Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі . . .

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері . . .
  2. Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . .

2. Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының әдістемесі.

  1. Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары.
  2. Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері.

Қосымша.


1. Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі.

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу, білім алу деген сөз.

Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

«Даму ұғымы философиялық сөздікте» . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», - деп түсіндіріледі. Терістеу - дамудың қозғаушы кұші. Терістеу - белгілі бір зат пен құылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:

  1. Биологиялық фактор.

Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.

  1. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

  1. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қаыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қанд да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский болған. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек . . . Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ» - дейді Л. С. Выготский.

Оқыта отырып дамыту проблемасы Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.

Бұл идея К. Д. Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л. В. Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдама «екіліксіз қалай оқытуға болады», білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

А. С. Макаренко баланың мінез-құлқы 5-жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі.

С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова - Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың негізі, алғы шарты екенін дәлелдейді.

И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д. Н. Богоявленский және Н. А. Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н. Д. Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л. В. Занков ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшелктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жсауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. «Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т. б., іс-әрекет реориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарған.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізеді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
  2. Оны шешудің олын бірлесе қарастыру;
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылай, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдірінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қошаған ортаның шыңдығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.

  1. Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.

Қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім салаларында, соның ішінде білім саласында жүріп жатқан демократияландыру мектебі қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бастауыш мектеп оқушылары үшін «Әдеп әліппесі», «Елтану», «Экология элементтері», т. б. жаңа пәндердің оқытылып жатқаны жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, білім мазмұнын жетілдіруде. Білім беру неғұрлым тереңдеген сайын оқу жоспарларын, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық прогресстің талаптарын, оқушылардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, яғни түбегейлі жақсарту міндеттері қойылды. Қазақ тілі ғылым саласының қай түрі болсын, терең бойлап, қанатын жая бастады. Халыққа білім беру оның ішінде, бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптар күрделенді.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрген емес. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістеме мен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту - қазіргі оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе. Ол үшін мұғалім шығармашылықпен тілдік материалдарды дұрыс таңдай біліп, оны тиімді әдіспен беру жағын қарастыру қажет. Тіл дамыту жұмыстары тек ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша жүргізіліп қоймай барлық оқу пәндері бойынша да жан жақты ойластырылуы керек екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Тіл дамыту - тіл дамытудың бір саласы түрінде өз алдына жеке сабақ түрінде өткізілуде. Бірақ арнайы пән енген жоқ. Бұл сабақтың мақсаты оқушының тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой өрісін, дүниетанымын қалыптастыру.

Ұлтын сүйген, бойында қазақы қаны бар, «Мен қазақпын» деген азамат тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне күш салып, қайтсек ана тілінің қуаттылығын арттырамыз деген сауалмен күй кешуде. Ол үшін ұстаз қауымы кейінгі жас толқынның бойына ұлтжандылықты сіңіріп, жерін, ұлтын, тілін сүюге тәрбиелеп, тер төгуі керек.

Бала дүниетанымының қалыптасуына адам, қоғам табиғат тірек болады. Ежелден тәрбие беретін би, шешен сөзін, халқымыздың даналық сөзін жаттап өскен жас ұрпақтың таным үрдісі дамиды. Халық шығармасын оқып, қабылдау нәтижесінде сана - сезімі оянады.

Бастауыш мектеп бағдарламасында жас балалардың ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары - мәтіндері оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта жүргізілсе:

  1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп тыңдаушысын өзіне қаратып, баурап алуы, яғни тіл мәдинетінің өте жоғары болуы шарт.
  2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;
  3. Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;
  4. тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы керек;
  5. Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;
  6. Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу;
  7. Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауыз екі сөзде қолдана білу;
  8. Баланы әдеби тіліне ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету;
  9. Сауатты және түсініп оқуға үйрету;

Сонымен, қазақ тілі, ана тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында жоғарыда айтылған ұсыныстары ескерілсе, бастауыш сынып оқушылары сауатты және түсініп оқуға дағдыланады.

«Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жанымызда сақтағанымыз дұрыс.

Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Осындай мәнімен маңызды зор өзекті мәселелердің бірі бастауыш сынып оқушыларын сауатты және түсініп оқуға үйрету. Оқыту күрделі жаңа мазмұнды жүргізілсе, оқушылар ана тілінің қыр-сырын, ауызша сөйлеу тілін игерсе, тілі дамиды.

Оқушыға әдеби сөйлесу дағдыларын меңгертуде өлең мен әндер жаттату, мәтіндерді, диалогтарды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындалуында үн таспаға жазылған поэтикалық шығармаларды, көркем сөзді тыңдаудың ерекше мәні бар. Нақышына келтіріп, аса шеберлікпен оқылған поэзиямен көркем сөздің баурап алатын күші ерекше.

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылықпен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде», делінген. Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылқ белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл - ақылдың өлшемі», «Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем» деген этикалық ережеге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш сынып оқушыларына тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді.

Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакльдері мен кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады.

Оқушының ойын жүйелі айта білуге, бір - бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруға ана тілі, қазақ тілі пәндерінің ролі айрықша. Оқушының ауызша көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары бұл сабақтарда байқалып отырады. Бала тілін дамытып, қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауыз екі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында өтілетін тақырыпқа орай халықтық шығармалардағы (жұмбақ, өтірік өлең, аңыз әңгімелер т. б. ) сөз өрнектері шәкірттер түсінігіне лайықты, тілге орамды жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан түрлерін төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрыптап пайдалану, мән мағынасын түсіндіріп жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын артырады.

Сондықтан балаларға жас кезінен бастап халқымыздың ауыз әдебиетіндегі қызықты сюжетке құрылған ертегілерді, аңыздарды, т. б. мәнерлеп оқытып, өздеріне мазмұнын айтқыса, ойыда тіліде дамиды.

Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді. Кейбір тілі келмей бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілетімен тілін ұштайды.

Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу.

Оқушылардың ауыз екі сөйлеуі мен жауаптарындағы кемшіліктерін байап, болдырмау жолдары үздіксіз жұмыс нәтижесінде жүзеге асады. Оқыған әдеби кітаптарымен көрген киноларын, тағы басқа оқиғаны өз сөзімен айтуға дағдыландыру - тіл тәсілдерінің бірі. Тіл дамытуда мақал-мәтел мен фразеологиялық сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату тілге көрік береді. Халықтың қанатты сөздерін оқыту оның мағынасын түсіндіру жақсы әдетке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.

Атадан қалған асыл мұра - біздің рухани байлығымыз. Соны игілігімізге жарата білсек болғаны.

Ана тілі сабағында тақырыпқа байланысты "Туған жер", "Білім", "Тілі" туралы даналық сөздерді кірістіріп, сөйлем құрастыру, өлең оқыту игілкті іс. Мысалы, "Ғылым - ақылдың шамы", "Ана тілім - дана тілім", "Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем", "Тіл -. ақылдың өллшемі", т. б.

Мақал - мәтелдерді пайдаланудың әдіс тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқыту мен бірге сөйкестендіріп алған ыңғайлы.

Мұғалім осы іспетті жұмыс түрлері оқушыньщ ойын көрікті етіп айта білуге үйретіп мақал - мәтелдердің көркемдік ерекшелігін "Сөздің көркі - мақал" екендігін танытады.

Шешендік сөздерді оқыту - тілді дамыту. Шешендік өнер өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.

Орта ғасырларда өмір сүрген ғалым Жүсіп Баласағұн былай деген екен:

" . . . қалар мұра - сөз кісіден кісіге,

Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіне,

(кісіден Мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзі - ұқсаң құттың көзі ғой) "

Тауып айтылған сөз. Ата - бабадан құт боп қалған тіліміздің тынысы тарылмай қанат жайса, бұл елдігіміздің белгісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дамыту функциясы
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі
Оқытудың қорытынды нәтижесін арттыруда білім беру үдерісін технологизациялаудың рөлі
Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz