КІШІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ИНДУСТРИЯ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекелестік қабілетті арттыру жөніндегі табысты үдеріс индустриялық-инновациялық саясатты дәйекті іске асыруға байланысты болып отыр. Ең алдымен барлық назар әлемдік экономиканың дамуының қазіргі заманғы жағдайына сәйкес келетін инновациялық индустрияландыруға түсетінін атап өту қажет. Қазіргі уақытта, инновациялық индустрияландыру міндеттерін орындау үшін мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажет жеті бағыт айқындалған. Бұл - АӨК және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, таза энергетиканы дамытуды қоса алғанда, энергетика, құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын шығару, мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, металлургия және дайын металл өнімдерін дамыту, химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі, көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылым.
«Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясында ұлттық экономиканың маңызды объектісі ретінде аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуы және қалалардағы басқару жүйесін жетілдіру жұмыстары бойынша бағдарламалар жиынтығы қарастырылған. Олар ұлттық экономиканы интеграциялап, аймақтар аясын кеңейтіп, әлемдік экономикалық байланыстарды жетілдіруге жол ашатындығына баса назар аударылған[1] .
Бүгінгі таңда ел Президенті әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы ел алдына қойған міндеті экономиканың нақты секторында сапалы өзгерістер енгізу ісіне серпін берді.
Ақтөбе облысы Қазақстанның неғұрлым дамыған индустриалды және мәдени аудандарының бірі болып табылады және оның шаруашылық жүйесі ел экономикасына елеулі үлесін тигізіп отыр. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы жоғары инвестициялық имиджі бар аймақ орталығының бірі болып табылады. Облыста елімізде және одан тысқарыда баламасы жоқ өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейтіндігін біз мақтан тұтарлық. Ақтөбелік тауар өндірушілер өндірісті жан - жақты модернизациялап, жеделдетумен бірге стратегиялық менеджмент пен корпоративті мәдениетті жетілдіріп жатыр. Аймақ экономикасының одан әрі дамуы өсудің жаңа нүктелерін қамтамасыз ету арқылы өңірдің және күллі еліміздің технологиялық секірісіне негіз болатын макрожобаларды жүзеге асыру жолында жергілікті атқарушы билік пен жеке бизнестің күш - жігерін біріктіруіне байланысты.
Экономикадағы инновациялық процестерді активтендіру, ғылыми және ғылыми қызмет көрсету саласында нарық негіздерін мультипликациялау ғылыми-техникалық ынтымақтастық, аумақтық ғылыми-өндірістік кешендердің, технополистердің ғылыми парктер мен инновациялық орталықтардың белсенділік аймағын орнауын және дамуын талап етеді.
Осыған байланысты жалпы инновациялық жүйені құру мен дамытудың негізгі мақсаты - экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешу, жаңа технологиялар есебінен тұрақты экономикалық өсу мен жоғарғы технололиялық өндірісті дамытуды қамтамасыз ету. Аталған мәселелерді дамыту мақсатында «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ құрылды. Қазіргі таңда «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ құрамына 7 даму институты 2003 жылы құрылып, әрбір даму институты белгілі бір салада маманданғандықтан бүгінде олардың көмегімен қыруар шаруа тындырылуда[2] .
Стратегиялық басқару қаламен тиімді басқарудың жоғарлату құралы болу тиіс, ол қаланың ұзақ мерзімді перспективасында миссиясын және даму бағытын анықтауға, бұл мақсаттарға жету стратегиясын өңдеуге, басқару үрдісіне тұрғындардың көпшілігін тартуға көмектеседі[3] . Сонымен қатар бұл қағидалар және әдістер қалалық ресурстарды оңды пайдалануға, қазіргі өзгеріп отырған жағдайларға тиімді жауап беруге өз үлесін қосады.
Осы мақсатта республиканың шағын қалаларына жаңа дем беру үшін ең бастысы оларды сауықтыру және дамыту үшін арнайы мемлекеттік кешенді бағдарлама қажет. Бұндай бағдарламаны жасақтау үшін алдымен шағын қалаларды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеу қажет. Сондан кейін олардың тарихи, географиялық, территориялық ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік-мәдени және экономикалық аясының инфрақұрылымдық қалыптасу ерекшелігін дамытуды жобалау қажет.
Бұндай жан-жақты сараптау депрессиялық жағдайлардың орын алуы соңғы он жылдықтардағы шағын қалалардағы күрделі тамырын анықтау мүмкіндігін береді.
1 КІШІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ИНДУСТРИЯ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өнеркәсіптің индустриялы-инновациялық деңгейін көтерудің теориялық негізі
Соңғы 50 жыл ішінде экономикалық өсімнің негізгі көзі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Қазіргі экономикалық 90% жаңа білім, технология түрлері жаңашылдықтары есебінен нәтижеге жетеді. XXI ғасырда ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық өсімнің бас факторы ретінде маңызы арта түседі[9] .
Кәсіпорын құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез-келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т. б жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауға жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады. Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысты кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуымен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды[10] .
Кәсіпорынның құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
- шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
- өндірістің ауқымы;
- комерциялау деңгейі;
Өндіріс процестерінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процестерінің үйлесуін және өндірістің материялдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қалыптастыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жәнге өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңестік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындары аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
- кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
- өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
- өндірілетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысының өткекн ең қысқа жол;
- өндірістің ырғақтығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.
Жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың тікелей кеңейіп және экономикалық тиімді өрлеп, өркендеу негізі- материалдық өндіріс.
Материалдық өндіріс, атап айтсақ, еңбек заты еңбек құралы және еңбек процесі арқылы қоғам негізін құрайды. Сонымен қатар, адамның табиғатпен өзара әрекетінің арқасында туындайтын қатынастар жиынтығы да аталған өндіріске жатады. Өндірістің дамуы жалпы экономиканың дамуы болып келеді.
Өндірістік қатынастар:
А) қоғамдағы өндіріс процесінде, яғни өнім-тауар өндіру, бөлу, айырбастау әне тұтынуда қалыптасатын адамдардың санасынан, еркінен тыс пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы;
Б) қоғамдағы өндіріс процесінде- өнім өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда адамдардың санасы, еркімен байланысты пайда болып, оларда реттелетін экономикалық қатынастар;
Өндіріс, макроэкономикадағы техника экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдаланып, есептеу, талдау негізінде пайда болады. Жоғарыда айтқанымыздай, микроэкономика макроэкономикамен тығыз байланыста болады. Жеке өндірістік базасын зерттеу барысында, яғни әрбір шаруашылық субъектісі көлемінде, микроэкономика басқа өндірістік негізінің бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Соның негізінде, микроэкономикалық есептеу-талдау, даму деңгейін бағалау, экономикалық тиімділігін қорытындылау қамтамасыз етіледі[11] .
Адам Смиттің айтуы бойынша түйреуіш жасау фабрикасы статистикалық тиімділіктің кейпі болды. Смит А. «Богатство народов Кн. 1» еңбегінде 1770 жылдары механизация және еңбекті бөлудің арқасында өндірістің орташа көлемі бір жұмысшыға шаққанда бір күнде 4800 түйреуішке жеткен еді. Екі жүз жыл өткен соң көптеген технологиялық өзгерістердің арқасында бір жұмысшының өндірімділгі бір күнде 8 түйреуішке өскен [12] . Бір қарағанда даму асқандық, бірақ шынайы өсімнің қарқыны орташа жылдық өндірудің тек қана 2, 56% құрайды, бұндай өсім көптеген салаларда ұзақ уақыт бойы қол жеткізіледі.
Смиттің ізін кесуші Давид Рикардо кезенінен бастап әсіресе 1870 жылдан бастап XX ғасырды орта шеніне дейінгі неоклассикалық мектебінің дағдарысынан кейін негізгі экономикалық теорияның басты бағыты, жаңартпа технологиялалардың арқасында өндірістің шоғырланып дамуының маңыздылығына назар аудармады. Өндірістік функциясында статистикалық сипаттаманың басымдылығына, еңбек пен қор үйлесімділігінің нәтиежесіне екепін жасалды. 1950 жылдарға дейін технологиялық өзгерістерге ешқандай көңіл бөлінбеді. Сол дәуірдегі революциялық жарып өту, экономикалық ойлары үшін Роберт Солоу Нобель сыйлығының иегері болды [13] . Ол 1909 -1949ж. ж. АҚШ -та ауылшаруашылық емес салаларындағы жұмыс уақытының бірлігіне қолдыныстағы қордың шамасының өндірістің дамуына тиімді сәйкесімділік дәрежесін өлшей бастады. Ол қорды қолданудың қарқынды өсімділігі тек қана өндірістің өлшенген 12, 5 %, өсімінің жұмыс уақытының бірлігіне жауап беретінің тапты. Бақылауда қалған 1, 79% өсімнің орташа жылдық өндірімділігі, жұмыс күштерінің өнімділігінің өсімі өндірісте әдіс пен құралдардың жақсарғанымен байланысты екені айқын.
Кейінгі зерттеулерде Эдвард Денисон өсімнің бір жұмысшыға есептегенде 1929 жылдан 1982 жылға дейін 13%, қорды қолдану интенсивті өсімінің есебіне жатқызуға болатынын, 34% жұмысшылардың білімін көтеру, ауқымды тиімділігінен, 68% кең түрде ғылыми техникалық ілгерліліктің 22% үнемді екенін тапқан болатын. Пайыз сомасы 100 ден асады, өйткені қолайсыз сипаттағы факторлары мысалы орташа жұмысшының (25%) қайта өндеу уақытының азайтылуы және де үкіметтің реттеу саясатынан соң баға беру бөлшегі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ Солоу мен Денисонның басты тұжырымдарымен келіспеу қиын: өнеркәсібі дамыған елдерде және АҚШ та еңбек өнімділігінің өсімі жаңа, ең мықты әдістерді және білікті жұмысшы күштерің қолданудың есебінен болды екен[14] .
Өндіріске жетілдірілген әдістерді қолдануды енгізу ең басты технологиялық ілгерлілік әдістеріне жатады. Келесі әдіске өте сапалы жаңа тауарларды жасау жатады.
Біріншіден, өнеркәсібі дамыған елдеріне АҚШ, Япония, Германия, халықаралық саудада салыстырмалы басымдылығының көп бөлігі тиесілі. Неоклассикалық экономикалық теорияда атап көрсетілгендей жер үлестері немесе еңбек пен қордың арқасында емес, өндірісте технология жағынан жоғарыланған өнімдері жасаудың арқасында, атап айтар болсақ ұшақ, арнайы құрал жабдықтар, электрондық, фармацевтикалық тауарлар және компьютерлер.
Екіншіден, қазіргі технологияларды жасау мүмкіндігімен және қолдануларында, халықаралық айырмашылықтары әскери күштерінің тепе- теңдігіне елеулі ықпал етеді.
Үшіншіден, өндірістік жаңартпалар еңбекке деген сұраныс құрылымын да өзгертеді, білікті жұмысшыларға деген сұранысты ұлғайта отырып білікті еме
Төртіншіден, технологиялық өзгерістер нарық құрылымына да әсер етеді, жаңартпалар жаңа фирмалармен жиі ұсынылады, қалыс қалғандарды артқа жылжыта отырып, жаңа құрылымдық талаптарды анықтайды.
Технология өнім мен технологиялық үдерісті маманданымдырушы ақпарат. Ол жай ғана идеядан жоғары болуы керек: жүзеге асырылған (процессте немесе өнімде) лайықты спецификацияға сәйкес ол жұмыс «жасауы керек». Технология кез келген уақыт сәтінде жұмыс сызбасымен немесе спецификацияның жиынтығы болып келеді. Егер де қандай да бір бұйым әзірлеу, жұмыс сызбасының сатысына жетпесе, ол кезде ол технология түсінігінен алынып тасталынады. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелі конструкторлық өңдеу (ҒЗТКӨ) міндеті, осындай идеяларды жұмыс сызбасының сатысына дейін жеткізу болып табылады. Сол кезде қолда бар жиынтық сызбасындағы өзгерістер, технологиялық өзгерістер түсінігін береді.
ҒЗТКӨ зертханасындағы не болып жатырғанын байқауда пайдалы әдісті Шумперт, ұсынған жаңартпа үдерісі үш кезеңнен тұрады және 5 функцияға бөлінеді: бұйым әзірлеу, кәсіпкерлік, инвестиция, даму мен өрістету. Бұйым әзірлеу өзіндік ішкі көзқарасы бар, оның көмегімен рудименттік формада жаңа уәделі техникалық мүмкіндіктер арқылы негіз жасалады. Даму мен өңдеу ол ұзақта бағдарлы бөлшектік үдерістің техникалық қызметінің көмегі арқылы бастапқы концепция модификацияланады және жақсарады; бұл үдеріс бұйым коммерцияға ендіруге дайын болғанға дейін жүреді. Кәсіпкерлік функция бұйым әзірлеуде дамыту шешімін қосады, оның өңделуін ұйымдастыруға, қаржылық көмек алуға және нарықтағы орнын қалыптастыруға көмектеседі. Инвестициялар - жаңартпа фирмаларлардың тәуекел салымы. Бұл шығармашылық функциялар бірі тұлғамен немесе бір кәсіпорынмен орындалуы міндетті емес. Күнделікті өмірде олар ұйымдасқан түрде жиі бөлек келеді. Ақырында тарату өзіндік үдеріс, бұйым әзірлеу мұнда кең қолданылады, бірінен соң бірі өндірушілер пионерлік фирмалардың үлгісіне ере бастайды[15] .
Жаңартпа қызметінен жоғарыда айтылған функцияның талдама негізінде келесідей тұжырымдама алуға болады.
Біріншіден бастапқы бұйым әзірлеу жанама және абсолютті дағдарыссыз неізгі жаңартпа күшін жылдамдатады. Оның ақшалай түсімі жиі практикалық шығармашылық және дайындалған тұлғалық мәселенің ұстанымды шешімін алуға болады.
Екіншіден ілгерлі бұйым әзірлеуде кездейсоқтық елеулі элемент бар. Мыңдаған адамдар мәселелерді немес қанғаттанарлықсыз мұқтаждықты зердесіне жетуі мүмкін тек қана кішкене бөлігі мәселені сайкелерлік қалыпта дұрыс қарауда дұрыс түсінушілігі үшін соншалықты қызығушылық танытады, ойларын соған арнайды, және одан да аз бөлігі сәттілік пен керемет ақыл ой жетістігіне сай үлгіде көрсете алады. Мәселені түсінушілікке жеткенде, шешім айқын көрінеді, бірақ осыған дейінгі бұйым әзірлеу көбіне құптай қоярлық деңгейде емес. Егер де бұлай болмаған жағдайда әрбір мәселені сезінгенде ғана, ол қарапайым шешілетін еді.
Үшіншіден, техникалық және технологиялық жаңалық енгізу оның тиімді болғанынша, қолдаушы бұйым әзірлеуі қажет болады. Бірақ та алғашқы мәселені түсінуге жеткенде және егер де мәселені шешуге шығармашылық ақыл ой бағытталса ол ортаны да қалыптастырады, соның маңында осындай қолдаушы бұйым әзірлеу пайда болады.
Төртіншіден, қажетті концептуальды бұйым әзірлеу болған кезде олардың қарапайым дөрекі модельді тексеру жолмен принципиальды дұрыстығы жария етіледі, жанама түрде аз шығын сұрайды, жаңалық енгізуге байланысты белгісіздік, сапалы және санды ауыстырылады. Бұл белгісіздік түрлерін назарға алмауға болмайды, бірақ олар кәдімгі кәсіпкерлік тәжірибесінің қалпынан шықпайды. Айта кету керек, ҒЗТКӨ көптеген барлық өнеркәсіптік жобалары осы сатыдан басталады, өйткені олар жаңаша ілгерлі жаңа мәселелері жоқ, алдын ала қол жеткізілген мәселелерді түсінуде құрылады.
Бесіншіден, оқиға концептуальды кезеңінде бірінші сатымен салыстырғанда жаңа енгізу кезеңі осы сатыға жеткенше зор шығыстарды керек етеді. Инвестициялық мәселелер осы сатыда қордың маңызды шығынына алып келеді. Бұл сатыдағы шешім алдыңғы сатыдағы шешімдерінен айырықшаланады, тәуекелді шығын көлемі, шынайы көп емес, ал техникалық белгісіздіктің әлі де маңызы бар. Егер де концепцияны құруда арзан жұмысшы техникалық белгісіздікті белгілеген деңгейге дейін төмен түсірмесе, толық көлемді модельдердің құрылымымен айналысу шешімі тек қана қысыммен ғана қабылданады. Көбіне концепцияның құрылымы аз шығын деңгейінде ғана негізгі техникалық белгсіздік мәселесі шешілмейінше жалғасады.
Технологияның барлығы жоғарыда айтылған сатыдан өтпей және кез келген уақытта қолданыла бермейді. Кейбір технологиялар техникалық тиімсіз болады өйткені олар басқалардан гөрі өндірістік факторлардың үлкен көлемін қолданады. 1-суреттегі изокванта өндірістегі қолданылған екі фактордың барлық мүмкін технологиялардың техникалық тиімділік шегін көрсетеді.
Сурет 1- Өндіруші теңестігі
Алынған көзі: [Есенгалиев К. С. Микроэкономика. Оқулық. -Алматы: Экономика, 2007. - 112б. ]
1-суретке сәйкес, өндіруші Q 1 көлеміндегі өндірісті таңдай отырып, ол өзінің қаражатын толық пайдаланбайды. Q 3 өндірісін берілген жағдайда таңдау мүмкін емес. Өйткені бұл өндірісті алуға мүмкіндік беретін қаражат кәсіпорында жеткіліксіз. Сондықтан фирма Q 2 өндірісін, оның ішінде Е нүктесіне сәйкес келетін ресурстар комбинациясын таңдайды[16] .
Шекарадан тыс нүктелер жұмыс сызбасына сәйкес те ұстанымды жарамды болып келеді, бірақ оны жаңа кәсіпорынды жасауда ешкім қарастырмайды. Изокванта нүктесіне сай келетін технологиялар, қазіргі уақытта қолданыла бермейді. Фактордың жанама бағасы бір технологиялық процесте басқалардан аз шығын сипаттамасын көрсетеді. Осындай процес жаңа кәсіпорындарда қоладанылады.
Процестік жаңару екі әдіспен пайда болуы мүмкін. Ол жанама бағаның ізінен шығуы мүмкін. Бар изоквантаға шығыны минимальды жаңа технологияларды көрсетеді; бұл жағдайда ҒЗТКӨ шығыны болмайды, өйткені технология өзгермейді. Альтернативтік вариантта технологиялық өзгерістер изовкантты координаттың бастауына жылжытуы мүмкін, осы арқылы үдерістік жаңартпаға серпін береді. Осыдан «жаңартпа» жаңа технологияларды бірінші қолдануға жатады. Уақыт өте келе бұл технологиялар басқа да фирмаларға таралады. Техникалық өзгерістер өзіне жаңартпаны және өрістетуді жатқызады.
Жаңартпа үдерістің маңызды сипаттамасы оның жаңартпалық айналымы болып табылады. Ол келесідей буыннан тұрады: ғылым, өндіріс- тұтыну. Бұл буындардың жанама еркіндігі бар[17] .
Буын «ғылым» үш кезеңнен тұрады: ілгерлі зерттеу, қолданбалы зерттеу, жоба-конструкторлық бұйым әзірлеу. Ілгерлі зертеулерге ғылыми қызметінің негізгі нәтиежесінде қоғамдағы табиғаттың заңдарын және қоғамды ғылыми концепцияларды және олардың объективті ашылу түрінде жаңадан білім беру жатады. Бірақ түпкі зерттеулердің нәтижесі коммерциялық қолдануларға сай келе бермейді.
Біріншіден, нәтижелер халық шаруашылығының мұқтаждығына сай ауыстырылуы керек.
Екіншіден, түпкі зерттеулер, «тұйықтама» қорытындылар беруі мүмкін, олар біздің біліміміздің сомасының көбейуіне оның ғылым мен техниканың осы жолмен дамуының мүмкін еместігін дәлелдейді.
Үшіншіден, түпкі зерттеулердің экономикалық маңызы бірден көрінбей, белгілі бір уақытта көрінуі мүмкін.
Түпкі зерттеулердің сатысында алынған нәтиежелердің коммерциялық қолдануға жарамдылығының мүмкіндігі жоғары емес. Іргелі зерттеулерге арналған шығындардың 5-10% ғана нәтиеже береді.
Түпкі зерттеулердің ғылыми іздену облысы жетерлік кең және шексіз ал түпкі зерттеу, ғылыми нәтиежелерін болашақта қолдану жиі өзекті болып келеді. Қолданбалы зертеулерде ғылыми іздену шектеулі. Қолданбалы зерттеулердің анық практикалық бағдары бар. Қолданбалы зерттеулер халық шаруашылығына әлеуетті тиімді нәтиеже беретініне кепілдік беруі керек.
Өндіріске ғылыми нәтиежелерді енгізу және оларды коммерциялық игеру үздіксіз айналым үдерісі болып келеді.
2-суреттегі айналым үдерісі бір немесе бірнеше шаруашылық жүйесінің қабырғасында өтеді. Сатылардың байланыс сипаттамасы әртүрлі, олар өзара әрекет етуші шаруашылық жүйесінің саны мен деңгейіне байланысты.
Сурет 2- Жаңартпа айналымның элементтері
Ескертпе: Автормен құрылған
ҒЗТКӨ шығынының шешімінің негізгі элементтері:
Біріншіден, айта кету керек ҒЗТКӨ шығыны жалпы ұсынылған қаржы құралына нарықтық инвестициямен және физикалық активтермен бәсекеге түседі.
Екіншіден, ҒЗТКӨ туралы инвестициялық шешімі екі түрлі жорамалды айтады. Бірінші жалпылама шешім жарнама мен физикалық активтер инвестициясы туралы нарықтың болашақтағы кіріс ағымына байланысты болады. Берілген жорамал түрінде белгісіздік, жаңа өнімді қарастырғанда болады. ҒЗТКӨ қажетті ресурсқа кеткен шығын, ғалымдарға төлемақы, зертханалық құрал жабдықтарға, және де материалдарға келіп тіреледі. ҒЗТКӨ «Қара жәшігі» өндірістік функциясына сәйкес келеді отырып, ҒЗТКӨ нәтижесінде ресурстардың өзгеруі болады. Жаңа өнім мен үдеріс қалпындағы технологиялық өзгерістер нәтижесінде нарықтық табыстылығына тексеруден өтуі керек[18] .
ҒЗТКӨ қаржыландыруда инвестициялық шешімді қабылдауда айтылған зерттеулерді жүргізуге тәуекел ету, ұқсас зерттеулермен айналысатын қосымша қатысушыларды тарту мен олардың көмегі арқылы инвестициялық тәуекелдікті мейлінше аз тарту бастаушыға өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz