Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысындағы жеке тұлға мен мемлекеттің арақатынасы мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1 Азаматтық қоғам мәні, белгілері және негіздері
6
1.1 Азаматтық қоғам: мәні мен белгілері
6
1.2 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет: арақатынасы және өзара
әрекеттесуі
19
1.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы және азаматтық қоғамның дамуы

33
2 Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысындағы жеке тұлға мен мемлекеттің
арақатынасы мәселелері
42
2.1 Қазақстанда жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
етудің қазіргі кездегі мәселелер
42
2.2 Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
етудегі ішкі істер органдарының
54
Қорытынды
66
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
69

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі XXI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
тарихындағы мемлекеттік емес институттардың белсенділігімен байланысты,
олардың қоғамдық қатынастардың барлық сфераларындағы функционалдық
байланыстарына қатысты жаңа кезеңін атап өтті. Дамыған азаматтық қоғам
жағдайында азаматтардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ
жүзеге асыру үшін, нағыз халықтық билікке қол жеткізу үшін, қоғам өмірінің
әлеуметтік экономикалық, рухани және өзге де сфераларында жеке тұлғаның
бағдарын таңдау бостандығына қол жеткізуі үшін қажетті нақты алғышарттар
құрылады.
Азаматтық қоғам бүкіл қоғамның ырыс-берекеге және гүлденуіне қол
жеткізуін, халықтың өмірінің әлеуметтік экономикалық деңгейінің көтерілуін,
қоғамның рухани мәдени жағынан дамуын, мемлекеттің құқыққа бағынуын
болжайды.
Қазіргі күнде біздің еліміздің саяси жүйесінің жаңғыртылуы және
демократияның әрі қарай дамуы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі
ретінде атап көрсетілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, бәсекеге
қабілеттілік көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның дамуының саяси
аспектілерін де анықтай бастады.
Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда азаматтық қоғам құрылысының
кешенді стратегиясын дәлме-дәл нақтылау мемлекеттік және қоғамдық
институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Елдің саяси сферасын жаңғырту міндетін жүзеге асыру үшін Қазақстан
Президентінің Жолдауында бірнеше шарттар нақты белгіленген:
Біріншіден, бұл қазақстандық қоғам реформаларының стратегиялық бағыты
жанында шоғырлануы, ол елдің тұрақты түрде дамуының қажетті шарты болып
табылады.
Екіншіден, бұл тек демократиялық дәстүрлердің дамуы ғана емес, сондай-
ақ оларды жеткілікті деңгейде қатаң қорғауды қамтамасыз ету.
Үшіншіден, азаматтардың ел Конституциясы мен заңдарын орындауын
қамтамасыз ету, онсыз азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті құру мүмкін
емес.
Төртіншіден, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға қабілетті діни
экстремизмнің кез келген нысанда байқалуына жол бермеу.
Бесіншіден, елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға ықпал ететін қоғамдық
институт болып табылатын Қазақстан халықтары Ассамблеясының ролін көтеру.
Алтыншыдан, азаматтық қоғам субъектілерін, ең алдымен үкіметтік емес
ұйымдарды (ҮЕҰ) елдің дамуы бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік
сфераны дамыту жөніндегі жұмыстарға белсенді түрде тарту [1].
Азаматтық қоғам тек мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы
қарым-қатынас жария келісім негізінде құрылатын демократиялық саяси жүйе
жағдайында ғана дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алады. Азаматтық
қоғамда демократиялық процедуралар билік қызметінің сапасын бағалау,
жариялық құқығына және қоғам мүддесі үшін билікке ықпал ету механизміне
негізделеді [2].
Ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық маңызы мұнда қоғамдық
қатынастардың әрқилы сфераларына қатысты Қазақстан Республикасының
конституциялық негізі мен конституциялық заңнамаларының жетілдірілуі
аспектісінде Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуының қазіргі замандағы
проблемаларын мазмұны жағынан кешенді тұжырымдамалық зерттеу жүзеге
асырылды.
Азаматтық қоғамды, бір жағынан, мемлекеттің және оның органдарының
тікелей қол сұғушылығынан азаматтардың өзін-өзі қорғауының құралы немесе
тәсілі ретінде, ал екінші жағынан, оны демократиялық бағдарланған, құқыққа
негізделген, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қамтамасыз етуге, оның өмір
сүруі мен бостандығының лайықты және жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге
қызмет ететін мемлекеттің механизміне тиімді ықпал ету институты ретінде
түсіну тұжырымдамасы ұсынылады.
Зерттелу деңгейі. Азаматтық қоғамның қалыптасу проблемасының тамыры
сонау антикалық дәуірде жатыр. Бұған дәлел ретінде атақты ғалым,
философтар Аристотель, Платонның, сонымен қатар, рим заңгерлерінің
еңбектерін айтуға болады. Кейіннен, XVII-XIX ғасырларда азаматтық қоғамның
неғұрлым толығырақ тұжырымдамасы Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк,
Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Г.Гегель, И.Канттың және сол заманның өзге де
ойшылдарының еңбектерінде ол туралы әртүрлі идеялар көрініс тапты.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы идеялардың дамуына марксизмнің
классиктері К.Маркс пен Ф.Энгельс те салмақты үлес қосты.
1990-жылдардың басында отандық ғалымдардың Қазақстан жағдайында
азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы проблемаларына қызығушылығы артты.
Бұл А.Т. Ащеуловтың, К.К. Айтхожиннің, М.Т. Баймахановтың, Ж. Жунусованың,
А.К. Котовтың, Е.К. Көбеевтің, А.А. Матюхиннің, Г.С. Сапаргалиевтің, С.
Өзбекұлының, Ө. Қопабаевтың және басқалардың еңбектерінде өз көрінісін
тапты [3].
Сондай-ақ ресейлік ғалымдар С.А. Авакьян, В.В. Бойцова, В.В. Витюк,
K.C. Гаджиев, В.В Галкин, Н.Л. Гранат, Ю.С. Красин, Е.И. Козлова, О.Е.
Кутафин, Г.В Мальцев, Г.Н. Манов, В.С. Нерсесянц, О.Г Румянцев, С.Л.
Серебряков және басқалардың еңбектерін де атап өту қажет [4].
Зерттеудің мақсаты азаматтық қоғам институттарының қалыптасуымен
байланысты процестерді саяси және идеологиялық догмалардан тыс ұғыну, және
қазіргі Қазақстан жағдайына сәйкес конституциялық негізін зерттеу
шеңберінде оның үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеліп отырған проблема бойынша ғылыми-теориялық базаны жинақтап
және талдай отырып, оны жаңа мазмұнмен толықтыру;
- азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арақатынасы туралы
мәселелерді олардың белгілері мен функциялары аспектісінде қарастыру;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның салыстырмалы түрдегі дербестігі
туралы проблеманы зерттеу;
- Қоғамдық қатынастардың әрқилы сфераларындағы Қазақстанның азаматтық
қоғамының конституциялық негіздері түсінігін қалыптастыру және мазмұнын
ашу;
- Қазақстанның қоғамдық өмірінің саяси, әлеуметтік, рухани-мәдени
сфераларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға
байланысты құқық қолданушылық тәжірибесін оқып үйрену, Қазақстан
Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында адам және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін
тұжырымдау және жіктеу;
Зерттеу объектісі ретінде азаматтық қоғамның өмір сүруімен және
қызмет етуімен тығыз байланысты қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның
қоғамдық өмірінің барлық сфераларында болып жатқан әлеуметтік шындықтың
нақты құбылыстары мен процестері, сонымен қатар, мемлекеттік емес
институттар, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуын сипаттайтын құқықтық
идеялар мен көзқарастар болып табылады.
Теориялық және әдіснамалық негізі . Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
дамуы проблемасының теориялық аспектілері қысқа мерзімде шешілуі қажет.
Идеологиялық шектеулердің жойылуы бұған қолайлы жағдай туғызады. Нанымды
теория негізінде ел дамуының мемлекеттік (жалпы ұлттық) бағдарламасының
(доктринасының) тиімді тұжырымдамасы құрастырылып, үкімет пен халыққа
ұсынылуы керек. Ұлттық идеяларды біріктіретін ауыр іздеу салулар көзге
көрінетіндей және ақталған негіздемеге ие болуы мүмкін еді: не әділдікті
сақтай отырып, бір ауыздан, тірі қаламыз, жоғары дамыған ерікті халық
боламыз, не біздің жалпы тағдырымыз өте қайғылы болуы мүмкін. Бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарған ынтымақты, рухы еркін, экономикасы дамыған,
қоғамы әділетті ұлы халық болмасақ, жұтылып, жоқ болуымыз әбден мүмкін. Біз
осындай осындай ұлттық идеяны нығайтып, алға қадам жасауға тиіспіз.
Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде диалектикалық әдіс, сонымен
қатар, Аристотель, Кант, Гегель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде
баяндалған идеялар, отандық және шетелдік ғалымдардың, ойшылдардың,
заңгерлердің, әлеуметтанушылардың, психологтардың азаматтық қоғамның
қалыптасуы, құқықтың, мемлекеттің және қоғамның арақатынасы, құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы проблемаларына арналған
тұжырымдамалары қызмет етеді. Әдістемелік қағидаттары объективтілік,
тарихилық, жан-жақтылық болып табылады.
Деректік негізі халықаралық құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілері, бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік билік және басқару
органдарының, қоғамдық құқық қорғау ұйымдарының іс қағаздарын жүргізу ресми
құжаттары, баспасөз материалдары, мемлекет қайраткерлері мен заңгерлердің
еңбектері құрайды.
1. Азаматтық қоғам мәні, белгілері және негіздері

1.1 Азаматтық қоғам: мәні және белгілері

Кез келген қоғамның құрылуы мен қалыптасу процесі оның неғұрлым
өркениетті, толысқан қоғамға айналуының белгілі бір тарихи кезеңдерімен
(сатыларымен) сипатталады.
Қоғамдық санада демократиялық қағидаттар мен институттар бекітілді.
Олардың одан әрі дамуында маңызды бағдар болған Қазақстанның демократиялық
құқықтық мемлекетті құруға және азаматтық қоғамды қалыптастыруға
талпынысы болды.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуді
азаматтық қоғам, мемлекет, демократиялық қоғам сияқты терминдердің
мазмұнын ашудан бастаған жөн [5, 9-10]. Қазақстанда азаматтық қоғамның
қалыптасуы - жеткілікті деңгейде ұзақ әрі күрделі, белгілі бір тарихи
кезеңге есептелген процесс. Алайда мұндай қоғам идеясы (тұжырымы) өз
тамырын ғасырлар тереңіне жайған.
Азаматтық қоғамның философиялық анықтамасын ғылымға тұңғыш рет
атақты ойшыл және философ Аристотель енгізген. Мемлекет деген не
екендігін анықтап алмастан бұрын деп көрсетеді ол: азамат түсінігін
анықтап алу қажет, өйткені мемлекет бұл басқа емес азаматтардың жиынтығы,
азаматтық қоғам [6, 5]. Бұлай тұжырымдау, бұл түсініктің антикалық
философиялық ойға белгілі бір көне идеялық-теориялық бастауға ие екендігі
туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Алайда, тарихи қалыптасқан азаматтық қоғам деген қоғамды (адамдардың
саяси емес қауымдастығын) білдіретін сөз тіркесі өзінің мемлекетпен (саяси
қауымдастықпен) арақатынасында олар берген мағынаға сөзсіз сәйкес келмейді.
Өйткені азаматтық қоғам бұл (азаматтардың (саяси субъектілердің) қоғамы
емес, керісінше, жеке (саяси емес) тұлғалардың жеке мақсаттар мен
мүдделерді ұстанушылардың қауымдастығы. Ал азаматтардың қауымдастығы(саяси
қауымдастық, яғни мемлекеттің (саяси мемлекет) қоғамнан (азаматтық
қоғамнан) ерекшелігі. Ескере кететін жай, азаматтық құқықтың өзі (құқық
саласы ретінде) ( бұл азаматтардың құқығы емес, жеке тұлғалардың құқығы.
Қалыптасып кеткен азаматтық қоғам термині рим азаматтарының
қауымдастығын, римдіктердің азаматтық қауымын білдіретін көнеримдік
civitas сөзінен келіп шығады. Бұл қауымның мүшесі (civis - гражданин)
сонымен қатар рим азаматтық құқығының субъектісі (jus civile) де болып
табылды.
Сivitas, civis, jus civile сөздері (олардың саяси және саяси емес мәнін
айырмастан) синкретикалық (бөлінбейтін) мәнге ие болды. Кейінірек олардың
бейсаяси мәні азаматтық қоғам, азаматтық құқық терминдерінде, ал саяси
мәні азамат терминінде сақталды [7, 278].
Бұл азаматтық қоғамның негізгі субъектісі жеке тұлға ретінде адам,
бюргер, қалыптасып келе жатқан буржуа болды. Ыдырап бара жатқан феодализм
жағдайында қалыптаса бастаған мұндай азаматтық қоғам өзінің мәні бойынша
рулық құрылыстың бекітілуіне, азаматтық қоғамның талаптары мен
қажеттіліктеріне сәйкес келетін мемлекетті бекітуге деген табиғи және
бөлінбейтін құқығы сипатында жеке адамның бостандығы мен дербестігін
мойындауға бағытталды [7, 280].
Азаматтық қоғам тұжырымдамасы XVII-XIX ғғ. Т.Гоббс, Б.Спиноза,
Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Г.Гегель сияқты ғалымдардың
еңбектерінде толық әзірленіп өз бейнесін тапты және қорғалды.
Мысалы, Т.Гоббстың пікірінше, барлық адамдар, табиғи тіршілік иелері
ретінде, шамасы бірдей тән және ақыл-ой қабілетіне ие, бұл оларды өзара
тең етеді. Олар ерікті болып туылады, өз іс-әрекеттерінде жеке мүдделерін
басшылыққа алады, ал олардың мінез-құлқының қозғаушы күші өмірлік игіліктер
болып табылады. Адамдар тумысынан өз іс-әрекеттеріне бірдей табиғи
құқықтарға ие болғандықтан, оларды жүзеге асыруға талпынады, бірақ олар
өзді-өзі тең құқылы емес, өйткені мүдделердің қайшылығы басым. Менікі
және сенікі ұғымдарының арасындағы шектеулердің болмауы, баршаның
баршаға қарсы соғысына әкеп соғады, бұл адамзаттың жойылуы қаупін
төндіреді. Табиғи жағдайдан және табиғи заңдардан азаматтық қоғамға және
азаматтық заңдарға өту, Гоббстың пікірінше, меншіктің пайда болуымен
байланысты. Соңғысы адамдар арасындағы келісімнің, жалпының еркі және
қоғамдық шарт негізінде олардың бірігуінің қажеттілігін тудырады, әрбір
адам өзінің еркін әркімнің және баршаның еркін білдіретін жалпының еркіне
бағындырады. Осындай жолмен құрылған бірігу мемлекет немесе азаматтық
қоғам, сонымен қатар азаматтық тұлға деп аталады [8, 311].
Ал Б.Спиноза өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарына сәйкес адамды өзін-
өзі сақтау заңдылықтарына бағынатын табиғи тіршілік иесі ретінде
қарастырады. Бұл табиғи заң әрбір адамның өмір сүруге, ойлау және іс-
әрекет жасау бостандығына табиғи құқықтарымен сәйкес келеді. Философ
мемлекет пен азаматтық қоғамды ұқсастырады, өйткені адамдардың табиғи өзара
әрекеттесу жағдайы олардың өзі мен мемлекет арасындағы қоғамдық шарт
негізінде өзара әрекеттесуімен алмасады, барлық адамдар біртұтас
қауымдастықтың азаматтарына айналады деп есептейді [9, 7-8].
Дж. Локк басқаша тұжырымды ұстанады, оның пікірінше адамның өз
өмірін, ар-намысын, бостандығын, мүлкін қорғауға деген табиғи құқығынан
келіп шығады. Ол адамзат қауымдастығын табиғи және саяси (азаматтық) деп
бөледі. Табиғи қауымдастық - үйдегі басқару жүзеге асырылатын отбасыларының
жиынтығы. Отбасының басшысы мұнда шексіз билікке ие. Табиғи қауымдастықта
адамдар өздерінің өмір сүруін қамтамасыз ететін меншікке ие болады. Меншік
қатынастарының тұрақсыздығы, басқа адамның мүлкіне қол сұғуға
мүмкіндіктің болуы адамдар арасында қоғамдық шарттың жасалуы
қажеттілігіне әкеп соғады. Бұл шарт адамдардың бірге тұруы, меншікті
қалыпты пайдалануы үшін қажет. Осылайша, қауымдастық азаматтық қоғамға
айналады, бұл қандай да бір адамдар санының бір қоғамға бірігуі және
олардың әрқайсысының табиғат заңдарына сай өздеріне тән болған атқарушылық
биліктен бас тартуы және оны саяси немесе азаматтық қоғамға беруі болып
табылады. Дж. Локк бұл мәселе жөнінде былай деп жазады: ... шексіз билік
кімнің қолында болуына қарамастан, азаматтық қоғамның түрі болудан өте
аулақ, ол құлдық пен меншік тәрізді соншалықты сәйкессіз [10, 312-
365].
Ш.Л. Монтескьенің айтуынша, азаматтық қоғамның пайда болуы қоғамдық
шарттың нәтижесі болып табылады, және адамдар ортақ еркі негізінде осындай
бірігуге келіседі, мұндай бірігу азаматтық жағдай деп аталады. Азаматтық
жағдайдың, немесе мемлекеттің қалыптасуын ол қажетті тарихи процесс
ретінде қарастырады. Табиғи жағдайда адамдар тең болып туылады, бірақ
та олар бұл теңдікті сақтап қала алмайды, қоғам теңдікті олардан тартып
алады және олар тағы да тек заңдарға сәйкес қана өмір сүреді. Қоғам
дамуындағы заңдардың маңыздылыған көрсете отырып, Монтескье, заңдар
адамдар, халықтар және билеушілер арасындағы қарым-қатынастарды
реттейді деп түсіндіреді. Оның көзқарасы бойынша, бостандық дегеніміз бұл
- заңдармен рұқсат етілген іс-әрекеттер. Осыған орай ол басқарудың үш
нысанын көрсетеді: республика, монархия, деспотия. Деспотия бір тұлғаның
озбырлығы ретінде билікті теріс пайдалануға әкеп соғады. Азаматтар,
сонымен қатар азаматтар мен билік арасындағы қарым-қатынастарды реттеуші
ретінде құқық озбырлықтан кепіл болып табылады [11, 289 ].
Ж.Ж. Руссо жеке меншікке көп көңіл бөлді. Оның пікірінше, ол азаматтық
қоғам мен мемлекеттің экономикалық негізі болып табылады. Ол, өз
заманындағы көптеген басқа ғалымдар сияқты қоғамдық шарт негізінде саяси
билікті құруды қолдады, соның негізінде әрқайсысымыз өз меншігін ортақ
еріктің жоғарғы басшылығына береді, және біз әрбір мүшені тұтастың
бөлінбейтін бөлігі ретінде қабылдаймыз.
Заң, азаматтардың оны бұлжытпай орындауын және олардың еркін заңды
түрде жүзеге асыруын ғана емес, сонымен қатар күшті мемлекеттің өмір
сүруін талап етеді [12, 161-162].
XVII-XVIII ғғ. еуропалық саяси-құқықтық ойларды зерттеу нәтижесінде
мынадай қорытындыға келдік. Біріншіден, азаматтық қоғамның негізін өмір
сүруге, бостандыққа, меншікке, мүлікке және т.б. азаматтардың табиғи
құқықтары мен жалпы адамзаттық құндылықтары құрайды. Екіншіден, азаматтық
қоғамның қалыптасу процесі феодализм дәуірінен басталады. Үшіншіден,
азаматтық қоғам саяси билік, тұтас мемлекет институттарынсыз болуы мүмкін
емес.
А. Токвилдің тұжырымдамасы Американың тәжірибесі негізінде пайда болды.
Оның басты назарында индивидтің (жеке тұлғаға) ерік білдіруін, шаруашылық
және қоғамдық қызметпен айналысуын қамтамасыз ететін нақты институттар
жүйесі қалыптасты. Қоғамдық теңдік пен демократиялық басқарудың әдет-
ғұрыптарға, ұғымдар мен өнегеге ықпалын бейнелеу мақсатын көздегенде
Токвиль дәл осы американдық қоғамның ерекшелігіне жүгінеді. Ол американдық
әлеуметтік жүйені еуропалық теоретиктер қоғамдық шарт және азаматтық
қоғамның келешекке бағытталған үлгісі ретінде ұсынған қағидаларының жүзеге
асырылуы деп қарастырады. Бұл қағидалардың жүзеге асырылуы Еуропаның
кейбір елдерінде ізбе-ізділіксіз, жартылай енді-енді ғана басталды, ал
екінші бірінде билікке қайта оралған аристократиямен жасанды түрде ұсталып
отырды. Ал Америкада ол қоғам мен мемлекеттің тарихи қалыптасқан ерекше
белгілеріне ғана емес, сондай-ақ американдық ерекше мінез-құлыққа, өзіндік
ұлттық рухқа да байланысты болды [13, 10].
Америкадағы азаматтық қоғамды сипаттай отырып, Токвиль американдық
әлеуметтік өмірдің ерекше белгісі болған отбасылық, кәсіби, діни
ассоциацияларға баса назар аударады. Олар адамдардың әлеуметтік мінез-
құлығының барлық сфераларын қамтиды, ой бостандығы мен адамгершілік
құндылықтарды үкімет тарапынан болатын қол сұғушылықтар мен озбырлықтардан
қорғау тәсілі болып табылады, жеке тұлғалардың өзінің әлеуметтік орта мен
саяси құрылымдарға ықпал ету механизмі сипатында да қатысады. Бұл
ассоциациялардың тағы бір тиімді тұсы - адамдардың жекешелендірілген және
ұжымдық талпыныстарының үйлесімділігі, оларды бостандық және жауапкершілік,
демократиялық құндылықтар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу, тиісті әлеуметтік
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру рухында тәрбиелеу [14, 35].
