МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ


МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е3
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ5
1. 1 Меншік құқығының түсінігі және мазмұны5
1. 2 Тарихи құқықтық аспектісі. 14
2 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ16
2. 1 Меншік құқығының пайда болу негіздері. Ортақ меншік түсінігі16
2. 2 Үлестік меншіктің ерекшелігі20
2. 3 Бірлескен меншіктің түсінігі және оның түрлері. 28
ҚОРЫТЫНДЫ43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ45
К І Р І С П Е
Меншік экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік бұл-затта емес, мүлікте емес. Ол-белгілі бір экономикалық қатынас. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты.
Адамзат көптеген ғасырлар бойы меншік ұғымын зерттеп, дамыған сайын оған әртүрлі анықтама берген, өздерінше түсіндірген. Адам қоғамының барлық уақытында оның қалыптасуы мен дамуында меншік өте маңызды рөл атқарған.
Мүлік өз материалдық зат, осы затпен адам арасында қатынас туады, біз бұны мүліктік қатынас деп атаймыз. Мүліктік қатынасқа меншік қатынасы да жатады.
Қазақстан Республикасы өз алдында егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, соның ішінде меншік қатынастары Қазақстан Республикасының негізгі заңының нормаларына сай дами бастады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі түрі танылады. Бұл жеке және мемлекеттік меншік және олар заңмен теңдей қорғалады. Бұл меншік қатынастарындағы үлкен өзгеріс болып табылады, өйткені, бұрынғы Кеңес одағының заңдылықтарына сай мемлекеттік меншік заңмен ерекше қорғалатын.
Ал, қазір жоғарыда айтып кеткендей теңдей қорғалады. Мұның өзі азаматтардың меншік құқықтарының алға қойылатындығын көрсетеді. Меншік дегеніміз өз адамдардың белгілі мүлікті затты заң негізінде иеленуі. Материалдық игіліктерге индивидуальдық иелену әртүрлі экономикалық қатынастардың нәтижесінен туады.
Біріншіден, ол өндірістік болуы, яғни оны өзі жұмыс істеп, еңбегі арқылы өндіретін өнімі, еңбек табысы.
Екіншіден, өндірістік процеске қатыспай-ақ, басқа біреудің еңбегінің арқасында иемдену.
Үшіншіден, өндіріс арқылы емес, үлестіру, тарату процесі арқылы меншік иесі болуы (мысалы, бағалы қағаздардан түскен табыс, мұра арқылы иелену) .
Осы көрсетіліп кеткен әрбір тәсілдерінен әрбір азамат меншік иесі болады. Сонымен біз меншік ұғымына тоқталдық. Енді ортақ меншік ұғымына тоқталсақ, ол дегеніміз екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүліктің лоарға ортақ меншік құқығымен тиесілі болуы.
Сонымен, бір мүлікке меншік құқығы бірнеше меншік иесіне тән болуы ортақ меншік қатынастарын туғызады. Ортақ меншік құқығы екі түрге бөлінеді,
1. Үлестік меншік құқығы.
2. Бірлескен меншік құқығы.
Тақырыптың өзекті мәселелері - меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Ең алдымен, ағылшын тілдес елдердің құқықтық қауымдастығының өкілдері меншік ұғымын кең мағынада түсініп, ол мазмұны бойынша экономистер қолданатын «меншік құқығы» түсінігіне жақын болады. Соның нәтижесінде бұл категороия құқықтың әр алуан саласын қамтиды. Меншік құқығын мүлікке толық үстемдік ретінде қарастыру жоба авторларының пікірінше меншік өзекті мәселелерін құрайды.
Меншік құқығының ғылыми зерттеу жұмыстарымен байланысы - У. Маттейдің пікірінше құрлықтық құқық үшін меншік құқығын нормативтік реттеудің бөлек әлденеше жалпы заңдылықтары бар. Ұлы француз революциясы кезінде меншік иесінің құқығы күші феодализмге тән сипатта ажырату өріс алды. О. С. Иоффенің жіктеуі бойынша кезеңдердің кез келгенінде жалпы азаматтық құқық пен оның ниституты - заттық құқықтың дамуы барынша өзгеріссіз өтуімен байланысты болады. Зерттеу меншік құқығының субъективтік мағынасы сипатында жүргізіледі. У. Маттеи меншікті түсінуде екі ерекшеліктің бар екенін атайды, ол қазіргі екі құқық жүйесіне тән. Жүргізілген зерттеу барысында меншіктенушінің заңда көрсетілген құқығы күшін жүзеге асыру туралы нақты жағдайды көрсеттіп отырдық. Неміс азаматтық құқығының қазіргі зерттеушісі В. А. Савельев меншік құқығының алман зерттеушісі берген анықтамасы, меншік иесінің затқа үстемділігінің ауқымдылығы, барынша үстемдігі.
Тақырыптың мақсаты - қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Біріншіден меншік құқығы туралы жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді құқық жүйесінде қарастыру. Екіншіден меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты байланыстырғыш ретінде пайдаланады.
Объектілері қозғалмалы және қозғалмайтын заттар, ақша, бағалы қағаздар, шетелдік валюта және міндеттемелік және басқалай құқықтар мен міндеттер. Кодекстермен, нормативті актілермен, заңдармен және т. б. да нормалармен реттеледі.
Зерттеу әдістері қолданатын әр түрлі болып қолданады. Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және санкцияларында топтастыра көрсетілген. Бір тақырыпты қамту үшін, әр түрлі нормативтік актілер, заңдар, т. б. нормалар, кодекстер пайдаланады. Меншік құқығын қорғаудың екі әдісі меншік иесіне затты қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағыттылған әдіс [1, 48] .
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
1. 1 Меншік құқығының түсінігі және мазмұны
Қазақстан Республикасында егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына аз уақыт өткенімен біраз заңдар мен құқықтық нормативтік актілер қабылданды. Оның ішінде меншік жайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында және Азаматтық Кодекстің 2-бөлімі меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды реттеуге арналған. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасай алады, бірақ та меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруда басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Субъектілер белгілі бір зат пен мүлікке деген құқықтары ерекшеліктермен сипатталады. Ол ерекшеліктер төмендегідей:
1. Затқа ілесіп жүру құқығы бұған сәйкес затқа деген меншік құқығының басқа субъектілерге ауысуы бұрынғы субъектілердің өзге заттық құқығын тоқтатпайды.
2. Затқа деген құқықты қорғаудың абсолюттік белгісі. Яғни зат иесінің осы затқа деген құқығы арнайы заңдармен қорғалады.
3. Заттық құқық иелері меншік иесімен де үшінші тараппен құқықтық қатынасқа түседі.
4. Заттық құқықтар меншік иесінен басқа кез-келген субъектілерде болуы мүмкін. Бір тұлға затқа қатысты меншік иесі де, өзге заттық иесі де бола алады.
5. Заттық құқықтың ішіндегі ең негізгісі меншік құқығы болып саналады.
6. Заттық құқықтың төмендегідей түрлері бар:
1) Меншік құқығы
2) Шаруашылық жүргізу құқығы
3) Жедел басқару құқығы
4) Жерді пайдалану құқығы
5) Сервитуттар
Соңғы төртеуі өзге заттық құқықтағы меншік немесе мемлекеттік меншік болып табылады [2, 50] .
Меншік - субъектілердің белгілі бір затқа деген ие болу, пайдалану, билік ете алуы және өз қожалығындағы затқа бөтен үшінші тараптың араласуына қасы қорғануы.
Меншік құқығы - арнайы заңдармен белгіленген, арнайы заңдармен қамтамасыз етілген субъектілердің өз затын иелену, пайдалану, оған өз қалауынша билік ету құқықтары аталады. Қазақстанда меншік құқығы екі рет өзгеріске ұшырады.
1) 1917 жылы Қазан төңкерісі кезінде. Яғни оған дейін қоғамда байлар мен кедейлер болып, меншік тек байларға тиесілі болса, төңкерістен кейін меншік мемлекеттік деп саналды.
2) 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, қоғамда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те шыға бастады.
Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен анықталады.
Қазақстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары берген әлеуметтік экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қолдана білуі және іс жүзінде қорғауы керек. Ал, адамның жеке басын сыйлау, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және лауазымды адамдардың ең басты міндеті. Алайда, іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке мүліктік, отбасы, еңбек және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі азаматтардың сотқа арыздануы [3, 32] .
Меншік мүліктік қатынастардағы ең басты қатынас деп айта аламыз. Біз тарихқа қарап меншікті алғашқы қоғамдық құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарға қарап айырамыз. Буржуазиялық заманда Ұлы Француз революциясына қатысқан Бриссон: "Меншік дегеніміз-ұрлық" деп жауап берді. Социализм уақытындағы меншік Бриссонның айтқанына келеді деп айтарқым келеді. Өйткені, социализм уақытында жеке меншіктегі материалдың игіліктер тек қана адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандырса болады деп есептеді. Ол уақытта мемлекеттік меншікті жеке меншіктен жоғары қойды, екеуі тең болған жоқ. Жеке меншіктегі тұрғын үйдің көлемі мен саны шектелмейді. Ал, қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сай республикада мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам иелігінде қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемдері мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектер де жеке меншікте болуы мүмкін [4] .
Меншік мүліктік қатынастың бірі болып табылады. Ал, мүліктік қатынастар әртүрлі болып келеді. Олар мүлікті сатқанда, сыйлағанда, жалға бергенде, мүлікті қайтарылатын немесе қайтарылмайтын түрде бергенде, ақылы немесе ақысыз алғанда мүліктік қатынастар туады. Бірақ мүлікті меншік иесі ғана сатады, сыйлайды немесе алмастырады, ал, ол мүлікті сатып алған немесе сыйға алған адам сол мүліктің меншік иесіне айналады. Осыған қарап біз мүліктік қатынастардың ең ортасында меншік тұр деп айта аламыз.
Заң ғылымында :
1) Меншік құқығын объективтік мағынада;
2) Меншік құқығын субъективтік мағынада айырады.
Меншік құқығын объективтік мағынада мүліктік игіліктерді иеденуде, пайдалануда және билік етуде пайда болатын қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормаларын айтамыз. Осыған орай, меншік құқығының объективті мағынасында меншіктің құқықтық институтын құратын нормалар жиынтығын айтамыз [5, 215] .
Меншік құқығын субъективтік мағына да заңмен белгіленген шекте мүлікке деген иелену пайдалану және билік ету құқықтарын иелене отырып, осы негізде заңды фактілердің тууына әсер тигізетін нақты тұлғаның заңдылығы деп білеміз. Қысқаша айтсақ, азаматтың заңмен қамтамасыз етілген нақты тұлғаның мүлікке деген өкілеттілігінің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы абсолюттік, заттық және индивидуалдық нақты зат болып табылатын материалдық объект.
Адамзат эволюциясы, тарихта жазылғандай ерте кезден адамдар дамып қоғамдық сатыларға бөлінді. Бөліну себебі неде? Адамдар қауым болып өмір сүрді, күштілер әкелген өнімнің жартысын өзіне жинаумен жоғарыға шығып басқару аппаратын құрды. Сонымен, мемлекет пайда болуына әкелді. Меншік пен билік бірге тұрды. Өркениетті ел болғанда кімде меншік бар, сонда билік болады. Осы меншіктен туындайтын мүліктік қатынастар ерте кезден реттелуде, оның дәлел Рим құқын алуымызға болады. Рим де меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану және билік ету түріндегі затқа деген толық және айрықша үстемдігін білдіреді. Барлық заттар бірқатар санаттарға бөлінген: 1. Азаматтық айналымнан алынған және азаматтық айналымдағы заттар, 2. Жылжитын және жылжымайтын заттар, 3. Бөлінетін және бөлінбейтін заттар, 4. Жеке дара анықталған және топтық белгілері бойынша анықталған заттар. Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: Құқыққа негізделген иелену және «халық құқығына негізделген» иелену. Сонымен қатар, римде меншік тек рим азаматтарына тиесілі балған, ал перегриндер мен латындарда меншік құқығы болған жоқ. Құлдар тіпті адам қатарына қосылмай, зат мүлік ретінде қарастырылды [6, 69] .
Ерте кезден біздің уақытымызға дейін, қазіргі кезде де, болашақта да меншік қатынастары заңдармен нормативтік актілермен реттеледі. Қазақстан Республикасының заңды түрде алған қандай да мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оны құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
Әрбір адам өмір сүру үшін өзінің материалдық жағынан да, рухани жағынан да қанағаттандыру қажет. Өзін қанағаттандыруда ол өз меншігіне түсетін қоғамдық өніммен өз қалауы рақылы иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Бұл меншік иесінің негізгі құқықтары келеді, ал қазірде құқықсыз еркіндік пен бостандық болмайды деген ұғымды қоғамымыздың қабылдауы қиынға түсуде. Есте біз мынаны ұстауымыз керек:
1. Құқық өз қоғамдық өндірістің қуатты күші болып табылады. Жеке меншік алдыңғы ұрпақ қолымен жасалғанын бәрін игілікке айналдырады, талан-тараждан қорғайды. Бұл еңбек өнімділігіне жетуге ынталандырады. Мысал келтіретін болсақ: Батыс мемлекеттеріндегі кішкене жердің өзін дұрыс, ұқыпты пайдаланады. Олар өйткені, жердің қаншалықты қымбат екенін түсінген. Он бесінші ғасырда салынған Англиядағы үйлер әлі күнге дейін, сол қалпында тұр. Неге десек оны салған қалалық құрылыс басқармасы емес, болашағын ойлап оны салған қалалық құрылыс басқармасы емес, болашағын ойлап бабаларынан балаларына ауысатын етіп ұқыпты салып кеткен. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады, бізде осылай механизмдерді заңдастырып қолдансақ, ісіміз ілгері басар еді.
2. Меншік иелерінің басым көпшілігі ескертпелерінсіз қоғамның әлеуметтік-демократиялық базасы мен құқықтық мемлекет болмайды. Әрбір адам өзінің жиған-терген баласына мұра етіп қалдыруды ойлайды. Мұны болашақ ізбасарларына қамқорлық дейміз. Демек, меншік бар жерде мұрагерлік бар.
Меншік қатынасының құқықтық реттеуін түсіну, егер де оның экономикалық мәніне үңілмесек өте қиын. Сондықтан экономикалық мәніне категориясына меншіктің тоқталып кетейік. Сонымен бірге бұл жерде политэкономика оқулықтарын айтсақ, онда меншік мәселелері жөнінде көптеген пікір-таластар, 1989 жылғы меншік туралы заңды талқылауға және дайындауға байланысты пікір таластар меншік ұғымына нақтылы енгізбей ғана сонымен бірге негіздер түсінігіндегі қателіктерді көбейте түсті деуге болады.
Осы даулардың кесірінен меншік түсінігі мүлік деген сөздің синоним ретінде көрсетілді. Ал негізінен меншік адамдар арасындағы затқа байланысты қатынасы деп көрсетілуі қажет еді. Мұның бәрі меншік қатынастарының қиын екенін көрсетеді және де оның мазмұны және нысанын оның реттеу құқықтарын нақты айқын ашып алу үшін біз меншіктің экономикалық табиғатының нақты түсінігіне тоқталамыз.
Меншіктің экономикалық қатынас ретіндегі түсінігі. Адамзаттың тіршілік етуіне қажетті барлық материалды игіліктердің пайда болуын бастауы бірінші қайнар көзі болып қоғамдық өндіріс процесі болып табылады. Әрине егер де адамзатқа табиғатпен берілген жерді және тағы да басқа табиғи ресурстарды санамаған кезде. Мұндай табиғатпен алатын өнімді адам жалғыз өзі ала алмайтындығын адамзаттың барлық тәжірибесі көрсетеді. Сондықтан адамдарға өзара қатынастарға түсуге тура келеді. Өндіру бұл матералдық игіліктерді өзіне тиесілі ретінде иемдену. Иемдену сөзі біреудіңменшігіне түсу деген мағнаны білдіреді. Меншікті экономикалық қатынастарды өндірістік қатынастың оның статистикасын жағдайын материалдық игіліктерін тиістілігін көрсететін өндірістік қатынастардың бір бөлігі.
Меншік түсінігі дегеніміз - субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік иесінің өз мүлкін иеленуге пайдалануға және оған билік етуге құқығы болады. Меншік құқығының үш элементі бар:
Иелену, пайдалану, билік ету. Иелену дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге артыруды заң жүзінде қамтамасыз ету болып табылады. Ал, пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс өсім жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін [7, 25] .
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесінің құқығын иелену пайдалану және билік етуге байланысты төрт ерекшелігін бөліп қарауға болады.
1. Заңдылық актілері бұл құқықты мойындауға тиіс.
2. Заңдылық актілер бұл құқықты қорғауға тиіс.
3. Өз қарауына байланысты меншік иесімен заттық құқықты жүзеге асыру.
4. Өзіне тиесілі мүлікке қатысты меншік иесі заттық құқықты жүзеге асыруы. Сонымен құқықтық қорғау оны заңдылық акт нормаларымен қорғауы болып табылады. ал құқықты мойындау әрекет етуші құқықтық жүйеге қайшы келмеуі. Өзінің қарауына еркіне сай құқықты жүзеге асыру дегеніміз бұл меншік иесінің әрекет ету бостандығы тек заңдылық актілерге сай.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке өз қалауы бойынша келтірген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп иелігінен шығаруға өзі меншік иесі болып қала отырып оларға мүлікті иелену пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік иесі өзінің мүлкімен абсолюттік түрде билік ете алады. Меншік иесі заңның талаптары бұзылмайтын болса мүлігін өзіне тиесілі жойып жіберуге құқығы бар. Меншік иесінің өз өкілеттігінің жүзеге асыруы басқа тұлғалармен мемлекеттік құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандармен қатар меншік иесінің өзінің монополиалық және шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Меншік иесі заңға сәйкес бір уақытта иелену пайдалану және билік етуі құқығынан айырылып қалатын жағдайларда кездеседі. Мысалы: мүлікке қамау салған кезде немесе шарт бойынша өзінің барлық үш құқығын меншік иесінің басқаға беруі. Меншік құқығы мемлекеттен мойындау шегінде жүзеге асырылады. Бұл сондықтан абсолюттік құқық болып табылады. Тек заңдылық актілермен шектелуі мүмкін. Сонымен бірге азаматтық құқықтың жекелеген объектілері азаматтық айналымнан толықтай және жартылай алынып тасталды және де бұл мұндай мүлікке шектелген құқықпен жүзеге асырылады. Мысалы: жер, орман, радиоактивтік заттар және т. б. Меншік иесі өзінің монополды жағдайы мен асыра пайдалану туралы монополияға қарсы заңдылықтарында көрсетілген. Меншік иесі қоршаған ортаға келтірілген зиянда алдын алу табиғатты қорғау заңдылығымен реттеу қажет. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Заң құжаттарында көзделген реттерде жағдайлармен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа адамның шектелуі түрде пайдалануына жол беруіне міндетті. Меншік құқығы екі түрге бөлінеді:
1. Жеке меншік.
2. Мемлекеттік меншік.
Жеке меншік ұғымы азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Қоғамдық меншік соның ішінде діни бірлестіктер меншігі жеке меншіктің ерекше түрі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Сонымен қатар меншік құқығының мерзімі шектелмейді [8, 44] . Меншік иесі, егер заңда өзгеше көзделмесе өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді. Жеке меншіктің өзі екіге бөлінеді:
1. Жеке азаматтардың меншігі.
2. Жеке мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz