Баға жасаудың шығынды әдісі
№9 Лекция тақырыбы: Баға жасаудың шығынды әдісі
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Лекция мазмұны:
Жоспары:
1. Баға жасау мақсатында қолданылатын шығындар түрлері
2. Шығындардың, өндіріс көлемдерінің, пайданың ара-қатысын зерттеу
3. Өзіндік құнның калькуляциясын жасау әдістері
1. Өнімді өңдіруге және өткізуге кеткен шығындар өндірістің барлық факторларын шығындаудың ақшалай сипаттамасы ретінде қарастырылады. Шығындарды төмендету кез келген кәсіпкер үшін пайданы өсірудегі аса маңызды фактор болып табылады.
Шығындар экономикалық мазмұнына (смета), мақсатына (баптар), берілген өнімнің өзіндік құнына (тура және жанама) қосылуына және өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай жіктеледі.
Баға жасау тәжірибесінде кәсіпорында шығындарды бухгалтерлік және кәсіпкерлік (экономикалық) деп бөледі.
Бухгалтерлік шығындар өнімді өңдіруге және өткізуге кеткен шығындар тізімі туралы Ережеге сәйкес анықталады (ҚР-ның заңдылығына қарай). Оған келесі элементтер кіреді: материалдық шығындар, еңбекті төлеу және әлеуметтік төлемдер, амортизация және басқа шығындар. Іс жүзінде кәсіпкер нарық жағдайларында қарапайым және ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін көлемі көбірек болатын шығындар жұмсайды. Оның аты кәсіпкерлік шығындар. Олардың құрамына бухгалтерлік шығындар, қалыпты пайда нормасы, ҚҚС (және акциз), баж салығы (сыртқы экономикалық қызмет жүргізгенде), баламалы (қосылған) шығындар (фирма қорларын тиімді қолданбаудың нәтижесінде болған ақшалай жоғалтулар).
Бұл жерде қорлардың шекті болуын ескеру қажет, яғни кәсіпкер қорларды берілген өнімді өңдіруде қолдану жөнінде шешім қабылдағанда, осы қорларды басқа өнім түрін өңдіруге байланысты алынбай қалған табыс мөлшерімен салыстырма талдау жасайды. Сонымен, экономикалық шешімдерді қабылдағанда есебке алынатын шығындар әрқашанда баламалы шығындар болып табылады.
Баламалы шығындарды кәсіпорын тарапынан қарастырғанда олардың нақты (сыртқы) және нақты емес (ішкі) сипаты болуын атап өту қажет.
Нақты - бұл кәсіпорынның алған қорлары үшін төлейтін тура ақшалай төлемдер.
Нақты емес - бұл заңды тұлға ретінде болатын фирма иелерінің меншігінде бар қорларды қолдануға байланысты шығындар. Олар міндетті төлемдер ретінде болмайды.
Сонымен қатар, қайтарылмайтын шығындар болады, оларды да шешім қабылдағанда есебке алу керек - бұл өткен мерзімде жасалынған шығындар және оларды ағымдағы және болашақ іс-әрекетпен қайтаруға болмайды (ғылыми мақсатта, маркетингтік зерттеуге, арнайы жабдыққа және с.с.).
Алдын алуға болатын шығындар - бұл әлі жұмсалмаған шығындар, оларды болдырмау оңай және оған қаржы қажеті жоқ (мысалы, жаңа тауарды жарнамалау шығындары).
Бухгатерлік шығындардың құрамына тек нақты шығындар ғана кіреді. Нақты емес тек кәсіпкерлік шығын құрамында есебке алынады, яғни кәсіпкерлік шығындар әрқашанда бухгалтерлік шығындарға көбірек болады.
Өндіріс және сату көлемдерінің өзгерісіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар (ҒС - fixed costs) - қысқа мерзімде өндіріс көлеміне тәуелсіз шығындар. Бұл шығындарды басқа сөзбен айтқанда, қызметке қажет жағдай жасау шығындары деп атайды. Орташа тұрақты шығындар (АҒС - average fixed costs)= ҒСөндіріс көлемі (Q). Сонымен, өндіріс көлемі өскен сайын орташа тұрақты шығындар көлемі төмендейді.
Өзгермелі шығындар (VC - variable costs) - өндіріс көлемімен бірге өзгеріп отырады. Кәсіпорын мақсатына байланысты қызметті іс жүзінде асыруға кеткен шығындар. Орташа өзгермелі шығындар (АVС - average variable costs) =VCQ.
Берілген жіктеу келесі міндеттерді шешу үшін қолданылады:
oo кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін бағалау үшін
oo пайда массасын реттеу және өсімін қамтамасыз ету
oo шығындардың ақталуын есептеу, қаржылық тұрақтылық мөлшерін анықтау
oo маржинальды шығындар әдісі бойынша бұйым бағасын анықтау
Жалпы өндіріс көлемімен байланысты шығындарды жалпы шығындар деп атайды (ТС - total costs). Ол тұрақты және өзгермелі шығындар қосындысына тең. Орташа жалпы шығындар (АС) жалпы шығындардың өндіріс көлеміне қатынасы арқылы табылады. Берілген шығындардың қисығы U-тәріздес болады және орташа өзгермелі және орташа тұрақты шығындар қисықтарына тікелей тәуелді болады. Осы қисыққа қарап кәсіпкер қандай өндіріс көлемі бойынша шығындар ең аз деңгейде болатындығын анықтай алады. Егер нарықта бірнеше кәсіпорын болса, олардың орташа шығындары әртүрлі болуы мүмкін және оларды салыстыру арқылы әр кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтауға болады.
Орташа жалпы шығындар қисығы кәсіпкерге тек бір бұйымнан түсетін пайда максимальды болатын өндіріс көлемін көрсетеді. Бірақ, кәсіпкер үшін көбінесе, жалпы түсетін пайда мөлшерін максимальды болатын өндіріс көлемі қажет.
Қосымша шығарылатын өнім бірлігін өңдіру кәсіпкер үшін пайдалы ма, пайдасыз ба деген сұраққа шекті, немесе маржинальды шығындар көрсетеді (МС - marginal costs). Тұрақты шығындар өзгермейтіндіктен, берілген шығындар қосымша өнім бірлігін шығаруға байланысты болатын өзгермелі шығындардың өсімімен сипатталады: МС = ΔVCΔQ.
Нарық жағдайларында шекті шығындарды талдаудың баға стратегиясын құрастыруда маңызы өте зор. Оған қарап, жетекшілер келесі сұрақтарға жауап бере алады:
oo өндіріс көлемін өсіру керек пе, азайту керек пе?
oo шикізат жабдықтаушылардың қайсысына назар аудару қажет?
oo өндірістік процесс қандай шекараларда жүргізілу керек?
Шекті және орташа шығындар кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайды (әсіресе қысқамерзімді талдау жасағанда).
2. Кәсіпкер қызмет ету процесінде шығындар, баға жөнінде шешім қабылдағанда шығындар және пайда деңгейін дұрыс, дәл ұйымдастыру қажет.
Ол үшін шығындарды , өндіріс көлемін және пайданы өзара байланыстыратын басқарушылық модельдер зерттеледі. Бұл зерттеудің нәтижесінде өзгермелі, тұрақты шығындар, баға және өндіріс көлемінің ең тиімді мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады. Бұл талдаудың басқаша аты CVP-талдау (Cost-Volume-Profit) немесе шығынсыздық нүктесін анықтау әдісі.
Шығынсыздық нүктесі деп өнімді өткізуден түскен табыс осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz