Бағаға əсер етуші факторлар
№5 Лекция тақырыбы: Бағаға əсер етуші факторлар
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Бағаға əсер етуші факторлар ретінде шығындар; бəсекелестер; мемлекет (мемлекеттік басқару); тауар қозғалысы каналдарының қатысушылары мен тұтынушы факторларын қарастырып, олардың бағаға әсерін талдау болып табылады.
Лекция мазмұны:
5.1.Шығындар
5.2.Бəсекелестер
5.3.Мемлекет (мемлекеттік басқару)
5.4.Тауар қозғалысы каналдарының қатысушылары
5.5.Тұтынушылар
Бағалық стратегияны жасау үшін фирма бағаға əсер ете алатын бүкіл факторларды анықтап, талдауы қажет. Көп жағдайда бұл фирмаға қатысты сыртқы себептер, жəне оларды фирма бақылай алмайды. Шекті бағалардың өлшеміне (мөлшеріне) келесі факторлар əсер етеді:
1) шығындар;
2) бəсекелестер;
3) мемлекет (мемлекеттік басқару);
4) тауар қозғалысы каналдарының қатысушылары;
5) тұтынушылар.
Бұл факторлардың əрқайсысын бөлек қарастырайық.
5.1.Шығындар
Шығындарды анықтаудың (есептеудің) екі жолы болады:бухгалтерлік жəне экономикалық жол. Бухгалтерлік жолдарға қатысты өнімді шығарудың шығындары тұтынудың факттік бағаларына шығындалған ресурстардың құны ретінде анықталады.
Экономикалық жолға сəйкес, шығындар бірдей қорларды (ресурстарды) қолданудың бүкіл балама бағыттардың ең падалысын қолданып алуға болатын басқа игіліктердің құны ретінде анықталады.
Кəсіпорын үшін тауар бағасының құрамындағы мағынасы бойынша маңызды элементі болып оның өздік құны (ақша түрінде кездесетін өндіріс жəне өнімді жөнелту шығындары) табылады.
Бағаны негіздеу кезінде кəсіпорында өнім бірлігінінің өздік құнының калькуляциясы əзірленеді. Мұнда шығындар тізімі, олардың шығындардың бұйымдары мен орталықтарының құрамы жəне бөлу əдістері өнімнің өздік құнын жоспарлау, есептеу бойынша салалық нұсқаулықтармен бекітіледі.
Уақытша шығындар - олардың өлшемдері өндірістік қуаттардың деңгейлері өзгерген кезде бірге өзгереді (өндіріс көлемдері өзгеруімен бірге: шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары, электроэнергия жəне т.б.).
Тұрақты шығындарға əдетте өндірістік қуаттар дəрежесі өзгерген кезде өдшемдері өзгермейтін шығындар жатады (қосымша жұмысшылардың жалақылары, коммуналдық төлемдерге шығындар, көлік шығындары, жарнама шығындары, амортизация жəне т.б.)
Өнімнің құрамына қосуға байланысты шығындар тура жəне жанама болып бөлінеді.
oo Тура шығындар - өнімнің құрамына тура еңгізілген (шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары).
oo Жанама шығындар - өнімнің құрамына жанама еңгізілген (жарнама шығындары, көлік шығындары, коммуналдық төлемдер жəне басқалар).
Кəсіпорын шығындары тауардың шекті бағасына үлкен əсерін тигізеді. Олар шикізатты, жұмыс күшін, тауардың бөлек компоненттерін, көлік қызметтерін алуымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай шығындар бақылана алмайды, бірақ баға белгілеу кезінде есепке алынуы тиіс. Оны бірнеше əдістер арқылы іске асыруға болады:
- шығындар көбейген сайын фирма өзінің өнімінің бағаларын жоғарылатады жəне олардың жоғарылау ауырлығын тұтынушының иығына салады;
- фирма шығындары өсуін өндірілетін өнімнің алуан түрлігін (ассортиментін) өзгертпей, өзінің ішкі резервтері арқылы бөлшектеп қайтара алады;
- өнімдердің өздерін өзгерту (олардың өлшемдерін қысқарту, арзан шикізатты қолдану арқылы сапасын азайту), бірақ бағаның деңгейін өзгеріссіз қалдыру;
- өнімді сатып алушылар үшін бағаның жоғарылауы шамадан тыс болып көрінбей, ал ол жоғарғы сапалықпен, ынғайлықпен, абыроймен теңестірілетіндей деңгейде толық жетілдіру;
- шығындарды төмендету арқылы, фирма өнімнің бағасын төмендетуге немесе мүлде өзгеріссіз қалдыруы мүмкін, сөйтіп, өзінің пайдасын арттыру.
5.2.Бəсекелестер
Бағаның дəрежесіне əсер ететін маңызды элемент ол - бəсекелестік болып табылады. Маркетингтік тұрғыдан фирма өзінің іс əрекетін белгілі орталарда талдайды. Бағаны кім бақылайтындығына байланысты оның үш ортасын бөліп көрсетеді:
- нарықта бақыланатын бағалар орталығы, ол бəсекелестік деңгейінің жоғарылығымен, сонымен қатар тауар мен қызметтің ұқсастығымен ерекшеленеді. Осы жағдайға байланысты фирманың дұрыс бағаны белгілеуі өте маңызды болады, өйткені бағаның тым жоғары болуы тұтынушыларды өзінен алшақтатып, бəсекелестік фирмаларға кетуіне ықпал етеді, ал бағалардың төмендеуі кəсіпорынға болашақ пайданы əкелмейді;
- бағаның бір немесе бірнеше фирмалармен бақылануы, ол шектелген бəсекелестікпен, тауар мен қызметпен ерекше болуымен сипатталады. Бағалардың төмендігі немесе жоғарылығына қарамастан, олар өз тұтынушыларын табады, бағаны таңдау тек стратегиялық жəне мақсаттық нарыққа байланысты болады;
- үкіметпен бақыланатын бағалар ортасы, олар транспортқа, байланысқа, коммуналды қызметке жəне азық түлік өнімдеріне таралады.
5.3.Мемлекеттік басқару
Үкімет заң шығару жолымен өндірушілер араларында жəне көтерме сауда жəне бөлшектік сауда араларында бағалар туралы келісімдер жүргізу жəне бекітілген бағаларды құру əрекеттеріне шек қояды.
Тура мемлекеттік бағалық басқарудың негізгі рычагтарын атап өтейік:
1) бағаның жоғарғы абсолюттік шегін құру (нарық шарттарындағы ең қатаң (қатал) рычаг); нұсқа - алғашқы негізгі бағаны жəне оның өсуінің шекті бағалық коэффициенттерін анықтау;
2) рентабелдік нормативтердің пайыздарын өздік құнға регламенттеу арқылы бағаның өсуіне шек қою;
3) делдалдық сый-сыйапаттарға шек қою;
4) бағаның төменгі шегін анықтау.
Алғашқы үш рычаг арқылы инфляцияның өсуін жою үшін бағаның өсуін сақтайды.
Төртінші рычаг, ең алдымен, фиксалдық мақсаттарда қолданылады. Бағаны төмендету мүмкінсіздігі бюджетке бөлу өлшемдерін жоғарылатуға көмектеседі. Бұл рычаг бюджеттін ең маңызды кірістік статьясы болып саналатын жанама салығының үлкен бөлігі бар (ең алдымен акциздер) тауарларға қатысты кенінен қолданылады.
Төменгі бағалық шекті мемлекет ғылыми-техникалық прогреске түрткі болу үшін бекітеді. Прогрессивтік салаларда өндірістің өсуі - жалпы ұлттық міндет. Бағаның төменгі шегін еңгізу монополиялардың монполияландырылмаған кəсіпорындар - ұқсас прогресшіл өнімдерді өндірушілерді əлсірету үшін бағаларды төмендетуді қолдану мүмкіндігінен айырады.
Тура бағалық басқарудың ең ақырғы жолы - бекітілген бағалар (бір деңгейдегі бағалар) болып табылады. Мұнда сатушы олардан құтыла алмайды. Бекітлген бағалар басқа да барлық көрсеткіштердін бірдейлігін көрсетеді, сондықтан олар нарықтық емес, ал əкімшілік басқарушы экономикаға тəн.
Бағаны басқарудың мемлекеттік əдістеріне сатушының бағаның өзгеруі туралы алдын ала хабарлауы, сатушының бағаның ресми мəлімдеуі жəне сатушы мен мемлекет араларында баға туралы келісім жүргізуі жатады.
5.4.Делдалдар
Өндірушілерден көтерме жəне бөлшек саудамен айналысатын делдалдар барлық жолдармен өнім өндіруді жоғарылатып, түскен пайда мен белгіленген бағаны бақылайды. Өткізу арналарының барлық қатысушыларының бағаны белгілеуі туралы бір шешімге келуі үшін, кəсіпорын бірнеше шарттарды орындауы тиіс:
- əрбір қатысушыға өз шығындарын жауып жəне өзіне табыс əкелетіндей белгілі үлеспен қамтамасыз ету;
- көтерме жəне бөлшек саудагерлері үшін өнімді ең төмен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz