ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН КҮН



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
№1АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: 16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН КҮН

ТЕКСЕРГЕН:Тұрсынғожин Дастан Қуанышұлы
ОРЫНДАҒАН:№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің 01120100-мектептке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының студентті Тұрғынбай Балжан Рахатқызы

МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ:
Тәуелсіздік алған күн
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
2. Көтерілістің мақсаты
3. Көтерілістің құрбандары
III. ҚОРТЫНДЫ БӨЛІМ:
Тарихта қанмен жазылған күн.
IV. ДЕРЕККӨЗДЕР

ТАҚЫРЫБЫ:

Кіріспе
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Түркия мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні -- тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсанда аталып өтетін ұлық мереке. Бұл күн мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16 желтоқсан күнтізбеде демалыс болып белгіленген.Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.Сондай-ақ, бұл күн 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасын еске алу күні.
Негізгі бөлім:
АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Дуайт Эйзенхауэр: "Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол - терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол - КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы" деп баға берген Дінмұхамед Қонаев қазақтың бағына туған, елу жылға жуық ел басқарған басшы болды. Оның қазақ үшін атқарған елеулі қызметтері өте көп. Қонаевтың кезінде Қазақстанда өнеркәсіп салынды, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды, Алматыны көрікті қалаға айналдырды, ірі ғимараттар бой көтерді, қазақтың ғылымы қайтадан жазыла бастады. Ол Кеңес үкіметінің құрамында бола тұра Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерлерін қайтарып, Маңғыстауды Түркіменстанға беру туралы орталықтың ұсынысына, Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы шықты. Қонаевтың ұлт алдында атқарған ұшан-теңіз қызметінің бағасын Үнді мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі Джавахарлал Неру жақсы береді. Ол: "Мейірім-шуағаы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық - қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент - Дінмұхамед Қонаев" деген болатын.

Мемлекет басшылары арасында тұтастай халықтың сүйіспеншілігіне бөленетін басшылар аз, тіпті сирек десек те болады. Ал Қонаевты халық жаппай жақсы көрді. 1985 жылы КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы болып М.С.Горбачев тағайындалғаннан кейін Қазақстанның сол кездегі 1-хатшысы Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, 1986 жылдың 16-желтоқсанында ол орынға Г.В.Колбинді қойды. Бұл хабардан демде құлақтанған Алматы жастары КСРО-ның ұлт саясатына қатысты наразылықпен алаңнан бірақ шықты. Көздері ашық, көкірегі ояу жастардың қолында "Әр халықтың өз көсемі болуы керек" деген ұрандар жазылған плакаттар бар еді. Бейбіт шеру ретінде басталған бұл оқиғаның соңы қантөгіске айналды. Өз құқықтарын талап етіп, алаңнан кетпеген жастар: "Қонаев алдымызға шықсын. Бәрін өзі түсіндіріп берсін" деген де талаптар қойды.17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, "бұзақыларды" күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын -- 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Желтоқсан эпопеясы
Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Қазақстанның егемендік алуы
Жалаулы жастардың алаулы шағы
Пәндер