Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I. Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері

1. 1 Индустриялық - инновациялық инфрақұрылым түсінігі және оның мәні

1. 2 Индустриялық - инновациялық инфрақұрылым элементтері

1. 3 Индустриялық - инновациялық инфрақұрылым дамуының әлемдік тәжірибесі

II. Қазақстан Республикасында технопарктердің қалыптасуы мен дамуын талдау

2. 1 Қазақстанда индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы

2. 2 Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде технопартерді талдау

2. 3 Қазақстан Республикасындағы технопарктер қызметін бағалау және оның шешу жолдарының негізінде ғылыми жаңалыққа енгізу

III. Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық инфрақұрылым дамыуының негізгі бағыттары

3. 1 Қазақстанда технопарктердің даму жолдары

3. 2 Қазақстанда технопарктер қызметін жетілдіру тетіктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы - адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам - адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.

Өнеркәсібі жан-жақты дамыған елдер индустриялдық әлеуеті қалыптасқан топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілемеген шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның барлығы да инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесіне жете мән беріп, оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп белгілеуді міндеттейді. Жұмыстың мақсаты бұл - іскерлік жүйенің инвестициялық және инновациялық-кәсіпкерлік белсенділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

- технопарктерді құруға мемлекеттік жүйелік тәсілдерді әзірлеу;

- технопарктер салуды және дамытуды қаржыландыру тетіктері мен іске асыру кестесін әзірлеу;

- заңнама ортасының жаңа технологияларды сатып алуына ынталандыруды жасау;

- жаңа жоғары технологиялық өнімді жасау (сатып алу) үшін мемлекеттің жәрдемдесуі;

- басқару және технологиялық сауаттылықты көтеру.

Зерттеу объектісі - ҚР индустриялық-инновациялық инфрақұрылымы, оның ішінде технопарктердің құрылымын талдау.

Зерттеу пәні - индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуының негіздері, Қазақстан Республикасында технопарктердің жағдайы.

Теоретикалық және әдістемелік негізі Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының дамуы және халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын және өмір сапасын көтеру мақсатында басты кешен ретінде технологиялық парктерді қарастыру.

Ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының технологиялық парктерін дамыту мақсатында технологиялық парктің жаңа нұсқасы әрі оны дамытудың тиімді механизмі келтірілген:

- индустриялық-инновациялық инфрақұрылым механизмі;

- қалыптасуының нақты әдістемелік кешені;

- жаңа өнім шығаруға бетбұрыс;

- ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;

- ауыл шаруашылығы саласына сапалы мамандар даярлау;

- шет елдермен байланыс жасау.

Зерттеу барысында мынадай ғылыми нәтижелер жүзеге асырылды:

- технопарк резиденттерін тіркеу жүйесі жеңілдетілген әрі жеделдетілген нұсқасы ұсынылды;

- жаңа технопарк кешені құрылды;

- бұл технопарктің арнайы құрылымы құрылды.

Тәжірибелік маңызы. Ғылыми жаңалық тәжірибелік негізде мынадай республикалық бағдарламаларда жүзеге асырыла асырылу мүмкіндігі бар:

- Қазақстан Республикасында инновацияны дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы;

- Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі.

I. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері

1. 1. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым түсінігі және оның мәні

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру. Ұлттық индустриялық-инновациялық жүйенің дамуы 2 негізгі бағытты қарастырады: индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның жасалуы мен дамуы және инновациялық қызмет субъектілерінің арасында қатынастардың тиімді жүйесін құру.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым - ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.

Индустриялық-инновациялық даму қызметінің маңызды факторларының бірі индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша көптеген ғылыми-техникалық саласы дамыған мемлекеттерде инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және қолдау мемлекет тарапынан жүргізіледі. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының негізін инновациялық қорлар, венчурлық қорлар, технологиялық кәсіпкерлік-инкубаторлар, технологиялық парктер және т. б ұйымдар құрайды

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның негігі элементтері жалпы экономикалық инфрақұрылым бөлігінің негізгі сипаты сияқты (көлік, байланыс, ақпарат, телекоммуникация) және өзіне тән бөлігі (патенттік қолдау, сақтандыру, консалтингтік және инженерлік кәсіпорындар, инкубаторлар) тұрады, бұларсыз инновациялық қызмет нарық жағдайында өмір сүре алмайды.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымға кіретін барлық ұйымдар инновациялық қызметтің біртұтастығын білдіретін белгілі бір технологиялық және экономикалық байланыста болады.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің қызметтері: инновациялық даму субъектілерінің ұйымдық-құқықтық құрылу процессі бойынша қызмет көрсету, бизнестік қызмет көрсету кешені, ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру, білім беру қызметінің кешені, технологиялар трансфері.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне инновациялық қызметтің барлық субъектілері жатады:

- индустриялық-инновацияларды жасайтын және іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

- индустриялық-инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері, парктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және басқа ұйымдар;

- индустриялық-инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік басқару органдары;

- индустриялық-инновацияны өндіруші мен тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер;

Қазіргі кезде Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттік бюджет құралдарының қатысуымен жасалған жұмыс істеуші субъектілер және мемлекетпен құрылған сервистік даму институттары құрайды. 2015 жылға дейін Ұлттық инновациялық жүйені құру шегінде келесі қаржылық инфрақұрылымның элементтері жүзеге асырылады:

- гранттарды ұсыну жүйесін кеңейту

- ұлттық және шетел капиталына қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесі

- венчурлық қорлар мен жаңа технологиялық компаниялардың бағалы қағаздар нарығы

Сонымен қатар мемлекеттің инновациялық инфрақұрылым элементтері жүзеге асырылады. Олар: технологиялық парктер мен зоналар; ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркі; биотехнологиялар паркі; 7 аймақтық технопарктер; ҚР-дағы инновациялық қызметтің бірегей ақпараттық базасы.

1. 2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтері

Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) - қызметтің басымды түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалатын дәл белгіленген шекаралармен Қазақстан Республикасының шектелген аумағы;

Индустриялық аймақ (бұдан әрі - ИА) - Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де Заңдарымен белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік объектілерді орналастыру және пайдалану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерге мемлекет ұсынатын, коммуникациялармен қамтамасыз етілген, ауыл шаруашылығындағы емес мақсаттағы жер;

Инжинирингтік ұйымдар - бір жағынан ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды, және екінші жағынан жаңалық еңгізу мен өндірісті байланыстыратын элементі. Инжинирингтік қызмет өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, жобалау бойынша қызмет, машина өндірісі мен эксплуатациясы, өндірістік процесстерді ұйымдастырумен байланысты. Енгізуші ұйымдар инновациялық процесс дамуын көздейді және қолданылмаған технологияларды енгізуге мамандандырылған. Технополис жеке қала негізінде жасалған ғылыми - өндірістік құрылымның бүтіндігін айқындайды. Ғылыми орталықтарда жасалған жаңа тауарлар мен технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемалар кешенін шешуде қолданылады. Технопарктік құрылымдар кіруші ресурстарды шығушы инновациялық қызметтерге айналдырады. Технопарктік құрылымдар кіруші ресурстар мен шығушы қызметтердің құрылымы мен көлемі бойынша ерекшеленеді. Ғылыми-технологиялық парк - жоғары технологиялы өнім нарығында өндірісті үйрену және жүзеге асыру үшін ортаны құру және кіші ғылыми- техникалық кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен ғылыми және ғылыми қызмет көрсету саласында құрылатын ұйымдық құрылым. 18. 08. 2003 ж №1166 ҚР-ның Президентінің жарлығы бойынша Алматы қаласының Алатау поселкесінде «Ақпараттық технологиялар паркі» атты арнайы экономикалық зона құрылған. 12. 08. 2005 ж №832 ҚР Үкіметі қаулысымен «Ядролық технологиялар паркін» басқаратын компания Курчатов қаласында ашылған. Қазақстанның басқа аймақтарында «Ақтөбе» индустриалды паркі, «Алгоритм» технопаркі, Астанада «Биотехнология» паркі, «Қарағандылық аймақтық технопарк» құрылған. Венчурлық фирмалар өте икемді және тиімді кәсіпорындардан тұрады. Венчурлық бизнестің мәні: ғылыми зертеулерді жүргізетін дәстүрлі құрылымға әсер ететін жаңа шаруашылық бірліктерін құру және мемлекеттегі қоғамдық өндірісте құрылымдық өзгерістердің пайда болына әкеледі. Қазақстанда 5 отандық және 5 шет елдік венчурлық қорлар құрылған: «Әрекет», «Адвант», «Сентрас венчурлық қоры», «Almaty Venture Capital», «Glotur Technology fund », «Wellington Partners Еуропалық технологиялық венчурлық қоры», «CASEF Орта Азиялық қоры», «Flagship Ventures Fund 2004, LP», «JAIC-Mayban ASEAN Fund», «Vertex III».

Кәсіпкерлік инкубаторы - ерекше ғылыми-техникалық идеяларды іске асырушы кіші инновациялық ұйымдардың тиімді қызмет етуіне жағымды жағдайлар жасауға маманданған құрылым. Клиент ұйымның инкубациялық кезеңі 2-3 жыл, кейде 5 жылға созылады. Осы мерзім өткен соң ұйым инкубатордан шығып, өз еркімен қызмет жасайды. Кәсіпкерлік инкубатор - шектеулі персоналы бар кіші ұйым. Алматыдағы Қазақстандық-Британдық Университет, Шымкенттегі М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті және Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен бірігіп технологиялық бизнес инкубаторлар жасалған. Қазақстандағы дамудың қаржылық және сервистік институттары. 2015 ж. дейін арналған стратегия шегінде ұлттық институттар қызметін координациялау жолымен экономиканың диверсификациясын қамтамасыз етеді. «Қазына» қоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Кіші кәсіпкерлік дамуының қоры» АҚ, «Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталықтары» АҚ, «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ, «Kazyna Cappital Management» АҚ сияқты ұлттық даму институттарының жалғыз акционері болып табылады. «Қазына» АҚ мемлекеттік холдингінің міндеттері: корпоративті басқару принциптері негізінде, институттар дамуы қатынасында басқарушы компания қызметінің тиімділігін жоғарылату; экономикада инвестициялық белсенділікті күшейту; Қазақстандық бизнестің сыртқы нарыққа шығуын қолдау жүйесін ұйымдастыру; әлемдік қызметті іске асыру; шет елдік әріптестерді іздестіру.

1. 3 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым дамуының әлемдік тәжірибесі

Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде шаруашылық практикасында арнайы экономикалық аймақтар кең таралған - шаруашылық жүргізудің арнайы экономикалық-құқықтық жеңілдік режимімен әртүрлі елдердегі оқшау аймақтар. Экономиканы ырықтандыруға және әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы үрдістеріне байланысты арнайы экономикалық аймақтарды құру идеясы Таяу Шығыстың араб елдерінде, Солтүстік Африка мен бұрынғы кеңес үкіметі елдерінде соғұрлым көп таралуда. Бұл жай кездейсоқтық емес, өйткені географиялық жағдай Азия, Еуропа және Африка арасында оларға көпір болуға мүмкіндік береді, ал стратегиялық жағдай халықаралық саудадағы мәнін айқындайды. Сыртқы экономикалық қызметтің әлемдік тәжірибесінде әртүрлі аймақтардың үлгілері бар, ал оларды құру идеясы түп тамыры терең тарихқа кетеді.

АЭА құру және қалыптасуы ырықтандыруға және белсенді сыртқы экономикалық қызметке бағытталған. Мұндай аймақтар экономикасы әлемдік нарықта ашықтықтың жоғары деңгейін көрсетеді, ал кедендік және салықтық режимдер ұлттық және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы.

Әлемдік нарыққа ашықтық миллиардтаған инвестициялары барлық құрлықтарға салынатын трансұлттық компанияларды АЭА үшін тартымды етеді. Өз коммерциялық қызметі үшін қолайлы жағдайларды іздестіруде халықаралық корпорациялар АЭА-ны өз экспанциясының маңызды бағыттарын байланыстыратын неғұрлым пайдалы экономикалық құрылым ретінде қарастырады.

АЭА өз дамуының ұзақ тарихи жолында еркін экономикалық аймақтардың тұтастай жүйелерін құрған бұрынғы кеңес үкіметі елдерін де айналып өткен жоқ.

Алайда, осы құрылымдардың мәнін ашатын айқындама жақында ғана пайда болды. Ол 1973 жылдың көктемінде тауарлар ұлттық кеден аумағының шегінен тысқары орналасқан объектілер ретінде қарастырылатын және сондықтан, міндетті кеден бақылауы мен салық салынуына жатпайтын тауарларға ел аумағының бөлігі түсінілетін, Киото конвенциясында айтылатын "Еркін экономикалық аймақ ретінде" алғаш рет ресми жарияланды. Өзгеше айтқанда, "кеден эксаумақтығы" қағидаты сақталатын аумақ.

Осындай жолмен, АЭА - бұл осы мемлекет үшін жалпы қабылданған шаруашылық қызметінің режимімен салыстырғанда олардың саяси орталықтары неғұрлым жеңілдіктерді беретін географиялық аумақ. Өзгеше айтқанда, олар экономикалық үдерістерге мемлекеттің қол сұғушылығын іріктеп қысқарту жүзеге асырылатын, осы мемлекеттің басқа аумақтарында пайдаланылмайтын, жеңілдіктердің белгілі бір жүйесі қолданылатын ұлттық экономикалық кеңістігінің оқшауланған бөлігін құрайтын анклавты білдіреді. Жаңа технологиялар негізіндегі жеңілдіктер мен ынталандырулардың мұндай жүйесі жоғары сапалы өнім өндірісін шығаруды қамтамасыз етуге, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыруға қабілетті экономиканың басымды салаларын құруға мүмкіндік береді.

АҚШ. Автокөлік саласының жедел қалыптасуымен және дамуымен байланысты 1934 жылы АҚШ-та сыртқы сауда аймақтары құрылды. Қазіргі уақытта олар, осы елде, бірақ іс жүзінде кеден аумағынан тыс орналасқан. Америка экономикасында кәсіпкерлік аймақтар мен технологиялық парктер ретінде осындай құрылымдар да жұмыс істейді, олар ішкі өңірлік дамумен байланысты, депрессиялық аудандарда шағын және орта кәсіпкерлікті тірілтуге бағытталған.

Аймақтық құрылымдарды көп жылғы дайындау, олардың тиімді жұмыс істеуі Америка экономикасында, көптеген мәселелерді шешуге, атап айтқанда, жекелеген өңірлердің қалып қоюын еңсеруге, экономикалық әлеуметті теңестіруге мүмкіндік берді. Жетекші аймақтардың арасында есептеу техника құралдары мен компьютерлердің әлемдік көлемінің 20 % астамы шығарылатын "Силикон аңғары" мәлім.

Оңтүстік Корея. 1970 жылдың 1қаңтарында Оңтүстік Корея әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып арнайы экономикалық аймақты құру туралы заң қабылдады. Шетелдік инвестицияларды тарту, экспорттың ұлғаюын көтермелеу, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі, өнеркәсіптік технологияларды жетілдіру және қорытындысында, елдің экономикалық дамуын жеделдету мақсатымен осы заң шеңберінде "Азия кереметі" көшбасшыларының біріне айналған Оңтүстік Кореяның жағалау аудандарында АЭА құрылды.

Қытай. 90 жылдары экономикалық өсудің қарқыны бойынша Қытай әлемдік көшбасшыға айналды, қазіргі күні онда 6 ерекше экономикалық аймақтар АЭА 1980 жылдың өзінде жеңілдіктер алды. Бұдан өзге, Қытайдың 14 қаласы ашық теңіз жағалауы мәртебесін алды. Дәл осы Қытайдың шығыс аумақтарының теңіз жағалауы факторы осы өңірлерге елдің экономикалық дамуының көшбасшыларына шығуына мүмкіндік берді.

ҚХР-да барлығы 32 техникалық-экономикалық дамудың аймақтары құрылған, олар мәртебесі бойынша АЭА-ға жақын. Қазіргі уақытта, осы экономикалық құрылымдардың аумағында шетелдік капиталды тарта отырып, жаңа технологиялар әзірленетін технопарктер орналасқан, экспортқа бағытталған өндіріс жұмыс істейді, сауда кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді. АЭА аша отырып, Қытай Үкіметі алға қойған негізгі мақсат - шетелдік капиталды, технологиялар мен менеджментті тарту. Бұл үшін АЭА-да кәсіпкерлікті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Жоғарыда аталған аймақ аумақтарында, ел бойынша орташа алғанда, жұмыспен қамту, жұмысшылар мен қызметшілердің тұрмыс деңгейі мен біліктілігі өсуде.

Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай) . Біріккен Араб Әмірліктерінде жеті әмірліктің әрбірі бір немесе бірнеше еркін экономикалық аймақтарға ие, онда шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жағдай ұсынылады және 5 мыңнан астам компаниялар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірісі және әлемдегі көлемі бойынша үшінші орын алатыны Дубай әмірлігіндегі Джебел Әли АЭА болып табылады. Бұдан өзге, осы АЭА осындай аймақтарды дамытудың неғұрлым сәтті үлгілері болып табылады. Джебел Әли (Jebel Ali Free Zone) еркін экономикалық аймағы әлемнің ең үздік порттарының ондығына кіреді. Ол 100 мың шаршы метр аумағында құрылған және портты, кеденді және еркін аймақтың өзін қамтиды. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, АЭА-ны құру - жекелеген аумақтар мен өңірлердің экономикасын дамытуға бағытталған пәрменді бағыт.

II. Қазақстан Республикасында технопарктердің қалыптасуы мен дамуын талдау

2. 1 Қазақстанда индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы

Технопарктер уәкілетті органның немесе өзге де орталық атқарушы органның жергілікті атқарушы органдармен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.

Технопарк мынадай қызмет түрлерін:

  • материалдық-техникалық кешенді басқаруды;
  • технопаркті дамытуға қатысу үшін инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тартуды;
  • инфрақұрылымдық қорларды пайдалану қызметін көрсетуді, қызметін технопарк аумағында жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектілеріне қызметтер көрсетуді;
  • қызметін технопарк аумағында жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерін мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда білдіруді;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары, білім беру ұйымдары мен қызметін технопарк аумағында жүзеге асыратын басқа да инновациялық қызмет субъектілері арасында инновациялық технологияларды сатып алуда және ақпарат алмасуда жәрдемдесуді;
  • индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызмет көрсетулерді шарт талаптары бойынша беруді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

Бюджет қаражаттарының есебінен жүзеге асырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар технопарктердің және (немесе) тиісті материалдық-техникалық базасы бар ғылыми ұйымдардың базасында орындалады. Технопаркті салу жобасы уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Технопарктердің жанынан сараптама

кеңестері құрылады, олардың қызметі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Еуропадағы және АҚШ-тағы ғылыми парктердің жедел дамуы 1980 жылдары басталды. Ғылыми парктің ұжымдық қызметтерді пайдаланатын шағын және орта кәсіпорындарын қалыптастыруға жәрдемдесетін ерекшеліктердің бірі болып табылатын онда шағын фирмаларды орналастыруға арналған ғимараты бар үшін.
Ғылыми парк идеясы елдің аумағынан тысқары шықты. Ғылыми парктер Бразилияда, Үндістанда, Малайзияда, ал қазіргі күні бұрынғы "Шығыс блогының" елдері - Шығыс Еуропада, ТМД-да және Қытайда құрыла бастады. Қазіргі күні, әлемде шамамен 400 ғылыми парктер жұмыс істейді. Көптеген басқа парктер құрылу сатысында тұр.

Бірнеше технопарктерді құрумен байланысты теріс құбылыстар оң нәтиже бермеген нашар дамыған аумақтарда орналасқан Жапонияда байқалды.

Әлемдік статистиканың деректері бойынша 700 жұмыс істеп тұрған аймақтардан шамамен 30 ғана тиімді жұмыс істейді. Үкімет мемлекеттік субсидиялар мен демеу қаржыларды, кепілдіктер мен төмен пайызды қарыздарды пайдалана отырып, кәсіпкерліктің бағытын және даму жолдар кәсіпорындарды ынталандыратын мемлекеттерде ғана қамтамасыз етіледі.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамытуға жүйелілікті беру үшін технопарктер құру және дамыту саласындағы халықаралық консалтингтік компанияларды тарта отырып, аумақтық, өндірістік, адами және шикізаттық қорларға кешендік зерттеу жүргізу қажет. Осы зерттеулер Қазақстан Республикасында аймақтарды ұйымдастырудың дамушылық жоспарын әзірлеуге бағытталатын болады, негіздемесіне олардың саны, оларды құрудың өлшемдері мен оларды орналастыру өңірлеріне қатысты ұсынымдарды әзірлеу қажет.

Қазақстан Республикасындағы технопарктердің алғашқы толқыны

Технопарктер құру мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Қазақстандағы инновациялық қызметті ұйымдастыру
Бизнес инкубаторларды басқару
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері жайлы
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz