Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР :

АМЛ - Араб Мемлекеттерінің Лигасы

БАӘ - Біріккен Араб Әмірліктері

БҰҰ ҚК - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЕАР - Египет Араб Республикасы

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

ҚҰМК - Қытай Ұлттық мұнай компаниясы

МӨЗ - Мұнай Өңдеу Зауыты

МЭШАЕҰ - Мұнай экспортқа шығаратын араб елдерінің ұйымы

ХЭА - Халықаралық энергетика агенттігі

MOFCOM - ҚХР-ның Сауда Министрлігінің статистикалық агенттігінің материалдары

Кездесетін терминдер сөздігі:

Баррель - мұнай өнімдерімен мұнай өндірудің өлшем бірлігі. Бір баррель = 42 ам. голлонға = 159 литр; 7, 3 баррель = 1 тонна мұнайға; 6, 29 баррель = 1 куб. м.

Дәлелденген кен орны - қордың бағасы мен оның орналасу бойы анықталған мұнай мен газ кен орындары.

Қор мүмкіндігі - инженерлердің пікірінше барланбаған құрылымдардан өндіру бойынша мұнайдың немесе газдың өңделмеген қоры.

Мұнай мен газ кені - мұнай мен газдың тау жыныстары арасындағы бос қуыстарда «қақпандарда» шоғырлануы.

Мұнай - ең маңызды қазып алынатын кен. Жердің тұндырма қабатында таралған, жанатын майлы сұйықтық. Бірқатар цикландар мен алкамдардың күрделі қоспасы, сонымен бірге оттегінің, көмірсутегінің және азоттың қосындысы. Жеңіл (0, 65-0, 87г/см 3), орташа (0, 871-0, 910 г/см 3) және ауыр (0, 910-1, 05 г/см 3) деп мұнай сапасын бөледі. Мұнайды S (күкірт) мөлшеріне қарай, аз күкіртті (0, 5%-ға дейін), орта (0, 5-2%) және жоғары күкіртті (2%-дан жоғары) деп жіктейді. Біздің дәуірімізге дейін 6 ғасырдан бастап пайдаланылады. Мұнайды өңдеу арқылы бензин, реактив отыны, керосинді, дизель отынын, мазутты алады.

Тапсыру бағасы - бұл баға түрі, өзара экономикалық келісімдермен байланысқан екі уәкілдің араларында мұнайға берілетін баға.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-11

1 ТАРАУ. ҚХР МЕН АРАБ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ … 12-34

1. 1. Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар 12-18

1. 2. Қытай Халық Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар . . 19-27

1. 3. Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы қатынастар . . 28-34

2 ТАРАУ. ҚХР МЕН АРАБ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР . . 35-79

  1. ҚХР-Сауд Арабиясы: екі жақты экономика саласындағы энергетикалық ынтымақтастық . . . 35-51
  2. Египет пен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастарындағы инвестиция саясаты . . . 51-62

2. 3. БАӘ - ҚХР-ның сауда-экономикалық серіктесі . 62-75

ҚОРТЫНДЫ . 76-79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80-86

ҚОСЫМШАЛАР . . 87-91

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда ҚХР мен Араб мемлекеттері геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл, ең алдымен, ҚХР-ның экономикасының күшеюімен және Араб мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы мұнай факторы маңызының артуымен байланысты болып отыр.

Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық дамуы және энергетикалық стратегиясының дамуы елдің жүргізіп отырған жүйелі сыртқы саясатының арқасы болып табылады. «ХХІ ғасыр - Қытайдың ғасыры» атты басты тезисімен және әлемде экономикалық, саяси үстемдігін негізге ала отырып, Қытай ХХІ ғасырда АҚШ гегемониясының орнын баса алатын күш-қуатқа ие десек те болады. Экономикасының тез қарқынмен дамуы халықаралық аренада Қытайдың маңызын арттырып отыр. Дегенмен, экономикалық өсуінің жоғары қарқыны Қытайдың энергоресурстарға деген қажеттілігін арттырып отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан, Қытай әлемде 220 мемлекетпен экономикалық қатынасын дамытуда. Сондай-ақ, Қытай XXI ғасырда экономикалық реформасын дамытуды жалғастырып келеді. Экономикалық реформасының міндеттерін жүйелі түрде орындауы нәтижесінде Қытай 2050 жылы социал-экономикалық дамуының стратегиялық мақсатына жетуі әбден мүмкін: социал-экономикалық дамуына қажетті көпжақты социалистік модернизацияға, халықаралық аренада ел мәртебесінің жоғарлауына және әлемде мемлекеттік күші бойынша бірінші орынға шығуына және елді жоғары деңгейлі материалдық және құқықтық өркениетті мықты мемлекетке айналдыруға қол жеткізуі мүмкін.

Бітіру жұмысының өзектілігі, ең алдымен, ҚХР мен жетекші Араб елдерінің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуымен тікелей байланысты. Энергоресурстарға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қытайдың қазіргі қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын мұнай қорына бай, ғаламдық энергетика саласында ерекше орын алатын Араб елдерімен сауда-экономикалық байланысын зерттеу өте өзекті. ҚХР Жетекші Араб елдерімен өзара сыйлыстық, теңдік және өзара тиімділік негізде саяси, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарының дамуын қолдап, сауда-экономикалық қатынастарында өзара инвестиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп және энергетика ынтымақтастығын ұлғайтуға аса қатты көңіл бөлетінін аңғаруымызға болады. Аса мол энергоресурстарының бар болуымен ерекшеленетін Араб елдері мен экономикасы дамыған Қытайдың байланысын, әсіресе, сауда және экономикалық қатынастарындағы стратегиялық ынтымақтастығын сараптау, екі жақ арасындағы қатынастардың маңыздылығын ашуға таптырмас мүмкіндік береді.

Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің бір қажеттілігі - ҚХР мен Араб мемлекеттерінің арасындағы өзара саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады. Әрине, сан жылдық тығыз достық және өзара тиімді қатынастарының үздіксіз дамуы, жыл сайын өркендеп келе жатқан сауда-экономикалық байланысының ұлғаюы және энергетикаға негізделген стратегиялық ынтымақтастықтарының нығаюы Қытай мен Араб елдерінің қатынастарындағы тараптардың өзара мүдделерін анықтауға жол ашады.

Жалпы бітіру жұмысының тақырыбы болып табылатын “XXI ғасыр басындағы ҚХР мен Араб елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарына” теориялық және практикалық жағынан талдау жасау: Қытай мен жетекші Араб елдерінің сыртқы саясаттарының басым бағыттарын айқындауға және олардың өзара стратегиялық ынтымақтастықтары мен энергетика, инвестиция салаларын қамтитын сауда-экономикалық қатынастарын қарастыруға, тараптар арасындағы өзара ықпалдастық деңгейін талдауға, Қытай мен Араб елдері ара қатынасының болашақтағы дамуына және сауда-экономикалық байланыстарының өркендеуіне баға беруге мүмкіндік береді, бұл зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсері сөзсіз.

Бітіру жұмысының нысаны ретінде ХХІ ғасырдағы Қытай Халық Республикасы мен Араб елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарындағы энергетика және инвестиция ынтымақтастығын, екі жақты стратегиялық қатынастарын қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Бітіру жұмысының хронологиясы ХХІ ғасырдың басынан бастап қазіргі таңға дейінгі аралықты қамтиды. Негізінен, бітіру жұмысында Қытай мен Араб елдерінің арасындағы дипломатиялық қатынастарды ашу барысында XX ғасырдың соңы да қамтылып өтті.

Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: ҚХР мен Араб елдері арасындағы соңғы он жыл шеңберіндегі сауда-экономикалық байланыстарын талдау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін бітіру жұмысының алдына келесідей міндеттер қойылады:

  1. Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы байланыстарының қалыптасу мерзімін айқындап, екі жақты қатынастарының бағыттарын қарастыру;
  2. Қытай Халық Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастарына талдау жасау;
  3. Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы қатынастарды сипаттау;
  4. ҚХР-Сауд Арабиясы: екі жақты экономика саласындағы энергетикалық ынтымақтастықтарын сараптау;
  5. Египет пен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастарындағы инвестиция саясатын талдау;
  6. БАӘ - ҚХР-ның сауда-экономикалық серіктесі.

Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі.

ҚХР мен Араб мемлекеттерінің дипломатиялық қатынастарына байланысты XX ғасырдың 50-жж бастап ғылыми-дипломатиялық зерттеулер орын алған. Бүгінгі таңда ҚХР мен жетекші Араб мемлекеттері арасындағы сыртқы саяси байланыстарын және тараптар арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарын зерттеу, сондай-ақ ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық байланыстарын, жетекші Араб елдерінің сыртқы экономикалық жағдайын көптеген зерттеушілердің еңбектерінен кездестіруге болады.

Бітіру жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен Қытайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, Қытайдың сыртқы экономикалық жағдайын сипаттаған Қазақстандық ғалымдардың еңбектерін айтып өтсек болады. Бұл еңбектерде, негізінен, халықаралық аренада Қытайдың беделін көтеруге, ел экономикасының қарқынды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, елдің ішкі әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға бағытталған ҚХР-дың сыртқы саясатының кейбір аспектілері туралы, Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары, Қытайдың экономикалық саясаты және экономикалық жүйесі туралы кең көлемде сипатталған. Әсіресе, ХХІ ғасырдың басындағы Қытай экономикасының дамуы мен болашағы туралы Б. З. Бюжееваның мақаласы бітіру жұмысының тақырыбын ашуда кеңінен пайдаланылды. Яғни, әлемдік жаһандану үрдісіндегі Қытайдың экономикалық дамуы туралы кеңінен ашып көрсеткен [69] .

Сондай-ақ, “Қытай Халық Республикасының Сыртқы саясатындағы мұнай факторы атты” т. ғ. докторы С. Ж. Сапановтың еңбегі: Қытайды әлемнің мұнай-газ импорттаушы алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде, ҚХР-ның энергетикалық саясатындағы - мұнай стратегиясы мен Қытайдың Парсы Шығанағындағы стратегиялық мүдделерін қамтып, тақырыпты ашуда кеңінен пайдаланылды [40] .

Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық дамуы туралы, Қытайдың экономикалық дамуындағы стратегиялық факторлары туралы және ҚХР энергетикалық стратегиясының дамуы жайлы Қытай зерттеушілерінің еңбектері қолданылды. Олар: Хуан Вэй және Чжан Гою [39], [58] . Сондай-ақ, Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін баяндаған Ресейлік зерттеушілердің еңбектері де пайдаланылды. Олар: Лебедева Т. П., Мраморова И. М. және А. Островский [54], [73] .

Жетекші Араб елдерінің сыртқы саясатының мақсаттарын, міндеттері мен принциптерін ерекше ашып көрсеткен Ресей зерттеушісі М. З. Первиннің еңбегін ерекше атап өткен жөн [18] . Әсіресе, екі жақты сапарлар барысындағы Араб елдерінің басшыларының берген сұхбаттары Арабтардың сыртқы саясатын айқын ашып көрсетеді. [10], [13] .

Қытайдың Араб елдерімен қатынасын дамытуда және Араб елдеріне көмек көрсетуде ұстанатын негізгі қағидаларын ашып көрсеткен Қытай зерттеушісі Х. Е. Венпиннің еңбегі Қытай мен Араб елдерінің арасындағы байланыстарды ашуда өз септігін тигізді [5] . Қытай-араб достық қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан - “Қытай-Араб елдерінің ынтымақтастық Форумы” туралы Қытайлық зерттеуші Ли Хуасиннің еңбегі пайдаланылды [94] . Негізінен, зерттеуші Қытай мен Араб елдерінің арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық саланы қамтитын “Қытай-араб елдерінің ынтымақтастық Форумы” тараптар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды жолы болып қалыптасқандығын паш етеді.

Араб елдерінің жетекші мемлекеті болып табылатын Сауд Арабиясы және ҚХР-ның байланысы туралы Қытай және Араб елдері зерттеушілерінің еңбектері бітіру жұмысының тақырыбын ашуда кеңінен қолданылды. Қытай мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және стратегиялық қатынастарын сипаттаған Батыс зерттеушісі John Calabrese-дің еңбегі бітіру жұмысына өз септігін тигізді [9] . Бұл еңбекте, Қытай-Сауд Арабиясы достық ассоциациясының құрылғандығы жөнінде, тараптар арасындағы барлық саладағы қатынастардың жыл сайын нығайып келе жатқандығы туралы баяндалған.

Сонымен қатар, Қытай мен Сауд Арабиясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жайлы, Қытайдың Сауд Арабиясындағы энергетикалық мүдделері және өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстары туралы көптеген ғалымдардың сүбелі еңбектерінің ірі толқыны қолданылды: John Keefer Douglas, Matthew B. Nelson және Kevin L. Schwartz [47], Stephen P. Matthews, Partner, Baker Botts L. L. P. [52], Ji Hye Shin and John J. Tkacik Jr [66], Christopher Davidson [56] .

Бітіру жұмысын жетілдіруге John Sfakianakis-тің “ХХІ ғасырдағы Сауд Арабиясы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысы” жөніндегі мақаласы маңызды үлес қосты. Қазіргі таңда екі жақты сауда айналымы жыл сайын қарқындап келе жатқан Сауд Арабиясы мен Қытайдың қарым-қатынасы энергетика саласына негізделіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жеткен жетістіктерімен ерекшеленетіндіктерін атап өткен [42] .

Египет Араб Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз дипломатиялық және саяси байланыстарын сипаттаған бірнеше зерттеушілердің еңбектері кеңінен қолданылды. Әсіресе, екі ел арасындағы сауда және экономика саласындағы ынтымақтастығы туралы Қытайдың ЕАР-ғы Елшісінің мақаласы бітіру жұмысы барысында қолданылды. Ол Қытай мен Египеттің өзара тиімді және өзара пайдалы стратегиялық ынтымақтастығына көңіл бөлген. Екі ел халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ынтымақтастықтарын қолдап, өзара сенім және теңдік негізінде саяси қатынас орнатқандығы, соңғы он жыл мерзім ішінде стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде қандай жетістіктерге жеткендігі туралы, мәдени, ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша орын алған жоғары деңгейдегі ресми алмасуларды атап өтті.

Екі жақты сауда қатынасы мен инвестиция байланыстарын ашық баяндаған Батыс зерттеушілері еңбектерінің орны ерекше. Қытай - Египеттің ірі инвестор және маңызды сауда серіктесі ретінде ерекше орын алатындығын паш етті.

ҚХР мен БАӘ арасындағы жалпы саяси байланыстары, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастықта қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасауға бірқатар Қытай зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде By Wam. және Hamayoun Khan еңбектері ерекше [32], [36] . Олардың еңбектерінде, екі елдің стратегиялық достық қатынастарын ерекше сипатталып, стратегиялық ынтымақтастықта тараптар: байланыстарын әр түрлі бағытта дамытуды, халықаралық және аймақтық мәселелерде байланыстарын күшейтуді және халықаралық дағдарысқа қарсы ынтымақтасуды негізге алатындығын атап өтіп, бітіру жұмысын ашуда маңызды үлес қосты. Kevin Brass-тың еңбегі екі ел арасындағы инвестия саясатына баға беріп өтсе [109], Lee Hudson Teslik., Liu Wanyun және Michael Flaherty-дің мақалалары екі жақты саудаға көп көңіл бөлген [99] . Сонымен қатар, екі жақты көкейкесті мәселелерді талқылап, екі мемлекет арасындағы энергетика, сауда-экономика, инвестиция және мәдениет салаларындағы достық ынтымақтастықтарын сараптады.

әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатнастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасы ұжымы оқытушыларының еңбектері тақырыпты ашуда кеңінен қолданылды. Олардың қатарында: т. ғ. д, профессор Н. Мұқаметханұлының “Дипломатиялық қатынастар және қытайтану” атты оқу құралы кеңінен пайдаланылды [12] . Т. ғ. к., доцент А. Р. Әліпбаевтың “Араб елдерінің саяси жүйесіне исламның әсері” туралы мақаласын [2], сондай-ақ Қытайдың сыртқы саясатындағы мұнай факторын зерттеген С. Ж. Сапановтың, Қ. Ә. Жүністің еңбектерін атауымызға болады [40] .

Зерттеудің деректік негізі. Ғылыми жұмысты жазу барысында алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін зерттеудің деректік негізінің кең түрі қолданылды. Олар маңыздылық деңгейі бойынша төмендегідей сараланады:

Зерттеу жұмысының бірінші тобын ҚХР-ның, Египет Араб Республикасының, Сауд Арабиясы Әмірлігінің және Біріккен Араб Әмірлігінің Конституциялары құрайды [91], [17], [11] . Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының ел территориясындағы шетел компанияларының қызметін заңды түрде ресімдеуге арналған заң актісі [76] және Қытайдың «сыртқы саудасы» жөніндегі заңы құрайды [51] . ҚХР-ның «Сыртқы саудасы» жөніндегі заңы сыртқы сауданы кеңейтуге, дамытуға, сыртқы сауда жүйесін қолдауға, сыртқы сауда қызметіндегі мүшелердің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғауға, социалистік нарықтық экономиканың дамуына жәрдемдесуге бағытталған. Мемлекет бірыңғай сыртқы сауда жүйесін жүргізе отырып, еркін және адал сыртқы сауда жүйесін қолдап, басқа мемлекеттермен өзара тиімді және теңдік негізінде сауда қатынастарын дамытатындығы, кедендік одақ, еркін сауда, содай-ақ басқа да аймақтық сауда-экономикалық Келісімдерге қатысатындығы және аймақтық экономикалық ұйымдарда мүшелік ететіндігі қарастырылған.

Зерттеу көздерінің екінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар ҚХР мен жетекші Араб мемлекеттерінің дипломатиялық қатынастары мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтарын дамыту барысында қол жеткізген келісімдері, меморандумдары және коммюникелері жатады. Олардың ішінен дипломатиялық қатынастарға байланысты орын алған құжаттарды атап өтсек: Қытай мен Сауд Арабиясының арасында дипломатиялық қатынастың орнағандығы жөніндегі коммюнике (1990 жыл, 21 шілде), ҚХР Үкіметі мен Египет Араб Республикасы Үкіметі арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қатынастың орнауы туралы бірлескен Коммюнике (1956 жыл, мамыр), ҚХР мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағандығы туралы Бірлескен Коммюнике (1984 жыл, 1 қараша) [4], [23], [28] .

Ал, Қытай мен жетекші Араб елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтағында энергетика, инвестиция салаларында қол жеткізген құжаттары келесідей: Қытай мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық, сауда, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Келісім (1992 жыл, қараша), Қытай мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестицияны қорғау және өзара ынталандыру жөніндегі Келісім (1996 жыл, ақпан), Қытай мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Меморандум (1998 жыл, қазан), Қытай мен Египет Араб Республикасы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен коммюнике (1999 жыл, сәуір), Қытай Халық Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Келісім (2006 жыл, 19 маусым) [75], ҚХР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Экономикалық, Сауда және Техникалық Ынтымақтастық жөніндегі Келісім (2002 жыл, 5 маусым), ҚХР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі екі ел арасындағы өзара инвестицияны қорғау және алға жылжыту туралы Келісім (1993 жыл, 1 шілде) [106] .

Келесі үшінші деректер көзіне екі жақтың жетекші саяси қайраткерлерінің сұхбаттары, еңбектері және ел басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді . Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды. Деректердің бұл аталған тобы Қытай мен Араб елдерінің арасындағы қазіргі кездегі өзекті мәселелерді сараптауға, тараптар арасындағы сауда-экономикалық байланыстарының өзектілігін сипаттауға, екі жақты ынтымақтастықтағы басым бағыттар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Осы кең деректердің ішінен мынадай мемлекет қайраткерлерінің сөздері мен сұхбаттарын атап өтуге болады: [31], [10], [13], [83] .

Әсіресе, ҚХР басшысы Ху Цзиньтаоның 2006 жылы Сауд Арабиясына ресми сапары барысында сөйлеген сөзінде екі жақты қатынасты дамытуға бағытталған 6 түрлі ұсыныс жасауын ерекше атап өту қажет. Ол: мемлекеттердің арасындағы стратегиялық достық қатынастарды дамыту үшін: біріншіден, екі ел арасында жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды қолдау және екі ел басшыларының арасындағы консультация механизмін құру; екіншіден, нарық және ресурс салаларында өздерінің артықшылықтарын көрсету, энергетика саласында жан-жақты серіктестікті дамыту және келешекте өзара инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту; үшіншіден, сауда-экономикалық ынтымақтастық шеңберін кеңейту және оның деңгейін көтеру; төртіншіден, білім, спорт және туризм саласында алмасуларды үдету, арнайы алмасуларды кеңейту; бесіншіден, маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша қатынасты және келісімдікті нығайту, сонымен қатар, аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға жәрдемдесу; алтыншыдан, «Парсы шығанағындағы қытай-араб ынтымақтастығы» атты ұжымдық ынтымақтастық шеңберінде өзара қатынасты дамытуды ұсынғанын айтуымызға болады [14] .

Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің төртінші тобын ҚХР-ның Сауда Министрлігінің статистикалық агенттігінің материалдары (MOFCOM), БАӘ-нің Сыртқы Сауда Министрлігінің мәліметтері, Дубайдағы Қытай консульдығының Сауда Кеңесінің статистикалық агенттігінің, Сауд Арабиясы Сауда Министрлігінің және Египет Сауда Министрлігінің статистикалық агенттіктерінің мәліметтері құрайды [81], [85], [102] . Статистикалық мәліметтер мемлекеттердің экономикалық жағдайын және олардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсетеді. Статистикалық мәліметтер тараптар арасындағы сауда айналымының, экспорт және импорттың нақты көрсеткіштерімен қамтамасыз етуде өз үлесін қосты.

Ал деректердің бесінші тобын Қытайдың, Араб елдерінің және басқа да батыс елдерінің шығыстанушыларының, соның ішінде саясатшы, тарихшы ғалымдарының зерттеулері мен монографиялары құрайды [9], [32], [36], [42], [47], [56], [58], [61] .

Ал деректердің алтыншы тобын мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, мәліметтер, материалдар құрайды. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады. Деректердің осы тобы зор фактілі материалдарға бай және бітіру жұмысын жетілдіруге өз септігін тигізеді. «ҚазҰУ хабаршысы» және Ресейдің «Проблемы Дальнего Востока», «Азия и Африка» журналдары және Қытайдың «Жэньминь жибао», «China Daily» газеттері тақырыпты ашуда кеңінен қолданылды [2], [3], [5], [16], [22], [39], [58], [69], [73], [101] .

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің соңғы жетінші тобын Ресей мен Қытайдың ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Ресейдің «НТВ» және Қытайдың «Bloomberg News» агеттіктерінің, «Қытайдың Халықаралық радиосының» ақпараттары құрайды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған [55], [67], [95] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Сауд Арабиясының Қазақстанмен байланысы
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі
ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Корей Республикасы
Сауд Арабиясы
Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Азияның географиялық табиғат зоналары
МҰНАЙ ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz