕРДІҢ БАНКІ, СЕБЕБІ ОЛАР ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРГЕ ТӘН
БАРЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРГЕ ИЕ БОЛЫП КЕЛЕДІ. ФРЖ-НІҢ ЖҰМЫСЫНДА АШЫҚ НАРЫҚТАҒЫ
ФЕДЕРАЛДЫҚ КОМИТЕТІ МАҢЫЗДЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ. ОЛ АҚША ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ АРҚЫЛЫ
КОНЬЮНКТУРАҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ОРАЛАМДЫ ОРГАНЫ. ФРЖ-НІҢ ЕСЕБІНЕН
МЕМЛЕКЕТТІК ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУДЫ САТУДЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ИНСТРУКЦИЯЛАР
БЕРЕДІ. ФЕДЕРАЛДЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ 12
ТАНЫМАЛ БАСШЫЛАРЫНАН ТҰРАДЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІМЕН БАНКТІК
САЯСАТ ТУРАЛЫ ҮНЕМІ КЕҢЕС ЖҮРГІЗІП, ЖҮРГІЗГЕН БАНКТІК САЯСАТ ЖӨНІНДЕ ӨЗ
ОЙЛАРЫН АЙТЫП ОТЫРАДЫ. ЖЕКЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ОПЕРАТИВТІК
БАЙЛАНЫСТЫ 9 ДИРЕКТОРДАН ТҰРАТЫН БАСҚАРМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ. БАСҚАРМА ҚҰРАМЫНА
ІРІ БАНКТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК КОМПАНИЯЛАР МҮШЕ БОЛЫП КІРЕДІ, ОЛАРДЫ МҮШЕ
РЕТІНДЕ КІРГІЗУДІҢ ӨЗІНДІК МӘНІ БАР, СЕБЕБІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАТЫНАСЫ БАР БАРЛЫҚ
СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН БІРДЕЙ БІЛДІРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ (15, 86-89(.
МІНЕ, НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУ ҮРДІСІНДЕГІ АҚШ-ТА ДА
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТИГІЗІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РЕТТЕУШІ-МӘЖБҮРЛЕУШІ ЫҚПАЛЫНЫҢ ДА ҚАТАҢ СИПАТТА БОЛАТЫНЫНА КӨЗ
ЖЕТКІЗДІК. ОСЫ БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ КЕЙБІР АВТОРЛАР: ДОЛЛАР БАҒАМЫНЫҢ
ТӨМЕНДЕУІ ОБЪЕКТИВТІ СТИХИЯЛЫҚ СИПАТҚА ИЕ БОЛҒАНДЫҚТАН, АҚШ ӨЗІНІҢ КҮШ-
ҚУАТЫН ІШКІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ӘСЕР ЕТІП ЖАТҚАН ДОЛЛАР БАҒАМЫНЫНЫҢ
ТӨМЕНДЕУІН РЕТТЕУГЕ БАҒЫТТАП ОТЫР ДЕЙДІ (16, 90(.
ОСЫҒАН ОРАЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫН РЕТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ ПРОЦЕСІ ӨТПЕЛІ НАРЫҚТЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ КҮРДЕЛІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР МЕН ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
АУҚЫМЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА. СОНЫМЕН ҚАТАР БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫН РЕТТЕЙТІН
ЗАҢНАМАНЫҢ ТЕК ОСЫ САЛАНЫ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ,
ВАЛЮТА, АҚША-НЕСИЕ, ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН САЛАСЫН ҚАМТИТЫНЫН ЕСТЕН
ШЫҒАРМАҒАН ЖӨН.
ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН БІРҚАТАР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ҚОСА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
НОРМАЛАРҒА ТОҚТАЛАТЫН БОЛСАҚ, ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЖАТАТЫН БІРҚАТАР: АУДАРМА
ЖӘНЕ ЖАЙ ВЕКСЕЛЬДЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЗАҢЫ ТУРАЛЫ 1930 ЖЫЛҒЫ ЖЕНЕВА
КОНВЕНЦИЯСЫН, ЧЕКТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЗАҢЫ ТУРАЛЫ 1931 ЖЫЛҒЫ ЖЕНЕВА
КОНВЕНЦИЯСЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ 1998 ЖЫЛҒЫ УНИДРУА КОНВЕНЦИЯСЫН
АТАП ӨТУГЕ БОЛАДЫ.
ҚР-НЫҢ НАРЫҚТЫҚ ДАМУҒА ШЕШУШІ ҚАДАМ БАСҚАН АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДА
ЭКОНОМИКА САЛАСЫ, БАНК ЖҮЙЕСІ, НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӨНІНДЕ ҚР-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ: БІРАҚ ӘЛЕУМЕТТІК
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАДАМЫМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛАДЫ. МҰНЫҢ ӨЗІ МЕМЛЕКЕТКЕ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА
ҚАРАЙТЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БОЛУЫМЕН ҒАНА ЕМЕС, СОНДАЙ-АҚ ОНЫҢ БЮДЖЕТ, САЛЫҚ,
НЕСИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТІМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ. ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА, ОНЫҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ БҰРЫНҒЫДАН ГӨРІ ЗОР ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТ АЛАТЫН БОЛАДЫ,
ОЛ ҚАБЫЛДАЙТЫН ШЕШІМДЕР НАРЫҚ СЕРПІНДЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛІП, АҚША АЙНАЛЫМЫН
РЕТТЕУГЕ, САЛЫҚТАР, БАЖ САЛЫҒЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТҚА, ВАЛЮТАЛЫҚ
НАРЫҚ ПЕН БАНК ПРОЦЕНТІНЕ, ЭКСПОРТ-ИМПОРТТЫҚ ҮЛЕСТЕР МЕН ЛИЦЕНЗИЯЛАРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. РЕСПУБЛИКАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
ОРГАНДАРЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУЫНЫҢ, ШЕТЕЛ БАНКІЛЕРІ ЖҮЙЕСІН АШУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ДЕП КӨРСЕТКЕН БОЛАТЫН [17, 6-7].
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ - ОЛ БАНКТІК ІСКЕ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАУМЕН, НАРЫҚТЫҚ ҮЛГІГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БАНКТЕРДІҢ
ПАЙДА БОЛУЫМЕН, СОНДАЙ-АҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ РЕГЛАМЕНТТЕЙТІН ЗАҢНАМАЛАР
ЖҮЙЕСІНІҢ ІЛГЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫМЕН СИПАТТАЛАДЫ. ДЕМЕК, БАНК ЖҮЙЕСІ НАРЫҚТЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ БІРТҰТАС ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ОСЫҒАН ОРАЙ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ БАНК ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨПТЕГЕН
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ НЕМЕСЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛЫП ЖАТЫР, ОЛАРДЫҢ
ҚАТАРЫНА: 1996 ЖЫЛҒЫ 19 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ҚР-НЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ИСЛАМ ДАМУ БАНКІСІ
АРАСЫНДАҒЫ ДАМУ БАНКІНІҢ ӨКІЛДІГІН АЛМАТЫДА ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДІ, 1994
ЖЫЛҒЫ 8 ШІЛДЕДЕГІ ҚР-СЫ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ
КЕЛІСІМДІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫН ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ. АТАЛҒАН КЕЛІСІМДЕРДІҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ӨТЕ ЗОР ДЕП САНАЙМЫН. ӨЙТКЕНІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ ТЕК БІР
МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҒЫНДА ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАЙДЫ, БҰЛ ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН
МАҢЫЗДЫ ЕЛДЕРМЕН ЖӘНЕ БАРЛЫҚ САЛАЛАРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛАДЫ.
ҚР-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2003 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1270 ЖАРЛЫҒЫМЕН
БЕКІТІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН
РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІҢ 1-ТАРАУЫНА
СӘЙКЕС: АГЕНТТІК ӨЗІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІНЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚР-НЫҢ
ЗАҢДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ, ҚАРЖЫ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ, БАСҚА ДА ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚР-НЫҢ
АУМАҒЫНДА ОРЫНДАУЫ ҮШІН МІНДЕТТІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ШЫҒАРАДЫ.
АГЕНТТІКТІҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ ҚАРЖЫ ХАБАРШЫСЫ, ФИНАНСОВЫЙ
ВЕСТНИК АТТЫ РЕСМИ БАСЫЛЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ
ЖАРИЯЛАНАДЫ [18].
БҮГІНДЕ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ҚР-НЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ
РЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ӨЗ ҚҰЗЫРЕТІ ШЕГІНДЕ БІРҚАТАР
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ШЫҒАРЫП ОТЫР. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА МЫНАДАЙ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ: 2005 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН БАНКТІҢ,
САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУШЫ ҚОРЛАРДЫҢ УАҚЫТША ӘКІМШІЛІКТЕРІНІҢ
ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ
ИНСТРУКЦИЯСЫН, БАНКТІҢ АКЦИЯЛАРЫН МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ САТЫП АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ИНВЕСТОРЛАРҒА САТУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ ЖӘНЕ Т.Б. ЖАТҚЫЗУҒА
БОЛАДЫ.
АЛ 1995-1997 ЖЫЛДАРҒА КӨЗ ЖҮГІРТЕТІН БОЛСАҚ, ОНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ
БАНКТЕРДІҢ САНЫНЫҢ ӘЛДЕ ҚАЙДА КӨП ЕКЕНДІГІН БАЙҚАСАҚ БОЛАДЫ, МӘСЕЛЕН: 1995
ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДА 147 БАНКТЕР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ 1043 ФИЛИАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ОТЫРҒАН [19, 11-12], АЛ 1997 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН
АЙЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДА 90 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТ ЕТІП
ОТЫРДЫ [20, 4].
ӘЙТСЕ ДЕ, БҮГІНГІ ТАҢДА ОСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН
МӘСЕЛЕЛЕР ҚАТАРЫНА: ҰЛТТЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН БАНКТЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТІН ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САНЫН АРТТЫРУ; ОЛАРДЫҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ; БАНК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕСІН ЕУРОПАЛЫҚ БАНКТІК СТАНДАРТ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ; ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ
НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОСЫ ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ СИЯҚТЫ ЖӘНЕ Т.Б. ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ.
ОСЫ ОРАЙДА Б.Н. ЕТЕКБАЕВАНЫҢ: БАНКТІК ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МӘН
БЕРЕТІН ЕҢ БІРІНШІ БАҒЫТ-ОЛ БІРІҢҒАЙ УНИФИКАЦИЯЛАНҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІНІ, БЫЛАЙША АЙТСАҚ БАНКТІК КОДЕКСТІ ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ [21, 36] ДЕГЕН
ПІКІРІН ДҰРЫС ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН.
ОСЫҒАН ОРАЙ, ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ, ОНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ
ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ӘР АЛУАН БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ МЕН
МӘМІЛЕЛЕРІ ӘРІ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ИНСТИТУТТАР РЕТІНДЕГІ БОЛМЫСЫ ҚР-
НЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН
ДАМУ БАНКІ ТУРАЛЫ, АҚША ТӨЛЕМДЕРІ МЕН АУДАРЫМДАРЫ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КРЕДИТТІК БЮРОЛАР ЖӘНЕ КРЕДИТТІК ТАРИХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТУРАЛЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ, ҚАРЖЫ РЫНОГЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ТУРАЛЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ, АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ТУРАЛЫ, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ
МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ
КОДЕКСІНЕ, БЮДЖЕТ КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ЖӘНЕ ҚР-НЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРЫНА, СОНДАЙ-АҚ ҚР-СЫ
ЖАСАСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ БАНКТІК КЕЛІСІМДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ.
ҚР-ДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАНКТЕР БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТӨМЕНГІ
ДЕҢГЕЙІН БІЛДІРЕ ОТЫРЫП ӨЗДЕРІНІҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТІ–БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ МЕН
МӘМІЛЕЛЕРІН ҚР-НЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ЖӘНЕ
БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР, ҚР-НЫҢ
АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ ТИІСТІ НОРМАЛАРЫ, ҚР-СЫ ЖАСАСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР,
СОНДАЙ-АҚ ӨЗДЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІНЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚР-НЫҢ
ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ ҚР-СЫ ҚАРЖЫ РЫНОГЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ПЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС
ІСТЕУІН НЕГІЗДЕУІНЕ, БАНКТЕРГЕ ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНА ТИГІЗЕТІН ТІКЕЛЕЙ
НЕМЕСЕ ЖАНАМА МЕМЛЕКЕТТІК ЫҚПАЛЫНА ҚАРАЙ ЖАЛПЫ, СОНДАЙ-АҚ АРНАУЛЫ БАНКТІК
ЗАҢНАМАҒА БӨЛІНЕДІ.
2003 ЖЫЛҒЫ 4 ШІЛДЕДЕГІ ҚАРЖЫ РЫНОГЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫНЫҢ ТИІСТІ НОРМАЛАРЫ
АҚША-НЕСИЕ, БАНК НАРЫҒЫ МЕН БАНКТЕРДІ ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕ АСЫРАТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҰЙЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ
ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ
РЕТТЕЙДІ.
АТАЛМЫШ ҚР-СЫ ЗАҢЫНЫҢ 10-БАБЫНА СӘЙКЕС УӘКІЛЕТТІ ОРГАН-ҚР АГЕНТТІГІ
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУДІ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА: ЖЕКЕ
ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКТІҢ ЖӘНЕ БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫСЫ
МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУЫНА, БАНКТЕРДІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ОҒАН ИЕ
БОЛУЫНА РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ БАС ТАРТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙДЫ, БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ
КАПИТАЛЫНЫҢ ЕҢ АЗ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕЙДІ; БАНКТЕРДІҢ РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАРДЫ БЕЛГІЛЕЙДІ; БАНКТІК ТОПТАР ҮШІН
ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ ЖӘНЕ САҚТАЛУЫ МІНДЕТТІ ӨЗГЕ ДЕ НОРМАЛАР МЕН
ЛИМИТТЕРДІ БЕКІТЕДІ; САЛЫМДАРҒА МІНДЕТТІ ҰЖЫМДЫҚ КЕПІЛДІК БЕРУ ТӘРТІБІН
БЕЛГІЛЕЙДІ. [22].
1995 ЖЫЛҒЫ 17 СӘУІРДЕГІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫ БЕЛГІЛІ БІР
БАНКТІК ІС-ӘРЕКЕТТІ МЕМЛЕКЕТ (ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ НЕМЕСЕ ҚР АГЕНТТІГІ)
ТАРАПЫНАН ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ СИПАТЫНДАҒЫ БАНКТІК
ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕГЛАМЕНТТЕЙДІ. МЫСАЛЫ, ОСЫ ЗАҢЫНЫҢ 4-БАБЫНЫҢ 2-ТАРМАҒЫНЫҢ 1)-
ТАРМАҚШАСЫНА СӘЙКЕС БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕЛГІЛІ БІР ТҮРІМЕН АЙНАЛЫСУҒА НЕМЕСЕ
БІРНЕШЕ ТҮРІНЕ БАС ЛИЦЕНЗИЯ, 2)-ТАРМАҚШАСЫНА СӘЙКЕС – ВАЛЮТАЛЫҚ ЗАҢНАМАДА
КӨЗДЕЛГЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ БІР ЖОЛҒЫ ЛИЦЕНЗИЯ, 3)-ТАРМАҚШАСЫНА
СӘЙКЕС – БЕЛГІЛІ БІР БАНКТІК ОПЕРАЦИЯНЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУГЕ
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРІЛЕДІ. ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ НЫСАНЫН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ БЕЛГІЛЕЙДІ. АТАЛМЫШ ЗАҢНЫҢ 11-БАБЫНЫҢ 1), 2-1), 3), 5) –
ТАРМАҚШАЛАРЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУҒА, СОНДАЙ-АҚ 11-
1-БАБЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯЛАР НЫСАНДАРЫН ҚАРЖЫ РЫНОГЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ
ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ БЕЛГІЛЕЙДІ [23].
ҚР-НЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 38-ТАРАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ОРАЙ ТУЫНДАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ
РЕТТЕУДІ КӨЗДЕГЕН. СОНЫМЕН ҚАТАР, АТАЛМЫШ КОДЕКСТЕ БАНКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ
ЖЕКЕЛЕГЕН НОРМАЛАР (МЫСАЛЫ, ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ, АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ,
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР, ОБЛИГАЦИЯ, АКЦИЯ, МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ, ӨКІЛДІК ЖӘНЕ СЕНІМХАТ,
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ, МІНДЕТТЕМЕ ҰҒЫМЫ, ТАРАПТАРЫ, АҚШАЛАЙ МІНДЕТТЕМЕ, КЕПІЛ
ҰҒЫМЫ, КЕПІЛДІК ЖӘНЕ КЕПІЛ БОЛУШЫЛЫҚ, ШАРТ ҰҒЫМЫ, БАҒА, ШАРТ ЖАСАСУ, САТЫП
АЛУ-САТУ ШАРТЫ, ЗАЕМ, ЛИЗИНГ ШАРТЫ, БАНК ЗАЕМЫ ШАРТЫ, ФАКТОРИНГ) ОРЫН АЛҒАН
[24].
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ КОДЕКСІНІҢ ТИІСТІ НОРМАЛАРЫНДА, СОНДАЙ-
АҚ 11-БӨЛІМІНІҢ 43-46 ТАРАУЛАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК
БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ МЕН БОРЫШ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ҚАҒИДАЛАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ
ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ АЛАТЫН ЖӘНЕ БАСҚАРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ БЕН БОРЫШ
ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАЛАР КӨРІНІС
ТАПҚАН [25].
2003 ЖЫЛҒЫ 5 СӘУІРДЕ ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН ҚР-СЫ КЕДЕН КОДЕКСІНІҢ
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ АТТЫ 13-
БӨЛІМІ 62-ТАРАУЫНЫҢ (КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ФУНКЦИЯСЫ) 481-БАБЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ЗАҢДАРЫН
САҚТАУ МАҚСАТЫНДА КЕДЕН ОРГАНДАРЫ: 2) ҚР-НЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІМЕН КЕЛІСІМ
БОЙЫНША КЕДЕН ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН АЙҚЫНДАЙТЫН ТӘРТІППЕН
ТАУАРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚР-НЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ
ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНЕ ХАБАРЛАП ОТЫРАДЫ; 3) КЕДЕН
ОРГАНДАРЫ АНЫҚТАҒАН ҚР-НЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ЗАҢДАРЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІН ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІ ХАБАРДАР ЕТЕДІ [26] ОСЫНДАЙ
МӘН-ЖАЙЛАРҒА ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ МЕН УӘКІЛЕТТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР
ӨЗДЕРІНЕ ТИЕСІЛІ ІС-ШАРАЛАР МЕН ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ.
ҚР-НЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ТУРАЛЫ 1995
ЖЫЛҒЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 2732 ЗАҢЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІН АЙҚЫНДАЙТЫН, СОНДАЙ-АҚ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ
АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН, НЕГІЗГІ
САПАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БЕЛГІЛЕЙТІН ҚР-НЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ДИРЕКТОРЛАР
КЕҢЕСІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ
ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІ ТИІСТІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚР-НЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ
АКТІЛЕРІНДЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА, ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ
ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНМЕН КЕЛІСЕ ОТЫРЫП
ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ [27].
ҚР-НЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 12 МАУСЫМДАҒЫ САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА
ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ КОДЕКСІ – САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ 47-БАБЫНА (САЛЫҚ
ТӨЛЕУШІНІҢ БАНК ШОТТАРЫ БОЙЫНША ШЫҒЫС ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТОҚТАТА ТҰРУ), 50-
БАБЫНА (САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН БАНК ШОТТАРЫНДАҒЫ АҚША ЕСЕБІНЕН ӨНДІРІП АЛУ)
СӘЙКЕС, СОНДАЙ-АҚ 526-БАПТЫҢ (БАНКТЕРДІҢ НЕМЕСЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ) ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ОРАЙ
БАНКТЕР МЕН САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДА ҚР-СЫ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН,
ЯҒНИ БАНКТЕРГЕ ЖҮКТЕЛГЕН ТИІСТІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢИ БАЙЛАНЫСТАР ҚАЛЫПТАСАДЫ [28].
2003 ЖЫЛҒЫ 2 ШІЛДЕДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ ТУРАЛЫ ҚР-СЫ ЗАҢЫНЫҢ 5-
БАБЫНА, 9-БАБЫНА, 11-БАБЫНА, 18-БАБЫНА, 33-34-35-БАБЫНА, 40-БАБЫНА, 44-45-
БАБЫНА ЖӘНЕ Т.Б. БАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАНКТЕР, СОНДАЙ-АҚ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ
СУБЪЕКТІЛЕРІ, АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ӘРІ ҚАРЖЫ АГЕНТТІГІ РЕТІНДЕ ТИІСТІ ІС-
ҚИМЫЛДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ МӘМІЛЕЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ. АТАЛМЫШ ҚР-НЫҢ ЗАҢЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨЗ НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІНЕ БАСҚАРУҒА
БЕРІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ШЫҒАРУ,
ОРНАЛАСТЫРУ, АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІН, СОНДАЙ-АҚ
ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙДІ [29].
1.2. БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР: ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
БҮГІНГІ ТАҢДА ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУҚЫМЫНДАҒА БАНКТЕРДІҢ
ЖҰМЫС ІСТЕУІ, БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚР-НЫҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫМЕН, СОНДАЙ-АҚ ӨЗГЕ
ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРМЕН АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛҒАНЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗДІК.
ОСЫ ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ АУҚЫМЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ, БЫЛАЙША
АЙТҚАНДА БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН МӘМІЛЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ТҮРЛІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ІС-
ҚИМЫЛ, ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА, БАНКТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК
ЗАҢНАМА НЕГІЗІНДЕ ТУЫНДАҒАН БАНКТІК ҚАТЫНАСТАР БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСАДЫ. БҮГІНДЕ ҚР-ҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС
ІСТЕУІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК СТАНДАРТ
ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘРІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТАРИХИ
ДАМУ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ҚҰРУ, СОНДАЙ-АҚ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН САРАЛАУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП ОТЫР.
ӨЙТКЕНІ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАНКТІК СЕКТОРЫНДАҒЫ ӘР АЛУАН БАНКТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР, БАНКТЕРДІҢ ЭМИССИЯЛАУ, НЕСИЕЛЕУ, ЕСЕП АЙЫРЫСУ,
ИНВЕСТИЦИЯЛАУ СИЯҚТЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ КӨПТЕГЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ҚР-СЫ БОЛМЫСЫНЫҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ІРГЕТАСЫН ӘРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕГЕМЕНДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА СЕПТІГІН
ТИГІЗЕТІН АСА МАҢЫЗДЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ҚР-СЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ БАРЫСЫНДА ТИІСТІ БАНКТІК ЗАҢНАМАҒА
ЖӘНЕ ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ, ТИІСТІ БАНКТІК
ШАРТТАРҒА ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ӨЗ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІМЕН,
СОНДАЙ-АҚ ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ-РЕТТЕУ СИПАТЫМЕН ЖӘНЕ ЗАҢИ НЕГІЗДЕРІМЕН
ЕРЕКШЕЛЕНІП, ӘР ТҮРЛІ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ
ҮСТІНДЕ ДЕУГЕ БОЛАДЫ..
ДЕМЕК, БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАР:
1) ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ БАНКТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БАНКТІК
ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН МӘМІЛЕЛЕРГЕ ОРАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ;
2) АТАЛМЫШ ҚАТЫНАСТАР МАҚСАТТЫ ӘРІ ТҰРАҚТЫ СИПАТТА КӨРІНІС ТАБАДЫ ЖӘНЕ
МАТЕРИАЛДЫҚ, СОНДАЙ-АҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ;
3) ОЛАР МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ, ҚАРЖЫ-БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІНДЕ ТУЫНДАП, ДАМИДЫ;
4) ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІНІҢ, МЕМЛЕКЕТТІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ АГЕНТІ УӘКІЛЕТТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚР АГЕНТТІГІНІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК, БАСҚАРУШЫ-РЕТТЕУШІ ЖӘНЕ Т.Б. ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ТУЫНДАЙДЫ;
5) ҚАРЖЫЛЫҚ, ӘКІМШІЛІК, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АСПЕКТІЛЕРІМЕН АЙРЫҚША
КӨРІНІС ТАБАДЫ.
ҚР-НЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ АУҚЫМЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРАЙ ТУЫНДАЙТЫН
ҚОҒАМДЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАР КӨП ЖАҒДАЙДА ӘР ТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫНА ҚАРАСТЫ
ҚАТЫНАСТАР СИПАТЫНДА ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ.
ДЕМЕК, БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР КҮРДЕЛІ ӘРІ АРАЛАС НЫСАНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТТЕР БАРЫСЫНДА ТУЫНДАП, ҚАЛЫПТАСАТЫН
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ, ҚАРЖЫЛЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК СИПАТТЫ-МАЗМҰНДЫ
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР РЕТІНДЕ БАНКТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢНАМАНЫҢ РЕТТЕУШІ
ЫҚПАЛЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАНКТІК ҚАТЫНАСТАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОНЫҢ
СУБЪЕКТІЛЕРІ ӨЗАРА САЙМА-САЙ ЗАҢИ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ
БАНКТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІ НОРМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ІС-
ҚИМЫЛДАРДЫ, СОНДАЙ-АҚ НАҚТЫЛЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ АСЫРАДЫ.
ОСЫНДАЙ МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ
АСПЕКТІЛЕРІН ҒЫЛЫМИ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУШЫ-РЕТТЕУШІ, СОНДАЙ-АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ӘРІ ӘКІМШІЛІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТКЕ, БАНКТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ
КЛИЕНТТЕРІНЕ ТИІМДІ ЖАЙТТАРДЫ АЙҚЫНДАП, АШЫП КӨРСЕТУГЕ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ.
СОНЫМЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС, БАНКТІК ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz