Сыртқы сауда бағалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

№ Лекция тақырыбы: Сыртқы сауда бағалары

Лекцияның мақсаты мен міндеттері:

Лекция мазмұны:

Сыртқы сауда бағалары мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда жəне кеден саясаты шеңберінде қалыптасады, сондықтан сыртқы саудалық баға белгілеу ресей тəжірибиесі негізінде қарастырылған.

Сыртқы сауда саясаттың негізгі міндеттері:

- сыртқы нарықта отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

- отандық өндірушілерді бағалау;

Сыртқы сауда саясаттың жүзеге асыру құралдарына жатады:

- кедендік баждың дифференциалау;

- демпингтік бағаларды қолдану;

- халыққа жəне отандық өндірушілерге залалын тигізетін өнімдерді енгізуге тура тосқауыл қоюды ендіру;

- экспорттаушыларға мемлекеттік субсидиялар.

Кедендік баждар дифференциялау жəне кедендік құнды анықтау тəртібін бекіту ең негізгі экономикалық тұтқа болып табылады. Осы сұрақты дұрыс түсіну үшін бірнеше түсініктеме беру қажет.

Кедендік баждар - ел шекарасын кесіп өтетін тауарлардан кедендік мемекемелер арқылы алынатын федеративтік салықтар. Тауар қозғалысының бағытына байланысты кедендік баждар келесідей ажыратылады: импорттық, экспорттық жəне транзиттік (соңғысы барлық елдерде дерлік рəсімделмейді) . Есептеу формасына байланысты келесілерін ажыратады: пайызбен есептелетін адвалорлық кедендік баждар, абсолюттік көріністе бекітілген мөлшермелер спецификалық; құрамдастырылған - алғашұы екі түрінің құрамасы.

Кеден кедендік баждардан үстінен тауарлар қоймалау жəне сақталуы үшін, санитарлық жиын ретніде кедендік жиындар алынады. Кедендік тариф - кедендік баждардың белгілі ережелері бойынша жүйелендірілген арнайы түрде рəсімделген құжат. Импорттық кедендік баждар түрлері экспорттық баждарға қарағанда əлдеқайда көп, себебі экспорт кезінде мемлекеттік субсидиялар мен квоталар қолданылады.

Сыртқы нарықта өнімнің бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін экспорт кезінде баждар алынып тасталады. Импорттық кедендік баждар отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған (жоғарлатылған баждар), сонымен қатар отандық өндіріс масшатабы жеткіліксіз (төмендетілген баждар), əлеуметтік маңызы бар өнімдер, материалдар, шикізат, ілгері технологиялардың енуін ынталандыру.

Кедендік құн - сыртқы сауда келісімінің қатысушысы білдіретін жəне кедендік баждар мен басқа салықтар, жиындар үшін база болып табылатын шекараны кесіп өтетін тауардың бағасы.

Шеттен əкелінетін тауарлар келісімінің бағасы бойынша əдіс басқа келісімдер үстімдірек пайдаланылады. Негіз ретінде келісімнің келісімшарттық бағасы алынады. Тауарды елдің кедендік шекрасының пунктіне (мекен, жер, орын) дейін жеткізу бойынша шығындар, комиссиялық сый ақылар, лицензиялық төлемдер жəне т. б. қосыша есепке алынады. Отандық тəжірибиеде экспорт кезінде кедендік құн сəйкес қабылданған тəртіп шарты FOB, FCA бойынша қалыптасады - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы, импорт кезінде шарты CIF, CIP бойынша - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы. Сыртқы сауда келісімшарттарының базистік шарттары іртүрлі болуы мүмкін, бірақ кедендік құнды есептеген кездекелісімшарттық бағалар аталған стандарттық шарттарға сай келеді. Бұл сыртқы сауда келісімін жасаушыларға салық төлеу кезінде біршама бірдей қауырттылықты (напряженность - алаңдаушылық, қобалжаушылық) қамтамсыз етеді.

Егер берілген тауардың келісімшарттық бағасы көпшілік түрде жасалатын келісімдердің бағаларынан айтарлықтай аутқу байқалса, онда берілген əдіске сəйкес кедендік құнның есептелуі кедендік органдармен алынбауы мүмкін. Бұндай жағдай келісім жасаушылардың бір - біріне тəуелді болған жағдайда, сауатсыз есептер кезінде орын алады.

Бұл жағдайда басқа əдістер қолданылады: бірдей тауарлармен жасалған келісімер бағасы бойынша əдіс (шыққан жері, физикалық құрамы, тұтынушылық сипаттамалар бойынша) ; біртекті тауарлармен жасалған келісімдер бағасы бойынша əдіс (шыққан жері, тағайындалуы бірдей, алайда физикалық құрамы бойынша əртүрлі) ; шегеру жəне қосудың есептік əдістері (олардың толық баяндамасы ұсынылған əдебиеттер тізімінде берілген) .

Экспортталатын тауарға баға құру тəртібі

Сыртқы нарықта өнімнің бəсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін барлық елдердің үкіметі экспорттаушыларға субсидия береді, экспорттық баждарды төмендетеді жəне алып тастайды, экспорттаушыларға салық салудың жеңілдікті шарттар жасайды. Осының бəрі экспортталатын тауалардың ұсынысы үшін неғұрлым төмен бағаның негізі болып табылады.

Ерекше көңіл бөлетін жайт, отандық тəжірибеде экспорттаушыларға жеңілдікті салық салу сұрағы. Бұл салық салу сұрағы ғана емес, сонымен қатар бағалық. Қазіргі жүзеге асатын тəртіпке сəйкес отандық экспорттаушылар экспортталатын өнім шеңберінде бюджетке қосылған құн салығын жəне акцзді (акцизделетін тауарлар бойынша) төлеуден босатылады.

Жеңілдікті алу сұрағы негізінде, экспорт фактысын дəлелдейтін сұрақ.

Экспорттаушылар жеңілдікті алу үшін Салық органдарына келесі құжаттарды тапсыру керек:

1) тауардың экспортын дəлелдейтін келісімшарт (немесе келісімшарттың көшірмесі) ;

2) жүктік кедендік декларация (немесе оның көшірмесі) ;

3) шекаралас белгілері бар кедендік мелекеттердің - ТМД қатысушылары жəне ТМД қатысушыларынан тыс мемлекеттерде орналасқан елдердің кедендік органдарының көліктік немесе тауар жетектеуші құжаттардың көшірмесі;

4) ресейлік банктегі ресей салық төлеушінің шотына шет елдің тұлғасына өткізген өнімінен нақты түскен табысты дəлелдейтін төлемдік құжат немесе банк құжаты;

Экспорттаушы аталған құжаттарды өткізбес бұрын салық органдарына қажет салық сомасын аудару керек. Салық органдарына аталған құжаттар өткізілген соң, алдында төлеген салық сомасы экспорттаушыға қайтарылады немесе болашақ есеп айырысу шотына жазылады.

Айтылғандардан осындай маңызды қорытынды жасалады: ішкі өткізуге арналған тауарлардың бағасына қарағанда, экспортталатын тауарлардың бағасына ішкі жанама салықтар есепке алынбайды.

Экспорт кезінде бағаның құрылуы жөнінде арнайы белгіленген тəртіп жоқ, алайда оның шектері туралы айту дұрыс болар.

Экспорт кезінде бағаның төменгі шегі - бұл өндіріске кеткен шығындар жəне өндірушілердің нормативтік пайдасы, сонымен қатар келісімшартта айтылған, белгіленген жерге дейінгі жеткізуге кеткен шығындар жəне оның кедендік рəсімделуіне кеткен алымдар.

Жоғарыда айтылғандай, экспорттық кедендік баж дерлік барлық тауарлардан алынбайды, алынса да тек экспорттаушы бағасының төменгі шегіне енетін міндетті төлем ретінде енеді.

Экспорт кезінде бағаның жоғарға шегі - экспорттаушының келісімшарттық бағасы.

Импортталатын тауарға бағаның құрылу тəртібі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаның түрлері, формалары, жүйелері
Бағалар жүйесі жəне олардың классификациясы
Əлемдік бағалар
Әлемдік нарықтағы баға түсінігі
Баға нарық категориясы ретінде
Баға жүйесі әдістері параметрлік шығындар
Баға және баға жасау
Баға түрлері, жіктелуі
Әлемдік тауар нарықтарының әртүрлі түрлеріндегі баға белгілеу
Нарыққа ену стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz