Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№2 Лекция тақырыбы: Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: бұл сабақтың мақсаты бағаның құндық негіздері және нарықтағы алатын орны бойынша студенттердің білімін қалыптастыру болып табылады.
Лекция мазмұны:
2.1.Баға - күрделі экономикалық категория
2.2.Бағаның нарықтағы орны қандай?
2.3.Баға жасау методологиясы

2.1.Баға - күрделі экономикалық категория
1. Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі, өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан босатылады және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
2.2.Бағаның нарықтағы орны қандай?
Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.
Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.
2. Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.
1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.
2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды). Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы, тиімділіктің шекті деңгейін орнату). Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.
3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға және баға жасау туралы ақпарат
Баға және баға жасау процесі жайлы
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Нарықтағы баға және баға жасау
Нарық жүйесіндегі қаржы
Баға және баға жасау жайлы мәлімет
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
Қазақстандағы баға саясаты
Мода және тауар болашағы факторлары
Пәндер