Шәкәрім мен Пушкиннің аудармаларындағы үндестік


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жасқа толуына

ғылыми баяндама.

Тақырыбы : Шәкәрім мен Пушкиннің аудармаларындағы үндестік. .

Орындаған: ГП 16-06к тобының ІІІ курс студенті

Ақбаева Г. Ш.

Оқытушы: Искакова Г. Е .

Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдени қазынамыз бен рухани өмірімізге қайта оралған тұлғалардың өмір жолдары, тарихи, әдеби еңбектері зерттелу үстінде. Шәкәрім шығармаларын саналап зерттеу, шығармаларындағы әртүрлі көріністерді: заман көрінісі, сыншылдық, романтикалық сарындар, философиялық толғам лирикалық және эпикалық өрлеу, үлгі, терең бойлап зерттеуге әбден тұрарлық ойлы мәселелер.

Халық арасына кеңінен тарап, ә дегеннен-ақ жылы қабылданған шығармалардың бірі - орыстың ұлы ақыны Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі. Ақын оны қазақ өлеңінің өрнекті тілімен сөйлетті. Ахан Құдайбердиевтің айтуына қарағанда, 1903-1909 жылдары аударылса керек. Осы пікірдің дұрыстығын 1924 жылы Семей қаласында жеке кітап болып басылған «Дубровский» әңгімесі атты кітаптың алғы сөзі де растайды. Онда: “«Дубровский» ерте жазылған екен. Жазушының қолайы келмей, қолжазбамен ел арасына тарап жүрген. Сонда бір қолжазба комиссияның қолына түсіп, кімдікі екенін білген соң, жазушының өзінен нағыз қолжазбасын алдырып, жаңа жазмен көшіріп қана баспаға бердік”, делінген. Сол жарық көрген аударма мен негізгі түп нұсқаны өзара салыстыра келгенде, екуінен пәлендей дерлік ойсыраған алшақтық, ауытқылушылық та кездеспеген. Дегенмен, жарық көрген нұсқа (1924 жылы) негізге алынса да, қолжазбада бар, кітапта жоқ 28 жол өлең қосылып толықтырылған.

Оқиғаны баяндауға кіріспес бұрын ақын «Сөз алдынан» атаған кіріспе сөз жазған. Бұл сөзінде ақын қоғамының дамуы, тұрмыс - салтын сипаттап, еңбектену, ғылымға ұмтылуға үгіттеп, әңгімені аударудағы мақсатын және көркем сөздің халықтың рухани өміріндегі маңызын анық жеткізді. Түпнұсқа мен аударманың арасында тағы бір өзгешелік қазақша мәтін тарауларға бөлінбеген. Кейбір детальдар, эпизоттарды Шәкәрім саналы түрде қалдырып кетеді, ал кейбіреуін өзінен қосады. Мысалы, Шәкәрімнің мәтінде соттың көлемді анықтамасы, Дубровскийдің сүт енесі Егорованың хаты шығармаға енбеген.

Ал Троекуровтың жағымсыз қылықтарын Пушкин: “За ним ходят как собака”, “чиновники, которые жаждут”, деген деп бейнелесе, Шәкәрім: «соңынан итше ереді, ұлығы о заманның ақшақұмар», -деп немесе:

Бай өзі оқымаған екен,

Тәккәппар, мақтансүйгіш адам екен

Надандау Троекуров ғылымға олақ

Сүйтсе - дағы қадірі елге мол - ақ , - деп суреттеген.

Ғұлама ақынның аудармалары оқып отырып, оның аударма саласындағы еңбегінің орны ерекше екенін көреміз. Аудармалардың бәрінде де өзіндік өрнек, өзгеше сипат бар. Шәкәрім тәржіме кезінде түпнұсқаның мазмұнын, компазициялық құрылысын сақтап, сөз шеберлігіне келгенде талап деңгейін биіктете түседі. Сөз еркіндігіне жол береді. Қай аудармасы болмасын «қазақша қалыпта» түсіп, кейіпкерлердің ерекшелігі анықталып отырады. «Дубровскийді» аударудағы ұстанған принциптері туралы Шәкәрімнің өзі былай деп жазады:

Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін,

Қазақтың шағылдырар надан көзін, - деген жолдарда өз аудармасының тәрбиелік мән-мазмұнын ескерте кетеді. өзіне -өзі сын көзбен қарап, «дәл Пушкинше жазбай өзінше талап қылып қазаққа түсінікті тілмен жаздым. Жүрекпен ұғынар адам болса, соған айтқаным»- дейді.

Әңгімені оқу барысында көптеген сөздерді аударылмаған да қалпында кездестіреміз: «заграница», «жандарал», «заседатель», «закон», «повеске», «конвой», «секретарь», «староста», «аппеляция», «разбойник» және т. б. көптеген орыс сөздеріне ақын қазақ тілінен балама іздемеген, бәлкім олар болмаған да шығар.

Шәкәрімнің аудармаларының барлығында кездесетін мақал-мәтелдер «Дубровский әңгімесінің» де көркемдігін байытқан. «Малы көпке пәле жоқ», «мал сақтама, ар сақта», «сүйек қайда көп болса, ит сонда» және т. б.

Өз аудармасы Шәкәрім Пушкиннің мәтінінде жоқ сөздермен аяқтайды.

Залым кім, парақор кім, жазықсыз кім,

Қайсысы ақ жүректі, қайсысы сұм?

Кекті кім, кекті жеңіп кешірген кім?

Білдің бе күшті екенін махаббаттың?!

Автордың сұрақтарыда терең философиялық ой жатыр. Ол адамдарды өмір, оның маңызы жөнінде ойлауға, зорлық пен зомбылыққа көнбеуге, адамгершілікке шақырады.

Ш. Құдайбердиев орыс классигінің бай шығармашылық мұрасының ішінен дәл осы шығармаларды таңдауына не себеп болды? Деген сауал ойға келеді. Олар ақынның ағартушылық, эстетикалық талаптарына, тағылымына сәйкес келген болар, себебі Пушкиннің барлық әңгімелерінде әлеуметтік, рухани, эстетикалық мәселелер көтеріледі. Басты назарда адам, оның ішкі дүниесі мен сыртқы құбылыстары мен қарым-қатынасы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы
Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармалары
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz