Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№3 Лекция тақырыбы: Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: бұл сабақтың мақсаты Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдерін түсіндіріп, мысалдар арқылы сабақты пысықтау болып табылады.
Лекция мазмұны:
3.1.Тауар бірлігінің бағасын анықтау
3.2. Баға тағайындаудың кезеңдері

3.1.Тауар бірлігінің бағасын анықтау
Кез келген нақты бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу процесіне байланысты. Құрамдас элементтер бойынша тауар бірлігінің (данасының) бағасы (Б) былай анықталады:

мұндағы: Өқ - тауардың өзіндік құны (тауар бірлігін өндіруге кеткен шығындар жиынтығы);
П - пайда;
ҚҚС - қосылған құнға салынатын салық мөлшері, оны мемлекет анықтайды;
Сү - делдалдың саудалық үстемесі, ол оның жеке шығындары, пайдасы және ҚҚС-тан тұрады.
Егер фирма акциздік тауарды өткізетін болса, онда тауар бағасы мынаған тең:

мұндағы: A- акциз, ол мемлекет арқылы белгілі бір мөлшерде алынады.
Сауда ұйымдарының үстемесі олардың жеке шығындарына, тауар түрінің сапасына, ерекшеліктеріне және қажетті еңбек көлеміне қарай 10-50% аумағында тағайындалады.
3.2.Баға тағайындаудың кезеңдері
1. Алдымен, баға қоюдың мәселелері мен мақсаты анықталып, соған байланысты бар және әлуетті нарықтар мен сегменттер талданады.
2. Екінші кезеңде баға тағайындауға әсер ететін факторлар талданады. Ең жоғары бағаны анықтауға мүмкіндік беретін тауарға деген сұраныс деңгейін білу қажет. Осы мақсатпен әр түрлі бағаларға қатысты сұраныс икемділігі анықталып, оңтайлы баға деңгейі табылады, сұраныс және тұтыну сәйкестілігінІң графиктері салынады,бағалық емес факторлар әсері және тұтынушылар талғамының өзгеруі бағаланады. Сұраныс және икемділік коэффиценті жайлы ақпарат кәсіпорынның баға туралы дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Көптеген азық-түлік тағамдары үшін сұраныстың баға мен түгынушылар табысына тәуелділігі жоғары екені анықталды. Мысалы, Бахус ААҚ өндірген Дары природы атты шарап бағасының 1 теңгеге көтерілуі тек оның өткізу көлемінің азаюына ғана емес, тіпті осы өнім өндірісінің тоқтауына әкелді. Бұл оның бағалық икемділігінің жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан маркетолог мамандар тауарға қойылған бағалардың әр түрлі деңгейлеріне сұраныс қаншалықты әсер ететінін анықтауы қажет.
3. Баға белгілеудің келесі кезеңі тауардың ең төменгі бағасын сипаттайтын шығындар көлемін анықтауды көздейді. Мұның ыңғайын білу өзін-өзі ақтау нүктесін есептеуді, бәсекелестер шығындарын анықтап, мемлекеттің бағаға әсер ететін анықтауды талап етеді.
Шығындар құрамын бухгалтерлер Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары негізінде есептеп шығарады. Кәсіпорындарда шығындар құрамын анықтаған кезде жоғарыдағы құжатпен қатар Өнім өндіру және оны сату шығындарының құрамы және пайданы қалыптастыру тәртібі туралы Ереже де іс-әрекет етеді.
Қазақстанда баға тікелей есептеумен (жұмсалған шығын тәсілімен) белгіленеді, ол барлық шығындарға пайданы қосып есептеуді көздейді. Мысалы, егер өнімнің толық өзіндік құны 100 мың тг, ал жылдық өнім шығару көлемі -200 дана болса, тауардың өзіндік құны 500 тг құрайды (100 мың тг: 200 дана). Шартты рентабельділік 30%-дан тұрады десек, тауар бірлігінің көтерме бағасы 650 тг болады (500 ТГ-К500 тг х 30%: 100%).
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің кәсіпкерлері кері калькуляция жүргізеді, яғни, оларда қалыптасқан нарық бағасы бойынша пайда мөлшеріне емес, қажетті тауар санының жылдамдығына қарап қойылады. Белгілі бір күнтізбелік уақыт мерзімі ішінде шығындарды біртіндеп өтеу мүмкіншілігі шығынсыздық нүктесі деген ұғымды тудырады. Бұл жағдайда бағаның анықталуы шығынсыздық нүктесі есебіне, тұрақты және өзгермелі шығындарды табуға негізделеді.
Бұл әдіс, АҚШ-та директ-костинг, ал Еуропа елдерінде-маржиналдық есеп немесе өтеу сомалары әдісі деп аталып кетті. Ол -- маржиналды табыс алу қағидасын қолдануға негізделген әдіс. Маржиналды пайда тауар сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады. Маржиналды табыс тұрақты шығындардың орнын толтыру арқылы пайданы қалыптастырады. Бұл әдіс фирма іс-әрекетінің пайда әкелетіндігін анықтаудың тиімді құралы болып табылады. Баға белгілеудің негізгі факторларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға белгілеу саясаты
Баға белгілеу факторлары
Баға белгілеу саясаты туралы
Баға белгілеу
Маркетингтің баға саясаты
Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі. Баға белгілеу факторлары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Маркетинг жүйесіндегі жарнама туралы
Пәндер