Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар5
1. 1 Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтар5
1. 2 Қазақстан аумағын физикалық - географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу12
2 Қостанай облысын зертеуші ғалымдар және олардың зерттеулерінің маңызы22
2. 1 Қостанай аймағын географиялық тұрғыдан зерттеушілер және олардың еңбектері23
2. 2 Қостанай облысының кен орындарының зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар29
2. 3 Қазақтың тұңғыш геологы Қ. И. Сәтбаевтың Қостанай өңірін зерттеуге қосқан үлесі38
ҚОРЫТЫНДЫ51
Пайдаланған әдебиеттер тізімі53
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі : Қазақстан жері қаншалық ұлан-байтақ кең жазира болса, оның қойнауындағы табиғат байлықтары да соншалық мол әрі алуан түрлі. Қазақстан аймағының табиғат байлықтары және оның физикалық-географиялық жағдайларының сан қилылығы саяхатшылар мен ғалымдардың назарын ерте кезден-ақ өзіне аударған. Қазақстан жерінде болған ғалым, саяхатшылардың қол жазбаларында ерте кездегі табиғат жағдайларына сипаттама берілген. Сол бір деректі мол материалдардан бір кездегі табиғат көріністерінің қандай өзгеріске ұшырағанын анықтауға болады. Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып білудің ұзақ тарихы бар. Алғашқы деректер араб, парсы, грек ғалымдарының еңбектерінде байқалса, Қазақстанның Ресейге қосылуынан бастап орыс ғалымдары қазақ жерін зерттеуге белсене кірісті.
Орыс география қоғамы Қазақстанның жекелеген аудандарында арнайы зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізді. Сөйтіп Қазақстанды зерттеп-білу тарихында жаңа кезең басталды. Бұл зерттеулердің негізгі мақсаты халықтың әл ауқатын ұдайы жақсартуға және халық шаруашылығының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыруға бағытталған. Мұның өзі жаңа шикізат көздерін ұдайы іздеп табуды талап етіп қана қоймай, сонымен бірге бұрыннан белгілі табиғат ресурстары мен географиялық ортаны тұтастай тиімді пайдалануды көздейді. Кеңестік дәуірде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алынған материалдар республиканың мүмкіндіктері туралы бұрыннан қалыптасқан ұғымды түбірімен өзгертті. Сөйтіп Қазақстан табиғат байлықтарын игеруге байланысты көптеген мәселелерді жаңа қырынан тұжырымдап қарастыруға жағдай туғызды.
Бұл зерттеу жұмысында Қазақстан табиғатының зерттелу тарихын саралай келе, Қостанай аймағының зерттелуіне кеңірек тоқталатын боламыз. Қостанай облысын зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау облыстың табиғат ресурстарының байлығын танып-білуінің кезеңдері мен дәуірлерін айқындауға, бұрынғы зерттеулердің физикалық-географиялық ұғымға қосқан үлесін тануға, облыс территориясына байланысты туған ғылыми идеялар мен тұжырымдарды анықтауға көмектесетіні даусыз.
Зерттеудің өзектілігі де сол Қостанай аймағын зерттеудің тарихы мен географиялық идеялардың туу, қалыптасу жолын кеңірек түсіндіруді көздейді. Облыстың табиғат ерекшеліктері, табиғатты танудың тарихы мен географиялық ой пікірінің туып қалыптасуы мәселелерін ашуға бағытталады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қостанай облысының табиғатының зерттелу кезеңдерін және этаптарының маңызын анықтау, табиғат ландшафтыларының қазіргі экологиялық жағдайын анықтау, табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану шараларын жүргізу. Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтарды саралау;
- Қазақстан территориясының зерттелу тарихына географиялық тұрғыдан сипаттама беру;
- Қостанай аймағын географиялық тұрғыдан зерттеушілер және олардың еңбектерінің маңыздылығын көрсету;
- Қазақтың тұңғыш геологы Қ. И. Сәтбаевтың Қостанай өңірін зерттеудегі рөлін қарастыру.
Ғылыми жұмыстың объектісі: Қостанай облысын зерттеуші ғалымдар.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, 5 бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Ғылыми жұмыстың теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: Бейсенова Ә. С., Черныш П. М., Тихонович Н. Н. т. б. Жұмыстың негізі ретінде география ғылымдарының доценті, профессор Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың «Қазақстан табиғатының зерттелуі», «Комплексные физико-географические исследования территории Казахстана», «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» атты еңбектері және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларды қолдандық. Сонымен қатар, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының материалдарына сүйендік.
Ғылыми жұмыстың әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау, тарихи.
1 Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
1. 1 Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтар
Қазақстанның аумағы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің тамыры ерте замандардың терең түкпірінде жатыр. Физикалық-географиялық білімге талпыну ең әуелгі кезеңде адамның материалдық-практикалық қызметімен, оның Қазақстанның табиғаты мен территориясы жөніндегі көмескі де дүдамал ұғыммен тығыз байланысты болған. Ондай әрекеттер адамның басына нақтылы жағдайға орай, немесе аңыз, қиял, діни сенімдерге негізделіп жасалған.
Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т. б. ) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған.
Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың 40 жылдарының аяғында 30 жылдарының басында жазылған Геродоттың «тарихы» ежелгі қолжазбалардың ішіндегі аса құндыларының бірі саналады. Онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын баяндаумен қоса, Ойкүменді мекендеген тайпалар және олар жайлаған аймақтар туралы мағлұматтар келтірді. Каспий теңізінің алып жатқан орнын оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық су екенін, негізінен алғанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла біткен жалпы пішінін Геродот бірінші болып анықтайды. Тарихтан мынадай дерек оқимыз: «Каспий басқаларға ұқсайтын ерекше теңіз, оның ұзндығы 15 күндік жол, ал енінің ең жалпақ жеріне небәрі 8 күнде жетуге болады». Каспий теңізінің шығыс жағы «қараса көз жетпейтін ұланбайтақ жазық дала», ал Орал өзенінен әрі қарай «ойлы-қырлы тастақты жерлер, одан өтсең адам өтпес «заңғар» таулар бар. Шамасы «тастақты жерлер» - Жалпы Сырт, ал «заңғар» таулар - Орал тауы болса керек.
Геродот заңғар таулардың бөктерінде (сірә, Орал тауының оңтүстік шығыс беткейі) агриппей тайпалары мекендейтінін, одан әрі «алуан түрлі ну ормандар өскен» жерлерде (Қазақстанның оңтүстік - батысы) будин тайпалары тұратынынын атап көрсетті.
Сөйтіп, ежелгі көшпенділер дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тұрағын сипаттай отырып, Геродот Каспий теңізі мен оның төңірегендегі аймақтар туралы тұңғыш географиялық дерекетер қалдырған. Массагеттер қоныстанған аймақты - Каспий теңізінің шығыс жағындағы Аракс (Әмудария) өзенінен әрі шығысқа қарай созылып жатқан қазақ жерін Геродот бәрінен де жақсы білген. Ол: «Массагеттер егін екпейді, мал ұстайды, Аракс өзенінен ауланатын көп балықпен, етпен, сүтпен қоректенеді»-деп жазған.
Геродот Акес өзені басын алатын төңіректі де сипаттап жазады. «Азияда айналасын тау жотасы қоршаған жазық алқаптан Акес атты үлкен өзен ағып шығады. Бұл сипаттама Ферғана алқабына дәл келеді. Өзен басын оны жағалай қоршаған тау басынан алады.
Геродот Акес өзенінде жергілікті халықтары өсірген сол сияқты күрделі суландыру жүйесі болғанын атап көрсетеді.
Осы деректердің бәрі «Геродот салған жер пішіні» атты картада көрсетілген. Жоғарыда аты аталған жер-су атауларымен қоса Геродот картасында Сыр (Еділ), Лик (Жайық) және Сергис (Жем) өзендері бейнеленген. Олардың пішіндері мен атауларында көптеген дәлсіздіктер кездеседі.
Географиялық зерттеулер жүргізгенде Страбон тарихи әдісті қолданып, оны кең көлемді талдаумен ұтқыр ұштастырады, әрі осы тәсілге зор маңыз береді. Страбон материкті (елді) бірнеше бөлікке бөлу әдісін ұсынды. Оның бұл қағидасы қазіргі «аудандастыру» деп аталған ұғымға жақын келеді.
Страбонның Геродоттан ерекшелігі сол, ол Каспий теңізін басқа сулармен жалғаспайтын тұйық бассейн емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп есептеген. Страбон құрлықты өзін қоршаған теңізбен немесе мұхитпен ұласып жатқан арал ретінде түсінеді. Ал мұхитты ол континентке қолтықтасып кіріп жатқан төрт үлкен шығанақ деп санады. Гиркан (Каспий) теңізін солтүстік шығанаққа жатқызды.
Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп есептелген. Каспий мен Арал теңіздерін жалғастыратын тармақ бар деген тұспал содан шыққан. Сөйтіп Арал ол уақытта Каспийдің «Скиф шығанағы» деп аталған.
«Ежелгі замандағы авторлардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің Скиф шығанағы шығысқа қарай ұзыннан - ұзақ созылып, Арал теңізінің төңірегін түгелімен қамтыған. Көне әдебиетте Скиф шығанағымен қатар «Оксий қопасы» да жиі сөз болады. Ал бұл Арал теңізінің өзі» - деп жазды белгілі кеңес тарихшысы әрі археологы С. П. Толстов.
Сырдария мен Әмудария жөнінде Страбон ұғымы дұрыс еді. Орта Азияның өзендерін сипаттай келіп, ол: «Яксарт басынан аяғына дейін Окстан мүлде басқа өзен, ал онымен бір теңізге барып құяды», - деп жазды. Демек, Арал теңізі туралы дұрыс ұғым дүниеге келді. Сырдария мен Әмударияның екі бөлек өзен екенін айта отырып Страбон олар Каспий теңізінің Скиф шығанағына құяды деп есептеді.
Птоломейдің «География бойынша нұсқауында» жер туралы қолда бар географиялық деректердің бәрі жинақталып, жүйеге келтірілген. Бұл нұсқау өз заманының энциклопедиясы іспетті болған. Птоломей өз еңбектерінде ежелгі дүниені танып білуді дамытып қана қоймай, сонымен бірге европалықтардың қазақ жері туралы географиялық ұғымның деңгейін сан ғасыр бұрын бір арнаға түсіріп, айқындап берді: біз үшін бесінші кітаптың 8-ші тарауы мен Птоломей салған Азия картасы өте көңіл аударарлық. Мұнда Скиф де Имуас» территориясы бейнеленген. Карта градустарға бөлініп, тік конус түрінде жасалған. Онда Қазақстан шамамен солтүстік ендіктің 49-60° аралығында орналасқан. Мұның өзі солтүстік ендіктің 41°мен 55°30` көрсететін осы заманғы картадағыға деңгейлес келеді. Ендік бойынша Қазақстан территориясы 3°30` сыйғызып, Птоломей картасында 11°-қа теңелді, ал осы заманғы картада -14°30`. Скифияның оңтүстік шекарасын Птоломей Яксарт (Сырдария) өзенінің бойымен, оңтүстік- батыс жағын Оксит тауларының ( Үстірт қыраты) етегін және Окс (Әмудария) өзенінің жоғары сағасы солтүстік ендіктің 43° тұспа -тұс тұр, ал бұл осы күнгі Әмударияның жоғары сағасына сәйкес келеді.
Птоломей картасында бойлық бойынша Скифия шығыс бойлықтың 88° пен 140° аралығында алып жатыр, ал осы күнгі картада Қазақстан шығыс бойлықтың 49-87° аралығында орналасқан. Сондықтан Птоломей картасында табиғатты бейнелеуде бойлық бойынша көп алшақтық бар. Ал шығысқа қарай бойлаған сайын мұндай алшақтық тіпті молая түседі. Мысалы, Ра (Еділ) өзенінің жоғары сағасы шығысқа қарай 25° ауысып кеткен.
Птоломей «Скифия» шекарасын батыста Азия Сарматиясымен, солтүстікте - «беймәлім жермен», шығыста - Имаус тауымен, солтүстік пен оңтүстік шығыста - сақтар, согдийрлер және маргиана мекендеген аймақтармен, оңтүстікке - Гиркан теңізінің Ра өзеніне дейін созылып жатқан бөлігімен жүргізеді.
Птоломейдің картасы бойынша Гиркан (Каспий) теңізі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Шығыс жағында оған орта Азияның барлық негізгі өзендері - Яксарт пен Окс келіп құяды. Демек, Птоломей де Амудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деп тұспалдаған өзінен бұрынғы зерттеушілердің теріс пікірін қостаған. Геродоттың дұрыс ұғымын жоққа шығарып, ол теңіздің көпшілік бөлігі батыстан шығысқа қарай созылып жатыр деп есептеген. Бұл қате түсінік, тек Бірінші Петр уақытында ғана жөнге келтіріледі.
Птоломей екінші жағынан Каспий теңізін Солтүстік мұхиттың шығанағы емес, тұйық бассейні ретінде бейнеленеді. Сөйтіп ол Геродоттың дұрыс пікірін қуаттайды.
Птоломей Оксиан (Арал) теңізін картаға түсіріп, оған Согдий тауларынан ағып шыққан өзендер келіп құятынын көрсетті.
Птоломей картасында Ра, Дайкс, Риммис өзендері және т. б. бейнеленген. Риммис өзені Гиркан теңізіне құяды, оның жоғарғы сағасы солтүстік ендіктің 48°30` орналасқан. Риммисті қазіргі Жайық өзені деп қарауға болады, өйткені осы күнгі картада ол солтүстік ендіктің 1°30` тұсында көрсетілген. Теңіздің солтүстік- батыс бөлігіне Дайкс (Жайық) өзені құяды оның жоғарғы сағасы Жем өзенінің жоғары сағасынан солтүстікке қарай 1°-қа орналасқан.
Птоломей шығармаларында жаңсақ пайымдаулар орын алғанымен, дүниежүзілік географияны одан кейінгі дәуірлерде зерттеуде оның еңбектері мен карталарының зор маңызы болды. Немістің ұлы ғұлама географы А. Гумбольдт: «Птоломей географиясы бізге күллі ежелгі дүниені сызып бейнелеу арқылы бар болмысымен елестетіп қана қоймай, сонымен бірге сан жағынан да, бойлықтар мен ендіктері жайлы және күннің ұзақтығы деп аталатын анықтамаларды да санамызға сіңірді» - деп әділ жазды.
Сөйтіп Орта Азия туралы қалам тербеген ежелгі заман авторлардың еңбектерінде қазақ жері шала -шарпы, тек Каспий, ішінара Арал теңіздері мен Сырдария өзенінің ауқымыда ғана бейнеленді. Бұл аймақтың солтүстігіндегі Қазақстан территориясы ол кезде тіпті белгісіз болған. Сондықтан көне авторлар оны көбінесе «беймәлім жер» деп атаған. Скифия территориясын сипаттай келіп, Птоломей: «Скифия батысында Имай тауының арғы бетінде - ар жақтағы Скифиямен және сол таудың бөктеріне дейін оны бойлай - сақтармен, солтүстіктегінде беймәлім жермен шектеседі»- деп жазған.
Дегенмен, ертедегі грек және рим ғалымдарының орта Азия мен Қазақстан туралы деректері жүйесіз, кездейсоқ, бір - біріне қарама қайшы сипатта болды.
Әл - Бируни (ХІ ғасыр) - шығыстың аса ірі ойшылы әрі ғұламасы. Хорезмде туған ол араб ғылымының дәстүрінде тәрбиеленген. Әл -Бируни тек географ қана емес, сонымен бірге ол өз заманындағы ғалым атаулыны, ең алдымен жаратылыстану салаларын жетік меңгерген, жан -жақты білімді зор парасат иесі болған. Оның географиялық көзқарастары «Таксим ал -аким» («Климаттардың бөлінуі»), «Ал-Асар ал - бакийа ал ал-Курун ал Халийа» («Бұрынғы ұрпақтардан қалған іздер: - қысқаша «хронология»»), «Тахдид них ай -ат ал-амакин ли тасхих масават ал-маскакин» («Елді мекендердің қыпшақтарын тексеру үшін жердің ақтық шекарасын анықтау») және басқа шығрмаларында келтірілген.
Аталмыш еңбектерінде Қазақстан жеріндегі кейбір табиғи атаулар туралы баяндалды, мәселен, Каспий теңізінің шекараларын әл - Бируни былайша суреттейді: «Табаристанның маңында Джуджан аймағының теңізі бар. Онда Абаскүн шаһары тұр. Теңіз осы шаһар арқылы белгілі. Сосын теңіз Табаристанға, Дейлем жеріне, Ширбанға, Баб ал-Абвабқа (Дербендке), алаңға, одан әрі Итиль өзенінің құйылысында хазарға, сосын Абсакүнге қайтып жеткенше гуздар аймағына қарай созылады. Теңіз өзімен шекаралас жерлердің атымен аталады. Алайда бізге Хазар, ал ежелгі халықтарда Джурджан есімімен машһүр. Өйткені Птолемей оны «Иркания» деп атаған. Ол басқа теңізбен қосылмайды». Осыдан кейін: жердің әр тұсында жиналған басқа сулардың бәрі, - деп жазды әл - Бируни, - қопалар мен ойпаттар, баяғы уақытта олар Афамин, Табария (Тивериада), Шам (Сирия) жеріндегі Зугар (Өлі теңіз) немесе Хорезм көлі Арал теңізі немесе Барсхан түбіндегі Абаскүн (Ыстықкөл) секілді көлдер аталады.
Егер теңіздер мен көлдердің ежелгі заманда грек оқымыстылары берген анықтамаларын еске алатын болсақ, онда олардың әл -Бирунидің сипаттамасымен салыстырғанда түбірлі айырмашылығы бар екенін байқауға болады. Негізінде әл - Бируни грек ғылымына сүйенгенімен екінші жағынан ол араб географтары тапқан жаңа деректерді тұжырымдауға ұмтылады. Сондықтан әл - Бируни еңбектерінде Каспий және Арал теңіздері мен олардың төңірегіндегі аудандардың неғұрлым толық әрі дұрыс сипаттамасы берілген. Ғалымның Амудария өзенінің ескі арнасы туралы көзқарастары өте маңызды, әрі ерекше ден қоярлық. Бұл пікір бойынша өзеннің бір тармағы Каспий теңізіне құйған деп есептеледі.
Әл - Бируни тайпалардың оғыз одағы туралы маңызды мағлұматтар келтіреді. Кашгар - печенг, сол сияқты Сырдария, Арал төңірегі мен Солтүстік Каспий алқаптарды мекендеген далалық тайпалардың бірсыпырасы оғыз одағының құрамына кірген. Ол тайпалардың арғы тегі үндіеуропалықтардан, сондай-ақ финн-угорлардан шыққан да, бертін келе түріктерге айналған. Әл - Бирунидің дәлелдеуінше, сондай тайпалардың бірі-аландар Арал теңізінен бастап Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі далалық атырапты мекендеген. Ғалым сонымен бірге оғыздардың көшіп -қонған аймағы Хорезм шекарасынан бастап Манкур көліне (Ұлытау бөктерінде) дейінгі жерлер туралы да мәлімдейді.
Әл - Бирунидің картографиялық мұраларының зор маңызы бар. Ол әлем картасының сегіз түрін құрастырған, сондай - ақ тұңғыш глобусты жасаған. Картада Каспий теңізі (Дарен Джурджан) бейнеленген. Қазақстанның өзге территориясы Жинсхон Туркон-түрік халықтары ретінде бейнеленген. ХІХ ғасырда поляк ғалымы И. Делевиль әл-Бирунидің деректері бойынша Орта Азияның картасын жасаған.
Махмұд Қашғаридың (ХІ ғасыр) «Девану лугат ат - турк» (Түрік лексикасының жинағы) атты еңбегі географиялық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Автордың арғы тегі түрік, Қашқарияда туған, бірақ тұрған мекені - Барсхан мен Баласұғын. Орта Азияны көп шарлап саяхат жасаған ол түрік тілдерінің бәрін дерлік жақсы берілген. Аталмыш еңбекте тарихи география жөнінде маңызды мағлұматтар бар. Автор мәлімдеген деректер өте көңіл аударарлық және жаңадан ашылып жатқан археологиялық деректер көбіне олардың дұрыстығын дәлелдеуде.
Махмұд Қашғаридың кітабында толып жатқан мекемелердің, қалалардың, таулардың, көлдер мен өзендердің атаулары ұшырасады. Сол атаулардың көпшілігіне этимологиялық түсінік беріліп олар тарихи әрі географиялық тұрғыдан сипатталады. Мәселен, айталық: «Ертіс Эртыш -Ямак даласымен ағатын өзеннің аты, оның бірнеше тармағы бар. Бұл өзен көлге құяды. Эртыш сөзінің мағынасы - эртишмак сөзінен шыққан, яғни «кім ширақ қимылдайды» деген сөз.
Географиялық тұрғыдан алып қарағанда Махмұд Қашғаридың қолжазба күйінде сақталған «Дөңгелек картасы» өте көңіл аударарлық. Махмұд Қашғари картасының жасалуы өте соны, әрі оқшау да, идеясы батыл: картаның дәл ортасына Мекеннің орнына (әдетте араб географтары солай жасаған) Қашғария мен Жетісу және Баласағұн қаласы алынған.
Бұл картаның мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар: қалалар мен елдердің Ыстықкөл айналасына шоғырлануы, ерекше бағдарлауы (жоғары қарай - шығыс, төменде - батыс) көне түрік жазбаларына ұқсас болуы, қалалардың бестік болып шоғырлануы және т. б.
Қазақстан географиясын қатысты орта ғасырдағы жазба деректер де тым жұтаң әрі олардың ғылыми дәрежесі төмен еді. Қытай, араб және монғол саяхатшыларының географиялық мәліметтері көбіне топографиялық сипатта болып келеді. Олардың дені жер аттарын, қалалардың, елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және басқалардың атауларын тізбелеуден әрі аспайды. Мұның бәрі ел географиясының табиғат ерекшеліктерінен гөрі, қалалар мен олардың тұрған орын дарын көбірек білуді көксеген басқыншылық пиғылынан туған.
Қазақстан территориясын зерттеген сан алуан саяхатшыларда республиканың жер көлемі туралы айқын да нақты түсінік болмады. Шынтуайтқа келгенде орта ғасыр география саласына жаңа идея қоса қойған жоқ. Ол тек болашақ үшін антикалық географтардың кейбір пікірлерін сақтауға ғана жәрдемдеседі. Қазақстанның жер пішіні карталарда өте үстірт бейнеленді.
Ықылым заманнан бастап XVI ғасырға дейінгі қазақ жері туралы шетелдік жазба ескерткіштерде сақталған тырнақалды мағлұматтар қаншалықты мардымсыз да жұтаң болғанымен, олар еліміздің табиғат жағдайлары жайында географиялық білімдерді толықтыруға септігін тигізді және республиканы онан әрі зерттеуге жол ашты. Қазақстан табиғаты туралы жекелеген нақты деректер жалпы географиялық деректер жинап, Қазақстанды зерттеу ісін негізінен орыс ғалымдары мен саяхатшылары қолға алды. [1. 2. 3]
1. 2 Қазақстан аумағын физикалық - географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz