Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе6

1 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері10

1. 1 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың зерттеу тарихынан10

1. 2 Отбасы психологиясының негізгі түсініктері мен даму кезеңдеріне24

шолу24

1. 3. Отбасы қарым-қатынасындағы психологиялық ахуал және үйлесімділік39

2 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас процесіне жүргізілетін эксперименттік зерттеулер52

2. 1 Ерлі - зайыптыларды анкета арқылы бақылау52

2. 2 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты тест арқылы анықтау53

2. 3 Некедегі қанағаттану туралы тест-сауалнама55

2. 4 Тест: « Сіздердің некелеріңіз қандай?»58

Қорытынды63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тұғырлы тәуелсіздік алуы әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанасындағы демократиялық мемлекеттің және жаңа азаматтық қоғамның тууы нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес 27 бапта былай көрсетілген. “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады”. Бұл қай қоғамда болмасын отбасы және неке мемлекет назарында болатынын дәлелдейді. [1]

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңында неке отбасы қатынастарын, сондай - ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттеуге бағытталған, отбасының дамуын мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтаған өте маңызды нормативтік құқықтық актілердің бірі болып табыларды.

Отбасы туралы бұрын - соңды көптеген зерттеулер жүргізіліп, бірсыпыра кітаптар жазылды. Оның ішінде осы күнге дейін ғылым үшін мәнін жоймай келе жатқан, көне қауымдағы отбасы мәселесінің жалпы теориялық тұрғыдан қарастыратын зерттеулермен (Л. Морган, М. Ковалевский, Т. Кунов т. б) бірге жекелеген халықтардың отбасы мен неке тарихын этнографиялық тұрғыда сипаттайтын монографиялар да аз емес.

Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Олай болса, отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады? Әр адамға не береді? Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешуге көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан. Атап айтқанда, С. Қалиев, К. Бейсенбиева, М. Жарықбаев, Т. М. Афанасьева, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б.

Бүгінгі таңда демократиялық өркендеген отбасының жаңа сипат пен мазмұнға ие болуы заңды құбылыс. Оның мәні барлық Қазақстан халқының өзара ынтымақтасуына, достығы мен өзара сенімнің жан-жақты дамуына бейімдейтін әрбір Қазақстандық отбасының өнегелік және мәдени құндылықтарының дамуы, оның барлық отбасы мүшелерінің өзара түсінісуі мен сыйластықта болуында.

Отбасы - адам баласы алғаш қатынасқа түсетін адамгершілік құндылықтар мен мінез-құлық нормасы жүйесін сіңдіретін, сондай-ақ өмір жолында кездесетін мағұлмат мәні мен қоршаған орта туралы мағұлмат беретін алғашқы да негізгі қоғамдық орта. Отбасы балаларға бұрынғы мәдени мұраны тапсыруға лайықты қоғам өкілі, бастауыш ұйым ретінде әсер етеді.

Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Сонымен қатар, отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

Адамзаттың пайда болуын зерттеуге деген қызығушылық отбасы психологиясының тарихи негізде дамуына әкеледі. Отбасының қарым-қатынас психологиясы отбасының механизмдерін, пайда болуын және объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде қалыптасты.

Отбасы - адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерінің бірі. Оның жеке тұлғаға әсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген әр түрлі көзқарастар мен ғылыми әдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынас проблемалары, отбасы, неке ұғымдары көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Олар: Людовиг ван Берталанфи, А. И. Захаров, Н. Я Соловьев, А. Г. Харчев, А. И. Антонов және т. б.

Людовиг ван Берталанфи өңдеген жалпы теориялар жүйесіндегі терминдерде «Отбасы-тек қана осы отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатнасының нақты жемісі. Отбасының жағдайын түсіну үшін әрбір жеке отбасы мүшесінің жағдайын талдауға қарағанда, одан да үлкен бір нәрсе қажет. Бұл үшін барлық отбасы жүйсін тұтастай талдау керек».

Отбасы туралы басқа көзқарас А. И. Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Әлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоциональдық әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ-отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай «тәсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ»

Н. Я. Совольевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы - ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас».

Отбасының «ядросы» ретінде дәстүрлі түрде ерлі-зайыптылар жұбын есептейді, оған қосымша балалар, туысқандар, ерлі-зайыптылардың ата-аналары «ядросын» атайды.

Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы - бұл кішкентай топ ретінде ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи күйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік»Сондай-ақ негізгі институттарының бірі, адамның саяси әлеуметтенуінің алғашқы сатысы ретіндегі отбасы, кез-келген қоғамдық ұйым сияқты, заман қыспағына өзінше төтеп беріп, ұлттық қоғамдық мүдделерге сай қызмет ете және оларды обективті қажеттілік ретінде қалыптастыра отырып, қоғаммен бірге дамиды. әлеуметтік-саяси мекемелер отбасы тәрбиесінің негізгі ортасы, сонымен бірге балалар мен жастарға ақпарат, мәдени адамгершілік - өнегелік құндылықтарды беру құралы болғандықтан, отбасы осы қызметтерінің қалай орындалатынын қадағалауға міндетті. Осыған орай, отбасының қоғам үшін маңызды осы қызметтерін орындауға жәрдем ету қажет. [1, 2, 3]

Қазіргі отбасы, оның ерекшеліктері еліміздің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерімен, яғни қоғамның реформалану және жаңару кезеңімен негізделеді. Сондықтан ол бүгінде жаңа мәселелерге тап келіп, адам, халық, қоғам үшін қажетті көптеген өмірлік маңызды қызметтерін атқару қабілетінен белгілі дәрежеде айырылып, елеулі жағдайларды басқа саяси-қоғамдық институттармен ұзаққа созылған үйлесімсіздікте болып, шын мәнінде, ХХІ ғасыр басында жаңа дағдарысқа ұшырап отыр.

Некеге тұрған жастар үшін, отбасылық өмірдің кейбір дәріптеушілік тән. Бұл, олардың отбасылық өмірден ең алдымен рухани өсуде және өзін жетілдіруде өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды күтетіндігінде. Сонымен қатар, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру соңғы орында болды.

Қалыпты сияқты тұрақсыз отбасыларында бейімделу кезеңінде отбасылық өмірдің жеке аймақтарында қажеттіліктердің келісімінсіз орын алады: қалыпты жұптарда бұлмаңызыды емес, тұрақсыздықта маңызды. Бұл маңызды емес айырмашылықтар қалыпты жұптарға қарым-қатынастың жетілуіне және бірте-бірте дамуына мүмкіндік береді. Жас отбасылар тұрақсыз білімді болып табылады, жұбайына деген мықты позитивті сияқты негативті сезім болады. көптеген отбасылар үшін сондай-ақ, тәртіптегі және сезімдегі мұқтаждық тән. Зерттеушілердің көпшілігі, некеге тұрғаннан біраз уақыттан соң, көбіне бала туған соң некеге қанағаттану екі ерлі-зайыптыларда да жоғарлай бастайды.

Ерлі-зайыптылық өмірдің басында, ерлі-зайыптылардың біреуі шығып кеткен, отбасылық топтың байланысы жаңа отбасылық топтың жаңа байланысының жасалуына кедергі келтірген уақытта, «рулық конфликт» сирек кездеседі

Зерттеу нысаны: ерлі - зайыптылар арасындағы қарым-қатынас процесі.

Зерттеу пәні: ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынас проблемасының психологиялық ерекшеліктері және оларды зерттеудің диагностикалық әдістері.

Зерттеу мақсаты: ерлі - зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Отбасы психологиясы мәселесіне теориялық талдау жасау;
  • ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсету;
  • Отбасына және оның даму кезеңдеріне мазмұнды сипаттама беру;
  • Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастағы психологиялық ахуал мен үйлесімділік мүмкіндіктерін ашып көрсету;
  • Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу барысын қорытындылап, ұсыныстар беру.
  • Жастарды некелік-жанұялық қатынасқа дайындау ерекшеліктерін көрсету;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: психологтардың отбасы туралы ілімдері, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы ілімдер, отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас проблемаларын анықтауға арналған әдістемелер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша психологтардың еңбектері. Психологияның ғылыми жетістіктері мен психологиялық тәжірибелерді отбасында қолдану мәселелесіне байланысты дербес зерттеу жұмысы.

Зерттеу әдістері:

  • психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау;
  • ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына бақылау жүргізу;
  • психологиялық эксперимент.

Зерттеудің негізгі кезеңдері . Алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалды жинақтау, жүйеге келтірілді, ғылыми зерттеу ақпараты айқындалды. Екінші кезеңде эксперимент бағдарламасы даярланды, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, зерттеу қорытындылары жүйеленіп, талдау жүргізіліп, жұмыстың рәсімделуі аяқталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектіктілігі, обьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі.

«Отбасы психологиясының ғылыми - теориялық негіздері» атты бірінші тарауда отбасы психологиясының теориялық негіздері ашып көрсетіледі.

«Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас процесіне жүргізілген эксперименттік-тәжірибелі зерттеулер» атты екінші тарауда ерлі-зайыптылар арсындағы жүргізілген зерттеу жұмыстарына сипаттама беріледі.

Қорытындыда жүргізілген жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелеріне негізделген нақты тұжырымдар жасалынып, әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар беріледі.

1 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері

1. 1 Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың зерттеу тарихынан

Адамзаттың пайда болу тегіне деген қызығушылық жанұя психологиясына тарихи көзқарастың дамуына септігін тигізді. Жанұя қатынастарының психологиясы объективті заңдылықтарды, жанұя қатынастарының көрінуі мен оның механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде қалыптасты. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.

Отбасы - адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерлдің бірі. Оның жеке түғаға әсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген әр түрлі көзқарастар мен ғылыми әдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас проблемалары, отбасы, неке ұғымдары көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Олар: Людовиг ван Берталанфи, А. И. Захаров, Н. Я. Соловьев, А. Г. Харчев, А. И. Антонов және т. б.

Людовиг ван Берталанфи өңдеген жалпы теориялар жүйесіндегі терминдерде “Отбасы - тек қана осы отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынасының нақты жемісі. Отбасының жағдайын түсіну үшін әрбір жеке отбасы мүшесінің жағдайын талдауға қарағанда, одан да үлкен бір нәрсе қажет. Бұл үшін барлық отбасы жүйесін тұтастай талдау қажет”.

Отбасы туралы басқа көзқарас А. И. Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Әлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық әсерлерінен құрылады. Оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ - отбасы болып табылады».

Ал, Н. Я. Совольевтің анықтамасы бойынша: «Отбасы - ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас».

Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы - бұл кішкентай топ ретінде ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани түындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік».

А. И. Антоновтың айтуынша, отбасын ата-ана-бала қатынасы құрайды. Ал неке ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы, бірге тұруы немесе жыныстық серіктестік формасының мойындалуы, ол баланың туумен қатар жүреді. Ол отбасының кеңістіктік локализациясына - тұрақ жай, үй, меншік және отбасының экономикалық негізін - күнделікті тұрмыстық қажеттіліктің тар шеңберіне кіретін ата-аналардың және балалардың жалпы отбасылық әрекетіне назар аударады. [4]

Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И. Я. Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и ее религиозной и правовой природы» атты кітабы, сонымен бірге шотланд заңгері Дж. Ф. Мак-Леннанның 1865 жылы жарияланған «Первобытный брак» атты зерттеуі көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастарды ғылыми-теориялық көзқарастар толықтыра түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында жанұяның тарихын, оның некелік қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Жанұяның жекеменшіктің және мемлекеттің тегі» атты еңбегі. Онда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұтас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер. әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңлілер, немере мен шөбере туыстар бір-біріне ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болатын. “Алғашқы заманда - дейді К. Маркс, - қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын да еді”.

Отбасы тарихының мұнан кейінгі даму сатысы Ф. Энгельс айтқандай топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен-бірі некелеспейтін “ағалы-інілілер”, “апалы-сіңлілілер” топтары қалыптасады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналды. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.

Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы - моногамиялық отбасының, топтың және мемлекеттің шығуына әкеліп соқты. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезінде басталды да, оның жұпты некені түпкілікті жеңуі цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болады. Сондықтан, моногамиялық отбасы түгелдей еркектер үстемдігінің негізінде қалыптасып, жетіле түсті. Отбасы тарихының бұл кезеңінде некелесу не ажырасу тек қана еркектер үлесіне тиді де, моногамиялық отбасындағы өзара байланысты жұпты некеге қарағанда әлдеқайда нығая, беки түсті.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қазақ арасында негізінен дара (шағын) отбасы үстем болған. Л. Морган өзінің әйгілі еңбегінде “Қарауындағы жерін өңдеп, малын бағу үшін әке үкіміне бағыныштылыққа белгілі мөлшердегі ерікті және еріксіз адамдардың отбасын құруын” үлкен патриархал отбасының негізгі белгісі деп сипаттайды. Дара (шағын) отбасы үлкен патиархалды отбасының ыдырауының жемісі екенін дәлелдей отырып, Ф. Энгельс үлкен патириархалды отбасының негізгі сипаттарын баяндайды. әсіресе ол сербтар мен болгарларда кездесетін үлкен патриархал отбасының мазмұнын дұрыс түсінген орыс ғалымы М. Ковалевскийдің пікірін жоғары бағалай келіп, соның негізінде төмендегідей қорытынды жасайды: “Zadruga” (шамамен айтқанда достық дегенді білдіреді) немесе “Bratstvo” (туысқандық) деген атпен сербтер мен болгарлардан және біраз өзгерген түрде шығыс халықтарынан қазір де кездесетін патриархалдық үй қауымы топты некеден туған және аналық құқыққа негізделген отбасынан осы күнгі дүниенің дара отбасына өтудің өткелді сатысын жасады.

Оңтүстік-славян задругасы осындай отбасылық қауымның әлі де бар ең тәуір үлгісі болып табылады. Ол бір атадан тараған тұқымдардың өздерінің әйелдерімен қоса бірнеше буындарын қамтиды, содан соң олардың барлығы бір түтін болып бірігіп тұрады, егіндік жерлерін бірлесіп ұқсатады, орталарындағы жалпы қорадан тамақ ішіп, киім киеді және табыстың артығын бәрі ортақ иеленеді дейді. Ф. Энгельстің бұл сипаттамсындағыдай үлкен патриархалды отбасы түрін барлық халықтар өз бастарынан өткізді . [4]

Үлкен патиархал отбасының Орта Азия және Қазақстан жерінде мекендейтін жергілікті халықтар арасында қашан пайда болып, қашан жойылғаны туралы белгілі кеңес ғалымдарының зерттеулерінен біраз деректер табамыз. Мәселен, С. П. Толстов көне Хорезмдегі отырықшы елдер арасында біздің заманымыздың басында үлкен патриархал отбасының қалыптаса бастап, біздің заманымыздың алғашқы мың жылдығының ортасында оның әбден нығайып жеңгендігін дәлелдейді. Бұл пікірді А. Ю. Якубовский мен А. Н. Бернштам да қолдайды. Ал Н. А. Кисляков патриархалды үлкен отбасының біздің заманымыздан әрірек пе деген болжау жасайды.

Қоғамда болған әлеуметтік-экономикалық жіктелудің айқындалуына байланысты үлкен патиархалды отбасының сыр-сипатына өзгерістер еніп, орнына дара, шағын отбасы келіп шықты. Бірақ бұдан үлкен патриархалды отбасы сол кезден бастап мүлдем жойылып кетті деген ұғым тумауы керек. Оның қалдығы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына дейін жетті. Мұндай нақтылы деректерді көптеген этнографтар еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қырғыз халқына көптеген бөлінбеген патриархалды отбасыларының кездесіп, олардың құрамы бірнеше ұрпақтан және әр отбасы 15, 30-40 адамнан тұратындығын А. С. Абрамзон мен А. Жұмағұлов баяндайды. Ал, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қырғызстанда болған П. И. Кушнер сол уақыттың өзінде қырғыздар арасында, әсіресе кедейлер тобында үлкен отбасылардың жиі кездесетінін айтқан.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында түрікмен халықтарында да патриархалды үлкен отбасының болғандығын Г. П. Васильева мен С. Н. Иомудский өз еңбектерінде баяндайды. Түрікменнің көшіп жүріп мал бағумен айналысқан, нохурли және иомуд тайпаларында кездесетін үлкен отбасылар орта Азия көшпенділерінің арасында сақталған үлкен патриархал отбасының нағыз үлгісі тәрізді. Г. П. Васильеваның айтуынша мұндай отбасылар Ф. Энгельс көрсеткен үлкен отбасының классикалық сипаттарымен толық үйлеседі. Олар бірнеше үйленген ұрпақтардан құралып, бір жерде тұрып, бірігіп еңбек етеді, ішіп-жемі де ортақ. С. Н. Иомудскийдің айтуы бойынша, ХХ ғасырдың басында иомудтар арасынан кездескен бір үлкен отбасында 125 адам болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы психологиясы
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Ерлі - зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық феномен ретінде
Отбасының репродуктивті функциясы
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
Отбасының негізгі функциялары
Медиацияда отбасылық дау - жанжалдың шешу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz