Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары

1.1 Қазақстандағы урбанофлораның зерттелу тарихы

1.2 Өсімдіктер жамылғысының құрамы мен құрылысы

1.3 Гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама

2 Түркістан қаласы шөптекті өсімдіктерінің зерттелуі

2.1 Зерттеу объектісі және әдістері

2.2 Зерттеу аймағының физико-географиялық жағдайы

2.3 Түркістан қаласының шөптекті өсімдіктер түрлерінің конспектісі

2.4 Түркістан қаласының шөптекті өсімдіктерінің түрлік құрамын
талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан аумағында бай және
алуантүрлі флоралы бірнеше өсімдіктер зонасы және таулы белдеулер бар.
Республикада жабықтұқымды және ашықтұқымды өсімдіктердің 6000-нан астам
түрлері кездеседі. Бұл өсімдіктерді зерттеу үшін олардың ғылыми атын
анықтау керек.
Қазакстанда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан аса түрі өсетін
болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 128 тұкымдас пен 813 туысқа
біріктірілген 2932 түр кездеседі. Бұл Қазақстан флорасының 50%-ға жуығын
құрайды.
Өсімдіктердің әртүрлі дараларының жиынтығы өсімдіктер жамылғысы деп
аталады. Бір қауымдастықтың өзі әртүрлі систематикаға, әртүрлі экологиялық
топқа, әртүрлі тіршілік формасына жататын өсімдіктерден құралады.
Өсімдіктер жамылғысының структурасын және құрылысын зерттеу үшін ең алдымен
оның құрамын анықтау керек. Құрамды бір-біріне ұқсас өсімдіктер жиынтығы
құрайды. Құрам дегеніміз түрлердің тізімі, тіршілік формасы, экологиялық
тобы т.б. Сонымен қатар құрам экотопиялық, фитоценотикалық, антропогендік
факторлардың әсерінен құралады. Жалпы құрам өсімдіктер мен қоршаған орта
арасындағы байланыстың нәтижесі болып табылады. Өсімдіктер жамылғысының
құрамы мен құрылысын біліп ондағы процестер туралы нәтиже шығаруға болады.
Өсімдіктер қауымын суреттеу үшін оның флористикалық құрамын анықтау
керек. Қоршаған ортаның жағдайына байланысты флористикалық құрам
флористикалық қарапайым және күрделі, флористикалық бай және кедей болуы
мүмкін. Флористикалық қарапайым кедей құрамды қауымдарға су жағасындағы
қамыс, ши өсімдіктерін жатқызады. Күрделі бай құрамды қауымдарға тропикалық
ормандарды және шалғынды далаларды жатқызады. Мысалы, шалғындардың
флоралық байлығы 1м2 50 және одан көп өсімдіктер түрлерінен тұрады.
Түрлердің алуантүрлілігін В. И. Василевич (1979) фитоценозда
бәсекелестіктің өте баяу жүретіндігімен және осыған байланысты бірнеше
түрлердің бір экологиялық қуыста өмір сүре алатындығымен түсіндіреді.
Жалпы ереже бойынша экстремальды жағдайда флористикалық құрам кедей болып
келеді. Кез-келген геоботаникалық зерттеулердің бастапқы этаптары
флористикалық құрамды анықтаумен басталады. Түрлік құрамды анықтау
фитоценологтың тек әліппесі болып саналады.
Сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін пайдалы және
зиянды өсімдіктердің негізі болып саналатын жабайы культураларды зерттеу
қажет. Көптеген техникалық, декоративті, дәрілік, илік, дәрумендік
өсімдіктердің әлде де шаруашылық маңыздары толығымен зерттелмеген. Зиянды
және арам өсімдіктермен үнемі күресу қажет. Өсімдіктерді өндірісте,
медицинада, ауыл шаруашылықта пайдалану, жаңа өсімдік шикізатын шығару,
арам шөптермен күресу өсімдіктердің түрлерін анықтауды қажет етеді.
Үшінші мыңжылдықтың қарсаңында адам мен табиғат қатынастарының
шиеленісуі бүкіл әлемде антропогендік процестерді экологиялык тұрғыда
зерттеудің кең канат жаюына түрткі болды. Өсімдіктер дүниесіндегі
антропогендік процестерді зерттеу - осы бір ғаламдық экологиялық
бағдарламаның неғүрлым маңызды және нәтижелі құрамдас бөлігі екендігін
көрсетеді.
Қала жағдайында өсімдіктер жамылғысына түрлі факторлардың комплексті
әсер етуі, яғни топырақ, су, ауаның түрлі зиянды заттармен ластануы
антропогендік ықпалдармен қоса олардың экологиялық жағдайын ушықтыра
түсуде. Адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи климаттық жағдайлармен
бірге өсімдіктерді өзгеріске ұшырататын өте қуатты экологиялық факторлар
болып орнықты.
Осыған байланысты урбанофлораның қазіргі кездегі осындай кезеңдерде
қалыптасқан флорасының тізімін жасау, олардың түрлік құрамына талдау
жүргізу жұмысы қолға алынып отыр.
Жұмыстың мақсаты – Түркістан қаласы шөптекті өсімдіктерінің
конспектісін түзу және оларға талдау жүргізу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстанда Түркістан қаласының шөптекті
өсімдіктерінің тізімі конспект түрінде түзілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Түркістан қаласының
шөптекті өсімдіктерінің конспектісін мәлімет ретінде экологтар, биологтар,
студенттер, мектеп оқытушылары мен оқушылары да пайдалана алады және де
қаланың ластану деңгейін анықтауда қолданылуы мүмкін.

1 Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары

1.1 Қазақстандағы урбанофлораның зерттелу тарихы

Түркістан қаласының экожүйесі комплексті зерттелмеген. Алайда,
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген алғашқы зерттеу жұмыстары
белгілі. Бұл зерттеулер, ондағы жинақталған материалдар осы өңірдің табиғи
флорасының жай-күйін сипаттауға септігін тигізеді. Ең алғаш Н.А.Северцов
(1867) бұл оңтүстік өңірге саяхат жасап, табиғатына жан-жақты сипаттама
берген. Кейінірек С.С.Неуструев (1908) өңірдің тарихи қалыптасуы,
вертикальды белдеулігі және осы ауданның топырақ географиясын, өсімдіктер
жамылғысын зерттеген.
1910 жылы З.А.Минквиц пен О.Э.Кнорринг бүкіл Чимкент уезінің
өсімдіктер жамылғысына алғаш рет сипаттама береді. Бұл еңбекте Чимкент уезі
бойынша 615 түрдің, оның ішінде Шымкент маңында кездеседі деп белгіленген
161 түрлі өсімдіктердің алғаш тізімі берілген.
1939-1940 жылдары Н.В.Павловтың жетекшілігімен ОҚО-на жасалынған үлкен
зерттеу тобының экспедициялары Шымкент төңірегі арқылы оңтүстік-батыс,
солтүстік-шығыс өңірлерін қамтыған. Осы зерттеудің мәлімдемелері оңтүстік
өңірінің тарихи флорасы жайлы құнды дерек болып табылады. Онда практикалық
және шаруашылық маңыздылығы жоғары перспективті деп 211 өсімдік түрін
көрсетіп, маңыздылығы бойынша оларды жеке топтарға жіктеп, сипаттама
берген.
1993-1999 жылдары қаланың оңтүстігінде 35 км қашықтықтағы Қазығұрт
тауының флорасы зерттелген. Мұнда автор өсімдіктерді шөл, адыр, тау белдеуі
бойынша жіктеген.
2000-2002 жылдары Ботаника және фитоинтродукция ғылыми зерттеу
институтының зерттеу тобы профессор Н.К. Аралбаевтың жетекшілігімен ОҚО-ның
флорасы қайта зерттеліп, нәтижесінде Государственный Кадастр растений ЮКО
және Красная Книга. Дикорастущие редкие и исчезающие виды растений ЮКО
еңбектері даярланды. Бұл еңбектерде ОҚО өсетін 2932 жоғары сатыдағы
өсімдіктер конспектісі және алғаш ОҚО Қызыл Кітабына 176 түр, сондай-ақ,
160 түр қатаң қорғауға алынған, сирек және жойылып бара жатқан 170 өсімдік
түрі енгізілді.
Қазақстан бойынша урбанофлора тақырыбында ғылыми зерттеулер туралы
мәліметтер өте аз. Тек урбанизацияланған орта ретінде Алматы, Тараз
қалаларының интродукциялық өсімдіктерінің физиологиялық құрылымына жағымсыз
экологиялық факторлардың әсері зерттелген мәліметтер ғана бар.
Урбанофлора бағытында зерттеу жұмыстары Батыс Сібір қалаларының
флорасы XX ғасырдың соңғы онжылдығында жоспарлы түрде қарқынды жүреді. Қала
іші мен оның төңірегіндегі жаңа құрылыстардың қарқынды жүруі флораға
антропогендік әсерлерді күшейте түсті. Сондықтан, қала флорасын түптеп
түгелдеу және тарихи флора түр құрамымен салыстыра отырып қаншалықты
өзгерістер туындағанын айқындау мақсатындағы зерттеу жүмыстары жеткілікті.
Сондай-ақ, Украинаның оңтүстік-шығысында антропогендік
трансформацияға ұшырау жағдайындағы флораның түрлік құрамын экологиялық
себеп-салдарымен бірге зерттелген жұмыстар белгілі. Мұнда зерттелген
өңірдің өсімдік жамылғысында жүріп жатқан флорогенез және флорасының қатты
синантроптану процестері арасындағы байланыстар анықталынады. Автор
антропогенді макроэкотоп деп урбанизацияланған және техногенді,
антропогенді ландшафтарды, яғни адамдардың іс-әрекетімен өзгерген және
жаңадан түзілген, табиғи аналогтар тіпті сақталынбаған флораларды атап
көрсетеді. Антропогенді макроэкотоптардың табиғи флоралар арасындағы
экотопологиялық көптүрлілігі тұрғысында айырмашылығы қоса зерттеледі. Қала
аумағында үйлесімді зоналарға; техногенді экотоп, түрғын үй құрылысы
маңы, жасанды фитоценоз (көгалдандыру, ауылшаруашылық егістігі) және
өсімдік жамылғысының фрагментті табиғи түрлері де жатады. Сонымен бірге,
автор қала жағдайында апофиттер мен адвентивті түрлердің басымдығы заңдылық
деп көрсетеді.
Осындай урбанофлора тақырыбында зерттеу жұмыстары біздің өңірде тіптен
жүргізілмеген. Үшінші мыңжылдықтың қарсаңында адам мен табиғат
қатынастарының шиеленісуі бүкіл әлемде антропогендік процестерді
экологиялык тұрғыда зерттеудің кең канат жаюына түрткі болды. Өсімдіктер
дүниесіндегі антропогендік процестерді зерттеу - осы бір ғаламдық
экологиялық бағдарламаның неғүрлым маңызды және нәтижелі құрамдас бөлігі
екендігін көрсетеді.
Қалалық ортада өсімдіктердің түрлік құрылымы айрықша маңызға ие.
Сондықтан, қаланың жоғары экологиялық орта жағдайына бейімделген өсімдіктер
жүйесін құрайтын урбанофлорасына таксономиялық талдау жасау басты мәселе
болып табылады.

1.2 Өсімдіктер жамылғысының құрамы мен құрылысы

Өсімдіктердің әртүрлі дараларының жиынтығы өсімдіктер жамылғысы деп
аталады. Бір қауымдастықтың өзі әртүрлі систематикаға, әртүрлі экологиялық
топқа, әртүрлі тіршілік формасына жататын өсімдіктерден құралады.
Өсімдіктер жамылғысының структурасын және құрылысын зерттеу үшін ең алдымен
оның құрамын анықтау керек. Құрамды бір-біріне ұқсас өсімдіктер жиынтығы
құрайды. Құрам дегеніміз түрлердің тізімі, тіршілік формасы, экологиялық
тобы т.б. Сонымен қатар құрам экотопиялық, фитоценотикалық, антропогендік
факторлардың әсерінен құралады. Жалпы құрам өсімдіктер мен қоршаған орта
арасындағы байланыстың нәтижесі болып табылады. Өсімдіктер жамылғысының
құрамы мен құрылысын біліп ондағы процестер туралы нәтиже шығаруға болады.
Флористикалық құрам. Өсімдіктер қауымын суреттеу үшін оның
флористикалық құрамын анықтау керек. Қоршаған ортаның жағдайына байланысты
флористикалық құрам флористикалық қарапайым және күрделі, флористикалық бай
және кедей болуы мүмкін. Флористикалық қарапайым кедей құрамды қауымдарға
су жағасындағы қамыс, ши өсімдіктерін жатқызады. Күрделі бай құрамды
қауымдарға тропикалық ормандарды және шалғынды далаларды жатқызады.
Мысалы, шалғындардың флоралық байлығы 1м2 50 және одан көп өсімдіктер
түрлерінен тұрады. Түрлердің алуантүрлілігін В. И. Василевич (1979)
фитоценозда бәсекелестіктің өте баяу жүретіндігімен және осыған байланысты
бірнеше түрлердің бір экологиялық қуыста өмір сүре алатындығымен
түсіндіреді. Жалпы ереже бойынша экстремальды жағдайда флористикалық
құрам кедей болып келеді. Кез-келген геоботаникалық зерттеулердің бастапқы
этаптары флористикалық құрамды анықтаумен басталады. Бірақ түрлік құрамды
анықтау фитоценологтың тек әліппесі болып саналады.
Тіршілік формаларының құрамы: Тіршілік формалар туралы білім
морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин
ретінде Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған
Е.Вармингтің (1854ж.) жұмыстарында кездеседі. Бір тіршілік формаға
белгілі бір жағдайда өсімдіктердің тіршілігін қамтамасыз ететін
морфологиялық ерекшеліктері бойынша ұқсас түрлер жатады.
Тіршілік формалардың ең танымал жүйесін құраған биолог Қ.Раункиер
(Raunkiaer, 1903, 1907) болатын. Жүйенің негізінде өсімдіктің қайта
көктеуге арналған бүршіктердің орналасуы және қорғану тәсілдері жатады
(сур.1). Осы жүйедегі тіршілік формаларының топтары:
• Фанерофитер (грекше фанерос - ашық, анық) – өсімдіктің қайта
көктеуге арналған бүршіктері жерден жоғары (30 см ден кем емес)
биіктікте орналасқан, бүршіктері қорғалмаған. Фанерофиттерге ағаштар
мен буталар, лиандар, эпифиттер, суккуленттер жатады. Эпифиттер –
ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік
қабықшақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ерекше тіршілік формасы.
Басым көпшілігі папоротниктер мен орхидейлер. Эпифиттер тропикалық
орманның ағаштарының діңдері мен бұтақтарының жоғарғы деңгейін мекен
орнына пайдаланады, өсіп денесін жарыққа шығарады.
• Хамефиттер – өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жерден 20-
30 см биіктікте орналасқан және суық кезенде қармен жабылған. Бұл
топқа жартылай буталар, шөптекті өсімдіктер жатады.
• Гемикриптофиттер (грекше геми- жартылай, крипто - жабамын) -
өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жер бетінде орналасқан.
Көбінесе көпжылдық шөптекті өсімдіктер жатады.
• Криптофиттер – өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің
немесе судың астында орналасқан.
• Терофиттер (грекше терос - жаз) – біржылдық шөптекті өсімдіктер.
Бұлардың тіршіліг бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз
мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.

Сурет 1. Раункиер бойынша тіршілік формаларының жүйесі

Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай
қарапайымдылығымен және жүйелігімен айқын ажыратылады. Раункиердің
классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-
географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды.
Сонымен бірге, бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық
топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде
негізге алынады. Қ. Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік
формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан
бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. Тіршілік
формалардың құрамы осы елдің климатының көрсеткіші (индикаторы) болуы
мүмкін.
Экологиялық құрам. Сыртқы ортаның қандай-да бір факторына бейімделген,
формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға
бөледі. Б.А.Быков 1978 Л.Дильстың классификациясын өңдеп, қосып,
ылғалдылыққа байланысты мынадай өсімдіктер классификациясын ұсынды:
1. гидрофиттер
2. гигрофиттер
3. мезофиттер
4. ксерофиттер
5. гидатофиттер
Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері
толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне
бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың органдарының
сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық
қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін
өсімдіктерді айтады. Олардың судың булануын шектеуге арналған
бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа,
кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай
орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады.
Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін
жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін жерлерінде өмір
сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі
бейімделушіліктер тән – кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының
қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде
орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабыршаларының
сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға
үшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп
мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.
Гидатофиттер деп толығынан батып тіршілік ететін өсімдіктерді атайды.
Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валлиснерия, көптеген шыландар,
егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, біразы су қабаттарында (балдыршөп,
сукөрік) бос жүреді. Гидатофиттер тіршілік ортасына байланысты құрылымында
өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Су асты жапырақтары көбінесе
жіп тәрізді бөлшектеніп кетеді. Дене беткейлі көлемді. Бұл ауа алмасуды
жеңілдетеді, суда еріген оттегі аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді,
өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен
шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің
ерекшеліктері тән. Эпидермистің үстіңгі беткейінде кутикуласы болмайды,
болғанымен өте жұқа, судың енуіне кедергі жасамайды. Сондықтан судан
шығарылған су өсімдіктері бірнеше минут ішінде солып қалады.
Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген
экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта
көлеңкелі жерде өседі. Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын
көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық
ұлпалары жетілмеген, хлорофилдері аз болады. Жарық сүйгіш жапырақтардың
көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Ойткені ашық күнде, барлық
уақытта өсімдіктерге жарық көп түседі де оны өыздырады, нәтижесінде судың
булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда
гигрофиттердің белгілермен сәйкес келеді.
Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін
жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстінгі ярусқа, күннің көзіне алып
шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формалары – лианалар мен эпифиттер
қалыптасады. Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады.
Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифитттер деп
жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын
шөптесін өсімдіктерді айтады. Олар өз бетімен қоректенеді.
Популяциялық құрам. Популяция деп бір жерді мекендейтін, өсімтал ұрпақ
бере алатын, бір түрге жататын жеке даралар жиынтығын айтады.
Популяциялардың бөлімдері, яғни ценопопуляциялар біркелік болмайды.
Мысалы, бір өсімдіктер қауымдастығында әртүрлі жастағы, әртүрлі топтағы
эксземплярларды кездестіруге болады. Ценопопуляциялардың жастық құрамын
анықтау жақсы зерттелген болатын. Жеке даралардың жасын анықтаудың төрт
тобы белгіленген:
1. зачатки (дәндер, пиязшықтар т.б.);
2. жас особьтар (проростки және жас өсімдіктер);
3. генеративті особьтар, ұрпақ бере алатын;
4. сенильді немесе кәрі особьтар, ұрпақ бере алмайтын.
Жер бетінің флоралық облыстары: Жер бетін флоралық тұрғыдан бөлудің
көпшілік мойындаған жолын Л.Дильс ұсынған. Ол жер бетін алты флоралық
облысқа бөледі.
Голарктикалық түр (Holarctic) немесе солтүстік (Borealis) облыс –
бұл қарағайлар тұқымдасының (Pinaceae), талдар тұқымдасының (Salicaceae),
қияқ-өлеңдер тұқымдасының (Cyperaceae), сарғалдақ гүлділердің
(Ranunculaceae) өкілдері басым болып келетін, құрлықтың көптеген бөлігін
алып жататын тұтастай айналмалы кеңістік. Оның құрамына үлкен континент
Евразияның Козерог тропикасынан оңтүстікке қарай жататын және бір кездерде
Тетис теңізінің аралдары болған ҮндіҚытай мен Үндістан жартылай
түбектерінен басқа жерлердің барлығы кіреді. Бұған сонымен бірге солтүстік
неотропикалық Африканы (Сахара шөлін қосып есептегенде), ал батыс жарты
шарда Солтүстік Американы тұтастай дерлік жатқызады. Голарктикалық
облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында шығыс жарты шарда -
палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.
Палеотропикалық (Paleotropis) облыс жер көлемі жағынан голарктикалық
облыстан кейінгі екінші орынды алады. Ол Африкада үлкен территорияны (Сахар
шөлінен оңтүстікке қарай, континенттің аздаған ғана оңтүстік батыс
бөлігінен басқа) Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияны, Австралияның солтүстік
және солтүстік-шығыс жағалауларын, Тынық мұхиттың тропикалық аралдарын
(Филиппин аралдары, Малай архипелагын, Жиджи, Самса, Сандвичев аралдарын
және т.б.) алып жатады. Бұл облыстың шамадан тыс шашыраңқы болуына
қарамастан, палеоботаникалық мәліметтер оның флорасының бір екендігін -
өте ерте пайда болғандығын және өте консервативті екендігін дәлелдейді. Бұл
жерде мына тұқымдастардың: пандалар тұқымдасының (Pandonaceae), непентестер
тұқымдасының (Nepenthaceae), диптерокарпалар тұқымдасының
(Dipterocarpaceae) көптеген түрлері кездеседі. Пальмалар көптеп кездеседі
- финика пальмасы (Phaenix туысы), кариота (Cariota туысы), корифа
(Coripha туысы), ливистона (Livistona туысы), каламус (Calamus туысы) және
т.б. Климаты құрғақ аудандарда суккуленттер көп таралған – сүттіген
(Euphorbia туысы), алоэ ( Aloe туысы) және т.б.
Неотропикалық (Netropis) облыс Орталық және Оңтүстік Американы
(континенттің қиыр оңтүстігінен, Чили мен Патагониядан басқа жерлерде),
Флорида жартылай түбегінің оңтүстік бөлігін, антиль аралдарын алып жатады.
Флоралық жағынан алып қарағанда бұл ең ертеде пайда болған және өзіндік
ерекшелігі бар облыс. Оның көлемінде 1800-дей түрі бар кактустар
тұқымдасының (Сactaceae); пальмаларға жақын цикланталар тұқымдасының
(Cyclanthaceae); сонымен бірге пальмалардың бірнеше туыстарының, оның
ішінде кокос пальмасының (Cocos туысы) ареалдары жатады. Бұл жерде хин
ағашының (Cinchona туысы) 40 түрі рияндар тұқымдасының (мареновые-
Rubiaceae) туыстары таралған. Тропикалық ормандарға әртүрлі эпифиттер
ерекше сән береді. Олардың біреулері бромелилер тұқымдасына (Bromeliaceae),
екіншілері – сүйсіндер тұқымдасына (Orchidaceae) жатады.
Бромелилер тек Американың ылғалды тропикалық ормандарына тән.
Сүйсіндер (архидные) бұл жерде ерекше кең таралған. Кейбір туыстары тек
тропикалық Америкада кездеседі.
Австралия (Australis) облысы оңтүстік жарты шардың үш тропикаға
жатпайтын облыстарының ішіндегі ең үлкені. Ол Австралияны түгелдей дерлік
және Тасмания аралын алып жатады. Бұл жерде шамамен 10 мыңдай жабық тұқымды
өсімдіктердің түрлері кездеседі, олардың 8 мыңдайы эндемдік түрлер. Көп
таралған тұқымдастарына: бұршақтар тұқымдасы (Fabaceae), мирталар
тұқымдасы (Mirtaceae), астра гүлділер тұқымдасы (Asteraceae), қияқөлеңдер
тұқымдасы (Cyperaceae), қоңырбастар тұқымдасы (Graminae, Poaceae) жатады.
Тұқымдастардың тұтастай бір қатары тек Австралияға ғана тән. 300-дей түрді
папоротник тәрізділер түзеді. Келесі флористикалық облыстағы секілді, бұл
жерде өсімдіктер қауымдастықтарының ксерофитті типтері қалыптасқан және
олар негізінен басым болып келеді.
Кап (Capensis) облысы – ең кішкентай флоралық облыс, ол Африканың
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қызғылт өзеннен оңтүстікке қарай және
шығыста Айдаһар тауына дейін). Осы аздаған территорияда жоғары сатыдағы
өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі (15 мыңдай). Олардың 3 мыңнан
астам эндемдер болып келеді. Салыстыру мақсатында айта кеткен жөн, Евразия
континентінің көптеген территориясын алып жатқан БОР-дың өзінде бары жоғы
19 мыңдай-ақ жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері өседі.
Антарктикалық (Antarctis) флоралық облыс Оңтүстік Американың оңтүстік-
батыс шетінде, Отты Жерде, Фолкленд аралдарында, сонымен бірге Тристан-да-
Кунья, Кембелла аралдарында және т.б. Осыған дейінгі екі флоралық
облыстарға керісінше бұл жерде ормандар басым болып келеді, ал ашық
жерлерді – мүкті тундра алып жатады. Антарктикалық ормандардың флорасы
түрлерінің саны жағынан бай болмайды. Мұнда 2 мыңдай өсімдіктердің түрлері
өседі, олардың 75% эндемдер болып келеді. Антарктика аралдарынң флорасы өте
кедей болады. Олардың кейбіреулерінде жабық тұқымды өсімдіктердің бары-жоғы
20-25-тей ғана түрі өседі. Споралы өсімдіктер айқын басым болып келеді.
Оңтүстік ендікте 620-тын жоғары тек мүк тәрізділер, қыналар және балдырлар
өседі.
Сонымен ортаның жағдайын бейнелеу үшін негізгі критерий ретінде
флоралық құрам қабылданады. Фитоценоздардың эколого-флористикалық
жүйелеудің негізін салушы швейцар геоботанигі Браун-Бланке болып саналады.
Браун-Бланке бойынша флоралық құрамы негізінде фитоценоздарды географиялық,
тарихи-географиялық және экологиялық тұрғыдан сипаттауға болады. Сондықтан
әртүрлі аймақтарда өсімдіктер жабындарын сипаттағанда олардың флорасының
жақсы, толық зерттеліп, өсімдіктер түрінің тізімін жасауға ерекше көңіл
бөлінеді. Браун-Бланке ерекше түрлерді табу әдістерін жете зерттеді. Браун-
Бланке жүйесінің бұрыңғы ССРО ботаниктері тек қана 1965 жылдан бастап игере
бастады. Бұрыңғы ССРО территориясында Браун-Бланкенің флоралық
классификациясының принциптерін сақтап жазылған бірінші монографияның
авторы эстон ғалымы Э.Х. Ребассо болды. Ал соңғы монографиялардан Б.М.
Миркиннің 1986 шыққан ССРО өсімдіктерінің классификациясы деген еңбекті
атауға болады.

1.3 Гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама

Табиғи өсімдіктер де, мәдени өсімдіктер де барлық уақытта әртүрлі
экологиялық факторлардың әсерінде болады. Ұзақ тарихи даму нәтижесінде
әртүрлі экологиялық факторлар жиынтығының әсерінен өсімдіктерде әрқилы
морфологиялық белгілер және биологиялық ерекшеліктер пайда болған.
Қауымдастықтың келбетін сипаттау үшін ондағы өсімдіктердің тіршілік
формаларын талдау қажет. Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше биос
өмір; морфе форма) деп - өсімдіктің сыртқы бейнесін (габитус), ол
жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін
көрсетеді. Ең көп кездесетін тіршілік формалары, проф.А.Гризебах
анықтағандай -10.
1. Ағаштар – жер беті вегетативтік мүшелері сүректелген, көпжылдық
өсімдіктер. Өсімдік еңсесінде басты осьтік сабақ діңі айқын, биіктігі 3 м-
ден асады (ақ қайың, терек, қарағай, жөке және т.б.)
2. Бұталар – ағашты өсімдіктерден өздерінің осьтік діңі анықталмағанымен
ерекшеленеді, көпжылдық діңнің орнына бірнеше бір деңгейлі жіңішке
сабақтар дамиды. Орташа биіктіктері 3 м төмен.
3. Бұташалар - бұталармен ұқсас, бірақ бұлардың еңсесінің биіктігі 50-см
ге дейін.
4. Жартылай бұташалар – осьтік сабақтары түбінен сүректеледі де, орта және
жоғары деңгейі шөптесін. Қысқа қарай оның барлық жербеті мүшелері
толығымен құрайды.
5. Тарбиған өсімдіктер - өзінің табиғатына, тіршілік ортасына,
жағдайына байланысты ерекше өсіп, топырақ бетіне тарбиа жайылып, шар
тәріздес болады (жұлдызша, тасжарған).
6. Шырмалып, жабысып өсетін өсімдіктер – көпжылдық, біржылдық осьтік
сабақтары әлсіз, жіңішке дербес, тік бағытта өсе алмайтын, тек басқа
тіректік өсімдіктерге шырматыла, жабыса дамиды (жүзім, асқабақ,
шырмауық).
7. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер – жербеті белгілі қысқа, көктемде қыстап
шыққан бүршіктерден қайта дамиды (беде, екпе жоңышқа).
8. Екі жылдық өсімдіктер - толық тіршілікті кезеңнің аяқтауға екі көктеу
маусымы қажет. Алғашқы жылы көк балауса денесі және тамыр жеміс, ал
келесі жылы тамыр жемістен тарбиған жапырақ дамиды, жеміс, тұқым жетіледі
(сәбіз, шомыр, қызылша).
9. Біржылдық – тіршілік кезеңі бір жылға да толмайды (бидай, арпа, сұлы,
бұршақ).
Біз зерттейтін жабық тұқымды өсімдіктер ағаш, бұта, шөптекті болып
келеді. Шөптекті өсімдіктер түрі басымырақ болып келеді.
Келесі кезекте гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасын келтіреміз.
Гүлді өсімдіктер, жабықтұқымдылар (Magnoliophyta, немесе Angiospermae),
гүлі бар жоғары сатыдағы өсімдіктер. 400-ден астам тұқымдас, 12 000 туыс,
235 000 түрі анықталған. Гүлді өсімдіктер – осы кездегі өсімдіктер
дүниесінің ішіндегі ең кең таралғандарының бірі. Гүлді өсімдіктердің түрі
жемістің ішінде жетіледі (сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп
атайды). Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады. Тек
жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзілген. Осы гүлдерде аталықтар мен
аналықтар жетіледі. Аналықтың жатынында (гүл түйіндерінде) тұқым
бүршіктері орналасады.
Жабық тұқымдыларының гүлдерінің бір-бірінен мөлшері, пішіні, түсі және
құрылысы жағынан айырмасы болады. Бір жабық тұқымдыларының гүдері желмен
тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген.
Қандай жолмен тозаңдануға қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың ауызына
келіп түседі. Осы жерде олар өнеді, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң
түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалары тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде
тозаң түтігінде екі аталық жыныс жасушасының бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеген өзені алабы
Геоботаник. Геоботаниканың зерттеу объектісі - фитоценоз
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері
Фитоценология туралы
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Жауын-шашын туралы
Топырақ және өсімдік жамылғысы
Топырақ қабаты
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Пәндер