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мәселесін өңдеуде орасан көп үлес қосқан
ойшыл Г. Гегель болды. Оның пікірі бойынша, азаматтық қоғам отбасы мен
мемлекеттің ортасында болады. Табиғи мәдениетсіз қалыптан адамдар
азаматтық қоғамға кіруі тиіс. Соңғысында құқықтық қатынастар шындыққа
сәйкес келеді [15, 228].
Гегельдің пікірі бойынша, азаматтық қоғам төмендегідей үш элементті
қамтиды: а) бірегейлер мен басқалардың барлығының жұмысы арқылы
қанағаттандырылатын қажеттіліктер жүйесі; ә) әділсоттылық арқылы жалпы
еркіндікті және меншікті қорғау; б) полиция және корпорация.
Полицияны азаматтық қоғамның элементі ретінде қарастыра отырып Гегель,
оны бұрында муниципальдық шаруашылықты басқару бойынша белгілі бір
функцияларды атқарғанымен байланысты. [16, 233].
Ескере кететін жай, бұл мәселе жөнінде И. Бентам, Ж. Сисмонди, Л. Фон
Штейннің көзқарастары да осыған ұқсас. Алайда азаматтық қоғамның
мемлекеттен үстемдігін бейнелейтін екінші бір бағыт бар. ( Т. Спейс, Т.
Ходжскин, Т. Пейн). Бұл бағыт Т. Пейннің еңбектерінде өте айқын
бейнеленген, оның пікірінше, мемлекет бұл тек қажетті зұлымдық ғана, және
оның әсер ету сферасы қаншалықты аз болса, соншалықты тиімді. Бұл
көзқарас А. Токвиль және Дж.С. Миллге де тән.
Нақты өмірде, азаматтық қоғам мен мемлекет жеткілікті деңгейде тығыз
байланысты болды және болып қала береді [17, 421-423]. Осылайша, Гегель
азаматтық қоғамды әлеуметтен бөліп қарастырды, оның мемлекетке ұқсас
еместігін атап көрсетті және оған адамдардың мүдделері мен
қажеттіліктерінің үш: жеке, ерекше және жалпы, деңгейін білдіретін
отбасын, қоғамды, мемлекетті кіргізді. Ол азаматтық қоғамды индивидтердің
және олардың арасындағы қатынастардың, құрылған шаруашылықтар, қауымдар
мен корпорациялардың қызметтері сферасының жиынтығы ретінде қарастырды.
Жеке меншік және жеке бостандық қағидаттарымен қатар, азаматтық қоғамның
негізін қалаушы қағидаттары - жариялылық, жалпы хабардар болушылық,
сонымен қатар, құқықтық мемлекет.
Азаматтық қоғам идеясы белгілі философ И.Канттың еңбектерінде де сөз
болады, нақты алғанда, ол былай деп жазады: Бүкіл адамзат тегі үшін үлкен
проблема – жалпы құқықтық азаматтық қоғамға қол жеткізу. Оның пікірінше,
тек мүшелеріне мол бостандық берілген қоғамда ғана табиғаттың ең жоғары
мақсатына қол жеткізілуі мүмкін: адам бойындағы барлық қабілеттіліктің
дамуы; мұнда табиғат бұл мақсатты оған жүктелген басқа да мақсаттар сияқты
өзі жүзеге асыруды қалайды. Міне, сондықтан да мұндай, мол бостандық сыртқы
заңдардың ықпалымен еңсерілмейтін мәжбүрлеумен үйлесетін қоғам, яғни өте
әділ азаматтық құрылым, табиғаттың адамзат тегі үшін ең жоғары міндеті
болуы тиіс, өйткені тек осы міндетті шешу және орындау жолымен ғана табиғат
біздің тегімізге қатысты өзінің басқа мақсаттарына қол жеткізе алады [19,
5].
Азаматтық қоғамның проблемалары туралы марксистік теорияның пікірлері
де біршама қызығушылық тудырады. К.Маркс былай деп жазды: Өндірістің,
айырбастау мен тұтынудың дамуының белгілі бір сатысын алыңыз, және сіз
нақты бір қоғамдық құрылымға, нақты бір отбасы, сословие немесе тап ұйымына
ие боласыз, - басқаша айтқанда, азаматтық қоғамға ие боласыз, және сіз
азаматтық қоғамның ресми бейнесі болып ғана табылатын нақты саяси құрылымға
ие боласыз [20, 245].
Дәл отбасы, таптар, сословиелер ұйымын, меншік және бөлістіру
қатынастарымен байланысты олардың болмысын, сонымен қатар, оның нәтижесінде
алынған құндылықтарды К. Маркс азаматтық қоғам түсінігіне енгізеді. К.
Маркс азаматтық қоғам түсінігін өз ілімінің бүкіл әлемге танымал құраушы
бөліктеріне (терминдеріне) саралап жіктейді: базис, қондырма, өндірістік
қатынастар, өндіріс тәсілдері, экономикалық құрылым, формация және т.б.
К. Маркс былай деп атап өтті, бостандық қоғам үстінде тұрған
мемлекетті ол қоғамға бағынатын органға айналдыру болып табылады [20,
245].
Гегельдің Философия права атты еңбегін талдай отырып, Маркс оны
сынға алады: Гегель барлық жерде идеяны субъектіге, ал шындықты предикатқа
айналдырған. Нақты қатынастарды мұндай айналдыруды Маркс гегелдік ойлау
барысының түбегейлі кемшілігі деп сипаттайды.
Алайда тұлғалардың ролі мен қызметін қарастыра отырып, Маркс олардың
табиғи емес, әлеуметтік қасиеттеріне назар аударады. Қоғамды жасаушы
тұлғаның мәнін оның абстрактілі табиғаты емес, оның әлеуметтік қасиеті
құрайды. Осылайша, К. Маркс азаматтық қоғамды адамдардың материалдық,
экономикалық өмірінің саласы ретінде қарастырды [20, 242].
Гегель де, Маркс та азаматтық қоғамның қалыптасуы кезеңін оның тарихи
алғышарттары – жеке меншік бостандығы қағидасының бекітілуімен
байланыстырады. Егер Гегель азаматтық қоғамды қажеттіліктердің,
қатынастардың және институттардың жеткілікті дәрежеде кең ауқымы түрінде
ұғынса, Маркс оны неғұрлым тар таза экономикалық сфера түрінде түсіндіреді
[14, 14-15].
Көріп отырғанымыздай, Гегель мен Маркстің көзқарастары, біздің
пікірімізше, өте өзекті және мазмұнды, мәнін жоймаған, тіпті қазіргі
Қазақстан жағдайында азаматтық қоғамның қалыптасуы проблемаларына септігін
тигізетіні сөзсіз. Олардың теориялық зерттеулерін, тұжырымдарын ескермей,
бағаламай, қоғамдық құбылыстар мен процестерді жан-жақты талдамай, оларды
қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де
шындыққа қатысты мәнін терең ұғынбай, Қазақстанда демократиялық құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу процесі едәуір баяулауы немесе
күрделенуі мүмкін.
Азаматтық қоғам түсінігін әзірлеуді, жетілдіруді маркстік бағдардың
көрнекті ойшылдарының соңғыларының бірі А. Грамшидің қосқан үлесінсіз
елестету мүмкін емес. Оның түрмедегі дәптерлерінен азаматтық қоғамның
қазіргі күнге дейін ғылым сүйеніп келген тұжырымдамасы келіп шықты деген
пікір кеңінен таралған.
Экономикалық базис және мемлекет арасында, оның заңнамалары және
мәжбүрлеуімен бірге азаматтық қоғам орналасқан. Азаматтық қоғам
мемлекеттің қатал құрылымдарына қарағанда бұл функцияларды неғұрлым
ұйымшылдықпен тиімдірек орындайды. Саяси қоғам (мемлекет) және азаматтық
қоғам) қосарласқан формуласы үшін Грамши мынадай синонимдік қатарды
қолданады: күш және келісім, мәжбүрлеу және көндіру, мемлекет және шіркеу,
саясат және мораль, құқық және бостандық, тәртіп және реттілік [21, 214].
Таптық құрылымдық қоғамның жалпы қоғамға айнала бастауының замандасы,
Грамши азаматтық қоғам институттарының жиынтығын тіпті апаттық ұлттық
дағдарыс жағдайында да әлеуметтің тұтастығына кепілдік беруге қабілетті
өзінше бір екінші немесе резервтегі мемлекет ретінде анықтады. Бұл
жайға оның 1917-1920 жылдардағы Ресейдегі және батысеуропалық елдердегі
әрқилы жағдайларды талдауы мысал болады: Шығыста мемлекет барлығын
білдірді, ал азаматтық қоғам бастапқы және мұз қатқан күйінде болды; ал
Батыста мемлекет пен азаматтық қоғам арасында дұрыс қарым-қатынас
орнатылды, және мемлекет сәл де болса шайқалған жағдайда дереу азаматтық
қоғамның бекем құрылымы байқалып отырды. Мемлекет тек алғашқы траншея ғана
болды, ал оның артынан қорғандар мен казематтардың нығыз шынжырын табуға
болатын еді [21, 215].
Бұл хрестоматияға айналған анықтама, әдетте, саяси билікті азаматтық
қоғамдағы гегемонияға дейін және оны жаулап алусыз алу мүмкіндігін
дәлелдеген Ленинге қарама-қарсы, Грамши бұл сфераға төңкерістік тәжірибені
өткізу алаңы тәрізді бастапқы мән бергендігінің дәлелі ретінде
түсіндіреді.
ХХ ғасыр мемлекеттің азаматтардың жеке өмірі саласындағы үлгісіз
өктемдік жүргізуінің кезеңі болды. Тіпті бұл өктемдік жүргізудің шектен
тыс тоталитарлық нысандарын қозғамай жайына қалдырған күннің өзінде, оның
дамыған елдердің барлық аймақтарында болғанын байқамау мүмкін емес.
Осылайша, азаматтық қоғам тұжырымының әртүрлі бағыттары белгілі
ойшылдардың еңбектерінде, әдетте азаматтық қоғам түсінігінің өзінің
анықтамасындағы айырмашылықтармен бірге жүреді. Мұндай әртүрлілік қазіргі
кездегі қоғамтану және заң әдебиеттерінде де байқалады.
Жаңа формацияның философтары - Гумбольдт, Кант, Гегель, Маркс, Энгельс,
Грамши, Вебер және басқалар – бұл тұрғыдан нақты теория әзірленбегеніне
қарамастан, бұл құбылыстарды шектеп отырды.
Бұл жағдайда мемлекет те, қоғам да өмір сүріп тұрған кезең
қарастырылады, алайда, ұзақ уақыт бойы бұл санаттар – бірдей деп есептеліп
келді. Теоретиктер оларды бөліп тұрған шекті көруі және оның біреуі
екіншісінің бір бөлігі екеніне көз жеткізуі үшін уақыт қажет болды.
Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше тобын, атап айтқанда, мүліктік,
нарықтық, отбасылық, адамгершілік қатынастарды түсіне бастады, ол
қатынастар мемлекеттен белгілі бір тәуелсіздікте болуы тиіс еді [22, 84-
85].
Н.И. Матузовтың пікірі бойынша, азаматтық қоғам сөз тіркесі шартты,
өйткені азаматтық емес немесе азаматтыққа қарсы қоғам болмайды. Кез-
келген қоғам азаматтардан тұрады және оларсыз болуы мүмкін емес. Тек
мемлекетке дейінгі, өркениетті емес (рулық) қоғамды азаматтық деп айтуға
болмайтын еді, біріншіден, дамымағандығы, қарабайырлығына байланысты;
екіншіден, ол кезеңде азамат, азаматтық деген түсініктердің өзі болған
жоқ [22, 89].
Азаматтық қоғам – бұл әлемдік қауымдастықтың дамуындағы неғұрлым жоғары
сатысы, оның жетілгендігі, ақылдылығы, әділдігі, адамилығының өлшемі.
Азаматтық қоғам азаматтардан, олардың бостандығынан басталады.
Алайда Н.И. Матузовтың пікірінше, азаматтық қоғам – бұл ерікті тұлғалар
– меншік иелері мен олардың бірлестіктерінің спецификалық мүдделерінің
айрықша аясын құрайтын, мемлекет ішіндегі және сыртқы саяси қатынастардың
жиынтығы (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, адамгершілік, рухани, отбасы,
діни).
Біздің пікірімізше, бұл толықтай дұрыс емес. Азаматтық қоғам -
мемлекеттің еркінен тыс өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
мақсатында азаматтар тікелей құрған, бірақта конституциялық құрылымның
қағидаттарына сай қызмет етуші: одақтар, ассоциациялар, қозғалыстар,
қорлар, клубтар, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер,
қоғамдық ұйымдар сияқты ерікті қоғамдық құрылымдарпдың бірігуінен
көрінетін, мемлекеттік емес табиғи: одақтар, ассоциациялар, қозғалыстар,
қорлар, клубтар, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер,
қоғамдық ұйымдар сияқты ерікті қоғамдық құрылымдарпдың бірігуінен
көрінетін, мемлекеттік емес табиғат тән ерекше санат. Әрине, мемлекеттік
емес құрылымдар мемлекетпен және оның органдарымен тығыз байланысты болады.

О.Г. Румянцевтің азаматтық қоғамды Ресейдің конституциялық құрылымы
тұжырымында қарастырған көзқарасы өте қызықты. Оның пікірінше, азаматтық
қоғамның үш бастауы болады: жеке тұлға, ұжым, өркениетті билік. Азаматтық
қоғам түсінігінің өзін ол өз этажында аталған өзара арақатынасты
қайталаушы конституциялық үлгінің шағын (микро) әлемі ретінде қарастырады
[23, 75].
В.Д. Зорькин, В.А. Кикоть және тағы басқалар азаматтық қоғамды ақылға,
бостандыққа, құқыққа және демократияға негізделген адамдардың әлеуметтік
өмір сүруінің қажетті және ұтымды тәсілі ретінде қарастырады. Мұнда жеке
тұлғаның және адамдар ұжымының өзін-өзі жүзеге асыруының нақты мүмкіндігі
пайда болады және сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және рухани
процеске ықпал етудің оңтайлы шарасы бекітіледі [24, 4].
Ескере кететін жай, азаматтық қоғам түсінігі таза заңды түсінік болып
табылмайды. Ол көптеген қоғамдық ғылымдар өкілдерінің қызығушылығын
тудырады. Мысалы, И.В. Бестужев-Лада азаматтық қоғамды қоғамдық идеал
түрінде түсіндіреді, ал Ф.А. Цан-кай-си азаматтық қоғам туралы әрқилы
ілімдердің тарихи дамуын талдау негізінде, азаматтық қоғамның фундаментінің
негізгі кірпіштерін меншік (мүлік), еңбек, отбасы құрайды деген
тұжырымға келеді [25, 81].
Заң әдебиеттерінде, азаматтық қоғам - бұл тек құқық нормаларымен ғана
емес, сондай-ақ мораль, әдет- ғұрып нормаларымен реттелетін кешенді құбылыс
деген анықтама беріледі. Оның мазмұны тарихи тәжірибемен, ұлттық
дәстүрлермен және демократия мен мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.
Б.И. Славный азаматтық қоғам туралы: Мемлекет пен саяси қоғам
институттарынан өзінің биліктік емес сипатымен ерекшеленетін азаматтық
институттардың кейбір жиынтығы деп жазады [26, 4].
Ю.С. Красин және А.Н. Галкиннің пікірінше, азаматтық қоғам – көлденең
әлеуметтік байланыстардың, қоғамдық мінез-құлық нормаларының және қоғамдық
саяси бағдарлаудың тұрақты жүйесі. Ол өндірістік қатынастар мен
мемлекеттің, базис (негіз) пен қондырманың арасындағы төселімді құрайды
[27, 73].
Е.Н. Гуренко және О.И. Шкаратан азаматтық қоғам жайында Қоғамдық
институттар жүйесі, әртүрлі қоғамдық мүдделерді білдіру, жеке тұлға мен
мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеу, соңғысының құдіреттілігін
шектеу сияқты өзіндік функцияларға ие болатын, адамдарды ерікті байланыс
негізінде қауымдастыққа біріктіретін әлеуметтік қатынастың ерекше саласы
деп жазады [28, 154-155 ].
К.С. Гаджиев азаматтық қоғамды әлеуметтік мәдени, рухани салаларды
қамтамасыз ету, оларды ұдайы өндіру және атадан балаға қалдыру жүйесі, жеке
институттар мен ұжымдардың өзін-өзі жүзеге асыруын, жеке мүдделер мен
қажеттіліктерді жекеше немесе ұжымдық болуына қарамастан, қамтамасыз етуге
бағытталған өзіндік және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттар мен
қатынастардың жүйесі ретінде қарастырады [29, 30].
Әлеуметтік кемелділіктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізген соң,
азаматтық қоғам мемлекеттің өз үстінен өктем шартын болдырмау, онымен
белгілі бір тепе теңдікті орнату, үйлесімді қарым қатынас пен өзара
әрекеттесу жағдайына түседі. М.Т. Баймахановтың пікірінше: Азаматтық
қоғамның одан әрі жетілуі шамасына қарай онда мемлекеттің, әлеуметтің
және жеке тұлғалардың байланысы жаңа деңгейге көтеріледі, бірінің
екіншісінің үстінен басымдығы жоққа шығарылады. Қоғамдағы пайда болатын
жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер заңды тәсілдермен,
төңкеріссіз, күш қолданусыз және қарсылықты басусыз шешіледі [30, 331].
Ал көрнекті ғалым И.И.Кальной былай деп жазды: Азаматтық қоғам,
мемлекет институттары қоғамдық қатынастардың реттеушісі функциясын оңтайлы
атқаруға шамасы келмейтіндей жағдайда ғана, атап айтқанда: азаматтық
келісімге келушілік және дүниетанымдық көптүрлілік алғышарттары пісіп
жетілген; өзіндік мәртебеге ие және мемлекет институттарымен тепе-тең
сұхбаттасуға қабілетті, мемлекеттің саяси өктемдік жүргізуіне қарсы тұра
алатын қабілетке ие, оған қарсылас бола алатын; оның монополияға
ұмтылысын, қоғамды дамытуды қамтамасыз ету жүйесінен өзін-өзі қамтамасыз
ету жүйесіне айналуын тежеп тұра алатындай қоғамдық институттардың
жиынтығы қалыптасатын кезде ғана пайда болады [31, 30].
Азаматтық қоғамды 2006-2011 жылдарда дамыту тұжырымдамасында мынадай
анықтама беріледі, . . . өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды
мүдделерін қорғау, материалдық және рухани қажеттіліктердің кең ауқымын
шешу, мемлекеттік басқару, мемлекеттік шешімдерді қабылдау жүйесіне
азаматтық қатысуды қамтамасыз ету мақсатында халыққа өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайлары қамтамасыз етілген қоғам. Мұндай қоғамда басты
әрекет етуші тұлға және қоғамдық процесстердің субъектісі ретінде өзінің
барлық қажеттіліктері, мүдделері және құндылықтары жүйесін қамтамасыз етуші
адам болып табылады. [2].
Азаматтық қоғамның сапалы сипаттамасы мынадай белгілерден көрінеді:
а) экономикалық жүйенің әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика,
нарықтық шаруашылық негізінде қалыптасуы, мұнда экономикалық қызметтің,
кәсіпкерліктің, еңбектің еріктілігі, меншіктің барлық нысандарының теңдігі
мен әртүрлілігі және олардың теңдей қорғалуы, қоғамдық пайда мен әділ
бәсекелестік қамтамасыз етілген;
ә) азаматтардың әртүрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз
ету, жеке тұлғаның шығармашылық және өзге де қабілеттерінің байқалуына
ықпал етуші жағдайды жасау;
б) қоғам өмірінің барлық сфераларын демократияландыру, нағыз бостандық пен
демократияны қалыптастыру, адамның құқықтары мен бостандықтарының іс
жүзінде басымдығын мойындау;
в) жергілікті өзін-өзі басқарудың дамыған жүйесі;
г) көппартиялылық.
Азаматтық қоғам тақырыбы қазіргі кездегі саяси ойдың басым жағдайдағы
бағыттары - батыстық және еуразиялық бағыттар арасындағы туындаған қызу
пікіртартыстардың пәніне айналып отыр. Бұл пікірталас ресейлік басшылардың
конституциялық тәжірибесіне де, сонымен қатар, мемлекеттік қызметіне де
біршама ықпалын тигізеді [32, 14].
Аталған ағымдардың біріншісі өз тамырын жүз жыл бұрынғы батыстық
тұжырымдамаға жаятын модернистік-гегемонистік парадигмаға сүйенеді.
Батыстық тұжырымның ерекше белгісі еуразиялық модернизациямен белгілі бір
нысанға байланысты қандай да бір әмбебап мақсат бағытында жаһандық тарихи
даму процесі туралы барынша бұлыңғыр түсінік болып табылады. Барлық
батысшылардың пікірінше, ТМД елдерінің, соның ішінде Ресей, Қазақстан және
басқалардың алдында тұрған басты міндет Батысты қуып жету. Қазіргі
заманғы батысшылар Батыста басым жағдайда тұрған саяси және экономикалық
модернизациялау теориясының алдыңғы нұсқасының жақтаушылары болып табылады,
олар бір жағынан тұтынудың индустриалды урбанизацияланған қоғамын құруды,
ал екінші жағынан конституциялық демократиялық мемлекетті құруды көздейді.
Автордың пікірінше, азаматтық қоғамда кем дегенде мынадай екі ұшқарылық
болмауы тиіс: мемлекеттік органдар түріндегі мемлекеттің басымдығы және
хаос (анархия); құқыққа қатысты нигилизм, қоғамдық істерді басқарудағы
сәйкессіздік. Азаматтық қоғамда мұндай теңдікті (теңгерімді) қалыптастыру
оның өмір сүруінің және одан әрі жетілдірілуінің негізгі шарттарының бірі
болып табылады.
Осыған байланысты З.М. Черниловскийдің көзқарасы назар аударуға
тұрарлық, оның пікірінше: біріншіден, азаматтық қоғам мемлекетке дейін және
мемлекеттен тыс өмір сүрмейді; екіншіден, өз шеңберінде азаматтық қоғам
өмір сүретін мемлекет, оны тиісінше азаматтардың әл ауқатына қатысты және
егер ол заңға қайшы келмесе, олардың ерекше мақсаттарына қатысты қорғауды
жүзеге асырады; үшіншіден, азаматтық қоғам мемлекеттен өз мүшелерінің
өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін қорғауды талап етуге құқылы;
төртіншіден, мемлекетке байлық пен кедейлік арасындағы қарама қайшылықты
жеңілдете алатын әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру міндеті
жүктеледі; бесіншіден, мемлекетпен, оның сыртқы саясатымен және қорғаныс
күші арқылы бұл қауымдастықтың өзінің өмір сүруі, оның басқалармен
материалдық жағынан да рухани жағынан да материалдық және рухани
жақындасуы қамтамасыз етілуі тиіс [33.150].
Посткеңестік кезеңде батыстықпен қатар неғұрлым жаңартылған нысанда
еуразиялық теориялар да қайта жаңғырады. Батыстықтардан ерекшелігі
еуразиялықтар өз алдына қандай да бір әмбебап құндылықтарды жүзеге асыруды
міндеп етіп қоймайды. Еуразиялықты жақтаушылар әрқилы өркениеттердің
үйлесімсіздігі идеясын қолдайды және мәдениеттердің әртараптандырылуы
үстем болатын өмірді қолдайды. Қазіргі кездегі түпмәтінінде бұл Батыстың
бүкіл әлемдегі үстемдігі мен басымдық ықпалына тойтарыс беру дегенді
білдіреді. Мысалы, олардың пікірінше, Ресейдің миссиясы, тотальды
вестернизацияға қарсы тұру және мәдениеттердің әртараптандырылуының кепілі
болу.
Еуразиялық және ұлттық теорияларға келетін болсақ, мұнда азаматтық
қоғам идеясы мүлдем жоқ, немесе ол үйлесімді саяси ұлт түсінігімен
ұқсастырылады. Бұл екі ағым арасындағы көптеген айырмашылықтарға қарамастан
мұнда саяси ойда автономды азаматтық қоғам мен оның өзіндік құндылықтарына
емес, ал күшті мемлекетке бірдей басты назарын аударады. Және, әзірше,
азаматтық қоғам да, мемлекет те толық ынтымақтастыққа дайын емес деп атап
көрсетілді. [32, 21].
Шетелдік авторлардың пікірінше, Батыста азаматтық қоғам, өткен заманда
болды. Модернизациялаудың индустрияландыру кезеңінде ол жалпы қоғамға
орнын берді, мұнда адамдар арасындағы байланыс формальды, жекесіз болды, ал
адам құқығы мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Сондықтан азаматтық қоғам
идеалы бүгінгі күні Үшінші әлем елдерінде немесе азаматтық қоғам енді
қалыптасып жатқан бұрынғы коммунистік мемлекеттерде неғұрлым өзекті [34, 23-
28].
Р. Дарендорфтың көзқарасы бойынша, постиндустриалды сатыға, ғылыми-
техникалық төңкерістің жаңа айналымына тән жаһандану процесі батыстың
азаматтық қоғамына үлкен қауіп төндіріп тұр.
Жаңа ақпараттық технологиялардың таралуы және әлемдік нарықтағы
бәсекелестіктің күшеюі өндірістен жалдамалы еңбектің басым шектелімін
(адам құрамын) шығаруына, әлеуметтік теңсіздіктің өсуіне, сонымен қатар,
бұл теңсіздіктерге тойтарыс беретін ұлттық қоғамдық организмдердің
әлсіреуіне әкеп соғады [35,11].
Кейбір отандық ғалымдар азаматтық қоғамды теориялық тұжырымдаманың
түсінігі не пәні деп қарастыру идеясынан бас тартты және посткоммунистік
Қазақстан жағдайында жеке саланың дамуын анықтайтын жергілікті
құрылымдарға, олардың құрылуына және қандай болуына қарамастан мемлекеттік
билік институттарымен өзара әрекеттесуіне назар аударуда.
Осылайша, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-
2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында мынадай анықтама берілді:
Азаматтық қоғам - өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін
қорғау, материалдық және рухани қажеттіліктердің кең ауқымын шешу,
мемлекеттік басқару, мемлекеттік шешімдерді қабылдау жүйесіне азаматтық
қатысуды қамтамасыз ету мақсатында халыққа өзін өзі ұйымдастыруы үшін
жағдайларды қамтамасыз ететін қоғам. Азаматтық қоғам онда болып жатқан
үдерістер мен қатынастардың басты әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі
ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесін
қамтамасыз ететін адам болып табылатын қоғам. Мұндай қоғамда басты әрекет
етуші тұлға және қоғамдық процесстердің субъектісі ретінде өзінің барлық
қажеттіліктері, мүдделері және құндылықтарының барлық жүйесіне адам
қатысады [2].
Азаматтық қоғам – бұл құқықтық, демократиялық қоғам, мұнда адам және
азаматтың табиғи және қабылданған құқықтары мойындалады, қамтамасыз етіледі
және қорғалады. Азаматтық қоғамның биліктің әділдігі мен ақылға
қонымдылығы туралы, жеке тұлғаның бостандығы мен ырыс-берекесі туралы
идеяларына құқықтың басымдығы, құқық пен заңның бірлігі, мемлекеттік
биліктің әрқилы тармақтарының қызметін құқықтық шектеу идеялары сәйкес
келеді. Азаматтық қоғам құқықтық жолға мемлекетпен бірге дамиды. Құқықтық
мемлекетті азаматтық қоғамның дамуының нәтижесі және оның одан әрі
жетілдірілуінің шарты деп есептеуге болады.
Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамға қарама-қарсы тұрмайды, керісінше,
оның қалыпты жағдайда дамуы мен қызмет етуіне неғұрлым қолайлы жағдайларды
туғызады. Мұндай өзара әрекеттесу барысында пайда болған қарама
қайшылықтарды құқықтық өркениеттілік жолмен шешу кепілі, әлеуметтік
апаттарды жою кепілі, қоғам дамуының күштеу мен зорлаусыз дамуының кепілі
байқалады. Азаматтық қоғам – бұл құқықтық дәстүрлер мен заңдарға, жалпы
ізгілік мұраттарына құрмет атмосферасын қалыптастыратын, шығармашылық және
кәсіпкерлік қызмет бостандығын қамтамасыз ететін, адам және азаматтың
құқықтарын жүзеге асыру мен ырыс-берекеге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын,
мемлекеттің қызметін бақылау мен оны шектеу механизмін өңдейтін нақты
адамға бейімделген ерікті, демократиялық, құқықтық қоғам.
Осылайша, азаматтық қоғамның мақсаты мен міндеті халықтың барлық
әлеуметтік таптарының әл-ауқатын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру
(әлеуметтік экономикалық) деңгейін көтеруге ықпал етуші жағдайды жасау,
жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашуға және жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін қоғамдық қатынастардың әрқилы сфераларында олардың барлық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдайды жасау деп атап көрсетуге болады.

Азаматтық қоғам – бұл қоғамның бір бөлігі, оның өзегі немесе жүрегі
және оның қызмет етуінің салалары, мұнда жеке тұлға мен ерікті және тең
құқылы азаматтардың ұйымы мемлекеттік саяси биліктің тікелей қол
сұғушылығынан құқықпен қорғалады. Ол азаматтарды біріктіретін, өзара
байланыстар мен қатынастардың өзін-өзі реттеуші тұтас жүйесін білдіреді, ал
сонымен қатар, конституциялық құрылым қағидаттарына негізделген және соған
сәйкес қызмет ететін материалдық және мемлекеттік емес сипаттағы
материалдандырылған құрылымдарды білдіреді. Олардың қатарына: отбасы,
коммерциялық оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелері, діни
конфессиялардың барлық түрлері, саяси партиялар, қозғалыстар,
ассоциациялар, одақтар, қорлар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық
кәсіпорындар, банктер, акционерлік қоғамдар, еңбек ұжымдары, фермерлік
(шаруа) қожалықтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, құқық қорғау
қозғалыстары, ортақ мүдделері бойынша клубтар және азаматтардың өзге де
бірлестіктері, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) жатады.
Азаматтық қоғам іштей қарама-қайшылықтарға толы, өйткені ол көбінше
әрқилы қарама-қайшы мүдделер мен мақсаттарға ие болатын мемлекеттік емес
институттардан құралады, ал оларсыз ол дами алмайды.
Азаматтық қоғамның құрылымы және оның институттары арасындағы қарама-
қайшылықтардың сипаты өлшемі бойынша азаматтық қоғамды түсінудің екі мәндік
кеңістігін (ареалын) атап көрсетуге болады: а) мінсіз (идеалды) азаматтық
қоғам және ә) нақты (реалды).
Идеалды азаматтық қоғам теориялық құрылым ретінде реалды азаматтық
қоғамға қарағанда неғұрлым қарама-қайшылықсыз. Оның негізгі сипаттамасына
мыналар жатады: дамыған өзін-өзі басқару жүйесі, жеке (коммерциялық) оқу
білім беру орындары мен медициналық мекемелер, мемлекеттің экономика
саласына неғұрлым аз араласуы, көппартиялылық, отбасының қолдауы, орта
таптың болуы, діни конфессиялардың салыстырмалы түрде бейбіт қатар өмір
сүруі, сондай-ақ барлық түрдегі рухани мәдениеттердің және тұтас алғанда
қоғамдық сананың жоғарғы деңгейі. Басқаша айтқанда, қоғамдық қатынастардың
барлық түрлерінің неғұрлым толысқандығы.
Идеалды азаматтық қоғамға адам және азаматтың құқықтары, бостандықтарын
және заңды мүдделері көлемінің кеңею үрдісін, олардың нақтылығының жоғары
деңгейін қамтамасыз ету тән. Идеалды азаматтық қоғам жағдайында халықтың
неғұрлым жоғары (жеткілікті) өмір деңгейі, әлеуметтік қамтамасыз етудің
дамыған жүйесі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) салыстырмалы
түрде тәуелсіздігі қалыптасады. Идеалды азаматтық қоғамның институттары
оның ішіндегі азаматтардың және олардың бірлестіктерінің жағымсыз
үрдістеріне, бастамаларына белсенді түрде қарсы тұра алады.
Қоғамдық сананың және кәсіби құқықтық сананың мазмұнында, сондай-ақ заң
әдебиеттерінде азаматтық қоғам туралы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке
ұқсас идеалды санат ретінде түсінік қалыптасқандықтан, оның құрылымына
қылмыстық қауымдастықтар, дәстүрден тыс діни конфессиялар (ваххабизм,
Талибан қозғалысы, неофашистік қозғалыстар және т.б. сияқты) кірмейді.
Реалды азаматтық қоғам - іштей қарама-қайшылықтарға және дау-
жанжалға толы. Реалды азаматтық қоғамның өзіндік сипаттамасына мыналар
жатады: жергілікті өзін-өзі басқарудың, жеке (коммерциялық) білім беру және
денсаулық сақтаудың, құқық қорғау қозғалыстарының туындап келе жатқан
институттарының болуы, өткір әлеуметтік қарама-қайшылықтардың (ұлтаралық
және конфессияаралық жанжалдардың) болуы, орта таптың жеткілікті дамымауы
және т.б. Ол идеалды азаматтық қоғамға тән барлық институттарда қамтиды,
бірақ олардың оң сипаты, деңгейі неғұрлым төмен болады. Оның құрылымына
көрінеу әлеуметтікке қарсы құрылымдар да кіруі мүмкін: қылмыстық
қауымдастықтар, дәстүрден тыс діни конфессиялар және іс-әрекеті
конституциялық құрылыс қағидаларына қарама-қайшы келетін қоғамдық
бірлестіктер.
Бұл жерде реалды азаматтық қоғам сияқты, идеалды азаматтық қоғам үшін
де қолданылатын даму деңгейін анықтап алу қажет: бастапқы, ортаңғы және
жоғарғы. Азаматтық қоғам дамуының жоғарғы деңгейі мемлекетті өзіне
бағындыруды және барлық тармақтағы және барлық билік деңгейіндегі
мемлекеттік органдарды өз мүддесіне қызмет етуге қоюды болжайды.
Осылайша, азаматтық қоғам жүйе ретінде қоғамның саяси ұйымының
мемлекеттен басқа барлық элементтерін, сонымен қатар әлеуметтік нормалардың
барлық түрін, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) идеологиялық
негізін қамтитын азаматтық қоғамның ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің
нормативтік негізін қамтиды.
Азаматтық қоғамның мәні қалай болғанда да ұйымдасқан халықтың еркін
білдіруі және оның мүдделеріне қызмет етуі болып табылады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институтының қалыптасуы үшін
белгілі бір алғышарттар қажет: идеологиялық, саяси, әлеуметтік
экономикалық, рухани-мәдени, ізгілік және жоғарыда аталған басқа да
шарттар.
Бұл процеске сыртқы факторлар да (халықаралық құқық және дүниежүзілік
қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық прогресстер) әсерін тигізеді.
Халықаралық интеграция, халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары жеке
тәуелсіз аумақтар, ұлттар мен халықтар шеңберінде азаматтық қоғамның
қалыптасуына ықпал етеді. Бұл фактор әртүрлі құқықтық жүйелерді, ұлттар
мен халықтарды бірыңғайландыруға мүмкіндік береді, олардың бір біріне
сенімін арттырады, жаһандық проблемаларды шешуді жеңілдетеді.
Қазақстанда демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет
құрылмағанша, азаматтық қоғам да қалыптасуы мүмкін емес. Қазақстан
жағдайында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесі бір
кезеңде (қатар) жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Азаматтық қоғамның құрылымы
Пәндер