Бағалар жүйесі жəне олардың классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

№4 Лекция тақырыбы: Бағалар жүйесі жəне олардың классификациясы

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: бұл сабақтың мақсаты баға жүйесі түсінігі, бағаның құрылымдық элементтері жəне оның құрылымы туралы ақпарат бере отырып, бағалар классификациясын көрсету болып табылады.

Лекция мазмұны:

4. 1. Баға жүйесі түсінігі

4. 2. Бағаның құрылымдық элементтері жəне оның құрылымы

4. 3. Бағалар классификациясы

4. 1. Баға жүйесі түсінігі

Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан жəне бірігіп əрдайым түрлі факторлардың əсері бір жүйені құрайды.

Бағалар жүйесі - нарық қатысушыларына қызмет көрсететін жəне олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген əртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.

Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне əкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің жəне нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.

Əр блок жəне əр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені əкеледі.

Қазіргі бағалар жүйесінде əр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, жəне олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)

Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы жəне толық беретін жəне халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.

Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары - дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын жəне тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.

1-сурет - Қазіргі заманғы нарықтың қызмет көрсету масштабы мен ерекшеліктеріне байланысты жалпы бағалар жүйесі

Ұлттық (ішкі) бағалар - ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын жəне елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.

Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар - кəсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.

Сыртқы сауда бағалары - импортталатын жəне экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.

4. 2. Бағаның құрылымдық элементтері жəне оның құрылымы

Əр бағаның өзінің белгіленген элементтері болады:

1) өнім бірлігінің өздік бағасы;

2) кəсіпорын табысы (рентабельдік нормасына) ;

3) жанама салықтар (акциз, қосымша құнға салық салу) .

Мұнда баға түріне қатысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Проценттер немесе бірлік бөлігі ретінде көрсетілген бағаның жеке элементтерінің қатынасы баға құрылымын құрайды. Баға құрамы жəне құрылымы 2 суретте көрсетілген.

2-сурет - Баға құрамы жəне құрылымы

Бірнеше көтерме делдалдар болған кезде оған қатысты сондай мөлшерде (санда) бір тектік элементтер пайда болады: көтерме делдалдың сатып алу бағасы, көтерме делдалдың сату бағасы.

Оның нəтижесінде баға құрамындағы снабженческо-сбытовой қосымшасының саны өседі, ал тауар бағасының құрылымы күрделенеді.

Кəсіпорын өндіретін өнімнің бағасын біле тұра, бағада шығындар, табыстар жəне жанама салықтар қандай роль ойнайтынын анықтауға болады.

Оның негізінде өздік құнның төмендеуінің резервтері анықталады, баға стратегиясы жасалып шығады, сонымен қатар кəсіпорынның қазіргі мезетіне жəне мақсатына байланысты баға белгілеу əдісі таңдалады.

Бағалар классификациясы (баға түрлері жəне олардың классификациясы)

Бағалар біріңғай баға жүйесін құрайды жəне оның өзінің классификациясы болады (3-сурет) .

I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы

Ұлттық экономикаға қызмет көрсету сферасы бойынша бағалардың дифференциациясы экономика сферасының əр түрлі ерекшеліктерінің есебі негізінде құрылады.

Берілген топтың бағалары төмендегідей жіктеледі:

1) көтерме бағалар өнеркəсіптік кəсіпорындар немесе олардың делдалдары бөлшектік саудалық ұйымдар қызметтерінсіз өзінің тауарларын үлкен мөлшерлерде сататын бағалар. Өнім көтерме бағамен кəсіпорындар, салалар араларында, сауда ұйымдарына сату арқылы көтерме саладан бөлшектік салаға сатылады, бірақ ол ұсақ партиялармен сатып алатын халыққа сатылмайды. Көтерме бағалармен тауарларды жөнелту қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысады;

2) бөлшектік бағалар - тауарларды соңғы тұтынушы - халыққа сататын бағалар, өйткені бұндай тауарлар негізінде тұтынушылық өнімдер болып табылады. Бөлшектік бағаларды қолдануда көбінесе қолма-қол ақшамен есеп айырысады;

3) сатып алу бағалары (закупочные) - ауылшаруашылық өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерін үлкен көлемде мемлекетке жəне кəсіпорындаға сататын бағалар. Егер мұндай өндірушілер ауылшаруашылық емес өнімді сататын болса (мысалы, артық техника), онда бұл бағалар көтерме болады. Көбіне ауылшаруашылық өнімін үлкен көлемде мемлекеттік саясаттың материялдық базасы ретінде фондтар құру үшін мемлекеттік органдар сатып алады. Сонымен қатар сатып алу бағалар деп ауылшаруашылық өнімдерін үлкен партиялармен мемлекеттік емес кəсіпорындар жəне ұйымдар (мысалы, ет комбинаттары) сатып алатын бағаларды атайды. Егер ауылшаруашылық өнімі халыққа сатылатын болса, онда «бөлшек баға» деген ұғым қолданылады. «Сатып алу бағалар» ұғымынан

«мемлекеттік сатып алу бағалары» ұғымын айыра білу керек. Мемлекеттік закупка бағалары - орталықтанған мемлекеттік фондттар құру үшін мемлекеттік органдар əртүрлі өнімдерді (тек қана ауылшаруашылық өнім ғана емес) сатып алатын бағалар. Мемлекеттік сатып алу объектісі болатын өнімдер халықшаруашылық, стратегиялық жəне əлеуметтік маңызға ие болады (шикізаттың негізгі түрлері, жанармай, бидай, мақта жəне т. б.

Бағаның басқа түрлеріне қарағанда, мемлекеттік сатып алу бағалары арқылы ең алдымен жалпы ұлттық мəселелер шешіледі, сондықтан мемлекет сатушыға белгіленген жеңілдіктер береді;

4) құрылыс өнімдерінің бағалары. Құрылыс өнімдеріне қолданылатын сметалық бағалар туралы айтылады. Оның екі түрі болады: жалпы құрылыс объектісінің сметалық құны жəне типтік құрылыс объектісінің шекті өнімі бірлігінің орташаланған сметалық құны (мысалы, 1шаршы метр тұрғын ауданы үшін, 1 шаршы метр бояу жұмыстары жəне т. б. ) ;

5) Тарифтер - ерекше түр тауарларының бағалары - қызметтер бағалары. Қызметтеің ерекшелігі - оның нақты материалдық-заттық формасы болмауында. Осыған байланысты сатып алушы қызметті сатып алуы кезінде оның (қызметтің) сапасы туралы толық түсінігін алуға мүмкіндігі болмайды. Сатып алушы сатып алатын қызметі туралы ақпаратты тек оның сатушысы арқылы біледі. Қызмет көрсету кезінде өндіріс мерзімі тұтыну мерзімімен дəлме-дəл келеді, яғни мұнда делдалдың көмегі қажет емес. Бұл қызметті бағалаудың ерекшілігін шарттайды жəне «қызметтерге арналған тарифтер» ұғымын түсіндіреді, бірақ «қызметтерге арналған бағалар» ұғымын қолдану дұрысырақ болар.

Қызмет көрсету саласына байланысты көтерме тарифтер (ауыр жүк транспорты, байланыс жəне юридических лиц арналған қызметтердің басқа түрлері) жəне бөлшектік, яғни халыққа арналған қызметтерге тарифтер;

6) сыртқы сауда бағалары - жоғарыда айтылғандай, ұлттық тауарлар мен қызметтердің экспорты, ал шетел тауарлары мен қызметтерінің импорты іске асатын бағалар. Бұл топтың бағаларының құрылуы ұлттық бағаларды құрудан ерекшеленеді. Сыртқы сауда бағаларын есептеуде бəсекелестік материалдарды қолдану пайдалы, яғни дүниежүзілік нарықта ұқсас өнімді немесе өнімнің технико- экономикалық параметрлері бойынша жақын өнімді өндіретін жəне сататын фирмалардың бағалары туралы ақпарат.

Экспорттық бағалар - дүниежүзілік нарықта өндірушілер немесе сыртқы саудалық ұйымдар ұлттық тауарларын (қызметтерін) сататын бағалар. Бұл бағалар келесі түрде анықталады:

- дүниежүзілік нарықта ориентир - бағаны таңдау;

- бұл бағаны шарттасудың (келісудің) нақты шарттарына əкелу (сапасын, тасымалдауын, төлемін, сақтандыруын, сақтауын жəне т. б. ескере отырып) ;

- экспорттық пошлинасын еңгізу;

- ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша келісімді жасаған күнге экспорттаушы - ел валютасына ауыстыру.

Импорттық бағалар - фирмалар тауарларды (қызметтерді) шетелден сатып алатын бағалар. Импортталатын өнімдерге бағаларды кедендік импорттық баж салығына, валютаның курсы жəне бұл тауардың мемлекет ішінде жөнелту шығындарының негізінде белгіленеді. Импорттық бағалар құрылымында жанама салықтар маңызды орын алады.

II Мемлекет басқаруының қаталдығы деңгейі бойынша бағаларды топтастыру:

1) нарықтық бағалар (бос) - мемлекеттің тура бағалық қатысуынан бос болатын бағалар. Сонымен қатар, олар бағаның деңгейі мен құрылымына əсер ететін басқа да рычагтардың іс- əрекеттерінен бос болмайды;

2) басқарылатын бағалар - өзгерулерінің белгіленген шекаралары бар болатын бағалар жəне өзгертулері мемлекет бекітетін белгілеген əдістеме бойынша іске асады. Нарықтық экономика шарттарында бұл түрдің бағалары жеткілікті таратылған жəне дəстүрлі жоғарылатылған мемлекеттік бақылау объектісі болып табылатын тауарлар мен қызметтерге белгіленеді (шикізаттың, жанармайдың, магистральді көліктің, байланыстың негізгі түрлері, əлеуметтік мағынадағы өнімдер жəне т. б. ) .

III Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру

Баға белгілеудің кезеңдері бойынша бағалардың дифференциациясы өндірушіден шекті тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысы үрдісінде пайда болатын бағалар арасындағы сандық байланысты көрсетеді. Тауар қозғалысының əр алдыңғы кезеніндегі баға келесі кезеңнің элементі болып табылады. Тауар қозғалысы үрдісінде бағаны құру жоғарыда 2 суретте қарастырылды:

1) Өндірушінің көтерме бағалары тауар өндірісі кезенінде пайда болады, аралық мінездемесі бар жəне өнімді өндірушінің өндіруге жəне жөнелтуге кеткен шығындарды қайтаруға жəне кəсіпорынның ойлаған пайдасын əкелуге арналған.

Дайындаушының бағаларын қарастра отырып, ішкі шаруашылық бағаларға тоқтамауға болмайды.

Ішкі шаруашылық, немесе трансферттік бағалар - бір шаруашылық құрылымның бөлімшешелінің өзара есеп айырасатын баға. Бұл бағалар жиі сыртқы нарықтық конъюнктураға бағытталмаған, олар берілген шаруашылық құрылымның жалпы саясатына қатысты ішкі есептік-бөлушілік есептерін шешу керек. Жиі жағдайда ішкі шаруашылық бағалар өндірушінің бағаларымен сəйкес келуі мүмкін;

2) көтерме сату бағалары дайындаушының бағаларынан басқа бюджет кірісінің маңызды статьялары болып табылатын жанама салықтарды еңгізеді;

3) көтерме сатып алу (закупка) бағалары делдалдық кезеңінде құрылады. Көтерме сатып алу бағалары көтерме сату бағаларынан басқа делдалдық қосымшаларды (жеңілдіктерді) қосады. Көтерме сатып алу бағалары делдалдық звенонвң жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық шарттарды қамтамасыз етеді;

4) бөлшектік бағалар бөлшектік сауда саласында құрылады. Олар көтерме сатып алу бағаларынан басқа сауда жеңілдіктерін (қосымшаны) қосады. Бөлшектік бағалар бөлшектік сауданың пайдалы жұмысы үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етеді.

IV Бағаларды негізгі шарттарын есепке алып тоатастыру

Базистік шарттар дегеніміз өнімді тасымалдауға, көтеруге, түсіруге, сақтандыруға жəне тауарлар мемлекеттік шекараларды кесіп өтетін жағдайда кедендік əзірлеуге кеткен бағаларда көрінісін табатын шарттар.

Дүниежүзілік тəжірибеде (сонын ішінде Қазақстанда) бұл ережелер əдейі құжат «Инкотермс 2000» негізінде қолданылады.

Сатушылар мен сатып алушылар арасында шығындар қалай бөлінетіне байланысты бағалар базистік шарттар бойынша құрылады. Сатушы өзіне шығындар көлемін неғұрлым аз алатын болса, соғұрлым баға құрылымдық толық емес болып саналады жəне керісінше.

Құрылымдық толық емес бағалар, ереже бойынша, өндірісінде аз нүктелер қолданылып, ал тұтыну жүйесі өте кең болатын тауарлар бойынша келісім шарттар жасаған кезде қолданылады. Бұндай жағдайда сатушыға шығындарды базистік нүктеге (өндіріс немесе табыс нүктесіне дейін апаратын) дейін жеткізу пайдалы болады, Сатушыға өнімді əр сатып алушыға дейін жеткізу пайдалы емес, ал кейбір жағдайда ол мүмкін емес. Мұндай жағдай мұнай өнімдерін (цистерналарда), көмірді, бидайды т. б. тасымалдау кезінде пайда болалы.

Құрылымдық толығырақ бағалар келесілерді қолданады:

1) сапасы тасымалдау сапасына жəне тұтынушыдағы өндеу сапасына байланысты болатын əдейі жасалған өнімді;

2) əдейі көлікті қолданып, стандартты өнімді ( құбырларда мұнайды тасу) ;

3) егер сатушы берілген тауар нарығын жаулап алу саясатын жүргізсе, онда өнімнің кез-келген түрі.

Бұндай жағдайда сатушы сатып алушыға дейінгі тауар қозғалысының бүкіл кезендерін қамтып алуға тырысады.

Бағалар франко-жіберу жəне франко-тағайындау болып бөлінеді.

1) Франко-жіберу бағалары - бұл өндіріс шығындарынан жəне қажетті пайдадан басқа, негізгі жүк тасымалдауының бастапқы нүктесіне дейінгі көлік шығындарын қосатын баға. (Мысалы, қазып алынатын көмір шахтыдан жақын жердегі темір жол станциясына дейін апарылады, сол жерден көмір алыс жерлерге децін тасымалданады) ;

2) Франко-тағайындау бағалары - өздік құн жəне пайдадан басқа, белгіленген жерге дейінгі, тіпті тұтыну нүктесіне дейінгі шығындарды қосатын бағалар. Жіберу бағаларымен салыстырғанда, бұл бағалар негізгі көліктік құрылымдардан тұрады.

3-сурет - «Франко» шарттарын қолданылған бағалардың түрлері.

V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша жəне бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру

Бұл топта бағаның келесі түрлері болады:

1) тура байланыстар бағалары, олар сатушылардың бағасы, сатып алушылардың бағасы, келісімдік баға немесе факттық келісімдер бағасы болып бөлінеді:

а) сатушының бағалары - сатушы өз тауарларын ұсынатын (жарнамалайтын) бағалар. Бұл сатушы қажет ететін бағалар;

б) сатып алушының бағалары - бұл сатып алушының қажет ететін (жариялайтын) бағалары;

в) келісімдік баға немесе факттық келісімдер бағасы - сатушы мен сатып алушы арасында, контрактпен (келісім шартпен) бекітіліп, келісімділік жасайтын бағалар. Контракттік бағалар, немес факттік келісімділік бағалары əдейі коммерциялық құжаттарда - контракттарда жəне есепшоттарда бекітіледі, олар нақты сатушы мен сатып алушы арасында бекітілетін келісімнің нақты шарттарын - тауар санын мен сапасын, тасымалдау мерзімі мен шарттарын, төлем шарттарын, кепілдігін, жəне т. б. көрсетеді.

Факттік келісімдер бағалары құру əдісі бойынша келесіге бөлінеді:

- факттік келісімдердің нақты бағалары келісім-шартты əзірлеу кезінде белгіленеді, жəне олар оның бүкіл қолдану мерзімі кезінде өзгертілмейді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаның түрлері, формалары, жүйелері
Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері
Бағалар және қаржылардың өзара байланысы
Қорлардың мәні және олардың классификациясы
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарық
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Өнімді бұрмалаудың әдістері және түрлері
Ақауларды жөндеуге шығындар
Ұлттық есеп жүйесiндегi негiзгi ұғымдар мен категориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz