Ұрғашы малдардың жыныс органдарының анатомиялық құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ұрғашы малдардың жыныс органдарының анатомиялық құрылысы

Орындаған:ДОТ 23 топ студенті Убайдуллаев М
Тексерген: Бименова Ж

Ұрғашы малдардың жыныс органдары сыртқы және ішкі бөлімдерінен тұрады. Сыртқы бөліміне: сарпайы, қынаптың алдыңғы кіреберіс бөлігі, шүртекей жатады. Ұрғашы малдың ішкі бөліміне: қынап, жатыр, ұрық жүретін түтікше, жыныстық бездер жатады.
Сыртқы жыныс мүшелері. Қынап кіреберісі (vestibulum vaginae) жыныс саңылауынан басталып қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8-14 см болатын түтікше орган. Сиырда, қойда, ешкіде және мегежінде зәр шығатын тесік кішкентай көлденең қатпармен екіге бөлінген, оның үстіңгі бөлігі зәр шығатын арнаға, яғни қуыққа барады да, ал астыңғысы тараңдігі 2 см болатын тұйық тесік - дивертикул (diverticulum suburetrale) түзеді. Бұл анатомиялық ерекшеліктерді мал ұрықтандырғанда немесе қуыққа катетер салғанда ескеру қажет. Биеде дивертикул болмайды. Қынап кіреберісінің атқаратын негізгі қызметі жыныстық қатынасты (шағылысуды) қамтамасыз ету.

Қынап кіреберісінің қабырғасы үш: кілегейлі, етті және дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Кілегейлі қабат көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған және ол әр түрлі қалыңдықта қатпарлар түзеді. Қынап кіреберісінің екі жағында, кілегей қабаттың астында екі қатар орналасқан шырыш бөлетін түтік тәрізді.
Жыныс саңылауынан 1,5-2,5 см тереңдікте, сарпайдың жоғарғы бұрышына жақынырақ, етті қабаттың ішінде қынап кіреберісінің үлкен (вестибулярлық) бездер (gl. Vestibulares major) және кіші бездері (gl. vestibulares minores) орналасқан. Бұнымен қоса биеде, мегежінде, қаншықта қынап кіреберісінің екі жағында, сарпай сфинктерінің астында тереңіректе, тығыз фиброзды қабықпен қапталған екі қуыс немесе каверналық денелер (bulbus vestibuli) орналасқан. Бұл денелер жыныстық қатынас кезнде қанға толып, сарпай ісінеді.
Қынап кіреберісінің төменгі бұрышында, шонданай сүйегінің үстінде, аталық жыныс мүшесінің рудименті - шүртекей (clitoris, cunnus) орналасады. Ол екі түрлі кавернозды денеден (венозды және артериалды) тұрады. Шүртекейдің жүйке ұштарына өте бай басы, денесі және аяқтары бар.
Сарпай (vulva) сыртынан нәзік түкті терімен қапталған екі жыныс ернеулерінен (labia vulvae) тұрады. Осы жыныс ернеулерінің жоғарғы жағы биеде сүйірленіп (commisura labiorum superior) және төменгі шектері доғалданып (commisura labiorum inferior) қосылып, жыныс саңылауын құрайды.
Ішкі жыныс мүшелері. Жұмыртқалық (ovaria, oophoron) - жұп орган, негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасын (клетка) және жыныстық гормондар түзіп шығару.
Сыртқы пішіні дөңгелек, сопақша болады, тығыз, көлемі: сиырда 3х2 см, ұсақ малдарда 1,5х1 см. биелердің жұмыртқалықтары бүйрек тәріздес, көлемі 5х3 см, кейде одан да үлкен, ал мегежіндердің жұмыртқалықтары 3х2 см, сырты бұжырланып тұрады.жұмыртқалықтың көлемі, салмағы малдың әртүрлі физиологиялық жағдайларына қарай өзгеріп отырады.
Жұмыртқалық сыртынан алғашқы эпителиймен қапталған. Осы қабаттың астында ақзаттық қабат орналасады. Жұмыртқалықты тіліп көргенде екі, яғни сыртқы - фолликулярлы және ішкі - милы (қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі) аймақтардан тұратынын ажыратамыз.
Фолликулярлы аймақта алғашқы, дамушы, пісіп жетілген фолликулдар (граафов көпіршігі) және сары денелер орналасқан.
Жұмыртқалық сиырда, қойда және ешкіде жамбас қуысында, биеде құрсақ қуысында оң жағынан 3-4-ші, ал сол жағынан 4-5-ші бел омыртқалардың астында, мегежінде, қаншықта, мысықта құрсақ қуысының артқы бөлігінде орналасады.
Жатыр түтікшелері (salpinx) - негізгі қызметі аналық және аталық жыныс торшалардың кездесуін қамтамасыз ету. Ол үшін қабаттан (кілегейлі, етті, сірлі) тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік.
Жатыр түтікшесінің ішкі кілегейлі қабаты кірпікшелі эпителийден тұрады. Ұзындығы биеде, түйеде, сиырда, мегежінде 25-30 см, қойда және ешкіде 10-15 см түтіктің ішкі диаметрі жұмыртқалыққа жақындаған сайын кеңейе береді де, ақырында жалбырланып барып бахромкамен бітеді. Кейде тіпті жұмыртқалықты қоршап жатады.
Жатыр (uterus, hystera, metra) - негізгі қызметі төлдің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Жатыр күрделі және жай болып бөлінеді. Күрделі жатыр жануарларда (қос тармақты екіге бөлінген - сиырда, түйеде, қойда, ешкіде, мегежінде, қаншықта; қостармақты - биеде, есекте), қос жатыр - кеміргіштерде, ал жай жатыр - приматтарда. Жатыр қабырғасы кілегейлі, етті, сірлі қабаттардан тұрады.
Жатыр жамбас қуысында орналасқан. Сиырдың жатыр тармақтары жамбас қуысында жатады. Кейде көп туған немесе кәрі сиырларда құрсақ қуысына қарай түсіңкіреп орналасады, ал биенің, мегежіннің, қаншық пен мысықтың жатыр тармақтары құрсақ қуысында жатады. Олар жатыр шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшық еттеріне бекітілген.
Жатыр үш бөліктен тұрады: жатыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Персистентті сары денені анықтау және емдеу
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Буаздық ісігі
Пәндер