ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН - ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ 7

1. 1 Абылай хан және оның заманы 7

1. 2 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан тұлғасы 10

1. 3 Үмбетей жырау поэзиясындағы Абылай хан 16

1. 4 Тәтіқара ақын өлеңдеріндегі Абылай хан бейнесінің сомдалуы 18

1. 5 Көтеш ақын поэзиясындағы Абылай ханның орны 20

1. 6 Шал ақын өлеңдеріндегі Абылай хан бейнесі 21

2 ТАРИХИ ЖЫР - ДАСТАНДАРДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН ТҰЛҒАСЫ 24

2. 1 «Абылай туралы жыр» 26

2. 2 «Есенгелді» дастанындағы хан тұлғасы 27

2. 3 «Абылай хан» жырындағы Абылай образы және оның заманы 30

2. 4 Көкбай Жанатайұлы дастандарындағы Абылай ханның тарихи бейнесі 31

2. 5 Шәді төре Жәңгірұлының «Тарихат»дастанындағы Абылай хан 33

3 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДА АБЫЛАЙ ХАН ОБРАЗЫНЫҢ СОМДАЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ 41

3. 1 Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы 41

3. 2 С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Абылай хан тұлғасы 42

3. 3 Мәжит Айтбаевты «Хан Абылай» дастаны 46

3. 4 Сұлтанмахмұт Торайғырұлының «Айтыс» поэмасындағы Абылай хан бейнесі 48

ҚОРЫТЫНДЫ 57

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейтестілігі. Қазақтың атақты ханы Абылай хан көп уақытқа дейін кеңестік кезең тарихында идеологияландырылған қайшылықты тұлға саналып, есімі ел санасынан өшірілді.

Абылай туралы 1972 жылғы Қазақ совет энциклопедиясында оң түсінік берілгенімен, кеңестік саясаттағы тарих ғылымында Абылай ханның тарихи рөлінің айқындалмауы қазақ тарихының ишындығын ашуға мүмкіндік бермеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтагатты жиында сол бір тарихи кезеңге және Абылайға : « Ел басына ауыр күн туған 18-ғасырдың орта тұсында ұлы ханымыз Абылай керемет қолбасшы ретінде де, ақылы терең дипломат ретінде де таныла білді, » -деп жоғары баға берді [1; 68] . Шындығында да бұл кезеі қазақ тарихының алтын беттері болатын. Абылай заманы, оның саяси, қайраткерлік қызметі көп уақыт тарихи сахнаға шықпай жатса, қазақ әдебиеті тарихында Абылай туралы біржақты, қаралайтын дүниелер берілді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы Көкшетауда Абылайдың 280 жылдық тойынан бастап Абылайға қатысты тарихымыздағы ақтаңдақтар айқындалды. Оның қолбасшылық, қайраткерлік рөліне, саяси қызметіне тұзырымды бағалар беріле бастады. Абылайнамалық туындылар шоғыры баспасөзде жарияланып, кітаптар жарық көріп жаты.

Кеңестік кезеңде М. Әуезовтің өзі бас болып Абылай жайындағы өлең-жырлар мен тарихи жырларды зерттеуге негіз қаланғанымен, сол кездегі идеологияландырылған саясат оны қатаң сынға алып, ғылыми құндылығына ықпал етті. Одан кейін Н. С. Смирнованың монографиясында Абылай жайлы аңыз-әңгімелердің тек ханды қаралайтындары ғана екшеліп берілді. Алайда ақын-жыраулар поэзиясын зерттеу негізінде Қ. Мұхаметханов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаев, М. Мағауин Абылай бейнесі жайлы пікірлерін білдіріп кетті. Абылай есімін халыққа танытуда І. Есенберлиннің « Жанталас» тарихи романы елеулі рөл атқарды. С. Қасқабасов зерттеу еңбектерінде Ш. Уәлиханов жинаған Абылай туралы аңыз-әңгімелерді саралар өтіп, аңызды тарихи шындықпен саралады [2; 118] . Соңғы жылдары Абылай хан әдеби зерттеудің негізгі нысанасына айналды. Ж. Тілепов 18-ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай өмірінің тарихи эволюциясын жасауға ұмтылса, Р. Бердібай, Ш. А. Уәлихан ауыз әдебиеті, өлең-жырлардағы Абылай бейнесінің сомдалуына сипаттама беріп, жаңа тарихи дерек көздерімен Абылай өмірінің шындығын ашты. А. Тарақты Абылай күйлерін жинап, күй аңызын зерттеді. Б. Рахимов 18-ғасырдағы тарихи жырлар жайындағы еңбегінде Абылай өз заманындағы батырлармен бірге жалпылама қарастырылда. Ж. Артықбаев Бұқар жырау толғауларындағы Абылай өміріне тарихи зерттеу жасады. Дегенмен, қазақ поэзиясындағы Абылай ханның айбынды тұлғасын ашуда бұл деректер әлі де жеткіліксіз. Еңбектің негізгі мақсаты - ақын-жыраулары мен тарихи жыр дастандарда, кейінгі дәуірдегі қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері, Абылай өмірінің айтулы кезеңдері, ел билігіндегі, қолбасшылық, дипломатиялық қызметтегі даңқты істерінің көрінің табуы, оның тарихи шындықтармен сәйестігін ажыратиып, айқындау. Бітіру жұмысында Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Шал сияқты ақын-жыраулардың өлең-толғаулары, жырларындағы Абылай тұлғасының сипатталуының мән-маңызы, Абылай өмірінң шындығымен астасуы, көркемдік ерекшеліктері жан- жақты талданады.

Бітіру жұмысының бір тарауы тарихи жыр-дастандардағы Абылай заманының шындағы, ондағы Абылай тұлғасының сомдалуы, Абылайға қатысты оқиғалардың тарихи оқиғалармен сәйкестігін, шығармалардың мазмұндық сипаты, композициялық құрылымы, Абылай бейнесін жасаудағы көркемдік әдістері, сол кезең поэзиясына тән поэтикалық ерекшеліктер сөз болады.

Бітіру жұмысының мақсаты:

- 18-19-ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай тұлғасының жасалуындағы ерекшеліктерінің мәнін ашу;

-Өлең-толғаулардағы Абылай өмірінің елеулі кезеңдерінің тарихи дерек көздерімен сәйкестігін анықтап беру; Әдеби шындық пен тарихи шындықтың ара жігін анықтау;

-Қазақ поэзиясындағы Абылай өмірінің тарихи эволюциясын жасау;

-Тарихи жыр-дастандардың көпнұсқалылығын жүйелеп, саралап, оның шығу негізін анықтау, мәтіндік өзгерістерді сараптау;

-Тарихи жыр қисса-дастандардағы Абылай тұлғасын жырлаудағы қолданылған бейнелілік үлгілері, шығармалардың көркемдік жүйесіне тоқталу;

-Абылай жайындағы шығармалардың жанрлық түрлерін анықтап, қазақ поэзиясындағы Абылай бейнесін сомдаудағы эпикалық дәстүр жалғастығын анықтау;

-Қазақ поэзиясындағы Абылай тұлғасын бейнелеуде Абылайға қатысты оқиғалардағы фолькларлық үлгілердің ұштасуының себептерін ашып көрсетіп, өзіндік тұжырым жасау;

-Жалпы қазақ поэзиясындағы Абылай тұлғасын жырлаудағы ерекшеліктер, Абылайдың көркемдік тұлғасының биік поэтикалық қуатпен сомдалуы, хан өмірінің айтулы кезеңдеріндегі тарихи шындықтардың көрініс табуы;

Жұмыстың жаңашылдығы. Бітіру жұмысында ақын-жыраулардың өлең-толғаулары мен тарихи жыр-дастандар, кейінгі дәуірдегі поэзиялық шығармалардағы Абылай бейнесі мен Абылай өмірінің елеулі кезеңдері тарихи дерек көздерімен салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы еңбекте көтерілген мәселелердің маңыздылығын ауқымдылығын дәлелдейді. Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Ақтамберді өлең-толғауларындағы Абылай бейнесінің сомдалуы сол кезеңдегі тарихи оқиғаларда Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, саясаткерлік қызметінің көрініс табуы нақты дәлелденеді. Сол арқылы Абылай өмірінің тұтастай эволюциясы жасалды. Абылай тарихиөңірегіне топтпстырылған ең ықпалды би-батырлардың аттары аталып қоймай, сол тарихи кезеңдердегң Абылай қатысқан шешуші жарықтарда, маңызды мәселелерде, бітімгерлік миссияларында қандай жағдайда іскерлік, батылдық танытқаны айтылады.

Бітіру жұмысында Абылай тұлғасы жасалған, Абылай өмірі қамтылған өлең-толғау, тарихи жыр, дастандарды қамтумен бірге, әрқайсысы жеткілікті талданып, Абылай тұлғасын екшелейтін оқиғалардың тарихи шындықпен сәйкестігі сипатталған.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижесін жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде, қазақ әдебиеті тарихына арналған арнайы курстарды оқытып, арнайы семинарлар жүргізуге пайдалануға болады.

Сонымен бірге, бұл жұмыс қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, философиясы, тағы басқа ғылым салалары мамандары үшін де маңызды, ғылыми негізді материалдар көзі ретінде қызмет ете алады.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылан әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН - ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ

1. 1 Абылай хан және оның заманы

Халық әр дәуірде ел тізгінін ұстаған білікті билеушілерін естен шығармай, олардың жамиғат алдындағы өшпес қызметін қанатты сөздермен мінездеп отырған. «Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол» деген секілді бейнелі тіркестер тасасыеда терең мағыеа жатқаны анық. Қазақтың ең әйгілі хандарының бірі әз Тәуке болса, оның тұлғасы тұңірегінде жылы лебіздер мол айтылатыны мәлім Басқа да белгілі хагдар мен сұлтандардың ел үшін елеулі әрекет жасағандары жұртшылық ілтипатына бөленгенін байқаймыз. Сонда да болса солардың бәрінен де хан Абылай (1711-1780) даңқы басым жатады.

Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым әйгілісі де, халық әдебиетінде көркем бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені кәміл. Қазақ қауымының сан буыны қысылғанда медет көріп, намыс кегі қайралғанда ұран етіп шақыратыны да Абылай есімі болуы тегін емес. Орыс халқының тарихында былина-жырлардың ең көбі ертедегі «күн дидарлы князь» Вларимир дәуіріне арналған десек, қазақтың тарихи-эпикалық өлең-жырларының аса көрнекті бөлігі де Абылай жыне оның айналасындағы батырларға, билерге, шешендерге бағышталған. Осының себебін іздеп көргенде кейбір мәселелерге тоқтала кету қажет болады.

Абылай атының осыншама қастерленуінің тарихи негіздері жеркілікті екенін ең алдымен атап айту қажет. Сонау Алтын Орда империясының бір атырабында іргесі қаланған қазақ хандығы өзінің тарихиәуелсіздігі үшін ұдайы күрес жүргізіп келгені тарихтан мәлім. Қазақтың кең даласы айналадағы мемлекеттердің көз құрты болған еді. Сондықтан да қазақ елі өзінің шаруашылық кәсібін, жер байлығын еркін игеруге де мұршасы болмай, замандар бойында сыртқы жаулармен арпалысып өткен деуге болады. Өзге дұшпандарды айтпағанда жоңғар қалмақтары қазақ жеріне үздіксіз көз алартып, тынымсыз қанды жорықтар жасап отырғаны белгілі. Халық әдебиетінде ең мейірімсіз жау ретінде қалиақтар аталатыны да осыдан. Зорлыққа астамдыққа еті үйренген, бұрын ешкімнен беті қайтпаған ата жауымыздың Абылай заманында жеңіліс тауып, ледің көптен күткен мұратына қол жеткені шынында да тарихымыздағы аса нұрлы, мәртебелі кезең еді. Бұл жөнінде асакөрнекті ғалымдар өздерінің әділ бағасын Берген. Орыстың атақты ғұлама академигі В. В. Бартольд «18-ғасырдағы ең күшті Орта жүздің ханы Абылай болды» деп жазған . Ш. Уәлиханов қазақ-қалмақ соғыстарына терең талдау жасай келіп: «Абылай ғасыры- қазақ ерлігінің ғасыры еді», -дегені де мәлім [3; 45] .

Мұндай бағаға бүгінгі тарихшылыр да толығымен қосылып, жаға зерттеулер жасап келе жатыр.

Тарихтың қазақ хандығы басына салған ауыр да тар тағдырын қинала жүріп қисынын табу талабында өнімді еңбек еткен қазақтың батыр ханы Абылай болды. Абылай және оның қолбасылары Ресейге бодан бола тұруды мойындап, Әбілхайыр ханның бастауларын жалғастырып, Санкт - Петербургке хаттар, елшілер аттандырып жатты. Келіссөздердің берген нәтижесінде шекараға топталған атты казактардың тынымсыз барымталары, жазықсыз елді жазалаулары бәсеңдеді. Бірақ бекініс қалалар салып, иеліктерін еселей беруді бәсеңдеткен жоқ.

Абылай хандық құрған тұстағы тағы бір үлкен ұрыстардың жаңа ошақтары осылай пайда болып жатты. Қазақ жауынгерлеріне тыным табар мұрша қалған жоқ. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғардан босаған бойда жаңа бетбұрыстар жасап, көршілермен келіссөз немесе айқасар майдан шептерін белгіледі. Жорықтың жалғасын да Абылай өте шебер жүргізе білді. Жауларының өзара қайшылықтарын пайдаланды. Жергілікті қазақ батырлары өзінің көрші шапқыншыларына тойтарыс бере білді. Осы бір қан майдандарға ұлы хан ретінде басшы болған Абылай қырық шақты жыл бойы, яғни дүниеден озған күніне дейін соғыс зардабын басынан кешті. Ел - жұртының тәуелсіздігі үшін жан аяған жоқ. Батырларының тобын жазбай, өз қарамағында ұстай білді. Ол 1781 жылы Ташкентті өзіне қаратып, Самарқанттың басшыларымен өзара келісім жасап, Түркістанға қайтты.

Қазақ хандығының әлсіреп, ес жия алмай жатқандығын жақсы білген көрші Орта Азия хандықтары да бас көтеріп, шабуылдар жасап, кейбір өлкелерді басып алуға кірісті. Хиуалықтар Маңғыстау маңын, Бұхар, Үргеніштер Сыр бойына, Қоқандықтар оңтүстік пен Жетісу өңіріне баса көктеп, өздеріне қаратып, қамалдар орнатты. Олар Ресей бодандығын қабылдап жатқан қазақ хандығын дін жолымен де айыптаған сыңай білдірген еді . . . [4; 61] .

Абылайды халқымыздың әрі батыр, әрі айлалы да айбынды хан санап ардақтайтынымыз да осыдан. Ол халқының тұтастығы үшін күресіп өткен азатшыл азамат. Қазақтың хандық мемлекетінің іргесін бекітіп, шекара шептерін белгілеп, оның дербес елдігі үшін күресіп өткен тарихи тұлға.

Қазақ елін халықаралық көлемде мойындатқан, өзі дүниден қайтқанша жұртының ынтымағын сақтай білген, екі алып империя: Қытай мен Ресей тарапынан қазақ ханы деп ресми танылған, Орта Азияның да бірталай қалаларына билігі жүрген Абылайдың халық қиялында ерекше туған киелі Жан болып қалыптасуы мейлінше табиғи. Әсіресе ғасырларға созылған үздік-создық соғыстардың тиылуы, қазақ қосындарының жерімізді жаудан азат етіп, еркін, тыныштық заманның орнауы халықтың аңсары болса, соған Абылай сынды кемел ханның басшылығымен жеткенін халық қапысыз таныған. Абылай хандық құрған дәуірдің ел ұғымында алтын ғасыр секілді болып көрінуіне дәлел жеткілікті. Кейіннен уақытты уақыт қуалап, қазақ елінің басына жаңа озбырлар душар болған сәттерде де ертедегі Абылай бейнесі қайта жанданып, іріленіп, азаттықтың туындай, бостандықтың символындай ерлік рухын еске түсіріп отырған.

1. 2 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан тұлғасы

18 ғасыр - қазақ өміріндегі ең бір ауыр ғасыр. «18ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар» деген көлемді еңбегінде Шоқан Уәлиханов Абылай екінші қатарға қойып, соғыстағы батырлардың ерлік істерін бірінші қатарда баяндаған. Мәселен Шоқан Уәлиханов зерттеулерінде Абылайдан оның батыры Жидебайдың ақылы, ерлігі де артық деп көрсетеді.

Ғалым осы кез әдебиетіндегі Тәтіқара, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей, Шал және басқа да ақындардың шығармаларында елдік пен ерлікке үндеу, халықты шапқыншы жауларға қарсы күреске шақыру сарыны басым келетінін айтады. Айталық, Тәтіқара шығармаларын Шоқан Уәлиханов ерлік дастаны деп білген.

Абылай жорықтарын, ондағы батырлардың қаһармандығын айшықты жырлаған ендігі бір дарынды ақын - Бұхар жырау туралы да тұңғыш мәлімет берген - Шоқан Уәлиханов.

Бұқар жырау - қазақ поэзиясы тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі. Ауызекі тараған деректер бойынша оның тілге шешендігі, ел арасындағы дау-жанжалдарға әділ қазылық айта білуінің арқасында өз ортасынан тым ерте суырылып шығып, көбірек көзге түскені белгілі. Осындай қабілетінің арқасында ол Тәуке ханның тұсында белгілі сардар би ретінде жасы өзінен екі мүшелдей үлкен Қазыбек, Төле, Әйтеке билермен қазақтың тұңғыш құқықтың нормаларының жиынтығы - "Жеті жарғыны" жасауға қатысқан.

Бұқар жырау Абылайдың ақылшысы санатында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, оның ішкі-сыртқы саясатына ықпал етіп, белгілі қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Бұқар жырау поэзиясында Абылайың жеке бейнесі және оның сол замандағы болмыс-бірімі шынайылығымен бізге жетіп отыр. Әрі ол тарихи деректермен сәйкестік табуымен ды маңызды.

Абылай туралы молынан жырланған, әрі өзі қатысып, куә болған тарихи шындықтарды шынайы көрсеткен, сол заманның «көзі мен құлағы» Бұқар жырау екені белгілі. Бұқар өлең-толғауларынан Абылай заманының шындығын іздеу заңдылық.

Жалпы Бұқар өлең-толғауларының басты кейіпкері Абылай болуында үлкен мән бар. Өйткені, қазақ халқының басына қасірет бұлты тарихиөнген кезде тоз-тозы шығып тентіреп кеткен елдің басын қосып, жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күреске жұмылдыру- тек Абылайдай қайраткердің ғана қолынан келді.

С. Сейфуллиннің айтуы бойынша, «Бұқар жырау Абылай ханның заманында ханның бірінші шешен-ақылшысы болған» [5; 46] . Оның Абылай туралы өлеңдерін жазып алып алғаш пікір айтқан Ш. Уәлиханов.

Бұқар жырау - қазақ жеріне ертеден мәлім. Оның бізге жеркен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтереді. Көр жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Оның кейбір ісіне назалық та білдіреді.

«Бұқар ақын ғана емес, - дейді профессор Е. Ысмайылов-Абылайдың қолшоқпар бітімші биі. Ол 18-ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселелерде Абылайдың жаршысы болды»[6; 214] .

Бұқар тұлғалаған адамдар ішінде ерекше дәріптеле бейнеленетіні хан Абылай . Жыраудың «Абылайдың қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Хан Абылай атанып», «Қалданменен ұрысып», «Ханға жауап айтпасам», «Әй, Абылай сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» сияқты тағы басқа да толғаулары Абылай ханға арналған. Ол ел тұтқасы, халық қамқоры, жоқ-жітіктің жоқшысы ретінде суреттеледі.

Бұқар Абылай ханды жеті жасар бала шағынан бастап, батыр болып қамал бұзып, хан тағына отырған кездерін сатылай баяндайды. Одан кейін қазақ елін басқарып, дегеніне жеткенін, елге сіңірген айтулы еңбектерін дәріптейді.

Хан Абылай атандың,

Дүниеден шықпай мініңіз.

Алтын тақтың үстінде,

Үш жүздің басын құрадың.

Жетім менен жесірге,

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз.

Арманың бар ма хан ием . . .

Ақылың бар хан едің,

Мұның түбін ойлағын [7; 311] .

Абылай сондай-ақ жауына мейірімсіз, қайсар батыр, жаудан тайсалып көрмеген ер азамат.

Күшпек санды күреңді

Табиаға жаратқан.

Қырық сан қара қалмақты,

Жарлығына қаратқан.

Ай балтасын алтынменен булатқан . . .

Еңсесі биік боз орда

Салтанатқа орнатқан . . .

Табандасқан дұшпанға,

Күнінде қылыш шауып өлтірген . . .

Елді басқару үшін таққа ие болған хан немесе би «Қара қылды қақ жарған, Наушаруандай әділ» болуға тиіс.

Ел иесі құт болса,

Халқы ала болмайды, -

деп, елдің құты, бақыты, әділ басшы екені, ондай аламды ел де сүйетінін айтады.

Бұқар көп жағдайда Абылайға тәуелді болмаған. Қайта реті келгенде ханды сынға алған. Оған ақыл айту ғана емес, бұйрық та берді, ескерту де жасады.

«Ал тілімді алмасаң» деген толғауында жырау ханға ақыл айтумен бірге көп ескертулер жасайды. Абылайға екінің бірі қарсы келіп, сөз айта алмаған. Ол тек Бұқар сынды көпті көрген қарияның қолынан келген іс.

«Қалданменен ұрысып» деген толғауында жырау Бұқар Абылайдың өз басымен қатар оны қоршаған көптеген батыр серіктерінің де атын атайды. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте жеңіске жеткенін зор шабытпен айтады. Бұл жерде Абылайдың көреген, ақылды және ханға тарихи ән қасиеттерін суреттейді.

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсаң,

Қалар ма екен қайран жаның-ай, -

деген жыраудың Абылай өліміне арналған толғауынан Абылайға деген терең махаббатты аңғарамыз. Толғауда сонымен қатар Абылайдың қазақтың басын біріктіргені, оны қазақтың көшбасшысы болғаны жайлы айтады.

Бұқар Абылай жүргізген жорықшы саясатқа кейде қарсы болғанын Ш. Уәлиханов та растайды. Абылайға ақыл айтқан сөздерінің бірінде жырау:

Бұқар екең деген кәріңіз,

Соғыссаң кетер сәніңіз.

Бізден бұрын өтіпті,

Хазіреті Әліңіз, -

деп Абылайды жөнсіз соғыстан сақтандырып, оның көрші елдерге қарсы жортуылдарын қолдамайды.

18-ғасырдағы жоңғарлар шабуылынан зәрезоп болған қазақ елі бейбіт өмірді аңсайды. Бұл жағдайды түсінген Бұқар Абылайдың тасыған көңілін басарлықтай батыл қарсылық білдіре білді. Ханның соғысу ниетін өзі де, елі де жақтамайтынын ескертіп, жұрт тілегіне қарсы іс қылма, егер ол ойыңнан шықпасаң жақсылыққа жетпейсің дей келіп, оған айбар да көрсетіп қояды:

Ашуланба, Абылай,

Көтерермін, көмермін,

Көтеріп қазыға салармын.

Өтіңменен жарылма,

Өкпеңменен қабынба,

Орыспенен соғысып,

Басыңа моншақ көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба! . . .

Ханға ел-жұртыңды сыйласаң, өзің де сыйлы боласың деген ақыл береді дана жырау.

Ханның жақсы болмағы-

Қарашаның елдігі.

Қараша халқы сыйласа,

Алтыннан болар белдігі.

Жақсы жігіт ұл туса,

Патшадан болмас кемдігі.

Бұқар жырау толғауларынан Асан қайғы сарыны байқалады.

Абылай ханның қасында,

Бұхарекең жырлайды.

Жырлағанда не дейді?

Соғыспа деп жырлайды.

Бұхар деген кәріңіз,

Соғыссаң кетер сәніңіз.

Жаулық жолын сүймеңіз.

Мынау жалған сұм дүние,

Өтпей қалмас демеңіз.

Мұсылман болсаң, кетіңіз,

Сырдарияның суынан

Көлденең кесіп өтіңіз

Жиделібайсын жетіңіз.

Кісісі жүзге келме йөлмеген

Қойлары екінші қайта төлдеген.

Әйел-бала қамы үшін

Солай қарай жетіңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Доспамбет жыраудың толғаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz