Баға белгілеудің əдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№7 Лекция тақырыбы: Баға белгілеудің əдістері
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: бұл сабақта баға белгілеудің əдістеріне тоқталып, бағаларды бастамалы өзгерту, калькуляциялық шығындардың схемасы, маржиналды табыстың коэффициенті және шығынсыздық анализі туралы ақпарат беру болып табылады.
Лекция мазмұны:
7.1.Баға жасаудың екі негізгі әдісі
7.2.Бағаларды бастамалы өзгерту
7.3.Калькуляциялық шығындардың схемасы
7.4.Маржиналды табыстың коэффициенті
7.5.Шығынсыздық анализі

7.1.Баға жасаудың екі негізгі әдісі
Баға жасаудың екі негізгі әдісі әсіресе кең қолданылады:
* Толық шығындар әдісі. Кост-плас. Калькуляцияға және тіркелген пайда нормасына негізделген
* Тура шығындар әдісі. Өзгермелі шығындар калькуляциясына және маржинальды табысқа негізделген.
Бағаны белгілегенде фирма сұранысқа және ұсынысқа әсер ететін басқа да факторларды есебке алу қажет. Барлық факторлар баға реттегіш факторларға жатады. Факторлардың саны көп болғаннан кейін фирма баға жасаудың икемді әдістерін қолдануға тиіс.
Нарықта жетілген және жетілмеген бәсеке болуы мүмкін. Жетілген нарықта фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға көп әсер ете алмайды, жетілмеген де керісінше.
Әтүрлі нарықтарда әртүрлі баға бәсекелесі болуы мүмкін (монополияларда, жетілген нарықта). Фирма жалпы алғанда өзінің шығындарына басқару жүргізу қажет.
Іс жүзінде баға анықтаудың келесі әдістемелері болуы мүмкін:
* Шығындарға қарай (алдымен толық өзіндік құн, оған пайыздық қосылымдар). Бұл әдістеме бойынша мақсатты баға немесе мақсатты пайда деңгейі, шығынсыздықты қамтамасыз ету анықталады. Әдістеме технологиясы: алдымен өндірістік қуат бағаланады, одан кейін калькуляция жасалынады, шығындарға үстеме шығындар және пайда нормасы қосылады, соңында анықталған мақсатты табысты өнім көлеміне бөледі. Шығынсыздықты қамтамасыз ету формуласы: Баға*Көлем=Тұрақты шығындар + өзгермелі шығындар*Көлем.
* Сұранысқа қарай (сұранысты анықтау әлдеқайда қиын және сандық мөлшерде көрсетуде кедергілер бар, өйткені сұранысқа әсер ететін факторлар өте көп). Бұл әдістеме бойынша көбінесе бағаны анықтаудың келесі әдістері қолданылады: дискриминация, тауарлардың ассортиментті тобы бойынша баға жасау.
* Бәсекелеске қарай (жабық сатулар, тендер жүргізу). Бұл жерде фирмалар өздерінің шығындарын бағалайды және бәсекелестердің мүмкін ұсыныстарына баға береді.
Жалпы алғанда фирма жетекшілері келесі сұрақтарды қоймай олардың орнына басқа сұрақтарды шешу қажет:
1) Шығындарды қайтарып, жақсы пайда алу үшін қандай бағаны қою қажет? Деген сұрақтың орнына Біз қол жеткізе алатын нарықтық бағалар негізінде пайда алу үшін қанша шығын жұмсауымыз қажет деген сұрақты шешу қажет
2) Берілген тауарға сатып алушы қандай бағаны төлеуге дайын деген сұрақтың орнына Берілген тауардың біздің тұтынушыларымызға құндылығы қандай және фирма тауар бағасының осы құндылыққа сәйкестігін қалай дәлелдеу қажет деген сұрақты шешу қажет
3) Қажет сату көлемдеріне, нарық үлесіне жету үшін қандай бағалар қолдану керек деген сұрақтың орнына Қандай сату көлемдері және нарық үлесі біз үшін ең пайдалы деген сұраққа ауыстыру керек.
Бұл сұрақтар қаржы бөліміндегі мамандар мен маркетологтар арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.
Баға жасау әдістері
Фирма жай баға орнатпай, барлық шығаратын тауар ассортиментіне бағалар жүйесін белгілейді. Бастапқы бағаны белгілеп, фирма оны әртүрлі факторлардың әсеріне байланысты түзетіп отырады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау (қаймақты алу және нарыққа ену әдістері қолданылады), нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
Сапа\Баға
Жоғары
Орташа
Төмен
Жоғары
Сыйлықты қосылымдар стратегиясы
Нарыққа терең ену стратегиясы
Құндылық мәнін жоғарлату стратегиясы
Орташа
Артық қойылған баға стратегиясы
Орташа деңгейлі баға стратегиясы
Жақсы сапа стратегиясы
Төмен
Ұрлау стратегиясы
Көркемділігі өтірік стратегиясы
Құндылық мәнін төмендету стратегиясы

2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді.
3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:
а) тауар шығару орнында бағаны анықтау
б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау
в) зональды бағалар анықтау
г) базистік нүктеге қарай баға орнату
д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.
4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату. Шегерімдер түрлері: таза ақшамен төлеу үшін; тауар көлемі үшін; функциональды шегерімдер (тауар қозғалысына қатысушыларға жасалынады); маусымды шегерімдер; келісулер (ескі тауарды тапсырғанда жасалынатын шегеімдер, немесе делдалға (жарнамаға, өткізуге көмектессе) және т.с.с.
5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату. Тұтынушыларды келтіру мақсатында жасалынады: кейбір тауарларға, кейбір уақыт мерзімінде, белгілі уақыт аралығында және т.с.с.
6) Дискриминациялық бағаларды орнату.
7.2.Бағаларды бастамалы өзгерту (инициативное изменение): Кейде фирма әртүрлі факторларға байланысты бағаларды өздігінен өзгертеді:
1) Бағаларды төмендету. Оған себеп ретінде өндірістік қорларды толық қолданбау, нарық үлесінің азаюы болуы мүмкін. Бұл шара шығындарды азайту шараларымен бірге өткізілу керек.
2) Бағаларды өсіру. Оған себеп: инфляция, артық сұраныстың болуы.
Тұтынушылардың баға өзгерісіне жауап беруі. Тұтынушылар кейде бағаның өзгерісін сәйкес түсінбеу мүмкін,яғни бағаның кемігенде сұранысты керісінше азайтып, баға өскенде, өсіріп.
Бәсекелестердің баға өзгерісіне жауап беруі. Бәсекелестердің мүмкін жауаптарын алдын-ала дұрыс болжау қажет.
Фирманың бәсекелестердің баға өзгертуіне жауап беруі. Ол үшін фирма келесіні білуі тиіс:
А) Бәсекелестің мақсаты қандай?
Б) Қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға белгілеудің теориялық негіздері
Фирманың бағалық саясаты жəне бағалық стратегияны таңдау
Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Квалиметрия пәні
Сана қалыптастыру əдістері
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ
Тəрбие əдістері
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Пәндер