Қытайдағы Ихэтуаньдар көтерілісі қарсаңында қалыптасқан саяси жағдай


Мазмұны
Кіріспе . . . . . . 3
1 ТАРАУ. Қытайдағы “Ихэтуаньдар” көтерілісі қарсаңында
қалыптасқан саяси жағдай . . . 8
1. 1 XIX ғ. соңында шетелдік агрессияның күшеюі . . . 8
1. 2 «Ихэтуань» одағы . . . 19
2 ТАРАУ. Ихэтуань көтерілісі. Барысы мен жеңілу себептері . . . 40
- Шаньдун, Чжили, Шаньси провинцияларындағы шетелдіктерге қарсы көтерілістер . . . 40
- Оңтүстік-Шығыс провинциялардағы жағдай және Қытайдың шетелдік державалармен соғыста жеңілуі ……… . . . . . . 57
Қорытынды . . . 69
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер көрсеткіші . . . 72
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XIX-XX ғасырлар тоғысында (1898-1901) Қытай империясын, тарихқа «Ихэтуань көтерілісі» атпен енген халықтың қозғалысы дүр сілкіндіреді. Қытай шетелдік мемлекеттер үшін олжа болды. Қытайда газеттер «ашу» мен тауар енгізуден (негізінен опиум) бастаған олар, XIX ғ. соңына елге капитал енгізді, темір жолдар салды, территорияларды «жалға алды», ықпал аймаққа өзара бөлді және ақырында Қытайды жартылай отар елге айналдырды.
Державалар Қытай халқына христиан дінін уағыздай отырып, идеологиялық жағынан отарлады. Шетелдіктердің мұндай әрекеттері Қытай халқының наразылығын тудырды.
Ихэтуань көтерілісі Шаньдун провенциясында басталып, Чжили, Шаньси, Солтүстік-Шығыс Қытайға таралды және сегіз державалардың одақтас әскеріне қарсы бағытталды. Көтеріліс 1901 жылы Қытайдың жартылай отарлығын мойындатқан «Қорытынды хаттамаға» (Англия, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Италия, Жапония және Австрия - Венеция) қол қойылумен аяқталды.
Көтеріліс жеңіліс тапқанымен, ол болашақ үшін өте маңызды сабақ болды. Тарихқа «ихэтуань көтерілісі», «ихэтуань қозғалысы», «боксерлер көтерілісі» деген атпен енген бұл көтерілістің тек Қытайдың ғана емес, жаңа дәуірлік дүние жүзі тарихында алар орны ерекше. Бұл мәселе, Қытайда Ресейде зерттелгенімен, Қазақстанда қарастырылмаған. Сондықтан, бүгінгі зерттеу жұмысымыздың өзектілігі әлемдік тарихқа қосқан кішкене де болса үлес, диплом жұмысы деңгейінде қарастырылады.
Хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымыздың хронологиялық шеңбері негізінен 1898 жылдың ортасы-1901 жылдың 7 қыркүйегі аралығын қамтиды. Яғни, Қытайға шетелдіктердің енуі, «Ихэтуань көтерілісінің» басталуы мен «Қорытынды хаттамаға» қол қойылғанға дейінгі аралықты қамтиды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл мәселе төңірегінде Ресей және шетелдік қытайтанушы ғалымдар жан-жақты зерттеу жүргізген. Дегенмен, әлі күнге дейін құрамы мен идеологиясына қатысты ортақ пікір жоқ десе болады. Біздің бүгінгі бітіру жұмысымыздың мақсаты, сол пікірлерді қарастыра келіп, өзіндік көзқарас қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуде алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
Біріншіден, Ихэтуань көтерілісінің себептері мен алғы шарттарын анықтау.
Екіншіден, көтерілістің сипаты мен тарихи маңызына тоқталу.
Үшіншіден, көтерілістің құрамы мен жеңілу себептерін ашып көрсету болып табылады.
Осы мәселелер толығымен қамтылған жағдайда ғана, біз 1898-1901 жылдардағы «Ихэтуань көтерілісін» ғана емес, XIX-XX ғғ. тоғысындағы Қытай империясының қоғамдық өміріндегі көп мәселелерді түсінеміз.
Жұмыстың дерек көздері. Ихэтуань көтерілісі мен XIX-XX ғғ. Қытайда қалыптасқан жағдайға қатысты орыс, Батыс Еуропа елдері тілдерінде деректер басылып шықты. Олардың арасында дипломатиялық құжаттар, соғыс барысы баяндалған материалдар да кездеседі.
1951 жылы қытай тарихшылары төрт томдық «Ихэтуаньдықтар» жинағын басып шығарған. Көтеріліске қатысты қытай тіліндегі құжаттар мен материалдардың бір бөлігін орыс және еуропа елдері тілдеріне аударылған. Мәселен, 1968 жылы Мәскеуде «Восстания ихэтуаней. Документы и материалы» [1] жинағы жарық көрді. Мұнда 200-ден астам құжаттар мен материалдар көрсетілген. Сонымен қатар, зерттеу ауқымында деректерді «Красный архив», «Проблемы Китая» журналдарынан, А. Рудаковтың «Общество ихэтуань и его значение в последних событиях на Дальнем Востоке» еңбегінен кездестіруге болады.
Зерттеудің тарихнамасы. Ихэтуань көтерілісіне деген қызығушылық Кеңестік тарихшылар арасында 1960 жылдары арта түсті.
Еуропа, Азия және Америкада ихэтауньдықтар туралы көптеген еңбектер, брошюралар мен мақалалар жарық көрді. Солардың арасынан мына еңбектерді ерекше атап өткен жөн: Лао Най - сюань «Исследования о просхождении секты Ихэтуань», А. В. Рудаков «Общество И-хэ-туань и его значение в последних событиях на Дальнем Востоке» [2], Чэнь Цзе «История движения ихэтуаней» [3], Фань Вэнь-лань «Новая история» [4], Б. Персель «Боксерское восстание [5] .
Ихэтуань көтерілісі туралы зерттеулерді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі, 1899-1920 жылдар аралығы. Негізінен естеліктерден тұрады және баяндаушылық сипаттағы еңбектер. Оларға, Д. Д. Покошеловтың «Дневник осады европейцев в Пекине» [6], В. В. Карсаковтың «Пекинские события» [7], Д. Янчевецкийдің «У стен недвижного Китая» [8], У. Мартиннің «Осада в Пекине», Р. Харттың «Все это было на земле Китая», Д, Антуардың «Китай против иностранцев. Боксеры» еңбектерін жатқызамыз.
Екіншісі, 1920-30-шы жылдар аралығы. Бұл кезде зерттеулер саны күрт азаяды. Негізінен еңбектерде «Ихэтуань көтерілісін» маркстік идеология тұрғысында қарау орын алады. Оған В. И. Лениннің еңбектері, М. И. Бараковскийдің [9], П. А. Гриневичтің [10], Д. М. Позднеевтің [11], т. б. еңбектерін атауға болады.
Үшіншісі, 1940-80 жылдар аралығы. Бұл кезеңде көтерілістің белгілі бір мәселесіне, сипатына, идеологиясына деген қызығушылық байқалады. Түп деректер жариялана бастайды. Бұл еңбектер қатарына мына авторлар зерттеулерін жатқызамыз: Бондаренко В. П., Резанов П. И. [12], Бродская М. Ф. [13], Бонах Л. Н. [14], Горемик С. Б. [15], Григорьев А. М. [16], Ерусамемский А. С. [17], Ефимов Г. В. [18], Зарина Л. Л., Лившиц С. Г. [19], Камюжная И. М. [20] және т. б.
Ал, 1980 жылдардан бері қарай бұл мәселе төңірегінде қомақты зерттеу жұмысы жазылмады.
Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында объективтілік, тарихилық, жүйелілік әдістеріне сүйендік. Сонымен қатар, зерттеу барысында көрнекті кеңестік және шетелдік қытайтанушы тарихшы ғалымдардың еңбектеріне жүгіндік.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тарау, төрт тараушалардан, қорытынды және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.
«Қытайдағы ихэтуань көтерілісі қарсаңында қалыптасқан саяси-идеологиялық жағдай» атты бірінші тарауда, шетелдік агрессияның күшеюі мен одақтың құрылуын қарастырамыз.
Екінші тарауымызды, «Ихэтуань көтерілісі. Барысы мен жеңілу себептері» деп атап, аты айтып тұрғандай басталуы, алғышарттары мен нәтижесін, тарихи маңызын қарастырып, қорытындылаймыз.
І ТАРАУ Қытайдағы “Ихэтуаньдар” көтерілісі қарсаңында қалыптасқан саяси жағдай
- XIX ғ. соңында шетелдік агрессияның күшеюі
Империалистік державалардың аспан асты империясына қыспағын күшейтуіне, Қытайдың Жапониямен соғыста жеңіліс табуы түрткі болды. XIX ғасырдың соңында Қытай әлі де болса «артта қалған, егіншілікпен айналысатын жартылай феодалдық» және экономикасы натуралды шаруашылыққа негізделген мемлекет болатын [20, 13] .
Қытайға тұтыныс тауарларымен қатар, империалистік державалардың капиталы да ене бастады.
Цинь үкіметіндегі қаржылық тапшылықты пайдаланған державалар Қытайға қарыз, несие берді, және де сол жерде темір жолдар мен өз өнеркәсіп ұйымдарын құруға мүмкіндік алды.
Төрт жылдың ішінде (1895-1898 жж. ) Қытайға берілген шетелдік қарыздың жалпы соммасы 54 млн. ф. ст. немесе 370 млн. ляннан асты. Ең көп несие беруші Англия (21, 6 млн ф. ст), одан кейін Германия (17 млн. Ф. ст), Ресей мен Франция (16 млн. ф. ст) болды [19, 38] .
XIX ғ. Соңында Қытайда 11 шетелдік темір жол салатын компания жұмыс істеді. Олар темір темір жол салу өнеркәсібіне 55 млн. ф. ст. аса қаржы жұмсады [19, 76] .
1896-1899 жылдар аралығында шетелдік компанияларға мынадай темір жол торабтарын салу тапсырылды. Пекин - Теньцзинь, Шанхай чуань - Нюч - Жуан, Цзюлин - Гуанчжау, Пукоу - Синьян, Сучжау - Хачькау (АҚШ), КВЖД (Патшалық Ресей), Циньдао - Цзинань (Германия) және т. б.
Темір жол өнеркәсібіне қаржы сала отырып, шетелдік компаниялар жолдан түскен пайдамен қатар, темір жол торабтарындағы бақылауға ие болды.
1897 жылдың өзінде төрт ірі шетелдік текотильдік кәсіпорын ашылды. Бұл шетелдік кәсіпорынға жалпы саны 4 млн. лян салынса төрт ұлттық кәсіпорынға Қытай кәсіпкерлері екі есе аз капитал салды [20, 14] .
Қытайға шетелдік капиталдың енуі экономиканың дамуына елеулі үлес қосқанымен, оның алдына қойған басты мақсаты Қытайды бағынышты отар елге айналдыру болды. Ол Қытайдың тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төндірді. Бұл әсіресе 90-жылдардың соңында державалар «жалға алу» деп жерлерді басып ала бастауынан көрінді. 1898 жылы наурызда Қытай мен Германия арасында соңғы Цзеончжоуды (Шальдун пров. ) 99 жылға жалға беру туралы келісім шартқа қол қойылды. Сол айда Қытай мен патшалық Ресей арасында Ресейге Люйшунькоу (Порт-Артур) мен Далян (Қиыр Маньчжурия) жерін 25 жылға жалға беру конвенциясына қол қойылды.
Франциялық Гуанчжоуаньды 99 жылға жалға беру туралы ұсынысына Қытай үкіметі 1898 жылы сәуірде келісім берді. Осы жылдың маусым айында Англияға Цзюнлун жарты аралын 99 жылға, ал бір айдан кейін Вэйхайвейді жалға беру туралы келісімге қол қойылды [21, 116-122] .
Сол кезеңдегі Германияның саясатына баға берген В. Либкнехт былай дейді: «Біз «жалға алуды» ойлап таптық. Бұл дүние жүзіне күлкі болған оқиға болды Қытай жалға берген жерлерін Германиядағы басқарушы күш орнынан түскенге дейін қайтарып ала алмайды» [22, 36] .
1896 жылы Қытай Юньнань, Гуандун, Гуанси провинцияларында пайдалы қазбалар өндірісін Францияға берді.
1898 жылы ақпанда Ұлыбритания мен Қытай үкіметі арасында Янцзы өзеніне байланысты пана айырбасы өтті. Осылайша Англияның «ықпал аймағы» анықталды.
Ресейге Маньчжурия ауданы қарайтын болды және 1898 жылы сәуірде Қытай үкіметі Жапонияға Фуцзянь провинциясын берді [21, 105] .
Державалар теміржолдарға да қатысты өз «ықпал аймақтарын» бөліп алды және Қытай үкіметін ол туралы хабардар етуді де ойламады. Мысалға 1898 жылы қыркқйекте ағылшын және неміс банктері арасында Қытайдағы темір жол торабтарын өз мүддесіне сай Англияға Янцзы өзені мен Шаньси провинциясы, ал Германияға - Шаньдун провинциясы мен Хуанхэ өзені маңындағы аймақ бөлініп алынды [19, 78] .
1899 жылы сәуірде Петербургте Ресей мен Англия Қытайдағы темір жол салу өндірісін бөлу туралы нотаға қол қойды. Ресей аймағы Ұлы Қытай қамалының солтүстігі, ал Англияға Янцзы өзені аумағы кірді.
Қытай жерлерін «жалға алу», оны «ықпал аймаққа» бөлу және темір жолдағы әрекеттер - сияқты шетелдік державалардың әрекеттері негізінен, Қытайды бөліске салуға алып келді.
Экономикалық, саяси және әскери ациссиямен шектеліп қана қоймаған шетелдік державалар Қытай халқын идеологиялық жағынан да отарлау миссионерлер арқылы бастады.
1858 жылғы Теньцзинь келісіміне байланысты миссионерлер Қытай империясында христиандықты тарату құқығына ие болды. 1890 жылы миссионерлер Хунань провенциясына өзге провенциялардың барлығында өз резиденцияларын құрды. 1881 жылдың өзінде елде 40-тан астам енархия, 34 монастырь, 664 миссионер, 559 жергілікті свещениктер және милионнан астам христиан дініне енгізгендер болды [23, 117] .
Миссионерлер әсіресе 80-ші, 90-ші жылдары белсенді әрекет етті. Егер, 70-ші жылдары Қытайда төрт протестанттық миссия орнықса, 80-ші жылы - 13, ал 90-шы жылдары 15 болды. Миссионерлердің көпшілігі ағылшындар болды. Каталик свещениктері аз болды. 1900 жылы протестант свещениктерінің саны 281-ге жетсе, 1897 жылы католиктардың саны 750-ге жетті [20, 16-17] .
Миссионерлер шіркеу, тұрғын үй, баспахана, оқу орындарын, дүкендер мен госпитальдар салуға жерлерді сатып алды. Жерлерді миссионерлерге сату жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Христиан шіркеулеріннің ірі жер иеліктерінің көптігі соншалық, миссионерлер Қытай феодалдары деңгейіне жетті.
Миссионерлердің қызметіне біржақты баға беруге болмайды. Мысалға, олар мектептер, госпитальдар, амбулаториялар, балалар үйін, қарттар үйін ашты. Олар кедей христиан - қытайларға материалдық көмек көрсеткен. Сонымен қатар, свещенниктердің көпшілігі империалисттік державалардың мүдделерін ұстанған және отарлық саясатты жүзеге асыруда өз үлестерін қосты. Шетелдіктердің өздері миссионерлерді «ақысыз коммерциялық агенттер» деп атады.
Жергілікті халық христиандыққа өтуге қарсы болды. Миссионерлер негізінен помещик - тирандар мен кедейлерді христиандар дініне тартқан. Христиан дініне соттан қашқан қылмыскерлер де қабылдаған кездер болған [20, 19] .
Жергілікті халықтың әдет - ғұрып, өмір сүру салтынан хабары жоқ миссионерлер христиан дінін қабылдаған қытайларды дәстүрінен, діни мейрамдарынан бас тартуды талап етті. Бұл жергілікті халықтың христиан - қытайларға деген наразылығын туғызды.
Шетелдік державалардың Қытайға енуі және 90-шы жылдардың аяғында кең етек алуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Баспасөз беттерінде мемлекеттің және ұлттық тағдырына, Қытайдың державалар арасында бөліске түсуі туралы мақалалар көптеп шыға бастады.
Қытайдың алдынғы қатарлы зиялы азаматтары елдің тағдыры туралы көпшілікке жеткізуге тырысты.
Реформаторлар қозғалысының жетекшілерінің бірі Лян Ци-чао 1989 жылы «Қытайдың бөлшектену қаупі» атты мақаласында былай дейді: «Қытайдың бөлшектену қаупі дегенде мен ашық түрде бөлінуін айтамын. Себебі, европалықтар жасырын түрде Қытайды баяғыда бөліп алған. [23, 34] .
Импералистік державалардың Қытайдағы басқыншылық саясаттарының мәнін Сунь Ят-сен де түсінді. 1898 жылы ол былай деп жазған болатын, «Разве терпимо, что страна с 400 . . . и четырехсотмиллионным населением сложа руки ждет раздела? Совершенно необходимо поднять массы для оказания сопротивления» [23, 57] .
Либерал зиялы қауім елдің бөліну қаупінен жоғарыдан реформалар жүргізу арқылы мемлекеттік күшейті арқылы шығуға болады дегенге сенді. Нан 10-вэй, мен Лян Цичао бастаған топ Цзий Тянь императордың қолдауына сүйене отырып, қаржы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, суда, білім беру жүйесі және тағы басқа да экономикалық, мәдени салалар бойынша қайта құру шараларын жүргізді. Бұл реформалар 1898 жылы 11 маусымда басталып, 21 қыркқйек аралығында жүргізілді және тарихқа «10 күндік реформа» деген атпен енген. Алайда, бұл реформалық» деген атпен енген. Алайда, бұл реформаторлық қозғалыс сәтсіздікке ұшырады.
Императрица Цы-си бастаған консервативтік топ қандай да болмасын реформаға қарсы шығып, Юань Шичайдың сатқындығын пайдалана отырып, елде төңкеріс ұйымдастырды. Император мемлекеттік істерден алыстатылды. Реформаторлар қудаланып, жазаға тартылды. Бір ай ішінде реформаторлардың енгізген жаңа режимі қайта орнына келтірілді. [24, 113] .
Революциялық бағыттағы интеллигенция елдің жағдайының жақсаруын консервативтік бағыттағы Цинь империясының билігін тоқтатуда деп ойлады. Бірақ бұл кезде революционерлер әлсіз болды. [25, 42] .
Христан дініні уағыздаушыларға қарсы жергілікті шяньшилар да өз уағыздарын жүргізе бастады. Державалардың қыспағына қарсы бұқара халық та көтеріле бастады. Қытай жерлерін шетелдіктерге берілуіне қарсы шыққан олар христиандарға ие болмаса миссионерлерге шабуылдап отырды. Мысалға, 1898 жылы сәуірде Гуанси провинциясындағы Юаньваньда француз миссионерлеріне қарсы жергілікті шяньжидің көтерілуі соған дәлел бола алады. [20, 22-23] .
Симоносек келісімі бойынша Шанен портының ашылуына жауап ретінде жергілікті халық жапон елшілігін, ағылшындардың елшілері мен саудагерлердің үйлерін қиратын миссонерлерді қаладан қуып шықты.
Шілдеде Шаңхай тұрғындары - көпестер, порт жұмысшылары, моряктар-француз консулдығының жер учаскелерін басып алуға қарсы көтеріліске шықты. Бұл қақтығыста 30 адам жараланып, 12 қытай қаза тапты. Дегенмен, шанқай тұрғындарының бұл көтерілісі француздардың жүйе қаласын тоқтатты.
1899 жылы Батыстың баспасөз беттерінде шенеуніктердің шетелдіктерге қарсы Хунань, Аньхай, Хубэй, Сычуань провинтер көптеп кездеседі. [26, 14] .
1898-1899 жылдар аралығында көтерілістердің ішіндегі ең ірісі Сычуань провенциясындағы қарулы көтеріліс болды. Бұл көтеріліс жеңіліс тапқанымен, провенцияның басқа уездерінде де бас көтерулер бой алды. Толқулар Тұннан, Наньси, қжуйнине, Ушане, Аньсю, Гуанан, Каньчуан, Цзенбэде орын алды. Көтерілісшілер бір бірімен өзара байланыста болмады, белгілі бір жоспарға сай әрекет етпеді де және де алдана қойған нақты мақсаттары болмады. Олардың әрекеттерін миссионерлік шіркеулерді өртеумен, заттарын тәркілеу және қаратумен аяқталды. Сонымен қатар, көтеріліс жетекшілері арасында өзара тартыс орын алды. Осыған байланысты 1898 жылдың желтоқсанында үкімет толқуларды басып тастады.
Көтеріліс нәтижесінде 30 уезде 20 христиан шіркеулері, 4 мың тұрғын үйі және 20 мың каталиктер зардап шекті. үкімет миссионерлерге компенсация ретінде 1186 мың мен айып пұл төлеуі керек болды [19, 117] .
Сонымен, державалардың жаңа қыспағына Қытай бұқара халқы жауап ретінде көтеріліске шықты. 90-шы жылдардың соңында антимисионерлік қозғалыс шетелдік азаматтардың бәріне бағытталды. Көтеріліске шаруалар, саудагерлер, солдаттар, шэньшилар мен шенеунектер көтерілісте жетекші, ұйымдастырушылық қызмет атқарды. Көтерілістер Қытайдың барлық аудандарында болып отырғанымен, солтүстік аудандарда күшті жүрді. Осы солтүстік Қытайда сегіз державаға қарсы соғыс басталды. Ол тарихқа «Ихэтуань көтерілісі» деген Атпен енген. Оған «Ихэтуань» одағы басшылық етті. (Бейбітшілік пен әділдік отрядтары) .
Солтүстік Қытай деп отырғанымыз, мына провенциялар: Шаньдуан, Чжили, Шаньси, сонымен қатар солтүстік - шығыс провенциялар Фэнтянь мен Хэйлунцзян кірді. Бұл шетелдік капиталдың ене бастаған аудандары еді.
1867 жылы Шаньдун провенциясында шетелдік саудаға Янытай порты ашылды. Осы уақыттан бастап шетелдік тауар ағылып келе бастады, және ол жергілікті тауарды ығыстырды. Шетелдік тауардың саны жылдан жылға өсіп, 1892 жылы 13, 3 млн. Лянды құрады. Ал, 1899 жылы шетелдік тауарлардың импорты екі есеге өсті. Негізінен мақта-мата және тоқыма бұйымдары керосин көптеп әкелінді. Жергілікті бәсекелестер төтеп бара алмай, шығынға ұшырады [20, 60-61] . Бұл процесс жылдан жылға күшейе түсті, және оған қарсылық әрекеттер де өсті.
1895 жылы Шаньдун провенциясында Жапон - Қытай соғыс операциялары болып өтті Жунчеэн, Вэйхайвэ сияқты қалаларда жапондықтар басып алды. Бұл жергілікті халықтың наразылығын туғызып, қорғанысқа дайындалуға түрткі болды [20, 62-63] .
Жапондықтармен соғыс басылып үлгермей жатып, Германия жалға алу деп сылтауратып, 540 кв. м. 80 мыңнан астам халқы бар Цзяочжау жерін басып алды. Бұл жерді немістер Кяочао деп атап, жергілікті халықтан салық жинап отырды. Мұнда 1500 солдаттан тұратын неміс гарнизоны орналастырылды. 1899 жылы неміс инженерлері шығысты батыспен қосатын темір жолды салуға кірісті [17, 67] .
Шаньдун провенциясында Германиямен қатар, ағылшындар Вэйхайвэй провенциясын «жалға алу» арқылы орныққан болатын.
Шаньдундағы жағдайды Ху - Фу - чэнь 1898 жылы 2 - ші наурызда императорға былай деп суреттейді: «Я прослышал, что в пров. Шаньдунь случилось убийство немецкими солдатами мирных жителей, которое было расследовано и принзано немецкими чиновниками, однако никто из иностранцев не понес покания за убийство. Повсюду все бурлит, и народ пылает гневой. [1, 54] .
Немістердің Излочжауды басып алуы губернаторы Бинхэн бастаған бір топ шенеуліктердің наразылығын тудырды. Ол Германияға соғыс ашуға да дайын еді.
Шетелдікке қарсы наразылықты христандықтарды уағыздаған миссонерлер одан ары ұшықтырды. Шаньдунда әртүрлі дін және ұлт өкілдері шоғырланды. Онда немістер, американдықтар, француздар мен итальяндықтар болды. (протиестанттар, котоликтер да) . Протестанттардың 29 шіркеуі, 180 миссионеры және 15 мың жергілікті халқы болды.
Каталиктер шағын топ болып орналасты. Дэнжау, Лайян, Циндио аудандарында француз миссиалары орналасты. Мұнда 12 мың шетел миссионерлері, 11 мың қытай-христандар тұрды.
Провенцияның солтүстік бөлігінде итальяндық миссия орналасты. Онда 13 шетелдік миссионер, 15 жергілікті свещениктер және 18 мың қытай-христандар болды. Оңтүстікте неміс миссионерлігі орналасты. Онда 31 неміс свещениктері, 11 жергілікті уағыздаушылар және 16 мың қытайлар болды [20, 61] .
1899 жылы хатында былай дейді. «Менің ойымша, варвар немістердің Шаньдунға көзі түскеніне көп болды. Олар миссионерлерін дін уағыздаушы етіп, жергілікті халық туралы мәлімет жинауға жіберді. [1, 77] .
Темір жол құрылысы Чжили провинциядағы жағдайға кері әсерін тигізді. Тяньцзинның оңтүстік-шығысында француздардың Цзычжулинь концессиясы орналасқан. Онда фирмалар, банктер және тағы да басқа ұйымдар орналасты. Протестаттың, котоликтік шіркеулер астанада да салынды. Чжили тұрғындары да жергілікті христандаумен қастасты. 1858 жылы Нючжуан порты ашылғаннан кейін, солтүстік - шығыс провенциялауға шетелдік тауар ене бастады, әсіресе Англия мен Американдық. Олар хлапчатобумажная бұйымдар, металл, керосин, опиум әкелді. Жапон-Қытай соғысынан кейін тауар ағымы ұлғайды. Ол Қытай қолөнершілерінің банкротқа ұшырауына алып келді. [20, 30] .
1898 жылы Цинь үкіметімен келісім бойынша Ресей Қытай-Шығыс темір жолы (КВЖД) мен оның оңтүстік тармағын «ЮМЖД) салуға кірісті. Кей жерлерде көмірдің өндіру істері жүргізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz