Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТОПОНИМДЕР- ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ 6
1. 1 Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі 6
1. 2 Шығыс Қазақстан топонимдер жүйесінің қабаттары 8
1. 2. 1 Түркі тілінде қалыптасқан топонимдер 8
1. 2. 2 Монғол тілінде қалыптасқан топонимдер 12
2 ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ -МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ 31
2. 1 Шығыс Қазақстандағы қазақ халқының рухани мәдениетіне негізделген жер-су аттары 31
2. 2 Аймақтағы тарихи-әлеуметтік топонимдер 40
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 50
КІРІСПЕ
Тәуелсіз елдің топонимикасы да тәуелсіз болуы тиіс десек, бұл пікір заман талабынан туындап отырғандықтан бүгінгі ұрпаққа жүктелер міндет аз емес. Өйткені географиялық атаулар ешқашан да жөн-жосықсыз, ойсыз, мәнсіз, кездейсоқ қойыла салмаған, оларда сол өлкені мекендеген байырғы халықтардың қатпар-қатпар тарихы тайға таңба басқандай сайрап жатыр.
Жер-су атаулары сол ел-жұрттың болмыс-бітімі, тұрмыс-шаруашылығы, көші-қонынан, салт-дәстүрі, тілі-діні, ой-санасынан хабар береді, яғни топонимдер - энциклопедиялық мағлұматтарға толы ел мен жер шежіресі, есте жоқ ескі замандардың көнермес айнасы. Ал отарлаушылар қашанда қол астындағы елді ұлттық салт-санасынан айырып, рухани түп-тамырынан ажырату үшін алдымен жер-су аттарын өзгертуге кірісетіні, өз мақсат-мүддесі мен саясатына сай өз тіліндегі басқа атаулармен алмастыратыны сондықтан.
Жергілікті халықтың пікірімен санаспастан Жаркенттің - Панфиловқа, Ақтаудың - Шевченкоға, Алматының -Алма-Атаға, Көкшетаудың - Кокчетавқа және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Крупская, Архиповка, Медведка, Таврия, Самар деген топонимдер атауларының үстем тіл ыңғайына қарай бұрмаланып жазылуы сол кездегі саясат пен идеологияның әсері.
Егемендік алып, етек-жеңін жиған еліміз еңсе көтерумен бірге жер-суға
ежелгі атауларын да қайтарып бере бастады. Белгілі бір топонимикалық нысан
немесе мекен-жайдың атының ресми құжаттарда, географиялық-физикалық, геологиялық, экономикалық-саяси карталарда, халықаралық саяси және интеграциялық келісім - шарттарда, баспасөз бен ғылыми еңбектерде дұрыс жазылуы үшін облысымыздың географиялық атаулары алдымен халықаралық қалыпқа түсуі қажет. Сондықтан облысымыз аумағындағы жер-су, елді мекен, тағы басқа атауларды тәуелсіздік талаптарына сай қайта атау, өзгерту жұмыстарын жолға қойып, қалыптасу үрдісін түбегейлі тиянақтау Қазақстан Республикасының жалпы әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшелігіне айналуына игі ықпал етеді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Шығыс Қазақстан облысы топонимдеріне этимологиялық, семантикалық талдау жасай отырып, олардың халық дүниетанымымен тығыз байланысты екенін көрсету өзекті мәселелердің бірінен саналады. Бұрынғы қисынсыз бұрмаланған географиялық атаулардың тарихи атауларын қайта беруде этностың тарихы мен ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Осы облыс аумағындағы топонимдердің атаулары мен өзгерген атауларын этнос тарихымен, дүниетанымымен байланыстыра қарастыра отырып, лингвистикалық талдау жасау, яғни этнолингвистикалық сипатын таныту тақырып өзектілігін танытады. Өйткені өзгерген топонимдердің уәжін анықтау үшін оны халық ұғымы, тілімен байланыста қараған жөн.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысында алдымызға облыс топонимдері атауларының этнолингвистикалық сипатын ашуды мақсат етіп қойдық.
Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер алдымызға қойылды:
- облыс топонимдері атауларына этимологиялық, семантикалық талдау жасау;
- этимологиялық талдауларды халық аңыздары, белгілі ғылыми зерттеу еңбектеріне сүйеніп жасай отырып, онда көрініс тапқан ұлт дүниетанымын көрсету;
- этнос дүниетанымының тілдегі көрінісін сипаттау;
- өзгерген топонимдер уәжін анықтау.
Зерттеудің нысаны ретінде Шығыс Қазақстан топонимдерінің атауы алынып отыр.
Зерттеудің дереккөздері ретінде « Атамекен атаулары» анықтамалығы, Ә. Әлімхан «Жер-су аттарының ұлттық-мәдени негіздері», А. Ислямов «Шығыс Қазақстан топонимикасы» атты ғылыми-зерттеу еңбектері алынды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Облыс топонимдер атаулары бірнеше кандидаттық диссертацияларда қаралып, монографияларда жарық көрді. Бірақ ол еңбектерде семантикасы мен атаулардың этимологиясына көбірек тоқталған. Бітіру жұмысының жаңалығы ретінде осы зерттелген тақырыпты этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды айтуға болады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысын жүргізгенде салыстыру, салғастыру, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық, іс-тәжірибелік маңызы. Жұмысты қазақ тіл білімінің лексикология саласын өткенде немесе арнайы курстарда пайдалануға болады. Құжаттарда топонимдер атауларын дұрыс беру үшін де қажет құрал болып табылады.
1 ТОПОНИМДЕР- ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ
1. 1 Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы Лондонда өткен географиялық атауларды қалыпқа түсіру жөніндегі конференциясында беделді мінбеден: «Африка мен Азиядағы көптеген атауларды келімсек жер зерттеушілер мен отарлаушылар берген. Олардың жергілікті атауларға қатыгездікпен қарағандығы сондай, ірі масштабты картаны түзетілген қалпында қайтадан жасап шығу үшін тіпті магнитофондарды пайдаланып, жергілікті мамандарды тарта отырып, орасан зор зерттеу жұмыстарын жүргізуге тура келді» (Комков А. М. Географиялық атауларды ұлттық және халықаралық тұрғыдан қалыпқа түсіру мен нормалау проблемалары. «Ономастика және норма» жинағы. Мәскеу, 1976), - деп тәуелсіздікке қолы жеткен елдер туралы айтылған пікір Қазақстанның да ономастикалық ахуалынан хабар бергендей.
Мемлекетте ономастика комиссиясы белгілі бір саяси, психологиялық және экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, өз ісінде “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңын, “Қазақстан Ресбуликасының Тіл туралы» Заңын «Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық нысандарын атаумен қайта атаулардың және ол атаулардың транскрипциясын өзгертулердің тәртібін», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасын», «Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы ережені» басшылыққа ала отырып, мемлекеттік онамастикалық комиссия туралы ережелерін басшылыққа ала отырып біршама жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.
Бүгінгі таңда ономастикалық жұмыстар негізінен үш бағытта өрбіп отыр. 1. Өзгертілген жер -су, елді мекен аттарын байырғы тарихи атауларымен қайта алмастыру.
2. Транкрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған жер-су атауларын қайта қалпына келтіру.
3. Байырғы атаулары ұмытылған немесе атаулары отаршылық-тоталитарлық сипаттағы елді мекендер мен білім және мәдениет мекемелерін қайта тау.
1991 - 1999 жылдары Мемономкомның отыздан астам мәжілісі өткізілді. Онда республика бойынша 3 облыстың, 11 қаланың, 49 ауданның, 7 қалалық аудандардың, 6 станциялардың, 26 кенттің, 446 ауылдың, 101 округтің, жеті жоғарғы оқу орнының, 11 орта арнаулы орта оқу орнының, 390 мектептің, 3 театр, 3 филормония, 20 басқа мәдениет мекемелерінің атаулары өзгертіліп, 3 облыс, 12 қала, 13 аудан, 5 кент, 4 станса, 6 ауыл атауларының орыс тіліндегі транскрипциясы нақтыланды.
Қазақстандағы сіркескен мұздардың көбесі сөгіліп, Ленинск, Гурьев, Жамбыл, Шевченко, Октябрьск, Красноармейск сияқты қалалардың аттары Байқоңыр, Ақтау, Тараз, Атырау, Қандыағаш, болып өзгертілді. Сондай-ақ, Ақтөбе, Шымкент, Жезқазған, Қостанай, Талдықорған, Алматы, Шу, Қорғалжын, Қызылорда сияқты қалалар мен кенттердің, басқа да жер -су атауларының транскрипциясы қазақ тілінің нормасына сәйкес түзетіліп, қалпына келтірілді. Алайда қазіргі тәуелсіз Қазақстанның картасында сонау отаршылық кезеңнің немесе тоталитарлық заманның көптеген атауларының егемен еліміздің маңдайына қадалған шөгірдей болыпәлі күнге дейін мызғымай тұруы біздің елімізге сын сияқты. Шығыс Қазақстан аумағы бойынша алып қарайтын болсақ, әлі күнге дейін халық жадымен, дүниетаным, көзқарасымен үйлеспей тұрған: Глубокое, Таврия, Молодежное, Большенарым сияқты аудан орталықтары мен кенттердің, Коробиха, Ново-Тимофеевка сияқты ауыл атаулары әлі күнге дейін мызғымай тұруы елімізге үлкен сын. Оның үстіне Облыс орталығы Өскемен қаласының кейбір көше атауларын қазашаландырғаны сол, халыққа кең танылмаған Кеңес өкіметінің өкілдерінің аты беріліп отыр. Мысалы: Протазанов, Славский жағалауы, Потанин көшесі атаулары осының айғағы.
Қазақтың кең байтақ жеріндегі әр тауы басқан жері, әр өзен көлінің, орман тоғайларының, байырғы өз атауы болған. Қилы замандарда дүниеге келген ежелгі атаулар өз дәуірінің тарихы мен мәдениетінің куәгері ретінде тарихи ескерткіштер қатарына жатқызылуы тиіс.
Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті, тарихты тану этнолингвистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: «Этнолингвистика (гректің «этнос» - тайпа, халық деген сөзі, ал «лингвистика» - француздың «тіл» деген сөзінен шыққан) тілді мәдениетпен, тілді этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты» деп анықталған.
Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бері Американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды. Осы тұрғыда ресейлік тілші О. С. Ахманова: «Этнолингвистика - это раздел макрголингвистики, изучающий отношения между языком и народом и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии языка» деп түсіндіреді.
Ғылыми аяда «этнолингвистика» термині ең алғаш ғалым Б. Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э. Сепирдің еңбектерінде көрініс тапты. Ғалымдар тілдік этнодеректерді көбінде байырға халық тілі мен жергілікті халық тілінен негіздеуді дәстүрге айналдырған.
Этнолингвистика - халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі болып табылады» деп тұжырымдайды. 1
1. 2 Шығыс Қазақстан топонимдер жүйесінің қабаттары
1. 2. 1 Түркі тілінде қалыптасқан топонимдер
Қазақ тілінің тарихи негізі көне түркілік кезеңнен бастау алады. Бүгінгі таңда басы ашылған, ғылымда толық дәлелденген осы тұжырымның айғақты арнасының бірі - тілдің көнелік бедерін өз бойында сақтап қалған жер-су атаулары болып табылады. Географиялық атаулардың, кейбір фонетикалық және морфологиялық өзгерістерін есептемегенде, қазіргі түркі тілдерінің барлығына, не көпшілігіне ортақтығы - олардың түркілердің мекені, ата жұрты болған территорияда ескіден келе жатқанын куәландырады.
Көне түркі дәуіріңдегі топонимдердің мағынасы күнгірттенген, ал тұлғаларында көне түркі тіддерінің морфологиялық формалары сақталған.
Түркілік дәуірге тән лексикалық қабаттың Шығыс Қазақстаның оңтүстік аймағына тән екенін мына мысалдардан көруге болады.
Алпар - Зайсан ауданындағы ороним. Көне түркі тілінде ал пөрү - «дүлей тау» мағынасындағы метафоралық тіркес.
Жеменей - Зайсан ауданыңдағы өзен. Үлкен Жеменей және Кіші Жеменей деп аталатын тарамдары бар. Топонимист ғалымдар атаудың бірінші сыңарындағы жем сөзің түркі, монғол, Сібір халықтары тілдерінде гем // кем // хем // кен // кан тұлғаларында қолданылатын «өзен» мағынасындағы сөз, ал атаудың екінші сыңарындағы еней сөзі тілімізге етене жақын байырғы ене (ана) сөзі болса, сөз соңындағы й - атай, апай, әжей сияқты туыстық терминдерге қосылып, «құрметтеу, сыйлау» мәнін білдіретін көне қосымша деп топшылайды.
Қалжыр - бұрышы Марқакөл, қазіргі Күршім ауданындағы өзен және елді мекен аттары. Атаудың этимологиясы бойынша түрлі пікірлер бар. Зерттеуші Е. Қойшыбаев: «Түркі тайпаларының және қазіргі ру-тайпалар аттары», - деп түсіңдіреді. 2
Ал түрколог ғалым А. С. Аманжолов - Қалжыр сөзі түркі тілдес халықтың - алтайлықтардың тіліңде «асау, долы, буырқанған» деген мағына беретінін жазады.
Біздіңше, атау қал және жыр сөздерінің тіркесінен пайда болған. Қал тұлғасы көне түркі тілінде «асау, долы» ұғымын берген. Жыр тұлғасы, судың дыбысына еліктеуден туған шыр // жыр // жыра // жар сөздерінің, «су» мәнінде қолданылған жыр вариантынан қалыптасқан.
Қарғыба - Тарбағатай ауданындағы (бұрынғы Ақсуат ауданы) өзен. Жергілікті халық арасында «қара бұға» сөздерінен пайда болған деп те түсіндіреді, Бұл этимология шындыққа жанасымсыз деген ойдамыз. Атау қарғыба // қарғыма сөзінен пайда болған.
Тілші-ғалым Ж. Манкеева қар түбірінің М. Қашқари еңбегіңде кездесетіңдігін және оның қарғы, қарқын, қарқ қылу т. б. сөздермен түбірлес екеңдігін жаза келе, «тез, екпінді» мәнінде жұмсалған деп көрсетеді . Егер қазақтың халық тілінің қалыптасуына тайпалық тілдердің әсері болғанын және соның салдарынан м, б дыбыстық алмасу құбылысының кездесетінін (бекіре, мекіре, шүбек, шүмек, бәпелеу, мәпелеу) ескерсек атаудағы дыбыстық алмасым түсінікті болып табылады.
Маңырақ - Тарбағатай ауданындағы тау және елді мекен аттары. Маңырақ сөзінің шығу төркіні туралы ғалымдар пікірі бірыңғай келеді.
Қазақша маңырақ формасы - көне түркілік йараң сөзінің фонетикалық жағынан ауытқыған түрі, яғни «тау қойнауы, қолтық» мәніндегі атау.
Берілген атауға Оңтүстік Қазақстандағы Манкент, Батыс Қазақстан өлкесіндегі Мангур топонимдері ұқсас деп ойлаймыз. Зерттеушілер маң сөзінің этимологиясы туралы: «Көне түркі тілінде маң «жүру» мағынасыңдағы етістік және «адым» деген мағынадағы зат есімді білдірген. Бұл күнде маң сөзі етістік болмай, жүру, қозғалу қимылының ақырын, баяу болатынын білдіретін сөзге айналған сияқты», - дейді. Біздіңше, маң сөзі алғашқыда «жүру», «адым» мағынасыңда қолданылғанымен, кейіннен, «алыс» мәніндегі сөзге айналған да, одан «кербез, баяу» мәніндегі маң мен «мекен, өңір» мағынасындағы маң және мандай сөздері өрбіген. Сөз болып отырған топонимге «алыс» мәніндегі маң мен «алыс» мағынасында қолданылған йырақ // жырақ сөздері арқау болған. Сонымен, «Маңырақ - «алыс-алыс» мәндес атау болуы мүмкін» деген болжам ұсынғымыз келеді.
Сайқан - Зайсан ауданының оңтүстік - шығысыңда орналасқан тау жотасының атауы. Оронимнің шығу төркіні туралы түрлі пікірлер бар. Ә. Әбдірахманов: «Атау монғолдың сайхан - «әдемі, сұлу» деген сөзінен алынған», - дейді. 3
Е. Қойшыбаев: «Этимологиясы: «басқан» үлгілес атау - «кең алқап» мағынасын беруі ықтимал. Сай-қан (ған) тұлғалары тым көненің көздеріне жатады», - деп береді. «Сайқын» ойконимін зерттеушілер атаудың «ашық жердегі ауыл, елді мекен, ен дала» деген мағынадағы көне түркі сөзі деп табады да, Жамбыл облысы тұрғыңдары тілінде сайқын - «ен дала» мәніндегі диалектілік сөз екенін, сондай-ақ, Өзбекстаңда «ашық, кең жердегі ауыл» деген ұғымды беретін Сайхан қыстағы бар екенін жазады. Сайқан тауының кең жазық жерде орналасқандығын ескере келіп, атаудың көне түркі тіліне тән «ен дала» мәндес сөзінен пайда. болған ороним болуы мүмкін деген ойдамыз.
Сауыр - Зайсан ауданы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық аумағында орналасқан тау жоталары. Атаудың төркінін ғалымдар: «Топонимдік мағынасы - «биік, сүйір шың, таудағы құздар», сөзбе-сөз - «ат сауыры» », - деп береді.
Топонимист Е. Қойшыбаев бұл пікірге қарсы болжам ұсынады: «Сауыр сөзінің жылқының жонымен байланысы жоқ, түркі тілдері аумағынан тысқары қолданыла береді, әсіресе, славян топонимдерінде кездеседі. Бұл сөз - мерген тұлғасының синонимі орнына жүретін көне тілдер жұрнағы». 4
Сауыр орононимінің этимологиясы үшін алғашқы болжамды дұрыс деп санаймыз.
Сеңгір - Тарбағатай ауданыңдағы дримонимдік, оронимдік атаулар. Сеңгір географиялық термин ретінде еліміздің топонимикалық атаулары құрамында жиі кездеседі. Сеңгір тіліміздегі биік, зәулім сөздерімен синонимдес болып келеді. Атаудың көне түркі тілінде sengir - «таудың тұмсығы», түркімен тілінде -«жасанды адыр, төбе», қырғыз тіліңде - «қалың өсімдік басқан таудың биік жолы» деген түсініктерін бере келе, ғалымдар пікірі, тіліміздегі заңгар//зенгір толтамаларымен тектес дегенге саяды. 5
Е. Қойшыбаев бұл атаудың шығу төркінінің бірнеше вариантын ұсынады: 1) түркі тілдеріңдегі заңғар / саңғар / сеңңір - «торсию, шошаю» ұғымын беретін «дөңес, құз» мағынасыңдағы элемент; 2) иран тілінде санг - «тас» немесе «тастақ» мағынасындағы компонент; көне түркі тіліндегі сеңгір // сеңңір (қазақша сіңір) «ұры» мәніндегі термин болуы мүмкін.
Сеңгір сөзін біздің заманымызға дейінгі III ғасыр мен біздің заманымыздың I ғасырында өмір сүрген ғұндардың қолданғаны туралы тарихи деректер бар. Монғолия жеріндегі Бабалы тауы маңынан табылған заттардың ішінде дөңгелек келген алтын пайцза бар. Медальонға ұқсас келетін бұл белгіде ер адамның суреті салынып, шетіңде тоғыз белгіден тұратын руникалық жазу жазылған. Жазудың аудармасы: Ой-сенгір елішсінің пайцзасы (қаған елшісініні пайцзасы) . Ендеше, сеңгір сөзі біздің заманымызға дейінгі кезенде «биік, алып» мағынасында түркі тілдес халықтарда қолданылып келген.
Тау аттары заңгар // зеңгір сөздерімен төркіндес сеңгір сөзімен аталған. Тау етегінде орналасқан басқа объектінің атаулары транстопонимизация процесі нәтижесінде пайда болған деп санаймыз.
1. 2. 2 Монғол тілінде қалыптасқан топонимдер
Әрбір елдің топонимикалық жүйесіне түрлі халықтар тілінің негізінде пайда болған атаулар тән. Бұл құбылыс сол аймақты мекен еткен этностың қоғамдық-тарихи өмірімен тікелей байланысты. Бір халық пен екінші бір халық арасындағы тарихи қарым-қатынастың нәтижесінде жалпы тілдік жүйемен бірге жер-су атауларында бөгде тілдік элементтер қалыптасады. Қарым-қатынастың тікелей және ұзақ уақытқа созылуы, әрі байланыс дәрежесінің күшті қарқынмен жүргізілуінен басқа тілдік атаулардан халықтық атаулар жүйесінде қабат құрылуы да мүмкін. Сондықтан белгілі бір халықтың топонимикасында сол халықтың өз тілі тұрғысынан түсіндіріп, » саралап, анықтауға келмейтін атаулардың түп-төркінін сол халықпен тығыз тарихи-мәдени қарым-қатынаста болған келесі халықтың атаулар дүниесінен іздестірудің маңызы үлкен. Бұл орайда, басқа, тілдің негізінде жасалған топонимдердің сол өңірде ұзақ уақыт өмір сүріп сол мекеннің иесі болып табылатын халық тілінің заңдылығына сай өзгеріске түсіп отырғанын да ескерген жөн. Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағының топожүйесінде белгілі тарихи себептерден туыңдаған монғол қабаты бар.
Монғол тілінен енген топонимдерді алғаш рет зерттеу «нысанасы ретінде арнайы қарастырған Г. Сағидолда қазақ топонимиясы құрамындағы монғолық қабатты түркі-монғолға ортақ лексика негізінде жасалған атаулар және таза монғол тілінен енген топонимдер деп екіге бөліп қарастырып келген топонимистер көзқарасына үзілді-кесілді қарсы шыға отыра, аталмыш топонимдерді тек таза монғол тілі негізінде қалыптасқан қабат есебінде таниды. Біз де зерттеу аймағымыздағы жер-суатауларының монғол қабатын анықтап, қарастыруда жоғарыда берілген пікірге сүйендік.
Тарихи оқиғалар негізінде пайда болып, қалыптасқан қазақ жеріндегі таза монғолдық жер-су аттары монғол топосистемасының (топожүйесінің - А. Ә. ) ерекшеліктерін өзімен бірге ала келген және қабылдаушы қазақ тілінің тілдік және ономастикалық заңдылықтарына сай өзгеріске түскен подсистема болып табылады. Монғол тілі негізіңде жасалған атаулардың алғашқы формасы мен қазіргі қалып аралығында жүргізілген дыбыстық өзгерістер қабылдаушы тіл - қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай болды да, ал атаулар семантикасы атты беруші халық - монғолдардың өмірі мен шаруашылық іс-әрекетінде маңызы болған объектінің қандай да бір қасиетін бейнелеген қалпында қалады.
Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағындағы монғол қабаты, жалпы Қазақстандағы монғол тілінен енген атаулар сияқты, тарихи тұрғыдан негізгі екі кезенде қалыптасты. Олар:
а) XIII ғ-дың бас кезінен басталған монғолдар үстемдігі кезеңінде
пайда болған атаулар;
ә) Жоңғар қалмақтарының жорықтарына байланысты пайда болған
топонимдер.
Жинақталған теориялық және практикалық материалдарға сүйене отырып, монғол тілінен енуі мүмкін деп тапқан біраз атауларға тоқтала кетейік.
Борғұстай - Тарбағатай тауындағы өзен және жота атаулары. Монғол тіліндегі бургас (тал немесе тал шілік, қалың тал) сөздеріне молдық ұғымды -тай жұрнағының қосылуы арқылы алғаң. Мағынасы - талды немесе өңірдің өсімдік әлемін ескере келе «шілікті» мәнінде болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Қалғұты - Күршім ауданындағы литтоним, тек-төркіні дауды атаулардың бірі. Е. Қойшыбаев этнонимнен ықшамдалып жасалған дейді. Г. Сағидолдағийн: «Монғолдың галуу (үйрек) сөзіне монғол тіліндегі -т аффиксінің қосылуы арқылы пайда болған» - деп жазады. Б. Бияров монғол тілінің хафига (қақпа) сөзінен болған деген көзқарасты сынай келе, Г. Сағидолдағийннің пікірін құптайды. 6 Осы өңірдің түлегі ретінде Қалғұты өзеніне «қақпалы» атауын жөн көріп отырмыз. Өйткені, екі тау жотасы түйіскен жерінен ағып өтетін бұл өзен шыныда да қақпалы өзен
Қаңдағатай - Қалба тауының оңтүстік-батысыңда орналасқан тау. Монғол тіліндегі хандгай (бұлан) , сөзіне -тай аффиксінің қосылуы арқылы жасалған атау. Мағынасы «бұланды» көптеген ғалымдар осы пікірді құптайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz