Банк ресурстары - қаржы және ақша қатынастары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БАНК РЕСУРСТАРЫ, ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Банктердің ресурс базасының жалпы сипаттмасы және оның құрлымы . . . 6
- Банктің өзіндік ресурстарының қалыптасуы және оның құрлымы . . . 16
- Банктердің сырттан тартылған ресурстары: мәні және мазмұны . . . 23
1. 4 Банк ресурстарын басқару ерекшеліктері . . . 30
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ РЕСУРСТАРЫН БАСҚРУЫН ТАЛДАУҚазақстанның банк жүйесінің ресурстық құрлымын стратегиялық басқарудың қаржылық нәтижелерін талдау . . . 33Екінші деңгейлі банктердің ресурстарды қалыптастару және басқару бойынша операцияларын экономикалық талдау . . . 44
3 БАНК РЕСУРСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ресурстардың
жеткілікті болуын одан әрі жетілдіру . . . 62
3. 2 Банктің қаржылық тұрақтылығын және ресурс жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесін одан әрі жетілдіру . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қарыз алушылар мен әріптес банктердегі қаржы қиыншылықтары, төлемеу дағдарыстары көптеген банктердің сенімділігіне қатер келтіреді, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырайды. Бірлескен шет елдік банктердің және олардың филиалдарының пайда болуы банктер арасындағы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жібереді. Нәтежиесінде, банктердің несиелік ресурстарының айналымдалығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Қаржы нарығындағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыруға, орта және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілеті төмендеп, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлдырауына алып келуімен сипатталады. Жалпы дағдарыс кезінде коммерциялық банктер жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.
Экономикалық банк секторының қалыптасуы және даму кезеңінде қаржы-несие құралдарының кешенін орынды қолдануынан олардың өздерінің өміршеңдігі, ақша рыногындағы операцияды жүргізу нәтежиесінде табыс ала білу мүмкіндігі, немесе керісінше капиталын жоғалту және банкроттыққа ұшырау тәуекел деңгейіне тікелей байланысты. Егер банк менеджерлері банк тұрақтылығын бақылайтын болса: оларға банктің төлем жасауға қабілетсіздігін уайымдауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік, табыстылық және тәуекелді ең төменгі шегінде жеткізудің проблемасы тұр.
Банк тиімділігі мен оның сенімділігіне, табыстылығына, үлкен әсерін тигізетін болғандықтан біз әлемдік тәжірибедегі қазіргі кезде оларды бағалау әдістерін оқып білуіміз және осы алған, тәжірибені еліміздің банк тәжірибесіне енгізуіміз абзал. Тақырыптың тағы бір маңыздылығы қарастырылып отырған банк тұрақтылығының мәселелері, басқару әдістері Қазақстанның банк жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыттары болып табылатындығында.
Факторлық талдау негізінде банк тұрақтылығының банк қызметіне әсерін зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстанда қолдануға тиімді де пайдалы банк қызметіне жағдайларды анықтап, тәуекелден «қорғану» әдістерін саралап отырмыз. Осы кешегікүнге дейін отандық банктер үшін банк тұрақтылығына әсер ететін басты проблема болып алынған несиелерді қайтармау проблемасы қаралып келді. Бұл мәселені реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялдық нормативтері бағытталған.
Бүгінде өзінің маңыздылығын жоғалтпай, бұл проблеманың орнын басқа проблема алды- ол активтер көлемінің жеткіліктілігі.
Өзіміздің отандық банктер әлемдік Банк тәжірибесінде бар барлық проблемалармен кездесті деуге болмайды, бірақ олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема Қазақстандық банктер үшін жаңа болып есептелінеді, сондықтан бұл тұрғыда қандай да бір терең зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банк тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалаудағы ең түйінді мәселе болып отыр. Барлық аталған өзекті мәселелер және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға өз әсерін тигізді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашті. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты боглады. Банктер бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін еркін орын алмастыра отырып қолданып. тиімді пайдалану жолымен өнімді өндірі мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын көрсетеді.
Банктің қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - банктердің қаржылық жағайын тереңірік зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Банктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім және қортынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАНК РЕСУРСТАРЫ, ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Банктердің ресурс базасының жалпы сипаттмасы және
оның құрлымы
Банктердің ресурс базасы дегеніміз - ол негізгі және айналым капиталдарының қалыптасу процесінде пайда болатын қаржы, қоры, оларды пайдалану мен бөлу.
Қызмет процесінде банктер өздерінің контрагенттерімен шаруашылық байланыстары пайда болады. Контрагенттер: жеткізіп берушілер және сатып алушылар, бірлескен қызмет серіктестері ассоциациялар мен бірлестіктер қаржы және несие жүйелері т. с. с. осының нәтижесінде қаржы қатынастары п. б. Олар көрсету, қаржы ресурстарын қалыптастыру, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты. Ақша - қаржы қатынастардың материалдық негізі болып табылады. Олардың пайда болуының маңызды шарты ақша қаражатының қозғалысы және орталықтандырылмаған және орталықтандырылған ақша қаражатының қорын құру және пайдалану. Банк ресурстары - қаржы және ақша қатынастары. Олар негізгі және айналым капиталының қалыптасу және банктің ақша қаражатының қорлары мен оларды бөлу және пайдалану барысында пайда болады.
Банктердің қаржы қатынасының экономикалық мазмұнына байланысты төмендегідей бағыттарға топтастыруға болады:
- банкті құру кезінде жарғылық қорды қалыптастыру үшін құрылтайшылар мен банк арасындағы қатнас. Өз кезегінде жарғылық қор материалдық емес активті алуда, алғашқы өндіріс қорын қалыптастырудың көзі болып табылады;
- банктермен мекемелердің қызметті ұсынуда жаңа бағаның құрылуына байланысты. Оларға жабдықтаушымен сатып алушының қаржылық қатынастары, құрылыс мекемелерімен инвестициялық қазмет кезеңдері кезінде, транспорт мекемелерімен, байланыс банктерымен, кеден, шетел фирмалары т. с. с. кіреді. Бұл қарым - қатынастар шаруашылық қызметтің негізі болып табылады, себебі олардың тиімді ұйымдастырылуына коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесіне байланысты;
- банктермен және олардың бөлімшелерінің филиалдарының шығындарын қаржыландыру, табысты бөлу және айналымдағы қаржыларды қайта бөлу. Бұл қатынас қызметтің ұйымына және ырғақтылығына әсер етеді;
- банкпен оның қызметкерлері арасында табысты бөлу және пайдалануға, мекеме акциясын облигациясын шығаруға және оны таратуға, облигацияның процентін акцияның дивидентін төлеуге, келтірілген материалдық зиянды штрафтармен және компенсациямен өндіріп алуға, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалуға, қаржы қатынасын ұйымдастыру еңбек ресурсын тиімді пайдалануға әсер етеді;
- банк жоғарғы мекеменің, қаржы топтарының холдинг ішінде, ассоцияциялармен одақтардың арасында банк осылардың мүшесі. Бұл қатынас ақша қоры жиналып бір орталыққа шоғырландырылып бөліп пайдалану кезеңінде және белгілі мақсатқа арналған қорды қаржыландыруға, маркетингтік зерттеуді жүргізуде, ғылыми зерттеу жұмыстарында, инвестициялық жобаларды іске асырудағы қаржыны қайтарып беру кезінде көмек беруде және айналымдағы қаражатты толықтыруда пайда болады. Бұл қатынас ішкі салаларға ақша қорын бөлумен банктің әрі қарай дамуының қолдауға бағытталған;
- банк мемлекеттің қаржы жүйесінің арасында салық және де басқа төлемдерді бюджетке төлеуіне, бюджеттен тыс қорларды жасауына, салықтық жеңілдік беруіне, штраф шараларын қолдануына, бюджеттен бөлінген қаржыны алуына байланысты;
- банк жүйесінің жұмыс барысында коммерциялық банктерде ақшаның сақталуына, қарыз алуына, оны өтеуіне, иесінің процентін төлеуіне, шет ел валютасын сатуына және алуына басқа да банктік қызметін көрсетуіне;
- банк қауіпсіздік қоғамдарының және мекемелердің арасындағы қатынас кейбір қызметкерлер категориясының коммерциялық кәсібі мүліктерін қауіпсіздікке қойғанда пайда болады;
- банкпен инвестициялық институтарының инвестицияны орналастыру кезінде, жекешелендіруде т. б.
Жоғарыда көрсетілген топтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен әрекет әдістері бар және ақша қаражатын айналымға салу олардың материалдық негізі. Ақша қаражатының қозғалысымен мекеменің жарғылық қорын құрастыру бірге жүреді, қаржының айналымы басталып ақша қоры құрастырылып әртүрлі міндетті салаға жұмсалып аяқталады (кесте 1) .
Ресурстың толық мәні оның міндетті қызметтімен көрінеді. Экономисттердің көпшілігі банк ресурстары екі негізгі қызметті атқаратынын анықтайды: бөлу және бақылау. Бұл екі қызмет өзара бір-біріне көмектесіп әрекет жасайды. Бөлу қызметінің көмегімен алғашқы қор құрастыруына бастайды. Ол құрастырушылардың салымының есебімен құрайды, жалпы ішкі қызмет құны көрсетіліп бөлінеді; қаржы қорымен табысты бөлу барысында баға негізінің пропорциясын анықтайды, қызмет ұсынушілердің, банктердің мекемелердің және мемлекеттің тілектерін мүдделерін толық қамтамасыз етіп қолайлы етіп бағыттау.
Тексеру қызметінің әділетті нігзгі өнеркәсіп қызметдерін шығарудағы және сол қызметдерде өткізуге бағасының есептелуі, жұмыстың орындалуы қызмет етуі, банктің табысы мен ақша қорының құрастырылуы және олардың пайдалануы. Қаржының негізінде бөлу қатынасы жатып, ол қызмт ұсыну процесін қаржы көздерімен қамтамасыз етеді, сонымен ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерін біріктіріп, байланыстырады. Олар: ұсыну және тұтыну. Дегенімен банктің табыс мөлшері оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін анықтайды. Қызметті тиімді түрде жүргізу оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін алдын ала анықтайды. Ресурстың тұрақты айналымы бұзылса, керісінше қызмет ұсыну оны өткізуге кететін шығын артады, қатынасты орындауы, қызмет көрсетуі. Банктің табысын төмендетеді, осыған сәйкес оның әрі қарай даму мүмкіндігі, бәсекелестік қабілеті және қаражат тұрақтылығы да кемиді. Мұндай кезде ресурстың тексеру қызметі банк қызметіндегі жеткіліксіздікке, қаражат қорын басқарудағы және қызметті ұйымдастырудағы кемшілікке бөліп тұратын қатынастың әсері тиімсіз екеніне дабыл қағады. Осыған бадылды елемеу банкті балекротқа әкелуі мүмкін.
1Кесте
Банктің өзіндік реурстары
Тексеру қызметі банктің қаржы көрсеткішінің көмегімен оған баға бере отырып бөлу қатынастарының тиімділігін көтеруге тиісті шара дайындап іске асырады.
Банктің ақша қорларының қалыптасуы банк құрылған сәттен басталады. Банк заңға сәйкес өз жарғылық қорын құрады.
Жарғылық қор - банктің алғашқы негізгі өзіндік қаражат көзі б. т. Ол негізгі және айналым капиталдарынан қалыптастырады. Олар өз кезегінде негізгі қорды, материалдық емес активтерді, айналым қорларын иеленуге жұмсалады.
Банктің ақша қорларының қатарына үстеме капитал жатады. Ол негізгі қорды қайта бағалау нәтижесінде мүлік құнының өсіміне эммисиялық түсімдердің (акцияның сатылу бағасының номиналды бағасынан асуы) банктік қызмет мақсатқа қайтарымсыз берілген ақшалай және материалдық құндылықтар есебімен құралады. Бұл капиталды түпкілікті қайта бағалау кезінде мүлік бағасының төмендеген соммасының орнын толтыруға басқа банктер мен тұлғаларға қайтарымсыз беру салдарынан п. б. шығынды өтеуге есепті кезеңдегі банк қызметінің нәтижесі бойынша болған шығындарды табуға пайдаланылады.
Банктік қызмет нәтижесінде банктер:
- банктік қызметтерді өткізуден түсетін табыс
- жұмысты орындау мен қызмет көрсетуден түсетін табыс
- мүлікті пайдалануға беруден түсетін табыс.
Бұл табыстар сатудан түскен түсім ретінде қабылданады және егер банк өз қызметін экспорттайтын болса, онда ол оның есеп айрысу және валюта шотына түседі. Түсім - ең алдымен банктің шығынның орнын толтыру көзі, нарыққа өткізу б. т. Сонымен бірге мұнда шығынның тағы б葖р бөлігі кіргізіледі. Ол экономикалық қызметтің іске асуы. Бұл тікелей қызмет ұсыну мен немесе қызметті өткізумен байланысты емес, бірақ табыс табумен байланысты. Бұл шығындар қызметнің өзіндік құнына кіргізіледі. Түсімнің әрі қарай бөлінуі амортизациялық қордың қалыптасуымен байланысты. Амортизациялық қор өзінің экономикалық пайда болуында қарапайым ұдайы өндірістің негізгі қорларын қаржыландыруға бағытталған.
Банктің шаруашылық қызметінің нәтижесі мен соңғы мақсаты табыс болып табылады. Салық төленгеннен кейін банк қарамағында қалған табыстан резервтік капитал, жинақтау қоры мен тұтыну қорлары қалыптасады.
Резервтік капитал - бұл банктің ақша қоры. Оның қалыптасу көзі болып банктің өз меншігіндегі қалған табыс б. т. Ол есеп жылындағы нақты мақсаттарға табыстың жетіспеуімен яғни есепті жылдың шығындарын жабуға, төлеуге жұмсалады.
Бұл резервтік капиталдың болуы банктің қаржы жағдайының тұрақсыздығын қамтамасыз етеді. Резервтік қордың ақшалай қаражатының түріне сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына салынған резервтер, қайта сатып алу қоры, кейінге қалдырылған қор және т. б. Акционерлік қоғамда акцияны сатып алу және облигацияны өтеу үшін құрылады.
Жинақтау қоры - банк қызметінің дамуына арналған ақша ресурстары. Бұл қор банк мүлкін кеңейту мақсатында негізгі өндірісті дамытуға, сондай-ақ табыс алу үшін қаржылық салымдарды салу және пайдаланумен байланысты.
Тұтыну қоры - әлеуметтік қажеттіліктерге негізгі қызмет емес салалрды қаржыландыруға, мараттауларға, компенсация түріндегі төлемдерге және т. б. мақсаттарға бағытталған ақша ресурстары.
Валюта қоры - өз қызметін экспортқа шығаратын және валюталық түсімді алатын банктерде қалыптасады.
Банктің қаржы ресурсы - бұл өзіндік ақша табыстарының жиынтығы және сырттан түскен түсімдер. Олар банктің қаржылық міндеттемесін орындауға, қызметті кеңейтуге байланысты шыққан шығындар мен ағымдық шығындарды қаржыландыруға арналған.
Капитал сияқты түсінікті бөліп көрсету керек. Капитал айналымның аяқталуы бойынша табыс әкелетін және қызметке салынған қаржы ресурстарының бір бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда, капитал қаржы ресурсына айналған формасы ретінде болады.
Банктің қаржы ресурсы өзігнің пайда болуында өзіндік және әр түрлі жағдайда тартылған болып бөлінеді.
Өзіндік қаржы ресурсы құрамына табыс және амортизациялық аударымдар кіреді. Бұл жерде ескеретін жағдай банк табысының бәрі толық банктің өз меншігінде қалмайды. Оның бір бөлігі салық және басқа да төлемдер түрінде бюджетке түседі. Ал одан қалған банк меншігіндегі табыс басқарушы органдарының шешімімен жинақтау және тұтыну мақсаттарына бөлінеді. Жинақтауға бағытталған табыс қызметтің дамуына және банк мілкін арттыруына пайдаланады. Тұтынуға бағытталған табыс әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз - негізгі өндірістік құралдардың және материалдық емес активтердің тозуының ақшалай құнын көрсетеді. Ол екі жақты сипаттамаға не болады. Себебі ол қызметнің өзіндік құнына кіреді және қызметті өткізілген түскен түсім банктің есеп айрсу шотында жай немесе кеңейтілген ұдайы өндірістің қаржыландыру көзіне айналады.
Тартылған немесе сыртқы қаржы ресурстарының қалыптасу көзі өзіндік заемдық және бюджеттен бөлінетін қаржы түрінде болады. Бұл бөлу капитал салық формасымен қамтамасыз етіледі. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражатын кәсіпкерлік капитал түрінде салған болса, онда бұл салым тартылған, өзіндік қаржы ресурсы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал - бұл табыс алу немесе банкті басқаруға қатысу мақсатында банктің жарғылық капиталына салынған капитал.
Ссудалық капитал - банктің банктік нисе түрінде жеке басқа банктердан вексель, облигация, займ түрінде уақытша пайдалануға түрлі мерзімде берілетін, төленетін қайтарылатын капитал.
Бюджеттен бөлінетін қаржы - қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде болуы мүмкін. Бұл қаржы негізінен мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыруға инвестициялық бағдарламаларды немесе қызметті ұсынуде жапы мемлекеттік маңызы бар банктерды мемлекет тарапынан қысқа мерзімде қолдау жасауды қолданылады.
Банк қаржы ресурсын өндірістік және инвестициялық қызмет процесінде пайдаланылады. Олар үнемі ұдайы қозғалыста болады және тек ақшалай қалдық ретінде есеп шотқа немесе банк кассасына түседі. Банк өзінің қаржы тұрақтылығын және нарық шаруашылығындағы орнықтылығын қамтамасыз ете отырып өзінің қаржы ресурсын уақыт ішінде және қызмет түрлеріне байланысты бөледі. Бұл процестердің шиеленісуі оның қаржылық жұмысының қиындауына тәжірибеде арнайы қаржы құралдарының пайдалануына әкеледі (сурет 1) .
Банк қаржысын ұйымдастыру бөлігі бір принциптер негізінде құрылады шаруашылық дербестік, өзін - өзі қаржыландыру, материалдық жауапкершілік, қызметтің нәтижесіне қызығу қаржылық резервтердің қалыптасуы.
Шаруашылық дербестік принципі - банк өзі дербес құқықтық ұйымдастыру шаруашылық түріне тәуелсіз өзінің экономикалық қызметін, табыс алу мақсатында ақша қаражатының салымын анықтай алады. Нарық - банктерға жаңа салаларды іздеуге, капиталын салуға, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын жаңа өндірісті ынталандырады.
Банктің қаржы ресурстарының құрлымы
Сурет 1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz