Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы-несие
институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Халықаралық қаржы-несие институттарының құрылу тарихы,
кұрылымы және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6

1.2 Қазіргі жағдайдағы халықаралық қаржы-несие институттарын талдау:
МБРР, МАР, МФК,
ХВҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9

1.3 Еуропалық Қайта қүру және Даму Банкі (ЕБРР) және оның
Қазақстандағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14

II Халықаралық қаржы-несие институттарының Қазақстанмен өзара
қызметіндегі проблемалары мен
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.1 Қазақстанның халықаралық қаржы-несие институттарына қатысу
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.2 Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен
проблемалары ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

Қосымша А

Қосымша Ә

Қосымша Б

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кездегі халықаралық даму
феномендерінің бірі болып-халықаралық қаржы-несие институттары
белсенділігінің артуы және олардың жалпы санының өсуі болып табылады.
Сондықтан бүл диплом жүмысында халықаралық қаржы-несие
институттарының қүрылымын, қүрылу тарихы мен қызметін және олардың
Қазақстанмен қарым-қатынасын қарастыруды қажет деп есептеймін.
Әлемдік экономикада халықаралық қаржы-несие институттары белгілі
және маңызды рөл ойнап келеді.
Біріншіден, олардың қызметі қаржы-несие қатынастарының қызметіне
негізгі
тұрақтылық пен қажетті реттеуші бастаманы енгізуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, олар мемлекеттер арасындағы қаржы-есеп қатынастарын
реттейтін қүрал ретінде қызмет атқарады және бүл қызмет шексіз
нығаюда.
Үшіншіден, халықаралық валюта-қаржы және несие үйымдарының оку,
анализ жасау,ауылшаруашылықтың маңызды проблемалары туралы кеңес
беру және оны дамыту, ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы маңызы
өсуде. .
Халықаралық қаржы-несие институттарына : Халықаралық даму және
қайта қүру банкі, Халықаралық даму ассоциациясы, Халықаралық
Валюталық ҚорДалықаралық қаржы корпорациясы, Еуропалық
инвестициялық банк, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық қайта қүру және даму
банкі, Халықаралық есеп банкі жатады [20,496]. Бул банктер
өздерінің
көптеген ресурстарын халықаралық және үлттық капитал рыноктарында
қалыптастырады. Қалған бөліктері банкке мүше-мемлекеттердің
бюджеттерінен алынады. Негізінен бул үйымдар БҰҰ-ның институттары
болып табылады. БҰҰ жүйесінде жүмыс істейтін Дүниежүзілік банк
тобының 4 иституты: МБРР, МФК, МАР,МАГИ. Бүл институттардың ортақ
мақсаты болып БҰҰ-ның нашар дамыған мүшелеріне қаржылық
консультативтік көмек көрсету, кадрларды дайындау арқылы экономикалық және
элеуметтік дамыту болып табылады. Осы мақсаттар шеңберінде олар эртүрлі
функциялар атқарып, жеке заңды түлға болып табылады.
Қазіргі кездегі халықаралық қаржы-несие институттарының рөлі
өсуде
және Қазақстанның осы үйымдармен қарым қатынасы нығаюда.
Қазақстанның ДС¥-на кіру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Мүнда
республикадағы халықаралық қаржы-несие институттары қызметінің негізгі
бағыттары қарастырылды.
Қазақстанның тәуелсіздігін алуы көптеген елдермен экономикалық
байланыс жасауға мүмкіндік берді, соның нэтижесінде дүниежүзілік
нарыққа
жағдай жасалды. КСРО-ның қүлауымен сыртқы сауда монополиясы да
жойылды. Әрбір мекемелердің, кәсіпорындардың және жеке адамдардың
шетелмен сауда байланысын жүргізу мүмкіндігі пайда болды.
Республикада
біріккен мекемелер (АҚШ, Германия, Англия, Түркия, Жапония т.б)
дүниежүзінің ірі компанияларының өкілдіктері пайда болды. Табиғи
байлықты, шикізатты, және материалдарды бірігіп пайдаланудың жне *2
технологияны енгізу жобалары қарастырылды. Еліміздегі саяси түрақтылық,
халықтар достығы саясаты, табиғи байлық қорының молдығы шетел
компанияларына капиталдарын экелуге мүмкіндік ашты.Республика 145-ке
жуық елмен сыртқы сауда айналымын жүргізеді. Экспорттық тауарлар - 122
елге шығарылса, импорттық тауарлар - 115 елден келеді.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде инвестициялық саясатқа назар
аударып отырған ел екендігін жариялады. Бүған үкіметтің және ел
президентінің бірнеше рет қабылданған қаулылары, оларды парламентте
бекіту дэлел. Елімізде инвестиция туралы мемлекеттік комитет қүрылды,
оған экономикаға шетелдердің инвестициясын экелу туралы үлкен қүқық
берілген, сонымен қатар көлемді қаржы экелетін инвесторларға жеңілдік
беру қүқығы да бар. Инвестициялық климатты түбірінен жақсартуға жағдай
жасалынды, соған сәйкес дүниежүзі елдерінің іскер азаматтары және қаржы
топтары тарапынан біздің елімізге деген назар күшейе түсті.
Қазақстан үкіметінің маңызды бағдарламасының бірі - шетел
инвестициясын әкелу және оны тиімді пайдалану. Инвестициялық
мәселелерді шешу мақсатында республикада мемлекеттік Инвестициялық
комитет қүрылды, ол тікелей инвестиция тарту және оны тиімді
пайдаланумен айналысады.
Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс үлттық жинақталымдардың
рғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен
жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға,
жекеше капиталға, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан
эрі тэуелді бола түсті. Экономиканы эрі қарай сауықтыру инвестициялардың
зор көлемде келіп қүйылуына байланысты, мүның өзі инвестициялық ахуал
едэуір жақсартылса ғана мүмкін болады.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты
нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай
шетел инвестицияларын тартуға негізделеді [42]. Шетел инвестицияларын
тиісінше қорғау және пайдалану бірінші кезектегі мәселелердің бірі.
Еліміздің инвестициялық ахуалы неғүрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған
шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы
үшін саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Азия мен Европа қайта
жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа үйымдар мен тілеуқор
елдердің көмегінің есебінен ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік
дамытылады.
Осы диплом жүмысының пэні халықаралық қаржы-несие
институттарының қызметі болып табылады. Олардың қызметі қазіргі кездегі
халықаралық қатынастарда маңызды орын алады және арнайы қарастыруды
қажет етеді.
Халықаралық қаржы-несие институттары әлемдік экономиканың даму
саласында белгілі міндеттерін шешу үшін мүше-мемлекеттердің қаржы
ресурстарының бірігу жолымен қүрылады.
Мүндай міндеттерге:

3
- әлемдік экономиканы реттеу және түрақтандыру мақсатымен халықаралық
валюта және қор нарығындағы операциялар, халықаралық сауданы реттеу
және қолдау;
- мемлекетаралық несиелер- мемлекеттік жобаларға несие бөлу және бюджет
тапшылығын қаржыландыру;
- инвестициялық қызмет, халықаралық жобалар саласында несиелендіру;
- инвестициялық қызмет, халықаралық бизнеске жағымды әсер етуші ішкі
жобалар саласында несиелендіру және бастапқы ғылыми зерттеулерді
қаржыландыру;
Диплом жүмысында Халықаралық Валюта Қорының қызметіне талдау
жасалды. ХВҚ - Б¥¥-ның арнайыландырылған мекемесі, ол әлемдік
валюталық жүйенің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жүмысын жазу
барысында көптеген эдебиеттер, ғылыми еңбектер мен жүмыстар
қолданылды. Зерттеу тақырыбының теориялық негізін танымал шетелдік,
ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері қүрады.
Бүл диплом жұмысының мақсаты -халықаралық қаржы-несие
институттарының теориялық аспектілерін ашу, олардың қазіргі кездегі
барысын талдау,сонымен қатар халықаралық қаржы-несие институттарының
Қазақстанмен өзара қызметіндегі проблемалары мен жетістіктерін көрсету.
Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер
қарастырылды:
- Халықаралық қаржы-несие институттарының қүрылу тарихы, қүрылымы
және қызметін қарастыру;
- Қазіргі кездегі жағдайдағы халықаралық қаржы-несие институттарын
талдау;
- Еуропалық Қайта қүру және Даму Банкі (ЕБРР) және оның Қазақстандағы
қызметін анықтау;
- Қазақстанның ДС¥-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын зерттеу
және анықтау;
Диплом жұмысының методологиялық негізі. Берілген мәселені
нәтижелі зерттеу үшін көптеген әдістерді пайдаланған тиімді. Диплом
жұмысында жүйелік талдаудың негізгі түрлерін пайдаландым: жүйелі-
құрылымдық, жүйелі-функционалдық, жүйелі-генетикалық және жүйелі-
ақпараттық.
Диплом жүмыста саяси ғылымның тарихи, қолданбалы эдістері
қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы - халықаралық қаржы-
несие институттарының теориялық аспектілері ашылды; олардың қазіргі
кездегі барысы талданды; сонымен қатар халықаралық қаржы-несие
институттарының Қазақстанмен өзара қызметіндегі проблемалары мен
жетістіктері көрсетілді;
Диплом жұмысының күрылымы. Диплом жүмысы кіріспеден, екі
бөлім, бес бөлімшеден, қорытынды, эдебиеттер тізімі және қосымшалардан
тұрады.
5
I Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық
қаржы-несие институттары

1.1 Халықаралық қаржы-несие институттарының қүрылу тарихы,
құрылымы және қызметі

II дүниежүзілік соғыстан кейін және әлемді дүрсіл еткен 30
жылдардағы дағдарыстан кейін әлемдік шаруашылық тепе-теңсіздікке
ұшырады. Мемлекеттер бір-бірімен сауда жағынан жанжалдарға түсіп,
қаржы, несие, валюталық жүйе қүлдырады. Бірақ XX ғасырдың ортасына
қарай әлемдік шаруашылық қандай да бір мемлекеттің механизімісіз түрақты
түрде басқарып, функциялай алмайтыны туралы түсінік пайда бола бастады.
10 жыл ішінде макродеңгейде әлемдік экономикалық дамуды бақылайтын,
пайда болған дисбаланстар туралы алдын ала ескертетін және мемлекеттерге
қажетті көпжақты қолдау көрсететін халықаралық экономикалық және
қаржы үліымдарының жүйесі пайда болды.Олардың қатарында Халықаралық
Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Дүниежүзілік сауда үйымы және т.б
кіреді.
Экономика саласы мен валюта-қаржы қатынастарында қызмет ететін
әлемдік үйымдар эрине Б¥¥-ның ықпал ету аймағына айналады.
Б¥¥-ның қызметі бүл салаларда шектеулі. Дж.Кейнс, қазіргі кездегі
макроэкономика мен халықаралық экономиканы реттеудің негізін салған
және экономикалық дамуға мемлекеттік араласудың дэрежесі туралы
мәселені қойған [5,276]. Идеолог Дж. Кейнс- мемлекетаралық реттеу үшін
қүрылған және осы күнге дейін басты халықаралық экономикалық үйымдар
болып табылатын Бреттон-Вудс институттарының (ХВҚ және Дүниежүзілік
банк) келісім баптары (уставы) авторы.
1994 жылы шілдеде Бреттон-Вудс конференциясы сол кезде қүрылған
Б¥¥-ның 44 мүше-мемлекеттерінің өкілдерінің басын қосты.
Конференцияның қорытынды нэтижесі болып 1945 жылы желтоқсанда Б¥¥-
ның 2 арнайыландырылған үйымдарының қүрылуы болды: Халықаралық
валюта қоры және Халықаралық қайта қүру және даму банкі (Дүниежүзілік
банк) [8,1626]. 1946 жылы ХҚҚДБ өз қызметін бастағанда мүше-мемлекеттер
санві 38 мүше болды. 50-60 жж көптеген отар елдер тэуелсіздігін алып, Банк
мүшелері болғаннан кейін мүше-мемлекеттердің саны өсті. Дүниежүзілік
банк өзінің даму шеңберінде түрлі қызмет түрлеріне мамандандырылған
жаңа үйымдар қүрдві. Бүл үйымдар бірігіп Дүниежүзілік банк тобы деп
аталады.

Дүниежүзілік Банктің құрылымы мен қызметі.
Дүниежүзілік Банк жай мағынадағы банк емес.Мүнда ақша салып
немесе есепшот үстауға болмайды. Дүниежүзілік Банк бүл 180 бай және
кедей мемлекеттерге жататын халықаралық үйым. Оның мақсаты
экономикалық трансформация кезеңіндегі дамушы мемлекеттерге несие беру
6
арқылы кедейлік деңгейді төмендету. Дүниежүзілік Банктің несиелері осы
мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін жақсартып, экономикалық
өнімділігін көтеруге көмектеседі.
Дүниежүзілік Банк бул үлкен кәсіпорын, оның мүшелері мүше болумен
қатар оның еншілесі болып табылады. Әрбір жеке мемлекеттің үлесі оның
экономикалық күшімен анықталады.
Банктің басты басқарушы органы жылына бір рет жиналатын
Директорлар Кеңесі болып табылады. Дүниежүзілік Банктегі эрбір мүше-
мемлекет өз басшыларын сайлайды.
Банктің атқарушы органы Басқарушы Кеңес, яғни Атқарушы
Директорлар Кеңесі болып табылады. Басқарушы кеңес жыл сайын түрлі
келіссөздерге жиналып, Банктің қүжаттары және оның жүмыс мәселелері
туралы талқылайды. Атқарушы Директорлар Кеңесін және бүкіл Банк
басшылығын Дүниежүзілік Банктің Президенті басқарады.
Дүниежүзілік Банк тобына:
- Халықаралық қайта қүру және даму банкі (МБРР)
- Халықаралық даму ассоциациясы (МАР). Бүл 2 үйым Дүниежүзілік Банк
деп аталады.
- Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК)
- Инвестицияларды кепілдендіретін көпжақты агенттік (МАГИ)
- Инвестициялық дауларды реттеуші халықаралық орталыққа (МЦРИС)
үкіметтер мен шетел инвесторлары арасындағы дауларға арбитраж үсынады.
МЦРИС 1966 жылы мемлекеттер мен басқа елдердің резиденттері
арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенция негізінде
құрылған үйым. Сол кезде оған 139 мемлекет қол қойған. МЦРИС-тің
қызметін қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Кеңес пен Секретариат қүрылған.
Әкімшілік Кеңестің төрағасы Бүкіләлемдік Банк Президенті болып саналады,
кеңес конвенцияны бекіткен мүше-мемлекеттердің өкілдерінен түрады
(барлығы 126). Кеңестің жыл сайынғы кездесулері МБРР және МФК
үйымдарының жыл сайынғы кездесулерімен бір уақытта болады.
МЦРИС-тен көмек сүрау дауласушы жақтардың өз еркімен жасалады.
Бірақ олар конвенцияға байланысты арбитражға келіссе, біржақты тәртіпте
өтініштерін алып кете алмайды. МЦРИС қызметінің уақыты бойында 40-қа
жуық үндеулер тіркелген [35,966].
МАГИ 1988 жылы 12 сәуірде қүрылды, ол Дүниежүзілік Банк тобының
ең жас мүшесі болып саналады. МАГИ дамушы мемлекеттерге
инвестицияларды тарту үшін қүрылған.МАГИ инвестицияларды
коммерциялық емес қауіптерден сақтандырады.МАГИ кепілдендіретін
инвестицияларға: акционерлік капиталға салынатын ақшалай және
материалдық формадағы салымдар; акционерлермен көрсетілген және
кепілдендірілген несиелер; акционерлік емес тікелей инвестициялар формасы
жатады.МАГИ-дің кепілдік мерзімі-15 жыл немесе 20 жыл. Кепілдік
инвестициялардың 90% көлемін жаба алады [35,996]. МАГИ өз қызметін
рттық сақтандыру компанияларымен үйлестіреді.

7
МАГИ мақсаты—дамушы мүше-мемлекеттердің экономикалық өсуін
жылдамдату үшін тікелей шетел инвестициясын тарту. МАГИ дамушы мүше-
мемлекеттерде инвестициялау мүмкіндігі туралы ақпарат тарату және
капитал салу ағынын қолдау үшін шақырылған.
МАГИ-дің МБРР-ден қаржылық тэуелсіздігі бар. МАГИ-ді басқару
бойынша өкілдігі Басқарушы Кеңесте ( 1 басқарушы, 1 орынбасар).
Басқарушы Кеңес өз уәкілеттігін Директорлар Кеңесіне бере алады.
Бүкіләлемдік Банктің Президенті Директорлар Кеңесінің төрағасы болып
табылады.
Мемлекеттердің үлттық экономикасына осындай жағдайларда капитал
құю индустриалды елдермен салыстырғанда олардың бэсекелестігін
арттырады.

8
1.2 Қазіргі жағдайдағы халықаралық қаржы-несие институттарын
талдау: МБРР, МАР, МФК, ХВҚ

Халықаралық қайта кұру және даму банкі (МБРР) - топтың басты
институты, 1944 жылы шілдеде Бреттон-Вудс келісімі шеңберінде қүрылып,
1946 жылы шілдеден бастап өз қызметін бастады.МБРР қызметі төмендегі
бағдарлама негізінде қүрылады: кедейлікпен күрес және экономикалық
басқару; элеуметтік даму және экология; қаржы, жеке сектор,
инфрақұрылым; адам потенциалының дамуы.
МБРР ресурстарының көп бөлігі әлемдік қаржы нарығында құнды
қағаз (облигация) негізінде жүмылдырылуда, оның несиелік бағасы сол
нарықтың коньюктурасымен анықталады. Несиелеу жағдайы жылына 2 рет
қарастырылады. МБРР қызметі үшін пайда табу маңызды емес, бірақ өз
балансын кіріспен үйлестіріп отырады. Спрэд негізінен 0,25%-0,5%
көлемінде тағайындалады. Көптеген елдер үшін банктік несиеге қарағанда
бұл өте төмен мөлшер. Коммерциялық банктерге қарағанда ХҚКДБ спрэдті
несие алушының төлеу мүмкіндігіне тэуелсіз түрде тағайындайды. Несие 12-
20 жыл мерзімге беріледі, жеңілдік кезеңі 3-5 жыл, ол банктік және
экспорттық несие мерзімін арттырады.
МБРР-дің штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан. Банктің 70-ке жуық
аймақтық және мемлекеттік бюролары мен өкілдіктері бар.
Дүниежүзілік Банк немесе МБРР, сонымен қатар МАР, МФК, МАГИ,
МЦРИС мүше-мемлекеттердің халықаралық кооперативімен салыстырмалы.
МБРР-дің жоғарғы органы Басқарушы Кеңес болып табылады.
Атқарушы орган-Директорлар Кеңесі Басқарушы Кеңестің алдында жауап
береді. Басқарушылар жыльша 1 рет кездеседі [15,606].
Директорлар Кеңесі Банктің саясаты туралы шешімдер қабылдайды,
оның негізінде банктің жүмысы қүрылады және несие беріледі.
Қазіргі кездегі МБРР қызметінің негізгі бағыттарына: инвестициялық
жобаларды орта және үзақ уақытта несиелендіру; дайындық, инвестициялық
жобаларды техникалық және қаржы-экономикалық дэйектемелеу; дамушы
және пост-кеңестік елдердегі қүрылымдық қайта қүру бағдарламаларын
қаржыландыру.
Банк халықтың өмірін жақсарту мақсатында экономикасы дамыған
және нарықтары үлғайған мемлекеттермен серіктес болады. Банк беретін
барлық несиелер қайтарымды несиелер.
Жарғыға байланысты Банк несиелерді тек мүше-мелекеттердің үкіметіне
немесе олардың кепілдігімен береді. Барлық жобалар үлттық заң мен
заңдылықтарға сәйкес іске асады.
Банктің бір приоритеті - жеке секторды реттеудегі ықпалы. Жарғы
бойынша МБРР-дің жеке секторға несие беруіне тыйым салынады. Бүл
мәселемен Дүниежүзілік Банктің басқа мүшесі, яғни МФК айналысады. Бүл
ұйым жеке сектордың кәсіпорындарына капитал салу үшін қүрылған арнайы
ұйым [15,636].

9
МБРР жобалары негізінен техникалық көмек көрсетуді қарастырады.
Оған мемлекет бюджетіндегі қаржыны үлестіру мәселесі бойынша кеңес
беру, ауылда клиника құру мәселесі немесе қымбат қүрылыс қүралдарын
қалай қолдануы туралы кеңес беру кіреді. Жыл сайын Банкті мамандарды
оқыту мақсатында бірнеше жобалар қаржыландырады.
Жобалардың табысты іске асуына баға берілетін Банк критерийлері өте
қатаң болады. Мысалға, жоба табысты болып квалификацияланғаннан
бүрын, ол 10% -дық экономикалық қайтарыммен қамтамасыздандыру керек.
Халықаралық даму ассоциациясы (МАР). Оның негізгі атқаратын
функциясы дамушы елдерден кедей мемлекеттерге үзақ уақыттық пайызсыз
несие беру.Бүл несиелер кедейлік деңгейді төмендету және несие алушы
мемлекетердің экономикалық өсуіне ықпал етуге бағытталған. МАР жарғысы
1960 жылы күшіне енді.
МБРР мен МАР параллельді қызмет атқарады. Олар бірлесіп бір штат,
бір басшылықты қолданады, бір Президентке жауап береді және жобаға баға
бергенде бірдей стандартты қолданады. Айырмашылығы тек несиелендіру
шарттары мен қаржыландыру көздерінде. МАР-дың мүшесі болу үшін
мемлекет алдымен МБРР-ге мүше болу керек. Қазіргі кезде МАР-ға мүше
158 мемлекет.
МАР несиені МБРР-ден ала алмайтын кедей мемлекеттерге ғана береді
(жан басына шаққандағы жылдық кіріс 905 АҚШ долларынан көп) [20,376].
Қазіргі кезде бүл категорияға кіретін елдердің саны 80-ге жетті. Онда
3,2 млрд. халық түрады. Шамамен 1,2 млрд.халықтың күндегі кірісі 1 АҚШ
доллары.
МАР несиелері 35-40 жылға 10 жылдық жеңілдік уақытымен беріледі.
Несие алғаннан кейін пайыз есептелмейді, бірақ көмек көрсеткені үшін
төлемдер қарастырылады (қазіргі кезде 0,75%).
1960 жылдан бастап МАР 90 елге 97 млрд. АҚШ долларын берді. Бүл
жылына 6 млрд.АҚШ долларын қүрайды [20,396].
МАР қүралдары несие алушы мемлекеттер арасында көлемі, кіріс
деңгейі, жобаларының табысты іске асуына байланысты үлестіріледі.
Шамамен МАР-дың несие көлемінен 45-50% Африка елдеріне (Сахара
аймағы) келеді. Көп бөлігінің қалған қүралдары Азия мемлекеттеріне кетеді.
Қалған несиелері Қытайға және Латын Американың, Кариб бассейнінің, Таяу
Шығыс, Европа және Орталық Азияның кедей мемлекеттеріне беріледі.
МАР бай мүше-мемлекеттердің Үкіметтері тарапынан
қаржыландырылады. Қосымша қүрал көздері болып МБРР кірісі және МАР-
дың алдыңғы несие алғандардың төлемдері.
МАР қорларына эрбір үш жыл сайын донор мемлекеттер қосылады. Ең
үлкен жарнаны АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Үлыбритания, Италия,
Түркия, Корей мемлекеттері жасаған, олар МАР несиеленушілері болып
табылады және қазіргі кезде донорлар қатарына кіреді. Сонымен қатар донор
болып, МБРР-ден несие алып пайдалануды жалғастырған елдер—Бразилия,
Венгрия, Мексика, Польша, Ресей, Оңтүстік Африка. МАР кедейлікпен
жобалардың көмегі арқылы күреседі, оған ауылшаруашылық саладағы 10

жобалар (26%), элеуметтік қамтамасыз ету (26%) және инфрақүрылымды
дамыту (22%) кіреді [23,296].
МАР экономикалық өсу интенсификациясының ең жақсы эдістері
туралы Үкіметтерге кеңес береді.
Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) МБРР қарағанда ХҚК
укімет кепілдігін талап етпейді және жауапкершілікті өз қарауына алып,
жобаларды жан-жақты тексеру арқылы қабылдайды. МФК берген несиелер
жобаның бағасынан 25% аспайды.
МФК үшін өнеркэсіпті несиелеу оның қызметінің негізгі бағыттарының
бірі болып табылады. Несиелер орташа 7-8 жылға, ал ең үзақ несиелеу 15
жылға беріледі. МФК инвестицияларды қаржыландыруды өз қаржысы
арқылы және халықаралық қаржы нарығындағы капиталдарды тарту арқылы
жүзеге асырады,МФК үкіметке және кәсіпорындарға техникалық көмек және
кеңес беру қызметін ұсынады.МФК тэуелсіз брокер бола отырып, жобаға
қатысушылардың: шетел инвесторлары, жергілікті серіктестер, басқа да
кредиторлар мүдделерін анықтап, үйлестіруге көмектеседі. Бүгінде МФК
дамушы мемлекеттердегі жеке сектордың жобалары үшін маңызды көпжақты
несиелендіру көзі болып табылады. МФК-ның басты мақсаты жеке сектордың
дамуын қолдау.
1956 жылы қүрылған МФК өзінің қызмет істеген жылдарында 129
дамушы мемлекеттердегі 1,852 кәсіпорындарына 21,2млрд.АҚШ доллары
көлемінде несие берді. МФК капиталы 2,45 млрд.АҚШ долларын қүрады
[13,1776].
МФК өз қызметін Дүниежүзілік Банк тобының басқа мекемелерімен
үйлестіргенмен, ол заңды және қаржылы түрде тэуелсіз.Оның өз Жарғысы, өз
қаржы, басқару және штаттық қүрылымы бар. Оның қаржы қүралдары 173
мүше-мемлекеттермен қалыптастырылады, олар Корпорацияның қызметі мен
саясатын анықтайды.
МФК қызметімен Басқарушылар Кеңесі және Директорлар Кеңесі
басқарады. Әрбір мемлекет өз Басқарушысын сайлайды (Қаржы министрі).
Директорлар Кеңесі 24 Директордан түрады. Дүниежүзілік Банк тобының
Президенті МФК Президенті болып саналады.
МФК-ның дамушы елдеріндегі жобалар мен жеке сектор
кэсіпорывдарын қаржыландыру және көмекпен қамтамасыз ету жеке
инвесторлармен серіктестікті қамтамасыз етеді және консультативті жүмыс
арқылы үкіметке жағдай жасауға көмектеседі. МФК дамушы әлемдегі жеке
несие қүюды жию мен реттеудегі катализатор рөлін ойнайды.
МФК мүше-мемлекеттердегі жеке кәсіпорындар үшін қызмет көрсету
және қаржы бағдарламаларын, сонымен қатар үзақ уақытты несиелер,
қаржыландыру және кепілдендіру, қауіптерді басқаруды үсынады. МФК-ның
барлық жобалары мен шеттен алулары нарық тарифтері арқылы іске асады,
үкімет кепілдігі кабылданбайды. МФК барлық саладағы жобаларды
қаржыландырады. МФК үйымына кіру үшін мемлекет МБРР-дің мүшесі болу қажет.

11

Халықаралық Валюта Қорының (МВФ) несиелендіру механизмі.
ХВҚ 1944 жылы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудсте Б¥¥-ның валюта-
қаржы конференциясында құрылған. Бүл жерде ХВҚ-ның келісім статьясы
қабылданды, ол Жарғы негізінде өзінің рөлін атқаруда. ХВҚ-ның Жарғысы
валюта операцияларын, валюта нарығы қызметінің жүйесін реттейді. ХВҚ
мүше-мемлекеттердің валюта-несиелік қатынастарын реттеу үшін және
оларға валюталық қиыншылықтар кезінде қаржылық көмек көрсетуге
арналған үйым. ХВҚ халықаралық валюта жүйесін бақылайды, оның тиімді
қызметін , валюта курсы саясатын және арнайы принциптерді енгізуде мүше
елдердің осы саясатқа бағынуын талап етеді. Бүл қор Б¥¥-ның
арнайыландырылған мекемесі және әлемдік валюталық жүйенің
институционалды негізі болып табылады. Іс жүзінде халықаралық валюта
жүйесі институционалдық негізде қызмет етеді.
Барлық мүше елдердің міндеті - валюта курсын және халықаралық
жүйені реттеуде, төлем балансының қызметін қайта қүруда эділетсіз бэсеке
нәтижесінде басқа мүше елдердің алдында артықшылығын көрсетпеу.
Валюта нарығында болып жатқан тәртіп бүзушылыққа байланысты оған
қарсы шаралар қолданады. Қажет жағдайда мүше елдер валюта нарығының
қызметіне араласа алады; бүл жағдайда басқа мемлекеттердің мүддесін
ұмытпау қажет.
Қор беретін несиелердің қайнар көздері мүше-мемлекеттер мен СДР-
дің валюталары түріндегі ақшалай қаражат. Қор валюталық несиелерді басқа
мемлекеттерде сүранысы жоқ үлттық валюта сомасына сай залог ретінде
береді және олар жалпы ресурстардың есепшотында қалады. Берілген уақыт
аяқталғаннан кейін мүше-мемлекет Қордан өзінің үлттық валютасын сатып
алып, оған қаражатты үлттық валюта немесе СДР-мен қайтару керек.
Негізінен бүл операция 3 14-тен 5 жылға дейінгі уақытта жасалу керек.
Несие алушы мемлекет өз төлемақы балансын жақсарту үшін және
валюталық резервтерді көбейту үшін Қор үшін артық өз валютасын сатып
алып тұру қажет.
ХВҚ - мүше елдерге валюталық шектеуді және валюта курсының
көпжақтылығын болдырмау үшін үнемі үмтылып отырады. Ол 3 жыл сайын
консультация беріп отырады.
Несиелендіру жағдайында Қор эртүрлі несиелік механизмдерді
қолданады. Бү_л механизмдер шеңберінде шектер (лимиттер) орнатылады,
яғни олар Қор беретін несие сомаларын шектейді [38,2146].
Несие механизмдерін мынадай 4 категорияға бөлуге болады:
1. Жай механизм
2. Арнайы компенсациялық механизм
3. Төтенше жағдайдағы көмек
4. Кіріс деңгейі аз мемлекеттерге көмек көрсету механизмі

Жай механизмдерге кіретін:
1 .Қордың үлес механизмі ( Кезегүе Тгапсһе)
12

2.Несиенің үлес мехаизмі( СгесШ Тгапсһе Роіісу)
З.Қор несиелері туралы келісім( 8ІапсІ-Ъу Аггап§етеп1;з)
4.¥лғайтылған қаржылавдыру механизмі( Ехіепсіед Ғшісі Ғасііііу ЕГҒ )
З.Қосымша қаржыландыру механизмі( 8ирр1етепІагу Ғіпапсіп§ Ғасііііу
8РР) [5,4126].
ХВҚ өзінің мүмкіншілігін элі де болса жойған жоқ, ол өркендеу
үстінде, өз жоспарларын жүзеге асыруда және институционалдық құрылымы
жағынан үздіксіз талпыныс үстінде. Бүл ойды көптеген батыс экономистері
қолдайды.

13 1.3 Еуропалық
Қайта кұру және Даму Банкі (ЕБРР) және оның
Қазақстандағы қызметі
Европалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕБРР) - 1990 жылы 29
мамырда келісім негізінде қүрылған халықаралық үйым. ЕБРР-ді қүрушы 40
Европалық мемлекеттер болған (Албаниядан басқа), яғни олар АҚШ, Канада,
Мексика, Марокко, Египет, Израиль, Жапония, Жаңа Зеландия, Австралия,
Оңтүстік Корея және ЕЭС пен Европалық инвестициялық банк ( ЕИБ).
КСРО, Чехословакия және СФРЮ мемлекеттері қүлдырау себептерінен
олардың жарна қағаздары (акция) бөлінді. Бүл үйымның мүшесі болып тек
европалық мемлекеттер емес, сонымен қатар барлық ХВҚ мүшелері де кіре
алады. 1994 жылы 1 қаңтарда ЕБРР акционерлері 57 мемлекет болды(
сонымен қатар барлық Европа мемлекеттері), ЕЭС (қазір ЕС) және ЕИБ.
ЕБРР-дің штаб-пэтері Лондон қаласында орналасқан. ЕБРР-дің статусы,
артықшылықтары мен иммунитеттері және солармен байланысты
Ұлыбританиядағы түлғалар 1991 жылы 15 сэуірде ЕБРР-дің операциялары
басталғаннан кейін қол қойылған, ¥лыбритания мен Солтүстік Ирлавдия
және ЕБРР Үкіметтері арасында штаб-пэтер туралы келісімінде
анықталған. ЕБРР қызметінің негізгі міндеттері мен мақсаттары. ЕБРР-дің
басты мақсаты—европалық постсоциалистік мемлекеттердің нарыққа
негізделген ашық экономикаға өтуіне ықпал ету және жеке және өндірістік
инициативаны дамыту. ЕБРР-дің негізгі несиелендіру обьектісі болып жеке
фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар қайта құрылған
кәсіпорындармен бірге халықаралық инвестициялары бар біріккен
кәсіпорындар. Банктің басты мақсаты аймақтағы инвестицияларды қолдау.
ЕБРР несие және кепілдік беруде басқа да инвесторлармен,
несиеленушілермен әріптеседі. Бүл қызмет мемлекеттік сектордағы басқа
жобаларды және инфрақүрылымды несиелендірумен қосымшалану керек.
ЕБРР аймақтық эріптестікті қолдайды және олардың жобалары бірнеше
мемлекетті қамтуы мүмкін.
1991 жылы өз қызметінің басынан ЕБРР алдынды түрған міндеттерін
анықтады. Олардың ішіндегі маңыздысы саяси жүйенің өзгеруі уақытында
ЕБРР қызмет ететін мемлекеттерде жаңа экономикалық жағдай қүру болды.
Басқа міндеттер бизнес сферасына жатады (инвестицияларды қолдау,
жекешелендіру және қүрылымдық қайта қүру), инфрақүрылым ( қалпына
келтіру, байланыс жүйесін, энергетикалық жүйені, муниципалды қызметті,
үй шаруашылығын ұлғайту және жаңарту), экология (қоршаған ортаны
қалпына келтіруге тікелей инвестиция мен саясатты жетілдіру) [33,916].
ЕБРР несиелік қызметін іске асыруда:
-Дамушы мемлекеттердің банк қызметіндегі стандарттарға сәйкес
несиелендіру үшін эртүрлі амалдарды пайдаланады;
- Міндеттемелерді орындауды сәйкестікпен үйлестіреді;
- Жеке секторлар, олардың кеңесшілері және коммерциялық банктермен
эріптеседі;
- Ұзақ уақытты жобаларды дамыту үшін Үкіметтермен эріптеседі;14

- Халықаралық валюта-несие және қаржы үйымдарымен өзара қатынас
курады;
- Мемлекетаралық және аймақтық қолайлықты сәйкестікпен үйлестіреді;
- Қоршаған ортаны жақсарту және сақтауды қамтамасыз етуге тырысады.

Шешім қабылдау үшін ЕБРР мемлекеттердің негізгі қызметі және
стратегиялары облысындағы саясатпен басшылық етеді. Мемлекеттер
бойынша стратегиялар саяси және экономикалық оқиғаларға шолу жасап,
қызметтің сферасын анықтайды. Бүл стратегияларды біріктіретін эр
мемлекеттегі өндірістік инвестицияларды үйлестіруге талпыныс.
ЕБРР-дің несиелік-инвестициялық саясаты. ЕБРР өз қызметінде жеке
және мемлекеттік сектор кәсіпорындары үшін келесі операция формаларын
қолданады:
. өндірісті дамытуға несиелер беру ( бірігіп қаржыландыру);
2. капиталға инвестициялау;
3. құнды қағаздарды кепілді орналастыру;
4. кепіл беру арқылы капитал нарығына кіруге мүмкіндік беру;
5. келісімдерге сәйкес арнайы қорлардың ресурстарын орналастыру;
6. несие беру және инфрақүрылымды дамыту және қайта күруға техникалық
жэрдем көрсету.
ЕБРР экспорттық несие жөнінде кепіл бермейді және сақтандырумен
айналыспайды. Жалпы ЕБРР-дің құрылуынан 1999 жылдың басына дейін
Директорлар Кеңесі 18,7 млрд.АҚШ доллары көлеміндегі 186 жобаны
қолдады. ЕБРР несие-қаржы саясатының ең маңызды бағыттарына қаржы
секторы, энергетика, телеккомуникациялық инфрақүрылым, транспорт және
агробизнесті жатқызады.
ЕБРР-дің Қазақстандағы қызметі.
Қазақстан ЕБРР акционерлерінің қатарына кіреді және Басқарушылар
кеңесіндегі өкілі Павлов А.С, ЕБРР-дің альтернативті басқарушысы
Жангельдин Е. ЕБРР акциялары сату үшін арналмаған. ЕБРР қызметкерлері
(1000 жуық адам) барлық акционер-мемлекеттердің атынан шығады. Банктің
көптеген мемлекеттерде түрақты өкілдіктері бар.
Қазақстанда ЕБРР-дің аймақтық өкілдігі 1993 жылы Алматыда
ашылды. Ал 2001 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның тәуелсіздігінің 10
жылдығына ЕБРР Президенті Жан Лемьерр сапармен келгенде, Астанада
тұрақты өкілдіктің ресми ашылуы болды. Қазақстан бойынша ЕБРР тобы
жаңа өкілдіктің республикада маңызды рөл атқаратындығын атап өтті
[24,5626].
Қазақстандағы эріптестікке мысал. ЕБРР-дің Қазақстандағы
операциялары мұнай газ саласында кіріс активтерін қүруға және кіші және
орта бизнес сферасын дамытуға бағытталған.Сонымен қатар Банк пен Үкімет
арасында транспорт және муниципал саласын қаржыландырумен
байланысты берік және эффективті қатынастар орнады. Соңғы жобалар
Эфес Қарағанды, Атырау қаласының экімшілігін, эуежайын, БТА
Лизингжәне Қазақстан темір жолын несиелендіруді қосады. Одан басқа15
ЕБРР сауданы қаржыландыру бағдарламасын ұлғайтуға қол жеткізді. Қазіргі
кезде Банк инвестициясының 72 % жеке және мемлекеттік емес деп
сұрыпталады (юіассификацияланады) және 28 % Үкіметтік кепілдікте
инвестиция ретінде сұрыпталады.
ЕБРР несиесі Испат-Кармет болат құю заводына оның экологиялық
көрсеткіштерін жақсартып, эффективтілігін көтеруге көмектесті [17, №291].
1997 жылы ЕБРР Халықаралық Қаржы корпорациясымен бірігіп ірі
Испат-Кармет болат құ_ю заводына 56,5 млн.Евро көлемінде несие берді.
Несиелер өндірісті қайта кұру, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту,
өндіріс
фективтілігін көтеру үшін арналған. Испат-Кармет республикадағы ең
алғашқы толық масштабты және табысты жоба болды. Ол кәсіпорынның
сапалы инвесторларының тэжірибелі басқаруымен уақыт ішінде толық өзгере
алатындығын көрсетті.
Қазақстанның кіші бизнес бағдарламасы ( ПМБК).
Қазақстанның кіші өндірістеріне 166 млн.АҚШ доллары көлемінде
25,591 несие берілді. Қазақстанның кіші бизнес бағдарламасы Европалық
қайта құру және даму банкі мен Европалық Одақтың біріккен бастамасы, ол
несие алу арқылы кіші кәсіпорындарды қаржыландырудың тұрақты
көздерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтау теңіз порты және Қазақстан темір жолы.
Транспорт саласында ЕБРР нарықтық транспорттық қызмет көрсетуді
дамыту және басқа да проблемаларды шеіпумен жұмыс атқаруда. 1996 жылы
ЕБРР портты жаңарту мақсатында Ақтау теңіз портын қайта қүруға 53,5
млн.Евро көлемінде несие бекітті. 1999 жылы ЕБРР Қазақстандағы маңызды
транспорт жолын жаңартуды қаржыландыру мақсатында Қазақстан темір
жолына, мемлекеттік теміржол кэсіпорнына 67,9 млн.Евро көлемінде несие
берді. Қазіргі кезде жолдарды жөндеу үшін келесі несиелер беру
мүмкіндіктері қарастырылуда [29,2416].
Қазақстанның экономикалық прогресі.
Экономикалық қатынастарда Қазақстан белгілі табыстарға жетті. Ішкі
девальвация, қүбырлардың жоғарғы деңгейде өткізу мүмкіндігі, қатаң тауар
бағалары Қазақстанның макроэкономикалық перспективаларын жақсартты.
Мұ_най газ саласы нығайды және экономиканы басқарудың Үкіметтік
стратегиясы 2004 жылдан бастап мүлай мен газ кірісін көбейтуге негізделді,
Үкімет келесі жылдарға қатаң бюджеттік стратегия қабылдады.
Өту кезеңіндегі проблемаларға келсек.
Республиканың нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі
проблемалар экономикадағы қүрылымдық проблемалар.Ескірген
инфрақүрылым қазіргі кездегі өндіріс және реттеуші жүйені қамтамасыз
етуге жеткіліксіз. Инвесторлардың пікірінше Қазақстанның тау-кен
ресурстарын зерттеу үшін нормативті климат жағымсыз болып қалуда.
Отандық өндіріс саласының тепе-теңдігі элсіз және өтпелі экономикасы бар
мемлекет нормаларына сәйкес кіші және орта өндіріс секторы элі де аз. Жер
жеке меншігін реформалау арқылы ауылшаруашылық саласын қайта

16
рымдастыру және шеттен әкелген ресурстар мен дайын өнш арасындағы
байланысты қалпына келтіру жай темппен өтіп келеді.
Қазақстандағы Банк операциясы үшін үсынылған стратегия МСП
секторының дамуына көңіл бөлуге және мүнай газ саласында кіріс активтерін
кұруға негізделген. Мүндай кіріс активтерін арттыру мемлекеттік өндіріс
басқармасын жақсарту үшін, коммуналды қызмет көрсету кәсіпорындарын
реттеу және жекешелендіру, банктік емес қаржы үйымдарын дамыту, шикізат
емес салаларда инвесторлар қызметін үлғайтуға жэрдемдеседі.
Мемлекеттегі Банктің басты перспективалары.
Мүнайгаз саласы. Қазіргі кездегі коммерцияға негізделген
кәсіпорындарда мүнайгаз саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қайта
өркендеуін қолдау. ЕБРР үкіметтік кепілдіксіз операциялар арқылы ірі
мемлекеттік кәсіпорындармен жүмыс атқарады, олар қоршаған ортаны
жетілдіруге және бар активтерді жаңартуға әсер етеді.
Тау-кен және шикізат саласы. Тау кен саласындағы жобаларды жасау.
Үкімет тау кен саласына шетел қатысушыларын тартатын ортаны қүруға қол
жеткізді. Коррупциямен болатын проблемалар мұнайгаз бен тау кен
саласында, әсіресе маңызды және Банк қандай да болмасын келіссөзде
жоғары стандарттарға жетуге тырысады.
Кіші және орта кәсіпорындардың дамуы (МСП). Шетел
инвестициялары мен поставщиктер арасындағы өзарабайланысты жақсарту
арқылы кіші бизнес бағдарламасын құру және ұлғайту. Қазақстанның кіші
бизнес бағдарламасы (ПМБК) қазіргі кезде мемлекеттің 11 аймағында өте
табысты жұмыс істейді. ПМБК МСП сферасында Банк операциясының
орталық пункті болып қалады.
Банк МСП-ні қаржыландырудың жаңа тэсілдерін тауып, МСП мен ірі
корпорациялар арасындағы байланысты нығайтуға көңіл бөледі. Сонымен
қатар Банк жеңіл өнеркэсіп пен жерөнеркэсібі саласында тікелей
инвестицияларды несиелендіру шеңберінде инвестицияларды қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін іздестіреді.
Инфрақүрылым. Қалаларда үкіметтік кепілдіксіз инфрақүрылым
жобаларын анықтау және қаржыландыру жүмыстары жалғасуда. Банк
Үкіметпен бірге коммуналды кәсіпорындарды, телекоммуникация және
аймақтық элетр реттеу саласын жекешелендіру мен коммерциялау
жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар Банк Үкіметтік кепілдік негізінде
автожол, теміржол, порт саласын несиелендіру мүмкіндіктерін қарастыруды
жалғастырды.
Қаржы секторы. Республиканың Банк секторы салыстырмалы түрде
жақсы реттелген және ресейлік кризистен кейін қайта қалпына келу
мүмкіндігін көрсетті. Банк жүйенің бірігуі мен нығаюына және қалған
мемлекеттік банктердің жекешеленуіне қолдау көрсетіп отырды. Банк
стратегиялық шетел инвесторлары мен акционерлік капиталды
инвестициялау мүмкіндіктерін іздестіреді. МСП-ні қаржыландыру және
сауда қаржыландыруы жөніндегі қызметті үлғайту жалғасады. Банк қаржы

17
рымдарына, лизинг операцияларына, сақтандыру мен зейнет қорларына көп
көңіл бөледі.
Инвестициялық климаттың жақсаруы. Шетел инвесторлары кеңесінің
(СИИ) аналитикалық қолдауы мен қатысуы арқылы инвестициялық
климатты жақсартуға жэрдем көрсету. Кеңес Президент Назарбаевтың
демеушілік қолдауымен және Банктің бастамасы бойынша құрылған. Банк
СИИ жү_мысында басты рөл ойнап, техникалық көмек арқылы қолдау
көрсетіп отырады.
Алматыда ЕБРР-дің Өтпелі кезеңдегі экономика атты есеп беруінің
презентациясы өтті. Презентацияға Қазақстан, Қырғызстан және
Тэжікстандағы ЕБРР директоры Майкл Дейви қатысты, ол Қазақстан және
ТМД елдерінің жоғарғы даму темпін атап өтті. Есеп беруде Ресей мен
Қазақстандағы нарықтық реформа жүргізуіндегі жетістіктер және осы
сферада Белоруссия, Түркменістан, Өзбекстан мемлекеттерінің артта
қалулары атап өтілді [30,3266]. ЕБРР сарапшыларының айтуынша осы 3
мемлекеттің дамуы тек реформалардың болмауынан емес, олардың ірі
аймақтық нарықтан алшақтауынан болды. Есеп беруде негізінен көңілді
аймақтық сауда айналымын реттейтін аймақтық әріптестікті дамытуға бөлді.
ЕБРР-дің аймақтық директоры Майкл Дейви банк Қазақстанға байланысты өз
саясатын жетілдіретінін айтты. Оның айтуынша, ЕБРР Қазақстанның үлттық
экономикасына инвестицияларды келтіруге ықпал етіп, мемлекеттің кіші
бизнесіне қолдау көрсетеді. 1991 жылдан бастап Европалық қайта құру және
даму банкі Орталық Азия мемлекеттерінде 1,68 млрд.евро көлемінде 77
жобаны қаржыландырды. Қазақстанда 2003 жылдың желтоқсанында қол
қойылған инвестициялық жобалардың жалпы көлемі 890 млн.евроны қу_рады.
ЕБРР Қазақстандағы енді қол қойылған жобалардың сомасы жылына 200-250
млн.евроны қүрайтынына сенеді [30,4056].

II Халықаралық қаржы-несие институттарының
Қазақстанмен өзара қызметіндегі проблемалары мен жетістіктері

2.1 Қазақстанның халықаралық қаржы-несие институттарына
қатысу проблемалары.

Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясы оның
мемлекетаралық қаржы институттарына қатысуын үйғарады. Әлемдегі өзара
байланыс жағдайында мемлекет халықаралық валюта-несие және қаржы
рымдарына қатысудан тыс қала алмады.
Халықаралық Валюта Қорына мүше болу үшін ХВҚ келісім бабына
сәйкес Қазақстан мен ТМД-ның басқа да елдері талаптарды орындауды
міндетке алады.
Біріншіден, міндеттерге валюталық шектеулерді алу, халықаралық
операциялар бойынша ұлттық ^валютаны қолдау, дискриминациялық
валюталық келісімдерге қатыспау жатады. Қордың жарғысы бойынша
мемлекеттерге өтпелі кезеңде валюталық шектеулерді қоюға және сақтауға
рүқсат.
Екіншіден, VIII бап бойынша мүше-мемлекеттерге түрлі валюталық
курстарды алуға тыйым салынады.
ХВҚ-ның жарғысы мүше-мемлекеттердің валюта курсын таңдауын
Іпектемейді. Сонымен бірге IV бап мүше-мемлекеттерді валюталық саясат
жүргізу кезінде Қормен эріптесуге міндеттейді. Мемлекеттер негізгі
жағдайларда арнайы нормаларды қолдану керек.
Үшіншіден, Қазақстан мен ХВҚ-ның іскерлік өзара байланысының
алғышарттары болып: мемлекеттің ақпараттық ашықтығы, өз экономикасы,
төлем балансы, алтын-валюта резервтері туралы Қорға статистикалық
көрсеткіш көрсету, макроэкономика саясаты мен экономика жағдайын
зерттеу үшін ХВҚ өкілдерін өз территориясына жіберу. ХВҚ-мен әріптестік
үкіметтік органдарға Қордың жоғарғы мамандандырылған сарапшыларының
тәжірибесін,олардың қызметін қолдануға мүмкіндік береді. Кеңес беру
қызметінен басқа ХВҚ кадрларды мамандандыру, дайындау және
жоғарылату.
Көп жағдайларда мемлекеттер Қордың несиелері үшін жоғары
элеуметтік баға төлеуге міндетті, себебі ТМД елдері үшін ХВҚ несиелері
халықаралық көмек көрсетудің негізгі бөлігі болып табылады. Қор өз
талаптарын қүра отырып, Батыс саясатының жолсерігі ретінде болады.
Несие алушы мемлекетпен несие шарттары туралы келісе отырып, ХВҚ
оның төлеу мүмкіндігі мен несиелеу мүмкіндігін растайды. Бүл
мемлекетаралық несиелер, жеке несиелер мен инвестицияларға жол ашады
және кредиторлармен келіссөздер жүргізуге жағымды жағдай жасайды.

19

Кризисті жағдай Қазақстан мен КСРО-ның басқа мемлекетерін ХВҚ-нан
несие алуға итермелейді.Бірақ сол уақыттан бері бүл мемлекеттер Қордың
несиелеріне тэуелді болады.
Әлемдік Банк пен ХВҚ несие берудегі қойған талаптары
байланыстырады. Қор макроэкономикалық және қаржылық түрақтылықты
қамтамасыз етуге әрекет жасауға, ал Банк қүрылымдық қайта қалпына
келудің бөлімдеріне (бәсекелестік үшін монополияларды ашу;
жекешелендіруді дамыту; жерге жеке меншікті бекіту; салық жинау, реттеу;
банктерді реформалау) күшін салады.
Бүгінгі күнде Қазақстанның тек экономикасы ғана емес, сонымен қатар
күнделікті өміріміз тікелей батыс капиталына тэуелді. Халықаралық қаржы
институттарының ақшалай ықпалынан республикамыз осы күнге дейін
қаржы жүйесінің қүлдырауына түспеді. Мүндай жағдай болған жағдайда
көмекке Батысқа назар аударады. Қазіргі кезде де жағдай осындай.
Мемлекеттің экономикалық саясатының приоритеті негізінен
инвестицияларды тартуға негізделген. Уақыт өте\шетел капиталы көптеген
мемлекеттік бағдарламалардың негізгі қаржыландыру көзіне айналуда, себебі
отандық қаржыландыру көздері азаюда.
¥лттық валюта курсының түрақтылығы қазіргі кезде қолдауда
болғанмен, ол экономикадағы сәттілікті куэландырмайды. Түрақты
көрсеткіштер ең алдымен халықаралық қаржы институттары алдында жақсы
имиджді қүру үшін маңызды.
Соңғы жылдары Қазақстан жеткілікті несие рейтингін алды. Елімізді өз
алдына тэуелсіз мемлекет деп қабылдай бастады.
Қазіргі кезде қаржылық көмек бөлу тікелей Қазақстанның
демократизациясымен байланысты.
ХВҚ-ның несиесі сәтті қаржы-экономикалық болашаққа өзіндік бір
жол болып келеді.Бірақ бүл жағдайда қордың қойған талаптарын орындау
керек: экспорттаушылар түсімдерін алып тастау және бюджет параметрлерін
қатаң сақтау (инфляция деңгейі, оның дефицит көлемі). Мүндай жағдайда
мемлекетке тек валюталық нарықтағы жағдайға ықпалсыз қалып, Үлттық
Банк қорларын пайдаланып, мемлекеттік қүнды қағаздардың кірісін бақылап
отыру қалады. Бүл нүсқа үкіметті мемлекеттік қарыз міндеттерінің
өсуіне
итермелейді.
Бірақ, эрине сыртқы несиелендіру шексіз жалғаса бермейді.Сондықтан
қазіргі кездегі өзекті сүрақ ХВҚ-ның несие бермеген жағдайда қандай
жағдайда болу. Ал қазіргі кезде мүндай мүмкіндік өте жоғары.

Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры: жемісті әріптестік.
1992 жылы Қазақстан Халыаралық Валюта Қорына мүше болып
қабылданды. Суверенді Қазақстан үшін 1992 жыл тарихта республиканың өз
алдына әлемдік сахнаға шығуымен есте қалады.
ХВҚ-ның эрбір мүше-мемлекетінің ХВҚ капиталына салған жарнасына тең
квотасы болады. Квота жалпы мүше-мемлекеттің экономикасын көрсетеді

20
және мемлекеттің ХВҚ-мен қаржы, үйымдық өзарабайланыстарын
анықтауда негізгі рөлді ойнайды.
Алдыңғы кезде Қазақстанның ХВҚ-на мүшелігі 247,5 млн.СДР (арнайы
кірме қүқығы) көлеміндегі квотамен анықталды. Қазргі кезде СДР-1,51 АҚШ
доллары, ал 1 АҚШ доллары 0,66 СДР-ге тең. 1998 жылы Қазақстанға
квотаны 365,7 млн. СДР-ге көтеру үсынылды. Квота оның ХВҚ-ғы дауыстар
санын анықтайды: эрбір 100 000 СДР квотаға бір дауыс, қосымша 250 дауыс.
Қазақстан Республикасының несиелеушісі ҚР-ның Үлттық Банкі болып
табылады. ХВҚ мүше-мемлекеттерге бюджетті қаржыландыруды үсынбайды
және мемлекеттің халықаралық қорларын жақсарту үшін тек
қаржыландыруды тэжірибелік етеді, сондықтан бұл қүралдар төлем балансын
қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бүл ХВҚ үшін стандартты және дэстүрлі
міндет.
Қазақстан ХВҚ-мен жүйелі қалпына келтіру (8ТҒ), Стэнд-бай (8Іжк1
Ьу), кеңейген несиелендіруді (ЕҒҒ) қаржыландыру бағдарламалары жөнінде
келісім жасады. Республика 538,3 млн. СДР-ді игерді [38,1536]. N
1993 жылы 2 ақпанда ХВҚ директорларының атқарушы кеңесінің шешімімен
Қазақстан ХВҚ-ның жүйелі қалпына келтірудің бірінші бағдарламасын
қабылдады (123,75 млн.СДР). Қазақстан алынған несиелерді толық игерді.
1994 жылы 26 қаңтарда несиелік қор туралы келісімнен кейін экономикалық
және қаржы реформаларының жылдық бағдарламасы қабылданды. Бүл
келісім 1995 жылдың 31 мамырына дейін созылды. Несие құралдары 74,25
млн.СДР сомасында игерілді. 1995 жылы 5 шілдеде 185,6 млн.СДР көлемінде
несиелік қор туралы жаңа келісімге қол қойылды. Қазақстан алынған
несиелерді толық игерді.
Несиелік қор туралы 2 бағдарлама экономикадағы қүрылымдық
реформаны өткізу мен ақшалай-несие саясатты қатайтуға негізделген.
Бағдарламалар жекешелендіру прогресіне және кәсіпорындардың қайта
құрылымдануына ықпал етті. Мүндай саясаттың нэтижесінде инфляция
азайып, республиканың төлем балансы жақсарды. Қатаң қаржы саясаты
республикадағы халықаралық сенімнің қайта қүрылуы үшін негізін салды.
1996 жылы 17 шілдеде ХВҚ-мен 309,4 млн.СДР көлемінде 3 жылға
несиелендіру бағдарламасы туралы келісімге қол қойылды. Бағдарлама
құрылымдық реформалардың комплексті бағдарламасы мен
макроэкономикалық саясаттың позитивті шешімдерін біріктіру үшін
арналған. Оны іске асыру мақсатында, қатаң қаржы саясатын жалғастырудан
басқа, салық экімшілік жүйесін жақсарту, бюджет шығынын басқару,
элеуметтік шығын саясатты қайта қарастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Мемлекеттік несие және борыш
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қаржы нарығының құрылым
Пәндер