HTML - құжаттарды жасақтау және өңдеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ТАРАУ. HTML ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1. HTML тіліне кіріспе . . . 5
1. 2. Web-дизайнның негізгі ұғымдары . . . 14
1. 3. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу . . . 19
ІІ. Front Page бағдарламасында Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесімен танысуға арналған көмекші құрал құру
2. 1. FrontPage негiздерi. . 27
2. 2. Web-құжатқа мәтін енгізу . . . 29
2. 3. Web - құжатқа кестелер қою, тізімдер, гиперсілтемелер құру……31
2. 4. Қашықтан оқыту үшін Web-сайт құру әдістемесі. 49
III. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ шығын есебі . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Диплом жұмысның мақсаты:
- HTML туралы түсінік Бере отырып оның негізгі ұғымдарына тоқталу;
- ақпарат алу, өңдеу жаңа ақпараттар жасау және ақтау туралы бірізді жүйелі танымын қалыптастыру.
- Web-дизайнның негізгі ұғымдары мәліметтерін қолдану кезіндегі нақты тәсілдерді көрсету;
- HTML тіліндегі тегтер түсінігі және олардың түрлеріне тоқталу.
Бүгінгі заман талабында ақпараттар жүйесімен жұмыс істеу өз алдына жеке бір кәсіп ретінде талап етіліп отыр. Web-дизайн негізі бағдарламасының құрылымы жалпы информатика элементтерінен, Web-дизайн элементтерінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бұл дипломдық жобаны жазу кезінде жаңа кәсіптік бағдармен, нақты айтқанда, «Блокнот» мәтіндік редакторы, HTML туралы түсінік, HTML тіліндегі тегтермен жұмыс істеуді меңгередім.
Болашақ мамандардың кәсіби білім алуының әр басқышында дүниежүзілік ақпараттану жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі туып отыр. Бұл бағдарламаны оқыту барысында мультимедиялық технология элементтерін қолдану көзделіп отыр.
Зерттеу объектісі: Бағдарламаның бір бөлігі теориялық білім беруге негізделген Интернет мәліметтерін қолдану сабақтары online кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Интернетке қосылу сақталмаған жағдайда online кестесінің алдын-ала дайындаған ақпараттық мәліметтерін қолдануға болады.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі: Жоба кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады: Бірінші бөлімде HTML тілінің теориялық негіздері қаралады. Атап айтсақ, мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру тегтері. Екінші бөлім-практикалық. Бұл бөлімде сайт жасауды практикалық тұрғыда қарастырамыз.
I ТАРАУ. HTML ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1. HTML тіліне кіріспе
World Wide Web ("Әлемдік ғаламтор") -- WWW 1989 жылдың наурыз айында негізі қаланып, Еуропалық Ядролық Зерттеулер Орталығының мүшелерінің өзара ақпарат алмасуы үшін жүзеге асырылған болатын.
Бүгінгі таңда WWW тек қана физикалық зерттеулер саласында ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларды қамтып отырған, ақпарат алмасудың ең күшті де ыңғайлы және тимді құралына айналып отыр.
WWW желілік компьютерлерді пайдаланушыларға ақпарттық жүйе арқылы ақпараттарды гипертекстті формада, яғни сілтемелі құжаттар түрінде (сол мәтін ішінде де және басқа мәтінге де сілтеме жасау арқылы) таратуға мүмкіндік береді. WWW клиент-сервер принципі негізінде жұмыс жасап отырады. Клиент - пайдаланушы машинасында отырып, желі ішінде сұрау салатын программа. Сервер дегеніміз - желідегі компьютер, ол клиенттінің кез-келген сұранысын қанағаттандыратын программамен қамтылған. WWW пайдаланушыларға желі ішіндегі мүмкіндіктерге қарай жергілікті және де алыс серверлерден ақпараттарды табуға және оларды таратуға мүмкіндіктер бере алады.
WWW негізгі жүйесіне тек қана 4 түсінік кіреді:
- Құжаттардың бірыңғай форматы (HTML)
- құжаттарды (браузерледі) қарау үшін программа-клиенттер
- гипертекст
- адресацияның бірыңғай жүйесі.
HTML гипертекстік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде ғалым Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі. Гипертекстті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршалған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі "begin/end" жақша ұғымдарына жақын және локальді айнымалылардың аттарының арасындағы амалдардың облысын береді, құжаттағы тексттік элементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML форматында текст элементін қоюдың жалпы схемасы келесі түрде жазылуы мүмкін:
<"элемент аты" "атрибуттар тізімі"> элемент мазмұны </"элемент аты">.
Элемент мазмұнының алдындағы конструкция элемент басының тегі деп аталады, ал элемент мазмұнынан кейін орналасқан конструкция элемент соңының тегі деп аталады.
Интернетке түрлі қызметтердің жиынтығы әсер етеді. Солардың бірі ең көп тараған қызметтер қатарына Web (World Wide Web(бүкіләлемдік өрмекші) ) енеді. Web - тораптардағы құжаттардың негізгі форматы HTML болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі.
Гипермәтін - бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі.
HTML тілінің құрылымы
<HTML>
<HEAD> <TITLE> құжат тақырыбы </TITLE> </HEAD>
<BODY>
құжат тұлғасы
</BODY>
</HTML>
Көп жағдайларда HTML құжаттарының тақырыптары болады. Олар <H n ></H n > тегтер арқылы жасалады, n -нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тегтер ортасына текстімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады.
<H1>Тақырып</H1>
<H2>Тақырып</H2>
<H3>Тақырып</H3>
<H4>Тақырып</H4>
<H5>Тақырып</H5>
<H6>Тақырып</H6>
Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <P>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тэгі жазылады. Бұл тэгтерді жабу керек емес. Әрине, егер Сіз <P> тэгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:
<P ALIGN=LEFT>Сол жаќ шетке түзеу</P>
<P ALIGN=CENTER>Ортаға келтіру</P>
<P ALIGN=RIGHT>Оң жақ шетке түзеу </P>
Ал текстке қалың, курсивті, сызықты және т. с. с. түр беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:
Кейбір тегтер белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады) . Мысалы, ашылып жатқан <FONT> тэгінің (</FONT> жабылатын тег жазылу тиіс) бірнеше арибуттары болуы мүмкін:
SIZE - шрифттің өлшемін береді (стандартты шрифт өлшемі -"3") . Текстті <FONT SIZE=n></FONT> тэгтерінің ортасына қойсақ (бұл жердегі n - цифр) Сіз оған керекті өлшем бересіз:
<font size="1">Мысал 1</font>
<font size="2"> Мысал 2 </font>
<font size="3"> Мысал 3 </font>
<font size="4"> Мысал 4 </font>
<font size="5"> Мысал 5 </font>
<font size="6"> Мысал 6 </font>
<font COLOR="white"> Красный </font>
<font COLOR="#FF"> Красный </font>
Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып жєне оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек. Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.
<BODY BGCOLOR="RED"> (түстің аты қолданылған)
<BODY BGCOLOR="#FF"> (түс 6 орынды кодпен берілген)
HTML құжатының құрылысы бірінің ішіне бірі салынған контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Шынында да, құжаттың өзі - бұл "HTML" атымен аталатын бір үлкен контейнер:
<HTML> Құжат мазмұны </HTML>
HTML элементінің өзі немесе гипертексттік құжат құжаттың басынан (HEAD) және денесінен (BODY) тұрады:
<HTML>
<HEAD>
Тақырып мазмұны
</HEAD>
<BODY>
Құжат денесінің мазмұны
</BODY>
</HTML>
WWW-да әрбір құжаттың өз аты бар, оны басында көрсетеді. Оны интерфейс-программасының бірінші жолында көруге болады. HTML бетінің аты <TITLE> тегінің көмегімен басына қосылады.
HTML документіне сурет салу үшін келесі құрылымды жасау керек. (толық көрсетілген) :
<IMG SRC="Сурет аты" BORDER="0" ALIGN=" түзеу" WIDTH="Ені" HEIGHT="Биіктігі" HSPACE=" 1-орын қалу" VSPACE="2-орын қалу" ALT="сұқпат">
HTML құжатын жазуды бастай отырып, оның сондай түрде болатынын теңестіреміз. Мұндай теңестіру құжаттың ең басына <!DOCTYPE HTML PUBLIC ``-//W3C//DTD HTML 3. 2//EN''> тегін қою жолымен жүргізіледі. DOCTYPE тегі SGML тілінің тегі болып табылады және құжат HTML 3. 2 спецификасына сәйкес сипатталатын болатынын хабарлайды.
HTML () - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML - мәтінді белгілеу тілі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
Барлық программалау тілдеріндегідей HTML тілінде де тексттің белгілі-бір бөліктеріне түсініктеме беретін әдісі бар. Түсініктемелер < ! - және - > тізбектерінің арасына жазылады. Түсініктеме мысалы:
<!-- бұл мәтіннің түсініктемесі бар -->
1-мысал.
<!DOCTYPE HTML PUBLIC ``-//W3C//DTD HTML 3. 2//EN''>
<HTML>
<!- Author: Irina Kuzina Date: December 5, 1996 ->
<HEAD>
<TITLE> This is a Baner</TITLE>
</HEAD>
<BODY >
Internet-ті администраторлау
</BODY>
</HTML>
Егер құжат денесінің ішінде тексттің бірнеше жолын теріп, содан соң оны броузерде қарайтын болсақ, онда терезеде жай кіші шрифтпен жазылған текст пайда болады, сонымен бірге бастапқы текстте бар жолдардың аудармасы сақталынбайды. Броузерлер бетке тексттерді өздері қояды. Жолдарды аударуды "күштеп" қою үшін <BR> тегін қолдану қажет. Броузер кескіндеу кезінде осы тег шыққан орынға жолдарды аударып қояды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! <BR> ТЕГІ </BR> ЖАБАТЫН ЭЛЕМЕНТІСІЗ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
HTML-де басқа да қасиеттері ұқсас бірнеше тегтер бар. Оларды қарапайым түрде бос (немесе жалғыз) деп атайды және де олар "ішкі" толтырулардан тұрмайды. Егер сізге тексттің бір анықталған жерінде бөлінбейтінін жасау қажет болса, онда осы жерге <NOBR> тегін жазыңыз.
Тексті параграфтерге бөлу үшін <P параметрлер> тегі қолданылады.
Дәлірек айтқанда, параграф <P> . . . </P> тегтерінің ішіне орналасады, бірақ та іштестірілген параграфтар болмайтындықтан, жабылатын тегті жазбауға болады.
<P> тегінде параграфтың ішіндегі текстті тегістеу әдісіне көрсететін ALIGN параметрі бар: текст оң жақ шеті бойынша (RIGHT), сол жақ шеті бойынша (LEFT), ортасы бойынша (CENTER) немесе ұзындығы бойынша (JUSTIFY) тегістелуі мүмкін. Егер параметр көрсетілмесе, онда текст сол жақ шеті бойынша тегістеледі.
Параграфты ортаға жазу үшін келесі түрдегі тегті қолдануға болады:
<CENTER> . . . </CENTER>
Текстті бөлікке бөлудің тағы бір әдісін горизонтальді сызық деп атауға болады. Сызық HTML тілінің элементі болып табылады және текстке
<HR параметрлер>
тегінің көмегімен қойылады, мұндағы параметрлер келесі түрде болуы мүмкін:
WIDTH сызықтың ұзындығын береді. HTML-де өлшем бірлігі шығару құрылғысының нүктесімен есептеледі, яғни <HR> тегінің параметрі ретінде WIDTH=100 деп көрсетсеңіз, онда ұзындығы 100 нүктеден тұратын сызық құрасыз. Бірақ та бұл әдістің қолайлы емес екені көрініп тұр, себебі құжат әр түрлі шығару құрылғыларында әр түрлі болып кескінделуі мүмкін. Сол себепті HTML-де элементтердің ТӘУЕЛДІ өлшемдерін беру мүмкіндігі бар, яғни кескіндеу облысының жалпы ұзындықтан пайызы (броузер немесе қағаздың беті) . Мысалы: <HR> тегінде WIDTH=50% параметрін көрсетіңіз, сіз құжаттың кескінделу облысының қақ ортасындағы сызықты аласыз.
SIZE - сызықтың қалыңдығын береді.
NOSHADE - егер бұл параметр берілген болса, онда сызықтың көлеңкесі болмайды.
Егер осы моментте алынған бетті қарайтын болсақ, онда ол бір түсті болып көрінеді. Бір қарағанда не екені түсініксіз (егер терезенің басына қарамайтын болсақ) . Бетке "басты" тақырып жетпейді, яғни тақырып құжаттың денесінде. HTML тілінде алты түрден тұратын тақырып аты бар. Оларды құру үшін <H1>… - </H1>, …, <H6>…</H6> тегтері қолданылады. Тегтердің аттары олардың қолданылуын анықтайтын ағылшынның Heading (яғни, тақырып) сөзінен алынған. Өлшем 1 ең үлкен, өлшем 6 ең кіші шрифтке сәйкес келеді. Олай болса, тексттің негізгі жолының алдына
<H1>Welcome to my homepage!</H1>
жолын жазып, біздің бетті жазуды бастаймыз.
Енді біздің бетті броузерде қараймыз. Енді бет бұрынғыдан қарағанда жақсырақ көрінеді. <Hn> тегтері блокты болып табылады, олардың қолданылу жерінде абзацтарға бөлу жүргізіледі.
Тексттің шрифттерін көркемдеудің басқа жабдықтары болып курсивпен және қарайтылған түрмен жазу табылады. Осы әдістермен тексттегі кейбір сөздерді, тақырыптарды белгілеуге болады. Мысалы, бірінші және екінші деңгейдегі тақырыптарды <Hn> тегтерінің көмегімен, ал үшінші деңгейдегі тақырыпты қарайтылған шрифтпен белгілеу өте ыңғайлы. Курсивпен белгілеу <I> (Italic сөзінен), ал қарайтылған шрифтпен белгілеу <B> (Bold сөзінен) тегінің көмегімен жүзеге асады.
Сонымен қатар HTML тілінде emphasis - жалпылама белгілеу ұғымы бар. Ол <EM>…</EM> тегтерінің көмегімен жүргізіледі. Мұндай белгілеу - құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды. Осындай әдіспен белгіленген текст курсивпен кескінделеді.
Логикалық белгілеудің басқа жабдығы ретінде келесі тегті есептеуге болады:
<STRONG>…</STRONG>
Ол тексттің бөлігін күшейту үшін қолданылады. Тегтің мазмұны қарайтылған шрифтпен кескінделеді.
Келесі тегтердің көмегімен шрифттердің өлшемін және түсін өзгертуге болады:
<FONT параметрлер>…</FONT>
Параметрлер келесі түрде болуы мүмкін:
SIZE=``value немесе value'' - шрифттің абсолютті немесе тәуелді өлшемін береді. Тәуелді өлшем базалық өлшемнің қатынасы бойынша беріледі. Қабылдайтын мәндерінің диапазоны - бірден жетіге дейін.
COLOR - текст түсін көрсетеді.
FACE - Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator кеңеймесі.
Текст үшін гарнитураларды (гарнитуралар тізімі, бар шрифттер жүйесінен қажеттісі таңдалатын болады) беруге көмектеседі. Ақырғы нәтиже жүйеде орналасқан шрифттердің санынан және әр түрлілігінен тәуелді. Мысал:
<FONT FACE="Arial, Times Roman"> Текстті басқа гарнитурамен белгілеу мысалы. </FONT>
Барлық құжат үшін шрифттердің базалық өлшемін
<BASEFONT параметрлер>
тегінің көмегімен беруге болады. Ол бір ғана параметрден тұрады:
SIZE - шрифтің өлшемін береді.
Қолданушының назарын аудару үшін кейде жанып-сөнетін текст қажет болады. Ол үшін
<BLINK>…</BLINK>
тегін қолданамыз. Бұл тегті байқап қолданған дұрыс, себебі жанып-сөнетін обьектілерге қарау әр уақытта жағымды емес.
Кей жағдайда құжатқа цитаталарды, программаның бастапқы текстін немесе қарапайым текстік құжатты қою қажет болады. HTML тілінде бұл жағдайлар үшін мүмкіндіктер қарастырылған.
HTML тілінде цитаталар <CITE>…</CITE> тегтерінің көмегімен жазылады.
Құжатқа бастапқы текстті қою үшін
<CODE>…</CODE> тегін қолдануға болады.
Текст белгіленген ұзындығы бойынша шрифтпен жазылатын болады.
Құжатта белгіленген форматпен тексттің бар болу жағдайының қажеттілігі ерекше таратылған. Мұндай мүмкіндік, мысалға электрондық хаттардың мазмұнын текстке немесе Usenet желісінен мақалаларды қосқан кезде қолданылады. Мұның барлығы
<PRE>
1-текст . . .
. . .
N-текст </PRE>
тегтерінің көмегімен жасалады. Бұл жағдайда ол мына түрде кескінделуі мүмкін:
1-текст
. . .
. . .
N-текст
HTML тілінде адрестерді жазу үшін қолданылатын жабдық бар. Адрес
<ADDRESS>…</ADDRESS>
тегтерінің көмегімен жазылады. Броузерлер оны курсивпен белгілейді, яғни <ADDRESS> ул. Пирогова, д. 2 </ADDRESS> жолы
ул. Пирогова, д. 2. түрінде кескінделеді.
1. 2. Web-дизайнның негізгі ұғымдары
Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (tage-тэги-тегтер) орналасқан құрылымнан тұрады. Тегтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа графикалық бейнені жасанды қозғалысты дыбыс, бейне енгізу мұмкіндігін береді, сонымен қатар осындай Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-бет браузерде HTML тегі арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-бетті HTML-файл деп атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі . htm немесе . html.
Сурет 1. Қарапайым Web-беттің суреті
Қазіргі кезде Web-бетті құруды бірнеше тәсілменен құруға болатынын белгілі, яғни қолменен және автоматты түрде. Автоматты түрде парақты жасау үшін мынадай редакторлар қолданылады: Front Page, сонғы кездерде көп қолданатын Macromedia Dreaweaver 8. 0 редакторлары. Web-беттің жобасын құрудың зерттеу барысында келесі кезеңдері анықталады:
- парақты құрудың екі тәсілі;
- құжаттың құрылымын анықтау;
- суреттермен мәтіндік ақпаратты енгізу;
- мультимедиалық объектілерді қою;
- кестелермен жұмыс атқару;
- беттерді бірнеше терезелерге бөлу; яғни құру жұмысында барлық гипермәтін тілінің аспектілері қарастырылады.
Орындалатын жұмыстар бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жетеді.
Сурет 2. Өзгертілген Web-беттің суреті
HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic HTML), XML, VRML және т. б. тілдер пайда болды. Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML гипермәтін белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген басқарушы символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-графикті пайдалану мүмкіндігін береді. HTML - құжаттарын қалыптастырудың шығармашылық сипаты программалаумен бірдей болады, сол себепті бұл жағдайда, белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтыратын немесе қалыптастырылған құжаттын нақты тұтынушы компьютерінің экраннында қандай көрініс беретінің алдын ала болжау мүмкіндігін бермейді.
Сонымен жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті:
- Web-парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс.
- Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу қажет, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады;
- Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.
- Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады.
- Егер Web-парақ үлкен болса онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет.
Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы ұзақ уақыт алатыны есте болуы керек. Web-сайттың жұмыс парақтарын 1, 2, 3-суреттерден көруге болады.
Web-құжаттарды командалар арқылы тек қарапайым мәтіндік редакторларда ғана емес, басқа да көптеген HTML-редакторларда дайындауға болады. Олардың бірнешеуін атап өтейік Corel Draw, Front Page, Dreaweaver. Бұлардың қайсысын қолдану-ол өз құзырларыңызда. Бірақ Web-құжаттар жасаудағы ең соңғы өзгерістер мен шрихтар HTML тілінің командалары арқылы орындалатыны талас тудырмайтын ақиқат болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz